Мұхаммед Пайғамбардың хадистері және оның маңызы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I бөлім: Құраннан кейінгі қасиетті кітап ... ... ... ... ... .. 6
1.1 Хадистер және оның шығу тарихы ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Хадистер . Ислам дінінің қайнар көзі ... ... ... ... ... 10


II бөлім: Хадистер тәлім . тәрбие хақында ... ... ... ... .. 14
2.1 Хадистер адамгершілік, ар . намыс негізі ретінде ... . 14


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 22


Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Бісміллә ир рахман Рахим!
Тарлан тарихымыз адамгершілікті аңсап, игілік іздеген талай зиялы адамдармен таныс. Ақындар арындай жыр ағызса, ғалымдар қауымы тіршілік дүниесінің сыр – сипатын ой – елегінен өткізіп, әлемге әйгіледі. Солардың нақ ортасында парасатты діндалар да жүрді. Ғасырлар бойы халыққа қалт етпей қызмет еткен, жанымызға жарасып, ойымызға орнаған дінімізден аз уақытта көз жазып қалыппыз. Ұрпақтар ауысқан сайын алға басып, адамгершілік қасиеттің сыр – сипатына айналған неше қилы діни ұғымдар көмескі тартыпты. Құдайдан безіп, әруақты ардақтаудан қалдық. Баяғы ғұламалардың, ақылы кәміл ақсақалдардың өсиет – ұлағаттары мен бабаларымыздың мирас мұраларынан жұрдай бола жаздаппыз. Жаңаша ойлау мен жариялылық жарқ етпегенде, дінді жалпы адамзаттық бағалы дүние деп есептемегенде, рухани азғындық дерті асқына түспек екен. Ол ол ма? Мешіттердің жабылып, діндарлардың құқын шектеу, оларды қуғындау социализмнің, қоғамның беделін түсіруге әкеліп соқты.
1. Қ.Иса Хадистер және түсінігі А., 2004
2. А. Махат Хадистер А., 2001
3. Мұхаммед ибн Жәмил Зину Ислам ақидасы Ш., 1998
4. Т. Сәрсенбек Сахабат. Мың бір хадис А., 1999
5. В.Иванов, Я. Трофимов Религии в Казахстане А., 2003
6. М.Өсеров Ислам және қазақтың әдет – ғұрпы А., 1996
7. Нысанбайұлы Ислам Алланың хақ діні А., 1998
8. А Бекжігіт, Ә. Ыстыбай Қыздарға мұсылмандық тәрбие Ш., 2004
9. Ғ. Есім, А. Артемьев, С. Қанаев, Г. Біләлова Дінтану негіздері А., 2003

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті

Философия және психология факультеті
Философия тарихы және мәдениет теориясы кафедрасы

Курстық жұмыс

Мұхаммед Пайғамбардың хадистері және оның маңызы

Орындаған: Р 11 тобының студенті
Баймаханова
М.О.

Жетекші: Темірбеков О.Ж.

Қарағанды 2005 жыл

Жоспар

Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- - 3

I бөлім: Құраннан кейінгі қасиетті кітап---------------------- 6
1.1 Хадистер және оның шығу тарихы-------------------------6
1.2 Хадистер – Ислам дінінің қайнар көзі------------------- 10

II бөлім: Хадистер тәлім – тәрбие хақында------------------ 14
2.1 Хадистер адамгершілік, ар – намыс негізі ретінде----- 14

Қорытынды-------------------------- -------------------------------- 22

Пайдаланған әдебиеттер тізімі----------------------------- ------ 23

Кіріспе

Бісміллә ир рахман Рахим!
Тарлан тарихымыз адамгершілікті аңсап, игілік іздеген талай
зиялы адамдармен таныс. Ақындар арындай жыр ағызса, ғалымдар қауымы
тіршілік дүниесінің сыр – сипатын ой – елегінен өткізіп, әлемге
әйгіледі. Солардың нақ ортасында парасатты діндалар да жүрді. Ғасырлар
бойы халыққа қалт етпей қызмет еткен, жанымызға жарасып, ойымызға
орнаған дінімізден аз уақытта көз жазып қалыппыз. Ұрпақтар ауысқан
сайын алға басып, адамгершілік қасиеттің сыр – сипатына айналған неше
қилы діни ұғымдар көмескі тартыпты. Құдайдан безіп, әруақты ардақтаудан
қалдық. Баяғы ғұламалардың, ақылы кәміл ақсақалдардың өсиет –
ұлағаттары мен бабаларымыздың мирас мұраларынан жұрдай бола жаздаппыз.
Жаңаша ойлау мен жариялылық жарқ етпегенде, дінді жалпы адамзаттық
бағалы дүние деп есептемегенде, рухани азғындық дерті асқына түспек
екен. Ол ол ма? Мешіттердің жабылып, діндарлардың құқын шектеу, оларды
қуғындау социализмнің, қоғамның беделін түсіруге әкеліп соқты.
Қоғамның қазіргі демократияландыру процессі діндарлардың жай – күйіне
әсерін тигізбей қойған жоқ. Қазақстан, Орта Азия, Закавказье және Еділ
бойында мұсылмандар үшін мешіттер ашылып жатыр. Олардың көбеюіне
байланысты дайындығы жақсы дін басыларын көбейту үшін іслам оқу
орындары – бұқарадағы “Мир араб” және Ташкенттегі әл – Бұхар имам
атындағы институтқа жастардан шәкірттер қабылдау арта түсті. Елімізде
мекендейтін мұсылмандардың басылымы – Ташкентте шығатын “Совет
Шығысының мұсылмандары” атты журналда дін іліміне байланысты мақалдар
мен уағыздар, мұсылмандар өмірі, олардың қауымдары, діни мекемелер
басшылары туралы жазылып тұрады.
Құран – адам бойына адамгершілік қасиеттерді дарытатын асыл
мұра. әдепті, инабатты, шындықты, адалдықты қастерлейтін қазына.
Қазақтың бір ақиқатты дәлелдемек болса “Құран атсын” деп қарғануы тегін
емес қой. Тіпті оның мағынасын түсінбесе де, шын жүректен сене отырып,
ықыласпен оқудың өзі сауап, елеулі бір құлшылық делінген иман шартында.
Қоғамымыздың деңгейі өсіп, азамат мерейі биіктей беру үшін
халқымыздың ғибратты қазынасын қадірлей білейік. Ғасырлар бойғы
ғұламалардың, ақылды адамдардың өсиет – ұлағат етіп қалдырған сөздерін
ардақтайық. Құлқының құлы болып, күнәға белшесінен батып жүргендерге,
күңкілдеген күншілдерге, азғындаған арамзаларға: “Арыңды сақта, иман –
қасиетті бол, ұятты сақтап, жомарттыққа жол аш”, - демекпіз.
Мейірімділік пен қайырымдылық, ынтымақ пен бірлік, бейбітшілік пен
береке бәрі де құран дұғасында бар. Заманымызда туған ождан еркіндігін
жанаша жария етіп отырған шақта Құран мен иманды қатар ұстап оны қадір
тұтайық.

I бөлім
1.1 Хадистер және оның шығу тарихы

Мұсылмандық право құрамында Құран мен Сунна (Мұхаммедтің
айтқандары мен істеген праволық івс - әрекеттері жайлы аңыз хадистер)
және Ижма (бір даулы мәселені пікірлесіп, бір жөнді шешімге келу). Қияс
(атақты заң білгерлері тарапынан аналогиясына қарап ақылмен шешу) және
Әдет кіреді.
Алғашқы төрт Хамир (Әбу Бәкір, Омар, Оспан және Әли) белгілі бір
дауды, таласты мәселені шешуде Құран мен Суннаға ғана сүйенген. Егер де
таласты мәселе жайлы шешімді олар да таба алмаған жағдайда ондағы
пікірлерді өрбітіп, ақылға қозныиды шешімдер шығарып отырған. Тағы бір
хадисте “Егер қазы бір істі өз қарауынша шешіп, дұрыс шешім істесе,
оған екі есе, ал қателессе бір есе сыйлық берілсін”, (2, 123)-
делінген. Мұхаммед сөзін айта кетсек, онда талас – тартысы істерді
әрбір қазы өз қарауынша шешуге мүмкіндік берілгеніне күмән
келтірмейміз. Сол себепті де Халиф Омар (634 - 644) тұсынан бастап – ақ
қазылардың қасында ақылдасатын заң белгілері отыра бастаған. Кейін
бірте – бірте осы заң белгілері (Факиһ) шығарған қорытындыларға орай
фотуа (шешім) шығарған. Олар Құран, Сунна және Мұхаммедпен бір жүрген
ниеттестері айтқан нормаларға (ижма) сүйенген. 8 ғасырдың ортасында
бастап халифатта имандық право жаңа сатыға көтерілді. Бұл мазһабтар:
ханифилік, маликиттік шафилік, хаеболиттік және шейіттік болып беске
бөлінеді. Өз кезегінде кейбірі мысалы, шейіттік бірнеше ағындарғы
бөлініп кетеді.
Яғни мазһабтардың заң белгілері қабылдаған шешімдер жетерлік деп
санады. Уақыт өткен сайын әр мазһабтың заң белгілері Құран мен Суннаға
сүйене отырып әр мәселеге шығарған шешімдер ұлғая түсті.
Енді бір шариғат заңдарының негізгі қайнар көздеріне, яғни
негіздеріне тоқталып өтейік.
Әуелі шариғаттың ең негізгі қайнар көзі Құран жайлы алдыңғы
тарауда әңгімеленгендіктен, бұл арада қайталап жату артық.
Екінші бір қайнар көзі – Сунна (жол үлгі) – Мұхаммедтің Құран
жайлы айтқандары мен істеген істері туралы.
Бұл деректер Мұхаммедпен бірге жүріп тұрған, естігендердің айтуына
сүйене отырып, дін мәселелерінде, қоғамыдық қарым – қатынас жөнінде
Мұхаммедтің істеген ұстанған жолдарын әңгімелеу. Бұл деректерді хадис
деп айтады. Хадис ауызекі айтылып, тек 8 – 9 ғасырларда жазылып
алынған. Сүнииттер мойындайтын 6 даңқты хадис: әл – Бұхаридің (870 жылы
өлген), Муслимнің (875 жылы өлген), ат – Термизидің (892 жылы өлген),
ан – насаидің (915 жылы өлген), Әбу Дәудтің (888 жылы өлген) және ибн
Маджаның (887 жылы өлген) хадистері: әсіресе әл –Бұхаридің “ас - Сахих”
атты хадистер жиынтығы хадистердің ішіндегі толық та, маңыздысы
саналады.
Умеялықтар халықты қаталдықпен езіп, соның нәтижесінде халық
наразылығы күшейіп, Әбу Мүсілім Хорасани деген көрнекті қайраткердің
басқаруымен умеялықтарды өкімет басынан құлатып, ислам мемлекетінің
билігі 752 жылдан бастап қайтадан Һашими Аббасилер қарауына көшеді.
Халифтық таққа Аббастың немересі Әбу – л ғасұлы Абдолла отырады. Біз
бұл арада тарихи шегініс жасап отырған себебіміз мазһабтар умеялық
дәуірде Суннаны енді жинап, кітап ете бастаған болатын. Осы сунналарды
әбден жинап өз мектептерін салған төрт масһабқа сүниттер деген атақ
берді. Ал 5 – мазһаб шейіттер екені баршаға аян. Шейіттер Суннаға күмән
келтіреді.
Суннаның негізін қалағандар:
1. Ең беделге иесі Әбу Ханифа Ну ман ибн Сәбит, кейбір деректерде 702 жылы
Иракта туылған, енді бір деректерде 699 жылы Куфада туылған деп, 764
жылы Бағдатта өлген дейді. Ислам тарихы “Имам ағзам” аталған Ну ман ибн
Сәбит 661 жылы Куфада туылып, 731 жылы қазылық қызметтерін таратқаны
үшін ислам әмірі Мансур дүре ұрғыздай тірген дейді. Әбу Ханифа мектебін
қолдаушыларын ханифийлер деп атайды.
2. Маликиттер мазһабының негізін салған Абдолла Малик ибн Анас бір
деректерде 716 жылы Мәдинада туылған десе, енді бір деректерде 713 жылы
Мәдинада туылып, 795 жылы сонда өлген дейді. Ол Мұхаммедтің ниеттес
серігі саадидің аузынан естіп, Хадис даярлаған. Бұл кісінің “Маутаа”
атты еңбегінде пайғамбардың ірі заңдары мен шешімдерін келтірді.
3. Шафийлер мазһабының негізін Әбу Абдолла Мұхаммед ибн Идрис Аш – Шафии
салған. Ол кейбір деректерде 722 жылы Палестинада туылған десе, енді
бір деректерде 767 жылы Ғазада туылып, 819 жылы Каирде өлген дейді.
Шафии негізінен сыни хадистер жинаған. Шафийдің “Озуль” атты еңбегі
мұсылмандар заңынын негізін құрайды. Ол сол секілді 14 том еңбек
қалдырған.
4. Ханболиттер мазһабының негізін салушы Абдолла Ахмед ибн Ханбал аш –
Шайбани 780 жылы туылып, 855 жылы өлген. Ол 30 мыңнан астам хадис
жинаған.

Міне осы 4 мазһаб жинаған хадистерді “Сунна деп, ал оның жолын
қуушыларды суниттер деп атаған. Суниттер дүние жүзіндегі мұсылмандардың
80 процентін құрайды.
Шариғат заңдарының тағы бір негізі болып Ижма (бір нәрсені шешу,
дәлдестіру) – Құран мен Сннадан шешімін таба алмаған даулы мәселелерді
Шариғат заңы білгірлерінің діни, заң жіне қоғамдық сәселелер жөнінде
келісілген пікірлеріне сүйенді. Мұндай келісіп, шешілген пікірлерді
Ижма дейді.
Хадисте: Кімде – кім ескі мәжәусилік әдет – ғұрыппен өлік шыққан
жерде киімін, бетін жыртып, қатты айқайлап жыласа, ол біздікі емес
(яғни мұсылман емес) делінген. Әбу Бәкір өлгенде оның қарындасын
ойбайлап айқалағаны үшін жазаланған, Мұхаммед ибн Аббастың немере ағасы
өлген жерде жылап жатқандардың даусын естімеуүшін құлағын бітеп алған.
Ал Ешпетті жаулап алған араб қолбасшысы Әмір ибн әл – Ас “Мен өлгенде
жыламаңдар, менің қабірім басына не ағаштан, не тастан белгі қоймаңдар.
Мені көміп болғаннан кейін, қабірімнің басында сойылған түйенің етін
таратып бергенше ғана отырыңдар, мен мен сендермен бірге сонша уақыт
бірге масайрайын” – депті.
Хадистің маңызы
Ибн Дакик әл – Ид айтты:
“Бұл – көрнеу және көмес істердің барлық белгілері айтылған ұлы
хадис. Күллі шариат ғылымдары оған барып тіреледі және одан тармақталып
шығады, өйткені ол Сунна ілімін бойына жиған, сондықтан Суннаның анасы
іспетті (умму – с - сунна), бүкіл Құранның мағынасын беретіндіктен “әл
- Фатеханы” “Құранның анасы” (уммул - Құран) деп айтатыны сияқты”.(7,
12)
Бұл хадис келтірушілерінің көптігімен де белгілі, оны
Пайғамбарымыздың ардақты сахабаларынан сегізі бірден келтірген.
Солардың санатында Әбу Хурайра, Омар, Әбу Зарр, Анас, Ибн Аббас, Ибн
Омар, Әбу Әмир әл – Ашари және Джарир әл Баджали бар.

1.2 Хадистер – ислам дінінің қайнар көзі

1. Әркім өз киіміне және сыртқы қалпына көңіл бөлуі қажет.

Мешітке немесе білім ордасына баруға жиналғанда мүмкіндігінше таза
және ұқыпты киінген жақсы. Жамағат көп жиналатын орындарда болғанда
және ұстаздармен жолыққанда сыпайгершілік сақталуы тиіс, мұны жиналған
адамдардың арасында келіп, өзінің іс - әрекеті, сыртқы пішіні және
сөйлеген сөздерінің көмегімен оларды үйретуге келген Жәбрәйілдің,
алейһиссдлам, үлгі - өнегесінен көре аламыз.

2. Ислам дегеніміз не?
“Ислам” сөзі аса жоғары Аллаһ Таалаға бағынуды және бойұсынуды
білдіреді. Шариат үкімі бойынша Исламның негізгі бес тіректен құралады:
Аллаһтан басқа Тәңірдің жоқтығына, Мұхаммед оның елшісі екендігіне
куәлік ету; барлық қажетті шарттары мен арқандарын сақтау арқылы
намазды уақытылы оқу және мұны жүзеге асыруда Пайғамбарымыздың, салла
Аллаһу алейһи уә сәлләм, үлгісін ұстану; зекет төлеу; Рамазан айында
ораза тату және егер жолына, ішіп жеуіне жұмсайтын, артында қалатын
отбасы мүшелеріне жеткілікті мөлшерде қалдыратын қаржы тауып,
мүмкіндігі болса өмірінде бір рет болса да қасиетті Каабаға барып қаж
ету.

Әбу Әбд ар – Рахман Абдуллаһ ибн Массүдтан, ради Аллаһу анһу, жеткен
хадистен:
Шыншыл әрі лайықты сенімге ие Аллаһтың Елшісі, салла Аллаһу Әлейһи уә
сәлләм, бізге мынаны айтты:
“Расында, сендерден әрқайсыларын құрсағында қалыпқа келсеңдер одан
соң ол осынша мерзім ұйыған қан және осынша уақыт бір кесек ет түрінде
болады, одан кейін оған періште жіберіліп, жан енгізілді. Ол періште
төрт нәрсені жазу бұйырылады: тағдыры, өмір сүру мерзімі, оның істері
және бақытты немесе бақытсыз болуы. Және өзінен басқа ешбір Тәңір
болмаған Аллаһтың атымен ант етемін, расында сендерден кез келген біреу
жұмаққа бір сүйем қалғанға дейін жұмақтың мекендеушілердің ісін істеді,
одан кейін оның мандайына жазылғаны орындалды, ол тозақтың
мекендеушілерінің ісін істей бастайды да отқа кіреді. Және расында,
сендерден кез келген біреу тозақтың отына бір сүйем қалғанға дейін
тозақтың мекендеушілерінің ісін істейді, одан кейін оның маңдайына
жазылғаны орындалды, ол жұмақтың жай бұйырады” (Әл – Бухари мен
Муслим).

Бұл хадистің маңыздылығы сонда, адамның жаратылуының алғашқы
кезеңнен бастап бұл дүниеге келуі мен о дүниелік болуын, Аллаһ Тағала
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхаммед Пайғамбар (ғ.с.с) және ғылым
Мұхаммед Пайғамбар адамзаттың ардақ тұтар тұлғасы
Ислам дінінің негізгі рухани құндылықтары
Хадис туралы
Хадис тарихы
Ислам кітаптарында
Мұсылман құқығының жалпы түсінігі
Қазақ ойшылдары дін туралы пәні семинар сабақтың әдістемелік нұсқауы
Дін және саясат
КУРС ЖҰМЫСЫ ИСЛАМ ДІНІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ
Пәндер