Арал қасіреті



1. Бұрынғы Аралдың флорасы мен фаунасы .

2. Арал теңізінің ерекше бір аймағы . «Барскелмес аралы» .

3. Аралдың қасіреті .

4. «Кіші Аралдың» қайта пайда болуы.
Арал теңізі экологиялық апатқа дейін құрылық ішіндегі айдын су еді. Тереңдігі 53м дейін баратын теңіз бетінің аумағы 64,5 мың шаршы шақырымға дейін жететін. Ұзындығы 428, ені 235 шақырымға дейін созылып жататын. Суының көлемі 1060 текше шақырым болды.
Аралдың өзіне тән ерекшеліктері аз емес. Академик Л.С. Берг осы ғасырдың басында Арал теңізін зерттеп жүріп, оны «Керіағысты теңіз» деп атаған. Оның мәнісі мынада: Солтүстік жарты шарда барлық денелер жердің айналу бағытының әсерімен оңға қарай қозғалады. Гольфстрим ағысы да солай. Ал, Арал бұл заңға «бағынбайды», солға қарай ағады.
Экологиялық апатқа дейін Арал суының тұздануы әлдеқайда кем болатын. Сырдария мен Әмудария жылына 33 миллион тонна тұз әкелетін. Бірақ, теңіздің тұз мөлшері 11 млрд тоннадан асқан емес. Ол өзендердің бірнеше мың жылдар бойы құйғанын есепке алсақ, олар әкелген басқа тұздардың қайда кеткені жұмбақ.
Арал мен Каспий егіз болғанмен, «мінездері» кереғар. Каспийде су көбейсе, Аралда азаяды. Аралда су көбейсе, Каспий шегінеді. Әлімсақтан бері солай болып келеді. Бұл екі теңіз өзара тұтасып жатқан жоқ па деген сауал да алға тартылады.
Теңіз біткен тұмансыз болмайды. Аралда ол атымен болған емес. Аралдың бұл да бір «кереметі». Басқа теңіздерде тереңдеген сайын оттегі азая беретін болса, Аралда керісінше көбейе береді. Теңіздің су жағдайын зерттеген ғалымдар тағы бір жаңалық ашты. Арал жылына 5 млрд текше метр суды жер астынан алатын көрінеді.
1. «Сыр өңірі тарихы», Алматы «Атамұра»,1998ж.
2. Ақпарат құралдары.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Арал қасіреті

Арал теңізі экологиялық апатқа дейін құрылық ішіндегі айдын су еді.
Тереңдігі 53м дейін баратын теңіз бетінің аумағы 64,5 мың шаршы шақырымға
дейін жететін. Ұзындығы 428, ені 235 шақырымға дейін созылып жататын.
Суының көлемі 1060 текше шақырым болды.
Аралдың өзіне тән ерекшеліктері аз емес. Академик Л.С. Берг осы
ғасырдың басында Арал теңізін зерттеп жүріп, оны Керіағысты теңіз деп
атаған. Оның мәнісі мынада: Солтүстік жарты шарда барлық денелер жердің
айналу бағытының әсерімен оңға қарай қозғалады. Гольфстрим ағысы да солай.
Ал, Арал бұл заңға бағынбайды, солға қарай ағады.
Экологиялық апатқа дейін Арал суының тұздануы әлдеқайда кем болатын.
Сырдария мен Әмудария жылына 33 миллион тонна тұз әкелетін. Бірақ, теңіздің
тұз мөлшері 11 млрд тоннадан асқан емес. Ол өзендердің бірнеше мың жылдар
бойы құйғанын есепке алсақ, олар әкелген басқа тұздардың қайда кеткені
жұмбақ.
Арал мен Каспий егіз болғанмен, мінездері кереғар. Каспийде су
көбейсе, Аралда азаяды. Аралда су көбейсе, Каспий шегінеді. Әлімсақтан бері
солай болып келеді. Бұл екі теңіз өзара тұтасып жатқан жоқ па деген сауал
да алға тартылады.
Теңіз біткен тұмансыз болмайды. Аралда ол атымен болған емес. Аралдың
бұл да бір кереметі. Басқа теңіздерде тереңдеген сайын оттегі азая
беретін болса, Аралда керісінше көбейе береді. Теңіздің су жағдайын
зерттеген ғалымдар тағы бір жаңалық ашты. Арал жылына 5 млрд текше метр
суды жер астынан алатын көрінеді.
Облыстың, оның ішінде Арал теңізінің ерекше бір аймағы – Барскелмес
аралы. Экологиялық апатқа дейін Барсакелместе өсімдіктің 165 түрі өскен.
Сегізсай жоны мен Қарақақ сайы, үлкен және кіші тұз көлдері, тұщы құдық
маңы көктем мен жаз басында көркемдігімен көз тартады. Барсакелместе құлан,
ақбөкен паналайды, сексеуіл мен басқа да бұталар осы жерде өседі. Үй
хайуанаттары да осында жайылған.
Барсакелместің ерекше байлығы – ақбөкендер. Тас ғасырынан бері
төбесінен тоқпақ кетпей келе жатқан бейбақтардың етінің тәтті болуы, оның
үстіне мүйізінен емдік қасиеті мол пантокрин дәрісінің жасалуы олардың
сорына айналды. 1840 жылы Бұхар әмірінің аңшылары Қытайға 34447 бөкен
мүйізін сатқаны жөнінде мәлімет бар. Ақырында ақбөкендердің құрып бітуіне
байланысты 1929 жылы солтүстік Балқаш маңынан ұсталған бірнеше дала аруы
тағы да апарылған еді. Олар өсіп, көбейгенімен ашкөз аңшылық оның да
берекесін кетірді. Бұл өңірдегі аса бағалы жануар – құландар. Құландар 1953
жылы Батқыз қорығынан әкелінген. Олар Амур мен Дунайдың аралығындағы
аймақта ерте кезден келе жатқан түз тағысы. Халық аңыздары мен әдебиет
ескерткіштерінде құлан туралы аңыз аз емес. Тарихшы Геродот пен географ
Страбоннан бастап бұл Азия даласының еркесі туралы жазбаған жан кем де
кем. Қазақтың ертеден келе жатқан Ақсақ Құлан күйі де соның айғағы.
Француз жазушысы Оноре Де Бальзактың Шегірен былғары романында құлан
терісі, құланның табиғаты туралы кең мағлұмат берілгені аян. (Құлан
терісі түрік қаласы Шагрида өңделгендіктен ол Шегірен былғары атанған.)

50-ші жылдардан бастап Арал аймағы апат құшағына енді. Соңғы 40
жылда Аралдың жоғарғы жағында суландырудың жүйелері тартылып,
көптеген су қоймалары, бөгеттер, су электростанциялары салынды.
Сырдария мен Әмударияның ен бойында мақта мен күріш өсіру көлемі
арта беруі су шығынын ұлғайтты. Оның салдарынан Сырдария мен Әмудария
өзендері Аралды нәрсіз қалдырды. Арал теңізі жер бетінен жоғалуға
айналды. Айдыны 40, ал суының мөлшері 65 процентке кеміп, тұздылығы 2,7
есе артты. Баяғы біртұтас айдын орнында - Кіші және Үлкен Арал
пайда болды. Балық аулау мен кеме қатынасы тоқтады. Соңғы ширек
ғасырда теңіз деңгейі 13 мөлшерге төмендеп, айдынның аумағы 26 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық дағдарыстар. Арал қасіреті
Экологиялық дағдарыстар. Арал қасіреті. Семей полигонындағы ядролық сынақтардың зардаптары
Балқаш проблемасы
Тоқырау жылдарындағы Қазақстан(1970-1985)
Қазақстан экологиясы. Арал теңізінің қасіреті
Табиғатты қалай сауықтыруға болад
Теңіз деңгейінің ауытқуы мен денивеляциясы
Қазақстандағы экологиялық мәселе және ядролық сынақ зардаптары
Байқоңырдың экологиялық проблемасы
Арал экологиясы туралы
Пәндер