Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев туралы



І. КІРІСПЕ 2
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ 4
ҚОНАЕВТЫҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ 4
ЕҢБЕК БАСПАЛДАҒЫ МЕН ҚОҒАМ.ҚАЙРАТКЕРЛІК ҚЫЗМЕТІ 5
ЖҮРГІЗГЕН РЕФОРМАСЫ МЕН РЕСПУБЛИКАҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ 7
ҚОНАЕВ . ҚАСИЕТТІ ДАРА ТҰЛҒА 11
ҚОНАЕВ ТУРАЛЫ ОЙ.ПІКІРЛЕР МЕН АТЫНА ҚОЙЫЛҒАН ЕСТЕЛІКТЕР 14
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ 16
ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 18
Адамзат тарихы  әлеміш дүние. Әр ғасырдың, әр дәуірдің өз бояуы бар. Жарық-сәулелі, қоңырқай көлеңке тұсы да аз емес. Өткенің мен бүгінгің, ертеңің  бәрі мидай араласып жатыр. Алайда, тарихтың кестелі шежіресіне кез келген пенде өз өрнегін қалауымен ойып сала алмайды. Тарихта аты қалатындар  топтан озған тұлғалар. Біреулері бүкіл империяны шеңгелінде ұстап, қаталдығымен есте қалса, екіншілері ұлы қырғын соғыс ашып аты шығады. Ал, өркениет атаулыны өрлетіп, жер бетіне игілік әкелген ұлылар қаншама? Әр дәуір өз тұлғасын тудырады. Заманына, заманның саясатына қызмет еткен дараның бірі  халық жадында өшпестей сақталған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев.
“Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Д. А. Қонаев тарихтың төрінен зор орын алуы дау тудырмайды. Кемшіліксіз адам жоқ. Жұмыр басты пенде болған соң әр түрлі нәрсе болады. Қонаев - өз заманының перзенті болған ірі тұлға. Ол кісінің артықшылығын да, кемшілігін де біз сол заманнан бөле жара қарауға қақымыз жоқ. Қонаев есімі Қазақстан халқымен бірге жасары анық ақиқат. Ол кісі бәрімізге ұстаз болған ұлы адам.”
1. Асанбай Асқаров “Ұлы Тұранның ұлдары”, Алматы “Нұрлы Әлем”, 1998ж, 179-182 беттер
2. Егемен Қазақстан, 7 қыркүйек, 1994ж, 2 бет
3. Егемен Қазақстан, 11 қаңтар, 1997ж, 3 бет
4. Егемен Қазақстан, 25 тамыз, 2004ж, 10 бет
5. Жас Алаш газеті, (№7) 17 қаңтар, 2002ж, 3 бет
6. Иманғали Тасмағамбетов, Ана тілі газеті (№26), 1 бет
7. Серік Әбірайымұлы “Елу жыл ағасы”, Алматы “Санат”, 2002ж; 3, 22, 26, 32, 72, 73,беттер

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАРЫ:

І. КІРІСПЕ 2

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ 4

ҚОНАЕВТЫҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ 4

ЕҢБЕК БАСПАЛДАҒЫ МЕН ҚОҒАМ-ҚАЙРАТКЕРЛІК ҚЫЗМЕТІ 5

ЖҮРГІЗГЕН РЕФОРМАСЫ МЕН РЕСПУБЛИКАҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ 7

ҚОНАЕВ – ҚАСИЕТТІ ДАРА ТҰЛҒА 11

ҚОНАЕВ ТУРАЛЫ ОЙ-ПІКІРЛЕР МЕН АТЫНА ҚОЙЫЛҒАН ЕСТЕЛІКТЕР 14

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ 16

ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 18

І. КІРІСПЕ

Адамзат тарихы  әлеміш дүние. Әр ғасырдың, әр дәуірдің өз бояуы бар.
Жарық-сәулелі, қоңырқай көлеңке тұсы да аз емес. Өткенің мен бүгінгің,
ертеңің  бәрі мидай араласып жатыр. Алайда, тарихтың кестелі шежіресіне
кез келген пенде өз өрнегін қалауымен ойып сала алмайды. Тарихта аты
қалатындар  топтан озған тұлғалар. Біреулері бүкіл империяны шеңгелінде
ұстап, қаталдығымен есте қалса, екіншілері ұлы қырғын соғыс ашып аты
шығады. Ал, өркениет атаулыны өрлетіп, жер бетіне игілік әкелген ұлылар
қаншама? Әр дәуір өз тұлғасын тудырады. Заманына, заманның саясатына
қызмет еткен дараның бірі  халық жадында өшпестей сақталған Дінмұхамед
Ахметұлы Қонаев.
“Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Д. А. Қонаев тарихтың
төрінен зор орын алуы дау тудырмайды. Кемшіліксіз адам жоқ. Жұмыр басты
пенде болған соң әр түрлі нәрсе болады. Қонаев - өз заманының перзенті
болған ірі тұлға. Ол кісінің артықшылығын да, кемшілігін де біз сол
заманнан бөле жара қарауға қақымыз жоқ. Қонаев есімі Қазақстан халқымен
бірге жасары анық ақиқат. Ол кісі бәрімізге ұстаз болған ұлы адам.”

Н.Ә. Назарбаев

Өткен жарты ғасырдағы қазақ елінің даму барысы Қонаевтың есімімен тығыз
байланысты. Бұл дарынды тұлға қазақ халқы арасында жарқырап жүрген бір
ерекше жұлдыздай көрінген. Н.Ә. Назарбаевтың пікіріне қарағанда қазақ халқы
Д.А. Қонаевты ХХ ғасырдағы ұлы даралардың ең үздік үлгілерінің бірі ретінде
санайды.Демек, бұл жеке ел басшымыздың сөзі ғана емес, бұл – бүкіл халықтың
сөзі. Шынында да, Қонаев халықтың қамын ойлайтын нағыз мемлекет қайраткері
болды. Сондықтан Қонаевтың өмір жолымен танысу мен үшін де маңызды да,
қызықты.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

ҚОНАЕВТЫҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ

Д.А. Қонаев 1912 ж. 12 қаңтарда бұрыңғы Верный, қазіргі Алматы
қаласының Сарқант көшесінде дүниеге келген. Әкесі Меңліахмет он төрт
жасынан көпес Ысқақ Ғабдолуәлиев деген ірі көпестің қоластында істеп, кейін
Кеңес өкіметі тұсында ауыл шаруашылығы, сауда саласында қызмет атқарған.
Шешесі Зәуре Алматы облысының Шелек ауданында туып өскен, Димаш
(Дінмұхамед) жарықтың: “Нағашыларым қара қаңлы, сіңірі шыққан кедей еді”, 
деп отыратын. Атасы Жұмабай еті тірі, көзі ашық, көкірегі ояу кісі болған.
1904 жылы Түркия арқылы Сауд Арабиясына сапар шегіп, Меккеге қажылыққа
барады. Ескіше хат таныған, мектеп ашып, шәкірт баулыған. Димаш туғанда ол
кісі төсек тартып жатыпты. Қырқынан шығарып, алдына апарғанда : “Көзің
алақандай, нұрлы екен, маңдайың жазық екен, бағың да, бақытың да елмен
болсын!” деп ақ батасын беріпті.

ЕҢБЕК БАСПАЛДАҒЫ МЕН ҚОҒАМ-ҚАЙРАТКЕРЛІК ҚЫЗМЕТІ

Д.А. Қонаев орта мектепті бітірген соң, Мәскеудегі түсті металл және
алтын институтына түседі. 1936 жылы институтты бітіріп, тау-кен инженері
мамандығын алған соң, Балхаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат кеніне жұмысқа
жіберіледі. Онда бұрғылау станогі машинисінен бастап, цех бастығы, кеніштің
бас инженері және оның директоры болып істейді.
Одан кейінгі еңбек баспалдағы  “Алтай полиметалл” комбинаты бас
инженерінің орынбасары, техникалық бөлімінің бастығы, Риддер кенішінің және
КСРО ірі қорғасын-мырыш кәсіпорындарының бірі Лениногор кен басқарма-сының
директоры қызметтерін атқарады.
1942 жылы орда бұзған отыз жасында республика Министрлер Кеңесі
Төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бұл жауапты міндетті он жыл
мінсіз атқарады. Соғыс кезінде ол майдан қажетін қамтамасыз ететін жылу
және басқа өнеркәсіп салалары жөніндегі мәселелермен айналысты.
1952 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті болып сайланды.
1955 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағалығына тағайындалды. 1960
жылы қаңтардан бастап Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші
хатшысы болды. 1962 жылы желтоқсанда ол жоғары лауазымды қызметтен алынып,
қайтадан Республика Министрлер Кеңесінің төрағалығына тағайындалды. Сол
кезде ондай жағдайларға таңдануға болмайтын. Өйткені басшы кадрларды Мәскеу
өз қолына алған еді. Орталық барлық кадрларды өзі алып, өзі қойып отыратын.
Ғажап қой, бірақ анық жайт. 1964 жылы Орталықта жағдайлар өзгерді де,
Қонаев қайтадан Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы
болып сайланды.
Ол сан дүркін КСРО және республика Жоғарғы Кеңесінің депутаты, КСРО
Жоғарғы Кеңесі Президиумының мүшесі, 32 жыл бойы КПСС ОК-ның мүшесі болды.
1966 жылы КПСС ОК Саяси БЮРО-ның мүшелігіне кандидат, Партияның төрт
съезінде, яғни ХХIV пен ХХVII съезд аралығында Орталық Комитет Саяси
Бюросының мүшесі болып сайланды.
Ұзақ жылдар бойы Қонаев елдің жоғарғы билік тізгінін ұстағандардың бірі
болды. ОК Саяси Бюросының мүшесі ретінде мемлекеттің ішкі және сыртқы
саясаттың мәселелерін шешуге қатысты.
Д.А. Қонаев партияның аса көрнекті қайраткері ғана емес, ол ғылыми
қызметпен де қажырлықпен айналысты. Техника ғылымдарының докторы, Қазақ КСР
Ғылым Академиясының академигі.

ЖҮРГІЗГЕН РЕФОРМАСЫ МЕН РЕСПУБЛИКАҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

Ол қазба байлықтарының арқасында республиканың деңгейі биікке
көтерілетінін жақсы білді. “Республикамыз қарыштап, даму асқарынан асып,
тағы да бір биік белеске көтеріледі” деп әлденеше рет айтқан болатын. Және
де мемлекет дамудың барлық жағынан көтерілді. Осыған дәлел келтіретін
болсақ, Америкадан шығатын журналдардың бірінде атақты ағылшын
саясаттанушысы өзінің “Орыстар мен қазақтар” деген мақаласында Қазақстанның
1917 жылғы төңкеріске дейінгі (патшалық тәртіп кезінде) және социализм
құрылысы кезіндегі дамуын салыстырған анализін келтіреді. Зерттеу барысында
байқалғандай, Қазақстанның өрлеу мен гүлденудің ең жоғарғы дәрежесіне
жеткен кезеңі Қонаев билік басына келген жылдар екен.
Қонаев өте сауатты басшы бола білді. Кез келген мәселені шешуде
батылдық пен көрегендік танытты. ХХ ғасырдың 60-80 жылдары аралығында
Қазақстанның әлеуметтік жағдайы толығымен өзгерді. Соғысқа дейін экономика
өзінің жаңа қадамын бастады, сосын соғыс, ал соғыстан кейін барлық
ресурстар КСРО-ның Батыс және Солтүстік батыс бөлігіндегі қираған қалалар
мен өнеркәсіп күштерін қалпына келтіруге жұмсалды. Қазақстан мен Орта Азия
республикалары сол бәз-баяғы қалпында қалды.
60-80 жылдар аралығындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы
деңгейіне мына дәлелдер куә. Осы кезеңдер ішінде республиканың ауыр
өнеркәсібі саласындағы ірі өнеркәсіп орындары жедел қарқынмен өсті:
Қарағанды  Теміртау, Павлодар  Екібастұз, Жамбыл  Қаратау және Шымкент 
Кентау көмір металлургия кешендері құрылды. Қазақстан елімізге орасан зор
мөлшерде болат, шойын, мыс, мырыш, алтын т.б. қазба байлықтарын тапсырды.
Қазақстанның үлесіне 69% мыс қорыту, 70% қорғасын, 90% марганец, 87% жай
фосфор өндіру тиді. Көмір қазу 220 миллион тоннаға жетті. Электр қуаты 78
миллиард киловатт сағатқа өсті. Екібастұздан Орталыққа жоғарғы кернеулі
электр жүйесі тартылды. Ауыр өндірістің шапшаң қарқынымен бірге жеңіл және
тамақ өнеркәсібін одан әрі дамытуды жеделдету мүмкіндігі туды. Мыналарды
айтсақ та жеткілікті: 70 жылдардың аяғы мен 80 жылдардың басында
республикада 37 миллион сыңар аяқкиім, миллион метр мақта-мата бұйымдары
шығарылды. Республикада 8 қант заводы, екі былғары комбинаты жұмыс істеді.
Теміржол, әуе және автомобиль көліктері көбейді. 80 жылдардың аяғында
теміржолдың ұзын-ырғасы 15 мың шақырымнан асып кетті.
Барлық аудан орталықтары мен шеткі шалғай ауыл-село мекендері,
көптеген ауыл шаруашылығы кәсіпорындары автомобиль жолдармен ұштастырылды.
Астық өнімі 29-30 миллион тоннаға, қой саны 35 миллионға, жылқы 1 миллион
100 мыңға, ірі қара 7 миллионға жеткізілді. Тың жерлер астық, ет, сүт
өндірісінің орталығына айналды. Басқа облыстар да олардан қалып қойған жоқ.
Мәселен, Шымкент облысының бір өзі ауыл шаруашылығының 14 түрінен өнім
өндірді.
Жаңа қалалар бой көтеріп, көшелер асфальтталып, ауыл-село
көріктендіріліп, сәнді де, салтанатты мәдениет сарайлары, оқу орындары
салынып, ғылым, денсаулық сақтау мекемелері жаңа техникалық жабдықтармен
жарақталды.
Көрсетілген деректерге қарай Д.А. Қонаевтың билік басына келгенде, оның
басты мақсаты : республиканың экономикасын жедел қарқынмен дамыту болды.
Және де бұл мақсат түпкілікті орындалды деуге болады. Бұл мақсатты іске
асыру жүзінде Д.А. Қонаев даму бағыттағы реформалар орнатты.
Жүргізген реформалар нәтижесінде республикада мынандай өзгерістер
енгізу көзделді:
Біріншіден, халықтың әлеуметтік жағдайын, әл ауқатын жақсарту
мәселесі. Ол үшін қала-ауылдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге төмен
және орташа жалақысын арттыру жүзеге асырылды;
Екіншіден, ауыл шаруашылық пайдасына ұлттық табысты бөлу. Осыған
орай ауыл шаруашылық өніміне сатып алу бағалары арттырылды;
Үшіншіден, шаруашылық есеп кеңінен негізделді;
Төртіншіден, өнеркәсіп, құрылыс пен транспорт салаларында жаңа
техниканы енгізу бағдарламасы іске асырылды;
Бесіншіден, Қазба байлықтарын ұтымды пайдалану. Бұл әдістің
нәтижесінде жаңа өнеркәсіп аудандарының өндіру сапасы нығайды. Жаңа
кен орындары игеріліп, шаруашылық айналымға тартылды. Өндірістік
қорлар жоспарлы түрде ұлғайтылып, жаңартылып отырды.
Осыдан кейін техникалық прогресс дами түсті. Бұл прогресс ең алдымен
өнеркәсіптің энергетика, түсті және қара металлургия, мұнай өңдеу, химия
өнеркәсібі, құрылыс материалдары өнеркәсібі секілді салаларында ілгері
басты.
Әрине, бұл зор жетістіктің бәрі бір кісінің ғана сіңірген еңбегі емес.
Әйткенмен, осы бастамалардың бәрінің, ұйымдастырушысы әрі басшысы Қонаев
болғанын ұмытпауымыз керек. Жалпы, қайбір тың істе басқадан дара тұлғаның
рөлі ерекше әсер етеді. Тарихта оған келтірер мысалдар көп. Әйтеуір бір
кісі өзгеріс, жаңалықтың бастамашысы әрі қолбасшысы болып, оның соңынан
ізін басып, ісін жалғастырушылар да ереді.
Көріп отырғандай, өзінің басшылық мезгілінің соңына дейін қол түсірмей
қызмет атқарған Қонаев республика үшін игілікті мол істер мен жоралғылы
ізгі жақсылықтар жасады. Қазақстан өзге республикадан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемге елін танытқан ердің өмір жолы
ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВТЫҢ ҒҰМЫРНАМАСЫ
Дінмұхаммед Қонаев Ахметұлы
Д. А. Қонаевтың басшылығы тұсындағы Қазақстанның əлеуметтік - экономикалық жəне қоғамдық - саяси жағдайы
Д. А. Қонаев
Қайын атасы
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев
Д.А.Қонаевтың Кеңестік Қазақстанның дамуына қосқан үлесі
ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДӘУІРІ
Дінмұхамед Қонаев қоғам қайраткері
Пәндер