Ұлыбритания



Ауданы – 244,1 мың км. кв.
Халқы – 58,8 млн. адам (1997 ж.)
ЖІӨ - 1,1 трлн.долл. (1997 ж.)
Бір адамға шаққандағы ЖІӨ - 19 мың. долл. (1997 ж.)

Ұлыбритания – экономикалық қуаты бойынша әлемде жетінші орында (АҚШ, Қытай, Жапония, ФРГ, Үндістан және Франциядан кейін). Ұлыбритания өндірістің капиталистік тәсілінің отаны болып табылады. XVIIғ. буржуазиялық революция Ұлыбританияны басқа еуропалық елдермен салыстырғанда капитализмнің ертерек дамуына жол ашып, ол кең және бай отарларды иеленіп озат теңіздік державаның құрылуына мүмкіндік жасады. Қазіргі уақытта көптеген отарларынан айырылғанымен, Ұлыбритания территориясында 6 млн. халқы бар және 14 тәуелді отар аймақтарын бақылап отырған аймақ. Одан басқа, 1931 ж. құрамына Ұлыбританияның бұрынғы 53 доминионы мен отарлары енген Ұлттардың Достастығы (1947 ж. бастап – Достастық) құрылды.
Ең ірі империя бола отырып XIX ғ. ортасында әлемдік өнеркәсіп өндірісінің жартысын өндірді, ал XX ғ. басында көшбасшы жағдайынан айырылса да, қазіргі уақытта ең жақсы дамыған индустриялдық державалардың бірі. Әлемдік өнеркәсіптер өндірісінің үлесі Ұлыбританияда келесідей тәртіппен өзгерді: 1820 ж. – 50%, 1900 ж. – 25%, 1937 ж. – 14%, 1990 ж. – 6,4%, 1996 ж. – 6 %.
Мемлекет ҒЗТКЖ (НИОКР) (1996 ж. ЖІӨ 2,2 %) шығынының үлесі бойынша алғашқы орындарының біріне, ал 1901 – 1995 ж.ж. кіріс мөлшері бойынша 2- ші орынды иеленіп отыр. Нобель сыйлығы бойынша АҚШ – тан кейінгі (АҚШ – 179, Ұлыбритания – 70, ФРГ – 59, Франция – 24, Жапония – 4) орында. Аймақта Оксфорд 1167 ж., Кембридж – 1209 ж. құрылған - олар әлемнің көне университеттерінің бірі.
Ұлыбританияда ұзақ уақыт бойы негізгі жанармай көмір (1273 ж. бастап қолданылды) болған, ал 1970 ж. ортасынан Солтүстік теңіздің қайраңындағы кен орыдарын игеруіне байланысты мұнайгаз өндіретін елге айналып, мұнайды экспорттады. 1956 ж. Камбриде әлемдегі бірінші АЭС «Колдер – Холл» салынды, сондықтан Ұлыбритания 1970 ж. дейін атом энергиясын өндіруі бойынша көшбасшы мемлекеттерінің бірі болған еді, бірақ Солтүстік теңізде мұнай мен газдың ашылуынан кейін атом энергиясына қатынасы өзгеріп, ол дамуын мүлдем тоқтатты, қазіргі таңда елге 27% электр энергиясын өндіретін 14 АЭС жұмыс істеуде.
Еуропада Ұлыбритания ауылшаруашылық өндірісінде ең жоғары дамыған мемлекеттерінің бірі.
Урбандалу деңгейі – ең жоғары көрсеткіштерінің бірі – 89 %. XIX ғ. ортасына таман мемлекет халқының жартысынан астамы, ал XX ғ. – 75% қалада шоғырланды.
Географиялық жағдайы. Ұлыбритания – Еуропаның солтүстік - батысында орналасқан аралдық мемлекет. Оның территориясы Ұлыбритания, Ирландияның солтүстік – шығыс бөлігі мен жақын жатқан аралдар (Шетланд, Оркней, Норманд, Гебрид және т.б.) тобынан құралған. Оны Еуразиялық континенттен Ла – Манш және Па – де – Кале бұғаздары бөліп

Пән: Экономикалық география
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Ұлыбритания.

Ауданы – 244,1 мың км. кв.
Халқы – 58,8 млн. адам (1997 ж.)
ЖІӨ - 1,1 трлн.долл. (1997 ж.)
Бір адамға шаққандағы ЖІӨ - 19 мың. долл. (1997 ж.)

Ұлыбритания – экономикалық қуаты бойынша әлемде жетінші орында (АҚШ,
Қытай, Жапония, ФРГ, Үндістан және Франциядан кейін). Ұлыбритания
өндірістің капиталистік тәсілінің отаны болып табылады. XVIIғ. буржуазиялық
революция Ұлыбританияны басқа еуропалық елдермен салыстырғанда
капитализмнің ертерек дамуына жол ашып, ол кең және бай отарларды иеленіп
озат теңіздік державаның құрылуына мүмкіндік жасады. Қазіргі уақытта
көптеген отарларынан айырылғанымен, Ұлыбритания территориясында 6 млн.
халқы бар және 14 тәуелді отар аймақтарын бақылап отырған аймақ. Одан
басқа, 1931 ж. құрамына Ұлыбританияның бұрынғы 53 доминионы мен отарлары
енген Ұлттардың Достастығы (1947 ж. бастап – Достастық) құрылды.
Ең ірі империя бола отырып XIX ғ. ортасында әлемдік өнеркәсіп
өндірісінің жартысын өндірді, ал XX ғ. басында көшбасшы жағдайынан айырылса
да, қазіргі уақытта ең жақсы дамыған индустриялдық державалардың бірі.
Әлемдік өнеркәсіптер өндірісінің үлесі Ұлыбританияда келесідей тәртіппен
өзгерді: 1820 ж. – 50%, 1900 ж. – 25%, 1937 ж. – 14%, 1990 ж. – 6,4%, 1996
ж. – 6 %.
Мемлекет ҒЗТКЖ (НИОКР) (1996 ж. ЖІӨ 2,2 %) шығынының үлесі бойынша
алғашқы орындарының біріне, ал 1901 – 1995 ж.ж. кіріс мөлшері бойынша 2- ші
орынды иеленіп отыр. Нобель сыйлығы бойынша АҚШ – тан кейінгі (АҚШ – 179,
Ұлыбритания – 70, ФРГ – 59, Франция – 24, Жапония – 4) орында. Аймақта
Оксфорд 1167 ж., Кембридж – 1209 ж. құрылған - олар әлемнің көне
университеттерінің бірі.
Ұлыбританияда ұзақ уақыт бойы негізгі жанармай көмір (1273 ж. бастап
қолданылды) болған, ал 1970 ж. ортасынан Солтүстік теңіздің қайраңындағы
кен орыдарын игеруіне байланысты мұнайгаз өндіретін елге айналып, мұнайды
экспорттады. 1956 ж. Камбриде әлемдегі бірінші АЭС Колдер – Холл салынды,
сондықтан Ұлыбритания 1970 ж. дейін атом энергиясын өндіруі бойынша
көшбасшы мемлекеттерінің бірі болған еді, бірақ Солтүстік теңізде мұнай мен
газдың ашылуынан кейін атом энергиясына қатынасы өзгеріп, ол дамуын мүлдем
тоқтатты, қазіргі таңда елге 27% электр энергиясын өндіретін 14 АЭС жұмыс
істеуде.
Еуропада Ұлыбритания ауылшаруашылық өндірісінде ең жоғары дамыған
мемлекеттерінің бірі.
Урбандалу деңгейі – ең жоғары көрсеткіштерінің бірі – 89 %. XIX ғ.
ортасына таман мемлекет халқының жартысынан астамы, ал XX ғ. – 75% қалада
шоғырланды.
Географиялық жағдайы. Ұлыбритания – Еуропаның солтүстік - батысында
орналасқан аралдық мемлекет. Оның территориясы Ұлыбритания, Ирландияның
солтүстік – шығыс бөлігі мен жақын жатқан аралдар (Шетланд, Оркней,
Норманд, Гебрид және т.б.) тобынан құралған. Оны Еуразиялық континенттен Ла
– Манш және Па – де – Кале бұғаздары бөліп жатыр.
Табиғат жағдайлары мен ресурстар. Аймақтың жер бедеріне адыр –
бұдырлы жазықтар мен ойпаттар үйлесімі тән, сонымен қатар аласа таулар
Пенин таулы массиві (орташа биіктігі 500 800м.) елдің орталық , ал
солтүстік бөлігін Грампиан таулары (Ұлыбританияның ең биік шыңы – 1343 м.
Бен – Невис тауы) алып жатыр. Жалпы жер бедері ауылшаруашылық қызметі үшін
өте қолайлы.
Англияның климаты – қоңыржай континенттік және теңіздік. Солтүстік –
Атлант жылы ағысының әсеріне байланысты қысы – жұмсақ (қаңтардың орташа
температурасы +3...+ 6 С), ал жазы ыстық емес (шілденің орташа
температурасы +12...+17 С) болып келеді. Оңтүстік - батыс желдерінің басым
болуы жауын – шашын мөлшерін көп әкеледі (солтүстік және батыста 1600 - ден
– 800 мм -ге дейін). Осындай климаттық жағдайлар, әсіресе шығыс жағалаулар
бойымен қоңыржай белдеуінің мәдени өсімдіктерін өсіруге қолайлы.
Ұлыбританияда көптеген өзендер ағып өтеді (ең маңыздылар Северн– 354
км және Темза – 340 км). СЭС құрылысы үшін елдің солтүстік бөлігіндегі
таулы өзендер пайдалынады. Кейбір аудандарда, әсіресе оңтүстік– шығыста
шаруашылық әрекетінің шоғырлануына байланысты су ресурстары жеткіліксіз.
Ұзындығы 350 км. шамасында созылып жатқан жасанды каналдар транспорт үшін
өте маңызды болып қалып отыр.
Тасты жерлер кездеседі, мұнда құба және сұр құба топырағы тән олар
құнарсыздығымен ерекшеленеді. Ұлыбританияда демалу орталығы, сонымен қатар
суқорғау қызметін атқаратын орман ресурстары (ормандылығы 9 %) өте аз
кездеседі. Ағаш дайындау өндірісі негізінен импортталады.
Елде минералдық ресурстар әртүрлі кездеседі, бірақ ұзақ уақыт
игеруіне байланысты олардың кейбір қорларының сарқылуына әкелді. Ақырғы он
жылдықта Солтүстік теңіздегі мұнай мен газдың ашылуына байланысты
жанармайдың базасы өзгеріске ұшырады. Еуропалық елдердің ішінде Ұлыбритания
Норвегиямен бірге мұнай және газдың ірі өндірушілері мен экспорттаушылырына
айналды. Дәлелденген мұнай қоры 2,9 млрд. т., ал потенциалдылығы – 7 млрд.т
бағаланған. 1975 ж. бастап 62 кен орындарында өндірістік игерілу
жүргізілуде, соның ішінде Фортис, Брент, Ниниан, Пайпер, Берил, Статфьорд
және т.б. кеніштері ең ірілері болып табылады.
Дәлелденген газ қоры 1,9 трлн. куб метр, ал потенциалдылығы – 3,8
трлн.куб метрді құрайды; Леман, Индефатигэйбл, Хеветт және т.б. негізгі кен
орындары болып табылады. 1960 ж. аяғында газды игере бастады.
Ұлыбританияда дәлелденген көмір қоры – 45 млрд. т шамасында,
потенциалдылығы – 190 млрд. т құрайды. Йоркшир, Нортумберленд және Оңтүстік
– Уэльс негізгі ірі көмір бассейндері болып табылады.
Темір рудаларының қоры 5 млрд. т бағаланған, бірақ рудалардың
құрамында темірдің (28 %) мөлшері аз кездеседі. Негізгі темір рудаларының
кен орындары Нортгемпширде орналасқан. Түсті металл рудаларының ішінде
Корнуолл түбегінде қалайы, ал елдің орталық бөлігінде қорғасын – мырыш пен
мыс кездеседі. Жалпы металлургиялық өндірісі ресурс базаларына кедей және
қажеттіліктерді қамтамасыз етпейді. Минерал – ресурстардың кедейлігі
импортқа тәуелділігін әкеледі.
Халқы. Ұлыбритания халық саны бойынша әлемде 17 –ші, ал Еуропада
тек ФРГ – дан кейінгі орынды алып отыр. 2010 ж. болжам бойынша, ол 61,3
млн. адамға жетуі мүмкін. Ел халқының 83 % Англияда, 5% - Уэльсте, 3% –
Солтүстік Ирландияда, 9 % – Шотландияда шоғырланған. Ақырғы он жылдықта
демографиялық жағдай туудың және оған сәйкес табиғи өсімнің төмендігімен
сипатталады: 1000 тұрғынға туу – 13, өлім – 11, ал табиғи өсім – 2 адамды
құрайды. Халықтың жас құрылымында егде жастағылар саны өссе, ал балалық
жастағылардың саны керісінше азайып келеді (16 жасқа дейінгі балалар
халықтың 19 %, ал 65 – тен жоғары жастағы адамдар – 16 % құрайды). Халықтың
қарттылық үрдісі орташа өмір сүру ұзақтығының көбеюіне байланысты: еркектер
үшін – 74, ал әйелдер үшін – 79 жас. Еуропада 1000 тұрғынға 6 адамнан
келетін ең төмен көрсеткіштерінің бірі – нәрестелік өлім.
Қазіргі заманда миграция халықтың динамикасына маңызды әсер етпейді.
XVII ғ. ірі отарлық империяның өмір сүруі миграцияның дамуын анықтады. 100
жылдың ішінде (1836 – 1936) Ұлыбританиядан 11 млн. адам кетті. Соғыс
уақытынан кейін ақыл – ой (ми) ағымы деп аталатын жаңа құбылыс пайда
болды. 1980 жж. Эмиграция аялдай түсті. 1993 ж. елден 213 мың адам кеттті.
Екінші дүние жүзілік соғысқа дейін иммиграцияның маңызы төмен болды, алайда
1950 – 1960 ж.ж. эмиграцияның тез дамуы жұмыс күштерінің азаюына әкеп
соқтырды, сондықтан жаппай иммиграцияның басталуына көз салды. Негізінен
деңгейі төмен маманданған кадрлар Пәкістан, Үндістан, Нигерия, Бангладеш,
Гана және т.с.с аймақтардан келді. 1993 ж. мемлекетке 209 мың. адам келді;
ел халқының 5% иммигранттар құрайтын негізгі бөлігі Үлкен Лондонда
шоғырланған.
1991 ж. ұлттық – этникалық қатынаста ценз ақ тұрғындар (94,5 %) мен
басқа этникалық топтарды анықтады: негрлер, үндістер, пәкістандықтар,
қытайлар және т.б. (5,5 %). Халық тұрғындарының ұлттық құрамы келесідей
көрсеткіштермен берілген: ағылшындар – 80%, шотландықтар - 10%, ирландықтар
– 2,5%, валлилықтар – 2,5%.
Басқа еуропалық елдермен салыстырғанда Ұлыбританияда халық біршама
тығыз шоғырланған (1 км. кв. - қа - 241 адам, ЕО бойынша орташа көрсеткіш
– 153). Ең жоғарғы тығыздық көрсеткіші - Англияда (1 км. кв. – қа 373
адам), ал төменгісі – Шотландияда (1 км.кв. – қа 67 адам) байқалған.
Ұлыбритания - әлемде урбандалу деңгейі біршама жоғары мемлекеттерінің бірі,
қала халқының үлесі – 89% құрайды.
Статистика қалалық және қалалық емес тұрғындар деп бөледі. Қала
тұрғындары сегіз агломерацияда шоғырланған. (1 – кесте)

Кесте -1
Ұлыбританияның қалалық тұрғындары.

Агломерациялар Халық саны, млн. адам
Үлкен Лондон 7,6
Батыс Мидленд (Бирмингем) 2,6
Үлкен Манчестер 2,6
Батыс Йоркшир (Лидс) 2,1
Клайдсайд (Глазго) 1,7
Мерсейсайд (Ливерпуль) 1,5
Оңтүстік Йоркшир (Шеффилд) 1,1
Майнсайд (Ньюкасл-апон-Тайн) 1,1

Басқа дамыған елдерге қарағанда, 1960 жж. қала халқы тезірек өсті.
Қалалардың орталық бөлігіндегі тұрғындардың кетуінен деконцентрацияның
үрдісі басталды. Халық саны азаюының негізгі орталығы Лондон болып
табылады: Ситиде 1851 ж. 128 мың адам тұрса, ал қазіргі уақытта – 5 мың
адам шамасында. Лондонның қазіргі шекараларының орталық бөліктерінде 2,5
млн. адам есептелінген. 1970 жж. қалалық және қалалық емес тұрғындарының
саны азая бастады. Контрурбанизация – дамыған елдерінің көпшілігі үшін 1980
жж. феномені. Ол Ұлыбританияда 1970 жж. доминанттық роль атқара бастады.
1981 ж. – дан бастап агломерацияның соңғы уақытына дейін, Батыс Йоркширден
басқа, әсіресе Мерсейсайдтың халқы – 5% азайды. Алайда соңғы жылдары
оңтүстік және оңтүстік – шығыс Англияда мигранттардың концентрациялары
жалғасуына байланысты Үлкен Лондонның халық санының өсуі байқалды. Қалалық
емес тұрғындардың саны қарқынды көбейе түсті.
Әлеуметтік құрылымның үлкен бөлігін жалдамалы еңбекшілер құрады (90
% - дан жоғары). Шаруалар, қолөнершілер, ұсақ саудагерлер және т.б. топтар
мүлдем жоғалып кетті. Елдің ұлттық байлығының 50 % - нан астамы элиталық
қоғамға (халықтың тек 1 % құраған ірі буржуазияларға, лендлордтарға,
жоғарғы руханиларға) жатты. Материалдық өндіріс саласына– 30%, ал қызмет
көрсету саласына – 70% үлесі тиеді.
Әлемде ең көп тараған тілдердің бірі – ағылшын, 400 млн. – нан астам
халық үшін бұл – ана тілі болып табылады. Англикан негізгі діні болып
есептеледі, сонымен қатар пресвитериан және католицизм де кең тараған.
Шаруашылықтың сипаттамасы. 1970 ж. басында Ұлыбританияда өнеркәсіп
өндірісі мен Батыс елдеріне экспорттауы 7% төмендеді (1960ж 12%). 1950
-1960 ж.ж. экономиканың даму қарқыны азайса (3 % шамасында), ал 1970 ж.
басында ол мүлдем төмендеп кетті (2,2 %). Ұлыбритания өмір сүру деңгейі
бойынша Еуропаның ортаңғы орындарының біріне ауысты: ФРГ мен Францияға
қарағанда 20 – 25 % төменірек болды. 1970 ж. соңында барлық экономикалық
салалары қатты құлдырауымен сипатталды. 1979 ж. өнеркәсіптің өндірісі 17%
түсіп, жұмыссыздар саны күрт өсті.
1979 ж. билікке консерваторлар келегеннен бастап экономика түбірімен
өзгеріске ұшырады. Өнеркәсіптің басты салаларына салықтар азайтылып және
көптеген салаларын жекешелендірілді. Құрылымның интенсификациялау мен
рационализациялау базасы негізінде британ экономикасы жақсара түсті. Ауыл
шаруашылығын ( меншіктік өндіріс ел қажеттілігінің шамамен 80 % қамтамасыз
етеді) жоғары технологиялық деңгейде қолдау үшін дәстүрлі үлкен көңіл
бөлінді. Экологиялық мәселелр маңызды орын алды. Қолданылған шаралар жақсы
нәтижелерге әкелді.
Әлемнің ВПК ішінде Бритиш аэроспейс 3 – орынға иеленді. Әрбір
салаларда барлық құралдардың шамамен 33 % электрондық өндіріске, 16% -
аэрокосмос техникасына, 20 - 24 % - химиялық технологияға, 8% -
транспорттық машина құрылысына бағытталған. Ұлыбритания – жоғары класты
автомобиль шығаруында да озат мемлекеттерінің бірі (ролл – ройс және
ягуар маркалы машиналардың 70% экспорттайды). Экономиканың көтерілуі
жұмыссыздықтың азаюына әкеп соқтырды (1993 ж. 10,3% - нан 1998 ж. 5% - на
дейін).
ЖІӨ құрылымында 20% өндіріс үлесіне тиеді (орман, балық және орман
шарушылығына - 2%, ал қызмет көрсету саласына - 70%). 1990 ж. әсіресе
қаржылық және бизнестік қызмет көрсету саласы тезірек дамыды. Жалпы
шаруашылыққа қарағанда, өндірістің өсу қарқындылығы төмен болды, алайда
оның жеке салалары біркелкі дамыған жоқ. Мұнайгаз өндірісінің маңызы 1,5
есе өссе (1997 ж. ЖІӨ үлесі – 2,5%), ал көмірді игеру 2 есеге азайған.
Өңдеу өндірісінің ролі төмендей бастады (1990 ж. 23,2% - дан 1997 ж. 21,4%
- ға дейін); бірақ оның құрылымында химиялық, мұнайды қайта өңдеу,
электрондық, оптикалық құралдар, резинотехникалық бұйымдар және пластмасса
өндірісі табыстырақ дамыды.
Ұсақ және орта кәсіпорындарының маңызды секторлары Ұлыбритания
экономикасы дамуының негізгі сипаты болып табылады. 1990ж. ортасында елдің
жұмыс күшінің 36% және сауда айналымының 21% ұсақ бизнес үлесіне тиді.
Отын – энергетикалық кешен. Ұлыбританияда энергоқажеттілігінің 30% -
көмір, 62% - мұнай мен газ, 8% - атом және гидроэнергетика құрайды. Мұнай
мен газдың игерілуіне байланысты, елдің экономикасында дәстүрлі көмірдің
маңызы кенет төмендеп кетті. Көмір өндірісінің ең биік шыңы 1913ж. – 292
млн.т болса, ал қазіргі таңда тек 48 млн.т игеріледі. Импортталғанға
қарағанда, өзіндік көмір 10% - ға қымбаттырақ, сондықтан Ұлыбритания оның
көп бөлігін импорттайды (1994 ж. – 15 млн.т).
1975 ж. дейін мұнай өндірісі тек импортталған шикізатпен дамыды.
Екінші дүние жүзілік соғысқа дейін Шығыс Медлендте 150 мың т. ғана
игерілген. 1975 жылдан Солтүстік теңіздің мұнайын игере бастады және
әлемнің мұнай өндіруінде алдыңғы қатарлы елдерінің біріне айналды. 1997ж.
131 млн. т мұнайды игерді, сондықтан осы көрсеткіш бойынша Ұлыбритания
алдыңғы он мемлекеттің құрамына енді. Бритиш петролеум мен Шелл
(құрамында Голландиямен біріккен Роял Датч Шелл) ірі мұнай
корпорациялары болып табылады. Негізінен ЕО елдерімен (Франция, Италия,
Нидерланды, ФРГ – дан) мен АҚШ – тан мұнайды экспорттау 80 млн.т асады.
Мұнайды қайта өңдеу өндірісінің қуаттылығы шамамен 100 млн. т құрайды.
Әкелінген мұнаймен бұрынғы орталықтар жұмыс істеуде, олар: Милфорд –
Хейвен, Пембурк (оңтүстік – батыс жағалау), Стэнлоу (Манчестер каналында),
Тиспорт (Тис өзенінің сағасында), Шелл – Хейвен (Темзаның сағасында).
Американдық Экссон компаниясына жататын қуаттылары Саутгемптонде
орналасқан. Өзіндік мұнаймен жұмыс істейтін жаңа орталықтар Грейнджмут
(Шотландияда) пен Иммингем (Хамбер шығанағы) болып табылады. Шетланд
аралындағы шағын Салом – Во мекені Ұлыбритания мұнайының астанасына
айналды. Мұнай 2,5 км. – ге созылып жатқан теңіз құбырлары арқылы
мұнайөндіру зауыттарына жеткізіледі.
XIX ғ. басынан 1960 ж. ортасына дейін көмірден газ өндірілген.
Қайраңда өндірістік газдың игерілуі 1967 ж. басталды. 1995 ж. 65,5 млрд.
куб метр газ өндіріліп, осы көрсекіш бойынша әлемде Ресей, АҚШ, Канада және
Нидерландыдан кейін 5 - ші орынға иеленді. Өзіндік игеруінің есебінде ішкі
қажеттіліктер қанағаттандырылмағандықтан, газдың бір бөлігі теңіз
газқұбырлары арқылы магистраль сызығы Лондон – Ланкаширге және басқа да
орталықтарға Норвегиядан (шамамен 3 млрд. куб метр) әкелінеді.
1990 жж. ортасында Ұлыбритания 300 млрд. кВтсағ. электроэнергия
өндірген. ЖЭС негізінен көмірмен жұмыс істейтіндіктен, электроэнергияның
70,3%, АЭС - да – 27,7 %, ГЭС - да – 2% өндірілді. 1970 ж. дейін атом
энергиясының өндірісінде әлем елдерінің көшбасында тұрды, бірақ мұнай мен
газдың игерілуіне байланысты оның маңызы айтарлықтай төмендеп қалды, ал
гидроэнергетиканың ролі мүлдем маңызын жойды, тек Шотландия мен Солтүстік
Ирландияда оның шағын станциялары бар. Барлық станциялар Супергрид деп
аталатын бірыңғай энергетикалық жүйенің құрамына енеді.
Қара металлургия – Ұлыбританияның ең ескі салаларының бірі. XXғ.
басында АҚШ, Германия, Бельгия және Люксембург мемлекеттерінің қатарымен
металл өндіру бойынша алғашқы бестікке кіріп, олар бірге әлемдік өнімнің
80% берді. Ақырғы он жылдықта бұл саланың маңызы төмендесе де, ол ағылшын
өндірісіндегі базалықтың бірі болып қалып отыр.
1990 жж. болаттың қорытпасы шамамен 17 млн.т құрады. Оның жартысын
Ұлыбритания негізінен ЕО мемлекеттеріне экспорттап, олардан прокаттарды
әкеледі. Отын ретінде негізінен өзіндік кокс қолданылады, бірақ импорттың
үлесі де өсуде. Темір рудаларының кен орындары жоғары дәрежеде сарқылған,
сондықтан оның 80% Канада, Бразилия және Швециядан импортталады. Мемлекет
легирлеуші металлдардан толығымен импортқа тәуелді.
Қара металлургияның отаны Мидленд болып табылады, оның өзіндік
шикізат пен отынның базасы негізінде Бирмингем, Вулвергемптон, Корби және
Сканторпте болат құю зауыттары салынды. Ұзақ уақыт бойы Шеффилд қара
металлургияның астанасы болып саналды. Импорттық отын мен шикізатқа
ауысқаннан кейін портты қалаларда ірі кәсіпорындар құрылды, олар: елдің
солтүстік – шығысындағы Мидлсбор мен Ньюкаслде, Оңтүстік Уэльстегі Порт –
Толботта, Глазго ауданында және т.б. Соғыс уақытынан кейін бұл сала
модернизацияның екі кезеңінен өтті. 1960 жж. қара металлургия
ұлттықтандырылды, сол уақытта қазіргі кезде де басты болып табылатын
Бритиш Стил корпорейшн ірі мемлекеттік компания құрылды. Модернизацияның
екінші кезеңі 1970 жж. энергетикалық дағдарыстың салдарына байланысты
басталды. Мемлекеттің орталықтарында көптеген кәсіпорындар жабылды
(Нортгемптонде, Корбиде және т.б.). 1980 ж. ортасында рентабелділігі жоғары
кәсіпорындар жекешелендірілді. Бритиш Стил корпорейшн - әлемнің төртінші
болат құю компаниясы (1988 ж жекешелендірілді), ол бүкіл болат пен
прокаттың шамамен 75% өндіреді.
Түсті металлургия негізінен импорттық шикізатпен жұмыс істеуге және
екінші рет өңделген металдарды балқытуға бағытталған (алғашқы металдар тек
қалайы, алюминий, мыс өндірісінде басым). Импорттық шикізатқа тәуелділігі
жоғары болғандықтан түсті металдардың көп бөлігі Темза, Оңтүстік Уэльс,
Ланкашир және т.б. атырауларының порттарында өндіріледі. Шотландияның жақын
орналасқан төрт ГЭС - да алюминий өндірісі жүргізіледі, бірақ солтүстік -
шығыстағы Линмут пен Англси аралындағы Холхихед атом станцияларының маңызы
жоғарырақ.
Машина жасау – ел экспортының 45% қамтамасыз етіп және 42%
өндірістік өнімнің үлесіне тиетін, өндірістің жетекші саласы. Өндіру
деңгейі бойынша әлемде АҚШ, Жапония, ФРГ мен Франциядан кейін 5 – ші, ал
салалық құрылымның күрделілігі бойынша Еуропада тек ФРГ - дан кейінгі
орынды алып отыр.
Ұлыбритания – трактор жасаудан әлемнің алдыңғы қатарлы
мемлекеттерінің бірі. Станок жасауда да маңызы дамуда.
Транспорттық машина жасау ұзақ уақыт бойы өндірістің көш басшы
саласы болып келген еді, бірақ ақырғы он жылда оның маңызы төмендеп кетті.
Автомобиль жасау жетекші салаларының бірі болып қалып отыр, мұнда шетелдік,
әсіресе Жапон капиталының позициясы қуатты. Әлемнің ірі автомобиль
корпорацияларының филиалдары құрылған: Ровер (БМВ филиалы, ФРГ), Форд
(Ягуарды қосқанда, АҚШ), Воксхолл (Дженерал моторс филиалы, АҚШ),
Талбот (Франция), Хонда, Ниссан және Тойота (Жапония). Ағылшын
автокомпанияларының ішінде Ролс – Ройс пен Бритиш Лейланд жетекші
дәрежеге иеленіп отыр. 1996 ж. Ұлыбританияда 1,9 млн. автомобиль шығарылды
(жартысынан астамы шетелдік компаниялардікі). Ұлыбритания автомобиль
өндіруі бойынша Еуропалық мемлекеттердің ішінде ФРГ, Франция және
Испаниядан кейінгі орында. 600 мыңнан астам ағылшын автомобильдері
экспортталады. Үлкен Лондон (Лутон), Бирмингем, Ковентри, Дерби, Бристоль,
Ливерпуль, Оксфорд және т.б. сол сияқты ірі агломерацияларда негізгі
зауыттар орналасқан.
Кеме жасау – елдің ең көне салаларының бірі, Ұлыбритания 1965 ж.
дейін әлемнің көшбасшысы болып қалып отырған, ал қазір ол екінші ондықта.
Қайраңдарда мұнай мен газ кен орындарының игерілуіне байланысты бұл саланың
дамуына жол ашып, мамандандырылған кемелер мен бұрғы платформалар салына
бастады. Шамамен кемелердің жартысы Клайдсайдте (Дамбартон, Гринок)
өндіріліп, негізінен жолаушылық кемелер шығарылады. Басты мамандануы – жүк
машиналры болып табылатын екінші ірі орталығы (кемелердің 40% - на дейін) –
Тайнсайд (Сандерленд пен Саут – Шилде). Басқа орталықтардың ішінде
Беркенхед, Барроу, Портсмут, Плимут, Белфастты атап кетуге болады.
1980 - 1990 ж.ж. құрылымдық қайта құрудың нәтижесінде Ұлыбритания
ғылыми сиымдылығы үлкен, әсіресе электрондық өндірісте дамудың маңызды
нәтижелеріне жетті. Ол әлемдік жоғарытехнологиялық өнімнің 8,5% өндіреді.
Ұлыбритания электрондық өндірісте (35%) НИОКР – ға шығын үлесі бойынша
Еуропада 1- ші орынға иеленді. Интернешнл компьютере лимитед (Ай – Си –
Эл) компаниясы ЭЕМ- ң жетекші өндірушілері болып табылады. 1990 жж.
экономика маңызында электроникамен жабдықталу деңгейі бойынша Еуропада
көшбасшы мемлекеттерінің бірі болды. Байланыс және қызмет көрсету салалары
компьютерлендірудің жоғары дәрежесіне жетті. Әртүрлі мақсатта қолданылатын
жартылайөткізгішті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілі заман талабы
Ұлыбритания мемлекеті
Қазақстан-британ қатынастарының жалпы сипаты, даму тенденциясы мен Қазақстан Республикасы үшін маңызы
Мадагаскар және Ұлыбритания аралдарына салыстырмалы физикалық-географиялық сипаттама
Ұлыбританияның екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жағдайы
Оңтүстік - Уэльс кен орындары
Ұлыбритания корольдігі
Ұлыбританияның саясижүйесі
Ұлыбритания Мемлекеттік құрылысы
Иранның мұнай өнеркәсібін ұлттандыру
Пәндер