1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы



1 тарау. 1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейінгі Қазақстанның қоғамдық.саяси жағдайы
1.1. Ақпан төңкерісі және Қазақстан
Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының таратылуы және оған деген Шығыс Қазақстан қоғамының көзқарасы
1.2. Шығыс Қазақстандағы қоғамдық.саяси үрдістер
1.3. Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының шақырылу себептері және оның Қазақстандағы көрінісі
2 тарау. Шығыс Қазақстандағы Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы науқаны
2.1. Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы науқаны және оның Қазақстанның Шығыс өңіріндегі жүзеге асырылу барысы
2.2.Бүкілресейлік Құрылтай жиналысында қарастырылатын мәселелердің Қазақстан өңірлерінде түйінделуі
Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының таратылуы және оған деген Шығыс Қазақстан қоғамының көзқарасы
1917 жылғы Ақпан төңкерісі патшалық Ресей империясының даму жолына түбірлі өзгеріс әкелген маңызды оқиға болды. Отаршыл патша билігінің құлатылуы және оның орнына келген Уақытша үкіметтің демократиялық ұстанымдарға негізделген саясаты қазақ халқының алдымен зор мүмкіндіктер ашты. Қазақ қоғамы қысқа сәтке болса да елінің даму жолын таңдау мүмкіндігіне ие болғандығын анық сезінді.
Ақпан революцясының қазақ жұрты үшін маңызды тарихи оқиға екені Семей облыстық қазақ съезіндегі кіріспе сөзінде Г.ММәрсетов: «Біздің еркіндікке жетуімізге, құлдықтан босануымызға және үмітті болашағымыз үшін ең бірінші Ұлы орыс (Ақпан) революциясына міндеттіміз» - деп бағалаған болатын. (Шаяхм.33б)
Қазақстан халқының қалың топтары Ресей патшасы ІІ Николайдың құлатылуын, Ақпан революциясын ірі саяси және экономикалық өзгерістерге деген үмітпен қабылдап, өздерінің ғасырлар бойғы тілектерінің орындалу мен толғағы жеткен ұлттық және әлеуметтік проблемалардың шешілуін сонымен байланыстырды.
Жақсылық хабарды естіген А.Байтұрсынов сол кездегі көңіл күйді былайша білдірген болатын: «Қазақстарға ақпан төңкерісі қанша түсінікті болса, қазан төңкерісі соншалықты түсініксіз көрінді. Олар алғашқы төңкерісті қандай қуанышпен қарсы алса, тура сондай үреймен екіншісін қарсы алуға тура келді. Алғашқы қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, ол, біріншіден, бұл төңкеріс оларды патша үкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруында, екіншіден, олардың өзімізді өзіміз басқарсақ деген ескі үмітін нығайта түсінуінде еді». (А.С.41б)
Түрлі басылым беттерінде елде орын алған саяси өзгерістер жөнінде, оған деген халықтың пікірі турасында мақалалар жарияланды. Мәселен, «Қазақ» газеті: ...Бұл жақсылық, қуаныш жалғыз ғана орыстардікі емес, отаны Ресей болған жұрттың бәріне тегіс жақсылық, бәріне тегіс қуаныш. Бұрын Россияның өгей ұлындай болып жүрген бұратаналар енді Россия ұлы болып амалсыз теңеледі. Ескі үкіметтің неше түрлі қиянатын, зорлық, қорлығын басынан кешірген біздің қазақ сияқты жұрттарға мұнан қуанышты уақиға өңі түгіл түсіне де енбейді», - деп жазған болатын. (Қазақ газеті 367б)
«Қазақ» газеті 1917 жылғы 223-санында Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Есболов, Т.Жаманмұрынов бастаған барлығы он бес қазақ интелегентігінің Қазақстанның барлық негізгі орталықтарына (25 адрес) жолдаған жеделхат мәтінін жариялайды.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   
1 тарау. 1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси
жағдайы
1. Ақпан төңкерісі және Қазақстан
Ақпан төңкерісі және Қазақстан

1917 жылғы Ақпан төңкерісі патшалық Ресей империясының даму жолына
түбірлі өзгеріс әкелген маңызды оқиға болды. Отаршыл патша билігінің
құлатылуы және оның орнына келген Уақытша үкіметтің демократиялық
ұстанымдарға негізделген саясаты қазақ халқының алдымен зор мүмкіндіктер
ашты. Қазақ қоғамы қысқа сәтке болса да елінің даму жолын таңдау
мүмкіндігіне ие болғандығын анық сезінді.
Ақпан революцясының қазақ жұрты үшін маңызды тарихи оқиға екені Семей
облыстық қазақ съезіндегі кіріспе сөзінде Г.ММәрсетов: Біздің еркіндікке
жетуімізге, құлдықтан босануымызға және үмітті болашағымыз үшін ең бірінші
Ұлы орыс (Ақпан) революциясына міндеттіміз - деп бағалаған болатын.
(Шаяхм.33б)
Қазақстан халқының қалың топтары Ресей патшасы ІІ Николайдың
құлатылуын, Ақпан революциясын ірі саяси және экономикалық өзгерістерге
деген үмітпен қабылдап, өздерінің ғасырлар бойғы тілектерінің орындалу мен
толғағы жеткен ұлттық және әлеуметтік проблемалардың шешілуін сонымен
байланыстырды.
Жақсылық хабарды естіген А.Байтұрсынов сол кездегі көңіл күйді былайша
білдірген болатын: Қазақстарға ақпан төңкерісі қанша түсінікті болса,
қазан төңкерісі соншалықты түсініксіз көрінді. Олар алғашқы төңкерісті
қандай қуанышпен қарсы алса, тура сондай үреймен екіншісін қарсы алуға тура
келді. Алғашқы қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, ол, біріншіден,
бұл төңкеріс оларды патша үкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруында,
екіншіден, олардың өзімізді өзіміз басқарсақ деген ескі үмітін нығайта
түсінуінде еді. (А.С.41б)
Түрлі басылым беттерінде елде орын алған саяси өзгерістер жөнінде, оған
деген халықтың пікірі турасында мақалалар жарияланды. Мәселен, Қазақ
газеті: ...Бұл жақсылық, қуаныш жалғыз ғана орыстардікі емес, отаны Ресей
болған жұрттың бәріне тегіс жақсылық, бәріне тегіс қуаныш. Бұрын Россияның
өгей ұлындай болып жүрген бұратаналар енді Россия ұлы болып амалсыз
теңеледі. Ескі үкіметтің неше түрлі қиянатын, зорлық, қорлығын басынан
кешірген біздің қазақ сияқты жұрттарға мұнан қуанышты уақиға өңі түгіл
түсіне де енбейді, - деп жазған болатын. (Қазақ газеті 367б)
Қазақ газеті 1917 жылғы 223-санында Ә.Бөкейханов, М.Дулатов,
М.Есболов, Т.Жаманмұрынов бастаған барлығы он бес қазақ интелегентігінің
Қазақстанның барлық негізгі орталықтарына (25 адрес) жолдаған жеделхат
мәтінін жариялайды.
Жеделхатта: Ресейдегі барша халыққа ағайындық, теңдік, бостандық күні
туды. Жаңа құрылған үкімет дүкенін сүйеу үшін қазаққа ұйымдасу керек. Жаңа
құрылған ел бағу дүкенін нығайту үшін тегі басқа барша халықтармен үйір
боларға керек. Учредительное Собрание сайлауларына қазақ болып қамдану
керек. Жарамды жақсы адамдарын ауызға ала беру керек. Енді араздық, өштік,
дау, жанжал, талас, партиялық сыйыспауларды тастау керек. Көксерлік
жұмыстарының – бірлік, адалдық болсын! Жер мселесін де қозғап, тезірек
қолға ала беріңдер. Біз қалайтын патшалық түрі – демократическая
республика, яғни мал өсіріп, егін салып, жерге ие боларолық түрі.
Бұл келтірілген жеделхаттан қазақ зиялыларының саяси айқындамасын анық
көруімізге болады. Ал ол айқындама, біріншіден, халықты жаңа билікке толық
қолдау көрсетуге шақыру болса, екіншіден, сол билікті қолдау арқылы соның
шеңберінде ұлт тағдырына қатысты негізгі зәру мәселелерді шешіп алудан
үміттену еді. (М.Қ.215-216бб)
Ұлттық зиялылардың мұндай бағытты ұстануы, белгілі дәрежеде, сол
кезеңдегі қазақ қоғамының қоғамдық-саяси даму деңгейіне, содан туындаған
талап-тілектеріне тәуелді болғандығын ұмытпаған жөн. Ал сол тарихи кезеңде
қазақ қоғамы үшін бірінші кезекте тұрған нәрсе, әрине, ұлттық тәуелсіздік,
ұлттық бостандықты өз қолына алу еді. Қазақ демократиялық интеллегенциясы
бұл мақсатқа толық болмаса да, алғашқы кезеңде жарым-жартылай, яғни империя
шеңберіндегі ұлттық автономияға жалпыресейлік демократиялық күштермен
біріге отырып, қол жеткізуге болады деп түсінді. Ресейден бірден бөлініп
кетуді мақсат етіп қоюға қазақ қоғамы әзір емес деп білді.

Ақпан төңкерісі – Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тән
дағдарыстың заңды нәтижесі, патшалық тәртіптің құлауы елде сапалық тұрғыдан
жаңа саяси жүйе құруға мүмкіндіктер туғызады. Империяда бұрыннан орын алып
келген Біртұтас және бөлінбес Россия идеясы мен соған негізделген
мемлекеттік саясатқа сызат түсе бастайды. Ақпан төңкерісінен кейін жаңа
таптық, әлеуметтік, ұлттық және партиялық, көп жағдайда бір-біріне қарсы
болған мақсат – мүдделерді жақтайтын күштер саяси күрес алаңына шығады.
(к.н.74б)
Ақпан революциясынан кейінгі жағдайдың өзіндік ерекшілігі буржуазияның
және буржуазияланып алған помещиктердің органы – Петроград жұмысшы және
солдат депутаттарының Кеңесі түріндегі қос үкімет болып табылады. (ІІІ том
656б)
Қосөкіметтілік өзінің дүниеге келуі арқылы ақпан төңкерісінің ішкі
қайшылықтарын бейнеледі. Елдің қоғамдық-саяси өмірінің тұрақсыз екендігін
көрсетті. Мұндай жағдай ұзаққа бармайтын еді: ерте ме, кеш пе,
қосөкіметтілік жойылып, барлық билік империалистік буржуазия мен оның
одақтастарының мүддесін қорғайтын Уақытша үкіметтің немесе әлеуметтік және
ұлттық езгінің ауыртпалығын көтерген халықтың басым көпшілігі болған
жұмысшылар мен шаруалардың революцияшыл – демократиялық өкімет органы
болған кеңестердің қолына көшуге тиіс еді. (к.н.83б)
Мемлекеттік Думаның комитеті Петроград жұмысшы және солдат
депутаттарының Кеңесңмен ынтымақтасып, 28 ақпанда Уақытша үкімет сайлауды
Жаңа үкімет басында халық билеуге – министрлікке сайланғандар мыналар: бас
министр, яғни Министрлер Кеңесінің төрағасы һәм ішкі істер министрі князь
Львов, әскер һәм орлот министрі Гучков, сыртқы іс министрі Милюков, оқу
министрі профессор Мануйлов, қаржы министрі Терещенко, жер министрі
Шингарев, әділет министрі Керенский, рухани министрі депутат Львов.
(Қазақ газеті 367б)
Уақытша сайланған үкімет Россияның мемлекеттік басқару формасын
анықтайтын, әр ел өкілдерінің жиылысы – Құрылтай жиналысына дейін ел
билеу ісін өз қолына алды және Құрылтай жиналысы бекітетін негізгі заң
шыққанша 8 пунктен тұратын уақытша заң шығарған болатын:
1. Барша саяси, діни айыпкерлер: бұрынғы үкіметке қастық һәм
қарсылық қылғаны үшін, қару-жарақ жұмсап жауласқаны үшін, жер
туралы жанжал шығарғаны үшін айыпкер болған һәм басқа сол
сияқты бұрынғы үкіметке қарсылық жүзінде жазықты болған
адамдардың кінәларына кешірім жасау;
2. Ауыз сөз, баспа сөз, қауымдасу, жиылыс жасау сияқты істерге
ерік беру;
3. Діннің, тектің басқалығы жүзінде болған бұрынғы
таршылықтарының бәрін жоғалту;
4. Кешікпей учредительное Собраниеге өкілдер шақыруға даярлану;
5. Полицияны жоғалтып, халықтың өзінен милиция (бақылаушы) қою,
милиция батығын халық мекемелері сайлау һәм сол мекеменің
қарамағында өту;
6. Сайлау негізі баршаға бірдей, тең, төте һәм қалау жағы құпия
болу;
7. Өзгеріс ісіне күшін қосқан Петроградтағы әскерлердің қару-
жарығын тастатпау һәм Петроградтан басқа жерге алып кетпеу;
8. Әскерлік жүзіндегі тәртіптерді нық сақтап, жалпы жұртқа
берілген құқықтарды басқа мен қатар солдаттарға да беру;
(қ.г.368б)
Бұл бағдарлама елді конституциялық және демократиялық даму жолына аяқ
басуына алғышарттай болды.
Ресей империясының құрамындағы барлық отар елдер сияқты қазақ халқы да
Уақытша үкіметке қолдау көрсетті. 1917 жылғы 5 наурыздағы Уақытша үкіметтің
жергілікті өкімет органдарын құру туралы қаулысына сәйкес наурыз айында
Қазақстанның барлық жерлерінде Уақытша өкіметтің жергілікті орғандары
құрылды. Революциядан кейін қалың бұқараның өсе түскен саяси белсенділігі
әртүрлі комитеттердің (қоғамдық, азаматтық, коалициялық, қоғамдық
қауіпсіздік комитеттері т.б.) құрылуына әкеп соқты, осы комите,ттер арқылы
бұқара халық жергілікті жерлерде мемлекеттік істерді басқаруға қатысуға
ұмтылды.
4 наурызда Петрапавлда Уақытша қоғамдық қауіпсіздік комитеті құрылып,
кейіннен Атқару комитеті етіп қайта ұйымдастырылды. 1917 жылғы 5 наурызда
Қалалық думаның, әскери өнеркісіп комитетінің, көпестердің, офицерлердің,
шенеуліктермен басқалардың өкілдері Семейде қоғамдық ұйымдармен армияның
Облыстық атқару комитетін құрды. Көкшетауда – Уездік коалициялық комитет,
Петрапавлда – кейініректе Атқару комитеті етіп қайта ұйымдастырылған
Уақытша қауіпсіздік комитеті, Қостанайда – қоғамдық комиссия, Ақтөбеде –
азаматтық комитет, Орал мен Верныйда уақытша атқару комитеті және басқалар
пайда болды.(ІІІтом 659б.)
Сонымен Уақытша үкіметтің жергілікті саяси өкімет органдарын құруына
қалалық думалар, әр түрлі одақтар, ұйымдар, комитеттер, земстволар негіз
болған болатын. Әр ұлт, әр қауым, әр ұйымнан өкілдер кіретін қоғамдық
ұйымдардың құрама комитеті жергілікті өкімет билігін жүзеге асырды.
Елдің орталығы мен басқа да аймақтарында орнаған қосөкімет көрінісі
сияқты, Қазақстанда да Уақытша үкіметтің жергілікті органдарымен қатар
жұмысшы, солдат және шаруа кеңестері пайда бола бастады.
Атап айтсақ, Жетісу облысының орталығы Верный қаласында 1917 жылы
наурыздың 12-де жұмысшы дапутаттары кеңесінің алғашқы мәжілісі болып, онда
кеңестік атқару комитеті сайланды. Сол жылдың наурыз айының 11-де Семейдің
қалалық жұмысшы депутаттары кеңесінің 32 адам қатынасқан ұйымдастыру
мәжілісі болып өтті, наурызда Қызылжар (Петрапавл) қаласында жұмысшы және
солдат дапутаттары кеңесінің алғашқы біріккен мәжілісі болды. Оған
жұмысшылардан 40 депутат және солдаттардан 64 депутат қатынасты. Наурыз
айында жұмысшы және солдат депутаттарының кеңестері Павлодар мен Өскеменде,
Қостанай мен Ақмолада, Перовскіде (Қызылордада) мен Қазалыда, Әулиеатада
(Жамбыл) мен Черняевта ұйымдасты. (к.н.84б).
Жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңестерінен кейін көп кешікпей
шаруа депутаттарының Кеңестері құрыла бастады, оларды ұйымдастыруда
Орынбор, Омбы және Ташкент Кеңестері үлкен рөл атқарды. Перовск уезінің 35
адамнан тұратын Х.Ибрагимов басқарған, 1917 жылғы наурыздың аяғында
құрылған казах депутаттарының Кеңесі шаруа дапутаттары Кеңесінің
алғашқыларының бірі болды. 1917 жылдың көктемі мен жазында Орал облыстық,
Ақмола, Әулиеата, Перовск, Повладар және басқаларының уездік Кеңестері,
Семей облыстық шаруа және казак депутаттарының Кеңестері жұмыс істеген.
(к.н. стан сов.33-40б)
Қазақстан халқының әр түрлі әлеуметтік, этникалық және діни топтары
депутаттарының осы кеңестерінің бәрі өз қызметінің бас кезінде Уақытша
үкімет және соғыстың жеңіске жеткенге дейін жалғастырылуын қолдағанымен де,
өздерін сайлаған халықтың қалың топтарының мүдделерін қорғады.
Қалалық жерлерде Уақытша үкімет тұсында мынандай басқару жүйесі
қалыптасты: губерндік (облыстық), қалалық, уездік, қоғамдық ұйымдар
комитеті, қалалық дума, қалалық думаның атқару органы – губерндік, уездік
басқармалар (управа), солдат және жұмысшы депутаттары Кеңестері, уақытша
үкіметтің өкілдері – комиссарлар. (Каз МУ хаб 1995 №2 32б)

Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының таратылуы және оған деген Шығыс
Қазақстан қоғамының көзқарасы

Жиналыста Құрылтай жиналысын қорғау одағының комиссиясы дайындаған
Петрограттағы Құрылтай жиналысын қорғау одағына жіберілетін жеделхаттың
мәтіні талқыланды. Оның қысқаша мазмұны: Семей қалалық басқармасының
шақыруымен жиналған Семей қаласының қоғамдық, үкіметтік және демократиялық
ұйымдарының өкілдері халықтың нағыз еркін білдірушілерге қолдау көрсетеді
және Құрылтай жиналысын таратуға, оның мүшелерін тұтқындауға әрекет еткен
большивиктердің ісін сынға алады. Семей қаласының тұрғындары тек Құрылтай
жиналысы бекітетін Үкіметті ғана мойындайды. (Св. Речь. 10.12.1917. №110)

Жиналыс жеделхаттың мәтінін қабылдап, оны Құрылтай жиналысының атына,
Қалалар Одағы мен Земстволарға, Петроград және Мәскеу қалалық думаларына,
демократиялық басылымдардың редакцияларына жолдау туралы шешімге келді.
Сондай-ақ Құрылтай жиналысын қорғау жөніндегі комитет құру туралы Клепацкий
жолдастың ұсынысы да қабылданады. Комитетке мүше ретінде жеті адам: Пучков,
Сергеев, Коротя, Лиханов, Бичевина, Гордасевич, Лейков және кондидат
ретінде бес адам: Безсонов, Лаптев, Клепацкий, Вайсер мен Герасимов енді.
1917 жылы 12 қарашада Ресей аумағындағы 68 округте (4 округ бойынша
мәлімет толық емес) Құрылтай сайлауы өткізіліп, 44. 443 адам сайлауға
қатысты. Нәтижесінде большевиктерге 10.649 адам немес 24 пайыз эсерлер,
меньшевиктер мен түрлі ұлттық партиялардың депутаттарына 26.374 дауыс
немесе 59 пайыз, кадеттер мен оның оң қанатында тұрған партиялар үшін? 420
мың немесе 17 пайыз дауыс берілген. Құрылтай жиналысына сайланған 703
депутаттың 229-ы эсерлер, 168-і большевиктер, 39-ы солшыл эсерлер болған.
Осылайша солшыл эсерлермен біріккен жағдайдың өзінде большевиктердің
депутаттық мандаты социалист-революционерлерден аз еді. (Вопр. Истории 1992
№2 5б.)
Сонымен Құрылтай жиналысы арқылы кеңестер Билікті заңды жолмен
иемденеді деген Большевиктердің үміті ақталмай қалды. Осыдан кейін
Большевиктерді декреттері арқылы Бүкілресейлік Құрылтай жиналысын
шақырылған мерзімі – 28 қарашадан кейінге қалдырды. Уақытша үкіметтің
бұрынғы министрлерінің Құрылтай жиналысын 28 қараша (11 желтоқсан) күні
шақырмақ болған әрекеті сәтсіз аяқталды. (А.К.Соколов курс С.И. 80б.)

Көп ұзамай Правда газетінің 13(26) желтоқсанындағы санында Құрылтай
жиналысы туралы тезис жарық көрді. Ленин Қазан революциясына қысқаша
түсініктеме беріп, Буржуазиялық республикада Құрылтай жиналысы
демократизмнің негізгі формасы болып табылады, сондықтан партиялардың
Буржуазиялық революцияға дейінгі бағдарламаларында Құрылтай жиналысының
шақырылуының талап етілуі толығымен заңды. Дегенмен, Ақпан революциясынан
кейін революциялық социал-демократия Кеңестердің республикасы
Буржуазиялық республикаға қарағанда социолизмге еш қиындықсыз өтуді
қамтамасыз ететін жалғыз мемлекеттік құрылыс деп санайды. Бұл процесске,
біріншіден, таптық күштердің қайта топтасуы әсер етеді, яғни революциялық
идея шаруа менәскер қатарында кеңінен тарауда. Екіншіден, Украинадағы
(ішінара Финляндия, Белоруссия мен Кавказда) кеңес билігі мен буржуазиялық
режим арасында күрсетің басталып кетуі; үшіншіден, Каледин мен кадеттердің
28 қараша күні Құрылтай жиналысын шақырмақ болған контрреволюциялық әрекеті
аса маңызды мәселелерді ресми-демократиялық жолмен шешу мүмкіндіктерінен
айырды.
Құрылтай жиналысы туралы тезистің жарық көруінің екі негізгі солдары
болды: біріншіден ол революцияны әлі де буржуазиялық сатысында деп санаған
социалистік партиялар контрреволюционерлерге айналды.

2. Шығыс Қазақстандағы қоғамдық-саяси үрдістер
Ақпан революциясынан кейінгі уақыт Қазақстан үшін аса қауырт тарихи
кезең ғана емес, сонымен бірге саяси кемелдену, өсу сәті де болды. Себебі
қазақ қоғамы қысқа сәтке болса да елінің даму жолын таңдау мүмкіндігіне ие
болғандығын сезінген еді.
Еліміздің шығыс өңірі де қоғамдық-саяси өзгерістерді бастан кешірді.
Семей облысы көлемінде ел ішінде орын алған әлеуметтік-экономикалық және
саяси мәселелерді шешуді өз міндет-мақсаттарына, бағыт-бағдарламаларына
арқау еткен қоғамдық-саяси ұйымдар, комитеттер құрыла бастады. 1917 жылы 5
наурызда Біріккен қоғамдық ұйымдар мен армияның облыстық атқару
комитетіне сайлау өткізіледі. Уақытша билік ретінде облысытық атқару
комитеті өтпелі кезеңнің кезек күттірмес мәселелерін шешуге тырысты.
Орталық Үкіметтің 1917 жылғы 6-наурыздағы декларациясына сәйкес Семей
облыстық атқару комитетінің негізгі міндеттері:
- Облыстың халқына революцияның, елімізде орнаған жаңа саяси жүйенің мәні
мен ағымдағы міндеттерін түсіндіру;
- Қалалық және ауылдық жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдарын сайланбалы
негізде қайта құру;
- Халықтың тыныштығын, азаматтардың жеке басы мен мүліктік қауіпсіздігін
қамтамасыз ету;
- Азық-түлік мәселесін шешу, сондай-ақ азық тапшылығына ұшырамас үшін
егістік көлемінің қысқаруына жол бермеу;
- Еңбекші бұқараға өз мүдделерін қорғайтын ұйымдар құруға мүмкіндік жасау;
- Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайлаудың еркін әрі ашық түрде өтуін
қамтамасыз ету; 1
8-наурызда Атқару комитетінің президиумы облыстық басқарманың
жұмыстарын қабылдауға кірісті. Комитеттің құзырына губернатордың барлық
құқықтары мен міндеткерліктері өтті. Комитеттің Президиумы Петроградтағы
Министрлер Кеңесінің төрағасы кінәз Львовке мынадай мазмұндағы жеделхат
жолдады: Бүгін барлық ұйымдардың өкілдері Атқару комитетіне келіп, оның
нұсқауларын басшылыққа алуға және ауызбіршілікте жұмыс істеуге келісім
берді 2.
Атқару комитеті барлық қоғамдық ұйымдармен тығыз қарым—қатынаста жұмыс
істеді. Олар қабылдаған шешімдері мен жиналыстарының журналының көшірмесін
атқару комитетіне жіберіп отырды.
Атқару комитеттері облыс көлемінде құрыла бастады. Өскемендегі атқару
комситетінің төрағасы Герь-Пагасянец болды. Көкпектіде құрылған жергілікті
құрама комитет те облыстық комитетке ибағынатынын жария етті. (Бюл.
9.03.1917 3)
Атқару комитеті қоғамдық өмірдің түрлі салаларына қатысты мәселелерді
шешуге тырысты. 1917 жылғы 15 наузыздағы атқару комитетінің мәжілісінде
Семей жұмысшы және солдат депутаттарының кеңесі ұсынған талаптарды
талқылады. Олар:
-Жалпыға бірдей, тең әрі құпия сайлаудың негізінде қалалық және
ауылдықөзін-өзі басқару ұйымдарын құру;
-Осындай негізде азық-түлік комитеттерін уездер мен селоларда
ұйымдастыру, оларды облыстағы егістік көлемін арттыруісіне тарту;
-Барлық сауда-өнеркәсіп орындарында, фабрика-зауыттарда 8 сағаттық
жұмыс күнін енгізу;
-Түрлі ұйымдардың өкілдерінен тұратын аралас комиссияға жалақының
минимум деңгейін анықтауды тапсыру;
-Барлық кәсіпорындарға санитарлық бақылау орнату;
-Міндетті демалыс күнін енгізу;
-Өнеркәсіп орындарында жұмысшыларға меддициналық және құқықтық көмек
көрсетуді ұйымдастыру;
Атқару комитеті қоғамдық ұйымдардың (кооперативтер, қызметкерлер мен
жұмысшылардың кәсіби бірлестіктері), сауда-өнеркәсіптік ұйымдардың, мәдени-
ағартушылық қоғамдардың, жергілікті әскери бөлімшелердің өкілдерінен тұрды.
Сол себепті қоғамдық ұйымдардың құрама комитетінен шет қалу қазақ үшін
облыстағы жергілікті басқару құқығынан айрылу деген сөз еді. Осы жағдайды
жақсы түсінген Семей облысының ұлт зиялылары 7 наурызда шұғыл түрде Сеей
облыстық Қазақ комитетін құрды. Қазақ комитеттерінің құрылу мақсатын
Сарыарқа былайша айқындайды: Қазақ комитетінің көздеген мақсаты- әмір
жүргізіп, билік құру емес еді, мәселен: жаңа тәртіпті жұртқа түсіндіру, ел
арасына тыныштық орнату, учредительный собранияға қамдану, қазақ пен орыс
арасын жайластыру, билік құрмаған әкімдердің үстінен күзетші болу һәм сол
сияқты қазаққа тиісті мәселелерге кірісу. Ұлт намысын қорғаған ұйымның
басқармасына мүше болып кіргендер: Ә.Ермеков, С.Дүйсенбин, А.Қозыбағаров,
Б.Сәрсенов, Ш.Керейбаев, М.Малдыбаев, С.Қияқов, С.Молдабаев, Д.Құлжанов,
С.Торайғыров, С.Сабатаев болды. Комитет төралқасы: Р.Мәрсеков(төраға),
Х.Ғаббасов, И.Тарабаев(төраға серіктері), А.Молдабаев(қазынашы) және
Ә.Ермековтен(хатшы) тұрды 3.
Облыстық Қазақ комитетінің бастамасымен 27 сәуірден 7 мамыр аралығында
Семей қаласында съезд өтті. Бұл съезге 200 өкіл қатысты. Облыстық Қазақ
комитеті съезге өзінің бағдарламасын ұсынды. Бағдарлама қазақ қоғамы үшін
заңды да жауапты Құрылтай жиналысы, мемлекеттік басқару түрі, автономия
және жергілікті басқару, жалпықазақ съезі, халыққа білім беру, сот,
қоғамдық қазына, 1916 жылғы 25 маусым жарлығына байланысты шығындарды өтеу
сияқты мәселелерден құралған еді. Көпшілік бұл бағдарламаны бір ауыздан
бекітті 4.
Облыстық қазақ комиеті енді уездік комитеттер құру үшін жан-жаққа өз
өкілдерін жіберді. Сөйтіп, қазақ комитетінің уездік, болыстық ұйымдары
ашылды.
Заречная Слободка (Жаңа Семей) тұрғындары 28 наурызда жалпы жиналыс
өткізіп, қазақ комитетін құрады. Құрамына Ж.Аллаоңғаров, Ы.Ахмадиев,
М.Тұрғанбаев, К.Кебеков, А.Аңдамасов, Б.Құлғарин т.б. азаматтар кірген бұл
ұйымның төрағалық қызметі Жаңғали Аллаоңғаровқа табысталады.
Нұрманбет Орманбетов басқарған Қарқаралы уездік қазақ комитеті де осы
мезгілде құрылып, оның құрамына Е.Бөкейханов, Ж.Шоқбаев тағы басқа кісілер
кіреді. Жер-жерлерде құрылған бұл ұйымдарға Семей облыстық қазақ комитеті
басшылық жасап отырады.
Семей облыстық құрама атқару комитеті қазақ ісін алып кете алмайды,
істің ауырын да, жеңілін де қазақ комитетіне ысыра салып отырады. Қазақ
ісінің көбі қазақ комитетіне қарай ағылғаннан кейін атқару комитетінің
алдына қазақтан өкілдер алу және өз ортасыфнан қазақ ісін бавсқаратын бір
бөлім ашу мәселесі қойылады.Бірақ атқару комитетінің көңіл бөлмеуі
салдарынан бұл мәселе 1917 жылы 27 сәуір мен 7 мамыр аралығында өткен Семей
облыстық қазақ съезінің күн тәртібіне қойылады.
Облыстық қазақ комитеті қазақ халқының ең жоғарғы органы ретінде
Құрылтай жиналысына дейін сақталады, сондай-ақ қазақ халқына тиісті
әкімшілік және шаруашылық міндеттерін атқарад,- деп съезд қаулысы
бекікендей, енді комитет тек ұйымдастырушылық қызмет қана емес, әмір
жүргізу міндетін де алды.
Съезд қазақ комитетінің алдына Уақытша укіметтің атқару комитетімен
арақатынасты шешуде екі жолдың бірін таңдауды: не орыстармен қол ұстасып,
көш біріктіріп, Құрылтай жиналысына идейін бірге жүре тұру, не рыспен араны
ашып, ат құйрығын кесу. Екі комитет қатар шапса, оның аяғы аяқтан қағысу,
арбасу екенін сезген съезге қатысушылар ақыры салмақтап, ойлана келіп,
Уақытша қазақ комитетінің құрамын бекітіп, жиырма кісіні атқару комитетіне
мүше қылып кіргізеді. Семейдегі Уақытша қазақ комитетінің төрағасы болып
Райымжан Мәрсеков сайланады.
Облыстық атқару комитеті мен қазақ комитеті 17 мамыржда бас қосып,
билік төңірегінде қызу айтысқа түседі. Сарыарқа газеті бұл жайлы:
Мәжілістегі қызыл кеңірдек, қызу-қызу сөзден соң екі жақ бірігуге бата
қылысты,-деп жазды.
18 мамырда облыстық қазақ комитеті мен атқару комитеті қосылып,
ортасынан басқарма сайлап, Ә.Ермеков пен Х.Ғаббасов атқару комитеті
төрағасының орынбасарлары, Б.Сәрсенов хатшысы, Р.Мәрсеков пен А.Қозыбағаров
төралқа мүшелері болып бекітіледі.
Осылайша облыстық қазақ комитеті мен Уақытша үкіметтің атқару комитеті
арақатынастарына байланысты мәселелерді дер кезінде шеше білді. Қазақ халқы
облыстағы ресми билік органына өз өкілдерін жіберу мүмкігндігіне ие болды.
Семей облыстық қазақ комитеті облыс көлеміндегі оқу-ағарту, азық-түлік,
жер дауы, орыс пен қазақ арақатынасы, земство салығыне жинау тәрізді
қазаққа тиісті өзекті мәселелерді шешуге , халықты саяси жағынан
біріктіруге, ұлт болашағы үшін қызмет етуге ұмтылды.
Уақытша үкімет 1917 жылы 21 сәуірде Жек комитеттерін құру туралы қаулы
шығарды. Түпкілікті заң жасағанша жер жұмыстарын уақытша басқара тұру жер
комитеттеріне тапсырылды. Маусым айының соңында өткен Делегаттық Жиналыстың
мәжілісінде көп кешіктірмей облыстық жер комитетін құру туралы шешім
қабылданады. Оның құрамына ашық дауыс беру арқылы бес адам сайланды:
Жұмысшы және солдат депутаттары Кеңесінен И.С.Юдин, қазақ комитетінен
Ғаббасов пен Мәрсеков, Шаруа және казак депутаттары Кеңесінен Андреев және
Голяшев. (В.Н. 24.06,1917 16)
Жер комитеттеріне өз өкілдерін қатыстыра отырып, қазақ комитеті жер
реформасы даярланар тұста қазақтың жер мұқтажы туралы мәліметтер жинауға,
жер дауына байланысты татуластырушы комиссияға қатынасады. .
Семей облыстық атқару комитетінің құрамы қызметі барысында біртіндеп
өзгерістерге ұшырап, толығып отырды. Облыстық қазақ комитеті атқару
комитетінің құрамына еніп, облыстағы егінші халықтың тірегі болған Шаруа
және казак депутаттары Кеңесі құрылғаннан кейін Семей облыстық атқару
комитеті өз етркімен билікті халық өкілдерінің қолына тапсыру туралы
шешімге келді.
1917 жылы 11 маусымда шақырылған атқару комитетінің, жұмысшы және
солдат депутаттары кеңесінің, шаруа және казак депутаттары кеңесінің және
облыстық қазақ комитетінің бірлескен мәжілісінде атқару комитетін қайта
құру мәселесі талқыланды. Мәжіліс атқару билігін тең принциптер негізінде
Делегаттық Кеңес формасында құру туралы шешім қабылдады. Делегаттар
жиналысының жоғарыдағы үш ұйымның негізінде (15-тен) 45 адамнан тұратын
өкілдігі болды.
Облыстық қазақ комитетінен: Аблайханов, Боштаев, Ғаббасов, Дүйсенбин,
Ермеков, Ибрагимов, Құлжанов, Құлжанова, Қозбағаров, Мәрсеков, Молдабаев,
Оразалин, Сәббатаев, Сәрсенов, Жарабаев; шаруа және казак депутаттары
кеңесінен: Андреев, Бичевинь, Возмитель, Голяшев, Давиденко, Дерулов,
Карпич, Ляшкевич, Лютов, Рагозин, Федозубов, Сташи, Троицкий, Тимсошенко,
Швецов; жұмысшы және солдат депутаттары кеңесінен; Артюшкин, Боровик,
Воронов-Воробьев, Кораблев, Леонтьнв, Попов, Полковников, Салов, Соловьев,
Самаргин, Сайдашев, Тряпкин, Устинов, Юдин, Юринский Делегаттық Жиналыстың
құрамына енді.
15 маусымда Семей қаласында жаңа облыстық билікті ұйымдастыру ісі
аяқталды. Делегаттық жиналыс өз арасында 9 адамнан тұратын Комиссариат
құрды. Оған шаруа және казак депутаттары Кеңесінен – Ляшкевич, Троицкий
және Голяков; Қазақ комитетінен – Ғаббасов, Сәрсенов пен Ермеков; Жұмысшы
және солдат депутаттар Кеңесінен – Попов, Воронов, Салов енді.
Комиссариаттың төрағалығына Ляшкевич сайланды. Делегаттық Кеңес бекіткен
комиссариат есептері жергілікті ресми ақпарат құралы Известия
Делегатского Собрания газетінде жарияланып тұрды 5.
Қазақстанның ХХ ғасырдың басындағы қоғамдық саяси қозғалысында өзіндік
орны бар, халықтың өзін басқару органы земстволар екені сөзсіз.
Земстволық мекемелердің ашылуы Ресейге қарағанда Қазақстанда өте кеш
басталды. Оның себебі патша үкіметі жергілікті басқарудағы барлық
дербестікке, соның ішінде земстволық мекемелердің мқоғамдық белсенділікті
арттыратын барлық қызмет түріне жан-тәнімен қарсы болды. Бірақ оны
тоқтатуға шамасы жетпеді. Өмірдің өскелең талаптары басқарудың неғұрдым
икемді нолрмаларын талап етті. Сөйтіп, земстиво қызметінсіз үкімет өмір
сүре алмайтын жағдайғав жетті.
Патша үкіметінің тиым салуына қарамастан земствоның Ресейдегі орыстарға
беріп отырған пайдасын алдымен ұғынып, оны өз жұрты үшін де іске асыруға
ұмтылған қазақ зиялылары сонау 1905 жылы-ақ 14500 адам қол қойған Қарқаралы
петициясында өкіметтен жер, мүфтилік мәселелерін шешіп берумен қатар
земство сұраған еді.
Қазақ зиялыларының земствоның қазақ үшін қаншалықты маңызы бар
екендігін тереңнен ойлағандығын А.Байтұрсыновтың 1913 жылы Орынбор
губерниясының земствосы ашылуына байланысты жазған Земство деп аталатын
мақаласынан аңғаруға болады. Земствоның заманның жайсыз күйінде де пайдасы
көп екендігін, өзге жұрттың не үшін земство сұрап қақсайтындыяғын егжей-
тегжейлі түсіндіре келіп, автор: земствоға берген тиыннан жұрт сұмдық пайда
көреді. Земство жоқ жерде де земский сбор деген ақша алады, бірақ оның
мпайдасын ақша төлегендер көрмей, басқалар көреді. Мысалы, Торғай облысының
қазағынан жиылған земский ақша қазақ баласыфна беріле ме Қазақ баласы
гимназияда оқиын десе, стипендия жоқ, учительский школада стипендияға қазақ
баласы алынбай, Полтава губерниясынан келген орыс балалары алынады-халық
ақшасы далаға кету деген осы болады,-дей келіп,-земство жайынан жазғандағы
мақсат-...қазаққа да ескерерлік жұмыс екендігін халықтың құлағына салмақ,-
деп түйіндейді. (Қаз МУ 48б.)
Бүкіл ел үлкен үміт артып отырған Құрылтай жиналысына өкілдер сайлау
ісінің бәрі земство қолынан өту керек болатын. 1917 жылы 21 тамыздағы
нөмірінде Қазақ газеті бұл жайлы төмендегідей алаңдаушылығын білдіреді:
Учредительный Собрание сай лауы үш айға кешіктірілді, үш ай көп уақыт
емес, әсіресе біздің қазақ халқына, үш айдың бер жағында земствомызды
дұрыстап сайлап алсақ, құдайға мың мәртебе шүкірлік айтуымызға лайық...
Сайлаудың кешігу себебі хүкімет земствосы жоқ елдер қамтамасыз болсын деп
көрсетіп отыр.
Земство құру ісі уақытша үкіметтің 17 маусымдағы Дала облыстарына
земство тәртібін жүргізу турасындағы қаулысына сәйкес жүзеге асты.
Земствоның не әкендігін Ә Бөкейханов былайша көрсетеді: Земство жұрт өзі
сайлап қоятын мәжіліс мееме, жұрттың көзі, жан ашары, күзетшісі, қамқоры,
қорғаушысы. Тұрмыс – тіршілікте земство беретін іс болмайды. Земство үш
орында, үш дәрежеде болады: болыстық, уездік, һәм облыстық. Бұлар біріне-
бірі қол. Әрқайсысында іс атқаратын жұрт сайлап қойған басшы мекеме болады,
орысша управа. Бұл іс атқаратын мекеменің сыртынан бағып тұратын, мынаны
істе деп іс беретін мәжіліс, яғни гласнойлардың жиналысы болады.
Қазақ даласында земство мекемелерін ашу, мүшелерін сайлау мақсатында
земство кіргізу комитеттері құрылды.Семей облысы бойынша аталған комитеттер
әрбір уезде ашылды. Олардың құрамы төмендегідей еді:
1. Семей уездік земство кіргізу комитеті: Төрағасы-С.Брюханов,
мүшелері-И.Емельянцев, Р.Мәрсеков, С.Возмитель, Д.Давиденко,
С.Дүйсембин, И.Әлімбеков, Қ.Мұздыбаев, П.Кистяковский,
Ф.Трейеров, П.Старожилов, А.Жолнерович, Ф.Иванов, Г.Николаев,
С.Голяшев, П.Гузнищев, Г.Никитина.
2. Өскемен уездік земство кіргізу комитеті: Төрағасы-
И.Мирошниченко, мүшелері- А.Айтбакин, Н.Айшагинов, И.Дусин,
Т.Касьяненко, Г.Оспанов, Ф.Бармин, А.Седельников, Н.Антонов,
Г.Железняк, Т.Кромаренко, П.Лебедев, И.Свирин, Ф.Сайфутдинов.
3. Павлодар уездік земство кіргізу комитеті: Төрағасы-В.Шишканов,
мүшелері- П.Попов, Е.Данченко, П.Косогор, М.Сахнов, Д.Беспалов,
Г.Пустыльняк, П.Белый, Н.Бұрнашев, М.Стайновская, Д.Светашев,
А.Ушков, А.Мелихов, Ш.Баязитов, И.Беляев.
4. Зайсан уездік земство кіргізу комитеті: Төрағасы-И.Бильдин,
мүшелері- М.Фунтиков, А.Боштаев, П.Чуманенко, В.Анваров,
С.Златоустов, К.Ощенков, Б.Өскембаев, А.Чегиров, М.Рябошапко,
В.Барминь, Г.Бурыкин, В.Вороноин-Мельников, С.Корытов,
Ю.Петриковский.
5. Қарқаралы уездік земство кіргізу комитеті: Төрағасы-Курочкин,
мүшелері-Райымбеков, Выскребцов, Бражников, Матвеев, Бектыбаев,
Сүгірәлин, Санақов, Садовничий, Баиров, Чегиров, Ақадаев,
Оспанов, Жарымсақов, Шангин.
Семей облысы бойынша земство сайлауына қатысты мәселелерді шешу үшін
Делегаттық жиналыс құрамына А.Р.Гусев-Горячев, Д.А.Юревский,
Х.А.Ғаббасов, С.Сталов, П.Ф.Кистяковский енген арнайы комиссияны құрды.
(С.Р. №24 25.08.1917)
Семей облысы бойынша уездердің саны бесеу еді. Олар: Павлодар, Семей,
Өскемен, Зайсан және Қарқаралы уездері. Уездік земстволарға гласнойларды
сайлау бірінші болып Өскемен және Повлодар уездерінде қыркүйек айында
өткізілді. Ал облыстың қалған уездерінде қазан айында өткізілетін болып
жоспарланды. Уездік гласнойларды сайлау бүкіл халықтың қолында болса,
облыстық земствоға гласнойларды сайлау уездік земство жиналысының құзырында
еді. Заң бойынша белгіленген Семей облысындағы гласнойлардың саны – 48.
Оның ішінде Семей уезінде 7 орын, Зайсан уезінде - 6, Қарқаралы уезіне –
10. Павлодар уезінде – 14 және Өскемен уезіне 9 орын берілді. Сондай-ақ 4
гласнойды Семей қалалық думасы сайлады (о 1 д1 16 п)
Ендігі жерде Облыстық басқарма, Қоныстандыру басқармасы, Жер
департаменті мен Халық ағарту министрлігінің иатқарған міндеттері облыстық
земствоға жүктелді.
Облыстық гласнойлардың сайлдауы уездік земство жиналыстарында дұрыс деп
танылғаннан кейін барлық облыстық гласнойлар Семей қаласына келіп, бірінші
облыстық земство жиналысы өткізіледі. Әрбір гласнойдың уездік басқарма
берген, сайланғанын куәләндіретін куәлігі болды. Облыстық земство
жиналысының қызметі Заң мен сайлаушылардың өздеріне жүктеген міндеттерін
адал орындауға салтанатты түрде ант берумен басталды. Осыдан кейін
гласнойлвр өз ішінен бір жыл мерзімге облыстық земство жиналысының төрағасы
мен орынбасарын сайлайды. Сонымен қатар жиналыс облыстық земство
басқармасының мтөрағасы мен мүшелерін де сайлады. Басқармаға жиналыс
тапсырған істерді атқару жүктелді. Облыстық земство жиналысы жылына бір
рет, негізінен, 15 қаңтардан кешіктірілмей, бірнеше аптаға немесе бірнеше
күнге шақырылатын болып шешілді. Тек аса маңызды, өмірлік қажетті
жағдайларда ғана өзге уақытта бас қосты. Заң бойынша құқығы шектелмеген кез
келген азамат, гласной болып сайланбаса да облыстық земствоның басқармасына
мүшелікке сайлануға өз кандидатурасын ұсына алды. Басқарманың мүшелері мен
төрағасының өзге қызметтер атқаруға құқығы болмады. Сондай-ақ бір уақытта
земствода да қызмет етіп және оның гласнойы да болуға рұқсат етілмеді. (о1
д1 17 п)
Земство жиналысының атқарушы органы ендігі кезекте бұрынғы облыстық
басқармадан шаруашылық істерін қабылдауға кірісті. Облыстық типография
земство басқармасының қолына көшті. Себебі, типографияның іс-қағаздарды
жүргізуге қажеттілігі зор және мекеменің ісін дұрыс жолға қойса кірістің де
көбейетіні сөзсіз. Облыстық земство жиналысы Семей облысы бойынша жиналатын
земстволық салық көлемімен танысып, земство капиталдарын өз қарауына алды.
Облыстың бір жылға жоспарланған қаржы көлемі төмендегідей болды:
1. Завод, фабрика, мемлекеттік жерлер мекн орман алқаптарынан, жеке
меншік жылжымайтын мүліктен түсетін алымдар-22000 р.
2. Кәсіпшіліктерден мемлекеттік қазынаға түсетін салық-80000 р.
3. Отырықшы халықтың жерінен жиналатын салық-36000 р.
4. Көшпелі халықтан алынатын түтін салығы-369000 р.
5. Өзге алымдар-40000 р.
Барлығы-547 000 р.
Дала өлкесіндегі земство туралы Заң земстволардың кіріс көздерін
неғұрлым кеңейтті. Енді земстволардың қаржы жағдайының күшейтілуі үш түрлі
жолмен жүзеге асырылатын болды. Біріншіден, заттай салықты ақшалай салық
пен алмастырды.
Екіншіден, земство халықтан тікелей жиналатын салық пен мүліктерге ,
құрылыстарға, заводтарға салынатын салықтың мөлшерін арттырды. Бұл салық
прогрессивті-пропорционалды түрде болды, яғни табыс көбейген сайын салық
мөлшері де артты. Үшіншіден, земство халыққа қажетті және ірі табыс
әкелетін кәсіпорындар мен мекемелерді аша алды. Соңғы жағдайда өз
кәсіпорындарынан түсетін табыс көбейіп, земство шығындарының көп бөлігін
жаба алса, халықтан алынатын земстволық салықтың мөлшерінің азайтылуына да
мүмкіндік туатын еді.
Жоғарыда көрсетілген жыл сайынғы кірістермен қатар земствоның құзырына
облыстың арнайы земстволық қорлары да өтті.
1. Сақтандыру қоры. Қалалық сақтандыру қорының мөлшері-68.872 р.,
ауылдық сақтандыру қоры-66.724р. Бұл қордан табиғи апаттан (өрт, жер
сілкінісі т.б.) зардап шеккен облыс тұрғындарына көмек берілген.
2. Қазақтардың қарыз кассадағы қоры. Көлемі-37.733 р. Бұл қаржы үй
тұрғызу және басқа да қажеттіліктер үшін, облыстық тек көшпелі халқына ғана
берілді.
3. Отырықшы (279 рубль) және көшпелі (25 мың рубль) тұрғындардың азық –
түлік қоры. Осы қордан облыстық астық шықпаған, аштыққа мекендеріне қаржы
түрінде жәрдем көрсетілген.
4. алдыңғы жылдардан халықтан алынбай, жиналмай қалған земство салығы,
көлемі 265 мың рубль.
Халықтан земство салығының жиналуы өте баяу жүрді. Оған бұрынғы салық
жинау жүйесінің бұзылуы, саяси тұрақсыздық, сондай-ақ халықтың басым
бөлігінің бұл қаржының өз игілігіне жұмсалатындығы әсер етті. (01,д,118п)
Земствоның қазынасына түскен қаржылар мемлекет жүктеген және жергілікті
халықтың қажеттілігінен туындаған земстволық міндеттерді атқаруға жұмсалды.
Заң бұл міндеткерліктерді төртке бөлді. Біріншісі, жол міндеткерлігі, яғни
жолдарды, көпірлерді, желілердің бағандарын қалыпты жағдайда ұстау. Екінші
міндеткерлік, жергілікті азаматтық басқаруға қатысты болды яғни мемлекеттік
қызметкерлердің жалақысы зейнетақы төлеу, сот шығындар. Үшіншісі,
дәрігерлік, ветеренарлық қызмет көрсету, земстволық почта, сақтандыру,
ағарту ісі, аграномия және тағы басқа. Соңғысы әскери міндеткерлік,
запастағы және демалыстағы солдаттарды перевозка жасау т.б. Семей облысы
бойынша земствоға жүктелетін тағы бір міндеткерлік қоныстандыру мекемесі
тұрғызған және өзге де мемлекеттік құрылыстарды қамқорлығына алу. Семей
облысында земствоға қарайтын екі тракт бар. Олар бойында он тоғаз станция
орналасқан Шар және Майлы қарағай трактры. Сонымен қатар қаламен облыстық
өзгеде елді мекендерде он бір земстволық станция орналасты. Ертіс өзенінде
төрт паромдық өткел бар. Облыстағы бірнеше көпірлердің ішіндегі ең ірісі
Семейдегі көпестер көпірі. Келешекте Шар өзеніндегі Семей уезіндегі
Карповкада, Қалжа өзенінде көпірлер салу жоспарда бар. Смета бойынша
олардың барлығына 20 мың рубль бөлінді. Семей облысында жергілікті
азаматтық басқару істерінде кететін шығын 39 мың рубльді құрады. Бұл
қаржының 15 мың рубльдің халықтық соттардың іс-қағаздарын дайындауға,
мемлекеттік қазынаны, бақылаушы палатаны қамқорлықта ұстауға, 3500 рубль
зейнет ақыға, 11 мың рубль тұтқындарды, қылмыскерлерді ұстап қамау
орындарды қамтамасыз етуге бөлінді. Денсаулық сақтау ісінің жағдайына
тоқталсақ, облыс көлеміндегі Семей қаласының Заречная-Слободкада,
Павладардағы, Зайсанда, Қарқаралыда, Баянауылда, Песчаныйда орналасқан алты
аурухана мен төғыз амбулатория болды. Өскемен қаласында жаңа аурухананың
құрысы аяқталды. Семей қаласында жүйке ауруына шалдыққандарға арнаулы
облыстық аурухана салынды. Облыс бойынша 22 дәрігермен алпыс Вельчер қызмет
көрсетті. Медециналық қызмет көрсету ісіне 266 мың руб, яғни барлық
кірістің жартысына жуығы бөлінді. (01.д1 20п)
Халықағарту саласында атқарылып жатқан істерде қомақты. Облыста 45
орыс, қазақ-орыс, 16 ауылдық метептер бар. Қол өнер мектебінің саны ол
таулар Семей уезіндегі Каноньерка селосында, Өскемен уезіндегі Тройцка және
Самар селосында Павлодар уезіндегі Феодоров және Ертіс селоларында Зайсан
уезінде Успенск селосында орналасты. Қабілетті дарынды балаларға арналып
мектеп пен бірге университет пен түрлі оқу орындарында білім алуда 117
степендия тағайындалды. Шаруашылық жайы әрі тұрмыс жағдайы көп қазақ
отбасыларының оқуға бала беруіне қол байлау болғандығын ескерсек, земство
степендиялары қазақша оқу үшін жасалған маңызды қадам еді. Осы степендия
кезінде Семей оқытушылар семинариясында оқыған қазақтың әйгілі ғұламалары
Ж.Аймауытов пен М.Әуезівте алып тұрған. Жалпы халықтық оқыту жолына
түсіргенде земство степендия бергенде өз мамандарын шығаруға көздеді. Әрі
шәкірт земство ақшасын неше жыл пайдаланса, сонша ғып сол земствоға қызмет
етуге міндетті болған. (Каз МУ 52б)
Мемлекеттік басқару ісіме,н шаруашылықтың милиция мен азық-түлік сияқты
аса маңызды екі саласы да облыстық земствоның қарауына көшті. Земство
шаруашылықтың бар саласынан да халықтың пайдасын көздеп түрлі бөлімдер
ашты. Мекн жай салу, мал дәрігерлігі, орманды қорғау, емдеу, емхана ашу
сияқты толып жатқан жұмыстарды ұйымдастырды. (01 д1 21п)
1918 жылы 27 маусымда іске кіріскен облыстық земствоның төрағалығына
Раймхан Мәпсеков сайланды. Семей облыстық қазақ комитетінің мүшесі
И.Әлімбеков: баяғдан біз айтып жүрген земство алдына келді. Басқарып кете
алсақ жат-жанынан түнілер, басқара алмасақ мазақтар шетінен, естиярлық ер
жеткендік сыналар заман келді. Қазағым! - деп жазады. Земство мекмелерінің
қайндай бөлімдерінен тұрғандығы Семей облысы земствосының мына құрамынан
көрінеді: Областнаой земский управа тиісті міндетін атқаруға кірісті.
Басшылық Р.Мәрсеков та Ә.Сатпаев, ҒХ.Ғаббасов, секротарият, әкімшілік жұмыс
Р.Мәрсеков қарамағында, ақша жағы бугалтерия Ляшкевичте, шаруа кәсіп
Д.Троицкіде, оқу ісі Қ.Сәтпаевта (қ.т.2000 41б)
1917 жылғы 9 желтоқсанда бірінші төтенше Семей уездік земство жиналысы
өтті. Осы жиналыста Уездік земство басқармасының төрағасымен мүшелері
Ахметжан Қозбағаров төрағалыққа орынбасар болып Никанер Воровев, мүшелікке
Айтмұхамет Болатов, Сыдық Дүйсенбин, Иван Багатырев және Н.Варавев
сайланды. (01д1 8п)
ХХ ғасырдың соңынан бастап ақша қатынасының таралуы, заттай айырбастың
біртіндеп ығыстырылып шығарылуы, қазақ-қырғыз кассалары арқылы ұсақ
кредиттердің берілуі өлкеде банк ісінің жандануына алып келді. Семейде
тұрғындардың шаруашылық және отбасылық қажеттерін қанағаттандыру үшін
қаражат беруді мақсат еткен земство банкі құрылған болатын оның негізгі
қоры 15 мың рубльді құрады. Банктің директоры болып Н.А.Керн тағайындалды.
Земство халықтың материалдық-мәдени сұраныстарына жауап беретін
жергілікті басқару органы болды. Оның ең кіші бірлігі болыстық земстволар
еді. Болыстық земствоны енгізу мәселесі 1917 жылы 5 маусымда өткен облыстық
шаруа және қазақтардың съезінде талқыланған болатын. Нәтижесінде съезд бұл
туралы төмендегідей қаулы қабылдады:
1. Болыстық земстволардың шекаралары анықталғаннан кейін ауылдарда
халық жиналыстары өткізіліп, тұрғындар қай болыстық земствоның
құрамына ентінін өздері шешсін
2. болыстық земствоның қарамағына осы ауданда тұрғылықты тұратын
барлық азаматтар (қазақтар, орыстар және өзге ұлт өкілдері) енетін
болатын. Олардың құқықтары да, атқарылатын земстволық
міндеткерліктері де бірдей (Воля н. 1917 10июнь №4 3б)
Төтенше Семей облыстық земство жиналысы 1918 жылы 13 қазандағы
отырысында, облыс көлемінде болыстық земствоны енгізу аса қажет деп, уездік
земство халықтың саны туралы мәлімет жинауға болыстық земстволардың жобасын
тапсыруға тапсырма берді. Болыстық земстволарды құрғанда халықтың тілегі
экономикалық-географиялық және өзгеде факторлар есепке алынды. (01 д7 17п)
Уақытша өкіметтің Ақмола, Семей, Жетісу, Торғай және Орал облыстарында
земство енгізу туралы қаулысына сәйкес ішкі істер министрлігіне болыстық
земствоны енгізу мерзімімен тәртібін анықтау жүктелді. Алдыменен уелдік
земстволардың жиналысында уездердің территориялық болыстық земстволарға
бөлініп, предварительный жоспарлар жасалды. Сосын ол жобалар облыстық
земство жиналысында қайта талқыланып, ішкі істер министрлігіне бекітілуге
жіберілді. (01 д7 38п)
Семей уезі әкімшілік жағынан алты орыс, 22 қазақ болыстарына және 4
жеке селолық қауымдардан тұрды. Болыстарды болыстық және селолық атқару
комитеттері уақытша басқарды. 29 уездегі халықтың жалпы саны 149.782 адам
орташа есеппен бір болыста 5165 адамнан өмір сүрді. Сонда 148 адамға бір
гласнойдан келетінін ескерсек, болыстарждың әрқайсысы халқының санына қарай
20-50 аралығында гласнойлар сайлайтын еді. (01 д7 40п)
Болыстық земстволар уездік және болыстық земстволардың қабылдаған
шешімдерді іс жүзіне асырды және болыстық земствоның көлеміндегі
мәселелерді шешуде өз алдына тәуелсіз шешімдер қабылдай алды. Халықтан
жиналған салықтың саны негізінде көрсетілген бөлігін ғана уездік облыстық
земстволарға беріп, қалған бөлігін бұл істің қажеттілігі үшін жұмсады.
(воля н. 1917 20 август №61 1с)
Сонымен ескі шенеуліктік басқаруға қарағанда земстволық басқару жүйесін
бірқатар артықшылықтары болды: біріншіден, барлық жергілікті істерді халық
өздері сайлап қойған гласнойлар арқылы шешті. Екіншіден, гласнойлар тек
сайлаушылар мен заңның алдында ғана джауап берді.
1917 жылы 6 тамызда Семей қалалық думасына сайлау өткізілді.
Қалалық Дума гласнойлығына жеті тізім ұсынылды. Алғашында мұсылмандар мен
Халық еркіндігі партиясы сайлауға бір тізіммен түседі деп күтілген болатын.
Дегенмен блок құру шартын кадет партиясының комитеті тиімсіз деп тауып, 11
шілдеде кадет партиясының мүшелері мұсылман тізіміне өз кандидатураларын
ұсына алмайды деген шешім қабылдайды. Сонымен мұсылмандар өз алдына жеке №1
тізімді ұсынады. Еврей топтарының №2 тізімі таза ұлттық тізім болды. №3
тізімді партиялық емес топтар, №4 тізімді Халық еркіндігі партиясы ұсынды.
Социалистік блоктың, яғни социал-демократтар мен социалист-
революционерлердің бірлескен тізімі №5, үй иелері, кәсіпкерлер, үкіметтік
және қоғамдық мекемелердің қызметкерлері мен Поляк демократиялық
партиясының тізімі №6 болса, №7 тізімді мұсылман-демократиялық топтары
ұсынды. (Св. Речь №13 5.08.1917.)
Дума гласнойлығына үміткер саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар халық
арасында үгіт-насихат жұмысын өрістетіп,муниципалдық бағдарламаларымен
таныстырды. Социалистік блок ұсынған тізімдегі 30 кандидат социалист-
революционер, 29-ы социал-демократ, біреуі партиясыз социалист болды.
Біріккен социалистер:
-азық-түлікті, тұрмысқа қажет бұйымдарды бөлуді әділ жүзеге асыруды;
-саудаға бақылау жасауды;
-өнеркәсіп орындарын муниципализациялауды;
-8 сағаттық жұмыс күнін енгізуді, жұмыссыздықтың деңгейін азайту үшін
қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды;
-прогрессивті кіріс салығын енгізуді;
-мемелекеттік қызметкерлерді сайлап қоюды және оларға жалақы төлеуді
жүзеге асыруды ұсынды. (В.Н. 29.06.1917. №20)
Халық еркіндігі партиясы думада шешімін табуға тиіс проблемалар ретінде
мыналарды атады:
-азық-түлік мәселесін шешу;
-Жұмыссыздықты реттеу;
-еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
-халықтың әл-ауқаты төмен топтарына тегін медициналық және құқықтық
көмек көрсету;
-жалпыға бірдей тегін білім беруді енгізу;
-прогрессивті кіріс салығын енгізу;
-қалада жердің сатылуына тиым салу.
Бұл екі бағдарламада қала өміріндегі осы уақытқа қарай қордаланып,
шешімі табылмаған әлеуметтік-экономикалық мәселелері кеңінен қамтылған.
Өзге топтар мен қоғамдық ұйымдардың ұсынған бағдарламаларының мазмұны да
олармен үндес болды. (Св. Речь №4 7.07.1917.)
Уездік қлаларда да думалық сайлаулар өтті. Павлодар думасына гласныйлар
сайлауы 9 шілдеде өтті. Оған 5 тізім бойынша осы өңірдегі партиялар мен
қоғамдық ұйымдар сайлауға түсті. Сайлау қорытындысы бойынша №3 тізіммен
түскен мещан, солдат, жұмысшы және мұғалімдер одағы 12 орынға, №5 тізімдегі
мұсылмандар қоғамы 5 орынға, №2 тізімдегі саяси блок(халық еркіндігі
партиясы бастаған) 3 орынға, №1 тізімдегі Павлодар йелдер одағы мен №4
тізімдегі социалистік блоктар бір-бір орынға ие болды. Жиыны 22 гласный
сайланды. Сайлауға қатысушылардың 2797-сі ғана қатысқан. Ал 1400-імүлдем
қатыспаған.Бұл кезде Павлодар қаласы халқының саны 18 мыңнан астам болған.
Семей қаласындағы 7965 сайлаушының 6-тамыз күні сайлауға 6741 келді.
Ал Заречная Слободкада сайлауға небәрі 164 адам қатысқан. Оның себебін
Заречная Слободка тұрғындарының өз алдына жеке Дума сайлауға деген ниетімен
түсіндіруге болады. Сайлау қорытындысы төмендегідей нәтиже әкелді.
Біріккен социал-демократтар мен социал-революционерлер 21 орынға, үй
иеленушілер, кәсіпкерлер т.т. 8 орынға, кадеттер 4 орынға, мұсылман
демократтар 2 орынға және еврейлер мен партияда жоқтар бір-бір орынға ие
болды. Думаға сайланған гласнойлардың жалпы саны 60 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Семей облыстық қазақ комитетінің мүшесі
Міржақыптың Қазақ Алашбайұғлы бүркеншік есімі
Алаш қозғалысы жайында
Түркістан автономиясының күйреуі жайлы мағлұмат беру
Міржақып Дулатұлының әдеби публицистикалық мұрасы
1917 жылғы ақпан төңкерісі
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнінің өзекті мәселелері
ХХ ғасырдың басындағы түркістанды мекендеген халықтардың ұлм-азаттық көтерілістері
Сібір және Түркістан автономиялары мәселесі
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі
Пәндер