Жанұядағы тәрбие



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. Жанұя ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

2. Отбасында ата.ананың балаға
тәрбиелік ықпалын арттыру жолдары ... ... ... ... .10

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
Қазақстан Республикасы Егеменді ел болып, тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзілік қауымдастыққа танылып, үлкен өркениетке бет алуда. Осы бетбұрыста өткен тарихымызды қайта қарап, ондағы рухани құндылықтарды елеп-екшеп, оларды бүгінгі күннің кәдесіне жарату мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Әсіресе, ұлттық педагогикадан жас ұрпақ тәрбиесіне халқымыздың рухани, мәдени мұраларын тиімді пайдаланудың жолдарын жетілдіруді талап етіп отыр.
Қазақ халқының өзіне тән қайталанбас тәлім-тәрбиесінің қалыптасуына ертедегі түркі мәдениетінің қосқан үлесі зор. Қоғамның молшылыққа кенеліп, бақытты өмір сүруіне ықпал ететін факторлардың бірі – ұрпақ тәрбиесі деп түсінген түркі бабаларымыз сан ғасырлар бойы өздерінің тәлім-тәрбиелік құндылықтарын қалыптастырған, нәтижесінде бүгінгі түркі тілдес халықтардың тәлімдік мұраларының дамуына негіз бола білді.
Қоғамдық жаңғыру кезеңінде, Қазақстан әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастардың сипатының өзгеруі өз кезегінде қоғамдық білім, тәрбие институттарының да жұмыс бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар орны, оның басты міндеті – бала тәрбиесінде болған көзқарасты өзгертіп жаңа тұрғыдан тану мәселесін туындатады. Қазіргі педагогика ғылымы адамның дамып қалыптасуындағы отбасының өзіндік орнын баса көрсетуде. Мұндай жағдайда ата-ананың педагогикалық сауатын ашу, ұлы ғұлама – педагогтардың еңбектерін қолдана отырып ұрпақтарды тәрбиелеу мәселелері бар. Отбасы тәрбиесінде қолданатын әдістер өзгеше екені белгілі, бір-ақ халқымыздың ұлттық тәрбие әдістерін ұмытпай, қолдану керек. Адам өмірінде отбасында алынған тәрбие өте маңызды және басты.
1. Әбілова З., Қалиева Қ. Этнопедагогика А.1999 ж.
2. Ата-ана беделінің тәлім-тәрбиелік мәні. халық.ғылым. – тәжіриб. конф. кмат-ры. А, 2003 ж.
3. Отбасындағы тәрбие мәселелері. Қазақстан мектебі 1998 - № 10 – 37-41 б.
4. Жүсіп Баласағұнидің тәрбие қағидалары ҚазМУ хабаршысы. Педагогика сериясы – 2002 - № 2 – 19-22 б.
5. Қалиев С. Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі. А, 1987 ж
6. Келімбетов Н. Түркі халықтары әдебиеті А. 1996
7. Қадырова Г. Ұлттық тәрбие-ұлағат көзі. Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2004 - № 3 – 117 – 118 б.
8. Нухахметов Н. Ұлттық педагогика тарихы. Қазақстан мектебі – 2004 - № 8 – 17-19 б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...3

1.
Жанұя ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
.4

2. Отбасында ата-ананың балаға
тәрбиелік ықпалын арттыру жолдары ... ... ... ... .10

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...14
Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 15

Кіріспе.

Қазақстан Республикасы Егеменді ел болып, тәуелсіз мемлекет ретінде
дүниежүзілік қауымдастыққа танылып, үлкен өркениетке бет алуда. Осы
бетбұрыста өткен тарихымызды қайта қарап, ондағы рухани құндылықтарды елеп-
екшеп, оларды бүгінгі күннің кәдесіне жарату мәселесіне ерекше көңіл
бөлінуде. Әсіресе, ұлттық педагогикадан жас ұрпақ тәрбиесіне халқымыздың
рухани, мәдени мұраларын тиімді пайдаланудың жолдарын жетілдіруді талап
етіп отыр.
Қазақ халқының өзіне тән қайталанбас тәлім-тәрбиесінің қалыптасуына
ертедегі түркі мәдениетінің қосқан үлесі зор. Қоғамның молшылыққа кенеліп,
бақытты өмір сүруіне ықпал ететін факторлардың бірі – ұрпақ тәрбиесі деп
түсінген түркі бабаларымыз сан ғасырлар бойы өздерінің тәлім-тәрбиелік
құндылықтарын қалыптастырған, нәтижесінде бүгінгі түркі тілдес халықтардың
тәлімдік мұраларының дамуына негіз бола білді.
Қоғамдық жаңғыру кезеңінде, Қазақстан әлеуметтік, саяси, экономикалық
қатынастардың сипатының өзгеруі өз кезегінде қоғамдық білім, тәрбие
институттарының да жұмыс бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар орны, оның
басты міндеті – бала тәрбиесінде болған көзқарасты өзгертіп жаңа тұрғыдан
тану мәселесін туындатады. Қазіргі педагогика ғылымы адамның дамып
қалыптасуындағы отбасының өзіндік орнын баса көрсетуде. Мұндай жағдайда ата-
ананың педагогикалық сауатын ашу, ұлы ғұлама – педагогтардың еңбектерін
қолдана отырып ұрпақтарды тәрбиелеу мәселелері бар. Отбасы тәрбиесінде
қолданатын әдістер өзгеше екені белгілі, бір-ақ халқымыздың ұлттық тәрбие
әдістерін ұмытпай, қолдану керек. Адам өмірінде отбасында алынған тәрбие
өте маңызды және басты.

1. Жанұя

Жанұя тiршiлiгi, қоғамның қуат тiршiлiгi. Исламда жанұя ұйымы өте
маңызды. Жанұя мүшелерi, әуелi ер және әйелден, бұлардың бала-шағасының
құрамымен құрылған.
Жанұя әке-шеше және балалардан ортада пайда болған. Ерлi зайыптылар
тарапынан құрылған отбасы қоғамның қуаты, ұлтымыздың iрге тасы. Ұлт
дегенiмiз - үлкен бiр қоғам, жанұяның бiр араға келуiнен пайда болған.
Дiнiмiз ұлтпен бiрлiк және бiрге күштi және қуатты болуына үлкен мән
берген. Бiр жанұяның жақсы болуы, оның ортаға әкелген жақсылығымен және
қажеттi бөлiктерiнiң саулығы мен мүмкiн болғаны сияқты, ұлттың күштi және
қуатты болуы да оның ортаға келуi жанұялардың жақсы болуына байланысты.
Жанұя, дiни және аһлақи тақырыптарда алған мәлiметтiң бергенi, ұлттық
және рухани құндылықтарды iске асуы; әдет-ғұрыптың жасалғаны бiр мектеп
һалiнде.
Адамның бақыттылығы өз ұясында қалған рахат және тыныштық, тек жанұя
мүшелерiнiң бiр-бiрiне деген мiндеттерiнiң орнына келуiмен қуатты болады.
Осы себептен жанұя мүшелерiнiң өздерiне байланысты мiндеттердi жақсы
бiлулерi және аһлақи (мiнез-құлқы) мiндеттердiң орындалуы, жанұя тыныштығы
және ұлттың пайда болуына үлкен бiр пайда әкеледi. Жанұяның негiзi неке
актiмен құрылған. Дiнiмiз үйленiп, ұя құруға әмiр және тәусие еткенде,
жанұяның таралуына себеп болатын сөз және сенiмдердiң сақталуын қалаған,
керексiз жерге және уақытша рахат белгiсiнен босанып, жанұясын бұзбауы
жалған сенiм болғанын бiлдiрген.
Хазретi Пайғамбар (с.а.с.) былай дедi: “Адам қашан үйленсе, дiннiң
жартысын тәмамдаған болады. Қалған жартысында Аллаһа қарсы келуден
сақтансын” деген.[1]
Тағы да Хазретi Пайғамбар (с.а.с.) былай бұйырған: “Үйленуге шамасы
келе тұрып, үйленбеген менен емес (яғни менiң үмметiм емес)”.[2]
Отбасы, жанұя, семья барлығы бiр-бiрiне синоним сөздер.
Отбасы - адам баласының өсiп өнер қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын
бесiгi. “Бiрiншi байлық - денсаулық, екiншi байлық - ақжаулық”, яғни үй
болу, некелесу дейдi халық. Хазретi Пайғамбар (с.а.с.) былай бұйырған:
“Төрт нәрсе пайғамбарлардың сүннетiнен: қына жағу, хош иiстену, мисуақ
қолдану (тiстi таза сақтау) және үйлену”.[3]
Сонда некелесiп отау тiгу деген не ? — Бұл жiгiтпен қыздың ресми
праволық негiзде, яғни заңды түрде ерлi-зайыптылық қарым-қатынасқа түсуi,
қосылып үй болған екi жастың материалдық және жеке бас мүдделерi заңмен
бекiтiлуi. Мұны некелесу қыздың некеге тұрып, бiрiгуi - жеке отау тiгiп, өз
отбасын құруы.
Отбасы дегенiмiз — туысқандық байланыста болатын (күйеуi, әйелi,
балалары, ата-анасы, әжесi, т.б.) бiрлесiп, әлеуметтiк-тұрмыстық өмiр
сүретiн адамдар. Олар отбасында мемлекеттiк заңдармен ережелердi сақтайды.
Демек, некелiк-отбасылық қарым-қатынастың биологиялық тарихи, әлеуметтiк
және праволық мәнi бар.
Отбасы - некеге немесе қандас туысқандыққа негiзделген қоғамдық шағын
топ, адам тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы формасы. Ол — бiр-бiрiн шын
сүйетiн, бiр-бiрiне қамқор, ортақ шаруаны жүргiзу iсiне үлкендермен бiрге
балалар да ат салысатын, үлкендердiң де, балалардың да мұқтажы өтелiп
жататын бiр тұтас ұжым. Мұндағы өзара қарым-қатынас сүйiспеншiлiкке, ер мен
әйелдiң барлық жағынан да толық тең праволығына негiзделген. Әр ұрпақтан
құралса да отбасындағылардың туысқандығымен рухани жағынан тiлегi, мүддесi
бiр.
Оның үлкендерi мен кiшiлерi өздерiнiң өмiр тәжiрибелерiмен, еңбектегi
алатын орнымен ажыратылады, бiрақ олардың бәрi де ата ұрпақтың түтiнiн
жалғастырушылар. Балалар мен ата-аналар қуаныш-ренiшi ұштасып жатады.
Балалар ата-анасының еңбектегi iсiне көңiл бөлiп, оны түсiнуге тырысады.
Ата-аналарды баоаоарының күн сайын басынан кешiрiп отыратын жағдайларын
бiлiп отырады. Отбасының берiк негiзi мiне, осы рухани мүдденiң бiрлiгiнде.
Оның бiртұтас тату болуы, береке-бiрлiгi ең алдымен ата-ана мүддесiнiң мәнi
мен мағынасына, әке мен шешенiң бiр-бiрiне, балаларына, олардың достары мен
жолдастарына қалай қарайтындарына байланысты.
Бала жақсы адам болып өсуi үшiн ол күн сайын дерлiк отбасы мүшелерi
арасындағы ең жарасты, ең әдiлеттi қарым-қатынастарының куәсi болуы керек.
Ол ата-анасының өзiне қандай қамқоршы екенiн көрiп отыруымен қатар ата-
аналарының да өзара бiрiн-бiрi осылай қастерлейтiнiн аңғарады. Әке баладан
анасын сыйлауын талап етедi. Ал шешесi баласына әкесiн құрметтеуге, оны
немен, қандай iс-әрекет, мiнез-құлықпен қуантуға болатынын үйретуге
тырысады.
Отбасы шын мәнiнде тату-тәттi, үйленумен болса, одан адамгершiлiк пен
әдiлеттiлiктiң көрiнiсi таңғы шықтай мөлдiреп көрiнiп тұрады. Отбасының
бiрлiгi мен ынтымақтастығы оның құрамындағы адамдардың бiрегей адамгершiлiк
талаптарын, бiрегей саяси көзқарасты ұстануынан, соған орай өзара көмек
қарым-қатынасын, ерлi-зайыптылық және ата-аналық сезiмiн терең түсiне
бiлулерiнен көрiнедi.
Отбасының негiзгi мiндетi — баланы еңбекке, адамдар арасында өмiр
сүре бiлуге үйрету. Сондықтан отағасы мемлекет басшысы екенiн, ал балалары
сол мемлекеттiң азаматтары екенiн және бiр-бiрiне деген махаббатпен
сыйластықтың осы мемлекеттерiнiң негiзi екенiн түсiнгендерi абзал.
Отбасының аса маңызды мiндеттерiнiң бiрi - жас ұрпақты жарқын сезiмдерге,
нұрлы мұраттарға тәрбиелеу. Жауапкершiлiк, достық, ар-намыс сезiмдерi,
негiзiнен ошақ қасында қалыптасады.
Отбасы - шағын ұжым. Оның басшыларының мiнез-құлықтарындағы олқылық
бала бойына күйкi, тұрпайы сезiм ұрығын ұялатады. Ата-аналар ұнамсыз
жайларға, тiптi уақытша болса да, бой алдыруына жол бермеуi тиiс. Өйткенi,
күйкi көрiнiстiң ықпалы лезде тамыр жайып, оның бойына мiнез болып
қалыптасуы ықтимал.
Отбасында бала тәрбиесiне терiс ықпал ететiн факторлардың бiрi - ата-
ананың iшiмдiкке бой алдыруы. Маскүнемдiктен туатын жиiркенiштi әдеттердi
жоюға тиiспiз.
Ата-аналардың өзара және олардың балаларға қатынасы жалпы
отбасындағы жағдай тұтастай алғанда, балалар үшiн өз алдына үлкен бiр
мектеп. Олар өз көргендерiн жолдастары арасында, мектепте, аулада,
есейгеннен кейiн еңбек ұжымдарында қолданады. Сондықтан да отбасындағы iшкi
қатынастардың әлеуметтiк үлкен мәнi бар.
Отбасы, оның барлық өмiртiршiлiгi, ата-ананың адамгершiлiк сенiмi мен
сезiмi, олардың бiр-бiрiмен қарым-қатынасы, айналасындағы адамдарға,
қоғамға деген көзқарастары - осылардың бәрi балаларға ұмытылмас терең әсер
етедi. Оған ақындардың, жазушылардың кейбiр шығармаларынан алынған мына
үзiндiлер куә:
Жан әке шертiп сезiм домбырасын,
Кеудемдi қуанышқа толтырасың,
Арманның асқарына құлаш ұрсам,
Алдымда асқартау боп сен тұрасың.
Ш. Қалдаяқов

Ыстық-ау кiм-кiмге де әке деген,
Суыққа шалындырмай мәпелеген.
Өмiрдiң соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген.
А. Шәмкенов

Әлемнiң жарығын сыйладың сен маған,
Даланың әр гүлiн жинадың сен маған.
Сен бердiң құстардың қанатын самғаған,
Балалық құштарым өзiңе арналған.
Ғ.Қайырбеков
Ата-ана балаларын адамдарға деген құрметпен ризашылық сезiмiне
тәрбиелей отырып, оларға үлкендермен сөйлесе бiлудi үйретедi. олардың сөзiн
бөлмеудi, берiлген сұраққа жауап берудi, қиқаңдамауды, сыпайы “Сiз” деп
сөйлесудi талап етедi. Егер жақын адамдарына құрметпен қараушылыққа
отбасында үлкен мән берiлсе, онда ол тамырын терең жаяды.
Ата-ана ұлдары мен қыздарының зейiнiн олар үшiн iстелген семьядағы
үлкендердiң мейiрiмдi iсiне аударуы да қажет.
Ата-бабамыз семья тәрбиесiнде еңбекке көп мән берiп, ол туралы
қорытынды ойлар қалдырған: “Өзiң үшiн еңбек қылсаң, өзi үшiн оттаған
айуанның бiрi боласың. Адамзаттың қарызы үшiн еңбек қылсаң, Аллаһын сүйген
құлы боласың” - деп еңбектiң адам баласының керегi, ел үшiн жұмсалуын өз
ойының қазығы етедi. Балаларды қолдарынан келетiн еңбекке араластыра
отырып, әке-шешесi олардың зейiнiн үлкендер еңбегiне аударады.
Үлкендердi құрметтеп, қадiр тұтуды, iлтипатты қарым-қатынаста болуды,
сыйласа бiлудi қазақтар отбасында берiк ұстанған. Мұны ғасырлардан ғасырға
ауысып келген мол нақыл сөздердiң өзiнен-ақ байқауға болады. Олардың бiрi:
“Үлкендi сен сыйласаң, кiшi сенi сыйлайды, кiшi сенi сыйласа, кiсi сенi
сыйлайды” - десе, екiншiсi: “Аға әдептi болса, iнi әдептi. Апа әдептi
болса, сiңлi әдептi” - деп ой қайырады; үшiншiсi: “Әдептiң не екенiн,
әдепсiз адамды көргенде ұғарсың” - десе, төртiншiсi: “Әдептi жiгiт өсiрсе,
ауылдың абыройы”, “Жiбек мiнездi қыз жұртқа жағады” - деп пiкiр түйедi. Осы
тек-тек мақал-мәтелдерiмiз қазақ шаңырағында әруақытта да әдептiлiктi
құрмет тұтқанын, сыпайы, кiшiпейiл адамды басқаларға үлгi-өнеге ете
бiлгендiгiн, жас ұрпақтың тәлiмдi, тәрбиелi болып өсуiне ерекше назар
аударатындығын айқын көрсететiнi хақ.
Қазақ дәстүрiнде жастардың үлкендер бар жерге адуындап кiрiп,
асқақатай сөйлеуi, сөкеттiк саналады. Ауыл ақсақалдарының қолын алу үшiн,
жастар атынан аулағырақтан түсiп, үйге дейiн жаяу аяңдап келген. Сырттан
жасы үлкен адам кiрген кезде орнынан тұрып қарсы алу, оларды атқа
қолтығынан демеп мiнгiзiп, сөйлесу, әңгiмелесу барысында iзет пен iлтипат
танытып отыру жасы кiшiлерге тән әдеп салттары болады. Осы орайда ата
жолын, қонақ кәденi, сыбағаны, жеңге назын, келiн iзетiн, күйеу мезетiн,
сәлем салуды, көңiл айтуды, тағы да басқаларға дем қойған ұл мен қыз
осындай ұғымдардың тек атын ғана емес, затында бiлуге талпынатынына шек
келтiруге болмайды.
Ата-ананың тәрбиесi бала мiнезiнiң iрге тасы. “Ұяда не көрсе, ұшқанда
соны iледi” - деп түйiндейдi. Бұл халық даналығы. Сондықтан балаға өмiрiнiң
алғашқы жылдарынан-ақ адамгершiлiк сезiмдерiн егудiң орны бөлек. Жастайынан
бойға сiңген мiнез басқа бiр зор күш әсерiнен болмаса, есейгенде де
сақталады. “Сүтпен бiткен мiнез, сүйекпен кетедi” - деген мақал, ең алдымен
тәрбие мәселесiне қаншалықты терең мән берiлетiнiн көрсетедi. “Тәрбие -
табалдырықтан басталады” - деген нақылдың өзi өмiрден алынған шындық.
Сондықтан да халық өмiр есiгiн ендi ғана ашқан бөбек тәрбиесiн бесiктен
бастайды. Бесiк жырында халқымыз өзiнiң сол бөбекке деген тiлегiн, үмiтiн,
жақсы азамат болып, өмiрден өз орнын тапса екен деген арманын бiлдiредi.
Ұрпақ тәрбиесiне айрықша мән беру сәби жүрегiн тербеп, адамгершiлiкке
жетеледi. Кең байтақ өлкемiзде буыннан-буынға жалғасып, ұяттылық,
әдептiлiк, көрегендiлiк, мейiрiмдiлiк, шарапаттылық, салтанат құрып,
үйлесiмiн тауып жатты. Бұл адамзат баласының әу бастан өз өмiрiне серiк
етiп ұғынса, сыйласа, тiршiлiк ету бағытында нық ұстанған әдеп, тұрмыс-
салттарының ең көкейкестiсi. Мiне сол қымбат қасиеттердiң бәрi отбасы, ошақ
қасында бүршiк атып, бұтағын жаяды. Сондықтан да “Отан отбасынан
басталады”.
Отбасы тiршiлiгiнiң ежелден қалыптасқан заңы бойынша, оны отағасы, ол
болмаса отанасы, одан қалса үлкен аға не әпке басқарады. Олардың сөзiн,
ұйғарымын өздерi жерде қалдырмайды, ол үй-iшiнiң шылбыр-тiзгiнiн қолында
ұстаушыларда өз тараптарынан отбасының барлық мүшелерiнiң пiкiрiн, тiлек
ұсыныстарын елеп, ескерiп отырса, бұл бiр жағынан, ортақ мүддеге қызмет
етедi, екiншi жағынан, тәрбиелiк, өнегелiк мәнi бар инабаттылық та болып
табылады.
Отбасының бейiл-береке, ынтымағы үшiн отбасының (басқарушының) әдiл
болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелiк ролi де зор. Ата-ана өз отбасын
нығайта отырып, сонымен бiрге оның балағатқа толған мүшелерiн үй болуға, өз
шаңырағын көтеруге әзiрлеуi басты әрi өте жауапты мiндет болып саналады.
Отбасының ұйытқысы, берекесi, мейiр-шапағат көзi — әйел. Әйелдiң бұл
ролi отбасының жамағатына, бала-шағаның анаға деген сүйiспеншiлiгiмен,
қамқорлығымен, ана жанын қас-қабағынан, жанарынан танығыштық пен нығая,
биiктей бередi. Әрине, әйел де өзiнiң аналық борышын ұмытпағанда, әсiресе
ерiмен қабағы жарасып, тату, сүйiспеншiлiкте тұрғанда, оған деген
көзқарасында халқымыздың iзгi дәстүрiн, өнегелi өмiршең - салтын, дiни жол-
жосығымызды ескергенде, оның қадiр-қасиетi, бүкiл отбасын, ауылды, ағайын-
туысты топтастырушылық мәртебесi арта түспек. Жеткiншек ұрпақ мұны ұғып,
бiлiп өскенi абзал.
Әйелдiң ерiне қарым-қатынасы балалардың әкеге көзқарасының сипатын
анықтайтыны берiк есте болуға тиiс. Мұның өзi, бiр жағынан, үй iшiндегi
әдептiң бастау алатын көзi екенi анық. Демек, “балалар үшiн әке беделi
аналарының сөзi, iс-қимылы, қас-қабағы арқылы қалыптасады”. Мысалы: ерлi-
зайыптылар балалар көзiнше бiр-бiрiне қатты, балағат сөздер айтыспақ түгiл,
дауыс көтерiп, керiсуге тиiс емес. Олай еткенде өз беделдерiн жоғалтудың,
бала-шағаның жүрегiн шошытып, зәресiн ұшырудың үстiне, олардың жанына кейiн
өздерi үй болғанда алдарынан шығатынын жаман әдеттiң ұрығын егедi. Бұл
жағынан аналардың балаларға: “Әкеңмен ақылдас”, “Әкең бiледi”, “Әкеңнiң
айтқанын iсте”, т.с.с. дәстүрiмiзде бар сөздердi айтып отыру қандай
ғанибет.
Ата-ананың бiр-бiрiнiң қадiр-қасиетiн осылайша ардақтап, беделiн
өсiруi, араларында өкпе-наз, кикiлжiң туа қалғанда, оны балалардан оңашада,
екеу ара шешiп отыруы шынайы инабаттылық, әдептiлiк болып табылады. Сонда
ғана олар үйдiң “қос алтын босағасы” дейтiн “халықтық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жанұя қоғамының ең маңызды тобы, бірлестігі
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудағы жанұяның ролін теориялық - әдістемелік тұрғыда негіздеу
Жанұядағы тәрбие стилінің кіші жасөспірімдердің мінез акцентуациясына әсерін тигізетін факторлар және зерттеу жолдары
Жанұядағы конфликтік жағдайлардың бала психикасына әсері
Жеткіншектің жанұямен қарым– қатынас барысындағы түсініспеушіліктің психологиялық аспектілері
Отбасында тұлғааралық қарым - қатынас ерекшеліктерін зерттеу әдістемелерін жинақтау
Жанұяның әлеуметтік - философиялық сипаты
Тұлғаның жанұямен қарым – қатынас барысындағы түсініспеушіліктің психологиялық ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының ата - аналарымен жүргізілетін педагогикалық жұмыстары
ОТБАСЫНДАҒЫ ТӘЛІМ –ТӘРБИЕНІҢ МАҚСАТЫ
Пәндер