«Райымбек Агро» ЖШС-те СМЖ және қаупсіздік жүйесін дайындау



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1. Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.1 ҚР техникалық реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
1.2 ҚР ДСҰ.ның құрамына өтуінің негізгі жақтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
1.3 Стандарт, сапа және тағам өнімдерінің қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
1.4. Халықаралық ИСО 9000 сериялы стандарттарының сипаттамасы ... ... ..17
1.5. Өнімдердің қауіпсіздік жүйесі (ХАССП) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
1.6 Сапаны басқару және оның халықаралық тәжірибесі ... ... ... ... ... ... .26
1.7 Сапалы өнім өндіруді қамтамасыз ету . бәсекелестік қабілетті ел болу..29
1.8 Терминдер мен анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
1.9. Зерттеу материалдары мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
2. Негізгі бөлім
2.1. Raimbek Agro «Айналайын» зауытының қысқаша сипаттамасы ... ... ... .38
2.2. Raimbek Agro «Айналайын» зауытындағы ИСО 9001.2000
стандарты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39
2.3. Сапа менеджмент жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40
2.4. Raimbek Agro «Айналайын» зауытындағы сүт өнімдерінің сапасы ... ...42
2.5 Raimbek . Agro қәсіпорында СТ РК 1618 . 2007 бойынша «экологиялык таза» өнім өндіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..47
2.6 Raimbek Agro «Айналайын» зауытындағы сүт
өнімдерінің қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...48
2.7 Raimbek Agro «Айналайын» зауытындағы ИСО 9001 сапа
менеджмент жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .50
2.8 Кәсіпорында ИСО 22000 қауіпсіздік стандартын енгізу ... ... ... ... ... ... ..51
2.9 ИСО 9001.2000 стандарты бойынша сапаны басқару ... ... ... ... ... ... ... ...52
2.10 Сүт өнімдерін сертификаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53
3. Өнімдердің экономикалық тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 56
4. Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59
4.1 Кәсіпкерлік қауіпсіздік және еңбекті қорғау OHSAS 18001 талаптары бойынша менеджмент жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..61
4.2 Қазақстанда ИСО 14001 стандарты бойынша экологиялық
менеджмент: оның жетістіктері және проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ..63

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...66
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...68
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...71
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2010 жылғы Жолдауында «Халқымыздың басына түскен қандай да бір сынаққа қарамастан біз тәуелсіздігімізді нығайту жолындағы жасампаз істерімізді жалғастыра бермекпіз...Өмірге қабілетті және икемді экономика жасау үшін біз дәйектілікпен күрделі құрылымдық реформаларды жүргізіп, экспорттық әлеуетті ұлғайттық және әр тараптандыруды бастап кеттік... Біздің болашағымыз экономиканың одан әрі жаңғыртылуы мен базалық инфрақұрылымның дамуына байланысты.» делінген.
Экологиялық таза өнім өндіру проблемасы адам қоғамының алдында тұрған ең басты мәселелердің бірі деуге болады. Қазақстанның ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және өңдеу өндірістері экономиканың басты бір кешені болып табылады. Ол тұтынушыларды сапалы тағам өнімдерімен қамтамасыздандыруды жүзеге асырады. Біздің елімізде бұл сала жақсы дамығанымен бұрыңғы кездерде топырақтың, судың, жемнің экологиялық жағдайына үлкен көңіл бөлінбеген. Соның нәтижесінде өндірілетін сүттің сапасы да төмендеген.
Балаларға арналған және жалпы тағам өндіруге қажетті таза экологиялық сүт және сүт өнімдерін алуға мүмкіншілік бар екендігін көрсетеді. Сүт сапасының жақсы болуын сүт шикізатын өндіретін өндірістің барлық сатыларындағы мамандардың біліктілігіне байланысты.
Қазіргі кезде ЖШС, АҚ және басқа да жекеменшік формасы бар көптеген сүт өндіретін өндірістердің пайда болуына байланысты таза экологиялық сүтті өндіретін арнайы шикізат аймақтарын құруда сұрақтар туындап отыр. Бұл сұрақтарда шикізат аймақтарына қойылатын экологиялық талаптардан, сүт өндіретін кешендердің эпидемиологиялық жағдайынан туындап отыр. Сондықтан да экологиялық таза сүтті өндіретін технологияларды енгізу басты мәселе болып отыр.
Қазіргі кезде біздің елімізде өнімдердің сапасына үлкен көңіл бөлініп отыр. Сондықтанда экологиялық жағынан таза аймақтарда өндірілген тағамдарға өте үлкен сенімділік білдіріледі.
Келешек 10 жылдың ішінде сүт және сүт өнімдеріне сұраныс өседі деген тұжырым бар. Егерде өнімді өндірудің жаңа технологиялары жасалса бұл салада менің ойымша тұрақтылық болады. Себебі бұл салада жетілдірудің басты мақсаты өнімнің экологиялық көрсеткіштерін жақсартуға негізделеді. Ал тұтынушылық қасиетін жоғарылату үшін өнімнің дәмдік, тағамдық, тауарлық түрін және сақтау кезінде тұрақтылығы сияқты көрсеткіштерге үлкен көңіл бөлінеді.
Бұндай талаптардың орындалуының себебі болып отырған бір мәселе, сол өнімнің балалар тағамын өндіруде шикізат ретінде пайдаланатындығы болып отыр.
Соңғы 30 жылдың ішінде сүт өндірісі өте жоғары дамыды. Сонымен қатар оның санитарлы сапасына талаптар да жоғарлады.
1. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа «Дағдарыстан - дамуға» атты Жолдауы. Астана-2009.
2. ҚР-ның «Техникалық реттеу туралы» Заңы. 2004ж.-40б.
3. ҚР-ның «Тұтынушының құқығын қорғау туралы» Заңы. 1992ж.-22б.
4. ҚР «Тағам өнімдерінің сапасы және қауіпсіздігі туралы» Заңы, 10.11.2004ж.
5. ҚР «Лицензиялау туралы» Заңы, №214, 11.01.2007ж.
6. ҚР «ҚР-да тіл туралы» Заңы, №151, 11.07.1997ж.
7. ҚР «Өлшеудің бірегейлігін қамтамасыз ету» Заңы, №53-2, 07.06.2000ж.
8. ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы, 13.05.2003ж.
9. ҚР-ның «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Заңы, 2008ж.-24б.
10. ҚР-ның стандарты СТ РК 3.4-2003. «Өнімдердің сәйкестігін растауды жүргізудің тәртібі», 2003ж.
11. ҚР-ның стандарты СТ РК ИСО 22000:2005 «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігінің менеджмент жүйесі», 2005ж.
12. ҚР-ның стандарты СТ РК 1179-2003 «НАССР принциптерінің негізінде тағам өнімдерінің сапасын басқару». 2003ж.
13. ХС ИСО 9001:2000 «Сапа менеджменті жүйесі», 2000ж.
14. ХС ИСО 14001 «Экологиялық менеджмент жүйесі», 2004ж.
15. ХС OHSAS 18001 «Кәсіпкерлік қауіпсіздік және еңбекті қорғау» менеджмент жүйесі, 1999ж.
16. ХС SA 8000 «Әлеуметтік жауапкершілік менеджменті», 1997ж.
17. Бегайдарова Г. Кәсіпкерлік қауіпсіздік және еңбекті қорғау OHSAS 18001 талаптары бойынша менеджмент жүйесі. Новости Госстандарта. №2,2007ж.43-45б.
18. Горлова Б.Д., Чипурина Л.Г. ХАССП жүйесі – уақыт талабы. Пищевая промышленность. №12, 2004ж. -73б.
19. Дугалов Г.Т. Бәсекелестік экономика үшін стандарттар бәсекелестігі.Успех №4, 2005ж. 8-11б.
20. Дамбровская Г. ҚР-да менеджмент жүйесінің өркендеу концепциясы: талқылау басталды. Успех. Қараша-желтоқсан, 2007ж. 30-33б.
21. Дамбровская Г. Интегрирленген менеджмент жүйесі: Қандай пайда? Успех,маусым-шілде, 2008ж. 20-21б.
22. Демидова З. «Экологиялық таза өнім» жай өнімнен несімен өзгеше? Успех, шілде-тамыз, 2007ж. 38-41б.
23. Дугалов Г. Стандарттау туралы техникалық комитеттердің техникалық реттеу жүйесіндегі маңызы. Новости Госстандарта.№3, 2006ж. 4-5б.
24. Есмуханов Е.Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі саласында жүйелі қадам. Успех, қараша-желтоқсан, 2007ж. 22-29б.
25. Ибраева Г. ИСО 14001:2004 стандарттарының жаңа түрінің талаптары. Успех, №, 2006ж. 34-35б.
26. Ивлева О. Стандарттаудың жаңа жүйесі. Пищевая и перерабатывающая промышленность Казахстана, №10, 2004,55б.
27. Курмангалиева С.Г. Саулықты тамақтану – мемлекет қамқорлығы. Пищевая и перерабатывающая промышленность Казахстана, №1,2000ж. 7б.
28. Кубеева А.С. Сапа менеджмент жүйесінің Қазақстан кәсіпорындарына қажеттігі. Пищевая и перерабатывающая промышленность Казахстана, №4, 2000ж. 30-33б.
29. Мырзабай М.М. ж б. Стандарттау, метрология, сертификаттау және сапа менеджменті. Оқулық. Алматы, 2003ж.
30. Мишина М.Ф. Сапаны және тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде стандарттардың орны. Стандарттар және сапа. №1,1998ж.25б.
31. Москалевич С. ИСО, сапаны басқару және Қазахстан. Успех,№3,2006ж.-8-10б.
32. Мухамбетов Г. СМК-ны енгізу – формалды қадам емес. Успех,№2,2006ж.-13-14б.
33. Мухамбетов Г. Әлемдік экономикаға интеграцияланған кезде және БСҰ өтер алдында халықаралық стандарттарды техникалық реттеудің маңызы. Успех,№4,2006ж.-8-9б.
34. Мухамбетов Г. Менеджмент саласындағы жаңалықтар, Қазақстан кәсіпорындарының табысқа жетуіне кілт сияқты. Успех,көкек-мамыр,2008ж.-4-6б.
35. Мухамбетов Г. Техникалық реттеу – елдің нәтижелі өркендеуі үшін жағдай туғызудың негізгі факторларының бірі. Успех,қыркүйек,2006ж.-12-13б.
36. Махметов Б.Н. Қазақстан Республикасында Халал жүйесінің өркендеуі. Пищевая и перерабатывающая промышленность Казахстана,№1,2008ж.-41-43б.
37. Смагулов А.К. Ауылшаруашылық тағам өнімдерінің сапасы және қауінсіздігі. Оқулық Алматы, 2002ж.
38. Сибагатова А.Е. НАССР принциптері негізінде сапа өнімдерін басқару жүйесін енгізу. Пищевая и перерабатывающая промышленность Казахстана, №3,2005ж. – 27-29б.
39. Тыныбек Е.Г. Тағам өнімдерінің сапасын және қауіпсіздігін қамтамасыз етуде стандарттардың маңызы. Пищевая и перерабатывающая промышленность Казахстана, №4, 2004ж. -25б.
40. Тыныбек Е.Г. Халықаралық стандарттарды тағам өндірісінің саласында енгізу туралы. Пищевая и перерабатывающая прмышленность Казахстана, №3,2004ж.-23б.
41. Усембаева Ж.К. Сапа және қауіпсіздік – бәсекелестік негізі. Пищевая и перерабатывающая промышленность Казахстана, №5, 2005ж. -12-13б.
42. Шабалина В.М, Менеджмент жүйесі – бәсекелестіктің анықтаушы факторы. Пищевая и перерабатывающая промышленность Казахстана, №3, 2004ж. – 24-25б.
43. Цвиковский М. Тағам өнімдерінің сапасын және қауіпсіздігін басқару жүйесі. Пищевая и перерабатывающая промышленность Казахстана, №8, 2008ж. -25б.
44. Карапетян А. АҚ «Бахус» - ТМД бірінші кәсіпорын, ХС ИСО 22000:2005 ТӨҚМЖ сертификатталған. Успех, сентябрь,2006ж. -59б.
45. Киянский В. Қазақстанда ИСО 14001 бойынша экологиялық, менеджмент: проблемалар және жетістіктер. Успех. Қараша-желтоқсан,2006ж. – 38-40б.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚСТАН ИНЖЕНЕРЛІК – ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ

Аскарова А.А
Райымбек Агро ЖШС-те СМЖ және қаупсіздік жүйесін дайындау

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В073200 мамандық бойынша – Стандарттау, метрология және сертификаттау

Алматы, 2011ж.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚСТАН ИНЖЕНЕРЛІК – ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ

УНИВЕРСИТЕТІ

Қорғауға жіберілді
Агротехнология,стандарттау
және сертификаттау кафедрасының
меңгерушісі а.ш.- ғ.к.,доц..
______________К.Е. Каржаубев
______________2011ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыпқа: Райымбек Агро ЖШС-те СМЖ және қаупсіздік жүйесін дайындау

5В073200 мамандық бойынша – Стандарттау, метрология және сертификаттау

Орындаған Аскарова А.А

Ғылыми жетекші
т.ғ.д., проф. З.К. Сұлтанова

Алматы, 2011ж

Қорғау __________________
МАК хаттамасы ____________
МАК бағасы ______________
МАК хатшысы ____________

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСҚА

ТҮСІНДІРМЕЛІК ХАТТАМА
Райымбек Агро ЖШС-те СМЖ және қаупсіздік жүйесін дайындау

4 курс студенті ____________ Аскарова
А.А.

Жетекші _____________ т.ғ.д., проф. Султанова
З.К

Кеңесші:

негізгі бөлім бойынша ___________________ т.ғ.д., проф. Султанова З.К
экономикалық бөлім бойынша _____________аға оқытушы Артыкбаева Л.К.
еңбекті қорғау және
қоршаған ортаны қорғау ______________ аға оқытушы Касымов Н.Ж.
бойынша

нормабақылаушы ________________аға оқытушы Рахманқұлов А.Б.
Агротехнология,стандарттау
және сертификаттау кафедрасының
меңгерушісі _________________ а.ш.- ғ.к.,доц.Қаржаубаев
К.Е.

Факультет - Инженерлік-технологиялық___________ _________________

Мамандық 5В073200 – Стандарттау, метрология және сертификаттау

Кафедра – Агротехнология, стандарттау және сертификаттау

Тапсырма

дипломдық жұмысты орындауға

Студент Аскарова Арайлым Аскаровна

Жұмыстың тақырыбы: Райымбек Агро ЖШС-те СМЖ және қауіпсіздік жүйесін
дайындау

КазИТУ ректорының бұйрығымен бекітілген, № 81 15 қараша 2010ж.

Біткен жумысты өткізүдің мерзімі 10 мамыр 2011ж.

Жумысқа бастапқы деректер: Райымбек - Агро жүйесіндегі өндірістік іс-
әрекеттің сипаттамасы, өнімдердің ассортименті және сапасы туралы мәлімет,
СМЖ-ін енгізу ИСО 9001:2000 бойынша; ықпалдасқан менеджмент жүйелері: СТ РК
ИСО 22000:2005 ХАССП бойынша; OHSAS 18001:1999; ИСО 14001:2001; СТ РК 1179-
2003; СТ РК 3.24-2003; 11.06.2003-тен СанЕжН және басқа нормативтік
сілтемелер.

Дипломдық жұмыста дайындауға жататын сұрақтар тізімі болмаса дипломдық
жұмыстың қысқаша мазмұны:
Кіріспе
1. Әдебиетке шолу (Өнімдердің сапасының және қауіпсіздігінің менеджмент
жұйелерінің қазіргі жағдайы және болашақта дамуы;СМЖ-ің сапаны жақсартудағы
рөлі,ИСО стандарттары бойынша менеджмент жүйелеріне талдамалық шолу).
2. Негізгі бөлім (Кәсіпорындардың өндірістік іс-әрекетіне сипаттама,
зерттеуді жүргізудің әдістемелігі, Райымбек - Агро сертификаттау туралы
нәтижелер, ықпалдасқан МЖ енгізу және талқылау).
3. Өнімдердің экономикалық тиімділігі (Райымбек - Агро өнімдерін
өндірудің тиімділігінің есебі).
Графикалық материалдардың тізімі (слайдтар, кестелер, сұлбалар және
сызбалар):
1. Өнімдерді өндірудің блок-сұлбасы
2. Кәсіпорындағы өнімдердің ассортименті және сапасы
3. Кәсіпорындағы менеджмент жүйелері.
4. Өнімдердің сапасын бақылау
5. Өнімдерді сертификаттау сұлбалары
6. Экономикалық тиімділік

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:
1. Мырзабай М.М. және басқ. Основы стандартизации, метрологии,
сертификации и менеджмента качества А.: баспа. ЖК ЮАТ 2003ж.
2. Қаржаубаев К.Е. Стандарттау, сертификаттау және сапаны басқару
А.: баспа. PRINT MASTER 2010ж.
3. Смагулов А.К. және басқ. Качество и безопасность пищевой
сельскохозяйственной продукции А.: баспа. АТАМҰРА 2002ж.
4. Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу туралы Заңы А.: 2005ж.
5. ҚР Тағам өнімдерінің қауыпсіздігі Заңы А.: 2008ж.
6. СанПиН, 4.01.071.03. Гигиенические требования к безопасности и пищевой
ценности пищевых продуктов.
7. ҚР СТ 3.4 - 2003. Порядок проведения подтверждения соответствия
продукции, 2005ж.
8. ҚР СТ 3.53-2004ж. Система менеджмента качества.
9. ҚР СТ 1179-2003ж. СМК основанных на принципах НАССР
10. ҚР СТ 1010-2008ж. Тұтынушы үшін ақпарат.

Дипломдық жұмыстың бөлімдері(тараулары) бойынша ақпарат:

Бөлім Кеңесшілер Мерзімі Қолы
Кіріспе. т.ғ.д., проф. Султанова21.01.11-2
Әдебиетке шолу З.К 5.02.11
Негізгі бөлім т.ғ.д., проф. Султанова26.02.11-
З.К. 15.04.11
Экономикалық бөлім аға оқытушы Артықбаева 16.04.11-2
Л.К. 2.04.11
Еңбекті қорғау және аға оқытушы Касымов 25.04.11-2
қоршаған ортаны қорғау Н.Ж. 9.04.10
Қорытынды т.ғ.д., проф. Султанова02.05.11-0
З.К 6.05.11

Дипломдық жұмысты орындаудың графигі

№ ппБөлімдердің атаулары, дайындалатын Ғылыми жетекшіге Ескерту
сұрақтардың тізімі көрсету мерзімі
1
Кіріспе. Әдебиетке шолу 25.02.11
2 Негізгі бөлім 15.04.11
3 Экономикалық бөлім 22.04.11
4 Еңбекті қорғау және қоршаған ортаны29.04.11
қорғау
5 Қорытынды 06.05.11

Тапсырма берілген күні 18 ақпан 2010ж.

Кафедра меңгерушісі ____________________ а.ш.- ғ.к.,доц.Қаржаубаев К.Е.

Жұмыстың жетекшісі ________________ т.ғ.д., проф. Сұлтанова З.К

Тапсырманы орындауға қабылдаған
4 курс студенті ____________________
Аскарова А.А.

Мазмұны

б.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1. Әдебиетке
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 10
1.1 ҚР техникалық реттеу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...12
1.2 ҚР ДСҰ-ның құрамына өтуінің негізгі
жақтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
1.3 Стандарт, сапа және тағам өнімдерінің
қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
1.4. Халықаралық ИСО 9000 сериялы стандарттарының сипаттамасы ... ... ..17
1.5. Өнімдердің қауіпсіздік жүйесі (ХАССП)
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
1.6 Сапаны басқару және оның халықаралық тәжірибесі ... ... ... ... ... ... .26
1.7 Сапалы өнім өндіруді қамтамасыз ету - бәсекелестік қабілетті ел
болу..29
1.8 Терминдер мен анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
1.9. Зерттеу материалдары мен
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
2. Негізгі бөлім
2.1. Raimbek Agro Айналайын зауытының қысқаша сипаттамасы ... ... ... .38
2.2. Raimbek Agro Айналайын зауытындағы ИСО 9001-2000
стандарты
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .39
2.3. Сапа менеджмент
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...40
2.4. Raimbek Agro Айналайын зауытындағы сүт өнімдерінің сапасы ... ...42
2.5 Raimbek – Agro қәсіпорында СТ РК 1618 – 2007 бойынша экологиялык
таза өнім өндіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..47
2.6 Raimbek Agro Айналайын зауытындағы сүт
өнімдерінің
қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ...48
2.7 Raimbek Agro Айналайын зауытындағы ИСО 9001 сапа
менеджмент
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ...50
2.8 Кәсіпорында ИСО 22000 қауіпсіздік стандартын
енгізу ... ... ... ... ... ... ..51

2.9 ИСО 9001-2000 стандарты бойынша сапаны
басқару ... ... ... ... ... ... ... ...52
2.10 Сүт өнімдерін сертификаттау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .53
3. Өнімдердің экономикалық
тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .56
4. Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .59
4.1 Кәсіпкерлік қауіпсіздік және еңбекті қорғау OHSAS 18001 талаптары
бойынша менеджмент жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..61
4.2 Қазақстанда ИСО 14001 стандарты бойынша экологиялық
менеджмент: оның жетістіктері және проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ..63

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...66
Қолданылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 68
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...71

Кіріспе

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2010 жылғы Жолдауында
Халқымыздың басына түскен қандай да бір сынаққа қарамастан біз
тәуелсіздігімізді нығайту жолындағы жасампаз істерімізді жалғастыра
бермекпіз...Өмірге қабілетті және икемді экономика жасау үшін біз
дәйектілікпен күрделі құрылымдық реформаларды жүргізіп, экспорттық әлеуетті
ұлғайттық және әр тараптандыруды бастап кеттік... Біздің болашағымыз
экономиканың одан әрі жаңғыртылуы мен базалық инфрақұрылымның дамуына
байланысты. делінген.
Экологиялық таза өнім өндіру проблемасы адам қоғамының
алдында тұрған ең басты мәселелердің бірі деуге болады. Қазақстанның
ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және өңдеу өндірістері экономиканың басты
бір кешені болып табылады. Ол тұтынушыларды сапалы тағам өнімдерімен
қамтамасыздандыруды жүзеге асырады. Біздің елімізде бұл сала жақсы
дамығанымен бұрыңғы кездерде топырақтың, судың, жемнің экологиялық
жағдайына үлкен көңіл бөлінбеген. Соның нәтижесінде өндірілетін сүттің
сапасы да төмендеген.
Балаларға арналған және жалпы тағам өндіруге қажетті таза экологиялық
сүт және сүт өнімдерін алуға мүмкіншілік бар екендігін көрсетеді. Сүт
сапасының жақсы болуын сүт шикізатын өндіретін өндірістің барлық
сатыларындағы мамандардың біліктілігіне байланысты.
Қазіргі кезде ЖШС, АҚ және басқа да жекеменшік формасы бар көптеген сүт
өндіретін өндірістердің пайда болуына байланысты таза экологиялық сүтті
өндіретін арнайы шикізат аймақтарын құруда сұрақтар туындап отыр. Бұл
сұрақтарда шикізат аймақтарына қойылатын экологиялық талаптардан, сүт
өндіретін кешендердің эпидемиологиялық жағдайынан туындап отыр. Сондықтан
да экологиялық таза сүтті өндіретін технологияларды енгізу басты мәселе
болып отыр.
Қазіргі кезде біздің елімізде өнімдердің сапасына үлкен көңіл бөлініп
отыр. Сондықтанда экологиялық жағынан таза аймақтарда өндірілген тағамдарға
өте үлкен сенімділік білдіріледі.
Келешек 10 жылдың ішінде сүт және сүт өнімдеріне сұраныс өседі деген
тұжырым бар. Егерде өнімді өндірудің жаңа технологиялары жасалса бұл салада
менің ойымша тұрақтылық болады. Себебі бұл салада жетілдірудің басты
мақсаты өнімнің экологиялық көрсеткіштерін жақсартуға негізделеді. Ал
тұтынушылық қасиетін жоғарылату үшін өнімнің дәмдік, тағамдық, тауарлық
түрін және сақтау кезінде тұрақтылығы сияқты көрсеткіштерге үлкен көңіл
бөлінеді.
Бұндай талаптардың орындалуының себебі болып отырған бір мәселе, сол
өнімнің балалар тағамын өндіруде шикізат ретінде пайдаланатындығы болып
отыр.
Соңғы 30 жылдың ішінде сүт өндірісі өте жоғары дамыды. Сонымен қатар
оның санитарлы сапасына талаптар да жоғарлады.
Кейбір шет елдерде экологиялық қалпын жақсарту үшін экологиялық таза
өнімді өндіре бастады. Оған шикізат химиялық заттарды пайдаланбай өндірген
шаруашылықтардан алынады.
Мысалы, Данияда мұндай сүтке жәй сүттің бағасынан 20 пайыз жоғары
құнды төлейді. Ал шаруаларды ынталандыру үшін оларға тұрақты бағадан 50
пайыз көлемінде қосымша қаржы береді.
Жұмыстың мақсаты - тағам өнімдерін өндіретін кәсіпорында
стандарттардың талаптарына сәйкес сапалы және қауіпсіз өнімдерді
қамтамысыз теу жолында іс-шараларды қарастыру.Осы мақсатты өндірісте іске
асыруда келесідегідей тапсырмаларды орындау керек:
1.Өндіріске ықпалдасқан менеджмент жүйелерін енгізуді қарастыру.
2.Өндірістегі технологиялық үдірістердің кезеңдерінде өнімдердің
сапасына бақылау жүргізу.
3.Өнімдерді бақылау, сараптау, сертификаттау және оларға сынақ жүргізу
кезеңдерін жүргізу керек.

1. Әдебиетке шолу

Соңғы 5 жылдың ішінде сүт өндірісі үлкен даму қарқынында болмаса да
қазіргі уақытта дүниежүзі бойынша 560 млн. тонна сүтті алады. Сүтті
бағыттағы сиырлардың саны 230 млн басқа жетті. Сүт өндіруден бірінші орынды
(124 млн. тонна - 22 пайыз) Батыс Европа мемлекеттері алады. Ал екінші
орынды (76 млн тонна - 13 пайызды) Индия алады. Ал одан кейін сүт өндіруден
үшінші орынды АҚШ алады, бірақ олар Индиядан қатты қалып жатқан жоқ.
Олардың сүт өндіру көлемі 73 млн. Тонна, одан соң төртінші орынды Ресей
Федерациясы алады, олардың сүт өндіретін көлемі дүние жүзінің көлемінен 5,5
пайызға тең. Ал қалған 50 пайызы дүниежүзіне таратылады. Соның ішінде бүкіл
Африкада өндірілетін бүкіл сүттің көлемі 3,9, ал Қытайда 1,5 пайыз құрайды.
Ал әр мемлекетке шаққанда өндірілетін сүт өнімнің көлемін 1-кестеден
көре аласыз.
Кесте 1 – Дүние жүзіндегі әр мемлекетке шаққандағы өндірілетін сүттің
көлемі
Мемлекет Ішетін сүттің пайдалану мөлшері мың тонна
2005 2006 2007
1 2 3 4
АҚШ 24965 25102 25173
Бразилия 12826 12726 12754
Германия 7244 7474 -
Ұлыбритания 6986 6977 6997
Франция 5601 5493 5513
Италия 4920 5110 5030
Жапония 4976 4890 -
Украина 3492 3350 3178
Польша 3363 3309 3205
Испания 4447 4407 4401
Мексика 3525 3690 3860
Канада 2884 2898 2861
Аргентина 2325 2533 2440
Белорусь 1257 1320 1229

Соңғы жылдары сүт өндірісінің дамуы АҚШ-та байқалады. Ал Ресей мен
Украинада сүт өндірісінің қалыптасуы байқалды. Азия мен Латын Америкада
болса сүт өндірісінің әлі өсу қарқыны тоқталмаған.
Дүние жүзінде 2,6 млн. тонна бүтін және 2,5 млн. тонна
майсыздандырылған құрғақ сүт өнімдері өндіріледі. Бұл өнімдер сүт
өнімдерінің дүние жүзілік нарықтарында сұранысы өте жоғары. Оның экспорты
2001 жылы 2,5 млн. тонна құрады.
Сүт және сүт өнімдерінің дүниежүзілік нарығы қазіргі кезде тұрақты деп
айтуға болады. Соңғы жылдары сүт малдарының басы төмендесе де сүт және сүт
өнімдерін өндірудің деңгейі өсіп жатыр. Осыған байланысты мал азығы
үнемделіп бірақ шығарылатын өнімнің көлемінің өсуі байқалады. Соңғы жылдары
Ресей Федерациясында сүт өндірісінің шоғырлануы байқалады. Яғни үлкен сүт
холдингтері шикізат нарықтары сияқты да сату нарығында да күрес жүргізуде.
Сүт нарығы үлкен көлемде шет елдердің инвестицияларды келтірді. Өз
кезегінде бұл жағдай нарықта шет ел фирмаларының берік орналасуына
мүмкіншілік берді.
Сүт - адамзаттың ежелден пайдаланып келе жатқан тағамы. Тарихи
деректерге қарағанда адам әуелі етпен, содан кейін сүтпен қоректенуді
үйренген. Келе-келе біздің ата-бабаларымыз сүтті рәсуә етпей сақтау
жағдайын да ойластырып тапқан. Себебі сүт өте бағалы өнім. Олай дейтініміз,
организмге оның құрамдас бөлігінің 95-98 пайызы сіңеді. Сүт, сондай-ақ,
амин қышқылдарының, макро және микроэлементтердің, витаминдердің
таптырмайтын көзі. Сүт - басқа ешқандай азық-түлік тең келмейтін аса бағалы
тағамдық өнім. Олай болатын реті де бар. Адамзат баласы сүтті сол күйінде
де, өнеркәсіп орындары өңдеп шығаратын өнімдер күйінде де іше алады.
Сүттің тағы бір қасиеті түрлі азық-түлікпен керемет үндесіп, адам
тағамының биологиялық құндылығын көтереді. Өйткені сүт организмге түсетін
қоректік заттардың көлемін арттырып қана қоймайды, сонымен қатар май,
белок, углевод, минералды тұздар, тағы басқалармен бірлесе, үндесе отырып,
жоғарыда айтылып кеткен қоректік заттардың организмге сіңімділігін
жақсартады.
Сүт адам баласы үшін қаншалықты қажет екенін бәрімізге белгілі.
Сондықтан да сүттің құрамы мен қасиетін, санитарлық сапасын жақсартуға
бүгінгі таңдағы халықтың талап тілегіне сай келетіндей етіп көңіл аудару
керек. Сондай-ақ сүт өндіретін шаруашылықтар құрамында майы, белогы,
витаминдері жеткілікті сүт саууға тырысулары керек. Оның үстіне өңдейтін
орындарға сүтті ескертпей, таза күйінде тапсыру да естен шығармайтын
мәселе.

1.1 Қазақстан Республикасында техникалық реттеу

Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес

   1) өнімнің негізгі мақсатын;

   2) дайындаушының (сатушының немесе шетелдік дайындаушының    
уәкілетті өкілінің) фирмалық атауын;

   3) шетелде өндіріс өнімі үшін сапа және қауіпсіздік көрсеткіштері
оны жеткізуге арналған шарттарда немесе оларға қоса берілген құжаттарда
көрсетіледі;

   4) егер олар өнімнің нақты түріне арналған нормативтік және (немесе)
техникалық құжаттарда көзделсе қолдану шарттары;

Экологиялық таза материалдардан жасалған өнімге экологиялық таза өнімге
арналған нормативтік құжаттамаға сәйкес белгі қойылуы тиіс.

Импорт өнім үшін өнімді шығарған елді, шетелдік дайындаушының фирмалық
атауын және мекен-жайын латын алфавитін пайдалана отырып, көрсетуге рұқсат
беріледі.

Ақпаратты дайындаушы (сатушы) өнімнің тікелей әрбір бірлігінен орауышта
(ыдыста), затбелгіде, заттаңбада, жапсырмада (стикерде), құжаттарда,
жадынамаларда (қосымша парақтарда) берілген мәтінмен, шартты белгілермен
және (немесе) суреттермен беруге тиіс.

Өніммен жанасатын ақпарат жазу құралдары оның қауіпсіздігіне әсер
етпеуі тиіс, ол таңбалау тұрақтылығын қамтамасыз етуі және халықтың
санитарлық-эпидемиологиялық саулығы саласындағы уәкілетті орган қолдануға
рұқсат еткен материалдармен орындалуы тиіс.   
  Өнімді нарықтағы айналымнан алып қоюға, оларды кәдеге жаратуға және
жоюға қойылатын талаптар  

Егер қауіпті өнімнің иесі оны айналымнан алып тастау жөнінде шаралар
қолданбаған жағдайда, мұндай өнім Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тәртіппен күштеп реттеу туралы Қазақстан Республикасының
белгіленген тәртіппен бекітілген стандарттау жөніндегі қолданыстағы
нормативтік құжаттарға, өнім өндіруші бекіткен үлгі-эталондарға және
техникалық сипаттамаларға сәйкес болуға тиіс.

Өнімді өндіру үшін қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес болатын
және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы
уәкілетті орган қолдануға рұқсат еткен шикізат пен материалдар қолданылуға
тиіс. Өнімді рұқсат етілген деңгейге дейін тұтану қатерін болдырмау немесе
оны төмендету үшін материалдар мен дайын өнімнің отқа төзімді қабаттары
болуы тиіс.

Осы Техникалық регламент қолданысқа енген сәттен бастап Қазақстан
Республикасының нормативтік құжаттары мен нормативтік құқықтық актілері осы
Техникалық регламент ережелеріне қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.

Осы Техникалық регламент қолданысқа енгізілгенге дейін берілген
сәйкестікті растау саласындағы құжаттар олардың қолданылу мерзімі
аяқталғанға дейін жарамды деп есептеледі

Осы Техникалық регламент өнім түріне қарай оның тұтынушы өмірі мен
денсаулығы үшін механикалық, химиялық және биологиялық қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін талаптарды белгілейді.

2-бап. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасы
Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен өзге
де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы
Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi
қолданылады.

3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы

1. Осы Заң өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, өнiмнiң өмiрлiк циклiнiң
процестерiне (бұдан әрi - процестер) қойылатын мiндеттi және ерiктi
талаптарды айқындау, белгiлеу, қолдану және орындау, олардың сәйкестігін
растау, аккредиттеу және техникалық реттеу саласындағы мемлекеттiк бақылау
мен қадағалау жөнiндегi қоғамдық қатынастарды реттейдi.
2. Өнiм, көрсетiлетiн қызмет, процестер техникалық реттеу объектiлерi
болып табылады.
3. Мемлекеттiк органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында
қызметiн жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының азаматтық
заңнамасына сәйкес техникалық реттеу объектiлерiне қатысты пайдалану
құқығын иеленетiн жеке және заңды тұлғалар техникалық реттеу субъектiлерi
болып табылады.

1.2 ҚР ДСҰ-ның құрамына өтуінің негізгі жақтары
Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу Қазақстанның экономикалық
өрлеуі, жаңғыруы мен бәсеге жарамдылығы үшін маңызды. Қазақстан халықарылық
стандарттарға сәйкес болуы және халықаралық сауда жүйесіне барынша қатысуы
тиіс. ДСҰ-на мүшелік – бұл сонымен қатар Серіктестік және ынтымақтасу
туралы келісімге (осы қатынастарды реттейтін негізгі келісім) және ЕО-тың
Жаңа тәсіл директиваларына сәйкес Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы
экономикалық ынтымақтастықтың негізгі құрамдас бөлігі.  Қазақстан ДСҰ-на
мүшесі болу туралы өтінішті 1996 жылы берді. Осы үрдісті басқару үшін
Индустрия және сауда министрлігі жанынан Жұмыс тобы және Ведомствоаралық
комиссия құрылды, сонымен қатар ДСҰ-на кіру жөніндегі Іс-шаралар жоспары
бекітіліп, Сыртқы саудалық режим туралы меморандум әзірленген болатын. Көп
тарапты келіссөздер (Қазақстанға деген елеулі экономикалық мүдделер бойынша
он сегіз мемлекетпен) 1997 жылы Женевада басталды. Қазақстанның қалыпты
сауда серіктестері (Ресей Федерациясы сияқты) де ДСҰ-ның мүшесі болуын
көздегендіктен, бұл процесс қолайлы жағдайда өтуде. Мүшелік негізгі ұлттық
басымдық ретінде қарастырылуда және ол Үкімет әрекеттерінің ресми
бағдарламасына енгізілген.  Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру ұлттық заңнама,
қолданыстағы өнім стандарттары, техникалық регламенттер мен сәйкестілікті
растау рәсімдерінің арасындағы үйлесімділікті күшейту жөніндегі шараларды
қажет етеді. Бұл Саудадағы техникалық тосқауылдарға және Фитосанитарлық
шараларға енгізілген. Осыған қол жеткізу үшін Қазақстан түрлі мақсаттарға
бағытталған реттеудің бұрынғы жүйесін жаңа заңдар, түрлі өнім стандарттарын
қабылдау арқылы сәйкестендіруі және сәйкестілікті растау рәсімдерін
қайтадан қарастыруы тиіс. [8] МАҚСАТТАР, ІС-ШАРАЛАР ЖӘНЕ ЖОБА
НӘТИЖЕЛЕРІ 
1999 жылы бекітілген Қазақстанмен Серіктесу және ынтымақтасу туралы
келісімге сәйкес Еуропалық одақ экономикалық реформаларды күшейту жөнінде
біршама жобалар мен тығыз экономикалық байланыстарға бастамашылық жасады.
Осы жоба ДСҰ-ның және ЕО-тың айрықшалықты талаптарына сәйкес болу үшін
Қазақстанға құқықтық әрі техникалық көмекті қамтамасыз ету үшін әзірленді.
Бұл өнім стандарттары мен сәйкестілікті растау рәсімдері бойынша
ынтымақтастықты және оны іске асыру жөніндегі шаралардың күшейтілуін
көздейді. 
Жобаның негізгі серіктесі – Индустрия және сауда министрлігі,
Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитет. Жоба командасы сонымен
қатар Қазақстандық Стандарттау және сертификаттау институтымен және оның
Ақпараттық орталығымен тығыз жұмыс істейді. Жоба осы тараптардың
стратегиялық қажеттіліктеріне жауап беру үшін және барлық жұмысты нақты
ұйымдастырып, олардың талаптарына сәйкес жүргізілуі үшін іске
асырылатындығын атап өту абзал.  Осы жұмыстың негізгі мақсаттары, бұл: 
• Техникалық реттеу және стандарттау жөніндегі осы заңнамалық ортаны ДСҰ-
ның СТТ келісіміне және ЕЭҚ-ның тиісті заңнамасына сәйкес келтіру.
• Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеттің, Қазақстандық
Стандарттау институтының, ДСҰ Департаменті қызметкерлерінің кәсіби
тәжірибесін жақсарту және Техникалық реттеу және метрология жөніндегі
комитеттің Ақпараттық орталығы мүмкіндіктерін арттыру.
• Қазақстандық және Еуропалық Стандарттау, аккредитациялау, метрология
жөніндегі органдар арасындағы кооперацияны күшейту.
 Осы мақсаттарға жету үшін, жоба батыл шаралар орындауда, ол: 
• Заң жобаларын әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс топтарын қолдау
арқылы заңнаманың үйлесімділігін күшейту, қолда бар қосымша 34 заңдар
бойфнша түсініктемелерді қамтамасыз ету, 150 өнім стандарттарын
қамтамасыз ету және 600 техникалық стандарттарына шолу жасау.
• Адам ресурстарын дамыту және техникалық регламенттерді, стандарттауды,
аккредитациялауды құру рәсімдері бойынша оқыту және нарықты бақылау
арқылы әлуетті арттыру, Техникалық реттеу және метрология жөніндегі
комитеті Стандарттау және сертификаттау институтының Ақпараттық
орталығы (МемСтандарт) үшін тренингтер мен құрал-жабдықты қамтамасыз
ету.
• Ақпараттық кампаниялар мен БАҚ үшін нақты тұжырымдалған жолдаулар
арқылы ДСҰ-ның мәселелері жөніндегі ақпараттылықты арттыру.
• Тестілер мен сертификаттарды өзара мойындаудан пайда алу үшін
стандарттау және аккредитациялау жөніндегі халықаралық ұйымдардың
жекелеген топтарына Қазақстанның қатысуын және мүшелігін күшейту,
Салалық жұмыс топтарға ықпал ету және ақпаратпен алмасу. [12]
Жобаның іс-шаралары заң жобаларының әзірленуін, реттеу жүйесінің реформасы
жөніндегі ұсыныстарды, техникалық-заңдық семинарлар ұйымдастыруды, ЕО-тың
Директивалары мен техникалық стандарттар сияқты маңызды материалдар алуды,
дербес және ұйымдастырушылық мәселелер бойынша оқытуды, халықаралық қарым-
қатынастардың күшейтілуін және оқыту сапарларын ұйымдастыруды қамтиды. 
Еуропалық кеңес Бір миллион евро сомасында жобаны қаржыландырады. Оның іске
асырылу кезеңі – 2005 жылғы қыркүйектен 2007 жылғы шілдеге дейін. 

1.3. Стандарт, сапа және тағам өнімдерінің қауіпсіздігі

Сүт. Шаруашылықтардың әртүрінен сатып алынған сүттің сапасы
өндірістік өңдеу үшін МЕМ СТ 13264-88 Сиыр сүті. Сатып алудағы талаптар
талаптары бойынша шектеледі.
Осы стандартқа сәйкес, сүт дені сау сиырлардан, әртүрлі жұқпалы
аурулардан аман, ветеринарлық санитарлық ережелерге сәйкес шаруашылықтың
түрлерінен алынады. Сапасы бойынша сүт мынандай талаптарға сай болуы керек.
Сүт сауғаннан кейін механикалық қоспалардан тазартылып 2 сағаттан
кейін температурасы 60С-қа дейін салқындатылуға тиісті. Сүт табиғи, ақ,
сарғыш түсті, тұнбасыз. Сүтті қайтаруға болмайды. Сүтке тән емес заттардан
болмауы тиіс. Сүтте ауыр металдар, мышьяк, афлотоксин М1 және пестицидтер
қалдығы ҚР ОБД министрлігінің денсаулық комитеті бекіткен жоғары рұқсат
деңгейінен жоғары болмау керек. Сүттің тығыздылығы 1,027 кгм3 кем емес.
Шикі сүт талаптарға сай үш сортқа бөлінеді – жоғары, бірінші, екінші. [15]
Сүттегі май мен белоктың мөлшері сол аумақтағы базистік нормадан
төмен болмауға тиіс. Тығыздылығы 1,026 кгм3, қышқылдылығы 150С.
МЕМСТ 13264-88 талаптары бойынша сүт қасиеті 2-кестеде көрсетілген.

Кесте 2 – МЕМСТ 13264-88 талаптары бойынша сүттің органолептикалық қасиеті

Көрсеткіштер Сорт нормалары
Жоғары Бірінші Екінші
Иісі мен дәмі Сүтке тән басқа иісі, Аздап азық иісі мен
дәмі жоқ дәмі көктемгі, қысқы
кезде рұқсат
Қышқылдығы, 0Т 16-18 16-18 16-20
Бактериалдық тазалығы, 1 1 2
мызсм3 эталонмен 300 дейін 300-ден 500-ден 4000 дейін
тазалау деңгейі. 500 500- дейін 1000
Соматикалық клеткалардың 1000
мөлшері мыңсм3

Стандарт талаптарына сай емес немесе сиыр туғаннан кейін 7 күн ішінде
және суалудан 7 күн бұрынғы, бейтараптаушы, консервілеуші заттар, өсімдік
және мал қорғау химиялық заттары, антибиотиктер және кермек, борсыған иісі,
пияз, жусан, жуа иісі білінетін сүттер қабылдауға жатпайды. Сүтте
ингибирлік заттар, зерттеу күні байқалған болса, тіпті басқа көрсеткіштері
стандарт талабына сай келіп тұрса да сүтті қабылдамайды, сол күні сүтті
сортқа жатпайтын ретінде қабылдайды.
Сүттің келесі партиясын, бактериалдық тазалығы мен ингибирлік
заттарды зерттеп анықтағанға дейін қабылдауды тоқтатады. Егер зерттеу
нәтижесі бұрынғы зерттеуді растайтын болса, сүт қабылдау тоқтатылады.
Сүтті шаруашылықта, Ветеринарлық заңдылықта көрсетілген талапқа сай
сақтайды. Сүтті арнаулы сүт автоцистернасымен немесе флягтармен
тасымалдайды.
Жоғары сапалы сүт тағамдарын тек қана сапалы сүттен алуға болады, ол
белгілі физикалық-химиялық, технологиялық талаптарға сәйкес болуы тиіс.
Тамақ өнімдерін өндіру үшін тағамдық өнімдердің қауіпсіздігі аясындағы
нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес шикізатты пайдалану керек.
Тағамдық өнімдерді өндіру кезінде заңнамамен бекітілген тәртіпте
мемлекеттік тіркеуден, санитарлы-эпидемиологиялық немесе ветеринарлық-
санитарлық сараптаудан өткен азықтық қоспаларды, малдардың өсу
стимуляторларын (соның ішінде гормональді препараттарды) пестицидтерді,
агрохимикаттарды қолдануға рұқсат етіледі.
Балалар тағамын, диетикалық және емдік профилактикалық тағамдарды
өндіру кезінде өсу стимуляторлар (сондай-ақ гормональді препараттарды),
дәрі-дәрмектердің жеке түрлерін, пестицидтер, агрохимикаттар, генетикалық
модификацияланған объектілер, сәйкестендірілген заттар мен қосылыстар
қосылған өндірістік шикізаттарды пайдалануға рұқсат берілмейді.
Тағам өнімдерінің қауіпсіздігіне өндірістік бақылау, тағам өнімдерінің
қауіпсіздігі саласындағы нормативті құқықтық актілердің талаптары негізінде
тағам өнімдері айналымының субъектілерімен жасалған тәртіпте жүргізіледі.
Тағам өнімдерінің қауіпсіздігіне бақылау, Қазақстан Республикасынның
заңдылығымен бекітілген тәртіпте аттестацияланған немесе аккредиттелген
зертханаларда жүргізіледі.
Сүт өнімдерін дайындауға арналған сүт инфекциялық ауруы жоқтығы жөнінде
анықтамасы бар, деңі сау малдан алынуы керек.
Сүт және сүт өнімдерін дайындау кезінде механикалық қосындылар болмауы
керек.
Токсинді элементтер афлотоксин М1, антибиотиктер, пестициттер,
патогенді микроорганизмдер, оның ішінде салмонелла санитарлық нормаларға
сай болуы керек.
Балаларға арналған сүт тағамдары және диетикалық тағамдарды дайындау
сүт жоғарғы сортты болуы керек, ал термотұрақтылығы екінші топтан кем емес.
Сүттің тазалығы сауғаннан кейін 2 сағат ішінде тексеріліп
салқындатылады (4±20С). [16]

1.4. Халықаралық ИСО 9000 сериялы стандарттарының сипаттамасы.

ISO 9000 сериялы стандарттар талаптарына сәйкес келетін сапа
менеджменті жүйесі әлемде барынша белгілі және танымал. Осы стандарттың
алғашқы нұсқасы 1987 жылы қабылданған болатын, осы уақыттан бері ISO 9000
сериялы стандарттар сапа менеджменті жүйесіндегі әлемдегі ең енгізілетін
стандарт.
Сапа менеджментінің идеологиясы компания өнімін (қызмет көрсетудің)
өндірудің барлық процестерін үнемі және жүйелі түрде басқару болып
табылады, оның негізгі мақсаты компанияның барлық қызметкерлерінің және
компанияның сапа менеджментіндегі басшылығында жетекші роль атқаратындардың
қатысуымен тұтынушылардың қолданыстағы және күтілетін қажеттілігін
қанағаттандыру болып табылады.
Алыс шет елдерде сапа менеджмент жүйесін шағын кәсіпорындарда кенінен
енгізеді. Мысалы, Австралияда ISO 9001 стандарты талаптарына сәйкес 17 мың
сертификат тіркелді, олардың көбі шағын кәсіпорындар: өндіріс, қызмет
көрсету саласы, мемлекеттік және муниципальдық басқару органдары. Қытайда
ISO 9001 стандарты талаптарына сәйкес сертификаттар тіпті мектепке дейінгі
мекемелерде де бар.
ХС ISO 9001 бойынша берілген сертификаттардың саны туралы салыстырмалы
деректер 3-кестеде берілген.

Кесте 3- ИСО 9001 стандарты бойынша берілген сертификаттардың саны
Әлемдік 2002 2003 2004 2005 2006
нәтижелер желтоқсан Желтоқсан желтоқсан желтоқсан желтоқсан
Әлемдік 167124 497919 660132 773867 997866
қорытынды
Әлемдік өсу 122736 330795 162213 113735 123999
Елдер саны 133 149 154 161 170
экономикалық
жүйелер

ИСО 9001:2000 Сапа менеджмент жүйесін енгізу
Электрондық әкімдік құрудың ең басты басымдықтарының бірі
мемлекеттік басқару жүйесіне жаңартулар жүргізу болып табылады. Өскемен
қаласының мемлекеттік басқару органдарының мемлекеттік басқару жүйесін
жетілдіру мақсатында ИСО 9001:2000 халықаралық стандарттары талаптарының
сәйкестігіне сапа менеджменті жүйесін кезеңмен ендіру жүргізілуде.
9000 сериялы ИСО стандарттары дүниежүзі елдерінің барлық
өркениетті елдерінде танылған және кеңінен таратылған, ең көпшілік
стандарттар ретінде Гиннес рекордтары кітабына енгізілді. ИСО 9000
талаптары арасында көпретті ішкі нормативтік құжаттарды құру және қолдау,
барлық өткізілетін үрдістерді тиянақты құжаттандыруда іс жүргізуді және
құжатайналымын дұрыс ұйымдастыруға үлкен көңіл бөлінеді. ИСО 9000 стандарты
іс жүргізуді адам тіршілігінің маңызды саласы ретінде алғаш рет танытты.
ИСО 9000 стандарттарының негізінде нақты талаптар түрінде іске асырылған
сапа менеджментінің сегіз алғы үрдістері анықталды, олар:
1)тұтынушыларға бағдар;
2)басшылықтың рөлі;
3) қызметкерлерді тарту;
4) үрдістік ыңғай;
5) менеджментке жүйелік ыңғай;
6) тұрақты жақсарту;
7) дәлелдерге негізделген қабылданған шешімдер;
8) жеткізушілермен өзара пайдалы қарым-қатынастар.
Облыс әкімінің 2006 жылғы 1 желтоқсандағы № 1-122р Шығыс Қазақстан
облысының мемлекеттік органдарында ИСО 9001:2000 халықаралық стандарт
талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін енгізу және сертификаттау
бойынша жобаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту туралы өкімі
негізінде, қала әкімінің 2006 жылғы  20 желтоқсандағы № 1-23р өкімімен
Өскемен қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінде ИСО 9001:2000
халықаралық стандарт талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін енгізу
және сертификаттау бойынша жобаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары
бекітілді. Ағымдағы жылы жобаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын
орындау үшін қалалық бюджеттен 2000 мың теңге сомасында қаражат бөлінген
болатын. Жобамен кешенді іс-шаралар өткізу қарастырылды, олар: қолда бар
жүйені тексеру, қызметкерлерді оқыту, сапа менеджменті жүйесін әзірлеу,
енгізу және аудиті, сапа менеджменті жүйесін сертификаттау.
Мемлекеттік мекемеде сапа менеджменті жүйесіне дайындық және енгізу
бойынша кеңес беру қызметтерін көрсету үшін Қазақстандық сапа ұйымы ЖШС
2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 02-425-06 келісім-шарт жасалды (Алматы
қаласы, Фурманов көшесі, 119, директоры Б.Г. Жалғасбаева).    Келісім-
шартқа сәйкес 2007 жылғы наурыз айынан бастап серіктестік өз міндеттерін
орындауға кірісті. Жұмыстарды жүргізу үшін жетекші кеңесші болып А.В.
Гирева тағайындалды. 2007 жылғы 25 наурызда аппарат қызметкерлерінің,
Өскемен қаласының мемлекеттік органдары басшыларының қатысуымен жобаның
тұсаукесері өткізілді. Жобаны іске асыру аясында ұйымдастырушылық іс-
шаралар өткізілді, өкімдік құжаттар әзірленді және қабылданды: сапа
жөніндегі басшылық өкілі, сапа жөніндегі жауапты тағайындалды; жұмыс тобы
құрылды, оның құрамына қала әкімі аппаратының барлық меңгерушілері кірді;
сапа жөніндегі басшылық өкілі, сапа жөніндегі жауапты, жұмыс тобы туралы
ереже бекітілді; қолда бар басқару жүйесін тексерудің жоспар-кестесі,
аппарат қызметкерлерін оқыту бойынша бағдарлама құрылды және бекітілді;
ішкі аудиторлар тобы бекітілді. Дайындалған кезеңнің мақсаты басқарудың
оңды жақтары мен ИСО 9001:2000 стандарт талаптарына сәйкессіздіктің – әлсіз
жақтарын анықтай отырып, аппараттың басқару жүйесіне тексеру жүргізу және
қолда бар құжаттаманы талдау болып табылады.   Тексеру нәтижесінде келесі
жұмыстар жүргізілді: құрылымдас бөлімшелерде сауалнама жүргізу, жоғары
басшылықпен, бөлім меңгеруші-лерімен, бас инспекторлармен, мамандармен
кездесу және сұхбат алу, аппаратта жүзеге асырылатын қызметтер мен
үрдістерді сипаттау, аппараттың қызметін регламенттейтін ішкі нормативтік
құжаттарды анықтау (аппарат туралы ереже, регламент, нұсқаулықтар және
т.б.), қабылданатын үлгілерді, шаблондарды және есеп беру түрлерінің
тізімін құру. Менеджменттің қолда бар жүйесін тексеру нәтижесі бойынша
кеңесшімен дайындық кезеңі мен қала әкімдігіне қарауға ұсыну бойынша
есептеме құрылды. Жиналған ақпарат бұдан әрі сапа менеджменті жүйесінің
үрдістерін сәйкестендіру, ИСО 9001:2000 халықаралық стандарт талаптарына
сәйкес басқарудың қолда бар үрдістері мен жүйелерін бағалау, сондай-ақ
құжаттамаларды әзірлеу кезінде сапа менеджменті жүйесін енгізу және
сертификаттау үшін қолданылды. Сапа менеджменті жүйесі үрдістерін модельдеу
кезінде ИСО 9001:2000 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестік негізгі
бес бөлім бойынша топтастырылды: 
1) 4 бөлім. Құжаттама;
2) 5 бөлім. Басшылық жауапкершілігі;
3) 6 бөлім. Қорлардың менеджменті;
4) 7 бөлім. Өнімдерді шығару;
5) 8 бөлім. Өлшем, талдау және жақсарту.
Осындай сапа менеджменті жүйесін модельдеу бірізділікті ұсынуға
көрнекілік пен үрдістердің өзара байланысын береді, ол жүйелі талдау
жүргізуге және үрдістердің өзара байланысын және олардың ИСО 9001:2000
стандарт талаптарына, сондай-ақ тұтынушылардың талаптары мен мүдделі
жақтардың сәйкестігіне түсінуге мүмкіндік береді. Бұдан әрі нақтылау және
өзектілігі мақсатында сапа менеджменті жүйелерін модельін кезеңмен қайта
қарау қажет.
Сонымен қатар, жүргізілген тексерулер және ХС ИСО 9001:2000 талаптары
нәтижелері бойынша сапа менеджменті жүйесі құжаттамаларының көлемі
анықталды.
Сапа менеджменті жүйесінің 28 ішкі нормативтік құжаттары
әзірленді – сапа саласындағы Саясат пен Мақсаттар, РК УКА 001-07 Сапа
жөніндегі басшылық, 11 рәсім (олардың 6 ИСО 9001:2000 стандартының міндетті
құжаттандырылған рәсімдері болып табылады), 15 үрдістердің карталары,  26
үлгі, есеп беру түрлері. Менеджмент жүйесінің ішкі нормативтік құжаттары
қала әкімімен келісілген және бекітілген. (СМЖ қабылданған нормативтік
құқықтық құжаттарының тізімі қоса берілген).
Барлық ішкі нормативтік құжаттары жоғары басшылыққа, бөлім меңгерушілеріне,
бас инспекторларға, кеңесшіге қолдарын қою арқылы берілді және танысу және
бұдан әрі жұмыс үшін жалпы қолдану папкасына орналастырылды. Ұйымдастыру
құжаттамаларын басқару, Өкімдік құжаттамаларды басқару, Мұрағатты
басқару үш рәсімінің жобалары келесіде бекітумен қала әкімінің қарауында
болып табылады.
Қажетті білім берумен және серіктестік дағдыларымен қамтамасыз ету үшін
аппарат қызметкерлерін ИСО 9001:2000 халықаралық стандарттар талаптары. ХС
ИСО 9001:2000, Менеджмент сапасы жүйесінің ішкі аудиті бағдарламалары
бойынша оқыту жүргізілді. Оқыту нәтижелері бойынша алынған білім
қорытындылары бойынша тестілеу өткізілді, 8 қызметкерге сертификаттар
берілді, 3 қызметкер ішкі аудит сертификаттарын алды. ИСО 9001:2000
халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес Русский регистр Евразия ЖШС
сараптамашыларымен мекемелерді сертификаттауға дайындықты бекіту үшін (Л.В.
Пан, Н.И. Запорожская) ішкі аудит және сертификатталған тексеру өткізілді.
Тексеру барысында аудит критерийлеріне сәйкессіздік анықталды, олар бойынша
Сәйкес емес қызметтерді басқару ПРО УКА 803-07, Өңдейтін және ескертетін
әрекеттер ПРО УКА 804-07 рәсімдеріне сәйкес өңдейтін әрекеттер әзірленді
және қабылданды. Сараптамашылармен жазбаларды басқару,  құжаттамаларды
басқару, ішкі ақпараттандыру, жобалау және әзірлеу бойынша, тұтынушыларды
бағалау бойынша аппаратта маңызды мәселелер бекітілді. Сертификатталған
тексеру нәтижелері бойынша сапа менджменті жүйесін жақсарту бойынша, 2007
жылғы 11 қыркүйектегі № 07.215000.302 ережелерін қолдану бойынша
ұсыныстармен есеп беру ұсынылды. Сапа менеджменті жүйесін жақсарту үшін
сапа менеджменті жүйесіне жыл сайын жоспарлы негізде  талдау өткізу, соның
ішінде сапа саласында Саясат және Мақсатқа талдау, ішкі аудиттер,
анықталған сәйкессіздік бойынша өңдейтін әрекеттерді әзірлеу және орындау,
аппарат жұмысын жақсартудың жалпы жоспарын қалыптастыру ұсынылды. Құрылған
СМЖ құрылымында ерекше рөль сапа бойынша жауаптыға бөлініп беріледі  – СМЖ
құжатын сақтаудан бастап енгізу, тұрақты жақсарту бойынша талдау жүргізу
және есеп беруді құруға, СМЖ тұрақты жақсартуға дейін. СМЖ қолдау және
тұрақты жақсарту үшін сертифткатталғаннан кейін  сапа бойынша жақсарту
тұрақты негізде әрекет етуі қажет. Сапа менеджменті жүйесін жақсарту
бойынша ұсыныстар ішкі нормативтік құжаттарды енгізу жоспарына енгізілген.
Аппараттың СМЖ ішкі құжаттары, тексеру бойынша есеп берулер, аудит
нәтижелеріне өңдейтін әрекеттердің жоспары, сертификатты бекіту үшін
Русский Регистр сертификаттауы бойынша Қауымдастыққа бағытталды. [2]  
ИСО 9000 сериясының стандарттарына сәйкес сертификат үш жылға беріледі.
Сертификат әрекет ету ағымында сертификаттау бойынша орган жыл сайын ИСО
9001:2000 сапасы бойынша сапа менеджменті жүйесі стандартының талаптарына
сәйкес бекіту мақсатында инспекциялық бақылау өткізеді. Аппарат қызметінің
тұрақты жақсаруын миссия мен стратегияларды жүзеге асыруды қамтамасыз
ететін оның өзгертмейтін мақсаттағы сапасында, қызмет көрсету сапасын
жоғарлатуда, үрдістердің нәтижелілігін жақсартуды, сыртқы ортаның өзгеруін
өз уақытында реттеу үшін басқарудың қажетті икемділігін қамтамасыз
етуді,аппараттың жалпы тиімділігін жоғарлату керек.

ҚР СТ ИСО 14001 Экологиялық менеджмент

Экологиялық менеджментінің идеясы қоғамның әлеуметтік -
экономикалық қажеттіліктерімен баланс сақталған кезде қоршаған ортаны
қорғау және қоршаған ортаның ластануын болдырмау бойынша шараларды қолдау.
Экологиялық менеджмент жүйелері мүдделі тараптардың кең ауқымда қоршаған
ортаны қорғауға қатысты қажеттіліктеріне айналды.
2006 жылдың желтоқсанының аяғына дейін әлемде ISO 14001:2004 бойынша
140 елде және экономикалық жүйелерде 129199 санан кем емес сертификаттар
берілген болатын.
2006 жылдың қорытындысы бойынша жалпы саны 138 елде және экономикалық
жүйелерде 111 162 құраған, 2005 жылмен салыстырғанда 18037 (+16 %) артқанын
көрсетіп отыр.
Еңбекті қорғау және кәсіби сырқаттарды ескерту менеджменті саласында
OHSAS 18001:2007 – Кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы
менеджмент жүйесі, MOT-CУОТ 2001 ILO-OSH 2001 және ГОСТ 12.0.230-2007 ЕҚСЖ
Еңбекті қорғауды басқару жүйелері. Жалпы талаптар ILO-OSH 2001 еңбекті
қорғауды басқару жүйелері жөніндегі нұсқау. Аталған жүйеде басқару нысаны
жұмыс орындарында, өндірістік бөлімшелер мен ұйымдарды жалпы алғанда,
қауіпсіз және пайдалы еңбек шарттарын қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер
мен кәсіпорын бөлімшелерінің қызметі болып табылады.
Қазіргі заманғы менеджменттің әлеуметтік аспектісі ұлттық азшылыққа
және әйелдер құқығына шек қою, балалар еңбегін пайдалану, жергілікті ұлттық
қоғамдық саясатты қалыптастыруға тарту, кәсіподақтармен қатынасты
мәселелер, сондай-ақ жалақы мәселесі және еңбек, жеке бас гигиенасы мен
қауіпсіздік техникасы шарттары сияқты факторларды анықтайды. Менеджмент
жүйесін еңбекті қорғау және әлеуметтік жауапкершілік саласына ендіру ISO
9001 немесе ISO 14001 стандартына сәйкес экологиялық менеджмент негізінде
сапа менеджменті жүйесін енгізу сияқты әлемдік практикада кеңінен
танылмаған.

ИСО 22000 қауіпсіздік стандарты

Бүгінгі күні тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін әлемдік стандартқа сай
қамтамасыз ете алатын кәсіпорындар ғана бәсекеге қабілетті бола алады.
Сонымен қатар, тамақ өнімдерінің әлемдік рыногы өнім қауіпсіздігіне
қойылатын бірыңғай талаптарды белгілеуді өте-мөте қажет етуде. Алайда
санитарлық-гигиеналық нормалардағы ұлттық айырмашылықтар халықаралық сауда
базасын құруға айтарлықтай кедергі жасап келді. Осындай жағдайда қажетті
сәйкестікке қол жеткізу үшін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін басқару
жүйесінің жаппай мақұлданған моделін енгізу көзделген еді. Осы мақсат
бойынша 2005 жылдың тамыз айында ИСО 22000:2005 “Тамақ өнімдері
қауіпсіздігінің менеджмент жүйелері. Тамақ өнімдерін өндіру және тұтыну
саласындағы барлық ұйымдарға қойылатын талаптар” халықаралық стандарты
бекітілді. [19]
Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі жөнінен алғашқы болып табылатын осы
стандарт кез келген тамақ өндіру кәсіпорны үшін тамақ өнімдерінің
қауіпсіздігін басқару жүйесін әзірлеу кезінде ұстанатын қағидалар мен
жүзеге асырылатын іс шаралар тізбегін қамтиды. Бұл стандарт, сондай-ақ
құрал-жабдық, орама, қапшық, тағамдық қоспалар мен шикізат, өсімдік және
мал шаруашылығы өнімдері, мал азығы т.б. өндіретін ұйымдарға қатысты. Яғни
ИСО 22000:2005 стандарты азық-түлік тауарларын өндіру, өңдеу, өткізу,
салаларындағы операцияларды түгелдей реттеуге арналған. Осы халықаралық
стандарттың маңыздылығын ескере отырып, ҚР Техникалық реттеу және
метрология комитеті ҚР СТ ИСО 22000-2006 мемлекеттік стандарттын әзірлеп,
қолданысқа енгізді. Сондықтан еліміздегі ауылшаруашылық ұйымдарынан бастап
өнімді өткізуге дейінгі аралықтағы тамақ өнімдерімен айналысатын барлық
мекеме, кәсіпорындар тамақ өнімінің қауіпсіздік жүйесін әзірлеп, енгізуде
осы стандартты толық пайдалана алады.
Халықаралық стандарт 22000:2005 НАССР принциптері мен оларды енгізу
сатыларын қамтиды. Сонымен қатар, жүйенің қажетті бағдарлама, жоспарларын
біріктіреді. Яғни, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қатысты іс әрекеттерді
жоспарлауға көмектеседі. Жұмыс бағдарламасы қауіптілікті талдау арқылы
анықталады және ол қауіптіліктің пайда болу ықтималдығын басқару үшін
қажет. Халықаралық ИСО 22000:2005 стандарты пайда болуы мүмкін
қауіптіліктің барлығын да бірдейлендіру және бағалауды талап етеді.
Халықаралық стандарт ИСО 22000:2005 бойынша қауіптілікті талдау
кезінде кәсіпорын алдын ала қажетті жұмыс бағдарламасы мен НАССР жоспарын
ұштастыра отырып стратегияны анықтайды. Ұқсас өнімдердің шикізаты,
ингридиенттері, технологиясы, орамасы, сақтау шарты бірдей болған жағдайда
НАССР жоспары бір болады. Басқа жағдайда әрбір өнімнің өзіндік НАССР
жоспары болуы тиіс. Осылайша ИСО 22000:2005 стандарты нақты бір ұйымда
тамақ өнімдерінің бірдейлендірілген қауіптілігін басқару ісін қамтамасыз
етуіне көмектеседі. Сондай-ақ, стандартта қадағалау, талдау және
сәйкессіздікті басқару жүйесін қолдану туралы талаптар белгіленеді. Басқару
іс қимылдарын жан-жақты пайдалану тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін басқару
жүйесін ұдайы жақсартуға ықпал етеді. Жекелеген ұйымдардың осы стандартты
пайдалануына көмек ретінде техникалық шарт ИСОТШ 22004:2005 “Тамақ
өнімдері қауіпсіздігінің менеджмент жүйелері. ИСО 22000:2005-ті қолдану
жөнінен жетекші нұсқаулық” әзірленген.
ИСО 22000:2005 халықаралық стандарты менеджмент жүйесі жөніндегі
басқа стандарттардан тәуелсіз қолданыла алады. Ол ИСО 9001-мен
үйлестірілгендіктен, ұйымдарға сапа және қауіпсіздік менеджментінің
ықшамдалған жүйесін құруға мүмкіндік береді. Ұйымның жалпы басқару іс-
қимылына тамақ өнімдері қауіпсіздігінің тиімді жүйесін енгізу тек сол
ұйымға ғана емес, сонымен қатар, барлық мүдделі тараптарға да өте зор пайда
келтіреді.

1.5 Өнімдердің қауіпсіздік жүйесі (ХАССП)

Қазіргі кезеңде “азық-түлік қауіпсіздігі” деген ұғым екі мағынада
қолданылып жүр. Біріншісі азық-түліктің жетіспеушілігі туралы да, екіншісі
азық-түлік өнімдерінің сапасына қатысты, яғни адам ағзасына тигізетін
зиянды әсері жайлы түсінік болып табылады. Басқаша айтқанда, біріншісі,
экономикалық қорларды басқару, реттеуге қатысты болса, екіншісі тікелей
сапалық басқаруға қатысты ұғымдар. Біз осы мақалада екінші ұғым төңірегінде
сөз қозғамақпыз.
Тамақ өнімдерінің әр түрлі вирус, паразиттермен залалдануы адам
денсаулығына қауіп төндіруші негізгі факторлардың бірінен саналады. Соңғы
кездері адамзатты алаңдатқан сиыр құтырығы, құс тұмауы, жануарлар мен құс
еттерінде сальмонелл бактерияларының пайда болуы, өнімнің экологиялық
залалдануы сияқты адам өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін көптеген
қауіпті факторлар пайда болуда. Сонымен қатар, генетикалық өңдеу жолымен
алынған белоктардың аллергиялық ауруларды қоздыру ықтималдығы басым болса,
ауыл шаруашылығы саласында кеңінен қолданылатын химиялық заттар
(пестицидтер, нитраттар, ауыр металдар, т.б.) өсімдік пен малдан алынатын
тамақ өнімдерінде сақталу арқылы адам ағзасына тікелей қауіп төндіреді.
Тамақ өнімдерінде химиялық зиянды заттардың (канцерогендер, аллергендер,
т.б.) пайда болуына кейде өндірістік процестердің де әсері айтарлықтай
болуы мүмкін. Соңғы уақыттарда тамақ өнімдерін өндіру, айналымға жіберу
барысындағы контаминация (қауіпті факторлардың өнім құрамына енуі)
қауіптілігі күрт жоғарылауда. Мұндай қауіптілік физикалық, химиялық және
биологиялық сипатта, өнімнің өмірлік циклінің кез келген сатысында –
шикізатты өндіруден бастап дайын өнімді пайдалануға дейінгі аралықта пайда
болуы ықтимал. Тамақ өнімдерінде химиялық қауіпті заттардың пайда болуы
кейбір жағдайларда өндірістік технологияның кемшілігінен де болуы мүмкін.
Сонымен қатар, кейбір оңай олжа тапқысы келетін сапасы төмен
адамдардың заңсыз әрекетінен рынокта жалған өнімдердің пайда болуын да
жоққа шығаруға болмайды. Жалған өнім жасаушылар тұтынушыларды алдап қана
қоймайды, кейбір жағдайларда сол жалған өнімдерімен адам денсаулығына зиян
келтіріп, өміріне қауіп төндіруі де мүмкін. Әсіресе, тамақ өнімдерінің
белгілі бір құрамдарын арзан да сапасыз қоспалармен алмастыру арқылы
олардың санын немесе салмағын молайту, өнімнің сыртқы орама, қапшығына оның
құрамы мен тағамдық құндылығы туралы жалған ақпараттар беру (мысалы, табиғи
емес өнімді табиғи етіп көрсету), т.с.с. тәсілдерді қолдана отырып
тұтынушыны алдап, жаңылыстыратын әрекеттер жиі ұшырасады. Сондықтан мұндай
әрекеттердің жолын кесу үшін Үкімет пен тұтынушы қауым күш қосып күресуі
қажет.
Елімізде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі
Қазақстан Республикасының “Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі
туралы” (2004 ж.), “Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы” (1992 ж.),
“Техникалық реттеу туралы” (2004 ж.), т.б. заң актілерінде қарастырылған.
Осы заң актілерінде белгіленген талаптарды орындау, тамақ өнімінің сапасы
мен қауіпсіздігін тұрақты түрде қамтамасыз ету үшін әлемнің көптеген
елдерінде НАССР (Hazand Analysіs and Crіtіcal Control Poіnts) жүйесі сәтті
пайдаланылуда. Қазақша мағынасы тәуекелдерді талдау және сыны бақылау
нүктелері немесе өнімнің қауіпсіздігіне айтарлықтай әсер етуші қауіпті
факторларды жүйелі түрде бірдейлендіру, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тағам өнімдерін өндіретін кәсіпорында стандарттардың талаптарына сәйкес сапалы және қауіпсіз өнімдерді қамтамысыз ету
Гормолзавод ЖШС-не Сапа менеджмент жүйесін енгізу
Қазіргі жағдайдағы ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын басқаруды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу
Ауыл шаруашылық өнімін өндіруге арналған ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер
Бәсекеге қабілетті кәсіпорынның факторы ретінде өнім сапасын басқару
Еңбекші қазақ ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары
Компанияның маркетингтік макроортасының факторларына жалпы сипаттама
«Алекс» ЖШС ыдысқа құю бөліміне сапа менеджмент жүйесін әзірлеу және енгізу негізінде сапаны басқару процесін жетілдіру
Сапаны басқару концепциясы
Сапаны басқару жүйесінің теориялық негіздері
Пәндер