Ойын арқылы мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділігін арттыру



Кіріспе
I.тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы танымдық белсенділігін арттырудың теориялық негіздері
1.1. Мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділігін ойын арқылы арттырудың ықпалы
1.2.
II.тарау. Балалардың ойын арқылы танымдық белсенділігін арттыру әдістемесі
2.1.
2.2. танымдық қызығушылықтарын ойын іс.әрекетінде дамыту жолдары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Балабақшада балаларды оқытудың ерекшеліктеріне сәйкес пәндердің өзіндік дамыту мақсат-міндеттері мен білім берушілік, тәрбиелік сипаты анықталған.
Балаларға ойын іс-әрекетінің оқыту барысындағы ықпалы және балалардың танымдық белсенділігі мен қызығушылықтарын арттыруға әсер етуі туралы атақты ғылым-педагогтар К.Д.Ушинский, В.А.Сухомлинский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренколар және қазақтың белді ағартушы-ғылымдары Ж.Аймауытов, Т.Тәжібаев, М.Жұмабаев, С.Торайғыровтар өз еңбектерінде атап көрсетті. Ойын іс-әрекетінің тәрбиелік маңызы туралы В.И.Петрова мен О.С.Богдановалар жазды. Олар ойынның баланы тұлға етіп қалыптастыруға әсер етуші негізгі фактордың бірі екендігін дәлелдеді.
Еңбекке баулу пәнін оқытуда балалардың бойындағы көптеген асыл қасиеттері қалыптасады. Қазақ халқының еңбекке үйрету, баулу мәселесі - өзекті мәселенің бірі әрі халықтық педагогикадағы белді көзқарасы. Балабақшада оқушыларға еңбекке баулу пәнін оқытуда ойын іс-әрекетін пайдалана отырып, олардың танымдық қызығушылықтарын, жеке белсенділіктерін дамыту жолдарын анықтау барысында көптеген педагогикалық тұжырымдамалар талданды.
Ойын төменгі сынып, яғни бастауыш сынып оқушыларына өте жақсы таныс. Ойын іс-әрекеті оларды тартып, баурап, өмірлерін қызықты әрі көңілді етеді. Сондықтан оқыту процесінде ойынның оқушылар дамуына тікелей ықпал етуші фактор екендігі белгілі болғанмен, пәндерді оқыту барысында оның өзіндік сипатын анықтап, көрсету және оның әдістемелік көріністерін айқындау қажеттілігі туындады. Ойынның баланың танымдық қызығушылығын, және белсенділіктерін, қабілеттілігін дамытуға қосар үлесі ұшан теңіз. Еңбекке баулу сабақтарында балалардың оқуға деген құштарлықтарын қамтамасыз етіп, балада қалыптасатын еңбектік іскерлік пен дағдыларды танымдық іс-әрекет арқылы дамытуда ойын әрекеттері негізгі қызмет атқарады. Балалардың логикалық және абстракті ойлауына, қиялы мен елестетулеріне, есте сақтауына тікелей әсер етіп, олардың дамуына ықпал жасаушы әрекеттер – ойын әрекеттері болып табылады. Әсерлі әрі дұрыс ұйымдастырылған ойын іс-әрекеті балалардың әртүрлі ойындарға қатысын анықтауға, олардың ойынға берілуі, араласу дәрежесін біліп отыруға, сол арқылы олардың ықыласын одан әрі дамытуға, ойынды педагогикалық мақсатты мазмұнмен байытып отыруға зор көмегін тигізеді.
Зерттеудің көкейтестілігі: ойын әрекеттерін оқу пәндерін оқытуда мақсатты пайдалану – мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділіктерін ойын арқылы арттыруға негізгі дамытушы фактор болып табылады.
1. Қазақстан Республикасының білім туралы заңы. Астана, 2000.
2. Шаталов В.Ф. Точка опоры. Москва. Педагогика, 1987.
3. Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысының оқу бағдарламалары. (1-4 сыныптар). Алматы, 1998.
4. Бастауыш білім мазмұнының тұжырымдамасы. Алматы, 1990.
5. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы 2002
6. Сластенин В.А., Баранов С.П., Болотина Л.Р. Педагогика. Москва. Просвещение 1987.
7. Талызина Н.Ф. Формирование познавательной деятельности младших школьников. Москва. Просвещение 1988.
8. Богданова О.Ц., Петрова В.И. Бастауыш кластардағы тәрбие жұмысының методикасы. Алматы. Мектеп. 1981.
9. Подласый И.П. Педагогика. Новый курс в двух книгах. Москва. Владос 2001.
10. Әбиев Ж.А., Бабаев С.Б., Құдиярова А. Педагогика. Алматы. Дарын 2004.
11. Жарықбаев Қ.Б. Жантану негіздері. Алматы. Кітап. 2002.
12. Обучение в 1 классе. Пособие для учителей четырехлетней начальной школы в двух книгах. (Под. Рук. О.Н.Сороцской) Москва. Просвещение. 1988.
13. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы. Ана тілі. 1992.
14. Я.А.Каменский, Д.Локк, Ж.-Ж.Руссо, И.Г.Песталоцци. Педагогическое наследие. Москва. Педагогика. 1987.
15. Сабыров Т.С. Балалардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. Алматы. Мектеп. 1988.
16. Сабыров Т.С. Оқыту теориясының негіздері. Педагогикалық колледжілер мен училищелерге арналған дидактикалық оқу құралы. Алматы. Республикалық баспа кабинеті. 1993.
17. Сатқанов О.Ц. Еңбекке баулу әдістемесі. Алматы. Рауан, 1993.
18. Шмекеев Г.М. Еңбекке баулу оқыту әдістемесі. Алматы. Атамұра, 1999.
19. Машинистов В.Г. Дидактический материал по трудовому обучению. 2 кл. Москва. Просвещение, 1989.
20. Трудовое обучение в начальных классах.(Мұғалімдерге арналған құралдар, құрастырушылар: И.Г.Майорова, В.И.Романина, Д.М.Тарнопольский, А.М.Гусакова). Москва. Просвещение, 1983.
21. Цейтлин Н.Е., Рожнев Я.А. Наблюдение и опыты на уроках труда в начальных классах. Москва. Просвещение, 1980.
22. Төленбаев Н.Е., Рожнев Я.А. Наблюдения и опыты на уроках труда в начальных классах. Москва. Просвещение, 1980.
23. Қазақ оюы (Құрастырған Ж.Ш.Баримбеков). Алматы. Өнер, 1986.
24. Педагогикалық ізденіс. Алматы. Мектеп, 1989.
25. Құғланбаева Ә. Технология пәнін жаңаша оқыту әдістері. (Мектептегі технология журналы. №9. 2003).
26. Қоянбекова С. Танымдық іс-әрекетті белсендіру ерекшеліктері. (Қазақстан мектебі, №7, 2003).
27. Ахметжанова А. Балалардың қызығушылығын арттыру жолдары. (Бастауыш мектеп, №1, 2004).
28. Жұмабекова Ф.Н., Ойшыбаева А.А. Құрастыру және қол еңбегі: Дидактикалық материалдар. 6-7 жастағы балаларға арналған. Алматы Кітап. 2003.
29. Джексон Д. Поделки из бумаги. Книга для учащихся. (Перевод с англ. С.В.Григорьевой). Москва. Просвещение, 1979.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   
Ойын арқылы мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділігін арттыру

Мазмұны

Кіріспе
I-тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы
танымдық белсенділігін арттырудың теориялық негіздері
1.1. Мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділігін ойын
арқылы арттырудың ықпалы
1.2.
II-тарау. Балалардың ойын арқылы танымдық
белсенділігін арттыру әдістемесі
2.1.
2.2. танымдық қызығушылықтарын ойын іс-әрекетінде дамыту
жолдары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Балабақшада балаларды оқытудың ерекшеліктеріне сәйкес пәндердің өзіндік
дамыту мақсат-міндеттері мен білім берушілік, тәрбиелік сипаты анықталған.
Балаларға ойын іс-әрекетінің оқыту барысындағы ықпалы және балалардың
танымдық белсенділігі мен қызығушылықтарын арттыруға әсер етуі туралы
атақты ғылым-педагогтар К.Д.Ушинский, В.А.Сухомлинский, Н.К.Крупская,
А.С.Макаренколар және қазақтың белді ағартушы-ғылымдары Ж.Аймауытов,
Т.Тәжібаев, М.Жұмабаев, С.Торайғыровтар өз еңбектерінде атап көрсетті. Ойын
іс-әрекетінің тәрбиелік маңызы туралы В.И.Петрова мен О.С.Богдановалар
жазды. Олар ойынның баланы тұлға етіп қалыптастыруға әсер етуші негізгі
фактордың бірі екендігін дәлелдеді.
Еңбекке баулу пәнін оқытуда балалардың бойындағы көптеген асыл
қасиеттері қалыптасады. Қазақ халқының еңбекке үйрету, баулу мәселесі -
өзекті мәселенің бірі әрі халықтық педагогикадағы белді көзқарасы.
Балабақшада оқушыларға еңбекке баулу пәнін оқытуда ойын іс-әрекетін
пайдалана отырып, олардың танымдық қызығушылықтарын, жеке белсенділіктерін
дамыту жолдарын анықтау барысында көптеген педагогикалық тұжырымдамалар
талданды.
Ойын төменгі сынып, яғни бастауыш сынып оқушыларына өте жақсы таныс.
Ойын іс-әрекеті оларды тартып, баурап, өмірлерін қызықты әрі көңілді етеді.
Сондықтан оқыту процесінде ойынның оқушылар дамуына тікелей ықпал етуші
фактор екендігі белгілі болғанмен, пәндерді оқыту барысында оның өзіндік
сипатын анықтап, көрсету және оның әдістемелік көріністерін айқындау
қажеттілігі туындады. Ойынның баланың танымдық қызығушылығын, және
белсенділіктерін, қабілеттілігін дамытуға қосар үлесі ұшан теңіз. Еңбекке
баулу сабақтарында балалардың оқуға деген құштарлықтарын қамтамасыз етіп,
балада қалыптасатын еңбектік іскерлік пен дағдыларды танымдық іс-әрекет
арқылы дамытуда ойын әрекеттері негізгі қызмет атқарады. Балалардың
логикалық және абстракті ойлауына, қиялы мен елестетулеріне, есте сақтауына
тікелей әсер етіп, олардың дамуына ықпал жасаушы әрекеттер – ойын
әрекеттері болып табылады. Әсерлі әрі дұрыс ұйымдастырылған ойын іс-әрекеті
балалардың әртүрлі ойындарға қатысын анықтауға, олардың ойынға берілуі,
араласу дәрежесін біліп отыруға, сол арқылы олардың ықыласын одан әрі
дамытуға, ойынды педагогикалық мақсатты мазмұнмен байытып отыруға зор
көмегін тигізеді.
Зерттеудің көкейтестілігі: ойын әрекеттерін оқу пәндерін оқытуда
мақсатты пайдалану – мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділіктерін
ойын арқылы арттыруға негізгі дамытушы фактор болып табылады.
Зерттеудің мақсаты: Мектепке дейінгі балалардың ойын арқылы танымдық
белсенділіктерін арттыру жолдарын көрсету.
Зерттеудің мақсатына сәйкес мынадай міндеттер қойылды:
1. Оқыту процесіндегі танымдық әрекеттер, ойын, белсенділік ұғымдарына
түсініктемелер беру.
2. Мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділігін ойын арқылы дамыту
ерекшеліктерін анықтау.
3. Балалардың танымдық белсенділіктерін ойын арқылы арттыру жолдарын
көрсету.
Зерттеу объектісі: Балабақшада оқыту-тәрбие үдерісіндегі балалардың
танымдық белсенділіктері.
Зерттеу пәні:
Зерттеу әдістері: Озық педагогикалық тәжірибелерді талдау, сараптау,
бақылау, анкета әдістері.
Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған
әдебиеттерден тұрады.

I-ТАРАУ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ТАНЫМДЫҚ
БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділігін ойын арқылы
арттырудың ықпалы

Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік экономикалық дамуының жетекші
ролін атқарады. Сондай-ақ оны әрі қарай айқындай түседі. Ал білімнің
қалыптасып дамуының жалпы шарттары философиясының негізгі мәселесі - рухтың
материяға, сананың болмысқа, қатынасы тұрғысынан зерттелетін ілім - таным
теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылими теориялардан түбірлі
айырмашылығы ол - білімнің қалыптасуымен негізделуінің жалпы ұстанымдарын,
объективтік қатынастарды қалыптастыру болып табылады.
Танымдық әрекет - оқушының білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті.
Танымдық әрекет - танымдық қажеттіліктен, мақсат, танымдық және
әрекетті орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады.Танымдық әрекеттің негізінде
оқушыларда танымдық белсенділік, танымдық ізденімпаздық қалыптасады.
Т.И.Шамова танымдық ізденімпаздықты жеке адамның білім мен іс-әрекет
тәсілдерін біреудің көмегінсіз игеруге, қоршаған өмір шыңдығын одан әрі
өзгерту және жетілдіру мақсатымен танымдық міндеттерді шешуге ұмтылысымен
және белсенділігімен сипатталатын қасиеті ретінде қарастырады.
Е.Б. Ястребова танымдық іс-әрекет ұғымын жеке тұлғаның қасиеті, яғни
баланың кәсіби дайындығы барысында өз күшімен білім мен іс-әрекет
тәсілдерін игеру және оны оқу, зерттеу, практикалық әрекеттерде қолдану деп
түсіндіреді.
Н.Ф. Талызина бастауыш мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекетінің
қалыптасуына жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізіп, маңызды тұжырымдамалар
жасады. Мәселен, бірінші сынып балаларының ойын арқылы, танымдық іс-
әрекеттің тәсілдері арқылы ақыл-ойларын дамытып, бірте-бірте ойынды оқу іс-
әрекетімен алмастыру қажеттігін анықтап көрсетті.
Жеке адамның өмірге, табиғатқа көзқарасының қалыптасу процесі
дүниетаным идеясы элементтерін игеруден, яғни білімнің, ғылымның негіздерін
және мінез-құлақтың белгілі нормаларын білу, оларды сақтай білуден
басталады. Дүниетанымдық білімдер - оқытудағы оқушы танымын қалыптастырудың
негізі.
Дүниетанымдық білімін оқушылар ақыл-ой күшінің дамуына, білім деңгейіне
сәйкес бірте-бірте игереді. Орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский әрбір
сыныптан, ең кіші сыныптан бастап балалардың жасына қолайлы өзінің
жинақталған көзқарасы болуы керек. Әрбір жыл сайын бұл көзқарастың
тереңдетілуі, кеңеюі, толықтырылуы тиіс - деп жазды.
Оқыту мен тәрбиенің әрбір кезеңінде дүниетанымдық білімнің мазмұны,
тереңдігі және оларды оқушыларға түсіндіру мемлекеттік оқу және тәрбие
бағдарламаларында қарастырылған. Оларда балалардың жас ерекшеліктері және
күрделі дүниетанымдық ұғымды игеру қабілеттері еске алынған.
Бастауыш сынып оқушылары табиғаттың құбылыстары, дүние, адамның
табиғатпен өзара әрекеттесуі, қоғам өміріндегі оның іс-әрекеті туралы
ғылими білімнің бастапқы негіздерін игереді. Оқыту және тәрбие барысында
Отан, халық туралы, алдыңғы қатардағы адамдардың, дүние жүзі халықтарының
бейбітшілік және бақыты үшін күресі туралы балалардың түсінігі қалыптасады.
Жеке адамның дамуына және мінез-құлқында дүниетанымның ролін баса айта
келіп, А.С. Макаренко біз мектептерімізден әр уақытта, өз өмірінің әрбір
кезеңінде өзінің бақыты үшін қобалжымай, дұрыс өлшем табатын, жігерлі,
идеялы қоғам мүшелерін біріктіруіміз керек, - деді. Мектепте оқыту кіші
мектеп оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудың маңызды құралдарының бірі.
Олай болса оқыту процесінде бірқатар психологиялық және педагогикалық
шарттар жүзеге асырылуы керек.
1. Мұғалімнің ғылыми дүниетаным негіздерін қалыптастыру іс-әрекеті
кезеңдерінің нақты жоспарлауын қамтамасыз ету. Бірінші кезеңде мектеп
оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру ісінің жүйесінде әрбір пәннің орнын
анықтау, пәнаралық байланысты айқындау, негізгі философиялық, идеяларды
бөліп алу маңызды. Екінші кезеңде мұғалім балаларды айқындалған идеяларды
мағыналы ойлауға жетелейді. Үшінші кезеңі дүниетаным қорытындыларын
топтауды міндет етеді. Төртінші кезеңде балалардың оқуын, ғылыми дүниетану
негіздерін қалыптастыруды басқаруға көмектесетін оқушылар танымдық іс-
әрекеттерінің тәсілдерін, оқытудың әдістері мен формаларын анықтайды.
2.Табиғат пен қоғамдық өмірдің танылуға тиісті құбылыстарына балалардың
жеке қатынасын қалыптастыру.
3.Алған білімді меңгеру, қолдану және үздіксіз бекітудің бірлігі.
4.Оқушының адамгершілік қатынас тәжірибесін жүйелі жинауы.
Әртүрлі сыныптық және мектептен тыс тәрбие жұмыстары - балалардың
ғылыми дүниетанымын дамытудың, танымдық белсенділік қалыптастырудың
қажетті құралы. Адам белсенділігінің табиғатын тани білу, еңбек және
моральдық белсенділік дәрежесі бойынша адамның қоғам мен ұжым үшін
жарамдылығын жете анықтау - мұғалімнің басты міндеті. Белсенділік деп
адамның іс-әрекеті үстіндегі жағдайын айтады. Ал оқушының негізгі іс-
әрекеті - бұл оқу. Тіршілік және іс-әрекеттері барысында оқушының қарым-
қатынас жасау, таным және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі дамиды.
Бала белсенділігінің ең алғашқы формасының бірі - қарым-қатынас жасау
белсенділігі. Бұл адамның бүкіл өмірінде дамитын белсенділік. Балалардың
жас ерекшеліктеріне сәйкес басқа адамдармен қарым-қатынас жасау
белсенділігінің мазмұны өзгеріп отырады. Кіші мектеп жасындағы балалар
ересек адамдардың әрекеттеріне үңіме карап, үйренеді, оларға еліктейді.
Балалардың саналы түрде істейтін мұндай әрекеттерін ырықты немесе ерікті
белсенділік дейді. Бұл жастағы балалардың үлкендердің әрекеттеріне және
олармен өзара қатынас жасауға еліктеуі рөлді ойындарды атқару барысында
байқалады. Көбіне балалардың ойындарында адамдардың еңбек іс-әрекеттері,
тұрмысы, өзара қатынасы қамтылып көрсетіледі, ұжымдық өмір дағдылары
қалыптаса бастайды. Ойын барысында мектеп жасына дейінгі балалардың
құрдастарымен де өзара қатынасы өзгереді. Олар басқа балалармен ойнауға
тілек білдіреді, еңбекке байланысты тапсырмаларды бірігіп орындауға, өз
қылықтарын ережеге, бағындыруға керексіз әдеттерді тежеуге, кедергіні
ығыстыруға үйренеді. Осындай бірігу іс-әрекеттерінің қуанышы балалар
арасында жолдастық, достық сияқты жаңа қатынастарды туғызады. Олар бір-
біріне қамқорлық жасап көмектеседі, ілтипатты болады. Бала еліктеу,
қабылдау арқылы түрлі рөлді ойындарды атқара отырып әлеумет өмірінің,
өндіріс қатынастарының мазмұнын түсінеді.
Әртүрлі ойын баланың дүние танымын кеңейтіп, қарым-қатынас жасау
белсенділігін дамытады.
Қарым-қатынас белсенділігі әсіресе, кіші мектеп жасындағы балаларда
айқын көріне бастайды. Ата-аналармен, мұғалімдермен. құрдастары және
достарымен, үлкендермен балалардың қатынас жасауында әр алуан ерекшеліктер
болады.
Қарым-қатынас жасау белсенділігі балалардың (мархабаттық, қайырымдылық,
қамқорлық, өзі үшін және басқа адамдар алдында өзінің қылықтары жайлы
жауапкершілік сезімі т.б) қасиеттерінің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Кіші мектеп жасындағы баланың даму барысында таным белсенділігі артады.
Балалар заттарды түсіне, формасына қарап ажырата бастайды, олардың
құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Балалардың бір нәрсені
құмартып, білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, әр
нәрсені үңіле қарайды, кейде терең ойға шомылады. Мысалы, олар шегені
магнит қалай ұстап тұр? Жапырақтың түсі неге жасыл болады? Жаңбыр қайдан
пайда болады?-деген сияқты сұрақтарды балалар үлкендерге қойып, жауап
күтеді. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы
ниетін, ықылас сипаттайды. Сондықтан да олар өзара таласуды, пікір айтуды,
түрлі заттарды салыстырып дәлелдеуді жанындай сүйеді. Кіші мектеп жасындағы
балалардың неге?, не үшін?, қалай? деп қоятын сұрақтары - үлкендермен
қарым-қатынас жасауларының алғашқы белгілері. Егер ересек адамдар
балалардың сұрақтарын қостап, таным белсенділігін дамытуда бағыт беріп
отырса, олардың құмарлық, талпынғыштық және бақылағыштық қасиеттерінің
қалыптасуына игі әсер етеді.
Кіші мектеп жасындағы балалардың таным ынтасын қалыптастыруда білім
беру тәсілдерінің ерекше маңызы бар. Оқу барысында түрлі заттардың,
құбылыстардың мәніне ғылыми ұғымдар мен заңдылықтарға терең түсінуге, алған
теориялық білімдерін практикада еркін білуге үйренеді, балалардың таным
белсенділігі олардың шығармашылық іздену қабілетіне, мұғалімнің теориялық
сауаттылығы мен шеберлігіне байланысты.
Әрбір тәжірибелік жұмыстың практикалық және перспективалық маңызын,
сонымен қатар оның ғылыми негізін мұғалімнің терең аша білуі – балалардың
таным белсенділігін арттырудың басты шарты. Ойын балалар өмірінде үлкен
орын алады. Қозғалыс ойындары балалардың ептілік, тапқырлығын, өзін-өзі
билеушілігін дамытады. Ойын балаларды жылдамдыққа төзімдікке тәрбиелейді.
Қазақ халқы материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға да аса бай
халықтардың бірі. Сондай қомақты дүниелер қатарына ұлт ойындары да жатады.
Бүгінгі замандастарымыз бен болашақ ұрпақтарымыздың оларды оқып
үйреніп, өздерінің кім екендіктеріне барлау жасауына, ата-бабаларының
психологиялық болмысы мен ойлау жүйелеріне зер салуларына, көздеген
мақсаттарына саралап жете білулеріне, дәстүрлер жалғасын өрістетіп, өткен
мен бүгінгіні байланыстыра білулеріне ұлт ойындары септігін тигізеді.
Ұлт ойындары халықтың әлеуметтік–экономикалық жағдайларына үйлесімді
жасалғандай әсер береді. Ойын барысында бала өзінің назарын қимылды орындау
әдісіне емес, мақсатқа жетуге аударады. Ол ойын шартына бейімділік ептілік
көрсетіп, сол арқылы қимылды жетілдіріп, мақсатты әрекет етеді.
Балалар ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай
түседі. Ойынға халық ерекше мән берген.
Ойын өнер ретінде әдебиет пен мәдениеттің сан алуан түрлерімен қабысып,
бірін-бірі толықтырып, байыта түседі.
Өзінің өлең жырларында халық ойынды тәрбие құралы деп танып, оның
бойындағы жастарды ойландырып, толғандыратын қасиеттерін аша түседі. Ойын
тек баланың дене күш–қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке т.б. ғана
тәрбиелеп қоймай, оның ақыл-ойының толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын
тигізеді. Тарихының көнелігіне қарамастан, ойын үнемі жаңа, ескермейтін
нәрсе. Өйткені, күн сайын дүниеге келіп жатқан сәбилердің қиялын қозғап,
сезімдерін аялайтын денеге қуат, жанға саулық беріп, рухани азық болатын да
– осы ойын.
Ойын дегеніміз – тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін,
балаға қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі,
денсаулық кепілі, өмір тынысы. Ойындардың суықтыру, тәрбиелеу және білім
беру маңызы сан-салалы, бірақ іске асыру үшін мұғалімнің шығармашылық
көзқарасы мен педагогтық шеберлігі қажет.
Баланың қиялы әсіресе ойында жарыққа шығады. Ойын балаға кәдімгідей бір
жұмыс. Ойнағанда бала жанындағы әсерлерін пайдаланады. Айналасындағы
тұрмыстан нені көрсе соны істейді.
Ойын – баланың өз ісі. Егер баланың ойнына қатысқың келсе, өзін бала
болып қатыс. Балалар сенің ересек адам екеніңді сезбейтін дәрежеде болсын –
деген Мағжан Жұмабаевтың тұжырымы баланың ойын іс-әрекеті туралы көп
ойларды аңғартады.
Адамның жан дүниесінің дамып жетілуі, әлеуметтік өмірге бейімделіп,
тіршілік ету, әртүрлі іс-әрекеттермен шұғылдану барысында қалыптасады.
Сондай әрекеттердің бір саласы – ойын әрекеті. Мектеп жасына дейінгі
балалардың психикалық даму үрдесінде ойын әрекетінің тағылымдық және
тәрбиелік маңызы зор. Ойын әрекетінде баланың денесі мен ақыл-ойы дамып,
өзін қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарын танып біледі.
Тәлім-тәрбие ғылымы мен адамның жан дүниесінің сырын зерттейтін
психология пәні ойын әрекетін адамның эволюциялық даму үрдесінің белгілі
бір кездегі тіршілік қажеттілігі ретінде қарастырады. Осы бағытта адамның
ойын әрекеті әлеуметтік өмірдің негізгі бір құрамды бөлігі және баланың
үлкендердің өмірін бейнелеуі, айналадағы ортаны тану жолы екендігін
көрсетеді.
Ойын әрекетінің бала психикасының дамуында шешуші қызмет атқаратындығын
ұлы ғұламалар Ж.Аймауытов, Т.Тәжібаев, М.Жұмабаев, С.Торайғыров өз
еңбектерінде оларға ғылыми тұрғыда баға берген.
Қазақ халқының өмір тәжірибесінде баланың әр алуан ойын түрлері олардың
қимыл қозғалыстарын, ептілігі мен бейімділігін, танымы мен пайымен дамытып,
өрістетіп отырады деп санаған.
Т.Тәжібаев өз зерттеулерінде ұзақ жылдар бойы қалыптасқан ұлттық
ойындар мен түрлерінің кейбір ерекшеліктерін ескілікті салт-дәстүрлерді
білдіреді деген қате көзқарасты орынды сынай отырып, олардың тәлім
тәрбиедегі, денесін шынықтыру мен ақыл-ой жетілуінің әсеріне тоқталады.
Қазақ халқының өмір кешкен тарихында ойындардың көптеген түрлері
барлық, жеткіншек, жас өспірім шақтағы балалар тәрбиесіне пайдаланылды. Ал
қазіргі кезде ойынның көпшілігі тәлім-тәрбие саласында зор педагогикалық
құралға айналды. Бүкіл халқымыздың ұзақ өмірінде өздері қызықтаған сан
алуан ойын өнері болды. Ойын тек қана көңіл көтеру, көңілін шаттандыру ғана
емес, ол - қазақ халқының ерекше әлеуметтік өміріне байланысты тәрбиелік
мағынасы зор жеке адамның, баланың дамып жетілуіне, қалыптасуына әсер етуші
факторлардың бірі болған.
Бала ойындарының мазмұны байып, түрі өзгеріп отырады. Ата-ана баланың
ойлау, қиялдау, армандау сана-сезімдік қабілеттерін қалыптастыру үшін,
халық ауыз әдебиетінің жырларын айтып еңбекке баулауға үйреткен.
Соңғы кездегі психология ғылымы саласындағы зерттеулер нәтижесінде
балалардың танымдық қызығуын неғұрлым ертерек дамытса, соғұрлым олардың
болашақтағы оқу әрекеті жемісті болады деп айтуға болады. Кіші мектеп
жасындағы баланың танымдық әрекеті өткен ұрпақтың өмір тәжірибесін белгілі
білім жүйесін меңгеруі. Осыған байланысты баланың ұлттық сана-сезімін,
дүние танымын, танымдық белсенділігін, танымдық қызығушылығын арттыруда
ойындардың жас ерекшелікке байланысты қолданылуы маңызды орын алады деп
тұжырымдауға болады.
Ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіледі, жеке белсенділігі мен
танымдық қызығушылығы артады.

Ойын дегеніміз жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. Алғаш мектеп
табалдырығын аттап отырған балалардың ұжымын ұйымдастыруға, сабаққа деген
қызығушылығын арттыруға ойынды тәрбие құралы деп қарауға болады.
Бала ағзасы қимыл-қозғалыссыз тура тұра алмайды. Бала мектепке дейінгі
жасында түрлі ойындармен ойнап үлгерген. Сондықтан да ол мектепте де
ойнауға бейім тұрады.
Төзімділік, шыдамдылық пен ұстамдылық өзін-өзі тежеу сияқты
қасиеттердің қажеттілігін кіші мектеп жасындағы оқушы ойын барысында
сезінеді. Ойын баланың жан серігі іспеттес. Қай бала болсын ойынмен өседі.
Мұғалім балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қамтамасыз ету
керек. Сонда ғана ойын мақсатына жетіп, тәрбиелік мәні арта түседі. Баланың
әдепті, көргенді, қарапайым, қайрымды болып өсуі қоршаған ортасына,
үлкендерге байланысты, сонымен бірге сабақта, сабақтан тыс уақытта ойнаған
ойынның тәрбиелік мәніне де байланысты болады. Ойын барысында баланың
бойында қайырымдылық қасиетті сіңіре білуіміз керек. Ол үшін баланың
айналысына қолайлы жағдайлар жасауымыз керек.
А) бала ұстаған заттың өз орынды және гигиеналық талапқа сай болуы
тиіс;
Ә) баланың талабының қанағаттануы қажет;
Б) мұғалімнің жеке басының үлгі-өнегесі, мәдениеттілігі, байсалдылығы,
мейірімділігі т.б. қасиеттері бала үшін аса маңызды;
В) балалар өмірінің бағдарламалық талапқа сай дұрыс ұйымдастырылуы:
Мұғалім мектеп жасына дейінгі балалардың ойынға белсенділігін үнемі
арттырып отыруы тиіс.
А.С.Макаренконың айтуынша, ойында баланың физикалық, психологиялық
қасиеттерінің сапалары да өзгеріп отырады.
Ойын баланың сабаққа ынтасын аудартуға, көңіл қойғызуға, сондай-ақ
қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруіне көмектеседі. Ойынның түрлері
өте көп: ойын – сабақ, ойын – жаттығулар, сергіту ойындары, ойын-жарыстар.
Бұл дидактикалық мақсаттағы ойындар балалардың жан-жақты дамуына қызмет
етеді.
Дидактикалық ойындар оқу материалдарын жаңа, қызықты формада қайталау
ісін ұйымдастыруға жағдай жасайды. Ойын үстінде әр бала өзінің алған
білімдерін жаңа жағдайларда пайдалануға үйренеді, мұның өзі олардың
белсенділігін арттырады, өткен материалдарды бұрыңғыдан да жақсы меңгеруіне
жағдай жасалады. Жұмыстың бұл тәрізді формасы балалардың оқуға деген
ықыласына жол ашады, оны дамыта түседі.
Бастауыш сынып оқушылары өз назарын нашар басқарады. Ал дидактикалық
ойын балаларды белсенді ете түседі, олардың өз назарын белгілі бір затқа
өте ұзақ уақыт аудара білуге үйретеді.
Мектеп өмірінен бір мысал келтірейік.
Мұғалім: Егер 5-ке 2-ні қоссақ неше болады?
Бірінші сынып оқушысы (ол санай біледі, бірақ өз назарын меңгеріп
болған жоқ) төрт.
Мұғалім: Ойланып көрші.
Оқушы: Бес.
Ол басқа сұрақтарға да осылайша ойланбай жауап береді. Енді, міне,
мұғалім тез және дұрыс жауап берген бала ұтып шығады - деген ойын
өткізеді дейік. Мұндайда жаңағы сұрақтарға жауап өте дұрыс болып шағады,
яғни балалардың жеке белсенділігін дамытуда және танымдық қызығушылығын
арттыруда дидактикалық ойынның маңызы зор.
Ойынның үнемі жақсы нәтиже бере бермейтінін есте ұстау керек. Егер ол
жарыс-ойын болса, сабақ үстінде есепке жүйрік балалардың өзі алғашқы ойында
кейде қара есептерді шешуде қателер жіберетінін байқаймыз. Бұның себебі не?
Ойын шарты балалардан тез ойлауды, мұқият болуды, ұзақ уақыт сезінуді талап
етеді. Бұл – оқушылар үшін жаңалық. Балалардың бұл ойынға үйренісуі,
білімдерін жаңа жағдайда пайдалануға үйренуі керек.
Дидактикалық ойындардың түрлерінде шек жоқ. Қазіргі кезде сабақта оқып
жүрген материалдың мазмұнына сәйкес мұғалім ойынның бір түрі бойынша әрқилы
ойын ойлап табуына болады.
Тікелей дидактикалық міндетті шеше алмайтын, бірақ балалардың бойында
ықылас есте ұстау, бақылағыштық, назар аударғыштық сияқты басқа да белгілі
бір психикалық процестерді, қасиеттерді дамытуға бағытталған ойынның
түрлерін педагог ұмыт қалдырмауға тиіс.
Осы тектес ойын түрлері мынадай мазмұнға ие болуы мүмкін. Мұғалім
тақтаға әртүрлі заттарды қуыршақ, қарға, стол, доп, шар бейнелейтін
бірнеше сурет іледі де, бір шетіндегісін қағазбен немесе пердешемен жауып
қояды. Балалардың біреуі әлде қағазды немесе пердешені жылжытып отырады. Ол
әлгі суреттердің әрқайсысына ұқыпты түрде қарап алуға және олардың орналасу
ретін есте ұстап қалуы тиіс. Оқушы әрбір суретке белгілі бір уақыт ішінде
қарап алады да, сыртқа шығып кетеді. Қалған балалар суреттердің орнын
ауыстырып, нені алып тастау, нені қосу жөніндегі өздерінің ұсыныстарын
айтады. Осыдан кейін сыртқа шыққан оқушы қайтып келеді де, қандай
өзгерістер жасалғанын айтып беруге тиіс.
Мұндай ойындар балалардың ықыласын, байқағыштығын, есте ұстау қабілетін
дамытады. Балалар қызығып ойнайтын ұқсас ойындарды өздері ойлап табатын
болады.
Педагогтың басты міндеті балалардың бұл тәрізді ойындарын мадақтап
отыру, сол ойындардың үстінде балалардың әртүрлі ойындарды ойлап табу және
оларды ұйымдастыру жөніндегі ұсыныс – пікірлерін қолдау, оларға тиісті
көмек көрсету болып табылады.
Ойынның балаларға мейлінше күшті әсер ететінің ұмытпау керек. Ол кез
келген баланы толғандыра алады, міндетті сәтті орындаған бала шаттанып
қуанады, сәтсіздікке күйініп, ренжиді, бала мұндайда өз күш – қабілетін
тағы бір байқап көруге тырысады. Мұндайда күшті әсер сезімі барлық
балаларды, тіпті әдеттегі селсоқ, оқуды оңай тастай салатын балалардың
өздерінде баурап алады. Балалар өздерінің әлде не міндеттерді атқара
алатынын, білетіндігін сезініп, қуаныш құшағына бөленеді. Ойынды балалардың
оқуға деген дұрыс қарым-қатынасын тәрбиелеу жолындағы ең қызықты, қуанышы
мол әдіс деуге болады. Егерде мұғалім өз жұмысында балалармен ойынды жете
пайдалана алмайтын болса, онда оның балалар өмірін қызықты ете алмағаны,
әсері күшті тәрбие құралын іске қоса алмағаны. Мұның екінші жағы да бар:
бала ойын үстінде өзін еркін сезінеді. Ол ойын кезінде үйдегілер мен
сыныптас достарының алдында қызаруы мүмкін нашар баға қойылады деп
қорықпайды.
Балалардың өзін қоршаған өмірге белсенді түрде қатысуға деген ынтықтығы
ойын үстінде көрініс табады.
Ойын – балалардың дүниені, шындықты тану жолдарының бірі. Бала ойын
үстінде маңызды қоғамдық оқиғаларды көп ретте өз шама шарқынша түсіне
отырып, өзінше бастан кешіреді. Балалардың көңіл-күйі осы ойын үстінде
айрықша көрінеді және қалыптасады. Шындап берілмейінше ойын-ойын болмай
қалады. Ойын дегеніміз - ешқашанда мәжбүр етуге, міндеттілікке
негізделмейтін қызмет түрі. Ойынның басқа қызмет түрінен айырмашылығы да
осында жатыр. Түрлі ойындар балалар ұжымын ұйымдастыруға, қуанышты, сергек
көңіл-күйді қалыптастыруға көмектеседі.
Бала өзін ойын үстінде жайшылқтағыдан жоғары сезіне алатындықтан,
Макоренко А.С. оған аса үлкен тәрбиелік маңызы бар қызмет түрі ретінде
қарады. Ойнамайтын ұжым ешқашанда шын мәнісіндегі балалар ұжымы бола
алмайды, - деді ол.
Балалардың ойлау қабілетін дамытуда сөздік ойындардың, столда ойналатын
ойындар, жұп картиналар, лото, домино балалардың ойлау қабілеттерін
дамытады. Тіл сабақтарда зейінін, ойлауын, байланыстыра сөйлеуін дамытуда
сөздік ойындарын маңызы зор.
Мысалы, ұйқасын тап, жалғасын тап, жоғалған сөз т.б. Сол сияқты
ойындар балалардың ой-өрісін, қиялын зейінін, белсенділігін арттыратын,
ақыл-ой әрекетін қабілеттерінің дамуын, түсініктерінің кеңеюіне, тілдің
дамуына әсер ететін ойындар ретінде түрленеді.
Қазіргі кезде білім беру процесінде оқу іс-әрекетінің жаңа түрлері,
дәстүрлі емес сабақтар қолданылуда. Кіші мектеп оқушыларының дамуын
диагностикалау балалардың логикалық ойлауына арналған арнайы сабақтарды
жүргізуді талап етеді.
Балалардың белсенділігін, шығармашылығын дамыту, болашақ ұстаздардың
үнемі ізденуіне жол беріп, кәсіби шығармашылық әрекетін қалыптастыру,
болашақ ұстаздардың шаршауын болдырмау, оқу – тәрбие процесінде оларға
қолайлы жағдай жасау – бұлар да оқытудың дәстүрден тыс формаларына жатады.
Әртүрлі ойындар арқылы балалардың ой-өрісін, қиялын, сезімін оятуға
зейінін аударуға белсенділігін арттыруға, шығармашылығын дамытуға болады.
Ойындар арқылы балалардың сабаққа деген ынтасы дамиды.
Балалардың білім алуға деген ынтасын, белсенділігін, танымдық
қызығушылығын арттыратындай тиімді әдістерді үнемі қолдана отырып бүгінгі
белсенді шәкірт ертеңгі белсенді қоғам мүшесі екенін ұмытпауымыз керек.
Республикада оқыту мазмұны жаңартылып, жаңа буын оқулықтарының
негізінде жасалған бағдарламалар бастауыш мектептің жаңа жүйеге көшуін,
әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуін, батыл шығармашылық ізденісін,
балалардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруды талап етеді.
К.Д. Ушинский балаларды сабаққа тарта білу, олардың оқуға қызығушылығын
арттырып, білімге құмарту керектігіне баса көңіл бөлді. Оның пайымдауынша,
қызығушылық сапалы оқудың негізгі жолы, ешбір қызығусыз тек қана зорлық
күшімен жүргізілген оқу оқушы бойындағы білім алуға деген құштарлықты
жояды.
Неміс педагогы И.Ф. Гербарт өзінің оқыту теориясының негізіне әр
саладағы қызығушылықты алған. Адамдағы қызығушылықтар қоршаған дүниені
танып білуге немесе қоғамдық өмірге араласуға байланысты болады. Сондықтан
мұғалім өз білімін жан-жақты жетілдіре отырып, оқушыны қызықтырып оқыту
керек екенін айтқан.
Бастауыш сынып оқушылары не нәрсені болса да білуге құмар, қызыққыш,
қолымен ұстап, көзбен көргенді жақсы көреді. Балалардың қызығушылығын
арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан, әрбір сабаққа
бұрыннан белгілі мәліметтерді қайталай бермей, оқытудың жаңа әдіс-
тәсілдерін іздестіру қажет. Қазіргі сабақтың түрлері сайыс, жарыс сабағы,
концерт, аукцион, кіріктіру сабағы т.б. өз нәтижесін беріп жүр. Әсіресе,
халықтық педагогиканы пайдаланып, ата-бабаларымыздың жақсы дәстүрін
шәкірттердің бойына дарыту мақсатында халық ауыз әдебиетін пайдалануға
болады.
Қазақ халқының мейірімділігі, кеңпейілділігі, сыпайылығы, көпшілдігі,
сөзге беріктігі туралы әңгімелеу арқылы осы қасиеттерді шәкірт бойына
сіңіру, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, әдептілікті берік ұстау сияқты
әдет ғұрыпты үйретуге болады.
Оқушының пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында сабақта проблемалы
жағдай тұғызып отыру да маңызды. Мәселенің шешімін табу арқылы оқушының
ойлау қабілеті нығайып, кез-келген проблеманы шешуге үйренеді.
Ұлы неміс педагогы А.Дистервегтің әйгілі Неміс мұғалімдерінің білім
беру ісіне басшылық атты еңбегінде жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып
береді, жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді,-
деген. Ал, ойлауға үйрететін сабақты дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.
Бұл сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-
қатынас. Мұғалім бұл жағдайда танымдық, іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық
істердің ұйтқысы болғандықтан оқушының шығармашылығын арттырады. Дамыта
оқытудың Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов жасаған жүйесі 3 негізгі құраушыдан
(оқу мақсаттарының қойылуы, оны шешудің жолын бірлесе қарастыруы, шешімнің
дұрыстығын дәлелдеуі) тұрады. Сабақта жақсы оқитын оқушылармен ғана
белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай
тұғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылса, әр оқушының
оқуға деген қызығушылығы артады.
Елімізге Джордж Серостын ашық қоғам институты Серос-Қазақстан қоры
арқылы келген сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының балалардың
оқуға деген қызығушылығын арттыруда алатын орны ерекше. Сын тұрғысынан
ойлау сынау емес, шыңдалған ойлау. Оқушының бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған
жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шындалып, белгілі бір жемістіктерге
жетері сөзсіз. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту,
мағананы тану, ой толғаныс т.б. кезендерінен түзіледі. Сын тұрғысынан
ойлауды дамыту, оқушының танымдық белсенділігін, сабаққа қызығушылығын
арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал
етіп, сабақтардың қызықты, жеңіл өтетіндігін, балаларды ұжыммен бірлесіп
жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігін әрі тиянақтылығы
артатындығын байқауға болады.
Оқу - оқыту процесіндегі балалардың іс-әрекеті. Оқыту процесінің
логикасы оның құрылымын анықтайды, ал құрылымына оқыту процесінің
звеноларына танымдық іс-әрекетінің кезендері кіреді:
- таным міндеттеріне жете түсіну;
- жаңа материалды қабылдау;
- ұғыну - жаңа материалдарын түсініп жинақтау процесі;
- білімді, іскерлікті және дағдыны практикада қолдана білу;
- балалардың жетістіктерін талдау;
- білімін, іскерлігін және дағдысын тексеру, бағалау.
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу танымдық іс-әрекетін
ұйымдастырудың барысында балалардың ақыл-ойы дамиды, танымы, практикалық
іскерлігі және дағдысы қалыптасады.
Білім – адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды
табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне
айналдыру үшін, оны ойлау операциясы – талдау, синтездеу, салыстыру, жіктеу
және жинақтау арқылы терең ұғыну қажет.
Оқушы ойлау операциясына сүйеніп, өз білімін шындыққа айналдырады. Бұл
дамытып оқытудың негізгі ережесі, яғни балалардың таным іс-әрекетін дамыту,
оларды өз бетімен ізденуге, зерттей білуге және жаңа білімді еркін игеруге
үйрету жолы.
Іскерлік - алған білім негізінде балалардың практикалық әрекеті іске
асырылады. Мысалы: сауатты жазу үшін грамматикалық ережелерді білу керек.
Дағды – бұл кайта-қайта орындалатын практикалық әрекетке машықтандыру.
Мысалы, тез оқу дағдысы - жүйелі түрде жаттығу нәтижесі.
Сонымен, оқу процесінде білімнің, іскерліктің және дағдының өзара
байланысы, бірілігі балалардың таным қабілетінің дамуына мүмкіндік
туғызады. Оқушылар сабақта түрлі іс-әрекеттерінің барысында дамиды, олардың
ғылыми көзқарастары қалаптасады.
Педагогикалық процесс бәрін және әрқайсысын жасампаз дербес оқу-
танымдық қызметіне ынталандырып, пәнге деген қызығушылығын арттыруда
мұғалім тарапынан көтермелеу, балаларды ұстаздармен бірлескен
шығармашылыққа, ынтымақтастыққа жұмылдырып отыруы тиісті. Сондай-ақ
балалардың дамуына ең алдымен оқыту мазмұнының ерекшеліктері әсер етеді.
Жалпы пәнге деген балалардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастыруда
олардың ойлау қабілеттерін жоғары деңгейде дамытуына, танымдық іс-
әрекетінде өзіндік дара ерекшеліктерін қалыптастыруына шығармашылық
шыңдауына зор ықпал жасайтындай болуы үшін оқыту үрдісі психологиялық,
педагогикалық қолданбалы бағдарламаларымен жабдықталуы қажет.
Бастауыш сынып оқушысы жақсы оқуы үшін, оны түсіну үшін білімнің әрбір
адамға осы өмірде керек екенін ұғып, және сол білімге қызығуы қажет.
Қызығу - оқушы тарапынан танылған іс-әрекеттердің аса маңызды, нақты
себебі.
Қызығу - айналадағы заттар мен құбылстарды аса белсенділікпен танып,
терең білуге бағытталған, адамның сезім дүниесін қозғайтын біршама тұрақты
жеке дара ерекшелігі. Қызығу – бір нәрсені ерекше таңдап соған құлай
берілу. Адамды еліктіріп, өзіне тартқан нәрселердің бәрі де – қызығудың
объектісі.
Қызығу – бұл оқушының объекті немесе құбылысты меңгеруге ұмтылысында
белгілі әрекет түрін игеруде көрінетін танымдық қажеттену формасы. Танымдық
қызығу шарттың игеріп жатқан пәніне болған эмоционалды қатынасынан
байқалады. Л.С. Выготскийдің пікірінше: қызығу бала әрекетінің табиғи
қозғаушы күші, ол тумадан берілген құштарлық, бала әрекетінің оның тума
қажеттерімен сәйкестігін аңдатады.Сондықтан оқу процесіндегі басты талап –
барша тәрбие жүйесі дәл анықталған бала қызығуларының негізінде құрылуы
тиіс.
Оқуға қызықтыру жолдары сан алуан.
Ең алдымен сол қызығулардың төркіні – мадақ, жаза, қорқыныш, жағыну
т.с.с. таным процесінде жат ықпалдардан туындамай, тікелей пәнге
байланыстыру дәрежесінен көрінуі шартты. Осыдан қойылатын екінші талап -
қызығуды ояту ғана емес, оны белгілі қажеттерге бағдарлау. Қызығуларды
пайдалану негізінде жасалатын және бір қорытынды: барша мектеп жүйесіндегі
жүргізілетін процестер бала өміріне тікелей қатысты болып әрқандай оқу
әрекеті балаларға бұрыннан таныс әрі олардың қызығу сізімдеріне қозғау
салып, ынта көтеретін материалдардан басталуы қажет. Оқу барысында іске
қосылатын қызығу ықпалдарының жалпы заңдылықтары анықталған. Олар:
А) бала қызығулары оның өзі игерген білім деңгейі мен сапасына, ақыл-ес
әрекеті тәсілдерінің қалыптасуына тәуелді. Бұл - нақты пән бойынша оқушының
білімі неғұрлым ауқымды болса, оның сол пәнге деген қызығуы да жоғары
болатынын білдіреді.
Б) оқушы қызығулары оның мұғалімге деген қатынастарына тәуелді. Оқушы
өзі сыйлаған мұғалімнің пәндерін қызығып оқиды.
Профессор А.К.Дусовицкий өзінің қызығу формуласы кітабында оқуға
зейінді және селқос балалардың жалпы сипаттамасын келтіреді. Сондағы
балалардың жеке сабақтарын алатын болсақ, өзін қызықтырған іспен
шұғылданған баланың әрекетіне қызыққанынан ләззат тапқаны сонша, екі беті
балбұл жанады. Жанары нұрлы қимылы еркін, жеңіл де шапшаң болады. Басқаша
болуы мүмкін емес те – ол өз тілек-ниеттерінің аясында әрекет жасайды.
Өзіне маңызды, қызықты өз ісімен айналысуда.
Ал екінші баланы төңірегіндегінің бәрі жалықтырған, ешнәрсеге құлқы
жоқ.
Ескеретін жайт: оқу сеп-түркілерінің арасында аса маңыздысы – танымдық
қызығу.
Мектеп өмірінде үш-төрт жылда сеп-түркілер үлкен өзгерістерге түседі. 3-
4 сыныпта балалардың өздеріне тән жалпы оқуы мен оқу пәндеріне болған
танымдық қызығулары пайда болады. Белгілі психологтар В.С.Выготский мен
С.Л.Рубинштейн ұсынған тұжырымдамасы бойынша жеке адам тәрбие мен оқыту
процесінде жетіледі. Тәрбие мен оқыту дамуды артына салып отырады. Оқыту
дамыта және тәрбиелеу отырып жеке адамның таным қабілетін мақсатқа сәйкес
жетілдіреді. Оқытудың осындай басты міндеттерінің бірі – шәкірттердің таным-
қабілетін дамыту.
Дамытып оқыту – бұл балалардың таным іс-әрекетін барынша дамыту, яғни
олардың ой-өрісін дамыту, өз бетімен жаңа білімді іздеп табуға және оны
еркін игеруге үйрету. Дамытып оқытудың міндеті – ең таяу зонасын жасау.
Таным қабілетін дамыту туралы Ресей ғалымдарының (Н.Дайри,
Т.И.Махмутов, Л.В.Занков, М.Н.Скаткин, И.А.Лернер, А.Н.Пискунов) тұжырымды
ұсыныстары мен пікірлері бар.
Олардың идеяларының мәні мынада:
1. Таным қабілетінің дамуы – бұл барлық мұғалімдердің барлық пәндер
бойынша оқыту процесіндегі мақсаттылық іс-әрекеті.
2. Оқушыларға білім беру және объективтік шындықты тану мәселелері
жайындағы оқулықтың рөлі.
3. Оқытудың әдістері мен формаларын жетілдіру.
4. Мұғалімнің теориялық дайындығы, педагогикалық шеберлігі, білімдарлығы
- балалардың таным іс-әрекетін дамытудың шешуші құралдарының бірі.
Балалардың таным белсенділігі – оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгеру
және оларды өмірде практикада пайдалана білуге, үйренуге бағытталған
оқушының істейтін саналы іс-әрекеті.
Оқыту процесінде оқушының белсенділігі негізінен, екі түрлі сипатта
болады:
Сыртқы және ішкі белсенділік.
Сыртқы белсенділік дегеніміз – оқушы әрекетінің сыртқы көріністері
(белсенді қимыл қозғалыстары, тәжірибелік әрекеттері, мұғалімге зейін қойып
қарауы, мимикасы т.б.) бірақ осы кезде ол басқа нәрсені ойлап отыруы да
мүмкін.
Оқушының ішкі белсенділігіне – оның белсенді түрде ойлау әрекеті
жатады. Белсенділік жеке басқа тән маңызды бір қасиет болып саналады.
Оқушы белсенділігі қандай болғанда да ой дербестігіне сүйенеді. Оқыту
процесінде балалардың белсенділігін арттыру принципін жүзеге асыруды мақсат
еткен мұғалім сабақтың барлық кезеңінде олардың ой дербестігін дамытуға
тырысады. Оқушыда белсенділік бір қалыпта болмайды, оның қарапайым
(еліктеушілікке, жай қайталауға, біреудің айтқанын бұлжытпай орындауға
негізделген белсенділік) және күрделі (творчестволық т.б. белсенділік)
түрлері болады.
Балалардың жас ерекшеліктеріне және психикалық даму дәрежесіне қарай
белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасады, дамиды: қимыл және сөйлеу, ойын
және оқу-таным белсенділігі және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі.
К.Д.Ушинский оқудағы баланың саналығы мен белсенділігі оқу процесін
ұйымдастырудағы негізгі және жетекші принциптердің бірі деп бағалаған. Оқу
ісінің сапалы құрылуы оқу процесін белсенді ететіндігіне сенді. Сондықтан
оқудағы баланың саналылығы мен белсенділігі бір-бірінен бөлінбейді – деп
есептеледі. Сонымен бірге Ушинский еңбектерінде ретті, дұрыс
ұйымдастырылған жақсы сабақтың негізгі белгілері анықталды. Олар: сабақтың
негізгі мазмұны мен деректерін білдіріп отыру, бұрыңғы тиянақты меңгерілген
білімдерге іштей байланысты түрде жаңа ойларды, ұғымдар мен деректерді
ендіру, білімдердің байланыстарын ескеру, балалардың сабаққа деген ынтасын,
қызығушылығы мен белсенділігін арттыру, өтіліп жатқан тақырыпты балалардың
терең меңгеруін ойластыру, саналы тәртіп пен реттіліктің болуы т.б.
Адамның қандай да болмасын әрекеті белгілі қажеттерден (материалдық,
рухани) туады. Осы қажеттерді өтеу немесе қанағаттандыру үшін ғана адам
белсенді әрекет жасауға тиіс. Балалардың таным әрекеті білім алу
қажеттілігімен ұштасып жатады. Осыған орай олардың дербестігі, ең алдымен
белсенділікке байланысты. Ал белсенділік дербестікті қажет етеді.
Балалардың өздігінен істейтін әрекеті оның белсенділігін арттырады. Бұл
әсіресе, еңбекке баулу сабағында анық көрінеді. Сонымен белсенділік
дербестікке қарағанда мағынасы кең ұғым.
Балалардың оқудағы белсенділігі дегеніміз – оқуға қажетті білім мен
дағдыны меңгерген және оларды өмірде, практикада пайдалана білуге, үйренуге
оқушының істейтін саналы әрекеті. Мысалы, мұғалімнің баяндап тұрған
материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, ал оған білімін
кеңейтіп толықтыру үшін өздігінен кітап оқуды, бақылауды, тәжірибе жасау,
жазу-сызу сияқты жұмыстар істеу керек. Өйткені, өтілген материалдарды
сапалы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйрену
де белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни оқушының белсенділігі оқу процесінің
барлық кезеңінде қажет.
Осыған сәйкес бастауыш мектептің 1-сынып оқушыларының, яғни 6 жасар
балалардың кейбір ерекшеліктерін атап өтейік және еңбекке баулу
сабақтарының осы балалар өміріне ықпалын сипаттап көрейік.
Еңбек іс-әрекеті балалардың жан-жақты дамуына септігін тигізіп, ақыл-
ой, адамгершілік, дене тәрбиесінің маңызды құралы болып табылады. Дұрыс
ұйымдастырылған еңбек балаларда қуаныш сезімді, жұмыс істеп, еңбек етуге
ынта мен қанағаттанушылық сезімді туғызады, байқағыштық, ұйымдастырушылық,
тапқырлық, төзімділік, мұқияттылық, тәртіптілік, еңбектік белсенділік,
ұқыптылық, жауапкершілік, еңбексүйгіштік, ұйымшылдық сияқты жеке адамдық,
тұлғалық сапалы қажеттерді тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
6 жасар балалар тез шаршағыш, тұрақсыз зейін сияқты сипаты болады.
Еңбек процестері балалардан жоғары зейінділікті талап етеді, бұл талап өз
кезегінде бұлшық ет жүйесіне, саусақтарына күш түсіреді, сондықтан бұл
процесс жалпы шаршауға әкеледі. Осыған байланысты мұғалім балалардың оқу іс-
әрекетін қалыптастыру кезінде тапсырмаларды біртіндеп, сатылап орындатуы
қажет.
Еңбек сабақтары балалардың еңбексүйгіштігін, еңбектегі жеке
белсенділіктерін, еңбек мәдениетін дамытуы үшін әрбір сабақ білім мен
іскерліктерінің қорын кеңейтіп, бекітіп отырғаны дұрыс.
Еңбек дағдыларының табысты қалыптасуы анық әрі нақты мақсатқа, іс-
әрекетті жоспарлауға, оның орындалу тәсілдерін түсінуге, сонымен бірге,
еңбек процесіндегі барлық іс-әрекетті бақылап, дұрыс бағыттап отыруға
байланысты.
Баланың еңбек іс-әрекеті дамытушылық мәнге ие болуы үшін бала сол еңбек
іс-әрекетін ұғынуы қажет. Бала не істеп, не қояды, қандай мақсат қояды –
барлығын білуі тиіс. Еңбек етудің мақсатын балаларға анықтап беру –
мұғалімнің басты міндеті.
Баланың танымдық қызметін белсенді ете түсу үшін оқушының жауабын
білуге құштарлығын немесе бұған керісінше оқуға селқостығын білудің маңызы
зор. Мұғалім оқытудың алғашқы кезеңінде, яғни балалардың шын мәнісіндегі
танымдық ынта-ықыласы қалыптаса қоймаған кезінде басты назарын балалардың
бойындағы жаңа қасиетке – оқуға деген құмартушылықты тудыруға аудара білуге
тиіс.
Оқу материалы қиындығының жоғары деңгейі мен қарқыны жылдам өсіп
отырған оқу, балалардың танымдық блсенділігінің негізі болып табылады.
Тәжірибелі педагог балалардың оқуға деген қызығушылығының арта
түсеуіне көмектеседі, ынтаның орныға түсуіне қолайлы жағдай жасайды.
Бала үшін ойын ең жақсы (жақында ғана ол баланың ең басты әрекеті
болатын) әсер екендігін ұмытпаған жөн. Ойын бастауыш сынып оқушылары үшін
әлі де қызықты әрекет болып қала бермек, олар көптеген нәрселер мен әдет-
дағдыларды осы ойын үстінде игереді. Оқуда қолы жетпеген көп жайлары ойын
үстінде орындалады. Кез келген жастағы балаға тән білуге құштарлық төменгі
класс оқушыларында жүйелі оқу басталғаннан кейінгі жерде одан әрі дами
түсетін болады. Бастауыш сынып оқушылары өз сұрағына берілген кез-келген
жауапқа қанағаттана салмайды. Олардың білуге, тануға деген қызығушылығы
шексіз.
Бала мектепке келгеннен-ақ білімнің құндылығын түсініп, қоғамдық мәнге
ие білім атаулыға құштар болады. Білімге деген осы қарым-қатынасты,
қызығушылықты мектептегі алғашқы күннен-ақ бастап қолдап, одан әрі дамыту
қажет. Білімге деген ынта бірте-бірте оқу жұмысының жекелеген тәсілдеріне
деген құштарлыққа ауысады, содан барып оқу ісінің мазмұнына деген ынта
пайда болады.
Мектепке дейінгі балалардың басты қызметін оқу ісін жүргізетін мұғалім
сабақтастық принципін басшылыққа алады. Сөйтіп олардың мектепке дейінгі
тәрбиесіндегі негізгі қызмет – ойынды өмірінен шығарып тастамайды. Бастауыш
сыныпта сабақ кезінде ойын кеңінен қолданылуы тиіс. Ойынды бұл кездегі
қызметтің дербес бір түрі, сол сияқты басқа қызмет түрлерінің, мәселен,
еңбектің жекелеген оқу сабақтарының бастаушысы ретінде қолданған жөн.
Әртүрлі творчестволық ойындар үстінде балалардың әлеуметтік сана-сезімі
қалыптасады.
Ойындар жорамалданған жағдайда қоршаған ортада баламалы механизмді
құруды, парасатты жеке тәжірибе жинақтауды, нақтылы қатысуды қажет етеді.
Оқушылар ойын кезінде өз көзқарастарын, өз пікірін қорғауға дайын болады.
Б.Блуэт пен Д.Баквольттердің пікірі бойынша, ойын оқытушы мен оқушының кең
ауқымда тең араласуына, тіл табысуына мүмкіндік жасайды. Сонымен бірге
ойындар балалардың ойын белгілі бір жүйеге келтіреді.
Сезім дамуының маңыздылығы туралы америкалық оқытушылар В.Роджерс пен
А.Гудданд өз зерттеулерінде жиі айтады. Өйткені оқушылар ойындарды өздері
өңдесе, онда олар оқу материалдарын әдеттегі оқу-таным әдістеріне
қарағанда, ынтамен тереңірек үңіліп оқиды. Ең бастысы – ойындар балалардың
көңілін өз бетінше ізденушілікке аударып, қабілетін арттырады. Ойынның
әлеуметтік бейнесін зерттеуші белгілі психолог Д.Б.Элькониннің сөзімен
айтсақ: Ойын – ол балалардың арасындағы әлеуметтік ара-қатынас,
практикалық білімдері және қызметі.
Оқу ойындарын қолданудың жағымды жақтарына американдық авторлар
мыналарды жатқызады:
- ойындар абстрактілі оқытуға қарағанда, өз тәжірибесімен оқытуға
мүмкіндік береді;
- ойындар интуицияны жаттықтырады, мәселені шешу қабілеттілігін және
қажетті әлеуметтік мінез-құлықтың түрін таңдауға, үрдістер мен
құбылыстардың деректігін түсінуге, стратегиялық баламалы шешім
қабылдауға, тәуекелге бел байлауға үйретеді;
- ойындар жеке мәселелерді оқуда және шешуде қабілетті әрі қарай
арттырады, ойынға қатысушылар оқытушының рөлін ойнап, бірін-бірі
белгілі бір ойында өздерінің қабілеттілігі мен қажеттілігіне
қарамай көп нәрсеге үйренеді.
Адамға білім және тәрбие берудегі ойынның маңызына әйгілі ойшыл
педагогтарымыз ерекше көңіл бөлген.
Қазақ халқымыздың ұлы ағартушысы Абай Құнанбаев адамның дене
тәрбиесінің және рухани дамуына ойынның пайдасы көп екенін айтқан.
К.Д.Ушинский балалардың ойындарын меңгеруді мұғалімдер кеңесінде басты
міндет болсын деп ұсыныс жасаған.
Еңбекке баулу сабақтарында ойынның педагогикалық маңызы бірінші кезекте
тұрады.
Орыс халқының әйгілі ғалымы, педагогы А.С.Макаренко өзінің сарамандық
жұмысында еңбектің оқыту жүйесін ойынмен байланыстыруды көздеген. Ол
баланың өмірін ойынмен шынықтырып, ойынды еңбекке баратын жолға көпір
етіп қойған.
Сонымен оқу үрдісінде енгізілген ойын сабақтарының барысын бақылай
отырып, жалпыға ортақ ерекшеліктерін бекітуге болады.

65465464645

Ойынның қалыптасу “құпиясын” ашуға сан жүздеген жылдар бойы әртүрлі
ғылыми бағытта ғалымдар қалам тартқан. Оның шығуы туралы айтылған ой-
пікірлер көптеп кездеседі.
Пікірлердің біріне сүйенсек, ойын адамдардың бос уақытынан туған
нәрсе және олардың әлеуметтік-мәдени мәселелеріне байланысты. Ежелгі
дәуірде ойындар қоғамдық өмірдің өзегі болған және оның саяси-діни маңызы
негізге алынған. Ежелгі гректер, ойыншылдары құдайлар жақтаған деп санаған,
сондықтан Ф.Шиллер ежелгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық мәні
Ойын арқылы мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділігін арттыру жайлы
Мектепке дайындық топ балаларының белсенділігін заттық орта арқылы қалыптастырудың теориялық негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда халық ертегілерінің тәрбиелік мәні
Дидактикалық ойын
Балабақшада қарапайым математика сабақтарын өткізу технологиялары
ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТІЛІН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
Мектеп жасына дейінгі балалардың таным белсенділігін арттыруда көрнекі құралдарды қолданудың тиімділігі
Пәндер