Ұлттық қор



1. Қазақстан Республикасының ұлттық қоры
2. Қор экономи¬касының қарқынды дамуы
3. Ұлттық қорды пайдалануы
Қазақстан Республикасы Қазына комитетінің жиынтық есептілігі және бас кітап басқармасының бастығы Г.Досқалиева Норвегия еліндегі мұнай қоры нәтижесінде құрылған Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры бойынша бірқатар мәліметтерді жариялап, баспасөз-мәслихатын өткізді.
2007 жылдың 1 қаңтарында, Г.Досқалиеваның айтуына қарағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттың қорының жалпы жинағы 14 миллиард АҚШ долларынан асып түскен. Яғни биылғы жылы Қазақстанның Ұлттық қоры теңгеге шаққанда 1 триллион 788 миллиардқа жетті деген сөз. Оның 1 388 миллиарды мұнай сатудан түскен қаражат болса, 7,5 миллиарды соңғы бес жарым жыл ішіндегі жерді сатудан түскен.
Жалпы, бүгінгі таңда әлемде біздің Ұлттық қор секілді 30-ға тарта қорлар мен мемлекеттік қазына жиынтықтары бар. Мемлекеттік мүддеге сәйкес түрлі мақсаттарға құрылған бұл қорлардың қалыптасу және пайдаланылу жолдары да әр түрлі. 2001 жылдың мамыр айында ашылған Қазақстанның Ұлттық қоры бұрнағы жылдары негізінен, салықтан түскен қаражаттың 10 пайызын аударып отыру арқылы ұсталған болса, бүгінде мұнайдан түсетін қаржы, тау-кен өндіру кәсіпорындарынан түсетін қаржы, жер телімдерін сату мен инвестициялық кіріс секілді төрт бағыттан келіп түсетін қаражат негізінде қалыптасып отыр.
«Ұлттық қордың қызметін жетілдіру мақсатында Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы қабылданған. Соған сәйкес 2006 жылдың 1 шілдесінен бастап Ұлттық қорды жиынтықталған бюджет түрінде құру әдісі іске асырыла бастады. Бұл жалпы, мемлекетті мұнай қаржысына тәуелсіз ету мақсатында қолға алынған», – дейді Г.Досқалиева.
Сонымен, өткен 2006 жылы Ұлттық қор 699 миллиард теңгеге көбейді. Оның 197-сі мұнайсыз жиналған ақша болса, тұжырымдама жүзеге асырыла бастаған 2006 жылдың 1 шілдесінен бастап мұнайдың табысы мемлекеттік бюджеттен бөлініп, Ұлттық қор 502 миллиард теңгеге көбейтіліпті. Әйтсе де, бұл болашақ ұрпақтардың мүддесіне сақталып отырған қор бүгінгі ұрпақтың тамағынан жырылып отыр деген сөз емес. Бұл тұрғыда, «Әр жылы республикалық бюджетке Ұлттық қордан кепілдемелі трансферт жұмылдырылатын болады», – дейді Г.Досқалиева.
2006 жылы Ұлттық қордан республикалық бюджетке 76,6 миллиард теңге сомасында кепілдемелі трансферт бөлінген. Алайда бюджеттік жоспардың толық жүзеге аспай, 100 миллион теңге игерілмей қалуы салдарынан бюджеттің кіріс бөлігі жоспарды 109,8 пайызға асыра орындалып, ол ақша мемлекеттің бүгінгі тіршілігіне жұмсалған жоқ. 76,6 миллиард теңге Ұлттық қорда қалды. Жалпы, бұл жай мамандардың айтуынша, мемлекеттік бюджеттің шын мәнінде, мұнайға тәуелсіз бола бастағанын көрсетеді.
Елімізде мұнай саласында жұмыс істейтін 55 кәсіпорын болса, енді соның бәрі баяғы бюджеттік кірісін Ұлттық қорға аударып отырады. Демек, Ұлттық қор жыл сайын бұрынғыдан гөрі еселеп өсе түсуі мүмкін.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Қазақстан Республикасының ұлттық қоры
2. Қор экономикасының қарқынды дамуы
3. Ұлттық қорды пайдалануы

Қазақстан Республикасының ұлттық қоры

Қазақстан Республикасы Қазына комитетінің жиынтық есептілігі және бас
кітап басқармасының бастығы Г.Досқалиева Норвегия еліндегі мұнай қоры
нәтижесінде құрылған Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры бойынша бірқатар
мәліметтерді жариялап, баспасөз-мәслихатын өткізді.
2007 жылдың 1 қаңтарында, Г.Досқалиеваның айтуына қарағанда, Қазақстан
Республикасының Ұлттың қорының жалпы жинағы 14 миллиард АҚШ долларынан асып
түскен. Яғни биылғы жылы Қазақстанның Ұлттық қоры теңгеге шаққанда 1
триллион 788 миллиардқа жетті деген сөз. Оның 1 388 миллиарды мұнай сатудан
түскен қаражат болса, 7,5 миллиарды соңғы бес жарым жыл ішіндегі жерді
сатудан түскен.
Жалпы, бүгінгі таңда әлемде біздің Ұлттық қор секілді 30-ға тарта
қорлар мен мемлекеттік қазына жиынтықтары бар. Мемлекеттік мүддеге сәйкес
түрлі мақсаттарға құрылған бұл қорлардың қалыптасу және пайдаланылу жолдары
да әр түрлі. 2001 жылдың мамыр айында ашылған Қазақстанның Ұлттық қоры
бұрнағы жылдары негізінен, салықтан түскен қаражаттың 10 пайызын аударып
отыру арқылы ұсталған болса, бүгінде мұнайдан түсетін қаржы, тау-кен өндіру
кәсіпорындарынан түсетін қаржы, жер телімдерін сату мен инвестициялық кіріс
секілді төрт бағыттан келіп түсетін қаражат негізінде қалыптасып отыр.
Ұлттық қордың қызметін жетілдіру мақсатында Ұлттық қорды қалыптастыру
және пайдалану тұжырымдамасы қабылданған. Соған сәйкес 2006 жылдың 1
шілдесінен бастап Ұлттық қорды жиынтықталған бюджет түрінде құру әдісі іске
асырыла бастады. Бұл жалпы, мемлекетті мұнай қаржысына тәуелсіз ету
мақсатында қолға алынған, – дейді Г.Досқалиева.
Сонымен, өткен 2006 жылы Ұлттық қор 699 миллиард теңгеге көбейді. Оның 197-
сі мұнайсыз жиналған ақша болса, тұжырымдама жүзеге асырыла бастаған 2006
жылдың 1 шілдесінен бастап мұнайдың табысы мемлекеттік бюджеттен бөлініп,
Ұлттық қор 502 миллиард теңгеге көбейтіліпті. Әйтсе де, бұл болашақ
ұрпақтардың мүддесіне сақталып отырған қор бүгінгі ұрпақтың тамағынан
жырылып отыр деген сөз емес. Бұл тұрғыда, Әр жылы республикалық бюджетке
Ұлттық қордан кепілдемелі трансферт жұмылдырылатын болады, – дейді
Г.Досқалиева.
2006 жылы Ұлттық қордан республикалық бюджетке 76,6 миллиард теңге
сомасында кепілдемелі трансферт бөлінген. Алайда бюджеттік жоспардың толық
жүзеге аспай, 100 миллион теңге игерілмей қалуы салдарынан бюджеттің кіріс
бөлігі жоспарды 109,8 пайызға асыра орындалып, ол ақша мемлекеттің бүгінгі
тіршілігіне жұмсалған жоқ. 76,6 миллиард теңге Ұлттық қорда қалды. Жалпы,
бұл жай мамандардың айтуынша, мемлекеттік бюджеттің шын мәнінде, мұнайға
тәуелсіз бола бастағанын көрсетеді.
Елімізде мұнай саласында жұмыс істейтін 55 кәсіпорын болса, енді соның
бәрі баяғы бюджеттік кірісін Ұлттық қорға аударып отырады. Демек, Ұлттық
қор жыл сайын бұрынғыдан гөрі еселеп өсе түсуі мүмкін.
Әрине, ақша жүрген жерде лаң жүреді. Қызығушылық та, сұрақ та көп болады...
Бұл орайда, Қазына комитетінің өкілі Г.Досқалиева журналистерге Ұлттық
қорға қанша ақша түсіп, қанша алынып жатқаны жөнінде бұдан былай апта сайын
ақпарат таратып тұруға дайынбыз, – деп мәлімдеді.

Қор экономикасының қарқынды дамуы

Қазіргі уақытта ел экономикасының қарқынды дамуы нәтижесінде көптеген
қаржы институттары қанатын қатайтып, жаңа құрылымдар ірге қалауда. Соның
ішінде соңғы жылдар бедеріндегі басты жаңалықтардың бірі жеткіншек буынға
табиғи ресурстардан түсетін табысты тепе-тең бөлуді қамтамасыз етуге
бағытталған Ұлттық қордың құрылуы дер едік. Мұндай қор дүниежүзілік
тәжірибеде жаңалық емес, бүгінгі таңда дүние жүзінде мұндай құрылымдардың
саны 30-дан асады. Олардың жұмыс істеу тетіктері әрқалай. Қазақстандық Қор
АҚШ долларымен есептегенде бірнеше миллиардтық активтері жинақталған
Норвегияның мұнай қорының тәжірибесіне негізделген.
Мағлұмат үшін айтсақ, Ұлттық қор Мемлекет басшысының 2000 жылғы 23
тамыздағы “Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы” Жарлығына сәйкес
2001 жылғы мамырда шаңырақ көтерді.
Ұлттық қор материалдық емес активтерді қоспағанда, Ұлттық Банктегі және
Үкіметтің есеп-шотында шоғырландырылған қаржы активтері түрінде, сондай-ақ
өзге де мүлік түрінде мемлекет активтерінен құралған.
2001 жылдың ішінде Ұлттық қор жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі қажетті
іс-шаралар толық тиянақталды. Атап айтсақ, ел Президентінің 2001 жылғы 29
қаңтардағы Жарлығымен “Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру
және пайдалану ережесі”, сондай-ақ Үкімет қабылдаған бірнеше қаулыларға
сәйкес, жоспардан тыс салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті
түсімдері Ұлттық қорға есептелген шикізат секторы ұйымдарының тізбесі,
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шарт,
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге
асыру ережесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы
аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау ережесі бекітілді.
Ұлттық қор бюджеттік және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз
етуге бағытталған, ал мұнай кірістерінің көп бөлігін Ұлттық қорда жинақтау
барынша жүйелі фискалдық саясат жүргізуге, Индустриялық-инновациялық даму
стратегиясында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруға, сондай-ақ болашақ
ұрпақтың Қазақстанның мұнай ресурстарының игілігін пайдалану мүмкіндігіне
ие болуына жол ашады.
Ұлттық қор Президент жанындағы консультациялық-кеңесу органы саналатын
– Ұлттық қорды басқару ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының ұлттық қоры жайлы
Қазақстан Республикасының ұлттық қорын құрудың теориялық негіздері
Бюджеттен тыс қорлардың экономикалық мәні және оның теориялық негіздері
Ұлттық қордың қалыптастырылуы мен пайдаланылуының тиімді перспективаларын анықтау
Қор нарығы
Қазақстан Республикасы ұлттық қордың есептілігі мен активтері
ҚОР НАРЫҒЫНДАҒЫ ҚАРБАЛАС
Ұлттық қордың мақсаттары мен міндеттері
Мемлекеттікбюджеттен тыс қорлар
Қор биржасы және оның қызметтерi мен құрамы жайлы
Пәндер