Отбасы құқық негіздері



Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

I. Отбасы
А) Отбасы құқығы дегеніміз
Б) Отбасы құқық қатынастарының субъектілері, Объектілері

II. Неке отбасы заңдары
А) Неке
Б) Неке қыю
В) Куәландыру жолдары

III. Балалар жөніндегі ата аналардың міндеттері:
А) Қамқоршылық
Б) Қазақстан Республикасының призидентінің 3.6 жолдауы
В) Әйел құқығын қорғау

IV. Жас отбасы
А) Жас отбасылардың мемлекет тарапынан қолдауы
Б) Студенттік отбасылар
V. Дені сау отбасы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе

Отбасы – «үй» деген сөздің синонимі, яғни бір ошақтың басында өмір сүріп жатқан қандастар.
Некеге немесе қандас туысқандыққа негізделген қоғамдық шағын топ, адам тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы формасы.
Отбасы - қоғамдық қатынастар мен процесстердің алуан түрлі формалары біртұтас болып ұштасатын комплексті әлеуметтік құбылыс. Сондықтан да отбасыға объективтік тұрғыдан ғылыми зерттеу жүргізу оңай емес.
Адам мен қоғам үшін отбасының маңызы, атқаратын қызметі алуан түрлі болғандықтан оны зерттеуші қоғамдық ғылымдар да көп. Бұл ғылымдардың әрқайсысы өз анықтамасын беруге тырысады.
Отбасы еркек пен әйелдің табиғи физиологиялық және басқа қажеттерін (рухани, этикалық, эстетикалық, т.б. қажеттерін) өтеп, ұрпақ өсіру арқылы қоғамды қалпына келтіре дамытушы әлеуметтік топ болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер:

1.Қазақ Совет энциклопедиясы, Алматы, 1976.
2.Қазақ Совет энциклопедиясы, Алматы, 1974.
3.Қазақ Совет энциклопедиясы, Алматы, 1978.
4.Қазақ Совет энциклопедиясы, Алматы, 1977.
5.Энгельс Ф. »Отбасының, жекеменшіктің және мемлекеттің шығуы», Алматы, 1984.
6.Морган Л. «Ежелгі қоғам», Алматы, 1956.
7.Бегалиев Т.Б. «Педагогика» Лекциялар курсы, Тараз, 2008.
8.Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, Алматы, 2006.
9.Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы заңы,Алматы 2001.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Астана Медициналық УниверситетіАҚ

CӨЖ

Тақырыбы: Отбасы құқық негіздері

Орындаған: Молдажанов
Д.
Тексерген:
Молдашева Ж. Қ.

Астана 2011

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім
I. Отбасы
1) Отбасы құқығы дегеніміз
2) Отбасы құқық қатынастарының субъектілері, Объектілері
II. Неке отбасы заңдары
1) Неке
2) Неке қыю
3) Куәландыру жолдары
III. Балалар жөніндегі ата аналардың міндеттері:
1) Қамқоршылық
2) Қазақстан Республикасының призидентінің 3.6 жолдауы
3) Әйел құқығын қорғау
IV. Жас отбасы
1) Жас отбасылардың мемлекет тарапынан қолдауы
2) Студенттік отбасылар
V. Дені сау отбасы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Отбасы – үй деген сөздің синонимі, яғни бір ошақтың басында өмір
сүріп жатқан қандастар.
Некеге немесе қандас туысқандыққа негізделген қоғамдық шағын топ, адам
тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы формасы.
Отбасы - қоғамдық қатынастар мен процесстердің алуан түрлі формалары
біртұтас болып ұштасатын комплексті әлеуметтік құбылыс. Сондықтан да
отбасыға объективтік тұрғыдан ғылыми зерттеу жүргізу оңай емес.
Адам мен қоғам үшін отбасының маңызы, атқаратын қызметі алуан түрлі
болғандықтан оны зерттеуші қоғамдық ғылымдар да көп. Бұл ғылымдардың
әрқайсысы өз анықтамасын беруге тырысады.
Отбасы еркек пен әйелдің табиғи физиологиялық және басқа қажеттерін
(рухани, этикалық, эстетикалық, т.б. қажеттерін) өтеп, ұрпақ өсіру арқылы
қоғамды қалпына келтіре дамытушы әлеуметтік топ болып табылады.

Отбасы
Отбасы құқығы дегеніміз - неке, туысшылык, қамқоршылық бойынша туатын
мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқықтық ереженің
жиынтығы.

Отбасы құқықтық пәніне ата-аналардың, балалардың құқықтары мен міндеттері
жатады. Осы құқықтық саланың ережелері, некеге тұруы тәртібі, туысқандықтың
мүліктік және мүліктік емес қатынастарын, некені бұзу ісін қарауды
реттейді. Отбасылық жағдай - некеде тұрғандағы немесе айырылысқандағы
жағдай, балалардың немесе отбасының басқа да мүшелерінің болуы немесе
болмауы.
Отбасының жоғарыда келтірілген анықтамасы бойынша, ол -
отбасындағы қатынастар, отбасының құрылымы мен формасы тарихи өзгеріп
отыратын әлеуметтік топ. Отбасы ұсақ топ ретінде мынадай негізгі
функцияларды іске асырады:
-репродуктивтік (бала табу арқылы қоғамды қалпына келтіру);
-экономикалық (өндіру және тұтыну);
-қорғаныс функциясы (отбасы мүшелерінің денсаулығына, материалдық
игіліктермен қамтамасыз етуге, қауіп-қатерден қорғауға қамқорлық жасау);
-балаларды оқыту-тәрбиелеу;
-эмоциялық (ерлі – зайыптылардың бірін-бірі сүюі);
-әлеуметтендіру функциясы (балаларды қоғамдық тәртіпке, мінез-құлыққа т.б).

Қазір қоғамдағы отбасы кіші әлеуметтік топ қана емес, ол сондай-ақ
құқықтық институт та болып табылады. Кіші әлеуметтік топ ретінде отбасы
бірқатар міндеттерді іске асыратынын жоғарыда айттық. Құқықтық институт
ретінде отбасы – туысқандық және некелік қатынастар арқылы өзара байланысты
адамдар тобы. Оларға тиісті құқықтық нормаларға сәйкес белгілі бір құқықтар
мен міндеттер берілген.
Отбасының өзіндік тарихи даму формалары бар. Мәселен, адамдардың
өндіріс тәсіліне сәйкес отбасы да әлеуметтік топ ретінде тарихи дамып
отырады.
Отбасының тарихи дамуының ғылыми-материалистік теориясына сүйене
отырып, американдық ғалым Льюис Морганның этнологиялық зерттеулерін
пайдаланды: ол ұзақ уақыт бойы солтүстік американдық үндістердің Сенека
тайпасында тұрып, жүргізген байқауларын, атап айтқанда, олардың туысқандық
және отбасылық қатынастарына жасаған зерттеулерінің нәтижелерін пайдаланды.

Морганның зерттеулеріне негізделген жорамал бойынша, адамзат қоғамы
тарихының бастапқы кезеңінде адамдар арасындағы жыныстық қатынастарға
ешқандай шек қойылмаған – үлкендер мен жастар, балалары мен ата-аналары
қатынаса берген. Бұл жабайы не жартылай жабайы кез болатын.
Бір қандастар отбасы топтық некеге негізделеді, мұнда жыныстық
қатынастар тек бір ұрпаққа жататындар арасында ғана рұқсат етіледі. Бір
ұрпаққа жататындардың бәрі, яғни аға-інілер мен апа-қарындастар
туысқандығына қарамастан бір отбасын құрған. Мұндай жанұя эндогамиялық
(жақын туыстар арасындағы жыныстық қосылу дегенді білдіреді) топ болады,
өйткені оған бір руға немесе тайпаға жататындар кіреді. Қазіргі кезде
мұндай отбасылар жоқ, бірақ кейбір халықтарда ағайынды екі адамның
балаларының үйлену фактілері кездеседі (өзбектер, арабтар т.б.).
Бұдан кейін біртіндеп эндогамиялық принцип экзогамиялық принциппен,
яғни руаралық некелесу формасымен ауысады. Бір рудың бір топ қыздары (апалы-
сіңілілер) басқа рудың бір топ туысқан жігіттеріне шығатын болған. Бұл бір
әйел мен бір еркектен тұратын отбасына көшудің алғашқы қадамы болды.
Бір еркек пен бір әйелден тұратын моногамиялық отбасыға өтудің тарихи
типі синдиасмикалық отбасы болды – ол жабайылықтан варварлыққа өту
кезеңінде пайда болды, ал полигамиялық (көп әйел алу формасында) тек
еркектердің ғана еркіне тиді. Отбасының бұл формасында баланың шын
биологиялық әкесі белгілі болатын болды да, мұның өзі рулық қоғамның
ыдырап, жеке меншіктің, қосымша өнімнің шығуына, сөйтіп моногамиялық
отбасының тууына жағдай жасады.
Моногамиялық отбасы патриархалды қатынастарға негізделгендіктен отбасы
басшысы еркек болды, отбасының ажырасуы да еркектің ғана еркімен болатын
болды.
Қазіргі заманғы отбасының негізгі типтері өзгеше. Қазіргі заманда бір
типті отбасы жоқ. Отбасылық қатынастардың формалары түрліше болуының
себебі, белгілі бір қоғамның даму дәрежесімен және ондағы қоғамдық
қатынастардың сипатымен анықталады. Қазіргі кезде отбасының типтері
мыналар: тотемдік қауым, патриархалды туыс топ, патриархалды отбасы және
жеке отбасы.
Тотемдік ру біздің заманымызда әлі де болса кездесетін ең көне отбасы
формаларына жатады. Мұндай отбасылар Австралиядағы кейбір тайпаларда
кездеседі. Ру мүшелерінің жеке - дара есімі болмайды екен, бәрінің ортақ
есімі болады. Мұндай отбасындағы неке жеке болмайды, жалпы болады екен,
баланың әкесін анықтау мүмкін емес, бала шешесінің есімімен аталады. Мұндай
отбасы кейбір көшпелі тайпаларда кездесді.
Патриархалдық туыстар тобы өткен замандарда үндіеуропалық халықтардың
бәрінде болған, ал кейбір халықтарда қазір де бар. Бұларда бірнеше ұрпақ
бірге тұрады, есімдері де жалпы болады. Бұл ұрпаққа жататын отбасы
мүшелерінің бәрі туысқан аға-іні және апа-сіңілі болып табылады. Отбасының
басшысы біреу – ол отбасының атасы болады.
Ұрпақтардың шығу тегіне қарай бұл отбасы матриархалды немесе
патриархалды отбасы болды. Біріншісі – отбасының ең көне түрі. Мұнда бір
әйелдің көп күйеуі болуы жиі кездеседі. Мұндай отбасы тибеттіктерде және
Оңтүстік Үндістанда тұратын тода деген халықта кездеседі. Патриархалды
отбасының басшысы – еркек. Сондай-ақ баланың тегі бір мезгілде әке жағынан
да, шеше жағынан да анықталатын екі жақты отбасы да кездеседі. Бұл жеке
отбасының түріне өтетін өтпелі форма болып табылады. Моногамиядағы
патриархалды отбасында отбасы басшысы мүліктің бірден-бір иесі болып
саналады. Бұл-жеке меншіктің шығуына байланысты болған отбасылық қатынас.
Жеке отбасы – бүгін таңда дүниеде ең кең тараған отбасының түрі. Бұл
отбасы енді тек әлеуметтік топ қана емес, сондай-ақ заң жүзінде бекітілген
топ.
Қорыта келгенде, отбасыға мынадай анықтама беруге болады: қазіргі
заманғы отбасы – ерлі-зайыпты екі адамның арасындағы некеге құрылған
негізгі әлеуметтік топ, отбасыға сонымен бірге ұрпақтары (ұл-қыздары) да
кіреді. Отбасының функциясы - бала тауып, тәрбиелеп өсіру, ерлі-
зайыптылардың жыныстық, эмоциялық сезімдерін және басқа (әлеуметтік,
экономикалық) қажеттерін өтеу.
Отбасы нақты қоғамда өмір сүреді, сондықтан отбасының жалпы сипатымен
қатар өзі өмір сүретін қоғамдық қатынастардың мазмұнына сәйкес ерекше
белгілері де болатыны түсінікті.
Әр елдің, ұлттың отбасын құру жолдары әртүрлі. Соған байланысты бала
тәрбиесі де ерекше. Отбасы тәрбиесі өмір өзгерісіне ұшырап отырады.
Мәселен, қазақтың ертедегі, кеңес заманындағы және бүгінгі бала
тәрбиесіндегі өзгешіліктер осындай.
Қазақстан Республикасының 1991 жылы тәуелсіздік алуы, әлемдік деңгейде
егеменді ел ретінде айқын танылуы, сондай-ақ президенттік басқару
нысанындағы демократиялық мемлекеттік және жаңа азаматтық қоғамның тууы,
нарықтық қатынастар жүйесіне көшуі, объективті қажеттіліктерге байланысты
болып отырғаны қоғамдық сананың түбегейлі өзгерістер шеңберін кеңейтті.
Отбасында адам өмірге келеді, тәй-тәйлап басады, бірінші қуанышы мен
қиындығын кездестіреді, өседі, өнеді, одан үлкен өмірге аттанады.

Отбасы құқық қатынастарының субъектілері:
1. ерлі зайыптылар;
2. балалар
3. басқа отбасы мүшелері мен жақын туыстары;
4. заңмен белгіленген басқа да адамдар.

Объектілері:
1. отбасының мүшелері арасында туатын өзіндік және мүліктік қатынастар;
2. некені қиюдың тәртібі мен шарттары және оны жою;
3. ата анасының қарауынсыз қалған балаларды басқа отбасына орналастыру
және т.б болып табылады

Неке отбасы заңдары :
Некеге тұрудың, некені тоқтатудың және оларды жарамсыз деп танудың шарты
мен тәртібін белгілейді;
Отбасы мүшелерінің: ерлі зайыптылардың , ата аналар мен балалардың
арасындағы, ал неке отбасы заңдарында көзделген жағдайларда және шектерде
басқа туыстармен өзге адамдардың арасындағы азаматтық құқықтар мен
міндеттерді, мүліктік емес және мүліктік және қатынастарды реттейді;
Ата анасының қамқорлығынысз қалған балаларды отбасына орналастырудың
нысандары мен тәртібін айқындайды;
Азаматтық хал актілерін тіркеу және заңдарда белгіленген тәртәппен
ақылы қызмет қөрсету тәртібін реттейді. Бұл мәселелер негізінен ҚР Неке
және отбасы туралы 17желтоқсан 1998ж заңмен реттеледі.

Неке
Неке ерлі зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес қатынастарды
туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен
тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен
әйелдің арасындағы тең құқықты одағы.

Неке қыю
тәртібі бойынша некеге отырғысы келген азаматтардың арыздары алдымен
азаматтық хал актілерін жазатын мемлекет органдарының кітабына жазылады да,
некені кию некеге тұруға тікелей білдірушілер азаматтық хал актілерін жазу
органдарына арыз берген күннен бастап бір ай мерзім откен соң жүргізіледі.
Дәлелді себептер болған жағдайда неке қиюды мемлекеттік тіркеу органдары
бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы бір ай откенге дейін некені
қиюға, сондай ақ осы мерзімді ұзартуға, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге
ұзартуға рұқсат етуге мүмкін.
Ерекше мән жайлар болған кезде(жүкті болу, бала тууы, бір тараптың
қміріне тікелей өауып төнуі және басқа ерекше мән жайлар) неке отініш
берілген күні қиылуы мүмкін.
Некені қию үшін некеге отыратын адамдардың өзара келісімі және олардың
неке жасына жетуі қажет. Неке жасы Қазақстан Республикасының заңы бойынша
18 жас болып беріледі. Дәлелді себептер юолған жағдайда мемлекеттік тіркеу
орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдарынеке жасын екі жылдан
аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін. Неке жасын төмендету туралы өтінішті
некеге тұруға тілек білдірушілер немесе олардың ата аналары, не
қорғаншылары белгіленген неке жасын төмендету қажеттігін туғызатын
себептерді көрсете отырып қозғай алады.
Некеге тұрған адамдардың қалауынша неке шарты жасалуы мүмкін. Неке
шарты нотариуспен расталған, некеге тұратындардың құқықтық жағдайын
анықтайтын шарт болыптабылады.

Куәландыру жолдары:
Баланың анасы екнедігін шешесінің медициналық мекемеде бала туғанын
растайтын құжаттар негізінде, ал бала медициналық мекемеден тыс жерде туған
жағдайда медициналық құжаттардың, куәлардың көрсетулерінің немесе өзге де
айғақтардың негізінде АХАЖ белгілейді. Бір бірімен некеде тұратын
адамдардан туған баланың туу тегі ата анасының неке туралы жазбасымен
куәландырылады;
Өзара некеде тұрмаған әке шешеден туған баланың тегі әкесі мен шешесінің
азаматтық хал актілерін жазатын мемлекеттік органға бірлесіп берген
арызымен анықталады. Мұндай мойындау болмаған күнде баланың әкесі, сот
арқылы анықталады.
Өзара некеде тұрған әке мен шеше қай қайсысының болса да арызы бойынша
туу туралы кітапқа баланың ата анасы болып жазылады. Некеде тұрмаған анадан
бала туған кезде, егер ата анасының бірлесіп берген арызы немесе соттың
шешімі болса, шешесінің фамилиясы бойынша жазылады, ал баланың әкесінің
аты, фамилиясы және ұлты баланың шешесінің айтуы бойынша жазылады.
Әке мен шешенің, өз балалар жөніндегі құқықтары мен міндеттері бірдей
болады. Сондықтан ата аналардың ортақ тегі болса, онда балалар сол текпен
жүруі тиіс, егер олар ортақ текпен жүрмесе, балалардың тегі ата ананың
келісуі бойынша белгіленеді. Неке жойылған немесе некені заңсыз деп
танылған жағдайда, балалар туған кезде алған кезде алған тегін сақтайды.
Балалардың ұлты ата анасының ұлтымен белгіленеді. Егер ата анасының ұлты
түрліше болса, баланың ұлты оның қалауы бойынша оған төлқұжат берген кезде
әкесінің немесе шешесінің ұлтымен жазылады.

Балалар жөніндегі ата аналардың міндеттері:
Балаладды тәрбиелеу; балалардың күш қуатын дамыту; оларды міндетті түрдке
оқыту балаларды пайдалы еңбекке үйретіп өсіру; жасы толмаған балаларын және
көмекке мұқтаж, еңбекке қабілеті жоқ балаларын асырау.
Ал көмек көрсетуден, алимент төлеуден бас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасы құқығы жайлы
Азаматтық іс жүргізу құқығы жайлы
Мемлекет және құқық теориясы пәнінен дәрістер
Құқық негіздері пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Отбасы құқығының түсінігі
Қазақстан Республикасының азаматтық және отбасы құқығының негіздері
Мектеп пен отбасының құқықтық тәрбие берудегі мүмкіндіктері
Әлеуметтік норма
Отбасылық құқықтың жалпы мінездемесі
Тұрғын үй-жайға меншік құқығы
Пәндер