Түркілер дәуіріндегі түрлі мәдени байланыстар



КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Түркілер дәуіріндегі түрлі мәдени байланыстар тарихы зерттеулерде
Түркі дәуіріндегі Батыс пен Шығыстың мәдени байланыстарына зерттеушілердің көзқарастары
Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара байланыстары тарихнамасы
Түркі халықтары мен тайпаларының Орталық Азия халықтарымен мәдени байланыстары тарихнамасы
Түркі.соғды мәдени байланыстарына тарихшылар көзқарасы
Түркілердің мұсылмандық Иран мемлекетімен мәдени байланыстары: мәселенің зерттелуі
Түркілердің қытай және славян мәдениетімен байланыстарының зерттелуі
ҚОРЫТЫНДЫЛАР
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысында түркі тайпалары мен халықтарының көрші халықтармен мәдени байланыстарының зерттелуі, тарихнамалық ой-пікірлердің қалыптасуы мен үрдістері, жетістіктері мен зерттелмеген тұстары туралы мәселелер қарастырылған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Дүниежүзілік тарихқа көз салсақ ортағасырлардағы халықтар мен елдердің даму деңгейі біркелкі болмағанын көреміз. Мәселен, бұл кезең Еуропа тарихы үшін халықаралық байланыстардың үзілуімен, сауданың құлдырауымен, қоғамның мәдени кеңістігінің тарылуымен ерекшеленеді [1]. Ал отандық тарихымызда бұл кезеңдегі даму басқаша сипат алды. Біртұтас Түркі қағанатының қол астына біріккен, ұлан-байтақ аумақты алып жатқан түркі халықтары көрші мемлекеттермен тығыз саяси-экономикалық, сондай-ақ мәдени байланыстар орнатып үлгерді. Түркі халықтарының тарихында тек саяси-экономикалық қана емес, мәдени дамудың жаңа кезеңі басталды. Тарихшылар мен археолог ғалымдарымыз “Дала өркениеті” деп атаған түркілер мәдениеті өзінің мәдени дәстүрлерінің тарихи тамырларын сақтай отырып, көрші халықтардың мәдени жетістіктерін шығармашылықпен игерді. Осылайша өзінше қайталанбас дала өркениетінің сипатты белгілері қалыптасты. Ал, мәселенің зерттелу тарихында мұндай пікір бірден қалыптаса қойған жоқ. Жалпы ұлттық мәдениетіміз бен оның тарихи тамырлары туралы объективті көзқарас бүгінгі таңда да барлық тарихшы ғалымдар мойындаған шындық деп айта алмаймыз. Сондай-ақ бүгінгі таңда өркениет, мәдениет, мемлекеттілігіміз бен ұлт болып қалыптасуымыздағы мәдени фактор деген мәселелер кең көлемде көтеріліп жатыр. Қоғамдық дамуда соңғы жылдары орын алған өзгерістер нәтижесінде тарихтың тек соғыстар мен әлеуметтік-экономикалық қатынастар мәселелерін зерттеу бағытына әділ сын айтыла бастады. Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында Отандық тарихымыздың келелі мәселелерін мәдени факторлар әсері тұрғысынан зерделеудің алғашқы нәтижелері жарық көре бастады. Осындай жағдайда ұлттық мәдениетіміздің түркі дәуіріндегі мәдениеті мен мәдени дамуындағы сыртқы мәдени байланыстар мәселелерін зерттеу өзекті проблемалар қатарына жатады. Себебі осы уақытқа дейін түркі дәуіріндегі мәдениет пен мәдени даму процесіндегі сыртқы мәдени факторлардың күшті ықпалы туралы пікір басым болып келгені белгілі. Бұл мәселені зерттеу үшін аталған мәселенің зерттелу тарихын зерделеп алудың маңызы зор деп есептейміз.
1 Ставиский Б.Я. О международных связах Средней Азии в V- сер. VІІІ вв // Проблемы востоковедения. - 1960. - № 5. - С. 108-118.
2 Григорьев В.В. Об арабском путешествиннике Xв. Абу-Дулофе и странствии его по Средней Азии. - СПб., 1872.
3 Ковалевский А.П. Книга Ахмеда ибн Фадлана о его путешествии на Волгу в 921-922 гг. – Харьков: Изд-во Харьк. ун-та, 1956. – 347 с.
4 Волин С.Л. Сведения арабских источников ІX-XVІ вв. о долине реки Талас и смежных районах // ТИИАН Каз ССР. – 1960. Т. 8. – 225 с.
5 Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена. -М.-Л.: Изд-во Акад. Наук СССР,1950. Т. І. – 382 с.; Т. ІІ. - М.-Л.: Изд-во Акад. Наук СССР, 1950. – 335 с.; Т. ІІІ. - М.-Л.: Изд-во Акад. Наук СССР , 1953. – 327 с
6 Кюнер Н.В. Китаиские известия. - М.: Изд-во вост. лит., - 392 с
7 Зуев Ю.А. Китайские известия о Суябе // Изв. АН Каз ССР. Серия ист, архелог. и этног. - Вып. 3 (14). - 1960. - С. 87-96.
8 Зуев Ю.А. Тамги лошадей из вассальных княжеств // ТИИАЭ АН КазССР. 1960. Т.8. – 225 с.
9 Зуев Ю.А. Ранние тюрки: очерки истории и идеологии. – Алматы.: Дайк-Пресс, 2002. – 338 с.
10 Дәулетхан Э. Қытай жылнамаларындағы мәденитетімізге қатысты кейбір деректер // Мына кітапта: Хұн-түрік-қазақ тарихын зерттеу мәселелері. Екінші кітап. – Алматы: ҚАЗақпарат, 2005. - 47-55 бб.
11 Жандарбек З. «Насаб-нама» нұсқалары және түркі трихы. Алматы: Дайк-Пресс, 2002. – 168 б.
12 Бартольд В.В. История изучения Востока в Европе и России. Лекции читанные в университете и в Ленинградском институте живых языков Востока. - Л., 1925. – 318 с.
13 Гумилев Л.Н. Көне түркілер. - Алматы: Білім, 1994. – 479 б.
14 Грум-Грижмайло Г.Е. Западная Монголия и Урянхайский край. Т. 2. Исторические очерки этих стран в связи с историй Средней Азии. – Л.,1926. – 898 с.
15 Сүлейменов О. АЗиЯ. Ізгі ниетті оқырман кітабы. / Ауд. С.Ақатаев. - Алматы: Еңбек, 1992. – 301 б.
16 Вопросы истории и историографии культуры Казахстана. (Сборник научных трудов). / КазГУ им С.М. Киров; /ред.кол.,А.С. Такенов (отв. ред.) и др. – Алма-Ата: КазГУ,1987. – 86 с
17 Вопросы истори и историографии материальной и духовной культуры Казахстана и сопредельных районов. - Алма-Ата: КазГУ, 1991. - 210 с.
18 Байпаков К.М. Средневековая городская культура Южного Казахстана и Семиречья. Алма-Ата: Наука, 1986. - 254 с.
19 Байпаков К.М., Шарденова З.Ж., Перегудова С.Я. Раннесредневековая архитектура Семиречья и Южного Казахстана на Великом Шелквом пути. - Алматы: Гылым, 2001. – 238 с.
20 История и культура Центральной Азии и Казахстана: исследов. молодых: Мат. летнего ун. по полит. ист. и культуре Цен. Азии и Казахстана. 4-24 августà 1997 г. -Алматы,1998. – 216 с.
21 Центральная Азия: диалог цивилизации в XXI в.: Материалы международной конференции. – Алматы: Дайк-Пресс, 2003. – 336 с.
22 Культура Среднего Востока. Развитие, связи и взаимодействия. Сб. ст. - Ташкент: Фан,1990. – 260 с.
23 Идея и реальность евразийства: Материалы Валихановских чтений “Исторические корни и перспективы евразийства как социально-культурного и социополитического феномена” 11-декабря 1998г. - Алматы: Дайк-Пресс, 1999. - 139 с.
24 Дулатова Д. И., Нуртазина. Н.Д. К изучению культурных взаимосвязей народов Казахстана и Средней Азии в конце XІX – нач. XX вв // Вопросы истории и историографии материальной и и духовной культуры Казахстана и сопредельных народов. – Алма-Ата, 1991. - С. 25-42.
25 Дулатова Д. И. Из истории культурных взаимосвязей казахов с народами Повольжя и Урала // Братское сотрудничества и взаимопомощь народов СССР: Историография, источники. – Целиноград: МГП “Аль-Фараби”, 1992. – С.24-34.
26 Дулатова Д. И. Вопросы истории и культуры тюрков в трудах А.С. Аманжолова // Вестник КазГУ. Серия историческая. – 1996. - № 3. - С. 96-102.
27 Қозыбаев М.Қ. Тарихнама мәселесі толғандырады // Қазақ тарихы. - 1998. - № 2. - 2-33 бб.
28 Омарбеков Ш.Т. XX ғасырдың 20-30 жылдарында саяси қуғындалған қазақ зиялыларының тарихи көзқарастары. Тарих ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация - Алматы, 2001. – 168 б.
29 Омарбеков Т.О., Омарбеков Ш.Т. Қазақстан тарихы және тарихнамасына ұлттық көзқарас. - Алматы: Қазақ Университеті, 2004. – 314 б.
30 Есмаганбетов К.Л. Зарубежная историография истории Казахстана. Диссертация на соискание научного звания доктора исторических наук. - Алматы,1999. - 360 ñ.
31 Взаимодействие кочевых культур и древних цивилизации. - Алма-Ата: Наука, 1987. - 209 с.
32
33 Балтанова Г.Р. Ислам в СССР: анализ зарубежных концепций. - Казань: Изд-во Казан. ун-та, 1991. – 148 с.
34 Гафуров Б.Г. Кушанская эпоха и мировая цивилизация. - М.: Наука,1968. – 20 с.
35 Восточный Туркестан в древности и раннем средневековье: Очерки истории. / Б.А. Литвинский, А.П. Терентьев-Катанский, В.А. Ранов и др.); Под ред. С.Л. Тихвинского, Б.А. Литвинского; АН СССР, Инс-т востоковедения. – М.: Наука, 1988. – 455 с.
36 Иванов И.П. Об одной ошибочной концепции // Правда. – 1951. 25- декабря.
Диссертацияның негізгі мазмұны бойынша жарияланған еңбектер
а) Мақалалар:
1 Түркілер мен соғдылықтардың мәдени байланыстары тарихнамасының кейбір мәселелері // ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. – 2003. – № 4. -29-31 бб.
2 Дала мен қала мәдени синтезі мәселесінің зерттелу тарихынан // ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. – 2004. – № 3. -16-19 бб.
3 Шығыс славяндар мен көшпелілердің мәдени байланыстарының тарихнамалық мәселелері // ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. –2004. – № 2. - 32-34 бб.
б) Конференциялар:
1 Шығыс славяндар мен көшпелілердің мәдени байланыстарының кеңестік тарихнамада зерттелуі // Бекмаханов тағылымы-2004: Халықаралық ғылыми конференция материалдары, Алматы, 18-19 мамыр, 2004ж. - Алматы, 2004. - 295-298 бб.
2 Некоторые проблемы историографии о роли тюрков в арабо-мусульманской культуре // Отандық тарихты оқыту: проблемалары мен иновациялық мәселелері: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 70 жылдық мерейтойына арналған: Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары, 21-22 қазан 2004. -Алматы, 2004.2-бөлім. – С. 112-116.
3 Түркі дәуіріндегі Қазақстан халықтарының Қытаймен мәдени байланыстарының кейбір мәселелері туралы (V-VIII ғғ.) // Қазақстан дүниежүзілік тарихи ойлау аясында: Халықаралық Бекмаханов оқулары ғылыми конференция материалдары, 18-19 мамыр 2005 ж. - Алматы, 2005. -410-412 бб.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысында түркі тайпалары
мен халықтарының көрші халықтармен мәдени байланыстарының
зерттелуі, тарихнамалық ой-пікірлердің қалыптасуы мен үрдістері,
жетістіктері мен зерттелмеген тұстары туралы мәселелер
қарастырылған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Дүниежүзілік тарихқа көз салсақ
ортағасырлардағы халықтар мен елдердің даму деңгейі біркелкі
болмағанын көреміз. Мәселен, бұл кезең Еуропа тарихы үшін
халықаралық байланыстардың үзілуімен, сауданың құлдырауымен,
қоғамның мәдени кеңістігінің тарылуымен ерекшеленеді [1]. Ал
отандық тарихымызда бұл кезеңдегі даму басқаша сипат алды. Біртұтас
Түркі қағанатының қол астына біріккен, ұлан-байтақ аумақты алып
жатқан түркі халықтары көрші мемлекеттермен тығыз саяси-
экономикалық, сондай-ақ мәдени байланыстар орнатып үлгерді. Түркі
халықтарының тарихында тек саяси-экономикалық қана емес, мәдени
дамудың жаңа кезеңі басталды. Тарихшылар мен археолог ғалымдарымыз
“Дала өркениеті” деп атаған түркілер мәдениеті өзінің мәдени
дәстүрлерінің тарихи тамырларын сақтай отырып, көрші халықтардың
мәдени жетістіктерін шығармашылықпен игерді. Осылайша өзінше
қайталанбас дала өркениетінің сипатты белгілері қалыптасты. Ал,
мәселенің зерттелу тарихында мұндай пікір бірден қалыптаса қойған
жоқ. Жалпы ұлттық мәдениетіміз бен оның тарихи тамырлары туралы
объективті көзқарас бүгінгі таңда да барлық тарихшы ғалымдар
мойындаған шындық деп айта алмаймыз. Сондай-ақ бүгінгі таңда
өркениет, мәдениет, мемлекеттілігіміз бен ұлт болып
қалыптасуымыздағы мәдени фактор деген мәселелер кең көлемде
көтеріліп жатыр. Қоғамдық дамуда соңғы жылдары орын алған
өзгерістер нәтижесінде тарихтың тек соғыстар мен әлеуметтік-
экономикалық қатынастар мәселелерін зерттеу бағытына әділ сын
айтыла бастады. Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында Отандық
тарихымыздың келелі мәселелерін мәдени факторлар әсері тұрғысынан
зерделеудің алғашқы нәтижелері жарық көре бастады. Осындай жағдайда
ұлттық мәдениетіміздің түркі дәуіріндегі мәдениеті мен мәдени
дамуындағы сыртқы мәдени байланыстар мәселелерін зерттеу өзекті
проблемалар қатарына жатады. Себебі осы уақытқа дейін түркі
дәуіріндегі мәдениет пен мәдени даму процесіндегі сыртқы мәдени
факторлардың күшті ықпалы туралы пікір басым болып келгені белгілі.
Бұл мәселені зерттеу үшін аталған мәселенің зерттелу тарихын
зерделеп алудың маңызы зор деп есептейміз.
Себебі мәселенің Қазақстанның тәуелсіздік кезеңіне дейінгі
уақытта зерттелуінің тамаша жетістіктерін жоққа шығаруға
болмайтынын атап өте отырып, бұл зерттеулерде қалыптасқан тарихи
көзқарастардың бүгінгі жаңараған тарих ғылымының сұранысын
қанағаттандыра бермейтінін ескеруіміз керек. Осы орайда мәселеге
тарихнамалық зерттеу жүргізіп, оның зерттелуінің кезеңдерін,
бағыттары мен қалыптасқан көзқарастар эволюциясын көрсете отырып,
мәселенің зерттелуіндегі жеткен жетістіктер мен кемшіліктерін,
бұдан кейінгі зерттеулерде қандай мәселелерге назар аударылуы
керектігі жөнінде қорытындылар жасау өте өзекті мәселе болып
табылады.
Зерттеу жұмысының нысаны ретінде түркі тайпалары мен
халықтарының көрші халықтармен мәдени байланыстарының зерттелу
мәселелері алынған.
Зерттеу пәні түркі тайпаларының өзге елдермен қарым-қатынастарын
қарастырған отандық және шет елдік зерттеу еңбектері болып
табылады.
Диссертацияның алға қойған мақсаты мен міндеттері: Жұмыстың
негізгі мақсаты ұлттық мәдениетіміздің қалыптасуының негізгі
кезеңдерінің бірі болып табылатын түркі дәуіріндегі көрші
халықтармен мәдени байланыстар мәселесінің шетелдік және отандық
тарихнамада зерттелуінің негізгі бағыттарын, сипаты мен мазмұны
және тарихи көзқарастар эволюциясының жетістіктері мен
кемшіліктерін анықтау болып табылады. Анықталған міндетке
байланысты алдымызға мынандай мақсаттарды шешуді қойдық:
- Түркі қағанаттарының көрші халықтармен мәдени байланыстарын
зерттеген зерттеушілердің біршама кең көлемі мен ғылыми
көзқарастардың сабақтастығы, тарихи мектептер мен концепциялардың
динамикасы мен бағыттарын анықтау.
- Түркі қағанаттарының көрші халықтармен байланыстарын
зерттеудегі көшпелі мәдениет пен отырықшы өркениеттер арасындағы
байланыстар мәселесінің шетелдік және отандық тарихнамада
пайымдалуын қарастыру.
- Түркі-соғды мәдени синтезі мәселелерінің зерттелуіндегі тарихи
және археологиялық зерттеулерге шолу жасау, ғылыми көзқарастар
эволюциясын көрсету.
- Түркі қағанаттарының Қытай, мұсылмандық Иран мелекеттерімен
мәдени байланыстары мәселелерін зерттеудің кезеңдері мен
бағыттарын, сипатты ерекшеліктерін зерделеу.
- Шығыс славяндар мен түркі тайпаларының мәдени байланыстары
туралы мәселенің зерттелуіндегі орыс тарихнамасында қалыптасқан
орыс идеясының мәнін ашып көрсету.
- Жалпы тақырыптың зерттелу жағдайы, ғылыми зерттеулердің
деңгейі, сондай-ақ зерттелмеген тұстары туралы ой қорыту.
Зерттеудің теориялық-методологиялық негізі: Диссертацияны жазу
барысында жан-жақтылық, нақтылық және объективтілік принциптері
басшылыққа алынды. Дегенмен түркі қағанаттарының көрші халықтармен
өзара мәдени байланыстарының тарихнамалық мәселелерін қарастыруда
өркениеттік тұрғы басты назарда болды. Теориялық-танымдық жағынан
алғанда өркениеттік тұрғы:
- зерттеу жүргізу барысында этноцентристік, ұлтшылдық және
этнониглистік көзқарастардан бас тартып, оларды айқындауға
мүмкіндік береді.
- әртүрлі халықтар мен мәдениеттердің, өркениеттердің, теңдігі
мен әлем дамуының полимәдени және көпұлттық құндылықтарын оның
дамуының негізгі шарты ретінде қабылдау туралы сананы
қалыптастырады. Негізінен алғанда өркениеттік тұрғы теориялық пен
қолданбалық жағынан алып қарағанда да үлкен мүмкіндіктерге жол
ашады. Дегенмен бұл тұрғының өзі әлі де болса теориялық және
әдістік жағынан нақтылай түсуді талап етеді.
Сондай-ақ диссертацияда тарихи зерттеудің жалпы ғылыми әдістері
мен талдау тәсілдері: тарихилық, құрылымдық-функциялық талдау,
салыстыра талдау, жүйелілік т.б. басшылыққа алынды.
Зерттеу жұмысының деректік негізін XVІІІ ғасырдың ортасынан
бастап осы күнге дейін жарық көрген шет елдік және отандық
тарихшылардың, археологтардың, этнологтармен кей жағдайларда
философтар мен әдебиетшілердің еңбектері құрайды. Бұл еңбектерді
түркі халықтарының тарихы мен мәдениетін бағалаудағы көзқарастары
мен бағыттары бойынша екіге бөлуге болады.
- XVІІІ ғасырдың ортасынан бастап өткен ғасырдың 50-60 жылдарына
дейін жарық көрген еңбектердің көпшілігі көшпелі халықтардың жалпы
әлемдік тарихтағы рөліне күмәнмен қарады.
- XX ғасырдың 50-60 жылдарынан бастап бүгінгі күнге дейін
мәдениет пен мәдени байланыстар проблемаларын зерттеудің теориялық
мәселелеріндегі өзгерістер мен кең көлемде жүргізіле бастаған
археологиялық зерттеулердің нәтижесінде дүниеге келген қайшылықты
пікірдегі зерттеулер.
XІX ғасырдың екінші жартысынан бастап орыс тарихшылары түркі
халықтарына қатысты нарративті материалдарды зерттеуде көшбасшы
болды. Ресейдің белгілі ғалымы В.В. Григорьев Қазақстан тарихы мен
мәдениетін зерттеуге ерекше көңіл бөлді. Кимектер, қарлұқтар,
оғыздар мен шігілдердің орналасуы, діні, шауашалығы туралы мол
мәлімет беретін Әбу Дулафтың (ІXғ) еңбегін алғаш ғылыми
айналымға енгізді [2]. Сондай-ақ ғалым ортағасырлық Қарахан
мемлекеті тарихын жазба деректер арқылы зерттей отырып, мемлекет
тарихына қатысты мәселелер бойынша түйінді пікірлер айтты. Атақты
шығыстанушы Х.Д. Френ көлемді түрде түсініктемелер беріп, 1823 жылы
Петербург қаласында неміс тілінде басып шығарған Ибн Фадланның
“Жазбаларын” кең көлемді тарихи-филологиялық талдаулармен орыс
тілінде А.П. Ковалевский жариялады [3]. С.Л. Волин Талас өзені мен
оған шектес аудандар туралы ІX-XVІ ғғ. араб деректерінің
мәліметтерін жинастырды [4].
Ежелгі және ортағасырлық Қазақстан тарихы үшін маңызды деректер
тобын құрайтын қытай тіліндегі мәліметтерді айтқанда көрнекі
шығыстанушы ғалым, синолог Н.Я. Бичурин есімі бірінші аталады. Н.Я.
Бичурин еңбегінде қытай хроникаларының материалдарына ауқымды
тарихи-филологиялық түсініктемелер берілген [5]. Н.Я. Бичуриннен
кейінгі ірі зерттеуші Н.В. Кюнер Орталық Азия халықтары туралы
қытай тіліндегі хабарлардың құнды топтамасын жасады [6]. Түркі
дәуіріндегі Қазақстан тайпаларына қатысты қытай тіліндегі
деректерді ежелгі түркі ескерткіштерінің, генеологиялық аңыздардың
мәліметтерімен салыстыра отырып зерттеудің тамаша үлгісі Ю.А. Зуеев
еңбектерінде көрініс тапты [7; 8]. Зерттеуші ортағасырлық Қазақстан
халқының біртекті мәдени негіздегі идеологиялық бірлігі туралы ой
айтты [9]. Қазақстандық ғалымдар соңғы жылдары қытай тіліндегі,
сондай-ақ бұрын белгісіз болып келген деректердің сипатты
ерекшеліктерін, ондағы мәдениетімізге қатысты мәліметтерді
зерттеуге ден қойып жүр [10; 11].
Жазба және археологиялық зерттеулердің нәтижесінде ортағасырлық
түркі қағанаттарының тарихын зерттеу кең көлемде жүргізіле бастады.
Алғашқы кезеңде жазба деректер мен археологиялық материалдарды
ғылыми айналымға қосу бірте-бірте жүргені белгілі. Сондықтан да кем
дегенде XІX ғасырдың аяғы мен XX ғасыр басындағы зерттеулердің
дүниге келгеніне дейінгі аралықта қарастырып отырған мәселе бойынша
тарихнамалық дерек жоқтың қасы десек те болады.
Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі: Жалпы түркі дәуіріндегі
мәдени даму мен осы кезең мәдениетіндегі көрші халықтардың мәдени
әсерлері мәселелерін зерттеу Н.А. Аристов, В.В. Бартольдтың
зерттеулері мен А.Н. Бернштам, С.П. Толстов, А.В. Якубовский, Ә.Х.
Марғұлан және тағы басқалардың Қазақстан мен Орта Азия, Сібір
аумағында жүргізген тарихи және археологиялық зерттеу жұмыстарының
нәтижелеріне байланысты қойылып, тарихнамалық ой-пікірлердің
қалыптасуының көш басында тұрды.
Белгілі шығыстанушы ғалым В.В. Бартольд еңбектерінде шығыс
тарихының батыс ғылымында зерттелуінің бірқатар қорытындылары
туралы тарихнамалық шолулар да жасады [12]
XX ғасырдың 20-30 жылдары кеңестік тарихнамада мәдениеттің
таптық сипаты туралы тезис қалыптасты. Сондықтан соғыстан кейінгі
кезеңге дейінгі уақыт аралығында мәдениет пен мәдени байланыстар
мәселелері көп зерттеле қойған жоқ. Өткен ғасырдың алғашқы
жартысында қалыптасқан тарихнамалық ахуалдан кейін 60-жылдардан
бастап өзара мәдени байланыстар мен өзара мәдени ықпалдастықтар
мәселесіне деген көзқарас өзгере түсті. Осы кезден бастап, жалпы
тарихи зерттеулердің бағытындағы өзгерістер нәтижесінде түркілердің
тарихы мен мәдениетін зерттеу ісі алға жылжи бастады, бұл өз
кезегінде тарихнамалық ой-пікірлерді қалыптастырды.
60-70 жылдардан бастап жарыққа шыққан Л.Н Гумилевтың көне
түркілер [Àëìàòû, 1994], С.Г. Агаджановтың оғыздар [Àøõàáàä,
1969], Е.Б. Көмековтың қимақтар [Àëìàòû,
1972], О. Қараевтың Қарахан мемлекетінің [Ôðóíçå, 1983] тарихына
арналған еңбектері мәселенің тек тарихы ғана емес тарихнамалық
пікірлердің дамуының да кейбір қорытындылары туралы ой түюге
мүмкіндік берді. Мәселенің зерттелу барысы Л.Н. Гумилев аталған
еңбегінде былайша ой түйеді: Орыс зерттеушілері, әсіресе кеңестік
кезеңде көшпелі мәдениеттің түп-тамыры туралы мәселені бірінші
болып көтерді. Оның әлеуметтік институттарының ерекшелігі, көркем
өнер туындыларының стилі мен әскери ісінің айырықша белгілері –
бәрі-бәрі жеткілікті мөлшерде терең зерттеліп, көшпелі мәдениеттің
артта қалған, кембағал, тағылық мәдениет емес, өзінің дербес даму,
қалыптасу жолы бар мәдениет екені көрсетілді. Мәселен
зерттеушілерінің археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде
көшпелілер мәдениетінің жабайы көшіру жолымен жасалған, кемшін
мәдениет емес екендігі дәлелденді. Сондықтан бүгінгі таңда мәселе
“көшпелілердің мәдениеті қытайлардан, соғдылар мен гректерден алып
пайдаланғаны жөнінде емес, отырықшы және көшпелі халықтар
мәдениетінің бір-біріне жасаған әсері жөнінде ғана қойылуы
тиіс”[13, 79 б.] ,-деп атап көрсетті.
Л.Н. Гумилев орыс шығыстанушы ғалымдарының ішінен Г.Е. Грум-
Грижмайлоның есімін ерекше атап өтеді. Зерттеушінің Орталық Азияның
ерте заманнан XX ғасырға дейінгі тарихына арналған көлемді зерттеу
еңбегі “Западная Монголия и Урянхайский край” деген атпен жарық
көрген болатын. Біз қарастырып отырған кезеңдегі түркілер тарихы
мен олардың түрлі мәдениеттер тоғысындағы алар орны туралы мәселе
аталған зерттеу еңбегінің ІІ-томында баяндалған. Зерттеуші
алғашқылардың бірі болып түркілер тарихындағы қытай мәдениеті мен
оның әсері және салдары туралы мәселені көтереді [14]. Л.Н. Гумилев
түркілер тарихы мен мәдениетін зерттеу ісінің басында тұрған бұл
іргелі еңбектің тарихнамада ұзақ уақыт өзіне лайықты бағасын ала
алмауының себебі В.В. Бартольд бастаған ғалымдар тарапынан сынға
ұшырағанынан болса керек,- деп атап өтеді [13, 84-100 бб.]
Алайда археологиялық жаңалықтар мен нақты тарихи зерттеулердің
жоғарыда келтірілген пайымдауларына қарамастан кеңестік кезеңде
жалпы мәдени байланыстар мәселелерімен айналысушы ғалымдар бұл
орайдағы көшпелі халықтардың рөліне берілген бағаны толық мойындай
қоймады. Бұл құбылыстың сипатын О.Сүлейменов өз кезінде ашық
көрсетіп берді: “XVІІІ ғасырдың ғалымын түсінуге болады: Ресей
империясының қиыр шет аймақтарын мекендеген мәдени дамуы мешеу,
тұрмысы төмен, өз еркінен айрылған түркі халықтары аяныштан басқа
сезім тудырмауы да кәдік.” [15, 165 б.]. Одан әрі
зерттеуші “АЗиЯ”-ның “Тарих және тарихшы” атты бөлімінде түркі және
славян халықтарының өзара мәдени байланыстары туралы қалыптасқан
тарихнамалық ахуалға талдаулар жасай отырып, алғашқылардың бірі
болып кәсіби тарихшы ғалымдардың айтуға батылы бармаған
тұжырымдарын ұсынды.
Сондай-ақ өткен ғасырдың 80-90 жылдарында Қазақстан мен көрші
халықтардың материалдық және рухани мәдениетінің зерттелу
тарихнамасына байланысты жинақтар да жарық көрді [16; 17]. Аталған
тарихнамалық талдауларды саралай отырып мәдени байланыстар
мәселелерін зерттеуде бұл байланыстардың ежелгі тарихи тамырларына
баса назар аударылғанын байқаймыз.
Түркі халықтарының көрші халықтармен өзара мәдени байланыстары
мен мәдени ықпалдастықтары туралы зерттеулер жүргізуде қазақстандық
археологтар Е.И. Агеева [Алматы, 1962], Т.Н. Сенигова [Алматы,
1972], К.А. Ақышев [Алматы, 1972], К.М. Байпаков [Алматы,
1986] және тағы басқалар мәселенің зерттелуі мен тарихнамалық ойдың
жаңа бағыттарын қалыптастыру жолында үлкен еңбек етті. Әуелгі
ортағасырлар кезеңіндегі түркі мәдениеті мен олардың мәдени
байланыстары туралы теориялық деңгейдегі мәселелермен айналысып
жүрген қазақстандық археолог-ғалым К.М. Байпаков түркі-соғды мәдени
байланысы туралы мәселенің зерттелуінің кейбір қортындыларын
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өлкесіндегі қалалық мәдениеттің
қалыптасу тарихына арналған еңбегінде келтіреді [18]. Сондай-ақ
қала мен дала мәселесі деп аталтын көшпелілер мәдениеті мен
отырықшы өркениеттердің өзара байланысы туралы тарихнамада
қалыптасқан көшпелілердің “мәдениет ошақтарын қиратушылар”
есебіндегі пікірлер эвлюциясына тоқталып, өзінің зерттеу еңбектері
арқылы қазіргі тарих ғылымындағы көшпелілердің жалпы тарих пен
әлемдік мәдениеттегі рөлі туралы жаңаша көзқарастардың
қалыптасуының көшбасшысы болып отыр. Археологиялық зерттеулердің
жаңа бағыттары мен салаларының жандана түсуі нәтижесінде түркі
дәуірінде орын алған мәдени байланыстардың сипаты мен мазмұны
туралы ғылыми пікірлер мен қорытындылар жаңа қөзқарастармен
бекітіле түсті. Өз дәуірінің саяси жағдайы, идеологиясы,
эстетикалық құндылықтар нормасы туралы түсінігі, ғылыми-өндірістік
қуатының дамуы, халықтардың мәдени байланыстары және мәдени
үлгілердің таралуы т.б туралы мол мәлімет беретін археологиялық
ескерткіштердің бірі болып табылатын – сәулет ескерткіштері мәдени
байланыстар тұрғысынан зерттеу енді ғана қолға алынып, Ұлы Жібек
жолы бойындағы Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның ерте ортағасырлық
сәулет өнеріне арналған ұжымдық зерттеу еңбегінде түркі дәуіріндегі
мәдени байланыстар мәселелерінің аталған бағытта зерттелуінің
қорытындылары берілген [19, 11-24 бб.]. Қоғамдық ой-санада
қалыптасқан өзгерістер нәтижесінде өткенге назар аударып, тарихи
тамырларымызды іздей бастаған тұста тәуелсіз Қазақстан тарихнамасы
қалыптасып келе жатыр. Қазақстандық зерттеушілер “Культура и
искусство в стратегии развития Казахстана” [Àëìàòû, 1999], “Молодые
ученные о проблеме глобализации и взаимодействия культур” [Àëìàòû,
2003] және т.б конференцияларда ұлттық мәдениетіміздің болашақ
дамуы мен оның әлемдік өркениет қазынасында алатын орнын анықтау
үшін оның тарихи дәстүрлеріне қайта үңілу керектігі, қалыптасқан
тарихнамалық стереотиптерді өзгерту керектігі, осы бағыттағы
зерттеу жұмыстарының бүгінгі жаппай жаһандану процесі бел алып
отырған заманда өзіміздің ұлттық болмысымызды сақтап қалудың
бірден-бір жолы ретінде атап өтті. Орта Азия аймағының ежелден-ақ
халықтарды саяси, экономикалық, мәдени және этникалық жағынан
байланыстырушы ерекше аймақ ретіндегі кеңестік тарихнамада
қалыптасқан зерттеу дәстүрлері одан әрі жалғастырылды. Адам-қоғам-
өркениет пен ежелгі және ортағасырлар дәуіріндегі өзара мәдени
байланыстар мен ықпалдастықтар мәселелері туралы ғылыми жинақтар
жарыққа шықты [20; 21], осы мәселе төңірегінде ғылыми
конференциялар жалғасты. Отандық тарих ғылымында ұлттық
тарихымыздың өркениеттік тұрғыдан зерттеудің алғашқы қадамдары
жасалуда [22; 23]. Міне, бұл бағыттағы зерттеулер мәселенің
зерттелуінің тарихнамалық үрдістерін талдай отырып, оның жаңа
беттерін ашуда.
Қазақстандық тарихнама ғылымының дамуына ерекше үлес қосқан
ғалымдарымыздың бірі Д.И. Дулатова Қазақстан халықтарының әр
кезеңдердегі көрші халықтармен өзара мәдени байланыстары мен
ықпалдастықтары мәселелерінің зерттелу барысын
қарастырған [24-26]. Тарихнамалық негіздегі мақалалары
арқылы зерттеуші жалпы өткен дәуірлердегі мәдени байланыстар
мәселелерінің кеңестік тарихнамада көбінесе тек әдеби байланыстар
негізінде ғана қарастырылғанын көрсетеді [25; 26]. Дегенмен біз
қарастырып отырған түркі қағанаттарының көрші халықтармен мәдени
байланыстарын одан әрі, бүгінгі жаңарған тарих ғылымының сұранысына
орай терең зерттеудің қажеттігін белгілі зерттеуші М.Қ. Қозыбаев “
... бізде зерттелмей келе жатқан мәселе - ұлтаралық, мемлекетаралық
қатынас, өркениеттер ықпалы, мәмлегерлік тарихы”,-деп атап көрсетті
[27, 2 б.]. Еліміздің тәуелсіздік алуымен қоса келген қоғамдық
өзгерістер тарихи зерттеулердің бағыттары мен сипатына да үлкен
өзгерістер әкелгені белгілі. Осындай өзгерістердің бір көрінісі
отандық тарих ғылымының кенжелеп қалған бір саласы – тарихнамалық
зерттеулердің жандана түсуімен сипатталады. Отандық тарихымыздың
келелі мәселелерінің зерттелуін тарихнамалық тұрғыдан тұжырымдау
заман талабынан туды. Осы орайда жүргізілген зерттеу еңбектері біз
қарастырып отырған мәселе бойынша да тарихи зерттеулерді
тарихнамалық тұрғыдан саралаған. Зерттеуші Ш. Т.
Омарбеков XX ғасырдың 20-30 жылдарында саяси қуғындалған қазақ
зиялыларының тарихи көзқарастарын талдаған [28]. Түркілер
(Түркістан) елі және монғол билігі дәуіріндегі Қазақстан тарихы
туралы қазақ ұлттық демократиялық интеллегенциясының еңбектерін
талдай отырып кеңестік сталиндік тоталитарлық жүйе қазақ
зиялыларына қазақтың көне және ерте ортағасырлардағы тарихына
тереңдеп баруына, осы кезеңнің күрделі мәселелері төңірегінде жан-
жақты зерттеулер жүргізуіне мүмкіндік бермеді деп атап өтеді [28,
14 б.]. Белгілі зерттеуші Т.О. Омарбеков пен Ш.Т. Омарбековтың
соңғы жылдары жарық көрген “Қазақстан тарихы мен тарихнмасына
ұлттық қөзқарас” атты іргелі зерттеу еңбегі де біз қарастырып
отырған мәселенің тарихнамалық тұрғыдан зерделенуінің бағыттары мен
нәтижелерін бағалауда маңызды орын алады [29].
VІ-XІІ ғасырлардағы түркілердің мәдениеті мен көрші
мемлекеттермен мәдени байланыстары туралы шет елдік зерттеушілердің
пікірлері К.Л. Есмағамбетовтың еңбегінде талданды
[30]. Зерттеуші шетел зерттеушілері бірінші болып түркілердің
исламға дейінгі және исламды қабылдағаннан кейінгі Иранмен, сондай-
ақ көшпелілер мен батыс өркениеттері арасындағы өзара байланысы,
дала империяларының дамуы және олардың Қытаймен қарым-қатынасы,
арабтардың Орта Азияға басып кіруі, көне түркілердің дүниетанымы
(VІІІ ғ.) және т.б. мәселелер төңірегінде жүргізген зерттеулерін
талдайды. К.Л. Есмағамбетов, әсіресе Орта Азия халықтарының сонау
көне түркі дәуірінен Қазақ хандығы дәуіріне дейінгі ұзақ кезеңді
қамтитын “түркілену” мен “исламдану” процестерін зерттеуге ерекше
қызығушылық туып отырғанын баса айтады [30].
Мәселенің зерттелу тарихына қысқаша тоқтала отырып, түркі
қағанаттарының көрші халықтармен мәдени байланыстары туралы зерттеу
еңбектерін тарихнамалық тұрғыдан саралауда қарама-қайшылықты
пікірлер қалыптасқанын көреміз. Соңғы кезеңдегі, әсіресе,
қазақстандық зерттеушілер түркі мәдениетінің өзіндік бай
дәстүрлерін көрсете отырып, олардың көрші халықтармен мәдени
байланыстарының тарихындағы өзіндік рөлінінің көп жағдайда жете
бағаланбағандығын атап көрсетуде. Бірақ бұл тұжырымдар әлі де болса
отандық ғалымдар ғана мойындаған шындық күйінде қалып отыр.
Сондықтан, аталған тақырыпты зерттеудің маңыздылығы да арта
түспек. Мәселенің тарихнамалық негіздерін талдай отырып, оның
болашақта зерттелуге тиіс бағыттары мен мәселелеріне назар аударуға
тиіспіз.
Диссертацияның хронологиялық шеңбері. Жұмыс VІ-XІІ ғасырлар
аралығында тарих төсіне шығып еуразияның алып мемлкеттерін құрған
түркілердің осы уақыт аралығындағы көрші мемлекеттерімен мәдени
байланыстары туралы жазылған отандық және шетелдік зерттеулерді
тарихнамалық тұрғыдан талдауға арналған.
Белгілі проблемалардың зерттелуіндегі тарихнамалық ой мен
концепциялардың қалыптасуы ұзақ жолдан өтетіндігі белгілі. Ал,
өркениет, мәдениет, мәдени байланыстар мәселелері шын мәнінде XVІІІ
ғасырдың ортасынан бастап зерттеле бастады. Нақтырақ айтсақ осы
кезде жоғарыда аталған ұғымдар ғылыми айналымға енді. Сондықтан
зерттеу нысаны ретінде XVІІІ ғасырдың ортасынан бастап жарық көре
бастаған еңбектерден бастап бүгінгі күнге дейінгі зерттеулер
қамтылды.
Диссертацияның ғылыми жаңалығы. Түркі қағанаттарының көрші
халықтармен мәдени байланыстарының тарихнамасы алғаш рет
диссертациялық деңгейде зерттелуімен анықталады. Тақырып бойынша
әдебиеттерді қамтуда тілдік, хронологиялық, ұлттық шектеулердің
болмауында; мәселенің жаңа методологиялық тұрғыда пайымдалуында;
тақырыптық кешенді түрде зерттелуінде; теориялық мәселелерге назар
аударылуында; түркі дәуіріндегі мәдени дамудың өзіндік
ерекшеліктері мен дәстүрлері ұлттық мәдениетіміздің қалыптасуымен
тығыз байланыстылығы туралы методологиялық принципті ұстануында.
Сонымен қатар жұмыста:
- Түркі қағанаттарының мәдени дамуы мен көрші халықтармен өзара
мәдени байланыстары зерттеудің қалыптасуы, даму кезеңдері жаңа
жүйеге түсірілген.
- Түркі қағанаттарының көрші халықтармен өзара мәдени
байланыстарын зерттеудің жетістіктері мен кемшіліктері алғаш рет
нақты түйінделеген.
- Мәдениет пен мәдени байланыстар мәселелерін зерттеу барысында
көшпелі халықтардың мәдениеті мен мәдени байланыстары туралы тарихи
көзқарастардың қалыптсуына әсер еткен тарихи үрдістер анықталған.
- Түркі қағанаттарының Қытай, Иран, Орталық Азия және славян
халықтарымен мәдени байланыстарының зерттелу мәселелері жеке-жеке
проблемалар нысаны ретінде қарастырылған.
- Түркілердің мәдениеті мен көрші халықтармен өзара мәдени
байланыстары мен ықпалдастықтары туралы мәселенің болашақтағы
зерттеу нысанына айналатын проблемалары жаңа көзқарастармен
нақтыланған.
Ғылыми-қолданбалық құндылығы: Жұмыс Түркі қағанттарының көрші
халықтармен өзара мәдени байланыстарының зерттелу мәселелерін
қарастыра отырып, тәуелсіз Қазақстанның тарихи дәстүрлерін берік
ұстанған бейбіт мемлекет ретіндегі халықаралық қатынастардағы рөлін
бағалауға, ұлттық мәдениетіміздің дәстүрлері мен сабақтастығы
туралы ғылыми көзқарастарды нақтылай түсуге, болашақ ұрпақты өз
мемлекетіміздің жарқын тарихи үрдістері арқылы қазақстандық
патриотизмге тәрбиелейді.
Диссертация материалдарын ЖОО-да арнайы курстарда түркі
дәуіріндегі мәдениет пен мәдени даму мәселелерін қарастырғанда
пайдалануға болады. Сондай-ақ зерттеу еңбегі бүгінгі жаһандану
үрдісі бел алған кезеңде жалпы түркі дүниесі үшін маңызды болып
саналады. Себебі еңбек барлық түркі халықтарының тек саяси,
әлеуметтік-экономикалық өмірінің ұқсастығы ғана емес, сондай-ақ
олардың мәдени болмысы мен құндылықтарының ортақтығы туралы ой
түюге, сондай-ақ тарихи тағдырының сабақтастығын сезіне отырып,
әлемдегі өз орнын лайықты бағалауға мүмкіндік береді.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
- Еліміз тәуелсіздік алып, тарихымыз бен мәдениетімізді қайта
зерделей бастаған тұста ұлттық мәдениетіміздің қалыптасуының
маңызды кезеңі болып саналатын түркі дәуіріндегі немесе түркі
тайпалары мен халықтарының көрші халықтармен мәдени байланыстарының
зерттелуін қарастыру өте маңызды болып отыр.
- Жалпы тарих ғылымында көшпелі халықтар тарихы жоқ халықтар
ретінде бағаланып, олардың тарихы мен төл мәдениеті жоққа
шығарылды. Бірақ, уақыт өте келе көшпелі халықтардың коғамдық және
мәдени даму деңгейі туралы бұл тұжырымдар уақыт сынына шыдамай өз
позицияларын жоғалта бастады.
- Түркі тайпалары мен халықтарының көрші халықтармен мәдени
байланыстарын зерттеу барысында жалпы көшпелі халықтарға берілген
жағымсыз баға узақ уақыт бойы аталған мәселені тарихи тұрғыдан
талдауда үстем болып келді.
- Тарихы ғылымының дамуымен, әсіресе археология саласындағы
жеткен жетістіктерінің нәтижесінде көшпелілер мәдениетінің тамаша
ескерткіштері ашылды. Нәтижесінде көшпелі және отырықшы мәдениеттер
арсындағы мәңгілік қарама-қайшылық туралы пікірлер де өз маңызын
жойды. Тарихнамада түркі-соғды мәдени синтезі немесе мәдени
интеграциялық процестер туралы пікірлер қалыптасты.
- Біз қарастырып отырған мәселде зертеушілер көрші халықтардың
түркілерге тигізген мәдени әсері тұрғысынан ғана емес, түркі
мәдениетінің өзіндік ерекшеліктері мен көрші халықтар
мәдениетіндегі әсері тұрғысынан қойлып зерттеле бастады. Бірақ,
көбінесе қазақстандық ғалымдардың зерттеулерінде көрініс тапқан бұл
мәселені барлық шет елдік ғалымдар бірден мойындап отыр деп айта
аламаймыз.
- Сондықтан шет еледік және отандық тарихнамадағы пікірлерді
талдай келе, түркі тайпалары мен халықтарының мәдени байланыстары
мәселелерін жан-жақты зерттеу қажет деп есептейміз.
Диссертацияның сыннан өтуі: Диссертация әл-Фараби атындағы
Қазақ Ұлттық университеті Қазақстанның ежелгі және ортағасырлар
тарихы кафедрасында дайындалды. Зерттеу жұмысының негізгі мазмұны
үш ғылыми мақалада, халықаралық ғылыми конференцияда баяндалды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Қазақстанның
ежелгі және орта ғасырлар тарихы кафедрасында талқыланып, ашық
қорғауға ұсынылды.
Диссертацияның құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспе, қорытынды
бөлімдермен қатар үш тараудан (әр тарау екі бөлімнен) және
пайдаланылған деректер тізімінен тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Зерттеудің бағытын таңдау тәуелсіз Қазақстан тарихы мен
мәдениетінің қалыптасуының маңызды кезеңдерінің бірі болып
саналатын түркі дәуіріндегі көрші халықтармен өзара мәдени
байланыстырының зерттелу деңгейі туралы тарихнамалық қорытынды
жасаудан туындайды.
Кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі негізделіп, оның зерттелу
деңгейі көрсетілді, зерттеудің мақсат-міндеттері, деректік негізі,
хронологиялық шеңбері, ғылыми жаңалағы мен қолданыстық аясы
айқындалған.
Диссертацияның Түркілер дәуіріндегі түрлі мәдени байланыстар
тарихы зерттеулерде атты бірінші тарауында мәселе Түркі
дәуіріндегі Батыс пен Шығыстың мәдени байланыстарына
зерттеушілердің көзқарастары және Көшпелі және отырықшы
мәдениеттердің өзара байланыстары тарихнамасы деп екі бөлімге
бөліп қарастырылған. Әлемдік мәдени байланыстарды тұтас теориялық
мәселе ретінде XX ғасырда қарастырған батыс ғалымдарының ішіндегі
ең танымалысы А. Вебер мен А. Тойнби. Вебер концепциясының
негізінде идеалистік релятивизм жатыр. Жиырмасыншы ғасырдың 50-70
жылдары Батыс Еуропа мен АҚШ-та, сәл кейінірек социалистік елдерде
мәдениет мәселелері бойынша пікірталастар өрби түседі. Батыстық
мәдениеттану ғылымында бірінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі кезеңде
мәдени томағатұйықтық туралы пікір үстем болса, ендігі жерде
адамзаттың жалпы мәдени негізі, мәдени-тарихи процестердегі
синтездің жолдары мен механизмдері және сабақтастығы туралы
пікірлер айтыла бастады (А. Тойнби, Ф.Нортроп, П. Сорокин). Бірақ
ұзақ уақыт бойы батыстық мәдениеттану ғылымында Шығыс мәдениеті,
соның ішінде көшпелі халықтар мәдениеті мен өркениеті жайында
біржақты “еруроорталықтық” көзқарастар белең алып алып келді. Олар
көшпелілердің тарихтағы жағымды рөлін “көшпелілер әлем халықтарының
қоян-қолтық араласуына дәнекер болды” деген пікірмен ғана шектеді.
Дегенмен өткен ғасырдың 60-70 жылдары шет ел әдебитінде Тойнби
концепциясынан бас тарту басталды. Көшпелі түркі-монғол
халықтарының өткен кезеңдегі әлеуметтік құрылымының жалпы
мәселелері, көшпелі құрылымдағы қалалардың орны, көшпелі
халықтардың шапқыншылықтарының тарихи рөлі туралы мәселелерге
арналған ірі зерттеу еңбектері мен ғылыми мақалалар көптеп жарық
көре бастады. Батыстық мәдениеттану ғылымы жалпы өркениет
мәселелерін көтере отырып, көшпелі халықтарға ауыр үкім шығарды.
Олар көшпелілер қоғамын табиғаттың заңдарына тәуелді, прогрессивті
даму жолына түсе алмайтын, “адамзаттың арамтамақтары” есебінде
бағалады. Осыдан келіп көшпелілер өзара мәдени байланыстардың
тасасында қалды. Өздері ешнәрсе ойлап табуға құлықсыз көшпелілер
дамыған өркениет жетістіктерін де пайдалана алмайды. Себебі олардың
қоғамында мұндай жетістіктерді пайдалануға сұраныс жоқ. Сұраныс
болмаған жерде мәдени элементтердің ауысуы да, берілуі де мүмкін
емес деген пікірді негіздеді. Бұл пайымдаулардың терістігін отандық
тарихымыз дәлелдеп берді.
Отандық тарихнамадағы түркі қағанаттарының көрші халықтармен
өзара мәдени байланыстар мәселелерін зерттеу тарих ғылымында бірден
көтеріле қойған жоқ. Кеңестік археологтар, этнографтар, лингвистер
мен мәдениет тарихшылары 20-30 жылдары Н.Я. Маррдың тілдер,
мәдениеттер мен халықтардың стадиялық даму туралы ілімінің күшті
ықпалында болды. Бұл ілімнің мәні мәдени ошақтар (круги) теориясына
мүлде қарама-қарсы болатын, оның негізгі мәні эволюцияда белгілі
бір кезеңдер болады, осы кезеңге жеткенде барлық қоғам бірден
өркениеттің белгілі жетістіктеріне ие болады дегенге саятын.
Осылайша өзара әсер мен диффузия рөлі екінші орынға шығып қалды. 40-
50 жылдарға дейінгі кеңестік тарихнамада миграция мен диффузия
теориясына “буржуазиялық”, “реакциялық”, “антимаркстік” бағыттағы
ілім ретінде теріс көзқарас қалыптасты.
Дегенмен соғыстан кейінгі жылдары мәдениет тарихындағы мәдени
байланыстардың рөліне деген сақтық пен оны жоққа шығару бағыты
біраз әлсіреп, мәдениет пен мәдени байланыстардың тарихи рөлі
туралы баға өзгере бастады. Ғылыми конференцияларда мәдени
байланыстар мен өзара мәдени әсерлер проблемасын зерттеу
мәселелеріне назар аударатын уақыттың жеткендігі туралы айтыла
бастады. Бұл пікірлер 60-шы жылдардың басынан бастап күшейе түсті.
Осы кезеңнен бастап кеңестік тарихнамада тарихтағы мәдени
байланыстар мен мәдени әсерлердің рөлі туралы зерттеу еңбектері
көптеп жарық көре бастады. Кеңестік және қазақстандық археолог
зерттеушілердің зерттеулері ғылыми ортада көшпелілер тарихына
қатысты қалыптасқан сыңаржақ пікірлерге үлкен соққы болып тиген
жаңалықтар ашты. Мәселен қалалық өмірдің қалыптасуындағы көшпелілер
рөлі, олардың тамаша бай мәдениеті жайлы зерттеулері мәдени
байланыстар мәселелерін сөз еткенде көшпелілерді тек мәдени
жетістіктерді қабылдаушылар немесе тіпті бұл элементтерді
қабылдауға да құлықсыздар қоғамы, себебі олардың қоғамы мәдени
жетістіктерді игеруге қабілетсіз деген мәдени байланыстар
теориясының ұғымдарын нақты ғылыми тұрғыдан жоққа шығара алады.
Негізінен ортағасырлық түркілер тарихын зерттеу немесе
көшпелілер тарихын зертеу мәселелерін шешуде өзіндік ғылыми дәстүрі
бар және жетекші орында тұрған орыс мектебі болды. Өткен ғасырдың
50-жылдардан кейін жанданған археологиялық зерттеу жұмыстарының
нәтижесінде көшпелілер мәдениеті жабайы көшіру жолымен жасалған,
кемшін мәдениет деген пікірлер іс жүзінде өз мәндерін жойды. Алайда
археологиялық жаңалықтар мен нақты тарихи зерттеулердің жоғарыда
келтірілген пайымдауларына қарамастан кеңестік кезеңде жалпы мәдени
байланыстар мәселелерімен айналысушы ғалымдар бұл орайдағы көшпелі
халықтардың рөліне басқаша баға берді. Кеңестік кезеңде орнаған
тоталитарлық жүйе гуманитарлық ғылымдарды өзіне идеологиялық құрал
есебінде пайдаланып, ғылымға араласу, оны көпе-көрінеу бұрмалау бел
алды. 30-жылдардың басында-ақ біршама көрнекі түрколог ғалымдар
Е.Э Бертельс, В.А. Забиров, М.Косаев, А.Н. Самойлович, Н.Хаким,
Б.М. Чобан-Заде т.б репрессиялау құрбанына ұшырады. Соғыстан
кейінгі жылдарда түркі дүниесіне назар аударып, түркілердің славян
халқына тигізген саяси, мәдени ықпалын мүлде мойындамайтын үрдіске
қарсы пікір айтушыларды бірден жазаға тартып отырды. Сондықтан да
жоғарыда аталған таза ғылыми зерттеулердің өзінде де түркілердің
сан-салалы мәдениеті мен олардың көрші халықтармен өзара мәдени
байланыстар мәселесі ашық айтыла бермеді. Ғылыми ортада ашылған
жаңалықтар академиялық ортадан әрі аспады.
Кең көлемде жүргізіле бастаған археологиялық зерттеулер күн
тәртібіне қала мен дала мәдени байланыстарының жалпы заңдылықтары
мен жолдарын анықтау мәселесін қойды. 1973 жылдың шілде айында
ЮНЕСКО-ның Париж ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркілер дәуіріндегі түрлі мәдени байланыстар тарихы зерттеулерде
Орталық Азия халықтарының өзара байланыстары және түркі жеріндегі Ислам дініне дейінгі діндер
ҚАЗАҚСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Тәуелсіз Қазақстандағы археология кезеңі
КСРО дәуіріндегі түріктану ғылыми саласы
Түркі мәдениеті мен менталитеті ұғымы
Х–XII ғасырлардағы Қарахандар мемлекетінің мәдени мұрасы
Түркі мәдениетінің өзіндік ерекшелігі
Шығыс немесе Мұсылман ренессансы
Түркі халықтары арасында ислам дінінің таралуы
Пәндер