Ерте дәуірдегі тіл білімі



Кіріспе
Негізгі бөлім.
1) Индиядағы тіл білімі
2) Грециядағы тіл білімі.
3) Арабтардағы тіл білімі
4) Әбу.Наср әл.Фарабидің еңбектері туралы.
5) Махмұд Қашғаридің еңбегі туралы.
6) Қазақ тілінің зерттелуі.
Қорытынды.
Адамзат өміріндегі құбылыстардың ішіндегі қадірлі де қасиетті ғажайыбының бірі – тіл. Ол коллектив болып еңбек ету процесінде қажеттіліктен туа отырып, адамдарды өзіміздің арғы замандағы ата-бабаларымыз хайуанаттар дүниесінен-маймыл тектестерден адам қатарына қосқан қуатты құрал. «Адамды адам еткен еңбек» деп Фридрих Энгельс текке айтпаған. Сондықтан адамзат өз тілінің және де басқа да тілдердің қырсырына ерте заманнан-ақ үңіле бастаған. Соның нәтижесінде тіл туралы ғылым дүниеге келген.
Әдетте, тіл туралы ғылымның қалыптасуын XIX ғасырдың бас кезінде әкеліп тірейді. Мұндай пікір салыстырмалы-тарихи тәсіл тұрғысынан қарағанда ғана дұрыс. Ал жалпы тіл атаулы туралы сөз етсек, тарих көші тым әріде жатыр. Тіл біліміндегі көптеген негізгі проблемалар – мәселен, тілдің қасиеті мен шығуы, сөз табы және сөйлем мүшелері, тілдік таңбаның мағынамен байланысы, логикалық және грамматикалық категориялардың өзара байланысы т.б. көне дәуірдің өзінде-ақ сөз етіле бастаған.
Дәлірек айтсақ, өте ертеде тіл туралы ілім іргесін қалағандар – ежелгі Индия, Греция, Рим және араб ғұламалары.
Ерте заманның өзінде-ақ тілдің шығуы, олардың көптігі, заттар мен құбылыстардың әр тілде алуан түрлі аталуы туралы мәліметтерге бабаларымыздың өзі-ақ көңіл бөліпті. Бұл мәселелер жөніндегі көзқарастарды ертедегі еврей аңыздарынан кездестіруге болады. Ол аңыздар кейін «Тауратқа» енгізілді.
Тіл білімі ертедегі Индияда алғаш діни Вед, әсіресе, Ригведа гимндерін зерттеуге байланысты қалыптасқан. Бұл гимндердің дүниеге қашан келгенін тарих тап басып айта алмайды. Оларды-ведтерді-ғалымдар шамамен, біздің эрамызға дейінгі 1500 жылға апарып тірейді. Әсіресе, Ашеки (біздің эрамызға дейінгі 250ж. шамасы) патшалығына дейінгі шығармалардың хронологиясын дәл белгілеу қиын. Уақыт өткен сайын діни гимндердің тілі санскрит ертедегі үнді сөйлеу тілі пракриттен іргесін аулақ салып, өзгеріп, түсініксіз бола бастады.
Бір жағынан діни гимндердегі сөздердің дұрыс айтылуын сақтау, екіншіден оны сөйле тілі пракрит ықпалынан таза, бұрынғы қалпында сақтап қалу, сол санскрит тілін әдеби тіл ретінде қалыптастыру мақсатымен ертедегі индустар тілдің алуан турлі құбылыстарын зерттеп, тіл туралы білім негізінің алғашқы қадасын қақты. Үнділік ғалымдар бұл мәселеде тек практикалық мақсатты көздеді. Тіл біліміне, негізінен, эмпиризмдік (тәжірибеге ғана негізделген) және суреттеме (описательный) реңк, өң беруге тырысты.
Тіл білімі мәселелері Вед әдебиеттерінде-ведангтарда-әңгіме етіледі. Сол еңбектерге сай, Ертедегі үнділіктер ведангтарды төртке бөлді. Оның бірі-Шикша. Ол фонетика және орфоэпия мәселелерін, екіншісі-Чханда -өлең құрылысы және метриканы, үшіншісі-Вьяркана-грамматиканы, төртіншісі-Нурукта-этимология, лексика мәселелерін қарастырады.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Ерте дәуірдегі тіл білімі.

Кіріспе
Негізгі бөлім.
1) Индиядағы тіл білімі
2) Грециядағы тіл білімі.
3) Арабтардағы тіл білімі
4) Әбу-Наср әл-Фарабидің еңбектері туралы.
5) Махмұд Қашғаридің еңбегі туралы.
6) Қазақ тілінің зерттелуі.
Қорытынды.

Адамзат өміріндегі құбылыстардың ішіндегі қадірлі де қасиетті
ғажайыбының бірі – тіл. Ол коллектив болып еңбек ету процесінде
қажеттіліктен туа отырып, адамдарды өзіміздің арғы замандағы ата-
бабаларымыз хайуанаттар дүниесінен-маймыл тектестерден адам қатарына қосқан
қуатты құрал. Адамды адам еткен еңбек деп Фридрих Энгельс текке айтпаған.
Сондықтан адамзат өз тілінің және де басқа да тілдердің қырсырына ерте
заманнан-ақ үңіле бастаған. Соның нәтижесінде тіл туралы ғылым дүниеге
келген.
Әдетте, тіл туралы ғылымның қалыптасуын XIX ғасырдың бас кезінде
әкеліп тірейді. Мұндай пікір салыстырмалы-тарихи тәсіл тұрғысынан қарағанда
ғана дұрыс. Ал жалпы тіл атаулы туралы сөз етсек, тарих көші тым әріде
жатыр. Тіл біліміндегі көптеген негізгі проблемалар – мәселен, тілдің
қасиеті мен шығуы, сөз табы және сөйлем мүшелері, тілдік таңбаның мағынамен
байланысы, логикалық және грамматикалық категориялардың өзара байланысы
т.б. көне дәуірдің өзінде-ақ сөз етіле бастаған.
Дәлірек айтсақ, өте ертеде тіл туралы ілім іргесін қалағандар –
ежелгі Индия, Греция, Рим және араб ғұламалары.
Ерте заманның өзінде-ақ тілдің шығуы, олардың көптігі, заттар мен
құбылыстардың әр тілде алуан түрлі аталуы туралы мәліметтерге
бабаларымыздың өзі-ақ көңіл бөліпті. Бұл мәселелер жөніндегі көзқарастарды
ертедегі еврей аңыздарынан кездестіруге болады. Ол аңыздар кейін Тауратқа
енгізілді.
Тіл білімі ертедегі Индияда алғаш діни Вед, әсіресе, Ригведа
гимндерін зерттеуге байланысты қалыптасқан. Бұл гимндердің дүниеге қашан
келгенін тарих тап басып айта алмайды. Оларды-ведтерді-ғалымдар шамамен,
біздің эрамызға дейінгі 1500 жылға апарып тірейді. Әсіресе, Ашеки (біздің
эрамызға дейінгі 250ж. шамасы) патшалығына дейінгі шығармалардың
хронологиясын дәл белгілеу қиын. Уақыт өткен сайын діни гимндердің тілі
санскрит ертедегі үнді сөйлеу тілі пракриттен іргесін аулақ салып, өзгеріп,
түсініксіз бола бастады.
Бір жағынан діни гимндердегі сөздердің дұрыс айтылуын сақтау,
екіншіден оны сөйле тілі пракрит ықпалынан таза, бұрынғы қалпында сақтап
қалу, сол санскрит тілін әдеби тіл ретінде қалыптастыру мақсатымен ертедегі
индустар тілдің алуан турлі құбылыстарын зерттеп, тіл туралы білім
негізінің алғашқы қадасын қақты. Үнділік ғалымдар бұл мәселеде тек
практикалық мақсатты көздеді. Тіл біліміне, негізінен, эмпиризмдік
(тәжірибеге ғана негізделген) және суреттеме (описательный) реңк, өң беруге
тырысты.
Тіл білімі мәселелері Вед әдебиеттерінде-ведангтарда-әңгіме етіледі.
Сол еңбектерге сай, Ертедегі үнділіктер ведангтарды төртке бөлді. Оның бірі-
Шикша. Ол фонетика және орфоэпия мәселелерін, екіншісі-Чханда -өлең
құрылысы және метриканы, үшіншісі-Вьяркана-грамматиканы, төртіншісі-Нурукта-
этимология, лексика мәселелерін қарастырады. Үнділіктердің ертедегі білгір
ғалымы-Панини (біздің эрамызға дейінгі V-IV ғ) өзінен бұрынғы ғалымдардың
еңбектерін пайдаланғандығын айта келіп, көптеген адамдардың есімдерін,
тіпті кейбір грамматикалық мектептерді айтады.
Ертедегі Грецияда тіл білімі мәселелерін зерттеу мүлде басқа бағытта
дамыды. Егер ертедегі Индияда тіл құбылыстарын зерттеу эмпиризмдік
(тәжірибеге ғана негізделген) тұрғыда қаралса, ертедегі Грецияда тіл
мәселелері философиялық көзқарасқа байланысты болды. Сондықтан тіл білімі
мәселелерін, негізінен философтар ғана зерттеп, тіл туралы жайт
философиялық мәселелердің құрамды бөлігі ретінде қарастырылды. Тіл білімі
мәселелерін философиялық тұрғыдан зерттеу Александрия мектебінің
қалыптасуына дейін созылды. Александрия мектебінің қалыптасуына байланысты
тіл білімі, дәлірек айтатын болсақ, грамматика өз алдына жеке пән ретінде
танылды.
Грецияда сөз, зат және олардың атауларының арасындағы қарым-қатынас
көптеген ғасырлар бойы екі топқа бөлінген философтардың дау- тартысына
айналды. Бұл тартыстың мәні –сөз заттарға, олардың табиғи ерекшеліктеріне
қарай беріле ме немесе сөз бен заттың арасындағы қарым-қатынас, байланыс
заң, дәстүр бойынша белгілене ме деген мәселе еді. Бұл тартысқа әр түрлі
көзқарастағы ғалымдар - әйгілі Гераклит (э. д. 540-480 ж.), Демокрит (э.
д. 460-371 ж.). Протагор (э.д. 480-410ж.), Эпикур (э. д. 342-270 ж.) т.б.
қатысты. Бұл проблемаға Платонның (э.д. 427-347 ж.) белгілі Кратил атты
диалогы себеп болды. Диалогта екі көзқарастан дәлелдемелер келтірілді.
Табиғи тұрғыдан дұрыс тіл идеада ғана болуы мүмкін екені туралы айтыс
болды.
Араб тіл білімі халифат дәуірінде (VII-XII ғасырлар) шарықтап дамыды.
Арабтарда тіл туралы ғылымның дамуына себеп болған нәрсе, ертедегі
Индиядағы сияқты, діни тіл мен ауызекі сөйлеу тілінің айтарлықтай алшақтай
бастауынан болуы керек.
Бұған қоса, мұсылман дінінің әсері де ерекше болды. Арабтар көрші
елдерді өзіне қаратып, ислам дінін найзаның ұщымен, білектің күшімен
таратып отырды. Ал ислам дінінің құралы – құран. Оны басқа ел адамдарына
үйретіп, оқыту үшін де тіл ғылымын дамыту керек болды.
Мұның үстіне араб тілінде диалектілер де көп еді. Жаңадан
бағындырылған елдердің тілдері әр түрлі болатын. Сондықтан классикалық араб
тілін диалектілерден де, басып алынған басқа елдер тілдерінен де қорғау,
оны таза сақтау қажет болды.
Бұл жағдайлар араб филологиясының дамуына әсерін тигізді. Арабтар
гректер мен үнділіктердің грамматикалық жүйелерін де пайдаланды. Сонымен
бірге араб тілі туралы ғылымды жасауға арабтардың тек өздері ғана емес,
оларға бағынышты басқа да халықтар өкілдері қатысты. Әсіресе, араб
халифатына кірген парсылар, гректер, сириялықтар, еврейлер, коптылар,
берберлер, вестготтар, түркі т.б. халық өкілдері тіл туралы ілімді дамытуға
ат салысты.
Арабтардың тіл туралы алғашқы еңбектері Евфрат пен Тигр бойындағы
Баср және Куф қалаларында шықты. Бұл екі қалада грамматикалық екі мектеп-
екі бағыт пайда болды. Олар өзара бір-бірімен түрлі-түрлі мәселелер
жөнінде айтысқа түсіп, пікір алысып отырды. Кейіннен граматикалық ғылым
орталығы Араб халифатының сол кездегі астанасы Бағдатқа көшті.
Баср мектебінің өкілі Сибавейхи (өз ұлты-парсы) Аль-Китаб деген
үлкен еңбек жазды. Мұнда 1000-нан астам өлең бар. Кітап мысалдары Құраннан
және ертедегі поэзиядан алынған. Кейінгілер бұл еңбекті әлденеше рет өңдеп
толықтырды.
Арабтардың ертедегі ойшылдардан бір өзгешілігі – олар әріп пен
дыбыстың айырмасын ажырата білді, сөздің жазылуы мен айтылуындағы, яғни
орфография мен орфоэпияның сай келмейтініне назар аударды.
Араб мамандарды басқа да тілдерді, мәселен, түрік, монғол, парсы
тілдерін де зерттеді. Бірақ оларда тіл фактілерін салыстыра қарастыру деген
болған жоқ.
Лексикология мен лексикография саласында арабтар айтарлықтай табысқа
жетті. Олар лексика материалдарын көптеп жинап, түрлі сөздіктіктерге
топтастырады; әр пәнге байланысты сөздіктер шығарды.
Арабистер араб тілі лексикасының байлығын ерекше мақтан етті.
Мәселен, семсер (меч) сөзінің 500 синонимін, арыстан (лев) сөзінің 500
синонимін, түйе (верблюд) сөзінің 1000 синонимін табады. Бұл, шын мәнінде,
тіл байлығының аса бір мәнді көрсеткіші.
X ғасыр филологы Хамза аль Исфахани бәле (қырсық, бақытсыздық
беда) деген сөздің 400 синонимін таба отырып, бәленің аты да бәле
екен...депті.
Ежелгі замандағы түркі тілдес халықтардың орталық қаласы Отырарда
туып, кейінірек есімі күллі әлемге мәшһүр болған ғұлама ғалым, дүние
жүзілік білім мен мәдениеттің екінші ұстазы (Аристотельден кейінгі)
атанғанӘбу Наср Мухаммед ибн Тархан әл-Фараби (870-950 жылдар) өзге ғылым
салаларымен бірге тіл білімінің бірқатар теориялық және практикалық
мәселелері бойынша да маңызды зерттеулер жүргізген.
Ұлы ғалым өзінің Ғылымды классификация жасау (Ихса алулум) деген
бес бөлімнен тұратын ғажайып еңбегінің бірінші бөлімін адамдардың бір-
бірімен қатынас жасап, өзара түсінісетін құралы-тілдің заңдылықтары мен
ерекшеліктерін зерттейтін ғылымға арналған. Сонымен Фарабидің жоғарыда
аталған еңбегінің алғашқы бөлімі Тіл туралы ғылым деп аталады. Сан алуан
ғылым салаларын қамтитын бұл күрделі зерттеудің беташар бөлімін ұлы
ұстаздың тіл біліміне арнауы кездейсоқ жайт болмаса керек. Мұның өзі тілдің
адамзат қоғамындағы ролі мен қызметінен туындайтын биік баға деп ойлаймыз.
Фараби ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XIX ғасыр тіл білімінде қолданылған әдістер
Тілдің таңбалық, құрылымдық және жүйелілік сипаттары
Ежелгі дәуір және орта ғасыр лингвистикасының қалыптасуы жөнінде
Ежелгі дәуір тіл білімі мен араб тіл білімі
Тілдің грамматикалық жүйесі
Ұлттық әшекей бұйымдардың тілдегі көрінісі
В.фон Гумбольдтың және Ф.де Соссюрдің лингвистикалық еңбектерінің маңызы жайлы
Жалпы тіл білімінің әдістері мен тәсілдері
Тіл білімі саласының басқа ғылымдармен байланысын меңгерту
Ежелгі тіл білімі
Пәндер