Банктік қызмет көрсету департаменті



Банктік қызмет көрсету Департаменті ЕБ «КЗИ-Банк» АҚ -ң құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына, ҚР ҰБ нормативті актілеріне және Банк жарғысына, ішкі ережелеріне сүйене жұмыс жасайды.
Департамент құрылымы мен жұмыскерлер саны Банктің штат кестесімен анықталады.
Департаментке Департамент басшысы басшылық етеді, ал Департамент басшысы болмаған жағдайда оның орынбасары атқарады. Департамент басшысын Банк басқармасының төрағасы тағайындай алады және қойылған талаптарға сәйкес қызметтен босата алады.
Банктік қызмет көрсету Департаментінің негізгі қызметі – Банк клиенттеріне есепті-кассалық қызмет көрсету болып табылады.
Банктің есеп айырысу-кассалық операциялары мынадай түрлерге бөлінеді:
 заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
 ұлттық немесе шетел валютасында аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен байланысты тапсырмаларын орындау;
 алдағы уақытта валюталау күні қойылуға тиісті, валютадағы аударым операциялары;
 төлемнің шартын өзгерту не қайтару;
 валюталық операцияларға бақылау жасау;
 шоттың архивін беру.
Негізгі қызметіне сәйкес Департамент келесі функцияларды атқарады:
 дәл және уақытылы клиенттердің талаптары бойынша төлем жасау;
 бугалтерлік есеп пен есептемеде ағымдағы операциялардың уақытылы және толық көрсетілуіне күнделікті бақылау жасау;
 поштамен жіберілетін төлем құжаттарын рәсімдеу, басқа банктерден түскен төлем құжаттарын өңдеу;
 ҚР ҰБ-гі корреспонденттік шот жағдайына бақылау жасау;
 Банктің сыртқа төленген төлемдеріне соңғы бақылау;
 Банктің айырбастау пунктінің есебі;
 күнделікті рәсімделген құжат айналымын қамтамасыз ету және банк архивіне өткізілгенге дейінгі оның сақталуын қамтамасыз ету;
 Департамент компетенциясына қатысты барлық есептерді дайындау;
 Банк клиенттеріне есепті-кассалық қызмет бойынша сұрақтарына кеңес беру;
 клиенттерді тарту бойынша жұмыстар өткізу.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім Министрлігі
Экономика және құқық академиясының жанындағы колледжі

ПРАКТИКА ЕСЕБІ

Орындаған: Абурова Г.(КФ-301)
Қабылдаған: Лесбеков Ғ.Ә.

Алматы – 2006

Банктік қызмет көрсету Департаменті.
Банктік қызмет көрсету Департаменті ЕБ КЗИ-Банк АҚ -ң құрылымдық
бөлімшесі болып табылады. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының
заңдарына, ҚР ҰБ нормативті актілеріне және Банк жарғысына, ішкі
ережелеріне сүйене жұмыс жасайды.
Департамент құрылымы мен жұмыскерлер саны Банктің штат кестесімен
анықталады.
Департаментке Департамент басшысы басшылық етеді, ал Департамент
басшысы болмаған жағдайда оның орынбасары атқарады. Департамент басшысын
Банк басқармасының төрағасы тағайындай алады және қойылған талаптарға
сәйкес қызметтен босата алады.
Банктік қызмет көрсету Департаментінің негізгі қызметі – Банк
клиенттеріне есепті-кассалық қызмет көрсету болып табылады.
Банктің есеп айырысу-кассалық операциялары мынадай түрлерге
бөлінеді:
← заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау,
банктік шоттарын ашу және жүргізу;
← ұлттық немесе шетел валютасында аударым операциялары: заңды және
жеке тұлғалардың ақшаны аударумен байланысты тапсырмаларын
орындау;
← алдағы уақытта валюталау күні қойылуға тиісті, валютадағы
аударым операциялары;
← төлемнің шартын өзгерту не қайтару;
← валюталық операцияларға бақылау жасау;
← шоттың архивін беру.
Негізгі қызметіне сәйкес Департамент келесі функцияларды атқарады:
← дәл және уақытылы клиенттердің талаптары бойынша төлем жасау;
← бугалтерлік есеп пен есептемеде ағымдағы операциялардың уақытылы
және толық көрсетілуіне күнделікті бақылау жасау;
← поштамен жіберілетін төлем құжаттарын рәсімдеу, басқа банктерден
түскен төлем құжаттарын өңдеу;
← ҚР ҰБ-гі корреспонденттік шот жағдайына бақылау жасау;
← Банктің сыртқа төленген төлемдеріне соңғы бақылау;
← Банктің айырбастау пунктінің есебі;
← күнделікті рәсімделген құжат айналымын қамтамасыз ету және банк
архивіне өткізілгенге дейінгі оның сақталуын қамтамасыз ету;
← Департамент компетенциясына қатысты барлық есептерді дайындау;
← Банк клиенттеріне есепті-кассалық қызмет бойынша сұрақтарына
кеңес беру;
← клиенттерді тарту бойынша жұмыстар өткізу.

Банктік шоттар ашу тәртібі.
Есеп айырысу-кассалық операциялар негізінен клиенттердің
банктердегі ашқан ағымдық және басқа да шоттары арқылы жүзеге асады. ЕБ
КЗИ-Банк АҚ-да талап етуіне дейінгі депозиттерге ғана шот ашады.
Талап етуіне дейінгі депозиттер – бұл салым иелерінің бастапқы
талап етуіне байланысты әр түрлі төлем құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын
алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар.
Талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар жатады:
– мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі шағын
коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын
қаражаттары;
– әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
– есеп айырысудағы қаражаттар.
Талап етуге дейінгі шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін
жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етуге дейінгі депозиттік
шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың жүзеге
асырылуы барысында түседі және пайдаланылады.
Ал кемшілігі – бұл шот бойынша пайыз мүлде төленбейді. Міне, осыдан келіп
талап етуге дейінгі шоттардың мынадай өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:
– ақша салу және оны алу кез келген уақытта ешқандай да шектеусіз
жүзеге асырылады;
– шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін коммиссиондық ақы
төлеп отырады;
– талап етуге дейінгі депозиттер бойынша, банк Орталық банкте
сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар
жасайды.
Банкте шоттар ашу тәртібі 1998 жылғы 29 маусымдағы Ақшалай
төлемдер мен аударымдар туралы ҚР заңына және 2000 жылғы 2 маусымдағы
Ұлттық Банк Басқармасы бекіткен Қазақстан Республикасының банктеріндегі
клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы №266
нұсқаулықта, 2003 жылғы 21 наурыздағы Ұлттық Банк Басқармасы бекіткен №90
қаулысындағы өзгертулер мен енгізулерінде көзделген. Осы нұсқаулыққа сай
банкте ашылатын шоттар мынадай түрлерге бөлінеді: ағымдағы және
корреспонденттік.
Жоғарыдағы ережеге сәйкес банкте шот ашуға мынадай құжаттар талап
етіледі:
I. Резидент-заңды тұлғалар үшін:
← Банктік шот ашу туралы өтініш (бірінші басшысының немесе
сенімді адамның қатысуы кезінде банкте беріледі және
толтырылады);
← Банктік шот туралы келісімшарт (бірінші басшысының немесе
сенімді адамның қатысуы кезінде банкте беріледі және
толтырылады);
← Жарғысының немесе ішкі ережесінің көшірмесі (нотариалды
куәландырылған);
← Статистикалық карточканың көшірмесі (нотариалды
куәландырылған);
← Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі
(нотариалды куәландырылған);
← Салықты төлеуші ретіндегі тіркеу нөмірінің (СТТН) көшірмесі
(нотариалды куәландырылған);
← Қол қоюшы тұлғаларға арналған бұйрығы (шешімі) мен олардың төл
құжаттарының көшірмесі;
← Филиалдар мен өкілеттік үшін резидент-заңды тұлғаның олардың
басшыларына берген сенімхаттың көшірмесі;
← Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер
үшін ҚР Қаржы Министрлігінен рұқсат қағаз;
← Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды
куәландырылған; теңгелік, валюталық шот болса 3 данада, ал
екеуін де ашса 4 данада толтырады).
II. Бейрезидент-заңды тұлғалар үшін:
← Банктік шот ашу туралы өтініш (бірінші басшысының немесе
сенімді адамның қатысуы кезінде банкте беріледі және
толтырылады);
← Банктік шот туралы келісімшарт (бірінші басшысының немесе
сенімді адамның қатысуы кезінде банкте беріледі және
толтырылады);
← Мемлекеттік немесе орыс тілінде дайындалған, филиал немесе
өкілеттік туралы ереженің көшірмесі (нотариалды куәландырылған);
← Статистикалық карточканың көшірмесі (нотариалды
куәландырылған);
← Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі
(нотариалды куәландырылған);
← Салықты төлеуші ретіндегі тіркеу нөмірінің (СТТН) көшірмесі
(нотариалды куәландырылған);
← Филиалдар мен өкілеттік үшін, бейрезидент-заңды тұлғаның
басшыларына берілген сенімхаттың көшірмесі;
← Бейрезидент-заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілеттіктері
үшін, бейрезидент-заңды тұлғаның саудалық реестрдан тіркеу
жөнінде выпискасының көшірмесі;
← Қол қоюшы тұлғалардың төл құжаттарының көшірмесі;
← Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды
куәландырылған; теңгелік, валюталық шот болса 3 данада, ал
екеуін де ашса 4 данада толтырады).
III. Шаруа (фермер) шаруашылығы:
← Банктік шот ашу туралы өтініш (банкте беріледі және
толтырылады);
← Банктік шот туралы келісімшарт (банкте беріледі және
толтырылады);
← Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі
(нотариалды куәландырылған);
← Салықты төлеуші ретіндегі тіркеу нөмірінің (СТТН) көшірмесі
(нотариалды куәландырылған);
← Жеке куәлігінің көшірмесі;
← Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды
куәландырылған; теңгелік, валюталық шот болса 3 данада, ал
екеуін де ашса 4 данада толтырады).
IV. Жеке кәсіпкерлер үшін:
← Банктік шот ашу туралы өтініш (банкте беріледі және
толтырылады);
← Банктік шот туралы келісімшарт (банкте беріледі және
толтырылады);
← Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы
куәліктің көшірмесі;
← Салықты төлеуші ретіндегі тіркеу нөмірінің (СТТН) көшірмесі
(нотариалды куәландырылған);
← Жеке куәлігінің көшірмесі;
← Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды
куәландырылған; теңгелік, валюталық шот болса 3 данада, ал
екеуін де ашса 4 данада толтырады).

V. Шетелдк дипломатиялық және консулдық өкілеттіктер үшін:
← Банктік шот ашу туралы өтініш (банкте беріледі және
толтырылады);
← Банктік шот туралы келісімшарт (банкте беріледі және
толтырылады);
← ҚР Сыртқы істер министрлігінен берілген, оның аккредитациясын
растайтын құжаттың көшірмесі;
← Жеке куәлігінің көшірмесі;
← Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка.
VI. Жеке тұлғалар үшін:
← Банктік шот ашу туралы өтініш (банкте беріледі және
толтырылады);
← Банктік шот туралы келісімшарт (банкте беріледі және
толтырылады);
← Салықты төлеуші ретіндегі тіркеу нөмірі (СТТН) көшірмесі;
← Жеке куәлігінің көшірмесі;
← Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (теңгелік, валюталық
шот болса 2 данада, ал екеуін де ашса 3 данада толтырады).

Есеп айырысу операциялары.
Банктің есеп айрысу-кассалық операциялары 2 формада жүзеге асады:
қолма-қол ақшалар мен қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу.
Қолма-қол ақшалармен есеп айырысулар – бұл нақты ақшалармен
төлемдер және аударымдар жасауды сипаттайды.
Мұндағы нақты ақшаларға: банкноталар және монеталар жатады. Қолма-
қол ақшалармен есеп айырысулар көбіне кассалық операциялар көмегімен іске
асады.
Есеп айырысу операциялардың басым бөлігі қолма-қолсыз түрде жүреді.
Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысулар – клиенттердің банкте ашқан
шоттары көмегімен, олардың тапсырмасы негізінде бір шоттан екінші бір шотқа
аударылатын төлемдердің жиынтығы.
Мұндағы, қолма-қолсыз ақшалар – чектер, пластикалық карточкалар,
электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардағы
сақтаған ақшалары (депозиттер).
Қазақстан Республикасы аумағында төлем құжаттарын пайдалану және
қолма-қолсыз төлемдер мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру ережесі туралы
ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірде бекіткен №179 қаулысына
сәйкес, заңды тұлғалар арасындағы 4000 айлық есеп көрсеткішінен асатын
жоғары мөлшерде есеп айырысулар тек қана қолма-қолсыз тәртіпте жүзеге
асырылуға тиіс. Осы ережеге сәйкес қолма-қолсыз есеп айырысуларда
қолданылатын төлем құжаттарының түрлеріне мыналар жатады:
← төлем тапсырмасы;
← төлем талабы-тапсырмасы;
← инкассалық үкім.
Аталған төлем құжаттарының мынадай өзіне тән көрсеткіштері болуға
тиіс:
1) төлем құжаттың атауы;
2) төлем құжатының нөмірі, толтырылған күні, айы, жылы;
3) ақшаны аударушының (төлеушінің) толық аты-жөні және жеке
идентификациондық коды;
4) ақшаны аударушы банктің толық аты-жөні және банктік
идентификациондық коды;
5) бенефициардың (ақшаны алушының) толық аты-жөні жеке
идентификациондық коды;
6) бенефециар-банктің толық аты-жөні және банктік идентификациондық
коды;
7) төлемнің тағайындалу коды;
8) санмен және жазбаша түрде берілген төлем сомасы;
9) төлемді немесе ақшалай аударымды жасайтын тұлғаның қолдары мен
мөрлері (егер құжат қағаз түрінде толтырылған болса);
10) бенефициардың және ақшаны аударушының салықты төлеуші тіркеу
нөмірі (СТТН).
Төлем құжаттары қағаз және электрондық жолмен толтырылуы мүмкін.
Төлем құжаттарының дұрыс толтырылуына үлкен мән беріледі. Әсіресе, ондағы
төлемнің тағайындалу коды 1999 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік классификаторы – төлемдердің тағайындалуының
бірдей классификаторын пайдалану ережесі туралы ҚР Ұлттық Банк
Басқармасының бекіткен №388 қаулысына сәйкес болуға тиіс.
Төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторы Қазақстан
Республикасындағы ақша-несие және валюта саясаты, сыртқы қарыз, төлем
балансының параметрлерін, банк жүйесінің жағдайын шұғыл түрде талдау,
жоспарлау және бақылау, сондай-ақ ақша ағымын талдауға мүмкіндік беретін
көрсеткіштер жүйесін қалыптастыруға арналған.
Төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторының құрылымы
мынадай:
Ι ΙΙ ΙΙΙ

4 2
Бенефициар банкі 3 Аударушының банкі

1-сурет. Төлем тапсырмасы бойынша тауарлар (қызметтер) үшін төлемді сатып
алғаннан кейін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР Ұлттық банкі - банктердің банкі
Қазақстан Республикасының Орталық банкі
Төлем мерзімі басталғаннан несие мерзімі
Қазақстанның банк жүйесі туралы
Банк жүйесі жайлы ақпарат
«ТемірБанк» қызметіндегі тәуекелділік
Ұлттық банктің құрылымы мен басқару органдары
Қазақстан Республикасынның Ұлттық банктің және коммерциялық банктердің мәні, маңызы, міндеттері, атқаратын қызметтері
Аджип ҚКО компаниясы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жайлы ақпарат
Пәндер