Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Батыс Қазақстан облыстық филиалы



I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3 бет
II. Негізгі бөлім
2.1 Жасына байланысты зейнетақы және жәрдемақы төлеу тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5 бет
2.2 Бала дүниеге келгенде төленетін біржолғы және жасқа толғанға дейінгі жәрдемақы төлеу тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12 бет
2.3 Асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17 бет
2.4 Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы ... ... ... ... ... ... ... .20 бет
III. Есеп беру мәліметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26 бет
IV. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30 бет
V. Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31 бет
Мен, Касмуханова Меруерт, Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университетінің «Басқару» факультетінің «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының ІV курс студентімін. Осы жылдың, яғни, 2008 жылдың қаңтар айының 21-інен ақпан айының 23-іне дейінгі өндірістік тәжірибемді Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Батыс Қазақстан облыстық филиалы, Сырым аудандық бөлімшесінде өткіздім.
Бөлімше меңгерушісі: Нұрғалиев Мұса Ыбырайұлы. Бөлімшеде бес қызметкер жұмыс жасайды. Олардың төртеуі бас мамандар және бір хатшы. Атап айтсам:
Бекболсынова Жанаргүл Құттыбайқызы. Атқаратын қызметі:
-қарттық зейнетақы, тыл еңбеккерлеріне арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, жаппай қуғын-сүргін құрбандарына өтемақы, Семей ядролық сынақ полигонындағы салдарынан зардап шеккен азаматтарға бір жолғы өтемақылар төленуіне құжаттар жинақтап, безендіріп, тағайындалып келгеннен кейін ОБД-ға (орталықтандырылған база деректері) енгізу.
Едірісова Нұргүл Қожантайқызы. Атқаратын қызметі:
-асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, қарттық мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар төленуіне құжаттар жинақтап, безендіріп, тағайындалып келгеннен кейін ОБД-ға енгізу.
Галимов Ерлан Әнуарбекұлы. Атқаратын қызметі:
-зейнетақы және жәрдемақлардың қаражат қажеттілігін топтап, ОБД-ға енгізу, қаражат қажеттілігіне өзгерістер енгізу, төлеуге тізімдерін шығару;
-зейнетақы және жәрдемақы төлемдеріне талдау жасау және жерлеу рәсіміне жәрдемақы төленуіне құжаттар жинақтап, безендіріп, тағайындалып келгеннен кейін ОБД-ға енгізу. Мамбетбаева Зина Жақсығалиқызы. Атқаратын қызметі:
-бала дүниеге келгенде төленетін біржолғы және бір жасқа толғанға дейінгі жәрдемақы, мүгедектікке арналған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, арнаулы мемлекеттік жрдемақылар төленуіне құжаттар жинақтап, безендіріп, тағайындалып келгеннен кейін ОБД-ға енгізу;

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

I.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 3 бет
II. Негізгі бөлім
2.1 Жасына байланысты зейнетақы және жәрдемақы төлеу
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... 5 бет
2.2 Бала дүниеге келгенде төленетін біржолғы және жасқа толғанға
дейінгі жәрдемақы төлеу
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...12 бет
2.3 Асыраушысынан айырылуына байланысты
жәрдемақы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .17 бет
2.4 Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы ... ... ... ... ... ... .. ...20 бет

III. Есеп беру мәліметтері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26 бет
IV.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...30 бет
V.
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 31 бет

Кіріспе.
Мен, Касмуханова Меруерт, Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық
университетінің Басқару факультетінің Әлеуметтік жұмыс мамандығының ІV
курс студентімін. Осы жылдың, яғни, 2008 жылдың қаңтар айының 21-інен ақпан
айының 23-іне дейінгі өндірістік тәжірибемді Мемлекеттік зейнетақы төлеу
орталығының Батыс Қазақстан облыстық филиалы, Сырым аудандық бөлімшесінде
өткіздім.
Бөлімше меңгерушісі: Нұрғалиев Мұса Ыбырайұлы. Бөлімшеде бес қызметкер
жұмыс жасайды. Олардың төртеуі бас мамандар және бір хатшы. Атап айтсам:
Бекболсынова Жанаргүл Құттыбайқызы. Атқаратын қызметі:
-қарттық зейнетақы, тыл еңбеккерлеріне арнаулы мемлекеттік жәрдемақы,
жаппай қуғын-сүргін құрбандарына өтемақы, Семей ядролық сынақ полигонындағы
салдарынан зардап шеккен азаматтарға бір жолғы өтемақылар төленуіне
құжаттар жинақтап, безендіріп, тағайындалып келгеннен кейін ОБД-ға
(орталықтандырылған база деректері) енгізу.
Едірісова Нұргүл Қожантайқызы. Атқаратын қызметі:
-асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы,
қарттық мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар
төленуіне құжаттар жинақтап, безендіріп, тағайындалып келгеннен кейін ОБД-
ға енгізу.
Галимов Ерлан Әнуарбекұлы. Атқаратын қызметі:
-зейнетақы және жәрдемақлардың қаражат қажеттілігін топтап, ОБД-ға
енгізу, қаражат қажеттілігіне өзгерістер енгізу, төлеуге тізімдерін шығару;
-зейнетақы және жәрдемақы төлемдеріне талдау жасау және жерлеу рәсіміне
жәрдемақы төленуіне құжаттар жинақтап, безендіріп, тағайындалып келгеннен
кейін ОБД-ға енгізу.
Мамбетбаева Зина Жақсығалиқызы. Атқаратын қызметі:
-бала дүниеге келгенде төленетін біржолғы және бір жасқа толғанға дейінгі
жәрдемақы, мүгедектікке арналған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, арнаулы
мемлекеттік жрдемақылар төленуіне құжаттар жинақтап, безендіріп,
тағайындалып келгеннен кейін ОБД-ға енгізу;
-азаматтарға әлеуметтік жеке код беру, өзгеріс енгізу, есебін жүргізу.
Есболова Жаннат Мұратқызы. Атқаратын қызметі:
-клиенттердің құжаттарын тексеру, бөлім меңгерушісіне бағытталған
құжаттарды реттеу, бөлімге түсіп жатқан арыздар мен сұрақтарға жауап
қайтарылуын қадағалау, клиенттердің іс-қағаздарын реттеу.
Өндірістік тәжірибемді өткізуге барған күннен бастап Мұса Ыбырайұлы бас
маман Жанргүл Құттыбайқызын жетекшілікке қойды. Жанаргүл Құттыбайқызы ең
бірінші мені бөлімшенің атқаратын қызметімен жалпы таныстырып өтті. Сонымен
мен тәжірибе жұмысымды Жанаргүл Құттыбайқызының жетекшілігімен бастадым.

Жасына байланысты зейнетақы және жәрдемақы төлеу тәртібі.
Жоғарыда атап өткенімдей жасына байланысты зейнетақы және жәрдемақы төлеу
тәртібі Жанаргүл Құттыбайқызының атқаратын міндетіне жатады. Әр жылдың
басында президентіміздің жолдауына, айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне,
т.с.с. өзгерістерге байланысты зейнетақы мөлшері де өзгеріп отырады.
Алдымен,биылғы жылғы өзгерістерге тоқталмас бұрын, жалпы зейнетақы төлеу
тәртібін баяндаудан бастайын.
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңында
көрсетілгендей, азаматтарды зейнетке шығару келесідей тәртіппен жүзеге
асады:
Ер азаматтар 63-жастан, әйел адамдар 58-жастан жасына байланысты зейнетке
шығады. Зейнетке шығу үшін ер адамдардан 25 жыл, әйел адамдардан 20 жыл
еңбек стажы міндетті түрде талап етіледі. Зейнетке шығу үшін:
-алушының арызы (1-қосымша);
-жеке куәлігінің көшірмесі;
-тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі;
-әлеуметтік жеке код беру туралы куәліктің көшірмесі;
-салық төлеушінің тіркеу нөмірі туралы куәліктің көшірмесі;
-зейнетақы және жәрдемақы төлеу ұйымындағы шот нөмірі туралы мәлімет;
-еңбек кітапшасының көшірмесі;
-білімі туралы құжаттың көшірмесі;
-балаларының туу туралы куәліктері мен жеке куәліктерінің көшірмесі.
Орталықтан зейнетақы тағайындау келесідей жүргізіледі:
1995 жылдың 1-ші қаңтарынан бергі қатарынан кез-келген 3 жылдың орташа
айлық жалақысының 60-пайыздық көрсеткіші алынады. Егерде алушы қажетті
стаждан, яғни ер адамдар 25 жылдан, әйел адамдар 20жылдан, артық жұмыс
жасаған болса, онда әр артық жасалған жылы 1 пайызға теңестіріліп, орташа
айлық жалақысынан алынатын 60 пайызға қосылады, бірақ бұл көрсеткіш 75-
пайыздан артық болмауы керек. Еңбек стажы ретінде, 1998 жылға дейінгі стаж
алынады. Төленетін зейнетақы мөлшері үкіметпен белгіленген ең төменгі
зейнетақы мөлшерінен кем болмауы керек. Егерде кем болған жағдайда осы
көрсеткішке теңестірілуі қажет. Ал зейнетақы есептелінетін орташа айлық
жалақының мөлшері 2008 жылдан бастап ағымдағы жылдағы айлық есептік
көрсеткіштің жиырма бес еселенген көрсеткішінен артық болмауы керек деп
белгіленді (2008-ге дейін 15 АЕК-тен аспау керек болған). Бұған қоса,
қосымша негізгі зейнетақы төлемі бар (базалық зейнетақы). Қосымша негізгі
зейнетақы мөлшері 2008 жылдан бастап 4210 теңге болды.
Сонымен қатар, биылғы жылы, зейнетақы, алушының пайдасына қарай екі нысан
бойынша көбейтілді. Бірі: жоғарыда атап өткенімдей, егер биылғы жылға дейін
зейнетақы есептелінетін орташа айлық жалақыға 15 АЕК-тен аспау керек деген
шектеу қойылса, биылдан бастап ол көрсеткіш 25 АЕК-ке дейін көтерілді (25
АЕК*1168=29200 шектеу). Екіншісі: алып отырған зейнетақысын 9 пайызға дейін
көтеру.

Мысал 1:
Зейнеткер, Карагужин Есенбек, әкелген орташа айлық жалақысы 17000 теңге
(қатарынан тұрған үш жылдың жалақы қосындысынан есептелген:
61200036=17000). Еңбек стажы 33 жыл (33-25(талап етілетін стаж)=8+60=68% )
Бұл жерде орташа айлық жалақыны толықтай пайдалана алмаймыз, өйткені 15
АЕК мөлшерінен асып кетіп тұр (2007 жылы- 15 АЕК*1092=16380 теңге). 2007
жылғы зейнетақысы:
16380*68%=11138+3000(қосымша негізгі зейнтақы-2007ж)=14138 теңге.
2008 жылғы қайта есептеу бойынша:
1-нысан:
17000*68%=11560 теңге
2-нысан:
11138*9%=12140 теңге
Байқап отырғанымыздай, екінші нысан бойынша есептелген тиімді болып отыр.

Сонымен, Карагужин Есенбектің алатын зейнетақысы 01.01.2008 жылдан бастап
12140+4210(қосымша негізгі зейнетақы)=16350 теңге.

Мысал 2:
Ермекова Аягөз орташа жалақысы 34000 теңге (2006 жылы: 15 АЕК*1030=15450
теңгеге шектеу), еңбек стажы 31 жыл (31-20(қажетті стаж)=11+60=71%). 2006
жылы 10969 теңгемен зейнетақыға шықты. 31.12.2007 жылғы зейнетақысы
11630+3000=14630 тг.
2008 жылғы қайта есептеу бойынша:
1-нысан:
29200*71%=20732 теңге
2-нысан:
11630*9%=12676 теңге
Бірінші нысан тиімді болғандықтан сол бойынша төленетін болады.
Ермекова Аягөздің 01.01.2008 жылдан бастап алатын зейнетақысы:
20732+4210=24942 теңге

Еңбек стажы талап етілген стаждан аз зейнеткерлердің зейнетақысы бар
стажды орташа айлық жалақысына көбейтіп, талап етілетін стажға бөлу арқылы
есептелінеді.
Мысал 3:
Зейнеткер, Ашимова Бибі, стажы 13 жыл 7 ай, зейнеткерлікке шығарда жалақы
алып келінбеген немесе 1995 жылдан мүлдем жұмыс жасамағандықтан жалақысы
жоқ. 2007 жылы 4915 теңге көлемінде зейнеткерлікке шыққан. Есептелуі:
1-нысан: қаралмайды, себебі жалақысы жоқ.
2-нысан:
Бар стаждың ең төменгі зейнетақыға көбейтіндісін талап
етілетін стажға бөлу арқылы есептейміз:
(13 жылды айға айналдырамыз: 13*12=156+7=163ай)
163*7900240=5366 теңге
Ашимова Бибінің 01.01.2008 жылдан бастап зейнетақысы 5366+4210= 9576
теңге.

Мүгедек зейнеткерлер жасына байланысты зейнетақы немесе мүгедектігі
бойынша жәрдемақының біреуін ғана алуға құқылы. Жасына байланысты
зейнетақыға шыққан жағдайда егерде оның алатын зейнетақы мөлшері
мүгедектігі бойынша берілетін жәрдемақыдан аз болса, онда зейнетақының
мөлшері тиесілі жәрдемақының мөлшеріне дейін көтеріледі.
Мысал 4:
Зейнеткер, Серіков Марат, стажы 35 жыл, орташа айлық жалақысы 12000
теңге. I топ мүгедегі. Зейнетақы мөлшері:
12000*70%=8400 теңге
Бірақ зейнетақы мөлшері I топ мүгедектігіне алатын жәрдемақыдан аз(I топ
мүгедектеріне-14301 теңге), сондықтан зейнетақыны осы көрсеткішке жеткізіп
төлейміз:
8400+5901(1-топ мүгедектігіне қосымша)+4210+1636(арнаулы мемлекеттік
жәрдемақы)=20147 теңге.

Төленетін зейнетақы 7,7Д формалары бойынша алушылардың шот нөміріне
түседі немесе қолма-қол беріледі (2-қосымша).
Зейнеткерлердің іс-қағаздарында олардың еңбек кітапшасының көшірмесі,
жалақысы жөнінде анықтама, зейнетақының немесе жәрдемақының тағайындалған
түріне байланысты шешімі (3-8 қосымшалар) тіркеледі.
Зейнетақының орта мөлшерінің дамуы келесі диаграммада көрсетілген:

1-диаграмма:

1-диаграмма бойынша, зейнетақының орташа мөлшерінің дамуы жыл сайын орта
есеппен 700 теңгеге өскенін байқаймыз. Соңғы екі жылды алып қарайтын
болсақ, 2007 жылы 2006 жылға қарағанда 765 теңгеге, ал 2008 жылы 2007 жылға
қарағанда 790 теңгеге өскенін байқаймыз. Зейнетақы мөлшерінің аталған
сомаға дейін көтерілгені, менің ойымша, біздің еліміз үшін орташа
көрсеткіш.

Бала дүниеге келгенде берілетін біржолғы және жасқа толғанға дейінгі
жәрдемақы төлеу тәртібі.

Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы жасына байланысты зейнетақы және
жәрдемақы төлеумен қатар, бала дүниеге келгенде берілетін біржолғы
жәрдемақы мен жасқа толғанға дейінгі берілетін жәрдемақыларды беруді жүзеге
асырады. Аталған жәрдемақыны төлеу тәртібімен толығырақ танысу үшін мен
Зина Жақсығалиқызының жетекшілігімен жұмыс жасадым. Бала дүниеге келгенде
берілетін жәрдемақыны және жасқа толғанға дейінгі жәрдемақыны тағайындау
үшін ең алдыман:
-алушының арызы (9-қосымша);
-баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
-арыз берушінің жеке куәлігінің көшірмесі;
-отбасының тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі;
-отбасы құрамы туралы анықтама алып келінеді.
Бала дүниеге келгенде берілетін жәрдемақының мөлшері 2008 жылдан бастап
30 айлық есептік көрсеткішті құрап отыр (30АЕК*1168=35040теңге).
Ал жасқа толғанға дейінгі жәрдемақы мөлшері, былтырғы жылғы көрсеткішпен
салыстыра қарайтын болсақ:

1-кесте:
2007 жылғы2007 жылғы 2008 жылғы2008 жылғы 2008-2007
коэф-ті коэф-т*АЕК коэф-ті коэф-т*АЕК өсім
1 балаға 3 3276 5 5840 2564
2 балаға 3.5 3822 5.5 6424 2602
3 балаға 4 4368 6 7008 2640
4 балаға 4.5 4914 6.5 7592 2678

1-кестеден бала күтімі бойынша жәрдемақының былтырғы жылға қарағанда
айтарлықтай өскенін байқаймыз.
Елбасының 2007 жылдың 28 ақпанындағы жүктілік пен босануына және жасқа
толғанға дейінгі бала күтімін міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы
өтініміне сәйкес, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ)
төлемдерді жүргізу 2008 жылдың 1-қаңтарынан іске асырылды. МӘСҚ-нан
әлеуметтік төлемдерді жұмыс жасайтын, міндетті әлеуметтік сақтандыру
жүйесіне қатысушы әйелдер алуға құқылы.
МӘСҚ-нан әлеуметтік төлемдер келесі жағдайларда жүргізіледі:
1. Жүктілігі мен босануы жағдайына.
Жүктілігі мен босануына байланысты әлеуметтік төлемдер еңбекке жарамсыз
деп танылған парағында көрсетілген уақытқа тағайындалады.
Жүктілігі мен босануына байланысты әлеуметтік төлемдер міндетті
әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға бір рет төленеді және ол әйелдің
соңғы он екі айдың тапқан табысының орташа мөлшерінде тағайындалады.
Қалыпты босанған жағдайда орташа айлық табыс 4,2 коэффициентіне, екі және
одан да көп бала болса немесе ауыр босанған жағдайда 4,7 коэффициентіне
көбейту арқылы анықталады. Ядролық сынақ өткізілген өңірлерде тұратын
әйелдер үшін 5,7 және 6,2 коэффициенттері қолданылады. Жаңа туған баланы
асырап алған жағдайдағы коэффициент 1,9 құрайды.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде он екі айдан аз уақыт қатысқан
жағдайда, орташа айлық табысы әлеуметтік аударымдар жүргізілген айлардағы
табысының сомасын аударымдар қорға түскен ай санына бөлу арқылы анықталады.
Мысал 1:
Жұмысшы, Байтасова Индира, 2008 жылдың 1-мамырынан 3-
қыркүйегіне дейінгі жұмысқа жарамсыздық парағын алып келді. Әлеуметтік
аударымдар жүргізілген соңғы он екі айдың орташа айлық табысы 38200 теңгені
құрады.
Әлеуметтік төлемді есептеу тәртібі:
38200*4,2=160440 теңге.
Мысал 2:
Жұмысшы, Муканова Әсел, кәсіпорында небары 5 ай жұмыс жасады. 2008 жылдың
6-тамызынан 24-желтоқсанына дейінгі жұмысқа жарамсыздық
парағын алып келді. Әлеуметтік аударым жүргізілген орташа айлық табысы:
1250005=25000 теңге.
2008 жылдың 12-қазанында екі бала дүниеге алып келді.
Әлеуметтік төлемді есептеу тәртібі:
25000*4,7=117500 теңге.

2. Бір жасқа толғанға дейінгі бала күтімі жағдайына.
Аталған әлеуметтік төлем, ай сайын, міндетті әлеуметтік сақтандыру
жүйесіне қатысушының соңғы жиырма төрт айдағы орташа айлық табысы
мөлшерінің 40 пайызы көлемінде, бала жасқа толғанға дейін төленеді.
Әлеуметтік төлемнің мөлшері бала күтімі бойынша берілетін мемлекеттік
жәрдемақының деңгейінен төмен болмау керек және ағымдағы жылдағы ең төменгі
жалақының он еселенген деңгейінің 40 пайызынан аспауы
керек(10515*10=105150*40%=42060).
Мысал 1:
Жұмысшы, Кажгалиева Әлия, бірінші баласының күтіміне байланысты
демалыста. Соңғы 24 айдың орташа айлық жалақысы 32000 теңге.
Ай сайынғы әлеуметтік төлемнің мөлшері:
32000*40%=12800 теңге.
Мысал 2:
Жұмысшы, Айташева Дәурия, екінші баласының күтіміне байланысты
демалыста. Орташа айлық жалақысы 10515 теңге.
10515*40%=4206 теңге.
Бірақ бұл бала күтімі бойынша берілетін мемлекеттік жәрдемақының
мөлшерінен төмен болуына байланысты, жәрдемақыны сол көрсеткішке дейін
теңестіріп береміз (екінші балаға-5,5 АЕК), яғни 6424 теңге.
Сонымен қатар, егер бұрын декреттік демалыста болған әйелдерге зейнетақы
аударымдары жүргізілмесе, енді жұмыс істейтін әйелдер үшін жүктілігі,
босануы және аналық кезін міндетті әлеуметтік сақтандырудың енгізілуіне
байланысты әйелдің бала күтімі бойынша демалыста болған кезінде әлеуметтік
төлемдерден міндетті зейнетақы жарнасын ұстау арқылы зейнетақы жинақтауы
одан әрі жалғасады.

Асыраушысынан айырылуына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын еңбек өнімділігін жоғарылату мақсаты мен еңбекақыны өсіру шаралары
Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін басқару
Жамбыл облысының әкімі Б. Б. Жексембиннің облыс тұрғындары алдындағы «2007 жылғы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы» есебі
Институционалдық аспект
Қазақстан Республикасындағы төлем операцияларының маңызы
Банк филиалының активтері мен пассивтерінің құрылымын диверсификациялау
Кассалық операциялардың есебі
Басқарудың экономикалық әдістері
Жинақтаушы зейнетақы жиналымының зейнетақымен қамтамасыз етуі
ҚР-ның ұлттық банк мекемесіндегі корреспонденттік шот арқылы банкаралық есеп айырысу
Пәндер