Мәдени даму мен теориялар



Дербес қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы (XV ғ.) ел ішіндегі және оның айналасындағы жағдайды күрделендіріп жіберді. Шыңғыс хан империясы келмеске кетті. Оның қирандыларына жаңа мемлекет құру қиынға түсті. Осы тұста, бірінші бөлімде аталған Асан қайғы бабамыздың қазақ мемлекетінің рухани тәуелсіздігін оның территориялық дербестігін сақтап қалу бағытындағы әрекеттерінің мәдени маңыздылығына аз-кем тоқталайық. Тарих дамуы енді басқаша әлемді қазақ даласына алып келе жатты. Бұл сауда-саттық әлемі еді. Құндылықтар өзгеріп жатты, құндылықтарға көзқарас та өзгеріп жатты. Көшпелілер даласында жаңаға ескінің қозғалмастай принциптері орын бере бастады Дәстүрлі рухани құндылықтардың өзі айырбас затына айналды. Бауырлас түркі халықтары қоштасып жан-жаққа кетіп жатты Тағдырлар мен болашаққа деген үміттер үзіліп жатты. Европа Жаңа әлем табалдырығына жан таласа ұмтылыста болса, Еуразия өзі өткен соңғы рухани-мәдени даму тұрғысынан қорытындылау қажеттілігіне кездесті. Бұл мыңжылдықта түрік патриоты Тоны көк (VII ғ.), күй атасы Қорқыт (VIII ғ.), ойшылдар: Әл-Фараби, Әл-Жауһари, Ж.Баласағүн, М.Қашқари, әулиелер: Арыстанбаб, А.Яссауи. С.Бақырғани, жыршы даналар: Жамал, Қарши, Хисамиден, Аталық, Сыпыра, Майқы би (XIII ғ.) және басқалары керемет дала, өркениетінің моделін жасап, келер ұрпаққа оны аманат еткен еді. Енді, міне жаңа тарихи-мәдени кеңістікте, осы тарихи-рухани құндылықтардың негізгі жетекшілерін, жаңа мәнмен алға дамыту қажеттіліктерін тарих осы Асан бабамыздың «иығына» жүктегенді. Абыз Асан көшпенді кеңістіктің жер кезген ойшылының классикалық типі. Бұл кезеңде салт атты, көшпелілер өркениетінің жұлдызы көмескелене түсіп, өмір бұрын-соңды белгісіз болып келген, қөзқарас шептеріне негізделген қарым-қатынастың жаңа принциптерімен нормаларын негіз етіп ала бастады. Жаңа құрылықтар, ескіні зерделеудің жаңа жолдары мен әдіс-тәсілдері ашылып жатты. Әлемнің әрбір жеріңде жаңа құрылымдар, мемлекеттер, одақтар мен этникалық қоғамдастықтар пайда бола бастады. Бұған сол кезеңнің әлеуметтік және рухани тәжірибиесін ойына сіңірген Еуразия құрлығы халықтарының этникалық тарихы үлгі бола алады. Яғни көшпелілер даласында мәдениеттер мен өркениеттердің ауысуы жүзеге асып жатты. Қазақ деген атаумен жаңа тарихи санаға бет бұрған халықтың рухани көлемі ретінде Асан қайғының «жүгі» ауыр еді. Себебі бос қалған Еуразия кеңістігін руханилықпен толтырып қана қоймай, қазақ этникасының идеялық бірлігін қамтамасыз етіп оны қорғап қалушы міндеті де Асанға жүктелгенді. Сондықтан Асан қайғы философиясының негізін: адамгершілік, мейірімділік, патриотизм, имандылық, сезімталдық, отансүйгіштік тағы басқа моральдық құндылықтар жүйесі құрады. Халық іргелі мақсаттарға бет бұрып оған жақындау үшін гуманистік идеяларды жүзеге асыру қажет болды. Асан ұсынған мәдени құндылықтар мен қатар ұлан байтақ жерге ие болу аманаттарын қазақ хандары абыроймен орындап отырды. Ноғай мен қазақтың айырылуынан үзілген салт-дәстүрлер қалпына келе бастады. Бұл процесс өте баяу жүрсе де, табандылық пен ауыз бірлікпен ерекшеленді.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Мәдени даму мен теориялар
Дербес қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы (XV ғ.) ел ішіндегі және
оның айналасындағы жағдайды күрделендіріп жіберді. Шыңғыс хан империясы
келмеске кетті. Оның қирандыларына жаңа мемлекет құру қиынға түсті. Осы
тұста, бірінші бөлімде аталған Асан қайғы бабамыздың қазақ мемлекетінің
рухани тәуелсіздігін оның территориялық дербестігін сақтап қалу бағытындағы
әрекеттерінің мәдени маңыздылығына аз-кем тоқталайық. Тарих дамуы енді
басқаша әлемді қазақ даласына алып келе жатты. Бұл сауда-саттық әлемі еді.
Құндылықтар өзгеріп жатты, құндылықтарға көзқарас та өзгеріп жатты.
Көшпелілер даласында жаңаға ескінің қозғалмастай принциптері орын бере
бастады Дәстүрлі рухани құндылықтардың өзі айырбас затына айналды. Бауырлас
түркі халықтары қоштасып жан-жаққа кетіп жатты Тағдырлар мен болашаққа
деген үміттер үзіліп жатты. Европа Жаңа әлем табалдырығына жан таласа
ұмтылыста болса, Еуразия өзі өткен соңғы рухани-мәдени даму тұрғысынан
қорытындылау қажеттілігіне кездесті. Бұл мыңжылдықта түрік патриоты Тоны
көк (VII ғ.), күй атасы Қорқыт (VIII ғ.), ойшылдар: Әл-Фараби, Әл-Жауһари,
Ж.Баласағүн, М.Қашқари, әулиелер: Арыстанбаб, А.Яссауи. С.Бақырғани, жыршы
даналар: Жамал, Қарши, Хисамиден, Аталық, Сыпыра, Майқы би (XIII ғ.) және
басқалары керемет дала, өркениетінің моделін жасап, келер ұрпаққа оны
аманат еткен еді. Енді, міне жаңа тарихи-мәдени кеңістікте, осы тарихи-
рухани құндылықтардың негізгі жетекшілерін, жаңа мәнмен алға дамыту
қажеттіліктерін тарих осы Асан бабамыздың иығына жүктегенді. Абыз Асан
көшпенді кеңістіктің жер кезген ойшылының классикалық типі. Бұл кезеңде
салт атты, көшпелілер өркениетінің жұлдызы көмескелене түсіп, өмір бұрын-
соңды белгісіз болып келген, қөзқарас шептеріне негізделген қарым-
қатынастың жаңа принциптерімен нормаларын негіз етіп ала бастады. Жаңа
құрылықтар, ескіні зерделеудің жаңа жолдары мен әдіс-тәсілдері ашылып
жатты. Әлемнің әрбір жеріңде жаңа құрылымдар, мемлекеттер, одақтар мен
этникалық қоғамдастықтар пайда бола бастады. Бұған сол кезеңнің әлеуметтік
және рухани тәжірибиесін ойына сіңірген Еуразия құрлығы халықтарының
этникалық тарихы үлгі бола алады. Яғни көшпелілер даласында мәдениеттер мен
өркениеттердің ауысуы жүзеге асып жатты. Қазақ деген атаумен жаңа тарихи
санаға бет бұрған халықтың рухани көлемі ретінде Асан қайғының жүгі ауыр
еді. Себебі бос қалған Еуразия кеңістігін руханилықпен толтырып қана
қоймай, қазақ этникасының идеялық бірлігін қамтамасыз етіп оны қорғап
қалушы міндеті де Асанға жүктелгенді. Сондықтан Асан қайғы философиясының
негізін: адамгершілік, мейірімділік, патриотизм, имандылық, сезімталдық,
отансүйгіштік тағы басқа моральдық құндылықтар жүйесі құрады. Халық іргелі
мақсаттарға бет бұрып оған жақындау үшін гуманистік идеяларды жүзеге асыру
қажет болды. Асан ұсынған мәдени құндылықтар мен қатар ұлан байтақ жерге ие
болу аманаттарын қазақ хандары абыроймен орындап отырды. Ноғай мен қазақтың
айырылуынан үзілген салт-дәстүрлер қалпына келе бастады. Бұл процесс өте
баяу жүрсе де, табандылық пен ауыз бірлікпен ерекшеленді.
XV-XVII ғғ. қазақтардың үйлер салуы, көркем-өнерлік кәсібімен халық
ауыз әдебиетімен шығармашылығы мәдени құбылыс ретінде көрініс берді.
Қазақ хандығының орталығы Сығанақ үлкен мәдени орталық болды. Кейін
ХVІ-ХVIII ғғ., Түркістан қаласы қазақ елінің астанасы болып, қазақ
хандарының рухани ордасына айналған болатын. Қазақ хандары: Қасым, Тәуекел,
Есім, Тәуке билік құрған дәуірлерде сәулет өнері дамыды. Түркістан, Сауран,
Сығанақ, Отырар, Саройшық қалаларында кесенелер мен хан сарайы өзіндік
сәулет-сипатымен ерекшеленіп, мешіттер мен мазарлар шығып ою-өрнекетерімен
қоса ұлттық болмыстың нақыштарымен көркемделді.
Үй кәсібі мен өнер бұйымдары көне кездерден ұлттық болмыс пен
ерекшеліктерді білдірді. Киіз үй жабдықтарының нәзік те әсем оюланған
заттары, кілемдер, киіздер, кестелер, тоқымалар, ыдыс-аяқтар, сәнді киімдер
мен әшекейлер халықтың материалдық мәдениетінің жоғары деңгейін білдірді.
Қазақ халқын құраған ру-тайпалардың тарихы ауыз әдебиетінде шежіре түрінде
қалыптаса бастады. Бұл кезде қазақ даласына кең тараған ислам мәдениетіде,
жаңа тарихи кезендерде маңызы жағынан кеңейіп, жергілікті ауыз әдебиетімен
үйлесімділік ырғақта болды. Әсіресе, бұл құбылыстардың қайшылықтары мен мән-
мағынасын ашуда байқалып отырды. Әртүрлі табиғат құбылыстары: күннің
тұтылуы, жыл мезгілдерінің ауысуы қуаңшылық, су тасқындары, дүлей дауылдар,
нөсер жауындар, найзағай гүрілі және т.б., ескі наным - сенімдердің
біржақты тұстарынан халық санасын ажыратып, жаңа пайымдаулар тудыруға
бағытталды. Яғни, бір құдайлық сенімге келу көзқарасы үстемдік құрып, адам
тағдары Алламен байланыстырылды.
Дегенмен халықтың өзіндік жергілікті тәңіршілдік сенімі ұзақ
уақыттар бойы сақталып, келе-келе ол Алла ұғымының синониміне айналды.
Мыңдаған жылдар бойы көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан халық сол өмірді
талаптарына сай келетін рухани қажеттіліктер, қалыптастырды. Дала
табиғатының аясында жетілген дүниеге деген көзқарастардың идеялық
мәнділігіне зер салып көрелік Олар:жеке заттарды киелеу (фетишизация -
үкінің тұяғы, бөрінің тісі, т.б.); жандандыру (анимизм - кісі киік, көл
иесі шөл иесі, мал иесі, ғайып Ерен қырық шілтен т.б.); заттар-немесе
құбылыстарды тірі санау (гилозоизм); жөне оларға адамға адамдық бейне
тағу, адамдық мінез-құлық дарыту: кейіптендіру; адам мен дүниенің шығу
тсгіне тотемдік сипат тағу секілді мифтік түсініктер мен ұғымдар, енді жаңа
тарихи кезеңде халық тарапынан жаңа пайымдауларға орын беріп, кей тұстарда
олар трансформациаланып отырды. Уақыт өте келе көшпелі адамның сезімталдық
санасы, дүниенің даму заңдылықтарын бағамдау арқылы оны мәдени жіктерге
бөлуге мүмкіндік берді. Айталық, затты дүние-оған (әлем, ғарыш, табиғат),
әлеумет дүниесі - (адам, ру, халық, қоғам), рухтар әлемі - (тәңір, құдай,
жаратушы ие, әруақ, әулиелер) болып мәдени сананың дамуы мен қалыптасуы
табиғат аясында өріс алды. Қазақы мәдени танымда осыған сәйкес уақыт пен
кеңістікте өз орнын тапты. Өткен, бүгін, болашақ ұғымдары тіршілік ағымына
реттілікпен қосылып біртұтас қалыпқа түсті.
Уақыт өлшемі сапа болса, кеңістік өлшемі – мәңгілік саналды. Табиғат
алдындағы көшпелі шаруашылық жүйесі оның тылсымдық тұстарына төтеп бере
алмай дәрменсіздік (жұт) танытты. Тіршіліктің бірқалыпты дамуы оған сәйкес
келетін руханилықты да анықтап берді. Ежелгі салт-дәстүрлер, түркі
халықтарының ортақ мәдени үлгілері, бері келе ертегі мен эпос, мақал-
мәтелдер, ән мен өлеңдер әрбір жаңа тарихи дәуірлерде халықтың дүниені
пайымдау түсініктері мен ұғымдарын қорытып-дүниені рухани-мәдени игерудің
логикасы ретінде танылды. Міне қалалық өмірден, далалық өмірі басым болған
көшпелі қазақ, өзінің тіршілігінің мәнін, маңызын оның келелі мәселелерін
жыр қып айтуға бейім тұрды. ХV-ХVIII ғғ. қазақ халқының мәдени тарихында
жыраулардың шығармалары ерекше мәдени мұра болып саналады. Жырау қазақ
қоғамының әлеуметтік қайшылықтарын шешуге, қоғамдық дамудың бағыттарын
айқындауға, адамдық қарым-қатынастардың бейбіт жолмен өрістеуіне ықпал
жасайтын тұлға. Асан қайғыдан бастау алатын жыраулық мектептің айтулы
тұлғалары: Қазтуған Сүйіншіұлы (XV ғ.), Шалкиіз жырау (ХV-ХVІ ғғ.), Кетбұға
(XIII г.), Сыпыра (XIV ғ.), Доспанбет жырау (XVI ғ.), Жиенбет жырау (XVII
ғ.), Марқасқа (XVII ғ.), Ақтамберді кырау (ХVII-ХVIII ғғ.), Үмбетей жырау
(XVIII г.), Бұқар жырау (ХVII-ХVIII ғғ.).
Қазтуған, Доспамбет, Ақтамберді шығармаларында қазақ батырларынының
қаһармандық, патриоттық рухтары анық жырланып - батырлар философиясының
құндылықтары түзілді. Айта кетер жәйт, түркі-қазақ даналары Әл-Фараби,
А.Яссауи, Ж.Баласағүн, М.Қашқари, А.Иуінеки т.б., шығармалық туындыларында
бірнеше ғылымның бастаулары мен негізгі қағидалары анықталып, ал өздері
бөлек әрі философ, әрі шешен, әрі астроном, әрі математик т.с.с, дәстүрлік
үрдіс құра білді. Сол үрдіс XV ғасырдан бастап, өзінің тарихи сабақтастық
табиғатын жоғалтпай, нақты қоғамның дамуына байланысты түрленіп, өзгеріп
отырды. Яғни, жырау тек жырау ғана емес, ол шешен (оратор), ақын, дана, би,
саясаткер, болжамшы, қоғамның, өзекті мәселелерін шеше алатын тұлға болды.
Жыраулық философияның шеңберінде бой көтерген үрдіс-шешенді өнер
айрықша мәдени құбылыс түріне жатады. Шешендік сөз ауыз әдебиетіне жанр
ғана емес ол дүние туралы ой байламы, жарық әлемді рухани қамтудың түрі,
яғни адам мен қоғам, табиғат арақатынастары туралы басжаулар, пайымдаулар.
Шешендік сөз даналық ойды көркем түрде таратады. Қазақ сөз шеберлерінің көш
басында әйгілі Жиренше шешен тұрғаны белгілі. Ойды оймен қузалауға машық
болған шешендер, аяқ астынан жаңа ой тудыруға бейім тұрған. Бұл ұлттық
танымдағы мәдени ерекшеліктің өзі де бірнеше салаға бөлінеді.
Шешендік сөз тарихы.
Шешендік сөздің өркениеттен алатын орны.
Шешендік сөздің мәдени сипаты.
Шешендік сөздің құрылысы.
Шешендік арнау.
Шешендік толғау.
Шешендік дау.
Шешендік дәстүр.
Шешендік мектеп.
Қазақ елінің халық болып қалыптасып, хандық дәүірдегі оның рухани
бірлігіне, тұтастығына ықпал еткен мемлекет қайраткерлері мен ойшыл, дана-
шешендері: Қорқыт, Әл-Фараби, сопы-шешен Қ.Иассауи, Қожанасыр, Аяз би,
Майқы би, Алдар көсе, Жиренше есімдері халық санасында парасат иелері
ретінде сақталған. Жеке қазақ; мемлекетінің жүргізген ішкі және сыртқы
саясатының бағыт-бағдарламаларының тиісті мұрат-мақсаттарына жетуіне себеп
болып, сыртқы жаулардың арам пиғылды саясаткерлердің құйтырқы әрекеттерінен
қазақ хандарын сақтандырып отырған билер өте көп болып саналады.
Ел қорғаған билер: Төле би, Қазыбек би, Айтеке би, Бекболат би,
Бәйдібек би, Ер Жәнібек би, Тарақты, Тұяқ би және т.б.
Шешендік өнер өзінің даму шыңында бірнеше арналарға бөлінген. Мысалы:
шешендік парасат, шешендік ақыл, шешендік сын, шешендік нақыл, шешендік
жұмбақ. Ал би болса қазақ ауылының, руының бір жағынан әділ соты, рухани
иманды көсемі. Би -адамаралық қатынастардағы құқықтық қайшылықтарды, даулы
мәселелерді қоғамда қалыптасқан шынайы зандылықтар тұрғысынан қарастырушы
тұлға. Сол себепті билер сөзі мен шешендік өнер бір мезгілде пайда
болғандықтан, айтулы билер мен шешендер сөздерінің ара жігін ажырату
қажеттілігі қазақ қоғамында үлкен мәнге ие болмаған. Десек те шешендік
өнердің өрісі кең, ықпалы мол жоғары мемлекеттік филосософия деңгейінен
көріне білген:
Өркенің өссін десең,
Кекшіл болма-
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,
Өршіл болма-
Өркеніңді өшірерсің
Басына іс түскен пақырға
Қастық қылма-
Қайғысы көшер басыңа
Жанашыры жоқ жарлыға
Жәрдемші бол асыға,
Қиын-қыстау күндерде өзі келер қасыңа.
Бүгін сағы сынды деп,
Жақыныңды басынба!
деген толғауда өмір бедерлерін бақылаған, тіршіліктің сан-қилы салаларын
талдаған, адамгершілік ілімінің қағидалар күйесінің пайымдаулары түзіліп,
теориялық тұжырымдаманың үлгісі берілген. (Ел аузынан. А. 1989. 46 б.). Би
- шешендердің ойлау мәдениетінде, бейберекетсіздікке, мансапқорлыққа,
тәкәппарлыққа, менмендікке, өзімшілдікке мәдени сын ағылып отырған:
Ойлының алдында көкірек керме,
Қайғылының алдында қарқылдап күлме
Ақсақалдың, назасына қалма
Патшаның жазасына қалма! .
Би-шешендердің жоғарыда айтылған жүйелі арналарға бөлінгенін ескерсек,
қазақ даласында билер институтының, шешендік мектептің ерекше мәдени
құбылыстар ретінде, әлеуметтік күшке айналғаны дәлелді қажет етпейді.
Себебі мәңгілік философиялық мәселелердің ғажап шешімдерін тауып беріп
отырған.
Поэзия тілін ой ығына бағындырған би-шешен, жыраулар әлем халықтарының
мәдени үлгілерінде кездеспейтін құбылыс.
Әділеттілікті жырлаған әйгілі қазақ билері: Төле би (17-18 ғғ.),
Қазыбек би (17-18 гғ.),Әйтеке би (17-18 ғғ.) хандар мен сұлтандардың, қожа-
төрелердің іс-әрекеттеріне әділ баға беріп, халық санасын рухтандырып
отырды.
Фольклорлық мәдениеттегі ендігі бір арна, ол ақындардың ауызша
шығармашылығы. Ақын қазақ қоғамында адамаралық қатынастарды реттеуге,
дамытуға араласқан. Ақынның ойлау мәдениетінің негізін - адам өмірінің мәні
мен мазмұны, өмірдің қиын кезеңдерінде адам өзінің адамгершілік болмысын
сақтап қалу мәселелері құрайды. Яғни, оның мәні - дұрыс өмір сүру
философиясына саяды. Адамның өмірдегі мұраты мен мақсаты, бақытқа жетудің
жолдары мен принциптері, өзін-өзі бағалау мен жетілдіру мәселелері ақындар
айтыстарының арқауын құрайды:
ІІІал ақын: Жамандар өзін-өзі зорға санар,
Бір өзінен басқаны томен болар десе
Шәкәрім: Адамшылық іздесең бұл жолға түс,
Алдау қалма біреуге қиянат-күш.
Жетілсең де жемтік жеп ел зарлатпа
Ар, ынсаптың сүйгені - таза жұмыс.
Ауыз әдебиетімен қатар, жазба мәдениеттің де дамуы орын алды. Қазақтар
ежелгі дәуірлерде көне түркі жазуын, бері ұйғыр жазуын, оғыз-қыпшақ жазуын,
сосын ислам діні енгеннен кейін араб жазуын XX ғасырдың 30-40 жылдарына
дейін қолданды. XV-XVI ғғ. оқу-білім алу жүйесі діни сипаттарда болса да,
ақсүйектік білімдер де оқытылды. Араб, парсы, түркі тілдерінде жазылған
кітаптар медреселерде қолданылды. Көне қыпшақ, тілі (көне қазақ тілі) Алтын
Орда, Ақ Орда (ІЗ-15 ғғ.) дәуірлерінде ресми тіл ретінде қолданылды. 1300-
жылы жазылған қыпшақ, латын, парсы сөздігі Кодекс куманикс- тіл жазуының
құнды мәдени ескерткіші болып саналады.
Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Тәуке ханның жеті
жарғысы - қазақ хандарының заңдар жинағының қолжазбасы болған. Бұл
ескерткіш Түркияда сақтаулы тұр. Шыңғыснама - XVI ғасыр тарихи шығармасы.
Авторы Өтеміс қажы. Қолжазба мәтіні Ташкентте сақтаулы тұр. Қадырғали
Жалаиридің (1530-1605) Жамих ат-тауарих (жылнамалар жинағы) еңбегінде
ерте кезден қазақ даласын мекен еткен, қаңлы, жалайыр,қыпшақ, найман,
керей, қоңырат, алшын және басқа тайпалардың шежірелері жүйеленіп
анықтамалар берілген. Бұл ғалымды қазақтың жазба мәдениетіндегі алғашқы
кәсіпқой ғалым-мәдениет-танушы деп атауға толық негіз бар.
XVIII ғасырдың сондай-ақ белгілі айтыскер ақындар қатарына Тәттіқара
(18 ғ.), Көтеш (18-19 ғғ.), Шал ақын (18-19 ғғ.) жатады.
Жыраулардың жырауы Бұхар жырау (1668-1781) болып саналады.
Ай, заман-ай, заман-ай,
Түсті мынау тұман-ай.
Істің бәрі күмән-ай!
Әлемді түгел көрсе де
Алтын үйге кірсе де
Аспанда жұлдыз арылап,
Ай нұрын ұстап мінсе де,
Қызыққа тоймас адамзат!- деген Бұхар үлкен ойшыл-философ ретінде
келешекті болжай білген мемлекеттік деңгейдегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беру социологиясы туралы
Білім беру әлеуметтануы туралы
Құқықтың түсінігі және мазмұны
Интеллектуалды даму деңгейі
Балаң жас өспірімдік психология жас өспірімдік - әлеуметтік-психологиялық құбылыс
Мемлекет және құқықтың пайда болуы, оның объективтік заңдары
Мемлекет және құқықтың пайда болуы
Адамның дербес психологиялық қалыптастырудағы тұқымқуалау мен орта факторлары туралы ақпарат
Әлеуметтану: ғылымға кіріспе және басты ұғымды тұжырымдау туралы
ҚОҒАМНЫҢ ДАМУЫН КЕЗЕҢДЕУДІҢ НЕГІЗГІ ТӘСІЛДЕМЕЛЕРІ
Пәндер