Педагог-психологтың қарттармен жүргізілетін жұмыс технологиялары



Күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдай қоғамда қарттар үйінің көбеюіне себеп болып отыр. Олар қарт адамдардың өмір сүру деңгейін көтеру, әлеуметтік-психологиялық көмектермен байланысты мәселелерін шешуге және денсаулықтарына күтім жасауды жақсартуға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда 1013 әр түрлі типтегі қарттар үйі бар. Оларда 232,1 мың қарт адамдар мен еңбекке жарамсыз тұлғалар тұрады. Қарт адамдарға әлеуметтік қызмет көрсетудің кең таралған түрі әлеуметтік қызмет көрсетудің аймақтық орталықтары. Бұл орталықтардың негізгі бөлімдері: 1) үйге әлеуметтік қызмет көрстеу; 2) күндізгі қызмет көрсету; 3) шұғыл түрде әлеуметтік көмек көрсету.
Қарттар үйінің негізгі міндеттері:
• әлеуметтік көмекке мұқтаж қарттарды анықтау;
•әлеуметтік көмекке мұқтаж тұлғаларды анықтаудың нақты түрлері мен формаларын анықтау;
• бірлесіп жұмыс істеу үшін мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды жұмылдыру;
• көмекке мұқтаж адамдарға әр түрлі әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету.
• еңбекке қабілетсіз қарт адамдарға тұрақты және кешенді әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету,
• қарттар үйіндегі қарт адамдарға тегін мәдени-тұрмыстқ, заң және медициналық, психологиялық қызмет көрстеу.
• әлеуметтік-педагогикалық сипаттағы табиғи, гуманитарлық және жедел көмек көрсету;
• қарттар үйінің құзыреттілігіне жатпайтын қосымша көмек көрсету.
Қарттар үйінде әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсету үшін қарт адамдармен жүргізілетін жұмыстың жаңа технологиялары қолданылады. Мысалы, қарт адамдардың бейімделуі үшін қарым-қатынас тәсілдері басшылыққа алынады: өз-өзіне немесе өзара көмек көрсететін топтар құрылады. Қарт адамдардың күндізгі бөліміне келу тегін әлеуметтік-медицианлық қызмет пен тамақтандырумен қатар, қарт адамдардың өздеріне сенімділігін арттырып, қоғам үшін маңыздылығын сезінуге мүмкіндік береді.
Үйде қызмет көрсету материалдық және рухани көмекпен қатар, қарт адамдарға заңды, психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық және дәрігерге дейін кеңес беру қызмет көрстеу мүмкіндігі жасалады.
Жедел және шұғыл әлеуметтік көмек көрсету бөліміне экстрмалды ситауцияға түскен кез келген адам келе алады. Оған қаржылай, рухани, заңды және психологиялық көмек көрсетіледі.
Қарт адамдарға және еңбекке жарамсыз адамдарға тұрғылықты мекен-жайларына байланысты тегін тамақтандыру, әлеуметтік көмек, психологиялық, тұрмыстық қызметтер көрсетіледі.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
1.3 Педагог-психологтың қарттармен жүргізілетін жұмыс технологиялары
Күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдай қоғамда қарттар үйінің көбеюіне
себеп болып отыр. Олар қарт адамдардың өмір сүру деңгейін көтеру,
әлеуметтік-психологиялық көмектермен байланысты мәселелерін шешуге және
денсаулықтарына күтім жасауды жақсартуға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда 1013 әр түрлі типтегі қарттар үйі бар. Оларда 232,1 мың қарт
адамдар мен еңбекке жарамсыз тұлғалар тұрады. Қарт адамдарға әлеуметтік
қызмет көрсетудің кең таралған түрі әлеуметтік қызмет көрсетудің аймақтық
орталықтары. Бұл орталықтардың негізгі бөлімдері: 1) үйге әлеуметтік қызмет
көрстеу; 2) күндізгі қызмет көрсету; 3) шұғыл түрде әлеуметтік көмек
көрсету.
Қарттар үйінің негізгі міндеттері:
• әлеуметтік көмекке мұқтаж қарттарды анықтау;
•әлеуметтік көмекке мұқтаж тұлғаларды анықтаудың нақты түрлері мен
формаларын анықтау;
• бірлесіп жұмыс істеу үшін мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды
жұмылдыру;
•  көмекке мұқтаж адамдарға әр түрлі әлеуметтік-тұрмыстық қызмет
көрсету.
• еңбекке қабілетсіз қарт адамдарға тұрақты және кешенді әлеуметтік-
тұрмыстық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету,
• қарттар үйіндегі қарт адамдарға тегін мәдени-тұрмыстқ, заң және
медициналық, психологиялық қызмет көрстеу.
• әлеуметтік-педагогикалық сипаттағы табиғи, гуманитарлық және жедел
көмек көрсету;
•   қарттар үйінің құзыреттілігіне жатпайтын қосымша көмек көрсету.
Қарттар үйінде әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсету үшін қарт
адамдармен жүргізілетін жұмыстың жаңа технологиялары қолданылады. Мысалы,
қарт адамдардың бейімделуі үшін қарым-қатынас тәсілдері басшылыққа алынады:
өз-өзіне немесе өзара көмек көрсететін топтар құрылады. Қарт адамдардың
күндізгі бөліміне келу тегін әлеуметтік-медицианлық қызмет пен
тамақтандырумен қатар, қарт адамдардың өздеріне сенімділігін арттырып,
қоғам үшін маңыздылығын сезінуге мүмкіндік береді.
Үйде қызмет көрсету материалдық және рухани көмекпен қатар, қарт
адамдарға заңды, психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық және дәрігерге
дейін кеңес беру қызмет көрстеу мүмкіндігі жасалады.
Жедел және шұғыл әлеуметтік көмек көрсету бөліміне экстрмалды
ситауцияға түскен кез келген адам келе алады. Оған қаржылай, рухани, заңды
және психологиялық көмек көрсетіледі.
Қарт адамдарға және еңбекке жарамсыз адамдарға тұрғылықты мекен-жайларына
байланысты тегін тамақтандыру, әлеуметтік көмек, психологиялық, тұрмыстық
қызметтер көрсетіледі.
Қарт адамдардың әртүрлі болуы олармен әлеуметтік жұмыс істеудің
әртүрлілігін қажет етеді.
Бүгінгі таңда әлеуметтік саясаттың стратегиясы қарт адамдармен
әлеуметтік жұмыс жүргізуді ұйымдастыру үш элементтен тұрады: селекция,
оптимизиция және компенсация.
Енді осы аталғандарға жеке -жеке тоқталып өтеміз.
Ресей ғалымдарының пікірінше, селекция қарт адамдардың жасы келген
сайын өмірінің стратегиялық маңызды элементтерін немесе негізгілерін
іздестіруді білдіреді.
Мұнда жеке бас сұраныстары нағыз шындыкпен сәйкестендірілуі қажет, бұл
қарт адамдардың өз өмірін бакылау мен қанағаттану сезімін сезінуге
мүмкіндік беретін еді.
Оптимизация әлеуметтік жұмыс бойынша мамандардың көмегімен қарт адамдар
өздерінің қосымша мүмкіндіктерін ашады, өз өмірлерін сандық және сапалық
қатынастарда теңестіруіне жол ашады.
Компенсация - бұл қосымша көздерді жасау, бейімделу үрдісінде жастық
шектелуді казіргі жаңа мнемоникалык техникалар мен технологияларды колдану
аркылы толыктыру. Мысалы, есте сактауды жақсарту, естуді жақсарту және т.б.
Осылайша, егер қоғам қарт адамдарға әлеуметтік практика стратегиясын
қабылдауға дайын тұрса, онда қоғамдық пайдалылық пен нәтижеліліктің
артатыны сөзсіз. Мұнда қоғамның даму факторы қалай ықпал етсе, солай қарт
адамдардың өмірі жақсарады.
Ең алдымен әлеуметтік қызмет көрсету мекемелері тораптарын жасау,
тұрғындар арасындағы қарт адамдардың маңызды қабаты ретінде олардың
қажеттіліктерін қанағаттандыру, пайдалы байланыстар табу, олардың
қалыптасуына қолайлы жағдай жасау және оларды қажетті деңгейде қолдау үшін
жақсы атмосфера туғызумен сипатталады.
Әлеуметтік жұмыс үшінші жастағы адамдардың жағымды потенциалдарын
шығаруға ықпал ету, сол арқылы ұлттық саясат пен әлеуметтік бағдарламаларды
қартайып келе жатқан ұрпақтың қажеттіліктерін қанағатандыруға бағыттау,
жинақталған практикалық тәжірибені бағалауға көмек болады.
Қарт адамдармен жұмыс істеудің арасында маңызды орынды қарт адамдармен
жұмыс жасайтын әлеуметтік қызмет көрсету мекемелері алады. Казіргі таңда
Қазақстан Республикасында әлеуметтік қызмет көрсетудің мынандай бөлімдері
жұмыс істейді:
1) үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімі;
2) күндізгі бөлімдегі әлеуметтік қызмет көрсету;
3) жедел әлеуметтік көмек көрсету бөлімі.
Үйде әлеуметтік көмек көрсету мыннадай қызметтерді жүзеге асырады:
- үйге азық – түлік, ыстық тағам және алғашқы қажеттіліктердегі
заттарды жеткізу;
- тұрғын - үй төлемдерін, коммуналдық және басқа да қызметтерді төлеуге
ықпал ету;
- үй - жайында пайдаланган заттар мен нәрселерді жууға, химиялық
тазартуға және жөндеуге беру;
- медициналық көмек алуға әрекеттесу, соның ішінде сауықтыру - алдын
алу мекемелеріне, басқа да стационарлық мекемелерге жетекету;
- әлеуметтік - медициналық экспертизадан өтуге әрекеттесу;
- санаториялық - демалу мекемелеріне жолдама алуға, соның ішінде
жеңілдікпен жолдамалар алуға көмектесу;
- зейнеткерлік камсыздандыру сұрактарын шешуге және басқа әлеуметтік
төлемдерді алуға көмек көрсету:
- үйді жөндеуді, отынмен қамтамасыз етуді, үй алдындағы телімдерді
өңдеуді, су жеткізуді қамтамасыз ету;
- кітаптармен, газет - журналдармен камтамасыз ету және концерттерге,
киносеанстарға және көрмелерге баруын ұйымдастыру;
- хат жазуға, құжаттарды толтыруға соынн ішінде үйді айырбастау және
жекешелендіру және тағы да солсикты кұжаттарға байланысты шараларды
атқару.[7,15-18]
Қазіргі таңда мыңдаған жалғыз қарт адамдарға үйден қызмет көрсетіледі.
Шамамен әрбір мың адамдның ішіндегі 100-іне үйде қызмет көрсетеді.
Үйде қызмет көрсетлітін қызметтердің көпшілігі тегін атқарылады, кейбір
қызметтерді зейнеткерлер өздері төлейді, Бірақ олар өз зейнақыларына қызмет
көрсетілгені үшін қосымша акы алады.
Қызмет көрсетуден түскен қаржы, орталык есебіне түседі де, оны қарай
дамытуға бағытталады. Осы еспке түскен қаржы есебіне әлеуметтік
қызметкерлер үшін арнайы киімдер, аяқ киімдер алынады, ал ауылдық жерлер
үшін - велосипедтер алынады: ал қаржының бір бөлігі сыйақыға жұмсалады.
Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының көпшілігінде стационарлық,
бөлімдер жұмыс істейді. Онда қарт адамдар бір аптадан үш айға дейін бола
алады.
Күндізгі бөлім қарттардың жалғыздығымен, момындығымен күреседі. Мұнда
дәрігерлік алды көмек, тегін және жеңіл тамақтану, еңбек терапиясының
әртүрлі түрлерін меңгеру (колөнер, шеберлік және т.б.) мүмкіндіктері
болады. Күндізгі бөлім клиенттері мейремдарды, туған күндерді және т.б.б
атап өтеді. Ресей тәжірибесі бойынша Еңбек мен әлеуметтік камсыздандыру
Министрлігінің зерттеулеріне сай, күндізгі бөлімге келушілердің басты
мотивтері 74 пайызы қарым - қатынас жасау; 26 пайызы — тегін тамақтану; 29
пайызы - ас дайындау үрдісінен босатылу мүмкіндігі үшін екен.
Ал осы көрсеткіштер біздің елімізде де осындай деңгейде емес екеніне
кім кепіл. Мұндағы ұқсастықтың басты себебі ең алдымен адамдардың
ұқсастығы.[8,56]
Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары зейнеткерлердің тұрғылықты
жерлеріне байланысты, олардың қызығушылықтары деңгейінде әртүрлі клубтарды
ұйымдастырады.
Жедел әлеуметтік көмек көрсетудің басты міндеті - қажетсінетіндерге
жедел қолдау көрсету.
Осы аталған әрекеттің негізгі бағыттары мынандай:
- ыстық тағаммен немесе азық - түлікпен камтамасыз ету;
- ақшалай және заттай көмек көрсету;
- медициналық - әлеуметтік бөлімдерге жіберу;
- тұрмыстық, заңгерлік, психологиялык көмек көрсету, жұмыс іздеу және
тіркелуте әрекеттесу;
- тұрмыстық техника мен шаруашылық бұйымдарын прокатка алуын
ұйымдастыру;
- өзара көмектесу кассасын және т.с.с кұру.
Өз тұрмыс жағдайын ұйымдастыруда, шаруашылығын жүргізуде киыншылыққа
ұшырайтындарғ, қандай да бір себептермен интернат -үйлерінде тұрғысы
келмейтіндергеәлеуметтік кызмет көрсету орталықтары аймактық базаларында
немесе денсаулық сақтау мекемелерінде арнайы медициналық - әлеуметгік
бөлімдер ұйымдастырылады, онда ең алдымен жалғыз басты зейнеткерлер, соның
ішінде өз - өзіне қызмет жасай алмайтын қарт адамдар жіберіледі.
Ресейде әлеуметтік көмектің түрлерімен жылына 6-7 млн пайдаланады.
Қазақстан Республикасы территориясы бойынша бұл көрсеткіш 1 — 1,5 млн-ға
дейін жетеді.
Сонымен қатар, Тащев тобы жүргізген әлеуметтік зерттеулер нәтижесі,
қарт адамдар 31 түрлі әртүрлі қызметтерді қажет етеді онда азық — түлікті
жеткізуден бастап, шаштараздық қызмет пен моншаға жетектеуге дейін [203;
12].
Республикамызда және көршілес Ресей елінде факті түрінде 2-4 түрлі
қызмет көрсетумен шектеледі. Бірақ осы аталған қызмет түрлері барлық қажет
ететіндер мен тілек білдірушілерге жетпей де қалады.
Мәселен, ыстық тағамды жеткізіп беруде қарт адамдардың 24 пайызы
қажетсінеді, ал осы қызмет түрімен тек 2,5 пайыз адамдар ғана қолданады.
Бөлмеге ылғалды жинастыру жасауды 88 пайыз қарт адамдар қажет етсе, нақты
түрде бұл көмекті тек 28 пайыз қарт адамдар ала алады.
Тұрғындардың қартаюына байланысты туындап отырған, әлеуметтік
проблемелардың көптүрлігі мен көпкырлылығы, тек қана қарт адамдарға деген
әлеуметтік көмектін минимальдісін кепіл етіп қоюды ғана талап етпейді,
сонымен қатар, қартайған шақтағы жеке бастық потенциалын жүзеге асыруды
Міне сондықтан. психологиялық - педагогикалық, әлеуметтік - мәдени,
реабилитациялық, кеңестік және басқа да бағыттағы стационарлық емес
әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерін кеңінен дамыту қажет.
Қарт адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету мекемелері арасында
тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесіндегі стационарлық мекемелер алады.
оның негізгі түрі - үй -интернаттар. [19]
Қазірі таңда аталған мемлекет қызметіне зәру адамдар саны артпаса,
кеміп отырған жоқ. Мәселен, қарт адамдардың шамамен 35 пайызы осындай
мекемелердің қызметіне зәру.
Өкінішке орай, қарттардың барлығын үй - интернаттармен қамтамасыз ету
мүмкін емес. Осыған қарамастан үй - интернаттарға тап болу үшін қарттар
кезекте тұр.
Соңғы жылдары елімізде Ресей және басқа да дамыған елдер тәжірибелеріне
сүйене отырып, қарттарға арналған ақылы мини -пансионаттар қызмет ете
бастады. Онда өзіне көрсетілетін қызмет түрлерін төлей алатындар немесе
балалары бар қарт адамдар қабылданады. Яғни, үй жағдайында қарт адамды күте
алмайтындықтан, олар қарт адамды әлгідей мекемелерге орналастырып, ондағы
көрсетілетін қызмет түрлеріне ақы төлейді.
Қарт адамдарды үй - интернаттармен қамтамасыз ету еліміздің аймағында
біркелкі емес. Мұның себептері көп. Солардың ішінде негізгілерін атап
өтетін болсақ, яғни демографиялық жағдай, тұрғындардың өмір сүру дәстүрлері
мен бейнесі болып отыр.
Қарттардың үй - интернаттарға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру
даулы мәселе. Мәселен, бізде 32 орындық үй - интернаттар 60 - жастан асқан
адамдар саны 1000 адамнан асатын болса ғана ашылады. Ал немістің көрнекті
әлеуметтанушысы ЭйтерХ. үй - интернаттарға зәруліктің халықаралық
көрсеткішін былайша көрсетеді:60 тан асқан 100 адамға 40 - 66 орындық үй -
интернат. Міне осы аталған екі көрсеткіштің өзі - ақ, еліміздегі әлеуметтік
көмек көрсету мекемелерінің толық дамымағанын көрсетеді.
Осы қажеттіліктер деңгейі, мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық
факторына байланысты өзгеріп отырады.
Соңғы жылдары үй- интернаттар жұмысын ұйымдастыруға койылатын талаптар
күрт өзгеріп отыр. Мұның себебін А.В.Бабушкин былайша атап көрсетеді:
- осы мекемелерге түсетін контингенттердін бірден қартаюы, ең алдымен
жаңадан түскендер өте ересек жастағылар;
-олардың арасындағы ауыр науқастардын көбеюі:
-түскендердің әлеуметтік құрамының өзгеруі, олардың көпшілігі -зйнетақы
алады;
-медициналық және әлеуметтік, сонымен қатар басқа да қызмет түрлеріне
деген талаптардың жоғарылауы.
Қарт адамдардың үй — интернаттарға түсу себептері де, өзгерді. Негізгі
себебі - денсаулығының нашаралауына байланысты үнемі медициналық көмекті
қажет ету. Осыдан барып қарттарға арналған әлеуметтік қызмет көрсету үй -
интернаттары гериатарлыққа, яғни көп мөлшерде медициналық қызмет көрсету
мекемесіне айналып кетеді. [14,127]
Үй - интернаттардың көпшілігінде қарт адамдар жылдар бойы тұратын
тұрақты баспанасына айналады. Осы мекемені ұйымдастырудан, оның
сыйымдылығынана, орналасуынан, жобасынан, қызметкерлердің қарым
-қатынасынан, медициналық көмектен, сыртқы дүниемен қарым - қатынас
деңгейінен, мәдени шаралардың ұйымдастырылуынан қарт адамдардың
физиолониялық және психикалық денсаулығы байланысты.
Шағын үйлерді қарттар өздері үйренген пәтерлік үйлер жағдайына
жақындату оңайға түседі. Ал ірі мекемелерде мәдени - тұрмыстық және
медициналық көмектерді ұйымдастыру оңайға түседі. Өйткені мұндай үйлерде
қарым - қатынас жасау оңайға түседі және мұндай үйлер экономикалық тұрғыдан
тиімді келеді.
Сонымен қатар, қарт адамдарға арналған үй - интернаттардың орналасқан
жері де маңызды. Зерттеушілердің пікірнше, қарт адамдарға арналған үй
-интернаттар кала маңында, шудан аулақ жерде орналасқан жөн дейді.
Қарт адамдарды үй - интернаттарға орналастырудың тағы бір ең маңызды
жағы, оларды қарттар үй-интернаттарына бейімдеу. Өйткені ересек адамдардың
қандай да бір ортаға бейімделуі ауыр болады. Яғни өзінің өмір
қызығушылықтарын және тәртібін жаңа жағдай мен мекеменің жұмыс тәртібіне
бағындыру қажеттілігі қарттарға киындық туғызады.
Қарт адамдарды әлеуметтік қызмет көрсету орталығына дайындау, сол
орталық жайлы оған ақпарат беруді сол карттың туыстары, дәрігерлер және
әлеуметтік қызмет көрсету қызметкерлері жүзеге асыруы тиіс. Қарт адамның өз
ар — ожданын сақтап қалуына, оған еркіндік беру, яғни, өзінің бөлмелес
көршісін таңдап алу, үй — интернатқа өзінің сүйікті заттарын алып келуге
рұқсат беру сияқты құкықтарын беру.
Педагог-психолог көмекке зәру қарттарды анықтайды. Бұл жалғыз басты
қарт адамдар, еңбекке жарамсыз қарт кісілер, әлеуметтік-психологиялық қиын
жағдайға тап болған қарттар.
Педагог-психологтың қарт адамдармен жұмысқа даярлығы педагог-
психологтардың кәсіби сапаларды меңгерумен байланысты. Осы анықтама
негізінде біз педагог-психологтарды қарттармен жұмысқа даярлығы
компоненттер құрылымын құрастырдық (1-кесте).

1-кесте. Педагог-психологтың қарт адамдармен жұмысқа даярлығы
компоненттері
Компоненттер Критериилер Көрсеткіштер
Мотивациялық құндылықтықПедагог-психологтың қартКәсіби іс-әрекетке
адамдармен жұмысқа қызығушылық және
жағымды қатынас жасауы тұлғалық мәндік қатынас
жасау;
әлеуметтік-педагогикалық
іс- әрекеттің әлеуметтік
және тұлғалық
маңыздылығын және қарт
адамдармен жұмыс жасау
қажеттілігін сезіну;
осы категорияға жататын
адамдардың мінез-құлық
және қарым-қатынас
психологиясын, сипатын
түсіну;
қарт адамдармен жұмысқа
даярлықтың қалыптасу
маңыздығын түсіну;
Мазмұндық Қарт адамдармен жұмысқа Қарт адамдармен жұмыста
қажетті теориялық педагогика мен
білімдердің болуы психологияның ғылыми
негіздерін білу;
Қарт адамдар генезисін
білу;
Қарт адамдармен тәрбие
жұмысының тиімді
әдістерін, формаларын,
диагностикалау әдісі
жүйесін білу.
Процессуалдық Қарт адамдармен жұмыс Қарт адам тұлғасын
әдістемесін меңгеру зерттеу және қиын
тәрбиелену деңгейін
анықтау үшін
диагностикалық әдістер
жүйесін қолдана білу;
Қарт адамдармен қарттар
үйінде жұмыстардың
тиімді формалары мен
әдістерін қолдана білу;
Қарт адамдарға кеңес
беріп, тұлғараралық және
ұжым ішіндегі
қатынастарын реттей білу
білігі;
Бағалау рефлексивтік Өз іс-әрекетін қарт Педагог-психологтың өз
адамдармен жұмысқа даярлығын бағалауы;
даярлығын бағалау мен осы категориядағы
талдау негізінде үлгілейбалалармен жұмыс
алу білігі атқаруда коррекция
жұмыстарын таңдау;
оқыту мен тәрбиелеу
технологиясы мазмұнын
құрастыру;
өзіндік тұлғалық және
кәсіби мінез- құлқын
диагностикалау, сезіну
техникаларн меңгеру.

Жоғарыдағы зерттеулерді ескере отырып біз өз тарапымыздан педагог-
психологтың қарттармен жұмысқа даярлығының құрылымдық моделін жасадық
(сурет 1).

Сурет 1. Педагог-психологтың қарттар үйәндегі әлеуметтік-педагогикалық
жұмыс моделі.
Осылайша, зерттеліп отырған мәселені шешу бойынша әлеуметтік-
педагогикалық өзара әрекеттесу үдерісін ұйымдастыру төмендегідей
бағыттармен іске асады: 1) қарт адамдардың психологиялық даму және жастық
ерекшеліктерін есепке ала отырып, кеңес беру бағдарламаларын іске асыру;
2)қарт адамдардың өзін-өзі бағалау бағыттарын қалыптастыру және оларды
әлеуметтік, тәрбиелік-бағалық бағыттар бойынша ортамен белсенді өзара
әрекеттесуге қызықтыру; 3 )бос уақытында қарт адамдардың бір-бірімен
бірлескен бастамашыл әлеуметтік маңызды қызметі; 4)өркениетті сау, қарым-
қатынастарды қалыптастыру барысында қарт адамдардың мәселелерін шешу
бойынша қызметті тездету; 5) қарттар үйі негізінде қызметтің мазмұнды
түрлерін ұйымдастыру; 6) ведомствоаралық негіздегі әлеуметтік-сауықтыру
бағдарламаларын іске асыру.

2.1 Қазақстандағы қарт адамдармен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық
жұмыстың жағдайы
Соңғы жылдары өзге елдердегі сияқты біздің елімізде де жалғыз басты
адамдардың саны күннен күнге артуда. Мұның басты себебі, қарт адамдардың
жалпы санының көбеюінен туындап отыр. Қарт адамдардың көбеюі әлеуметтік
саясаттың түп - тамырымен өзгеруін талап етеді. Бұл әсіресе, әлеуметтік
тұрғыдан әлсіз қорғалған санаттағы адамдар үшін өте маңызды. Мұндай адамдар
қатарына ең алдымен, қарт адамдарды және мүгедектерді жатқызуға болады.
Жер бетінде адамдардың қартаю үрдісі жылдам жүруде. Дүние жүзі бойынша
егер 1950 жылы 60 жас шегіндегі адамдар-саны 200 млн болса, 1992 жылы ондай
адамдар саны - 400 млн - ға жетті, ал 2001 жылы әрбір оныншы адам қарт
адам саналады. Ғалымдардың болжамы бойынша 2025 жылы қарт адамдар саны 1,2
млрд - қа жетпек.
Қазақстан Республикасы бойынша қарт адамдар саны, яғни зейнеткерлер
саны шамамен 2 млн - ға жуық екен. [14,28]
Өкінішке орай, казіргі кезде қазақ санасына сыйлайтынын қарттар
үйлері, пайда бола бастады. Ал, тәжірибеде қарт адамдар өмір тауқыметін
кайыспай көрсету мен қиыннан жол -табуды ойластырудың таптырмас маман
екендігін бірі біліп, бірі білмес.
Осыған орай Жан Жак Руссо Жастық шақ - даналықты меңгеруге арналған
уақыт, кәрілік - оны қолдануға арналған уақыт деп атап қткен. Қарттарға
қамқорлық тек мемлекеттің мойындағы ғана міндет болмай, бәрімізге ортақ
болғаны дұрыс.
Әр жылдың 1 - қазанының Халыкқралық егде адамдар күні болып жариялануы
адамдардың барлық буынына қатысты. Ол алдыңғы ұрпақтың Отан қуатын, ғылымы
мен мәдениетін өркендету жолындағы жан қиярлық еңбегін мойындау.
Қазақстанда 1 млн. 629 мың зейнеткер бар десек, соның ішіндегі 34301
Ұлы Отан соғысының ардагерлері. Ал олардын 12218-і Ұлы Отан соғысының
мүгедектері. Республика көлеміндегі барлық зейнеткерлер құрамын сараптайтын
болсақ, олардың 38656 - ы Ұлы Отан соғысы кезінде тылдағы және майдандағы
еңбектері үшін марапатталғандар, 144648 зейнеткер соғыс кезінде 6 айдың
шамасында еңбек еткенмен, ескеруісз калғандар [19,72].
Қамқорлыққа мұқтаж жалғызбасты қариялар саны күн санап көбейіп келеді.
Қазір Қазақстан бойынша қала, аудан орталықтарында 35 қарттар мен
мүгедектерге, 26 жүйкесі жұқарған адамдарға арналған үйлер бар. Үкіметтің
толық қамқорлығына алынған осындай қарттар мен мүгердектер үйінде 4684
зейнеткер мен 9690 мүгедек өмір сүруде. Солардың 350 — ден астамы Ұлы Отан
соғысының ардагерлері.
Жалғызбасты қарттарға үйде қызмет көрсетіледі. Үйде әлеуметтік қызмет
көрсетудің негізгі міндеттері қызмет көрсетілетін адамдардың үйреншікті
әлеуметтік ортада болуына қолайлы жағдайлар туғызу, гигиеналық талаптарға
сәйкес өмір сүру жағдайларына қолдау жасау. Жергілікті атқарушы органдар
үйде әлеуметтік қызмет көрсетуді дербес немесе әлеуметтік қызмет көрсету
бөлімшелері арқылы ұйымдастырылады.
Әлеуметтік қызметкерлер аптасына екі рет жалғызбасты жанның үйіне
барып, азық - түлік, дәрі - дәрмек сатып алып беру, коммуналдық төлемдерін
төлеу, үйін тазалау сынды жұмыстарын жүзеге асырады. Және қарттарға
қоғамдық көліктерде жеңілдетілген тарифпен жүру қарастырылған.
Қазақстан әлеуметік қызмет көрсетудің бірден - бір жолы - зейнетақы
тағайындау. Қазақстан Республикасы Конституциясының 28 - бабына сәйкес
Қазақтсан Республикасының азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек
болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған
төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшеріне, әлеуметтік қамыздандырылуына
кепілдік беріледі. Қазақстан Республикасында зейнетакымен камсыздандыру
туралы заңының 9 - бабына сәйкес 2001 жылғы 1 - шілдеден бастап – ер
кісілерге 63 жасқа толғанда, әйел кісілерге 53 жасқа толғанда зейнетақы
тағайындалалы.
Қарттарға әлеуметтік қызмет көрсетудің маңызды жолы - бұл қарттарды
медициналық әлеуметтік ұйымдарға қабылдау болып табылады. МӘҰ денсаулығының
жай - күйі бойынша басқа адамның тұрақты күтіміне және медициналық көмекке
мұқтаж қарттар мен бірінші, екінші топтағы мүгедектердің уақытша немесе
тұрақты тұруына арналады. Қарттар үйіне карттарға тегін медициналык көмек
көрсетіледі. Мерекелік шаралар, олимпиадалар ұйымдастырылады. Мереке
күндерінде сыйлықтар беріледі. Баларымен кездесуге, хат жазуға, қоғамдық
жұмыстарға қатысуға мүмкіндіктер берілген. Ай сайын зейнетақысының 25
пайызы қолдарына табыс етіледі.
Кәрілік әр адам баласының басына түсетін кезең. Осы кезеңді мәнді де
мағыналы өткізудің амал–тәсілдерін қарастыру мәселесі дүние жүзі
ғалымдарының негізгі зерттеу объектілерінің біріне айналғаны қашан. Ал
Батыс елдері кәрілікпен күрес жолында бүгінде арнайы бағдарламалар бойынша
нақты іске көшкен. Мәселен, ЮНЕСКО - ның Ұрпақ жалғастығы бағдарламасы
бойынша әр мекемеге қарт қызметкерді жұмысқа тартып, олардың өмірлік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарт кісілермен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыс
Қарттар үйіндегі қарт кісілермен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыс
Қарт адамдарға қызмет көрсету барысында медициналық-әлеуметтік қарым- қатынасы
Жалғыз басты қарттарға көмек көрсету
Қарт адамдардың қоғамдағы орнын зерттеу
Қарт кісілерге интернат-үйлерде көрсетілетін әлеуметтік
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты құзырлықтарын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Көптілді білім беру жағдайында болашақ педагог - психологтардың кәсіби құзіреттілігінің әдіснамалық тұғырлары
Медицинадағы әлеуметтік жұмыстың теориялық негіздері мен ерекшеліктері
Болашақ педагог психологтың креативтілігін дамытудың тәжірибелік эксперименттік жұмыстың нәтижелері
Пәндер