ХI ғасырдың ақырына дейінгі Италия



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөілм
1. Италиядағы феодалдық бөлшектену.
2. ІХ.ХІ ғасырдағы Италия жерінде қалалардың пайда болуы.
3. Солтүстік және орта Италияда феодалдық қатынастардың дамуы.
ІІІ. Қорытынды.
Италияның саяси бөлшектенуі.
Көптеген жүз жылдықтар бойы Италия не әлеуметтік-экономикалық, не саяси жағынан біртұтас ел бола алмады. Орта ғасырларда ол бірыңғай мемлекет болмады: онда тарихи негізгі үш аймақ-өз кезегінде жекелеген феодалдық мемлекеттерге бөлгектенген Солтүстік, Орта және Оңтүстік Италия қалыптасты. Осы үш негізгі аймақтың әрқайсысы бүкіл орта ғасырлар бойына өздерінің ерекшелік беліглерін сақтап қалды. Бұл өзгешіліктер Апенин түбегі жеке бөліктерінің экономикалық, саяси және географиялық ерекшеліктерінен келік туды.
Оңтүстік Италия өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінен Солтүстік және Орта Италиядан көп өзгеше болды. Италияның Оңтүстігі мен Сицицлия остгот және лангобард шапқыншылықтарына аз ұшырады; олар ұзақ уақыт бойы мұнда құл иеленушілік тәртіпті сақтауға тырысқан Византияның қол астында қалды, сөйтіп осының бәрі бұл аймақтардың анағұрлым артта қалуына себепкер болды.
ІХ-ХІ асырларда Италияда, әсіресе Батыс пен Шығыс елдеірі арасында делдалдық сауда жасайтын қалалар ерекше өсті: Венеция VIII-IX ғасырларда-ақ Адриат теңізі жағалаударында грек қалаларымен, Египетпен және Сириямен сауда жасады. Х ғасырда Батыс Жеорта теңізімен сауда қатынасын жүргізген Генуя мен Пизаның маңызы күшейді. Оңтүстік Италия қалалары Амальфи мен Баридің делдалдық саудасы кең қанат жайды: олардың кемелері Византияға астық, зәйтүн майын, қару-жарақ әкеліп, бұл жақтан шығыс товарларын тасыды. Италия қалалрының байлығына шетел феодалдары көз тіге бастады.Италиядағы әлеуметтік-экономикалық және саяси дамудың күрделі жағдайына қарамастан, ІХ-ХІ ғасырларда шетел басқыншыларымен ауыр да ұзақ күресте туған итальян халқының қалыптасу процесі жүрді; бұл халықты толып жатқан басқншылар құрта алмады.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ХІ ғасырдың ақырына дейінгі Италия.

Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөілм
1. Италиядағы феодалдық бөлшектену.
2. ІХ-ХІ ғасырдағы Италия жерінде қалалардың пайда болуы.
3. Солтүстік және орта Италияда феодалдық қатынастардың дамуы.
ІІІ. Қорытынды.
Италияның саяси бөлшектенуі.
Кіріспе.
Көптеген жүз жылдықтар бойы Италия не әлеуметтік-экономикалық,
не саяси жағынан біртұтас ел бола алмады. Орта ғасырларда ол
бірыңғай мемлекет болмады: онда тарихи негізгі үш аймақ-өз
кезегінде жекелеген феодалдық мемлекеттерге бөлгектенген Солтүстік,
Орта және Оңтүстік Италия қалыптасты. Осы үш негізгі аймақтың
әрқайсысы бүкіл орта ғасырлар бойына өздерінің ерекшелік беліглерін
сақтап қалды. Бұл өзгешіліктер Апенин түбегі жеке бөліктерінің
экономикалық, саяси және географиялық ерекшеліктерінен келік туды.
Оңтүстік Италия өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінен
Солтүстік және Орта Италиядан көп өзгеше болды. Италияның Оңтүстігі
мен Сицицлия остгот және лангобард шапқыншылықтарына аз ұшырады;
олар ұзақ уақыт бойы мұнда құл иеленушілік тәртіпті сақтауға
тырысқан Византияның қол астында қалды, сөйтіп осының бәрі бұл
аймақтардың анағұрлым артта қалуына себепкер болды.
ІХ-ХІ асырларда Италияда, әсіресе Батыс пен Шығыс елдеірі
арасында делдалдық сауда жасайтын қалалар ерекше өсті: Венеция VIII-
IX ғасырларда-ақ Адриат теңізі жағалаударында грек қалаларымен,
Египетпен және Сириямен сауда жасады. Х ғасырда Батыс Жеорта
теңізімен сауда қатынасын жүргізген Генуя мен Пизаның маңызы
күшейді. Оңтүстік Италия қалалары Амальфи мен Баридің делдалдық
саудасы кең қанат жайды: олардың кемелері Византияға астық, зәйтүн
майын, қару-жарақ әкеліп, бұл жақтан шығыс товарларын тасыды.
Италия қалалрының байлығына шетел феодалдары көз тіге
бастады.Италиядағы әлеуметтік-экономикалық және саяси дамудың күрделі
жағдайына қарамастан, ІХ-ХІ ғасырларда шетел басқыншыларымен ауыр да
ұзақ күресте туған итальян халқының қалыптасу процесі жүрді; бұл
халықты толып жатқан басқншылар құрта алмады.
Солтүстік Италияның үлкен бөлігін ғасырларда лангобардтардың қол
астында болып (оның Ломбардия деген атауы осы лангобардтардан шыққан), ал
VIII ғасырдан бастап Каролинг империясының құрамына кірген По өзені
алабындағы құнарлы жерді — Ломбардия алып жатты.
Орта Италияның басым бөлігін Папа аймағы, орталығы Римді қосып дунияи
папалар мемлекеті (оны Қасиетті Петр вотчинасы деп атады) және лангобард
иеліктерінің қалдықтары — бірде папаға, бірде Каролингтерде вотчиналық
тәуелділікте болған Беневент және Сполето герцогтықтары иемденді. Рим
папасы иелігінен солтүстікке қарай Тоскана ғерцогтығы жатты.
Солтүстік және Орта Италия 843 жылғы Верден бітімінен кейін Қаролинг
империясының бір бөлігі болудан қалды да, IX ғасырдың ортасынан бастап
олардың жоғарғы сюзерені Павияда (Италия корольдігінің сол кездегі
астанасы) Лангобард корольдерінің темір тәжін кигізгеннен кейін, король
атағын ал-ған Италия королі болды. Бірақ бұл шын мәнісінде тек атақ қана
еді. Шындығында, Солтүстік Италияда да, Орта Италияда да өкімет жекелеген
феодалдардың қолында болды.
Оңтүстік Италия мен Сицилия аралы да XI ғасырдың ақырына дейін
жекелеген феодалдық иеліктерге бөлінді және жиі-жиі шетел басқьшшыларының
қолына ауысумен болды. VI ғасырдан бастап ұзақ уақыт бойы елдің оңтүстік
бөлігіне Византия империясы үстемдік етті. Апулия, Калабрия, Неаполь мен
Сицилия Византия провинциялары еді. IX ғасырда мұнда жаңа басқыншылар —
арабтар (сарациндер) басып кірді. Олар бүкіл Сицилияны жаулап алып, онда
Палермоны орталық етіп эмират құрды; арабтар уақытша Апулияны да өздеріне
қаратты.
Үздіксіз феодалдық алауыздықтар мен византия және араб басқыншылары
арасындағы шиеленіскен күрес Оңтүстік Ита-лияға нормандардың (Нормандиядан
келген) баса-көктеп кіруіне жағдай жасады. Нормандар бүкіл Онтүстік Италия
мен Сицилияны жаулап алып, мұнда XII ғасырдың басында (1130 ж.) бүкіл
оңтүстік Италия жерін енгізген Сицилия корольдігінің негізі қаланды.
Үздіксіз соғыстар мен лангобард ақсүйектерінін жерді басып алуына
байланысты, сондай-ақ Римдегі жеке меншік ықпа-лымен ерікті қауымдықтар
арасында тапқа бөліну және лангобард фараларының ыдырауы басталды. Бұл
процестін ең басты нәтижесі жерге жеке меншіктің шығуы болды: VII ғасырдың
ақырында-ақ лангобардтардың егістік учаскелері аллодка айналып, жердің
қолдан-қолға өтуіне және ірі жер иеліктерінің тууына жағдай жасады. Бұл ең
алдымен король жасакшыларының — гезиндтердің, әскер басшыларының —
герцогтардың, графтар мен корольдердің өздерінің ірі жер иеліктері еді.
Сондай-ақ шіркеулік және монастырьлық жер иеліктерінің ұлғая түсуінің де
маңызы зор болды. IX ғасырға қарай дүнияи және діни Ірі жер иеленушілерден
негізінен феодалдар табы қалыптаса бастады.
Ірі жер иеліктерінің өсуімен қатар жер шонжарларынан (патронат пен
коммендация) қамқорлық іздеуге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ортағасырлардағы Италия
Ерте ортағасыр соңындағы батыс европа
ОРТА ҒАСЫРЛАР ТАРИХЫ пәнінің Оқу әдістемелік кешені
IX-XI ғасырлардағы Франция, Германия, Италия X-XIғасырдың ортасына дейінгі Англия. Испания мен Византия дамуының тарихи ерекшеліктері
Марксизм саяси ілім ретінде
Орта ғасырлар тарихы пәнінің мазмұны және хронологиялық шегі
Плебейлердің патрицийлермен күресі
Рим империясының құлдырауы
Б.э. дейінгі VII - VI ғасырлардағы грек мәдениеті
Орта ғасырдағы Еуропа тарихы
Пәндер