Меншік құқығының анықтамасы мен мазмұны



Кіріспе 3

1. Меншік құқығының анықтамасы мен мазмұны 5

2. Азаматтық кодекс бойынша меншік құқығының нысандары мен түрлері 8

3. Меншік құқығына және өзге заттық құқықтарға ие болу негіздері 11

4. Меншік құқығының тоқтатылуы 24

Қорытынды 30

Қолданылған әдебиеттер: 31
Әлемдік құқықтану доктринасы мен отандық заң ғылымы ментттік құқығын объективті жағдайдагы меншік құқығы және субъективті жағдайдағы меншік құқығы деп бөледі.
Материалдақ игіліктерді иелену, пайдалану және билік етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін азаматтық құқық нормалары жөнінде (кодекс, зандар мен басқа да заңдық, нормативтік құжаггар) әңгіме болғанда - шын мәнінде объективтік мағынадағы меншік құқығы, яғни меншіктің құқық институтын құрайтын нормалардыњ жиынтығы екенін көреміз (мысалы, АК-тің 188-276-баптары). Меншік құқығыныњ объективті нормалары негізінде нақтылы меншік иесі өз қалауы бойынша өзіне тиесілі мүлікті пайдалануына және оған билік етуге құқылы екендігін, яғни сату-сатып алу, жалға беру және тағы басқа белгілі зањдық фактілерді жүзеге асыра алатындығын әңгіме еткенімізде меншік құқығыныњ субъективті жағына тап боламыз (АК-тің 188-бабы).
Азаматтық кодекстің 188-бабында қаралған меншік құқығының иелену, пайдалану және билік ету тәрізді құрамдас бөлік-терінен басқа оны заңмен қорғау да ескерілген. Мұндай құқық өзгенің құқығына тәуелді емес, меншік иесі өзінің мүлкін сақ-тауға, қорғауға, өзге адамдардың сырттан әрекет етаеуіне тыйым салуына хақысы бар. Егер осындай құқықтары бұзылып жатса, онда ол затты қайтарып алуға, қалпына келтіруге, келген залал-дыњ орнын толтыруға құқыны.
Азаматтық кодекстің 188-бабының 5-тармағына сәйкес меншік құқығының мерзімі шексіз болады. Мүлікке меншік құқығы Азаматтық кодексте көзделген негіздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкін.
Меншік құқығының мазмұнын меншік иесіне тиесілі иелену, пайдалану және билік ету тәрізді өкілеттіктер құрайды. Бүл өкілеттіктердің әрқайсысы меншік құқығыныњ қажетті элемент-тері болын табынады. Меншік иесі аталғандардыњ қай-қайсысын да үшінші бір түлгаға бере алады, тіпті үш өкілеттіктің бәрін де беріп жіберіп, өзі меншік иесі болын қала алады. Мысалы, ол заттарын "теміржол, әуежай және қонақ үйдің зат сақтайтын жеріне тапсырып, өз қарауындағы затты күзетшінің игілігіне береді.
1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі: Жалпы бөлім 27 желтоқсан 1994 ж.
2. Ғ. Төлеуғалиев Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Алматы, 2001 ж.
3. Гражданское право Республики Казахстан. (Под ред.Тулеугалиева Г.И., Мауленова К.С., Сарсембаева М.А.) Учебное пособие(часть общая). Издание второе, дополненное и измененное Алматы,1999г.
4. Сергеева А.П., Толстого Ю.К. Төлеуғалиев Гражданское право т. 1,2и3.М., 1997-1998 г.г.

1. ҚР Конституциясы 30.08.1995 ж.
2. ҚР Азаматтық Кодексі /жалпы бөлім/ Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы желтоқсанда қабылданған.
3. ҚР Заңы «ҚР Азаматтық кодексін /Ерекше бөлім/ күшіне енгізу туралы” 1999ж. 27 желтоқсан.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

Кіріспе 3

1. Меншік құқығының анықтамасы мен мазмұны 5

2. Азаматтық кодекс бойынша меншік құқығының нысандары мен түрлері 8

3. Меншік құқығына және өзге заттық құқықтарға ие болу негіздері 11

4. Меншік құқығының тоқтатылуы 24

Қорытынды 30

Қолданылған әдебиеттер: 31

КІРІСПЕ

Әлемдік құқықтану доктринасы мен отандық заң ғылымы ментттік құқығын
объективті жағдайдагы меншік құқығы және субъективті жағдайдағы меншік
құқығы деп бөледі.
Материалдақ игіліктерді иелену, пайдалану және билік етуге байланысты
қоғамдық қатынастарды реттейтін азаматтық құқық нормалары жөнінде (кодекс,
зандар мен басқа да заңдық, нормативтік құжаггар) әңгіме болғанда - шын
мәнінде объективтік мағынадағы меншік құқығы, яғни меншіктің құқық
институтын құрайтын нормалардыњ жиынтығы екенін көреміз (мысалы, АК-тің 188-
276-баптары). Меншік құқығыныњ объективті нормалары негізінде нақтылы
меншік иесі өз қалауы бойынша өзіне тиесілі мүлікті пайдалануына және оған
билік етуге құқылы екендігін, яғни сату-сатып алу, жалға беру және тағы
басқа белгілі зањдық фактілерді жүзеге асыра алатындығын әңгіме еткенімізде
меншік құқығыныњ субъективті жағына тап боламыз (АК-тің 188-бабы).
Азаматтық кодекстің 188-бабында қаралған меншік құқығының иелену,
пайдалану және билік ету тәрізді құрамдас бөлік-терінен басқа оны заңмен
қорғау да ескерілген. Мұндай құқық өзгенің құқығына тәуелді емес, меншік
иесі өзінің мүлкін сақ-тауға, қорғауға, өзге адамдардың сырттан әрекет
етаеуіне тыйым салуына хақысы бар. Егер осындай құқықтары бұзылып жатса,
онда ол затты қайтарып алуға, қалпына келтіруге, келген залал-дыњ орнын
толтыруға құқыны.
Азаматтық кодекстің 188-бабының 5-тармағына сәйкес меншік құқығының
мерзімі шексіз болады. Мүлікке меншік құқығы Азаматтық кодексте көзделген
негіздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкін.
Меншік құқығының мазмұнын меншік иесіне тиесілі иелену, пайдалану және
билік ету тәрізді өкілеттіктер құрайды. Бүл өкілеттіктердің әрқайсысы
меншік құқығыныњ қажетті элемент-тері болын табынады. Меншік иесі
аталғандардыњ қай-қайсысын да үшінші бір түлгаға бере алады, тіпті үш
өкілеттіктің бәрін де беріп жіберіп, өзі меншік иесі болын қала алады.
Мысалы, ол заттарын "теміржол, әуежай және қонақ үйдің зат сақтайтын жеріне
тапсырып, өз қарауындағы затты күзетшінің игілігіне береді.
Кейде заң талаптарына сәйкес меншік иесінен несие берушінің талабын
қанағаттандыру үшін мүлкі ықтиярсыз алынуы мүмкін, онда меншік иесі әлгі үш
өкілеттіктен де айрылады. Бірақ ол мұндай жағдайда меншік иесі болын қала
береді. Қарызын өтегеннен кейін мүлкін сатқаннан қалған қаржыны алуға
құқылы, сөйтіп, заттарын кері қайтарғаннан соң оның пайдалану және билік
ету өкілеттігін қалпына келтіреді.

1. Меншік құқығының анықтамасы мен мазмұны

Меншік қай қоғамның да сан қырлы өзекті мәселесі болып келді. Сондықтан
да меншік құқығы құқық институты ретінде қараған кезде оны меншіктен
шығатын экономикалық категория деп тусіну керек.
Меншік дегеніміздің өзі материалдык игіліктерді — табиғаттың өнімдері
мен еңбекті — меншіктену әрі иеленуді білдіреді. Ол тарихи қоғамның ішкі
айқындауы арқылы пайда болады.
Сонымен, меншік затты иелену, меншіктену екен, оның өзі заттың пайдалы
қасиеттеріне орай жүзеге асады, демек, оны меншіктенген соң өндіріс
барысында пайдаланып, оған билік етіледі. Меншіктің экономикалық қатынасы
құқық нормаларымен реттеліп, меншік құқығына айналады.
Меншік иесіне мүлікті иелену, пайдалану және билік ету құқықтары
тиесілі.
Иелену құқығы дегеніміз – мүлікті іс жүзінде иеленудіњ жүзеге асыруды
зањ жүзінде қамтамасыз ету, яғни айтқанда тұлғаныњ өз қалауынша мүлікке
ықпал жүргізудіњ мүмкіншілігі.
Заң иеленуді заңды, заңсыз, адал ниетті және арам ниеттінен бөледі.
Егер мүлікті иелену занды негізде жасаса, онда ол занды иелену болып
табылады. Яғни құқық негізінде меншік құқығы жүзеге асырылуы тиіс. Затты
(мүлікті) заңсыз иелену, егер оны зорлықпен немесе заңнан жасырын жасаса,
немесе заңсыз иеленуші затты кездейсоқ иеленіп, оны қайтару жөніндегі
талапты құлағына ілмесе, бұл да құқық бұзу деп есептеледі.
Сондай-ақ иеленуші иеленген затыныњ заңсыз екендігін білсе, білуге
тиісті болса, онда ол арам ниетті иеленуші делінген. Қарсы жақ өзінің
талабын дәлелдемейінше, зат иеленуші адал алушы қатарына жатады (АК-тің 261-
бабы). Ал, керісінше, егерде мүлік оны иеліктен айыруға құқығы болмаған
адамнан тегін алынып, алушы мұны білмесе және білуге тиіс болмаса (адал
алушы), мүлікті меншік иесі немесе меншік иесі мүлікті иеленуге берген адам
жоғалтқан не мұның екеуінен де үрланған, не олардың иеленуінен бүрын
бұлардың еркінен тыс өзге жолмен шығып қалған ретте ғана меншік иесі бұл
мүлікті алушъщан талап етіп аддыруға құқылы.
Пайдалану құқығы дегеніміз — мүліктен оныњ пайдалы табиғи қасиеттерін
алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда
кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкін (АК-тің 188-
бабының 2-тармағы).
Пайдаланудың өкілеттік құқығынан жай пайдалануды ажырата білу керек.
Пайдаланудыњ өкілеттік құқығы — затты пайдалануға құқықты қамтамасыз ететін
меншік құқыгы субъектісінің өкілеттілігі. Пайдалану - осы құқықты жүзеге
асыру болып табынады, яғни затты нақты пайдаланып немесе оны қашан кіріс
алғанша тұтыну.
Меншік иесі өзінің пайдаланудың өкілеттік құқығын қалай жүзеге асыруды
өзі шешеді. Бірақ та, Конституцияның 6-бабын бұрмаламауы тиіс, яғни
меншікті пайдалану қоғамдық игілікке қарсы келмеуі керек. Демек, қоғамдық
маңызы бар объектіні пайдаланганда, меншік иесі тек өзінің ғана емес,
қоғамның да мүддесін ойлауына тура келеді. Мысалы, қазақ өнерінің көрнекті
шығармаларын, айталық мүрагер меншік иесі ретінде бұлдірмеуге міндетті.
Меншік иесі басқа тұлғаға өзінің пайдалану құқығын беруіне хақылы (мысалы,
жалға, арендаға беру т.б.). Пайдалануға өкілеттік алған тұлға оны өзі үшін
пайдалана бастайды (мысалы, затты пайдалану, өнім алу). Мұндай жағдайда
меншік иесі өзінің өкілеттігіне сәйкес табысты жанама жолмен түсіреді,
айталық, затты пайдаланудан түскен кірісті иеленеді, немесе белгілі бір
пайызды еншілейді.
Заң негізінде немесе басқа да құқылық құжаттарға орай меншік иесі
өкілеттігінен айрылуы не құқығы шектелуі мүмкін. Мәселен, тұрғын үйді не
оның бір бөлігін тұрғын жай мақсатынан тыс пайдалану жағдайы заң арқылы
жүзеге асады ("Түрғын үй қатынастары туралы" Заңның 4-бабы).
Билік ету құқыгы дегеніміз - мүліктің заң жүзіндегі тағдырын
белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі (АК-тің 188-бабының 2-тармағы).
Билік етудің өкілеттігі меншік құқығының объектілеріне қатысты зањды
мәмілелер жасауға өкілетті. Мысалы, меншік иесі өзінің меншік құқығын
өзгеге беріп, кепіддік құқық жасап, жалға беруді жүзеге асырса, онда ол
билік құқығын жүзеге асырғаны болып табылады. Билік ету құқығы арқылы
мәмілелер жасалған кезде меншік иесінің құқығы өзгеге толықтай не жекелеген
түрде өтеді (мысалы, арендаторға иелік ету және пайдалану құқықтары
беріледі). Билік етудің өкілеттігін жүзеге асырудыњ маңызды түрі меншік
иесінің мүлікті өз иелігінен шығарып, басқа адамдарға беруі болып табылады.
Нарықта өз орнын табу үшін меншік иесіне билік ету қажет. Әдетте
тауарлар ауыстыру үшін өндіріледі. Ауыстыру кезінде меншік иесінің кұқығы
сатушыњан сатьт алушыға ауысадьі. Сондықтан да сатушы тауардың меншік иесі
ретінде меншік құқығын өзгертуге мүмкіндік алуы тиіс. Билік ету құқыгын
жүзеге асыру мақсаты меншіктің әр түрлі түрлеріне сәйкес келеді.
Билік ету құқығы затқа меншік иесі болын табылмайтын тұлға арқылы да
жүзеге асады. Бұл заңның арнайы нұсқауымен болады, немесе меншік иесімен
жасалған келісім-шарт негізінде болады.
Ауыртпалық жағдайы деп заттардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ
бүліну қаупін айтады. Иеліктен айрылған заттардың кездейсоқ жойылу немесе
кездейсоқ бүліну қаупі, егер заң құжаттарында немесе шартта ол өзгеше
белгіленбесе, сатып алушыда меншік құқығы пайда болуымен бір мезгілде соған
көшеді. Мүліктің бұлінуі не жойылуына байланысты қауіп басқа мезгілде заң
немесе шарт негізінде сол мүлікті алушыныњ мойнына жүктеледі. Мысалы, шарт
жасаушылар ондай қауіпті шарт жасау кезінде алдын-ала ескереді (сатып алу-
сату), ягни зат берілмей түрып, сатын алушыға меншік құқығы ауыспай
түрғанда мәселенің басы ашылуы тиіс.
Екінші бір жағдай мерзімінің өтіп кетуіне байланьісты. Мәселен, егер
иеліктен айьфушы адам заттарды беру мерзімінің өткізіліп жіберілуіне кінәлі
болса немесе сатын алушы оларды қабылдау мерзімінің өткізіліп жіберілуіне
кінәлі болса, кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бұліну қаупін мерзімін
өткізіп жіберген тарап көтереді (АК-тің 190-бабының 2-тармағы).

2. Азаматтық кодекс бойынша меншік құқығының нысандары мен түрлері

Қазақстан Республикасы Конституциясьіныњ 6-бабында: "Қазақстан
Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей
қорғалады", — деп жазылған.
Азаматтық кодекс меншіктің екі нысанда - жеке (191-бап) және
мемлекеттік (192-бап) екендігін көрсетеді.
Конституцияда меншікті екі нысанға бөліп қарау олардрың мемлекетке
меншік құқығының субъектісі ретіндегі қатынасыныњ белгісіне ойластырылған.
Осыған орай жеке меншік мемлекеттік емес меншік болын саналады. Егер меншік
құқығының субъектісі мемлекет болса (тікелей немесе тиісті мемлекеттік
органдар арқылы), онда әңгіме мемлекеттік меншік жөнінде болады. Ал субъект
мемлекеттік емес заңды тұлға немесе азаматтар деп танылса, онда жеке меншік
деп есептелінеді.
Сонымен, меншікке субъектілер: мемлекет, әкімшілік-аумақтық бөліністер,
заңды тұлғалар мен азаматтар бола алады.
Заң меншікті түрлерге де бөледі. Азаматтық кодексіне сәйкес мемлекеттік
меншік республикалық және коммуналдық болып екіге бөлінеді (192-бап).
Конституцияның 87-бабында коммуналдық меншікті басқару жергілікті
атқару органдарының қарауына жатады делінген.
Мемлекет өкілеттігін жүзеге асыра отырып, қарауындағы мүліктерді өзінің
органдары мен мемлекеттік занды тұлғалары арқылы басқарады. Қазақстан
Республикасы азаматтық заңдармен реттелетін қатынастарға осы қатынастардыњ
өзге қатысушыларымен тең негіздерде кіреді.
Қазақстан Республикасыныњ мемлекеттік өкімет билігі мен басқа органдары
өздерінің осы органдардыњ мәртебесін айқын-дайтын заң құжаттарында,
ережелерде және өзге де құжаггарда белгіленетін құзыреті шегінде Қазақстан
Республикасының атынан өз әрекеттері арқылы мүліктік және жеке мүліктік
емес құқықтар мен міңдеттерді алын, оларды жүзеге асырады, сотта өкілдік
ете алады.
Заңдарда көзделген реттер мен тәртіп бойынша Қазақстан Республикасының
арнайы тапсырмасымен оның атынан өзге де мемлекеггік органдар, завды
тұлғалар мен азаматтар өкілдік ете алады (АК-тің 111-бабының 1 және 2-
тармақтары).
Азаматтық кодекстің 191-бабына сәйкес жеке меншік азаматтардың және
мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі
ретінде көрінеді. Сөйтіп, ұжымдық меншік пен азаматтардың меншігі "жеке
меншік" деген терминнің аясына бірігеді. Оларды біріктіру мемлекеттен бөліп
қарау арідылы бұл меншікпен жұмысты ыњғайлы үйымдастыруға байланысты,
мәселен, салық саясатын жүргізуге, немесе мемлекеттік әкімшіліх аппараттың
жөнсіз араласуынан қорғайды.
Мемлекеттік емес занды тұлғалар мен азаматтар өздеріне қарасты барлық
мүліктің меншік иесі болып табылады. Мысалы, акционерлік қоғамның
акциясының белгілі бір бөлігі мемлекетке тиесілі болғанымен, оны
мемлекеттік меншік деп айтуға келмейді, себебі ол жеке меншік болып қала
береді.
Азаматтардың жеке меншік категориясы жеке дара (өзіндік) меншік ұғымына
сай келеді. Сонымен бірге, біздің пікірімізше ол азаматтардың меншігіне
деген жеке дара өзіндік (тұтынушынық) және жеке меншік ішкі
дифференциациясы болуы қажет.
Меншік иесінің құқығын жүзеге асыру, ягни оныњ иелік етуі, пайдалану
және билік етуі мүліктің мүддесі мен мақсатына орай зањға сәйкес шектелуі
мүмкін. Қазақстан Республикасыныњ "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңынъщ 40-
бабында меншік иесінің үй-жайды, ортақ мүлікке қауіп төндіретін немесе оны
нашарлататын жүмыстар жүргізумен байланысты өзгертуіне, соныњ ішінде қайта
жоспарлауына және қайта жабдықтауына тыйым салынады.
Жеке меншіктің ерекше түріне кондоминиум меншігі де жатады. Кондоминиум
ұжымдық меншік түрінде көріне тұрса да "Тұрғын үй қатынастары туралы"
Заңыныњ 31-бабының 1-тар-мағы) біздің Азаматтық кодексте ұжымдық меншік
ұғымы жоқ екендігін ескерте кеткен жөн. Үй-жай меншік иелерінің әрқайсысы
өзіне бөлек (жеке-дара) меншік құқығы бойынша тиесілі үй-жайды өз қалауы
бойынша иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқылы.
Үйдің бөлек (өзіндік) меншікке жатпайтын бөліктері (кіре беріс,
баспалдақ, лифтілер, төбелер, шатырлар, подвалдар, пәтерден тыс не үйге
ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, жер учаскесі, оныњ ішінде
көріктендіру элементтері және ортақтасын пайдаланатын басқа да мүліктер) үй-
жай меншігі иелеріне ортақ меншік құқьіғы бойынша тиесілі болады.
Үй-жайдыњ әрбір меншік иесінің ортақ мүліктегі (ортақ меншіктегі) үлесі
оған тиесілі үй-жайға бөлек (өзіндік) меншікке бөлінбейді. Үлестің мөлшері,
егер меншік иелерінің келісімінде өзгеше көзделмесе, бөлек (өзіндік)
меншіктегі түрғын үй- жайлардыњ немесе тұрғын емес үй-жайлардыњ пайдалы
алаңының бүкіл үйдің жалпы алаңына қатынасымен анықталады. Мұндай үлесті
заттай бөліп беруге болмайды.
Кондоминиумныњ әр алуан түрінің құқылық тәртібінің ерекшеліктері заң
құжаттарымен айқындалады, ал "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңда тұрғын үй
кондоминиумы жайында айтылған.
Азаматтық кодекстің 209-бабына сәйкес екі немесе бірнеше адамның
меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады.
Меншік құқығының түрлеріне сипаттама берген кезде мүлік-тің құқықтық
тәртібінің мазмұны мен ерекшелігі мүліктің қайсыбір түріне жататындығына
байланысты келеді.

3. Меншік құқығына және өзге заттық құқықтарға ие болу негіздері

Меншік құқығын азаматтық құқықтың субъектілері әртүрлі негіздерде ала
алады. Азаматтық кодекстің 235-бабы меншік құқығына ие болуына әдейі
арналған. Бірақ та заң меншік құқығын алудыњ негіздерінің түтасілікті
дәрежеде тізімін жасады деуге болмайды. Азаматтық кодекстің 235-бабында
"тәсіл" ұғымы қолданылмайды (бір нәрсені жүзеге асыру кезіндегі әрекеттер
немесе әрекеттер жүйесі). Меншік құқығы оныњ пайда болуымен занды
байланыстыратын зандық фактілер негізінде алынуы мүмкін. Мұндай заңдық
фактілер негізделуімен көрінеді (АК-тің 7-бабы).
Меншік құқығын алуда бастапқы және туынды негіздерін шектеу өлшеміне
бір жағдайда еркіндік өлшемі, ал келесі бір жағдайда құқық қабылдаушылық
сай келеді, оның соңғысына ерекше баға беріледі.
Бастапқысына жататын талап деп мынаны айтамыз: зат бұрын болмады және
меншік құқығы оған бірінші рет тағылды немесе зат бүрын болса, меншік
құқығы оған бүрынғы меншік иесінің құқығынан тәуелсіз жүзеге асады.
Сондықтан да Азаматтық кодекстің бастапқы негіздеріне мыналар қатысты:
жаңадан жасалын жатқан қозғалмайтын мүлікке менпіік құқығыныњ пайда болуы
(236-баптың 1-тармағы); өңдеу (237-бап); иелену мерзімі (240-бап), олжа
(245-бап); қараусыз жануарлар (246-бап); менпіік иесінен алынған мүлікті
иелену (248-бап); көмбе (247-бап).
Туынды негіздер меншік иесі құқығын алуда бүрынғы меншік иесінің
құқығына тәуелді болуымен сипатталады. Жаңа меншік иесі пайда болуына
байланысты одан бүрынғысыныњ құқығы бір мезгілде тоқтатылады. Алдымен
меншік құқығына ие болу негіздерінің жалпы сипаттамасына тоқталайық.
Меншік құқығыныњ туыңды негіздерінің пайда болуы шартқа (сатып алу-
сату, заем, несие және т.б), сондай-ақ мүрагерлікке (заң мен өсиет бойынша)
байланысты, ол заңды тұлғаларды қайта құрған кездегі құқықты мирасқорлық
тәртібімен жүзеге асады. Туынды негіздерге сонымен қатар мүлікті тәркілеу
(АК-тің 249-бабының 4-тармақшасы), жекешелендіру (АК-тің 249-бабының 3-
тармағы), реквизациялау (АК-тің 249-бабының 3-тармағы), жер учаскесін алып
қоюға байланысты қозғалмайтын мүлікті иеліктен айыру (АК-тің 249-бабының 5-
тармақшасы), күтімсіз үсталған мәдени немесе тарихи қазыналар сатып алынган
реттер (АК-тің 249-бабының 6-тармақшасы) қатысты және занда көзделген басқа
жағдайлар да оған жатады.
Жаңа меншік иесіне тек заттың ғана меншік құқығы емес, осы затқа
байланысты құқықтар мен міңдеттердің барлығы ауысады. Мәселен, үй сатып
алган адамға сол үймен байланысшк жасалған жалдау немесе кепіл шарттары
көшеді. Тағы бір мысал: мүраны қабылдап алған мүрагер мүра қалдырушыныњ
борыш-тарына өзіне ауысқан мүральіқ мүліктің нақты құны шектерінде жауап
береді. Сондықтан да меншік құқығына ие болудыњ туынды негізіне әрқашанда
мирасқорлық қасиет тән. Меншік құқығына ие болуға байланысты жаңа меншік
иесі бүрынғы меншік иесі еншілеген барлық өкілеттікті түгелдей өзіне алады
деуге болмайды. Мәселен, бұл жаңа меншік иесіне қандай мүліктің ауысуына
және оның иесі кім екендігіне (мемлекет, заң-ды тұлға немесе жеке тұлға),
жаңа иеленушінің меншік құқығы қандай болатыңдығына (мемлекеттік немесе
жеке меншік) байланысты.
Меншік құқығыныњ бастапқы негіздері.
Азаматтық кодекстің 235-бабының 1-тармағы меншік құқы-ғын алудың
бастапқы негіздерінің біріне дайындалған немесе жасалған затқа құқықты
жатқызады. Меншік құқығы бүрын болмаған затқа да пайда болады. Егер завда
өзгеше көзделмесе, затты дайыңдап не оны жасаған адам соның меншік иесі
атанады. Жаңадан дайыңдалын, жасалған заттар қозғалатын, не қозғалмайтын
болуы мүмкін. Азаматтық кодекстің 236-бабына сәйкес салынып жатқан үйлерге,
құрылыстарға, өзге де мүлік кешендеріне, сондай-ақ өзге де жаңадан жасалып
жатқан қозғалмайтын мүлікке меншік құқығы осы мүлікті жасау аяқталған
кезден бастап пайда болады. Егер заң құжаттарында немесе шартта құрылысы
аяқталған объектілерді қабылдап алу көзделген болса, овда тиісті мүлікті
жасау осынайша қабылдап алынған кезден бастап аяқталған болып есептеледі.
Қозғалмайтын мүлік мемлекеттік тіркелуге тиіс реттерде, оған меншік құқығы
осынайша тіркелген кезден бастап пайда болады.
Қозғалмайтын мүлікті жасау аяқталғанға дейін, ал тиісті жағдайларда –
оны мемлекеттік тіркеуден өткізгенге дейін мүлікке қозғалмайтын мүлік
жасалатын материадцар мен басқа мүлікке меншік құқығы туралы ережелер
қодданылады.
Заң бастаігқы негіздерге мүлікті пайдалану нәтижесінде алынған
жемістерді, өнімді, табысты жатқызады (АК-тің 235-бабының 1-тармағы). Зат
күйіңдегі жеміс дегеніміз өздігінен өсіп-өнген органикалық дүние, ол затқа
айналып, өзінен табыс түсіреді. Жемістер табиғи болуы мүмкін (ол табиғат не
адам күшімен өндіріледі), сондай-ақ оны таза табиғи өнеркәсіп өнімі деп
бөледі (бұйым, өнім және т.б.) немесе табыстар көзі болын табылады (мысалы,
жалға ақы төлеу немесе пайыздар (және т.б.). Зат табиғи жемістер мен өнім
және табыс түріндегі жемістердің ара жігін атттып көрсетеді, бұл АК-тің 193-
бабыңда қарастырылған: мүліктерді пайдалану нәтижесівде алынған түсімдер
(жемістер, өнімдер, табыстар), егер зањдарда немесе бұл мүлікті пайдалану
туралы шартта өзгеше көзделмесе, осы мүлікті занды негізде пайдаланушы
адамға тиесілі болады.
Меншік құқығын алудыњ бастапқы негізіне өндеу де жатады (бір тұлға
материадды өндеп, одан екінші бір зат жасайды). Сонда әлгі өнімге құқық
алатын оны жасаған адам ба, әлде материалдың меншік иесі ме?1 Азаматтық
кодекстің 237-бабына сәйкес шартта өзгеше көзделмегендіктен, адам өзіне
тиесілі емес материалдарды өндеу арқылы дайындаған жаңа қозғалатын затқа
меншік құқығын материадцардың меншік иесі алады. Алайда, егер өндеу құны
материадцардыњ құнынан едәуір асын кетсе, жаңа затқа меншік құқығын адал
жұмыс істеп, өндеуді өзі үшін жүзеге асырған адам алады. Бүл екі жағдайда
да өндеушіге жаса-ған жұмысының құнын төлеу немесе меншік иесіне
материалдыњ құнын өтеу мәселесі туындайды. Бүл сүрақтыњ шешімі мынадай: өз
материадцарынан дайындалған затқа меншік құқығын алған материалдардыњ
меншік иесі ол затш өвдеуді жүзеге асырған адамға оның құнын өтеуге, ал ол
адам жаңа затқа меншік құқығын алған ретте сощысы материалдардыњ меншік
иесіне олардың құнын қайтаруға мівдетті.
Өндеуді жүзеге асырған адамның ықынассыз әрекеттерінің нәтижесінде
материалынан айрылған меншік иесі жаңа затты өз меншігіне беруді және өзіне
келтірілген залалдардыњ орнын толтыруды талап етуге құқылы (АК-тің 237-
бабының 2, 3 тармақтары).
Меншік құқығыныњ пайда болуыныњ бастапқы негіздеріне өнімді жинауға
балық, аң аулауға арналған көгаішгік қолды заттарды меншікке айналдыру да
жатады. Зандар мен жергілікті әдет-ғүрыпқа немесе меншік иесі берген жалпы
рұқсатқа сәйкес ормандарда, бөгендерде немесе басқа аумақта жидек теруге,
балық аулауға, аң аулауға, басқа нәрселерді жинауға немесе аулауға жол
берілген ретте, тиісті заттарға меншік құқығын оларды жинауды және аулауды
жүзеге асырған адам алады (АК-тің 241-бабы). Мысалы, осы нормаға сәйкес
азаматтар мен завды тұлғалар өз әрекеттері кезінде белгіленген ережені
сақтау талап етіледі (аң аулау, балық аулау және т.б.). Мүндай ережені
бұзған тұлға тиісті жауапкершілікке тартылады.
Меншік құқығын алудың бастапқы негіздеріне Азаматтық кодекс түщыш рет
иелену мерзімін де енгізді. Бүл негізді қолдану жөнінде жоғарыда иелену
мерзіміне орай айтып кеткен болатынбыз (АК-тің 240-бабы). Кеңес үкіметінің
азаматтық кодексінде тек талал мерзімі ғана болған-ды. Бірақ иелену мерзімі
институты мүлдем енбеген еді. Қазақстан Республикасы заңына иелену мерзімі
түщыш рет енгізіліп отыр. Иелену мерзімі деп қозғалатын мүлікке азамат
немесе занды тұлғаның адал, ашық және үдайы иеленген құқығын айтамыз. Ал
оныњ мерзімі - 15 жыл, ал қозғалмалы мүлікке - 5 жыл. Қозғалмайтын немесе
басқа да мүліктерге меншік құқығы бұл мүлікті иелену мерзіміне сәйкес алған
тұлғада тіркеу кезінен бастап пайда болады.
Иелену мерзімі бойынша меншік құқығын алудың қажетті жағдайы мынадай
болады: иелену, яғни "тура өзінің мүлкіндей көру", адалдық, ашық, үздіксіз
болуы және мерзім.
"Тура өзінің мүлкіндей көру" теңеуі тек мүлікті ұстау ғана емес, оны
заңға сәйкес иелену болын табылады1. Мысалы, мемлекеттік меншіктегі жерді
пайдалану оны өз меншігіне алу дегенді біддірмейді. Бұл орайда ол оны мейлі
үзақ уақыт пайда-лана берсін, бәрібір осы талап сақталады. Яғни мемлекеттік
жер пайдалануға берілген екен, оны иеленуші өзіне меншіктемей, басқаның
мүлкі деп есептеуі тиіс.
Иелену мерзімінің қажетті шартты оны адалдықпен иелену, ягаи мүлікті
иеленуші өз иелігінің зандық негізін естен шығармайды.
Иелену мерзімінің тагы бір маңызды шарты ашық және үздіксіз пайдалану
болып табылады. Ашық дегенді иелену ешқандай бүкпесіз, әділ жүзеге асыру
деп түсіну керек, сондықтан да ол басқа тұлғалар тарапынан не зандық, не
әлдекімнің қолдан жасалған кедергілеріне үшырамайды. Міне, сол себепті де
АК-тің 240-бабыныњ 4-тармағында тұлғада болын, оның иеленуіне орай талап
етілуі мүмкін мүліктер жөніндегі иелену мерзімінің өтуі тиісті талаптар
бойынша талап қою мерзімі бітуінен ерте басталмайды делінеді.
Үздіксіз пайдалану иелену мерзімінің шарты ретінде иелену мерзімінің
уақыты бітпейінше мүлікті басқа біреуге бермеуді білдіреді. Демек мұндай
құқық іс жүзінде де, заң жүзівде де тоқтатылмауы керек.
Иелену мерзімі меншік құқыгына айналуы үшін қозғалмайтын мүліктер үшін
- 15 жыл, ал қозғалатынына - 5 жыл мерзім керек. Иелену мерзіміне жүгінетін
азамат немесе заң-ды тұлға өздері құқықты мирасқорлары болын табылатын
тұлғаның осы затқа иелік еткен уақытыныњ бәрін өз иелігіне қосып алуына
болады. Мысалы, мүрагерлер мүлікке заң және өсиет арқылы ие болып, оған
иелік етуді жалғастырады.
Иелену мерзіміне виндикацияльіқ талаптан туындайтын (өзгенің заңсыз
иеленген өз мүлкін) талап етуге талап қою мерзіміне байланысты мерзім
енбейді (АК-тің 260-263, 265-баптары).
Заң мүлікке меншік құқығын алғанға дейін оларды өз мүлківдей иеленуші
азамат немесе заңды тұлға өз иелігін мүліктің меншік иелері болып
табылмайтын, совдай-ақ заң құжаттарында немесе шартта көзделген өзге де
негіздерге сәйкес оларды иеленуге құқығы жоқ үшінші жақтардан қорғаута
құқылы екендігін бекітеді. (АК-тің 240-бабы).
Егер тұлғаға сотта оныњ меншік құқығын танудан бас тартылған ретте
мүлікті иеленуші тұлға меншік иесіне айналады. (АК-тің 240-бабының 5-
тармағы).
Азаматтық кодексте иесіз заттарға меншік құқығын алу тәртібі мен негізі
көрсетілген. Меншік иесі жоқ немесе меншік құқыгынан бас тартылған зат
иесіз болып есептеледі.
Азаматтық кодекстің 240-бабына сәйкес иесіз қозғалмалы затқа меншік
құқығы иелену мерзімін алады. Иелену құқығы меншік иесі бас тартқан
қозғалмалы мүлік жөніңдегі ережені жоққа шығармайды (АК-тің 243-бабы), атап
айтқанда, бұл олжа (АК-тің 245-бабы), қараусыз жануарлар (АК-тің 245-бабы),
және көмбе (АК-тің 247-бабы) жөнінде болады.
Иесіз қозғалмайтын заттарды олар табылған аумақтағы жергіліеті атқарушы
органныњ мәлімдеуі бойынша қозғалмайтын мүлікті мемелекеттік тіркеуді
жүзеге асыратын орган есепке алады. Иесіз қозғалмайтын затты есепке
алғаннан соң бір жыл өткеннен кейін коммунаддық меншікке билік ететін орган
бұл затты коммуналдық меншіккке түсті деп тануды талап етіп, сотқа
жүгінеді. Коммуналдық меншікке түскені сот шешімі бойынша танылмаған иесіз
қозғалмайтын зат оны тастап кеткен меншік иесінің иеленуіне, пайдалануына
және билік етуіне қайта қабылдануы, не иелену мерзіміне (АК-тің 240-бабы)
сәйкес меншікке алынуы мүмкін.
Меншіх құқығынан бас тарту мақсатымен меншік иесі тастап кеткен немесе
қалдырып кеткен жылжымалы заттар Азаматтық кодекстің 243-бабының 2-
тармағына сәйкес басқа тұлғаның меншігіне өтуі мүмкін. Түлға өзінің
иеліііңдеіі не пайдалануындагы жер учаскесінде жатқан заттарды, тіпті оның
құны жиырма айлық есептік көрсеткішінен кем бола түрса да, ол тасталған
металл сынықтары болсын, жарамсыз өнім болсын, оны өзінің меншігіне
айналдыра алады. Сөйтіп, бұл заттарды меншік қатынастарына қарай керегіне
жаратады. Ал басқа тасталған заттар сол тұлғаның өтініші бойынша сотта
қаралып, шынымен иесіз болып табылатын болса, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МҮЛІКТІ ИЕЛІКТЕН АЛУДАН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТМЕЛЕР
Мұра қалдырушының мүліктік және кейбір мүліктік құқықтары мен міндеттері ретіндегі мұрагерлік масса
Жерге меншік құқығы
Меншік құқығының тоқтатылу негіздері
ҚР жерге жеке меншік құқығы
Азаматтық құқық пәні
Мүлікті тегін пайдалануды сипаттау, саралай зерттеу
Меншік құқығының тоқтатылуы
Меншік құқығының пайда болу негіздері және тоқтатылуы
Табиғатты пайдалану құқығы түсінігі
Пәндер