Қаржы нарығы жүйесіндегі коммерциялық банктер



Коммерциялық банктер туралы түсінік және олардың қызметін ұйымдастыру
II Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау
Экономиканы және халықты несиелендіру
Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі
Коммерциялық банктердің басқа да қаржылық қызметтері
Коммерциялық банктердің басқа да қаржылық қызметтері
Қаржы нарығы жүйесіндегі коммерциялық банктердің орны
Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.
Коммерциялық банктер банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғалармен кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.
«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсету барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған. Бірақ, өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де салаларына қызмет көрсете бастағандықтан, да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің «іскер» деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.
ҚР-дағы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда қабылданған «ҚР Ұлттық банкі» және 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңдарын басшылыққа алады.
Қазіргі коммерциялық банктер жүйесі 1990 жылдың аяғынан бастап қалыптасты, яғни қазақстандық банктік жүйенің небары 16 жылдық тариғы бар.
90-шы жылдың басында банктердің саны 200-ден асты, әрине бұл олардың экстенсивті жағынан дамуын сипаттаса, сол жылдың орта кезінен бастап, күні бүгінге дейін банктеріміздің саны біртіндеп азаюда, ал бұл құбылысты олардың қарқынды өсуімен байланыстыруға болады.
Қазіргі коммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, несиелік жүйенің басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта кету керек. Яғни, операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және басқару жүйелері өзгеруде
Коммерциялық банктердің басқа қаржы институттарынан айырмашылығы және ерекше бір қабілеті ол ақшаны жасауы мен жоюында болып табылады. Бұл жерде ақша деп тек қолма-қол ақшалар ғана емес, сондай-ақ талап етуге дейінгі салымдар түсіндіріледі. Банктердің ақша жасау мүмкіндігі экономика үшін өте маңызды. Ол тиімді несие жүйесін іске асыра отырып, экономиканың өсуіне қажетті жағдай туғызады. Банк несиелерінің жетіспеушілігі және өте жоғары пайыз мөлшерлемесі тұсында өндірісті кеңейту мүмкін емес. Халық шаруашылығындағы осы сияқты іс-тәжірибелер тиімсіз, себебі бір жағынан, мынадай ірі ақша сомасы белгісіз уақытқа қозғалыссыз жататын болса, екінші жағынан, мұндай ақшалар қажетті емес.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Коммерциялық банктер туралы түсінік және олардың қызметін ұйымдастыру
Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет
көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын
дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық,
кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер
деген жалпы атпен біріктіріледі.
Коммерциялық банктер банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді.
Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғалармен
кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.
Коммерциялық банк термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде,
банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет
көрсету барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған.
Бірақ, өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың
өзге де салаларына қызмет көрсете бастағандықтан, да банктің коммерциялық
деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің іскер деген
сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне
қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады.
Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет
көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.
ҚР-дағы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда
қабылданған ҚР Ұлттық банкі және 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған ҚР-
дағы банктер және банктік қызмет туралы ҚР заңдарын басшылыққа алады.
Қазіргі коммерциялық банктер жүйесі 1990 жылдың аяғынан бастап
қалыптасты, яғни қазақстандық банктік жүйенің небары 16 жылдық тариғы бар.
90-шы жылдың басында банктердің саны 200-ден асты, әрине бұл
олардың экстенсивті жағынан дамуын сипаттаса, сол жылдың орта кезінен
бастап, күні бүгінге дейін банктеріміздің саны біртіндеп азаюда, ал бұл
құбылысты олардың қарқынды өсуімен байланыстыруға болады.
Қазіргі коммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, несиелік
жүйенің басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта кету
керек. Яғни, операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және басқару
жүйелері өзгеруде
Коммерциялық банктердің басқа қаржы институттарынан айырмашылығы
және ерекше бір қабілеті ол ақшаны жасауы мен жоюында болып табылады. Бұл
жерде ақша деп тек қолма-қол ақшалар ғана емес, сондай-ақ талап етуге
дейінгі салымдар түсіндіріледі. Банктердің ақша жасау мүмкіндігі экономика
үшін өте маңызды. Ол тиімді несие жүйесін іске асыра отырып, экономиканың
өсуіне қажетті жағдай туғызады. Банк несиелерінің жетіспеушілігі және өте
жоғары пайыз мөлшерлемесі тұсында өндірісті кеңейту мүмкін емес. Халық
шаруашылығындағы осы сияқты іс-тәжірибелер тиімсіз, себебі бір жағынан,
мынадай ірі ақша сомасы белгісіз уақытқа қозғалыссыз жататын болса, екінші
жағынан, мұндай ақшалар қажетті емес.
Коммерциялық банктер мұндай сұрақтарды шешуде маңызды роль
атқарады. Өздерінің депозиттік және несиелік операцияларының көмегімен олар
уақытша бос ақша қаражаттарын жинақтайды және несие түрінде оларды бере
отырып, халық шаруашылығының қажеттілігін қанағаттандырады, яғни жаңа төлем
құралдарын жасайды.
Банктер өз қызметінде ақшаның бір бөлігін жоятыны да рас. Бұл
біріншіден, клиенттің банктегі шоттан нақты ақша алған уақытында және
екіншіден, несиені қарыз алушының шотының есебінен қайтару барысында мүмкін
болады.
Сонымен қатар, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктер өз қызметін жүзеге
асыру барысында филиалдарын, өкілдіктерін, жинақ-кассаларын, сондай-ақ
еншілес банктерін аша алады.
Қазіргі коммерциялық банктер – бұл тікелей кәсіпорындарға,
ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді.Коммерциялық
банктер деп бұл жерде ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктер туралы айтылып
отыр.Коммерциялық банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
1.Жарғылық капиталдың қалыптасуына қарай:
• мемлекеттік;
• акционерлік;
• жеке;
• пай қосу арқылы(жауапкершілігі шектеулі серіктестік);
• аралас(шетел капиталының қатысуымен).
2.Операцияларының түрлеріне қарай:
• әмбебап, яғни экономиканың барлық салаларына бірдей және кең
көлемді банктік қызмет көрсететін банктер;
• маманданған,яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер.
3.Аумақтық белгісіне қарай:
• халықаралық;
• мемлекетаралық;
• ұлттық;
• аймақтық.
4.Салалық белгісіне қарай:
• өнеркәсіптік;
• сауда;
• ауыл шаруашылық;
• құрылыс;
• басқа.
5.Филиалдар санына қарай:
• филиалсыз;
• көп филиалды.
ҚР-дағы банктік жүйеде жұмыс жасайтын екінші деңгейдегі
банктердің барлығы дерлік акционерлік қоғам формасындағы банктер.
Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы банкті басқару
құрылымына және оның функционалдық бөлімшелері мен әр түрлі қызметтерінің
құрылымына бөлінеді.
Басқару органы пайда алу мақсатында коммерциялық банктің қызметіне тиімді
жетекшілік етуді қамтамасыз етеді.Банктің құрылтайшылары басқару органына
тікелей қатысады.
Акционерлік коммерциялық банктің ең жоғарғы органы акционерлердің
жалпы жиналысы болып табылады.
Акционерлердің жалпы жиналысы жылына бір рет шақырылып отырады. Бұл
жиналыста мынадай міндеттер шешіледі:
• банктің жарғысына өзгерістер енгізу;
• банктің жарғылық капиталын өзгерту;
• банктің Кеңесін сайлау;
• банктің жылдық есебін бекіту;
• банктің табысын бөлу;
• банктің құрылымдық немесе еншілес бөлімшелерін құру және тарату.
Екінші басқару органы банктің қадағалау кеңесі болып табылады. Банктің
бақылау кеңесі банк қызметіне бақылау жасау органы ретінде мынадай
міндеттерді атқарады:
• нормативтік актілерді бекітеді;
• Басқарма немесе Басқарма төрағасының шешімі бойынша жасалған
мәліметтерді бекітеді.
Келесі басқару органы – бұл басқарма(банк кеңесі). Басқарма – атқарушы
немесе өкілетті орган, яғни ол банктің иелерінен, оның акционерлерінен
құралады және олардың мүдделерін қорғайды.
Басқарманың міндеттеріне мыналар жатады:
• банктің стратегиялық мақсатын анықтау;
• банктің саясаттарын жасау;
• жетекшілік қызметке кадрлар таңдау;
• комитеттерді құру;
• ссудалық және инвестициялық операцияларға бақылау жасау.
Басқарма төрағасы банктің бірінші жетекшісі болып табылады және ол
банк қызметіне жетекшілікті жүзеге асырады. Банк төрағасына мынадай
міндеттер жүктеледі:
• банктің қызметіне қатысты барлық мәселелер бойынша бұйрықтар шығару
және нұсқаулар беру;
• барлық мемлекеттік және басқа да органдарда, басқа банктерде, оның
ішінде, шетелдік банктерде банк қызметіне қатысты барлық мәселелер
бойынша өкілеттілікті жүзеге асыру;
• банктің мүлкіне және қаражаттарына ие болу;
• банктің штаттық жұысшыларының саны мен құрылымын бекіту;
• еңбек келісімшарты бойынша банктің лауазымды тұлғаларымен келісімдер
жасасу.
Ревизиялық комиссия банк қызметіне қаржылық есептің дұрыстығы жағынан
бақылау жасаушы орган болып табылады.
Несиелік комитет- бұл несиенің берілуіне байланысты қорытынды жасаушы
орган.
Несиелік комитет мынадай міндеттерді орындайды:
• несие алуға берген клиенттің өтінішін және несиелік қызметкердің несие
беру туралы қорытындысын қарайды;
• несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады;
• несиелік тәуекелдерге байланысты несиелеу формаларын анықтайды;
• несие сомасы мен мерзімін анықтап, пайыз мөлшерлемесін бекітеді;
• несиені қайтаруды қамтамасыз ету тәсілдеріне талаптар белгілейді;
• несиелеу шартын бекітеді;
• берілген несиелерге мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді;
• банктің несиелік стратегиясын жасайды;
• несиелеу бойынша бөлімшелердің жұмысын талдайды;
• несиелік комитеттің мәжілісінің хаттамаларына қол қояды және
хаттамаларды тіркеу кітабын жүргізеді.
Қызмет бөліміне: кадр бөлімі, заң бөлімі, күзет бөлімі, әкімшілік-
шаруашылық бөлімі және т.с.с. кіреді.

II Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары

Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық
қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және
қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.
Ұлттық банкінің арнайы лицензиялары бар болса, банктер асқа да банктік
қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел валюталарымен
операцияларды жүргізу; халықтың ақшалай салымдарын қарау; ақшаларды
аударуға байланысты қызметтерді көрсту.
Осы операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын негізгі қызметтерді
былай құруға болады:
➢ уақытында бос ақшалай қаражаттарды жинақтау(депозиттік операциялар);
➢ экономиканы және халықты несиелендіру(активтік операциялар);
➢ инвестициялық қызметі;
➢ клиенттерге басқа да қаржылық қызметтерді көрсету.

Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау – коммерциялық банктердің
алғашқы дәстүрлі-базалық қызметі.Бұл банктің пассиві меншікті капиталы мен
тартылған қаражаттардан тұрады. Меншікті капитал – банктің несиелік
ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық
ресурстарының тек 10%-ын құрайды.Ең алдымен меншікті капитал банк қызметін
бастау үшін қажет. Сонымен қатар, офисті, жабдықтарды сатып алу және
еңбекақыны төлеу, сондай-ақ банктік операцияларды дамытудың келесі
кезеңдерінде шығындарды төлеу үшін қажет. Меншікті капитал – банктің
қорғаныс кепілдік қоры. Осы сипатта меншікті капитал маңызды, сөзсіз
міндетті қор болып табылады, банктің тұрақтылығы мен оның жұмысының
тиімділігін қамтамасыз ету үшін банктік қаражаттар құрылымында оның рөлі
өте жоғары.
Банктер өздерінің активтік операцияларын жүзеге асыру үшін тартылған
қаражаттардың 90%-нан жоғары бөлігін пайдаланады, сондай-ақ банктер өз
клиенттерінің уақытша бос ақшалай қаражаттарын жинақтайды. Дәстүрлі түрде
осы қаражаттардың негізгі бөлігін депозиттер құрайды. Депозит пен банктің
клиенттерінің жинақ салымдарынан басқа мерзімді және мерзімсіз
салымдарының барлығы түсіндіріледі.банктердің ақшалай қаражаттарды
салымдарға тарту және оларды пайда табу мақсатында орналастыру жұмыстары
депозиттік операциялар деп аталады. Осылардың негізінде коммерциялық
банктердің несиелік ресурстарының негізгі бөлігі құралады.
Депозиттік операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады:
❖ банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай жасауға;
❖ депозиттік операциялар әрекет ету керек;
❖ банк балансының оперативтік өтімділігін демеу мақсатында икемді
депозиттік саясат жүргізілуі керек;
❖ банк балансының өтімділігін жоғары дәрежеде демеп отыратын мерзімдік
салымдарға депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде ерекше
назар аударылуы қажет;
❖ депозиттік операциялармен қарыздарды беру бойынша операциялардың
арасында мерзім және сомалар бойынша өзара байланыс пен
сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет;
❖ депозиттерді тартуға әрекет ететін банктік қызметтерді дамытуға
шаралар қолдану.
Шетелдік банктік тәжірибеде алып тастау тұрғысынан қарағанда талап
еткенге дейінгі депозиттер, мерзімді және жинақ салымдары деп ажыратылады.
Талап еткенге дейінгі депозиттер белгісіз уақытта салымшылардың
ағымдағы, есеп айырысу шоттарында болатын ақшалай қаражаттар, олар банкті
алдын ала ескертусіз кез келген уақытта салымшылармен алынуы немесе басқа
шотқа аударылуы мүмкін. Әдетте банк талап еткенге дейінгі салымдар бойынша
ең төмен пайыз төлейді, ал кейбір жағдайларда олар бойынша сыйақы мүлдем
төленбейді. Кейбір мемлекеттерде пайыздарды есептеуге заңды тәртіппен тыйым
салынған. Талап еткенге дейінгі депозиттер бірінші кезекте ағымдағы есеп
айырысуларды жүзеге асыру үшін арналған. Шот иесі оларды әр түрлі
формаларда – қолма-қол ақшалармен, чектермен, аударымдармен жүргізе алады
Депозиттердің екінші тобын мерзімді салымдар құрайды. Терминнің өзінен
көрініп тұрғандай, мерзімді салымдар белгілі бір айдан жоғары мерзімге
орналастырылады. Салымшы үшін ақшаларды ұзақ мерзімге салудың мәні жоғары
пайыздарды табу болып табылады.Сондай-ақ банк үшін бұл депозит тиімді,
өйткені ол жоғары пайыз табумен қандай да бір қарыз алушыға қарыздарды
ұсыну үшін осы қаражаттарды ұзақ уақыт бойы иемдене алады. Мерзімді
салымдар меншікті мерзімді және кері алу туралы ескетуі бар мерзімді
салымдар болып бөлінеді. Меншікті мерзімді салымдар шот иелеріне алдын ала
белгіленген күні қайтарылады, ал осы күнге дейін банк оларды өз қалауы
бойынша иемденеді. Егер шот иесі белгіленген күні соманы кері алмаса, онда
оны сол күннен кейін ағымдағы шот секілді пайдаланады, сондай-ақ ол өз
ақшаларын кез келген келесі күндері кері ала алады.
Ескеруі бар мерзімді депозиттерде салымшының ақшаларды кері алу туралы
арнайы арызын банкке алдын ала түсіруі талап етіледі.Әдетте ескерту
мерзімдері – 1 айдан 3 айға дейін, 3 айдан 6 айға дейін, 6 айдан 12 айға
дейін және 1жылдан жоғары. Ескету мерзіміне байланысты сәйкес пайыздық
мөлшерлемелер белгіленеді.
Депозиттердің үшінші түрі – жинақ салымдары. Олардың кеңірек тараған
түрі кәдімгі жинақ шоты немесе жинақ кітапшасы бар шот деп аталатын жинақ
салымы.Шот иесі шотқа ақша салу немесе одан кері алу үшін жинақ
кітапшаларын міндетті түрде ұсынуы керек. Халық пен коммерциялық емес
ұйымдар кәдімгі жинақ салымдарын кеңінен қолданады. Халықтың салымдарын
тарту мақсатында жинақтардың түрлі формалары қолданылады: ұтысқа, сыйлыққа,
жастарға, мақсатты және т.б.Әдетте олар халыққа қосымша қызметтерді
(почталық, телеграфтық, саудалық, т.б.) ұсынулармен бірге жүреді.
Экономиканы және халықты несиелендіру
(активтік операциялар)
Коммерциялық банктердің екінші дәстүрлі-базалық қызметі – экономиканы
және халықты несиелендіру.Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы
маңыздыларға және банкінің актив операцияларына жатады.
Несиелік операциялар – бұл несие беруші мен қарыз алушының арасындағы
біріншінің екіншісіне төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық
шарттарында белгілі ақша қаражаттары сомасын ұсынуы бойынша
қатынастар.Банктің несиелік операциялар активті және пассивті болады.
Активті несиелік операциялар банктер мен қарыз алушыға қарыз ұсынғанда, ал
пассивтер, керісінше, банк қарыз алушы ролінде болғанда пайда болады.
Несие берушіге өзінің уақытша бос қаражатын белгілі бір мерзімге қарыз
алушының иелігіне беретін тұлға (жеке және заңды) жатады.
Қарыз алушы – қаражатты (ссуданы) пайдалану үшін алатын және оны
белгіленген мерзімде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарық жағдайындағы қаржы - несие жүйесі
Несие нарығы және оның мағынасы мен мәні
Несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау
Қаржы нарығының құрылым
Орталық банкінің қызметін бірігіп атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі
Инфрақұрылым мәні, оның мазмұны және функциялары
НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАРЖЫ-НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ
Қаржы нарығының теориялық негіздері
ҚАЗАҚСТАН БАНКАРАЛЫҚ НЕСИЕ НАРЫҒЫН ҚҰРУ
Коммерциялық банкті басқару жүйесіндегі маркетингтің орны
Пәндер