Корей халқы



І КІРІСПЕ

«Корей» атауының шығу тегі және шаруашылығы.

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

а) Корей халқының мәдениетінің өзіндік ерекшелігі және киім кию үлгісі.

б) Корей халқының салт . дәстүрлері.

в) Корейлердің ұрпақ тәрбиелеудегі өзіндік ерекше тарихи тағылымы.

г) Корей халқының ұлттық ойындары.

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
"Корей" атауы "коре" деп аталынған орта ғасырлық мемлекеттің атынан пайда болған екен. Егер "Чосон" деген сөздің иероглифтік жазбасының аудармасына көңіл болсек, онда "коре"—"Таң самалы елі" деген ұғымды білдіреді. Жалпы бұл атау Корей құл иеленушілік мемлекеті болып тұрғанға дейін өмір сүрген.
Корей халқы туралы айтқанда мына бір жәйді ескерген ләзім. Ол біріншіден — корей халқының өзінің негізгі мекеніндегілерге, екіншіден, біздің республикамызда тұрып жатқан корейлерге байланысты.
Корей мемлекеті Солтүстікте Қытай және Ресей мемлекеттерімен шекаралас орналасқан.
Корей — өзіндік тарихы мен бай мәдениеті бар ежелгі ел. Алайда ол қазір екі мемлекетке (Солтүстік және Оңтүстік Корея) бөлініп отыр.
Корейлер негізінен ауыл шаруашылық кәсібімен айналысады. Сол себепті бұл халық отырықшылық жағдайда өмір сүрді. Теңіз жағалауын мекендеушілер балық аулау ісімен шұғылданса, таулы жердегі тұрғындар аңшылық пен жабайы (шипалық) шөптерді жинауды кәсіп етті.
1) Қалиев С. Народ истинный народ. Үлгілі үйдің ұл-қызы. Алматы, 2000ж.
2) Назарбаев Н. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы. Астана, 2005ж.
3) Қалиев С. Шаяхметов Ш. Жарықбаев Қ., Қазақтың тәлімдік ой-пікір онтологиясы. Алматы, 1994ж.
4) Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. Алматы, 2004 ж.
5) История культура народов Казахстана.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

_________________________________ка федрасы

Тақырыбы: Корей халқы.

Тексерген:
Муратказин Мухтар

Орындаған: Ембергенова Н.
Нуртазаева М.

050114 Тарих және
география тобының 2 курс студенті

Алматы 2008
ЖОСПАР

І КІРІСПЕ

Корей атауының шығу тегі және шаруашылығы.

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

а) Корей халқының мәдениетінің өзіндік ерекшелігі және киім кию
үлгісі.

б) Корей халқының салт – дәстүрлері.

в) Корейлердің ұрпақ тәрбиелеудегі өзіндік ерекше тарихи тағылымы.

г) Корей халқының ұлттық ойындары.

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

"Корей" атауы "коре" деп аталынған орта ғасырлық мемлекеттің атынан
пайда болған екен. Егер "Чосон" деген сөздің иероглифтік жазбасының
аудармасына көңіл болсек, онда "коре"—"Таң самалы елі" деген ұғымды
білдіреді. Жалпы бұл атау Корей құл иеленушілік мемлекеті болып тұрғанға
дейін өмір сүрген.
Корей халқы туралы айтқанда мына бір жәйді ескерген ләзім. Ол
біріншіден — корей халқының өзінің негізгі мекеніндегілерге, екіншіден,
біздің республикамызда тұрып жатқан корейлерге байланысты.
Корей мемлекеті Солтүстікте Қытай және Ресей мемлекеттерімен шекаралас
орналасқан.
Корей — өзіндік тарихы мен бай мәдениеті бар ежелгі ел. Алайда ол қазір
екі мемлекетке (Солтүстік және Оңтүстік Корея) бөлініп отыр.
Корейлер негізінен ауыл шаруашылық кәсібімен айналысады. Сол себепті
бұл халық отырықшылық жағдайда өмір сүрді. Теңіз жағалауын мекендеушілер
балық аулау ісімен шұғылданса, таулы жердегі тұрғындар аңшылық пен жабайы
(шипалық) шөптерді жинауды кәсіп етті.

КОРЕЙ ХАЛҚЫНЫҢ САЛТ – ДӘСТҮРЛЕРІ
Корейлердің ұлттық тұрғын үйлері де ерекше. Көбінесе бір қабатты және
бір-біріне жалғастырыла салыпа береді. Атап айтарлық жәйт сол, олар "жылы
еден жүйесін" (ондоль) пайдаланады. Еденнің астыңғы жағынан түтін жүретін
бірнеше жол жасалынып, сол арқылы жағылған оттан жылу тартылады. Еденге
сабаннан тоқылған майлы калин, қагаз төселініп, сабаннан тоқылған бұйым
жабылады. Корейлер тұрғын үйін өте таза ұстайды. Аяқ киімдерін үйге кіре
берісте, табалдырық жанында шешеді. Корейлер жылытылған еден үстінде отырып
тамақ ішеді, үй шаруасын тындырады, ұйықтайды. Ұйықтайтын бөлмеде мақта
салып сырығам жұқа көрне, кесте немесе шілтері бар жастықты пайдаланады.
Кейін оларды сандықтың үстіне жинап қояды. Бөлмеде киім ілетін және ыдыс-
аяқ қоылатын шкаф, газет-журналға арналған аласа үлдірік (этажерка) тұрады.
Бұл халықтың өмірінде сабаннан немесе напсаннан жасалған
(биіктігі 30- 50 см) тамақ ішетін үстелдің әр үйде болуы міндетті
саналған.
Корей халқының киімдерінде де өзіндік ерекшеліктері бар. Ерлер киімі —
кең пішілген кеудеше, кең балақты шалбар. Костюм әдетте ақ матадан (қыста
мақта салынып) тігіледі. Шалбар белінен оралады, қызыл асықтан тоқыма
баумен байланып, ақ шұлыққа сұғындырылып қойылады.
Ойелдер киімі жіңішке ұзын жеңі бар кофтадан, белін жалпақ белбеумен
байлап қоятын кең етіп тігілген юбкадан тұрады. Балалар киімдері де пішілуі
мен тігілуі жөнінен үлкендердің киімінен көп ерекшеленбейді. Ұлттық киім
үлгілері осы уақытқа дейін бастапқы қалпын сақтап келеді. Әйелдері мереке
күндері киетін киімдердің бояуының түрлі-түсті болуына мән берген. Қыз
балалардың мерекелік киімі қызыл түсті юбка және ашық қызғылт түсті
кофтадан тұрады. Дегенмен қазіргі кезде киімдердің аталған үлгіде болуы
міндетті саналмай, бүгінгі өмірге бейімделген.
Бір аңғаратын жәй — корейлер жұмысқа еуропалық үлгідегі киімдерді
киеді.
Εрте кезде шаруалар аяқтарына жуан иірілген жіптен немесе соломнан
тоқылғал сандал, ал жауынды күндері өкшесі биік етіліп ағаштан ойылып
жасалған аяқ киім киетін болған. Мәселен, орыс мұжықтары шіліктен шәрке
тоқып кисе, қазақтар мал терісінен жасалған шәркені пайдаланғаны тарихтан
мәлім. Корейлер былғарыдан тігілген аяқ киімдерімен қатар резинадан
жасалған аяқ киімдерді де (комусины) пайдаланады.
Ерлер үшін сабаннан немесе жұқа киізден бас киім – шляпа тігіліп,
оларды көбінесе жастар жағы киюге әуестенген. Егістікте жұмыс істеген кезде
ерлер де, әйелдер де басын ақ орамалмен байлап алатын болған. Корей қыздары
бұрымына ұзын қызыл лента тағып жүруді ұнатқан.

Корей халқының ұлттық дәстүрлері күнделікті тұрмысы, әсіресе, тамаққа
байланысты бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып келеді. Асханалар мен
мейрамханаларда тағамдар еуропа үлгісінде дайындалады. Әйтседе корейлер
ұлттық тағамдарын (чимчи, кокси, хе және т. б.) көбірек жасағанды ұнатады.
Оларға шөп майын пайдаланады. Корейлердің аса ұнататын, былайша айтқанда,
негізгі тағамдары — тұз салмай буға пісірілген күріш (пап) пемесе ботқа.
Бұл тағам көп ретте нан орнына да пайдаланылады. Корейлердің күнделікті
тагамының бірі көкөністен жасалган кимчхи, сұйық, қою және паста секілді
болып келетін соя (бұршақ тұқымдас өсімдік). Ол барлық тагамның тұздыгы
саналады. Бұдан басқа корей халқында мереке мен салтанатты жағдайға орай
жайылатын дастаркан арнап,кукси койылады. Ол тұз салынбай иленген қамырдан
кеспе түрінде және күріштің ерекше сорты — чхальттан даярланады.
Бір ескертетін жәйт — Шығыс және Оңтүстік Шығыс Азияның көптеген
халықтарының өміріне тән болып келгеніндей корейлер де соңғы уақытқа дейін
сүтті және одан жасалынатын өнімдерді тұрмыста пайдаланбаған. Корейлер
қытайлықтар мен жапондықтарға қарағанда шайды аз ішеді екен. Мәселен, Орта
Азиямен Қазақстан жерінде тұрушылар көп ішеді. Әрине, ол — жергілікті
жердің климатына байланысты, әрі- барлық жерде жемістен жасалған сусын да
бола бермейді.
Феодалдық-патриархалдық қарым-қатынас кезінде, корей отбасында үй
иесінің,яғни әкесінің айтқаны қалған мүшелсрі үшін бұлжымас заң саналған.
Әкесі дүние салғанда жерге, үй-мүлікке үлкен ұлы мұрагер атанған. Ол өзінен
кейінгілерге қамқорлық көрсету міндетін өз мойнына алып, олар үйленген
жағдайда материалдық көмек көрсетіп отырған.
Корейлердің отбасы әдетте көп балалы болып келеді. Баланың дүниеге
келуі мереке ретінде тойланған. Тұрмыстық ауырлығынан, түрлі сырқаттың
көбейюінен балалар нәресте кезінде көп шетіней берген. Сол себепті осындай
кесепаттан және тіл мен көзден сақтап қалу үшін балаларға түрліше ырымдар
жасау әдетке енген. Мәселен, ерте кезде ер баланың бірнеше есімі болған.
Егер бала ауқатты отбасынан шыққан болса, есімі жақсіы сөздерден таңдалып
қойылған (Маржан, Әсем, Айдаһар), егер шаруа адамның баласы болса,- Шошқа,
Бақа, Ит және т.б. делінген. Баланың есімі неғұрлым тұрпайы болса,
соғұрлым оның өмірі жеңіл болады деп түсінілген. Кейде ер балаға қыз
баланың атын берушілік болған. Ондағы мақсат баланы көз тиюден сақтау.
Кейіннен бүлдіршіндердің сырт бейнесіне, мінезіне қарай лайықты есім
берген. Мәселен, Бүркіт — батылдық бейнесі. Шелпек жалпақ бет бала және
т.б. Ең ақырында бала кәмелетке толып, тиісті кұжат алу уақытына жеткенде
оған ресми есім берілетін болған.Дәстүр бойынша бірінші немересінің есімін
ата-тегіне қарай оның атасы коятын болған.Сондықтан ба, әлде басқаша
жағдайдан ба, әйтеуір корей халқында Ким, Ли, Пак, Цой деген есімдер көп
тараған.30-шы жылдары балаларына орысша есім беру дәстүрі ене бастаған
(Герасим, Агриппина).Бұл халықта фамилия атынан бұрын келеді.Бір
таңқаларлық жай-корей халқында әйелдердің ресми есімі болмаған. Олар
әкесінің немесе некеге отырғаннан кейін күйеуінің есімімен аталынған.Тек
XX ғасырдың бас кезінен бастап қана ұл балалар мен қыз балаларға туған
күнінен бастап ресми есім беру тәртібі енгізілген. Корей халқында өнеге
аларлық және шығыс халқына барынша тән әдет- қыз балаға қамқорлық жасап,
оны отбасында еркелетіп тәрбиелеу.Қыздарын жақсы көргендіктен Әсемім,
Пысығым, Дәулетім деп aтay дәстүрі болған.
Корей халқы жайында материалдар іздестіру кезінде кез болған мына бір
жайга ерекше тоқталмасқа болмайды. Ерте кезде бұл халықтың әдет-ғұрпында
жасы кішілерге үлкендердің атын атап сөйлесуіне тыйым салынған. Сол себепті
мұнда "үлкен ата", "пәленнің анасы", "тәте", "аға" деген сөздер кеңінен
колданылған. Бұл дәстүр осы күні де өз магынасын жоймаған. Кішілер
үлкендердің алдын кесіп өтпейді. Ендеше осыдан артық этнопедогогикалық
тәрбие болмақ па?
Корей халқына тән кең тараған кұбылыс- баласы болмаған отбасының бала
асырап алу ғұрпы. Бір ескертетін жай - мұнда көбінесе өз туыстарының
баласын алуды дәстүрге айналдырған. Сондай-ақ асырап алған ер балаға кейін
өзінің туған қызын қосу салты болған. Асырап алған баланы бақытсыздықтан,
пәле-жаладан сақтау ырымымен көп балалы, еңбексүйгіш болып өскен отбасынан
алғанды ұнатқан. Көп балалы әйелдің бірін оған ана етіп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Корей халқының этнодемографиялық жағдайы
Корея Республикасы, табибиғаты, тарихы
Корея Республикасының тарихы
КОРЕЙ ЫРЫМДАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Азиядағы Корей түбегінде орналасқан мемлекет
Корея
КОРЕЙ ХАЛЫҚ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫ (КХДР)
ХХ ғ. 30-50 ж.ж. қуғын-сүргін көрген халықтардың әлеуметтік зардабы
Корея халқының мәдениеті, Қазақстанмен қарым - қатынасы
Оңтүстік Корея мен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстардың тиімділігін арттыру мәселесін қарастыру
Пәндер