Қылмысты ашу



І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БОЙЫНША ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ТҮСІНІГІ, ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫ МЕН ҚЫЛМЫСТЫҢ ТҮСІНІГІНІҢ ӨЗАРА ҚАТЫНАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1 Қылмыс құрамының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Қылмыс құрамының белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8

2. ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ ... ... ... ...14
2.1. Қылмыстың объектiсi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.2. Қылмыстың объективтік жағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
2.3. Қылмыс субъектісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
2.4. Қылмыстың субъективтi жағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40
Қылмысты ашу өте күрделі жұмыстардың бірі болып табылады сол себептен де қылмыстың құрамын дұрыс анықтаудың аса зор құқықтық және тәжрибелік мәні бар деуге болады. Қылмыстың құрамын анықтап қылмыстық құқық нормаларымен белгіленген қылмыс құрамының белгілерін талдағанда сол қылмыстың объективтік жағының нақты қандай белгілерден тұратынын анықтаудың қажеттілігі туындайды. Егер заңгер қылмыс құрамын жете ажырат бiлмесе ол қылмысты дұрыс анықтай алмауы мүмкiн.
Мiне осы тұрғыдан алғанда менiң курыстық жұмысымның тақырыбына арқау болып отырған, яғни қылмыстың құрамына қатысты мәселелер Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық саласының өзектi тақырыптардың бiрi болып табылады деп айтуға болады.
Мәселен кезкелген қылмысты іс-әрекет объективтік тұрғыдан алғанда қоғамға қауіпті. Оның қауіптілігі құқық қорғайтын қоғамдық қатынастарға қиянатпен қол сұғу арқылы немесе қол сұғу қаупін туғызу арқылы көрінеді. Іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің дәрежесін ең алдымен келтірілген зиянның мөлшері, қол сұғылатын объектінің құндылығы арқылы анықталады.
Сонымен қатар соңғы жылдары елімізде қылмыстың оның ішінде аса қауіпті қылмыстардың өсуі, оның айла-әдістерінің күрделіленіп, қауіпті сипат алуы байқалады. Осының бәрі құқық қорғау, атап айтқанда, тергеу және жедел-іздестіру органдарының жұмыстарын одан әрі жетілдіруді және де қылмыстың алдын алу, оның болуына себеп болған жағдайларды дер кезінде жою үшін арнайы шаралар қолдануын талап етуде.
Мәслен, қылмыс субъектісін сипаттаған кезде оның жауаптылығын анықтауда және оған жаза тағайындауда қылмыскердің жеке басының белгілері маңызды роль атқарады.
Қылмыскердің жеке басына қатысты барлық қасиеттердің ішінен қылмыс субъектісі ұғымы өзіне қылмыскердің жеке басын сипаттайтын белгілердің ең аз ғана жиынтығын қамтиды
Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың және әскери қылмыстардың көпшілігінің субъектілері, тиісінше, тек лауазымды адамдар немесе әскери қызметкерлер, сондай-ақ әскери жиын кезінде запаста болған азаматтар болуы мүмкін.
Заңды түсіндіру жолымен қылмыстың арнаулы субъектісіне тән белгіні анықтай отырып, кейбір нормалар бойынша қылмыстың арнаулы субъектісін анықтау үшін заң шығарушы белгілі бір мемлекеттік жүйе қызметкерлеріне тән сипаттама беріледі.
Қылмыстық заң қылмыстық жауаптылыққа өзінің істеген іс-әрекетіне есеп бере алатын және өзін-өзі басқаруға қабілеті бар адамды, яғни есі дұрыс адамды ғана тарта алады. Адам қоғамға қауіпті іс-әрекет істеген кезде өзінің іс-әрекетіне есеп бере алмаса, яғни қылмысты есі дұрыс емес күйде істесе, онда ол адамның іс-әрекетінде кінәнің екі нысаны: қасақаналық пен абайсыздық жоқ деп есептеледі.
1. Учебник уголовного права. Общая часть. Под ред. В.Н.Кудрявцева. М., 1996г. стр. 81.
2. Наумов А.В. Осоновные концепции современного уголовного права. М., 1998г. стр. 123.
3. Уголовное право. Общая часть. М., 1994г. стр. 401.
4. Карпушин М.П. Уголовная отвыетственность и состав преступления. М., 1974г. стр. 199.
5. Блинова Л.И. Осоновные вопрсы общей части советского уголовного права. М., 1976г. стр. 101.
6. Курс советского уголовного права. Часть общая. В 6-ти томах. Т.1. М., 1970г. стр. 211.
7. Уголовное право КазССР. Общая часть. Алма-Ата, 1986г. стр. 296.
8. Ляпунов Ю.И. Советское уголовное право. Часть общая. М., 1968. Стр. 99.
9. Шавгулидзе Т.Г. Аффект и уголовная отвественность. Тбилиси, 1973г. стр. 192.
10. Уголовное право Республики Казахстан. Особенная часть. Алматы, 1998г. стр. 202.
11. Уголовное право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, 1998г. стр. 222.
12. Маньковский Б.С. Проблема ответственности в уголовном праве. Москва-Ленинград, 1949г. стр. 12.
13. Қайыржанов Е.І., а. заң. ғыл. док. проф., А. Жұмағали. з.ғ. кан. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері. Оқулық./құраст. Е,Баянов. Алматы. 2003.570. бет
14. Брайнин Я. М. Уголовная ответственность и ее основание в советском уголовном праве. М.. 1963. С. 167.
15. Фроолов Е. А. Спорные вопросы общего учения об объекте преступления. Сборник научных трудов Свердловского юридического института. 1969, вып 10. С. 198.
16. Ляпунов. Ю. И. Основные теоретические проблемы уголовно-правовой охраны природы в СССР. Диссерт. доктора юрид. наук. М., 1976. С. 15
17. Каиржанов Е. И. Интересы трудящихся и уголовный закон. Алма-Ата. 1975. С. 56-57.
18. Наумов. А. В. Уголовное право. Обшая часть. Курс лекции. М., 1996. С. 149.
19. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлiм. Оқулық. –Толық., 3-бас.-Алматы:. Жетi жарғы, 2001. 59-60. бет.

Тақырып: Қылмыстың құрамы

ЖОСПАР

І
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

ІІ Негізгі бөлім
1. Қылмыстық құқық бойынша қылмыс құрамының түсінігі, қылмыс құрамы мен
қылмыстың түсінігінің өзара
қатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...4
1.1 Қылмыс құрамының
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...5
1.2. қылмыс құрамының
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .8

2. Қылмыс құрамының элементтерінің маңызы ... ... ... ...14
2.1. Қылмыстың объектiсi
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 20
2.2. Қылмыстың объективтік
жағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

2.3. Қылмыс
субъектісі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...29
2.4. Қылмыстың субъективтi
жағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...40

Кіріспе

Қылмысты ашу өте күрделі жұмыстардың бірі болып табылады сол себептен
де қылмыстың құрамын дұрыс анықтаудың аса зор құқықтық және тәжрибелік мәні
бар деуге болады. Қылмыстың құрамын анықтап қылмыстық құқық нормаларымен
белгіленген қылмыс құрамының белгілерін талдағанда сол қылмыстың
объективтік жағының нақты қандай белгілерден тұратынын анықтаудың
қажеттілігі туындайды. Егер заңгер қылмыс құрамын жете ажырат бiлмесе ол
қылмысты дұрыс анықтай алмауы мүмкiн.
Мiне осы тұрғыдан алғанда менiң курыстық жұмысымның тақырыбына арқау
болып отырған, яғни қылмыстың құрамына қатысты мәселелер Қазақстан
Республикасының қылмыстық құқық саласының өзектi тақырыптардың бiрi болып
табылады деп айтуға болады.
Мәселен кезкелген қылмысты іс-әрекет объективтік тұрғыдан алғанда
қоғамға қауіпті. Оның қауіптілігі құқық қорғайтын қоғамдық қатынастарға
қиянатпен қол сұғу арқылы немесе қол сұғу қаупін туғызу арқылы көрінеді. Іс-
әрекеттің қоғамға қауіптілігінің дәрежесін ең алдымен келтірілген зиянның
мөлшері, қол сұғылатын объектінің құндылығы арқылы анықталады.
Сонымен қатар соңғы жылдары елімізде қылмыстың оның ішінде аса қауіпті
қылмыстардың өсуі, оның айла-әдістерінің күрделіленіп, қауіпті сипат алуы
байқалады. Осының бәрі құқық қорғау, атап айтқанда, тергеу және жедел-
іздестіру органдарының жұмыстарын одан әрі жетілдіруді және де қылмыстың
алдын алу, оның болуына себеп болған жағдайларды дер кезінде жою үшін
арнайы шаралар қолдануын талап етуде.
Мәслен, қылмыс субъектісін сипаттаған кезде оның жауаптылығын
анықтауда және оған жаза тағайындауда қылмыскердің жеке басының белгілері
маңызды роль атқарады.
Қылмыскердің жеке басына қатысты барлық қасиеттердің ішінен қылмыс
субъектісі ұғымы өзіне қылмыскердің жеке басын сипаттайтын белгілердің ең
аз ғана жиынтығын қамтиды
Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың және әскери
қылмыстардың көпшілігінің субъектілері, тиісінше, тек лауазымды адамдар
немесе әскери қызметкерлер, сондай-ақ әскери жиын кезінде запаста болған
азаматтар болуы мүмкін.
Заңды түсіндіру жолымен қылмыстың арнаулы субъектісіне тән белгіні
анықтай отырып, кейбір нормалар бойынша қылмыстың арнаулы субъектісін
анықтау үшін заң шығарушы белгілі бір мемлекеттік жүйе қызметкерлеріне тән
сипаттама беріледі.
Қылмыстық заң қылмыстық жауаптылыққа өзінің істеген іс-әрекетіне есеп
бере алатын және өзін-өзі басқаруға қабілеті бар адамды, яғни есі дұрыс
адамды ғана тарта алады. Адам қоғамға қауіпті іс-әрекет істеген кезде
өзінің іс-әрекетіне есеп бере алмаса, яғни қылмысты есі дұрыс емес күйде
істесе, онда ол адамның іс-әрекетінде кінәнің екі нысаны: қасақаналық пен
абайсыздық жоқ деп есептеледі.
1. Қылмыстық құқық бойынша қылмыс құрамының түсінігі, қылмыс құрамы мен
қылмыстың түсінігінің өзара қатынасы

Қылмыс және қылмыс құрамы түсінігінің маңызын анықтау және олардың
арасындағы қарым-қатынас қылмыс элементі" және "қылмыс құрамы белгісінің"
маңызы қатынасы туралы мәселені дұрыс шешуге мүмкіндік береді. Ең алдымен
қарастырылатын мәселе терминологияға шамамен анықтау қажеттілігі туады. Бұл
қажеттіліктің пайда болу себебі осы уақытқа дейін оқулықтарда және
монографиялық қылмыстық-құқықтық әдебиеттерде қылмыс құрамы туралы
мәселелерді қарастыру кезінде бір жағдайларда қылмыс кұрамының элементі
қолданылса, екінші жағдайларда қылмыс құрамының белгілері термині
қолданылады. Ереже бойынша "элемент" және белгі түсініктерінің арасында
айырмашылық жоқ, мысалы, қылмыстық қол сұғушылықтың объектісі және
құрамының белгілері екендігін көрсете отырып, кейбір авторлар кейіннен
субъектіні сипаттайтын белгілер туралы мәселені қарастыруға көшеді. Сонымен
"белгілердің белгілері" немесе "элементтердің элементі" туралы сөз болғанда
жағдай терминдерінің дұрыс қолдану талаптарымен, логикасымен үйлеспеушілік
пайда болады. Мұндай жағдай қылмыс құрамымен байланысты болған мәселелерді
анық айтып беруге ықпал етпейді және оқушылардың, юстиция органдары
қызметкерлерінің заң әдебиеттерін пайдалануын жеңілдетпейді.
Қылмыс құрамы туралы сөз болғанда белгілі, заңмен анықталған белгілер
жиынтығы туралы айтылуы қажет. Белгілерді көрсете отырып, заңшығарушы
қылмыстық заңда қылмыс түрін және кылмыс құрамын анықтайды. Адам жасаған
әрекет немесе әрекетсіздігінде белгілерінің қылмыстық заңда көрсетілген
белгілерімен дәл келуі, бұл әрекетте қылмыс құрамы бар деп санауға
мүмкіндік береді оның әрекетінің квалификациясы заңда көрсетілген норма
бойынша дұрыс болып табылады. Бұл түсінікке енетін абстракцияны емес,
қоғамдық өмірдің шыншыл, нақты дәлелдерін басшылыққа ала отырып, (белгілі
бір адамды қандай да бір жерде өлтіру, нақты уақытта және орында жүзеге
асқан жеке мүлікті ұрлау) қылмыстың құрамдас бөліктері туралы айту
қаншалықты занды екендігі туралы сұрақ туады. Әрине, шын болған қылмысты
қоғамдық өмірдің нақты дәлелі ретінде құрамдас бөліктерге беруге болмайды.
Қылмыс қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздігінде бірыңғай бөлінбейтін
құбылыс. Соған қарамастан қылмыстық құқық ғылымы қылмысты талдау мақсатында
бұл біртұтастықты оның құрамдас бөліктеріне, қылмыс объектісі, қылмыс
субъектісі, қылмыстың объективтік және субъективтік жағы деп бөлуге болады
деп есептейді. [1;81]
Логикалық талдау дегеніміз зерттелетін объектіні құрамдас бөліктерге
ойша бөлу және жаңа білімдерді алу әдісі болып табылады. Зерттелетін
объектінің сипатына байланысты талдау әртүрлі формаларда болады. Тұтасты
құрамдас бөліктерге бөлу зерттелетін объектінің құрылысын анықтауға
мүмкіндік береді немесе күрделі қүбылысты қарапайым элементтерге бөлу
маңыздыны маңызсыздан ажыратуға мүмкіндік береді.
Криминалист ғалымдардың қылмысты оның элементтеріне бөлуі физиолог
ғалымдардың бөлуімен сай келеді. Олар бірыңғай және біртұтас күрделі болып
келетін жануарларды, олардың ағзаларын зерттей отырып, қанайналым, тамақ
қорыту және тыныс алу сияқты мүшелерін жеке бөліп зерттейді. Өмірде
жануардың тірі ағзасының бірде бір мүшесі өздігінен жеке дара өмір сүре
алмайды. Сол сияқты қылмыстың құрамдас бөліктері, элементтері өзара тығыз
байланысты. Қылмыстың әрбір элементі оның басқа элементтерімен
байланысынсыз қылмыстың құрамдас бөлігі деген өзінің сапасынан айырылады.
Біз мұны қылмыстың құрамдас бөлігі, оның объктісі қандай болатындығын
көрсетіп мысал келтірейік.
Қылмыс объектісі деп қылмыстық құқықта қол сұғушылық жүзеге асырылатын
белгілі бір қоғамдық қатынастарды айтамыз. Мұндай қоғамдық қатынастардың
бірі ретінде, мысалы, азаматтардың жеке меншік қатынастарын айтамыз. келген
азаматтардың жеке меншігі, Конститутция ік берген оның осы меншікке деген
құқығы ыспен ешбір байланыссыз-ақ өмір сүреді. Белгілі бір жағдайларда,
яғни бір адам өзіне тиісті емес, басқа тұлғаның жеке меншігіндегі мүлікті
иеленгісі келіп, өз ауын мүлікті заңсыз иелену арқылы жүзеге асырғанда
меншік қылмыс объектісі бола алады. Мұндай жағдайларда меншік заңда
қарастырылған нақты қылмыстың (ұрлық, шабуыл жасау арқылы тонау) объектісі,
элементі рөлін атқарады. Жеке қылмысты құрайтын басқа аталған элементтермен
байланысы болмаған жағдайда қылмыс объектісі болып саналмайтын қоғамдық
қатынастар ретінде өмір сүрген болар еді. [2;123]
Қылмыс туралы айтар болсақ, оның өзіне тән қасиеттері және құрамдас
бөліктері немесе элементтері туралы айту заңды. Қылмыс құрамы белгілерінің
көмегімен заңшығарушы қылмыстың кұрамдас бөліктерін, оның қасиеттерін және
қоғамдық қауіпті әрекет ретінде қылмыстың өзін сипаттайды.

1.1 Қылмыс құрамының түрлері

Қылмыстың барлық нақты құрамдары қылмыстық құқық теориясында жалпы
белгілерімен біріктірлетін топтарға бөлінеді. Құрамдарды сыныптаудың
міндеті оларды құрастырудың жалпы заңдылықтарын анықтау болып табылады.
Оларды сыныптау барысында төмендегідей негіздер басшылыққа алынады: іс-
әрекеттің қоғамдық қауіптілік дәрежесі, құрам белгілерін сипаттап жазу
тәсілдері, құрам белгілерін сипаттап жазу тәсілдері, олардың құрлысының
ерекшеліктері.
Олардың қоғамдық қауіптілік дәрежесі бойынша сыныптау қылмыстың
негізгі құрамын айырып көрсетуге мүмкіндік береді, яғни белгілі бір
қылмыстың табиғатын сипаттайтын және оның әрбір жасалуы барысында орын
алатын белгілердің жиынтығы, сол қылмыстың үлкенді немесе кішілі
қауіптілігіне куәлік беретін сипаттаушы қосымша белгілерден айырып
көрсетеді.
Мысалы ҚК-тің 96-бабы І-бөлімі адам өлтірудің жеңілдетуші немесе
ауырлатушы мән-жайларсыз жасалған негізгі құрамын сипаттайды.
ҚК-тің 98-бабы қосымша бөлігі яғни жан күйзелісі жағдайында болған
кісі өлтіру сипатталған бұл жерде жәбірленушінің күш қолдануынан,
қорлауынан немесе ауыр балағаттауынан не өзге де заңға қарсы немесе
моральға жат іс-әрекетінен (әрекетсіздігінен) болған кенет пайда болған жан
күйзелісі жағдайында адам өлтіру туралы болып отыр. Сонымен бірге ҚК-тің 96
бабының ІІ-бөлімінде адам өлтірудің ауырлатылған мән-жайда жасалатын
түрлерінің құрамдары көрсетілген.
Қылмыстардың барлығы бірдей құрамның үш әрбір түріне ие бола
бермейді. Кейбір қылмыстар тек ғана бір құрамда қарастырылған, мысалы, 112-
бап. Қорқыту; 124-бап. Жас балаларды азғындату: Кейбір қылмыстар екі
құрамда негізгі және ауырлататын мән-жайда жасалған. Мысалы ҚК-тің 130-
бабында қорлау сипатталып жазылған яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-
қасиетін әдепсіз түрде кемсіту, аталған баптың екінші бөлімінде көпшілік
алдында сөз сөйлегенде не көпшілікке таратылатын шығармаларда, не бұқаралық
ақпарат құралдарында жасалған нақ сөл әрекеттер қорлаудың сараланған құрамы
болып табылады. Кей жағдайда заңшығарушы құрамдарды басқаша тәсілмен
қарастырады: жай құрам – ауырлатылған мәністегі құрам – ерекше ауырлатылған
мәністегі құрам. ҚК-тің 120 бабындағы зорлау; 129 баптағы жала жабу
құрамдары осындай тәсілмен бөлінеді.
Қылмыс құрамын сипаттаудың заңшығарушымен таңдап алынған тәсіліне
байланысты қылмыс құрамдары жәй және күрделі болып бөлінеді.
Жәй құрам әдетте бір объектіге қол сұғатын бір іс-әрекетті сипаттап
жазудан тұрады. Күрделі қылмыс құрамы дегеніміз екі іс-әрекетті немесе
кінәнің екі нысанын, немесе қол сұғудың екі объектісін сипаттайтын қылмыс
құрамы болып табылады.
Екі іс-әрекетпен жасалған құрамдарда қылмыстың объективтік жағы
күрделендірілген. Бұл жерде кінәлі адам екі дербес әрекетті жасаған кезде
ғана аяқталған қылмыс орын алады.
Кінәнің екі нысаны қарастырылған құрамда қылмыстың субъективтік жағы
күрделендірілген. Мысалы абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан
денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бұл жерде қылмыс субъектісінің
денсаулыққа ауыр зиян келтіруге психикалық қатынасын (қасақаналық) және
оның салдарынан жәбірленушінің қаза табуын (абайсыздық) ажырату қажет
болады.
Екі объектілі құрамдар барысында қылмыстық іс-әрекет бір мезгілде екі
объектіге қол сұғады. Мысалы ҚК-тің 179-бабында қарастырылған қарақшылық
меншікке қолсұғылмаушылықты білдіретін қоғамдық қатынастарға қол сұғады
және жеке адамның өмірі мен денсаулығы да аталған қылмыстың объектісі болып
табылады.
Құрлысының ерекшеліктері бойынша қылмыс құрамдары материалдық,
формалдық және келте құрам болып бөлінеді.
Адамның кез-келген әрекеті соның ішінде қоғамдық қауіпті іс-әрекеті
де белгілі бір кезекті кезеңдерден тұрады: іс-әрекетке дайындалу; іс-
әрекетті нақты жүзеге асыру; белгілі бір нәтижеге қол жеткізу. Заң шығарушы
аталған кезеңдердің кез-келгенімен қылмыстың аяқталу сәтін байланыстыруы
мүмкін. Қылмыс құрамдарын материалдық, формалдық, және келте құрам
реттерінде бөлудің өзі осыған негізделген.
Егер заңшығарушы қылмыс құрамын оны сипаттайтын белгілер құрамына тек
іс-әрекетті ғана емес сонымен бірге олар арқылы келтірілетін қоғамдық
қауіпті салдарды кірістіре отырып құрастырытын болса онда мұндай құрам
материалдық сипатқа ие болады. Адам өлтірудің, ұрлықтың және көптеген басқа
қылмыстардың құрамы осылай құрылған. Қоғамға қауіпті салдар материалдық
құрамдардың қажетті белгісі болып табылады. Егер қарастырылған жағдайда
қоғамдық қауіпті салдар келтіруге бағытталған іс-әрекет олардың болуына
алып келмесе онда аяқталған қылмыс құрамы болмайды және кінәлі адам тиісті
қылмысты жасауға оқталғаны үшін жауапкершілікке тартылады.
Егер заң шығарушы іс-әрекеттің белгілерін сипаттаумен шектелсе және
сол арқылы қоғамға қауіпті салдарды қылмыс құрамы шеңберінен тысқары
қалдырса онда қылмыс құрамы формалдық сипатқа ие болады. Бұл жағдайда
аяқталған қылмыс болуы үшін құрамда көрсетілген іс-әрекетті толық жасаудың
өзі жеткілікті.
Қылмыстық іс-әрекеттің жүзеге асырылуы мүмкін кезеңдерінің, тек
оларға дайындалу әрекеттерін қамтитын немесе қоғамдық қауіпті салдарды
туындатуға бағытталған белгілі бір іс-әрекетті орындау процессінің өзі
қамтылған құрам келте құрам болып табылады, бұл жағдайда аяқталған қылмыс
болуы үшін қоғамдық қауіпті салдардың болуы, іс-әрекеттерді аяғына дейін
жеткізу, кей жағдайда көрсетілген әрекеттің өзін жасауда талап етілмейді.
Мысалы қарақшылық бөтен мүлікті иемдену мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған
адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе тікелей
осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау. Қарақшылықтың
құрамы үшін шабуыл жасаушының мүлікке ие болғаны немесе ие болмағаны
маңызға ие болмайды, себебі шабуыл жасаудың өзі аяқталған қылмыс құрамын
құрайды. Қылмыстық Кодекстің 237-бабында қарастырылған бандитизм бойынша
азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында тұрақты қарулы топ
құру, сол сияқты осындай топты (банданы) басқару яғни шабуыл жасағанға
дейінгі іс-әрекеттер аяқталған қылмыс құрамын құрайды.

1.2 Қылмыс құрамы, қылмыс құрамының белгілері

Қоғамдық қауіпті іс-әрекетті қылмыс ретінде бағалауға мүмкіндік
беретін қылмыстық заңмен бекітілген белгілерінің жиынтығын қылмыс құрамы
деп атау қалыптасқан.
Әрбір қылмыс қоғамға қауіпті және құқыққа қайшы. Қылмыстық құқыққа
қайшылық қылмыстық-құқықтық норма талаптарының бұзылғандығын білдіреді.
Қылмысты заңда сипаттап жазу арқылы заңшығарушы тыйым салынған іс-
әрекеттердің шеңберін белгілейді. Қылмыс құрамы осындай негізде,
заңшығарушының белгілі-бір іс-әрекеттерінің қоғамдық қауіптілігі және
қылмыстың құқыққа қайшылығы туралы пікірін білдіреді.
Қылмыс құрамының маңызы мынада, тек тұлғаның іс-әрекетінде қылмыс
құрамының барлық белгілері болғанда ғана оның қылмыс жасағандығын айтуға
болады және жауапкершіліктің сипаты мен көлемін анықтау мүмкіндігі пайда
болады. Тек қылмыстық заң ғана қылмыстық жеке қылмыстық емес іс-
әрекеттердің арасына шек қояды; заң талабы барлық лауазымдық тұлғалар және
азаматтар үшін міндетті болып табылады. Ендеше, қылмыс құрамына сәйкес іс-
әрекет ғана қылмыс болып табылады деген ережеде, қылмыстық істер бойынша
әділсоттылықты жүзеге асырудағы заңдылық қағйдасы басшылыққа алынған.
Қылмыстың әрбір нақты құрамы қылмыстың объектісінің, объективтік
жағын, субъектісін, субъективтік жағын сипаттайтын объективтік және
субъективтік белгілердің жиынтығынан тұрады. Қылмыс құрамының барлық
белгілері өзара байланысты: әрбір белгі органикалық бірліктің бөлшегі,
тұлғаның іс-әрекетінде олардың біреуінің болсада болмауы, тұтас алғанда
қылмыс құрамының жоқ екенін білдіреді.
Кез-келген қылмыстың құрамының белгілері тек заңмен бекітіледі.
Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің баптарының әрбір диспозициясында
қылмыстар сипатталып жазылған. Мысалы, ҚК-тің 144-бабы, пациенттің сырқаты
немесе медициналық қызметкердің жария етуі – дәрігерлік құпияны жария
еткені үшін қылмыстық жауаптылықты қарастырған. Алайда бірде-бір диспозиция
қылмыс құрамының барлық белгілерін сипаттап жазбайды. Диспозицияда заң
шығарушы тек берілген қылмыс түрі үшін сипатты болып табылатын, оны
дербестендіру үшін қажетті – қылмыстық іс-әрекетті анықтауға және оны басқа
қылмыстардан ажыратуға мүмкіндік беретін белгілерді ғана сипаттап жазады.
Барлық қылмыстыр үшін ортақ болып табылатын басқа белгілер заңшығарушымен
Қылмыстық кодекстің жалпы бөлімінде көрсетіледі. Егер нақты қылмыстық-
құқықтық норманы қылмыстық құқықтық басқа нормалары және институттарымен
байланыссыз оқшау қарастыратын болсақ оның мазмұнын толық түсіну мүмкін
болмайды. Қылмыстың нақты құрамының белгілерін анықтау үшін Жалпы бөлім
нормаларында есепке алу және қарастырылатын қылмыстық-құқылық норманың
қылмыстық заңның Ерекше бөлімі жүйесіндегі орнын дұрыс анықтау қажет
болады.
Мысалы ҚК-тің 175 бабы ұрлық құрамының белгілерін сипаттайды: -ұрлық,
яғни бөтен мүлікті жасырып ұрлау, яғни бұл жерде іс-әрекеттің сипаты және
қолсұғушылықтың заты (объективтік белгілер) жазылады, бірақ бұл қылмыстың
субъектісі туралы және басқа да қажетті белгілер туралы еш нәрсе
айтылмаған. Оларды анықтау үшін Жалпы бөлімге жүгінуге тура келеді.
Қылмыстық кодекстің 15-бабы 2-бөлімі бойынша ұрлықтың субъектісі 14 жасқа
толған адам екенін, ал 14-баптың 1-бөлімі бойынша ол адамның есі дұрыс,
жеке адам болуға тиісті екенін анықтаймыз. Қылмыстық кодекстің 20-бабы мен
175-бабына салыстырмалы түрде талдау жасау арқылы ұрлықтың тек тікелей
қасақаналықпен жасалатындығын анықтаймыз. 175-баптың Ерекше бөлім
жүйесіндегіорналасқан орны бойынша (6-тарау; Меншікке қарсы қылмыстар)
ұрлықтың топтық объектісі болып қылмыстық қол сұғушылықтан қорғалатын
меншік қатынастары екендігін байқаймыз, яғни тұлғалардың материалдық
құндылықтарды иелену, пайдалану, және билік жүргізу құқықтарының заңмен
танылуы және қорғалуы. ҚК-тің 175 және 260 баптарын салыстыру арқылы
ұрлықтың затын және оның объектісін анықтай аламыз және меншікке қарсы
қылмыстар қатарына жатқызлатын ұрлықтың және Ерекше бөлімінің 10-
тарауындағы Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар
қатарындағы 260-баптың (Есірткі заттарды немесе жүйеге әсер ететін заттарды
ұрлау не қорқытып алу) арасын ажыратамыз. Қылмыс құрамының барлық
белгілерін анықтау, қылмыстың субъектісін, оның объектісін, объективтік
және субъективтік жақтарын анықтау қылмыс құрамын анықтау болып табылады,
қарастырылған мысалда – ұрлықтың құрамы.
Ерекше бөлімнің әрбір қылмыстық-құқылық нормасында әдетте қылмысты
орындаушымен тікелей жүзеге асырылған аяқталған қылмыс белгілері сипатталып
жазылады. Алайда қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға қол сұғу
алдын-ала қылмыстың әрекеттер барысында (қылмысқа оқталу және қылмысқа
дайындалу) және тек орындаушымен емес басқа да қатысушылармен жүзеге
асырылуы мүмкін (ұйымдастырушы, айдап салушы және көмектесуші). Алдын-ала
қылмыстық іс-әрекет барысында, немесе көмектесушінің іс-әрекеттерінде тұлға
жасағысы келген немесе жасалуына қатысқан қылмыс құрамының барлық белгілері
болмайды. Алайда бұл қарастырылған әрбір жағдайда қылмыс құрамы мүлдем жоқ
дегенді білдірмейді. Көрсетілген іс-әрекеттер қылмыс ұғымына (ҚК-тің 9-
бабы) толық сәйкес келеді ал олардың негізгі белгілері заңшығарушымен Жалпы
бөлімнің 24 бабында (дайындалу және оқталу) және 28 бабында
(ұйымдастырушылық, айдап салушылық, көмектесушілік) сипатталып жазылған.
Осылайша, ҚК-тің Жалпы бөлімінде қылмыстық іс-әрекеттің бірқатар жалпы
белгілерін анықтау қылмыс құрамдарының құрлымын анықтаудың ерекше тәсілі
болып табылады. Алайда заңда тікелей көрсетілген қылмыс белгілерінің
жиынтығын анықтау әдетте қылмыс құрамын толық жасақтау үшін жеткіліксіз
болады. Қылмыс құрамының барлық белгілерін дәл анықтау түпкі нәтижесінде
ғылыми білімге негізделген, қылмыстық заңды түсіндіру жолымен жүзеге
асырылады. Қылмыстық заңдарды және оларды қолданудың практикасын зерттей
отырып қылмыстық құқық ғылымы қылмыстың әрбір құрамының барлыұ белгілерін
түпкілікті ашып көрсетуге тырысады. Әрине, бұның барысында қылмыс құрамының
белгілерін қарапайым түрде анықтау туралы әңгіме болмауы тиіс: жетіспейтін
белгілер тек заңға негізделген ой қорытулар жолымен толықтырылады. Нақты
қылмыс және оның құрамы бір-бірімен құбылыс және ол туралы ұғым ретінде ара
қатынаста болады. Қылмыс – белгілі бір қоғамға қауіпті құбылыс, яғни
көптеген дербестік ерекшеліктерімен сипатталатын, оны барлық басқа
қылмыстардан айырып көрсететін, белгілі бір уақыт және орын жағдайында
жасалған белгілі бір тұлғаның нақты іс-әрекеті болып табылады. Қылмыс
құрамы – белгілі бір түрдегі қылмыстар туралы құқықтық ұғым яғни,
қылмыстың, оның құқықтық және әлеуметтік-саяси мәнісін, қоғамға қауіпті іс-
әрекет ретінде және оның қауіптілігінің деңгейін сипаттайтын белгілерінің
ғана жиынтығы. Белгілі бір қылмыс түрінің көптеген белгілерінің ішінен
заңшығарушы барынша маңыздыларын іріктеп алады және осындай жолмен қылмыс
құрамдарын жасақтайды.
Мысалы белгілі бір тұлғамен жасалған ұрлық екінші бір тұлғамен
жасалған ұрлықтан әрдайым белгілі бір жағдайда өзгешеліктерге ие болады,
алайда олардың жасаған қылмыстарының құрамы ұқсас егер олардың әрқайсысы
жасырын түрде техникалық құралдарды пайдалану арқылы бөтен мүлікті иеленіп
алса. Көрсетілген белгілердің анықталуы, тонау емес ұрлық жасалған деп
пайымдауға жеткілікті болады. Қылмыс құрамдарын анықтай отырып заңшығарушы
әрқашан қылмыстың нақты маңызды емес белгілерін деректендірмейді: мысалы
ұрлық құрамы үшін А-ның демалыс бөлмесінің есігін сындырып магнитофон
ұрлағаны, ал Б-ның автокранның көмегімен автокөлікке тиеп құрлыс
материалдарын ұрлағаны маңызға ие болмайды, ұрлықтың біреуі күндіз, ал
екіншісі түнде жасалғаны, бір жағдайда ұрланған заттың сатылғаны, екінші
жағдайда үй салу үшін пайдаланғаны т.б. ешқандай маңызға ие болмайды.
Ендеше қылмыс және қылмыс құрамының белгілерінің көлемі әртүрлі.
Қылмыс құрамы әрқашан қылмыстың типтік белгілерінің жиынтығынан тұрады.
Сонымен бірге қылмыс құрамы нақты бір ғана қылмысты суреттеп ғана қоймайды,
белгілі бір түрдегі барлық қылмыстарды қамтығандықтан ол әрбір нақты
қылмыстан кеңірек болады.
Қылмыстың жалпы түсінігі (ҚК-тің 9 бабы) және қылмыстың нақты құрамы
бірі мен бірі жалпы мен жекенің қатыстылығындай болады. Қылмыс ұғымы барлық
қылмыстардың барынша жалпы әлеуметтік-құқықтық белгілеріне ие болады –
олардың қоғамдық қауіптілігі мен құқыққа қайшылығы көрсетіледі. Қылмыстың
нақты құрамдарында қылмыс ұғымының жалпы белгілері нақтыланады және белгілі
бір мазмұнмен толықтырылады, себебі қылмыс құрамдарында қоғамға қауіпті
және құқыққа қайшы іс-әрекеттің белгілі бір түрі кісі өлтіру, бұзақылық,
ұрлық және т.б. сипатталып жазылады. Бұның барысында қылмыс құрамы оның
қоғамдық қауіптілігін сипаттайтын белгілердің жиынтығын өзіне біріктіреді.
Қоғамдық қауіптілік қылмыс құрамының басқа белгілерімен бірге болатын
дербес белгісі болып табылмайды, заңшығарушымен оны сипаттап жазу барысында
көрсетілетін қылмыстың жалпы ерекшелігі болып табылады.
Қылмыстың жалпы ұғымынан және қылмыстың нақты құрамдарынан басқа
қылмыстық құқық теориясы қылмыс құрамының жалпы түсінігі ұғымын да
пайдаланады. Қылмыс құрамының жалпы ұғымы заңи емес теоретикалық түсінік
болып табылады. Ол қылмыстың барлық нақты құрамдарына тиісті белгілерді
теоретикалық жағынан қорыту нәтижесінде пайда болады. Егер нақты құрам
белгілі бір қылмыс түрі туралы заңи ұғым болып табылса, құрамның жалпы
түсінігі қылмыстың барлық нақты құрамдарының құрылымы және белгілері туралы
ұғым болып табылады. Құрамның жалпы ұғымында қылмыстық заңнамада
қарастырылған барлық қылмыс құрамдарының объектісін, объективтік жағын,
субъектісін және субъективтік жағын сипаттайтын барлық белгілер
қортындылады. Аталған жалпы белгілер қылмыстық құқықтың жалпы бөлімінде, ал
нақты қылмыс құрамдары Ерекше бөлімде зерттеледі.
Қылмыс құрамының жалпы ұғымы қылмыс түсінігіне негізделгенімен онымен
бірдей ұғымды білдірмейді. Қылмыс түсінігі аталған құбылыстың қоғамдық
қауіпті, құқыққа қайшы іс-әрекет ретіндегі мәнісін түсіндіріп, қылмысты,
қылмыс еместен айыратын негізгі жігін көрсетеді, қылмыс құрамының жалпы
ұғымы қылмыс құрамдарын құрастыру барысында пайдаланылатын барлық
белгілердің жиынтығын және оларды құрастырудың жалпы заңдылықтарын
көрсетеді.
Құрамның жалпы түсінігі мен қылмыстың нақты құрамдары әртүрлі
тағайынға ие болады. Қылмыстың нақты құрамы бұл – қылмыстың белгілі бір
түрінің заңда сипатталып жазылуы. Сондықтан да тұлғаның іс-әрекеттерінде
қылмыс құрамының барлық белгілерінің анықталуы қылмыстың жасалғандығын,
яғни қылмыстық жауаптылықтың негіздемесін білдіреді. Қылмыс құрамының жалпы
ұғымы – ғылыми абстракция ол қылмыстық жауаптылыққа негіз бола алмайды.
Қылмыс құрамының жалпы ұғымы нақты құрамдары танудың құралы болып
табылады. Ол қылмыстың нақты құрамына байланыссыз жалпылама түрде қылмыс
құрамдарының белгілеріне, оларды құрастыру әдістеріне ғылыми талдау жасауға
құрамдарды және олардың белгілерін саралауға мүмкіндік береді.
Әрбір қылмыс – іс әрекетті, онымен келтірілген зиянды салдарды және
қылмыс жасаған тұлғаны – қылмыскерді сипаттайтын оның барлық объективтік
және субъективтік белгілерінің бірлігі болып табылады. Теоретикалық талдау
қылмыстың құрамдық элементтері объекті, объективтік және субъективтік
жақтарын және субъектісін ажыратуға және бөлектеп қарастыруға мүмкіндік
береді.
Нақты құрамдарды сипаттау барысында, заң шығарушымен пайдаланылатын
барлық белгілер олардың әртүрлі болуына қарамастан әрқашанда қылмыс
құрамының тиісті элементтеріне қатысты болады. Әрбір қылмыс құрамы
белгілерінің анықтылығы, оның элементтеріне анықтылық береді. Ендеше,
қылмыс құрамдарының барлық белгілері, қылмыстың объектісіне, оның
объективтік жақтарына, қылмыстың субъектісіне, және оның субъективтік
жағына қатысты болады.
Объект – бұл қылмыс қол сұғатын, яғни қылмыстық заңмен қорғалатын
нәрсе. Қоғамдық қатынастар қылмыстың объектісі болып табылады. Әдетте Ереше
бөлімнің қылмыстық-құқылық нормаларының диспозицияларында объектінің
белгілері аталып көрстеілмейді. Сондықтан олар, заңды түсіндіру, заңнаманың
жалпы жүйесіндегі қылмыстық-құқылық норманың орнын анықтау, оны басқа
нормаларамен салыстыру жолдарымен анықталады.
Қылмыстың қоғамдық қауіптілік дәрежесі көп жағдайда қылмыс
объектісінің маңыздылығына тәуелді. Қылмыс объектісін дұрыс анықтау
қылмысты дұрыс саралау үшін үлкен маңызға ие болады.
Объективтік жағы қылмыстың сыртқы жағын сипаттайтын белгілерден
құралады. Атап айтқанда қылмыстың объективтік жағына: іс-әрекеттің сыртқы
жағы (әрекет немесе әрекетсіздік), іс-әрекеттің салдары, қоғамға қауіпті іс-
әрекет пен салдардың арасындағы себепті байланыс, қылмыстың жасалған
уақыты, тәсілі және жағдайы жатқызылады.
Қылмыс құрамының объективтік жағы әдетте қылмыстық-құқылық норманың
диспозициясында барынша толық жазылады.
Қылмыс субъектісі қылмысты жасау кезінде қылмыстық жауаптылыққа
тартылатын жасқа толған, есі дұрыс яғни өзінің іс-әрекеттеріне баға беріп,
оларды басқара алатын жеке тұлға болып табылады.
Қылмыстың барлық субъектілеріне тиісті жалпы белгілер заң шығарушымен
жалпы бөлімде көрсетіледі. Ерекше бөлімнің қылмыстық-құқылық қылмыс
нормаларының диспозицияларында қылмыс субъектісінің арнайы белгілері
көрсетіледі. Олар жөнінде біз жұмысымыздың келесі тарауларында толығырақ
тоқталамыз.
Субъективтік жағы қылмыстың ішкі (психикалық) жағын сипаттайды.
Қылмыстың субъективтік жағын; қылмыс субъектісінің онымен жасалған қоғамдық
қауіпті іс-әрекетке және оның қоғамдық қауіпті салдарына психикалық
қатынасын сипаттайтын, қасақаналық немесе абайсыздық нысанындағы кінә;
қылмысты жасау барысында тұлға басшылыққа алған ішкі пиғыл; және қылмысты
жасау барысында ол алдына қойған мақсатты жатқызамыз.
Кейбір нормалардың диспозицияларында заң шығарушы кінәнің нысанын
тікелей көрсетеді мысалы, ҚК-тің 314-бабында; қызметтік жалғандық жасау
ресми құжаттарға көрнеу жалған мәліметтер енгізу, сол сияқты аталған
құжаттарға олардың шын мазмұнын бұрмалайтын түзетулер енгізуі, не әдейі
жалған немесе қолдан жасалған құжаттар біреуі, егер бұл әрекеттер
пайдакүнемділікпен немесе өзге де жеке мүддесіне жасалған болса – деп
көрсетілген. Басқа жағдайларда заң шығарушының тиісті қылмыс құрамында
кінәнің қандай нысанын көрсеткендігін анықтау қажет болады.
Қылмыс құрамының жалпы ұғымы шеңберінде құрам элементтерін
сипаттайтын барлық белгілерді негізгі және факультативті қылып бөлу
қалыптасқан.
Негізгі (қажетті) белгілер дегеніміз – бұл барлық құрамдарға тиісті
белгілер болып табылады. Әрбір қылмыста мына аталғандар анықталуы тиіс.
Нақты объект, іс-әрекет (әрекет немесе) әрекетсіздік, кінә, қылмыс
субъектісінің заңда көрсетілген жасқа толуы және оның есінің дұрыстығы.
Аталған белгілердің кез-келгенінің болмауы, ешқандай қылмыстың жоқ
екендігін білдіреді.
Факультативтік белгілер дегеніміз барлық қылмыстар құрамына тән болып
табылмайтын, тек жекелеген қылмыстар болып табылатын белгілер болып
табылады. Оларға арнайы субъект, пиғыл, мақсат (субъективтік белгілер),
қылмыстың салдары, іс-әрекет пен салдар арасындағы себепті байланыс,
сонымен бірге қылмыстың жасалу уақытын, орнын және тәсілін сипаттайтын мән-
жайлар (объективтік белгілер) жатады.
Құрамдардың белгілерін негігі және факультативті қылып бөлу қылмыс
құрамының жалпы ұғымын талдау барысында ғана мүмкін болады. Қылмыстың нақты
құрамында негізгі және факультативті белгілер жоқ – бұл жерде барлық
белгілер қажетті болады. Мысалы, құрамның жалпы ұғымында пайдыкүнемдік
мақсат – бұл факультативтік белгі, себебі ол көптеген құрамдарда болмайды,
бірақ ұрлықтың құрамында ол міндетті болып табылады, себебі оның болмауы
ұрлықтың жоқ екендігін білдіреді.
Қылмыс құрамының жалпы ұғымына қатысты факультативтік белгі, белгілі
бір қылмыс үшін қажетті болып табылуы мүмкін, (тұлғаның лауазымдық жағдайы
мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстарда, адам өлтірудегі
жәбірленушінің қаза табуы және іс-әрекет пен жәбірленушінің қаза табуы
арасындағы себепті байланыс және т.б.) немесе қылмыстың белгілі бір
түрлерін оның қоғамдық қауіптілігін күшейту немесе төмендетумен сипаттауы
мүмкін. Заң шығарушы осындай белгілерді ауырлататын және жеңілдететін мән-
жайлары бар қылмыс құрамдарын жасақтау барысында қолданады. Мысалы адам
өлтіру кез-келген тәсілмен жасалуы мүмкін бірақ егер ол аса қатыгаздікпен
жасалса немесе көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалса онда ол
адам өлтірудің ерекше, сараланған құрамын ұрайды. Қылмыстық Кодекстің 134
бабында қарастырылған баланы ауыстыру әртүрлі мақсатпен жасалуы мүмкін
бірақ баланы ауыстыру пайдакүнемдік немесе өзге жамандық ниетпен жасалса
онда бұл әрекеттер баланы ауыстырудың сараланған құрамын құрайды

2. Қылмыс құрамының элементтерінің маңызы

Қылмысты қандай құрамдас бөліктерге бөлу қажеттігін терең зеттеу үшін
оның қандай элементтеріне назар аудару туралы мәселені шешудің өзі үлкен
маңызға ие. Заң әдбиеттерінде қылмысты төрт құрамдас бөліктерге бөлу және
сәйкес қылмыс құрамының белгілерін төрт топқа бөлу кең қолданылады. Бұлайша
бөлу дұрыс деп саналады. Қылмыс құрамы дегеніміз сол қылмысты құрайтын
белгілердің жиынтығы", деген ұсыныс қарсылық тудырады.
Біздің түсінігімізше белгілер қандай болуына қарамастан өздігінен
қылмыс құрай алмайды. Белгілер қылмысты тек тек қана сипаттауы немесе
анықтауы мүмкін.
Заңмен белгіленген қылмысты сипаттайтын құрам белгілерін жіктеу туралы
мәселе де белгілі анықтаманы талап етеді. Қылмыстың өзін төрт құрамдас
бөліктерге бөлуге байланысты немесе қылмыс элементін сипаттайтын құрам
белгілерін төрт топқа, ал мағынасы бойынша екі түрге бөлуге болады:
А. Кез келген қылмыс құрамының негізгі (немесе жалпы) белгілері;
1. Қылмыс объектісін сипаттайтын белгілер, яғни қол сұғушылық
бағытталған қоғамдық қатынастар.
2. Қылмыстың объективтік жағын сипаттайтын белгілер, зиян тигізетін
немесе объектіге зиян келтіретін, зиян келтіру қаупін тудыратын қоғамға
қауіпті әрекет.
3. Қылмыс субъектісін сипаттайтын белгілер, яғни қылмыстық жауаптылық
жасы.
4. Қылмыстың субъективтік жағын сипаттайтын белгілер, кінә (қасақаналық
немесе абайсыздық).
Қылмыс құрамының негізгі белгілерінің болуы қылмыстық заңшығарушылыққа
белгілі болған кез келген қылмыс үшін міндетті болып табылады. Олар жасаған
әрекетті салаға жатқызу үшін қажетті критерии болады. Нақты әрекет
сипаттамасында көрсетілген негізгі белгілердің болмауы, тұлғаның әрекетінде
қылмыс құрамының жоқтығынан қылмыстық жауапкершілікке тартпау туралы
мәселені алдын ала шешеді.
Б. Қылмыс құрамының арнайы белгілері. Оларға заңшығарушы нақты
құрамдарды кұрастыра отырып, элементтерінің қасиеттерінің ерекшеліктерін
көрсететін белгілер жатады, жалпы белгілерге қылмыстың тек қана осы түріне
тиісті белгілері жатады. [3;401]
Арнайы белгілердің көмегімен заңшығарушы көптеген жағдайларда қылмыс
субъектісін қажетті жасқа толған тұлға ретінде сипаттап қана қоймай,
сонымен қатар оның басқа да қасиеттерін қосады. Арнайы белгілер нақты құрам
үшін қажетті және міндетті болып табылады және бұл мағынада олардың маңызы
қылмысты дұрыс жіктеу үшін үлкен маңызға ие, ал олардың рөлін дұрыс түсіну
заңдылықты күшейтуде зор маңызға ие болып табылады.
Қылмыстық жауапкершілікке негізделу туралы мәселені шешуде заңмен
белгіленген қылмыс кұрамын қамтитын және тиісті белгілерді есепке алу дұрыс
деп танылады. Құрамның белгілеріне жатпайтын басқа барлық белгілер жазаның
түрін және мөлшерін анықтауда есепке алынуы керек. Мұндай белгілер жасалған
әрекеттің қылмыс немесе қылмыс емес екендігіне байланысты бағасын көрсетеді
немесе өзгерте алмайды. [4;199]
Қазіргі кездегі сот-тергеу тәжірибесі материалдарында жеке тұлғанны
сипаттайтын және қылмыс құрамынан тысқары жатқан белгілерде қылмыстың болуы
немесе болмауы туралы мәселені шешуде есепке алу мүлдем кездеспейді.
Сонымен қатар, кінәлінің жеке тұлғасының мінездемесіне қатысты материалдар
жазаны белгілеуде, оның түрі мен мөлшерін анықтауда, оларды қолдану
мәселесін шешуде, қылмыстық жауапкершілікке тату туралы мәселені шешуде
және жауапкершіліктен босату мүмкіндіктерін есепке алуда пайдаланылатын
жағдайлар өте көп кездеседі.
Қылмыс кұрамы дегеніміз - бұл қылмыстың объектісіне, объективтік
жағына, субъектісіне және субъективтік жағына жататын заңмен белгіленген
белгілердің бірлігі болып табылады. Қылмыс құрамы белгілерінің тек қана
біреуін немесе бірнешеуін анықтау, барлық белгілері толық болмаған жағдайда
қылмыс құрамы туралы айтуға мүмкіндік бермейді. Егер қылмыс құрамы болмаса,
онда қылмыстық жауапкершілік үшін негіз де болмайды.
Қылмыс кұрамына заңшығарушы мемлекет үшін және сондықтан да жазаланатын
қоғамдық қауіпті немесе әрекетсіздікті сипаттау үшін қажетті деп есептейтін
белгілер жиынтығы кіреді. Қылмыс түсінігі және қылмыс құрамы түсінігі
өздерінің мазмұны және құқықтық маңызы бойынша бір-біріне өте жақын.
Сондықтан да оларды механикалық бөлуге болмайды. Қылмыстық құқық жүйесін
құру және заңдылықты бекіту үшін қылмыс түсінігі және қылмыс құрамы
түсінігі деп аталатын екі маңызды түсініктердің нақты шынайы қатынастарын
анықтау қажет. Бұл маңызды мәселені шешу үшін ең алдымен оларды саяси және
құқықтық маңызды бөлуде қылмыс пен қылмыс құрамы түсініктері арасынан шек
іздеуге ұмтылуды жою керек. Жоғарыда толық айтылып өткендей қылмыс құрамы
дегеніміз қылмыс ретінде мемлекет үшін нақты қоғамдық қауіпті әрекет немесе
әрекетсіздікті анықтайтын барлық объективтік және субьективтік белгілердің
жиынтығы. Бір жағынан қылмыстың, екінші жағынан қылмыс құрамының жалпы
типтік анықтамасы осындай. Осылайша олардың түрлері анықталады. Нақтыланған
қылмыс түрлеріне: жала жабу, ұрлық, кісі өлтіру және басқалары жатады.
Қылмыс құрамының нақтыланған түрлеріне: жала жабуды, ұрлықты, кісі өлтіруді
және құрамның басқа түрлерін сипаттайтын элементтердің жиынтығы жатады.
Сонымен құрамдар қылмыстың жеке түрлерінің мазмұндарын нақты дәлелденген
белгілер арқылы ашып береді.
Қылмыс туралы жалпы оқуда объект және объективтік жақтың, субъект және
қылмыстың субъективтік жағының мәселелерін терең зерттеу қажет. Сонымен
қатар, қылмыс құрамы туралы жалпы окуда қылмыстың объект және объективтік
жағын, субъект және субъективтік жағын сипаттайтын элементтерді ажырата
білу қажет. [5;101]
"Қылмыс" және "қылмыс құрамы" түсініктерінің айырмашылықтары
қатысушылардың жауапкершіліктерін анықтауда шешуші рөл атқарады, яғни
қатысушылық міндетті түрде сол қылмыс үшін жауапкершілікті анықтайды, бірақ
көбінесе сол құрам үшін жауапкершілікті анықтамайды.
Қылмыс кұрамы түсінігі мен қылмыс түсінігін араластыру және қылмыс
туралы оқу есебінен қылмыс құрамы туралы оқуды кеңейту қылмыс құрамын
зерттеуге, қылмыс құрамы түсінігінің мәселелерін зерттеуге, сондай-ақ оның
қылмыстық жауапкершілікті анықтаудағы рөліне де үлкен шығын келтіреді. Бұл
араластырулар мен әрекеттер заңдылықты бекіту міндеттерімен байланысты деп
табылғанымен, олар дәлелді бола алмайды. [6;211]
Әрбір кылмыс қоғам үшін қауіпті. Сондыктан да әрбір қылмыстың құрамы
заңшығарушының көзқарасы бойынша өзінің жиынтығынан берілген әрекетті
анықтайтын дәлелді белгілердің тізімін көрсетуі керек.
Қылмыс құрамы элементтерінің табиғатын түсіну үшін мыналарды еске алу
керек, яғни қылмыс құрамының элементтері дегеніміз - бұл заң қылмыстық-
құқықтық мағына беретін белгілер емес, сондықтан да ерекше бөлім нормалары
диспозициясына енгізіледі. Бұл белгілердің барлық жиынтығынан қоғамдық
қауіпті жазаланатын әрекет түзетіндей етіп заңшығарушы тарапынан түзілген.
Мысалы, ұрлықты заң үш белгінің көмегімен анықтайды: құпия немесе ашық
түрде, 2. ұрлау, 3. азаматтардың мүлкін ұрлау;
Ал жала жабуды бес белгінің көмегімен анықтайды: 1. тарату, 2. біле
тұра әдейі, 3. жалған, 4. басқа адамды масқаралайтын және т.б. Сонымен,
құрам элементі дегеніміз - жиынтығы мемлекет үшін қоғамдық қауіптіліктің
болуы мен оның дәрежесін анықтайтын әрбір дәлелді белгілер болып табылады.
[7;296]
Заңдылықты бекітуде маңызды рөл ойнайтын қылмыстық әрекеттерді дұрыс
жіктеу, қылмыс құрамының элементтерін дұрыс түсінуді және дұрыс талдау
жасауды талап етеді. Демек, қылмыс кұрамы дегеніміз - жиынтығынан қоғамға
қауіпті қылмыстық әрекет құрайтын жеке элементтерден кұралады. Құрам
болмаса қылмыс туралы сөз болудың өзі мүмкін емес, ал заң талап ететін
элементтер болмаса құрам болмайды.
Құрам элементтерін дұрыс түсіну дегеніміз қылмыстық әрекеттерді дұрыс
жіктеу үшін және заңдылықты бекіту үшін күресте қажетті шарт болып
табылады.
Қылмыс құрамы - бұл типтік түсінік, кез келген түсінік сияқты қылмыс
құрамы да жеке түрлерге бөлінеді. Қылмыс құрамын дұрыс жеткізу - бұл қылмыс
құрамы туралы барлық мәселелерді дұрыс шешудің және заңды дұрыс қолданудың
маңызды шарттарының бірі болып табылады. Қылмыс құрамын жіктеу мәселелерін
дұрыс шешу үшін ең алдымен объективтік және субъективтік құрамдардың
айырмашылықтарын қарастыру қажет. "Қылмыс құрамы қылмыстық құқықта өзіне
барлық бөлінбейтін байланыстар мен өзара әрекеттің объективтік және
субъективтік белгілерін қосып алады", деп профессор А. А. Герцен дұрыс атап
көрсетеді. Бұл түсінік бойынша қылмыс құрамының объективтік және
субъективтік жақтары анықталады. [3;303]
Қылмыс екі типті-жалпы және арнайы, ал кұрамдар да – екі типті жалпы
және арнайы немесе абстрактілі деп айту қате болар еді. Сонымен, бұл жерде
әр түрлі екі түсінік араласқан, яғни, жалпы құрам түсінігі және қылмыс
құрамының жалпы түсінігі. Егер жоғарыда айтылып өткен қылмыстың
субъективтік және объективтік құрамдарын ажыратуда құрамның жалпы түсінігін
жасанды бөлуге ұмтылу айтылған болса, жалпы және арнайы құрамды ажыратуда,
нақты құрамнан жалпы құрамды алу жолымен жасанды бөлуге ұмтылу бар. Қылмыс
құрамы жалғыз және нақты болғандықтан, жоғарыда аталған қылмыс құрамдарын
жіктеуге талаптану әрекеті жалпы құрамдарды жіктеуге жатпайды. [9;99]
Бұл жерден мынадай шешім жасалады: жіктеу тақырыбы нақты қылмыстық
әрекет құрамдары түріндегі қылмыс құрамдары ғана бола алады. Құрам біреу
және барлық уақыт ол заң сүйенетін нақты элементтерге толы болады. Бұл
элементтердің біреуі жетіспесе қылмыс құрамы болмайды; барлық элементтері
толық болса, қылмыс құрамы болады. Жартылай және бөлшектенген құрамның
болуы мүмкін емес.
Қылмыс құрамын жіктеу Ерекше бөлімді құру үшін негіз ретінде, қоғамдық
қауіптілік дәрежесі бойынша кұрамдардың жіктелуін көрсетеді.
Бір қылмыстың құрамдарын жіктеу кезінде қоғамға қауіптілік дәрежелері
бойынша олардың үш түрін айыра білу керек.
1. Негізгі құрам, 2. Қылмысты ауырлататын құрам; 3. Қылмысты
жеңілдететін құрам. [10;192]
Қылмыстық құқықта қылмыс құрамының табиғатын түсіну үшін құрылысы
бойынша құрамдарды жіктеу күрделі маңызды болып табылады. Заңшығарушы
құрамдарды қарастыру кезінде әртүрлі әдістерді қолданады. Бұл әдістерді
жүйелі зерттеу үшін және заңды дұрыс пайдалануды қамтамасыз ету үшін ең
алдымен құрамдарды ажырата білу керек: 1. жай, 2. күрделі. Әрі қарай жай
және күрделі құрамдар топтары ішінен әрбірі өзінің спецификалық
қасиеттерімен ерекшеленетін топшаларды ажырату. Жай құрамдардың ішінен
мынадай құрамдарды ажырата білу керек: 1. бейнелейтін, 2. бланкеттік.
Бейнелейтін құрамдар туралы айтатын болсақ, заңның тілі барлық уақытта
ұстамды, қысқа және дәл болуы керек. Бұл талаптар жай бейнеленетін
құрамдардың құрылысында көрініс табады. Мұндай құрамдардың элементтері
заңмен бейнеленген бірақ өте қысқа және дәл бейнеленген. Жай бейнеленетін
құрамдардың үлгісі ретінде ҚР ҚК 48 - бабында жазылған бас бостандығынан
айыруды және ҚР ҚК 129 - бабындағы басқа адамды қорлайтын жалған
мәліметтерді біле тұра әдейі тарату туралы жала жабуды келтіруге болады.
[11;202]
Бланкеттік құрамдар кұрылысында заңшығарушы басқа жолмен жүреді.
Бланкеттік құрамдар туралы айтар болсақ, олардың бейнелейтін құрамдардан
айырмашылығы, бланкеттік кұрамдарды бейнелеу нормаларында заң қылмысқа
анықтама бермейді, басқа нормаларға сүйенумен шектеліп қалады.
Бланкеттік нормалар қылмыс құрамын анықтайтын болғандықтан, бұл
анықтаманы бланкеттік нормалар сүйенетін заңдар мен ережелерден іздеу
қажет. Бланкеттік құрамдар өздерінің мазмұны бойынша өте күрделі болып
келеді, себебі олар басқа нормаларға жіберіледі. Жай құрамдар заңда бір
диспозицияға біріккен болып шығады. Біріккен құрамдардың ерекшелігі,
қылмыстық жауапкершілік үшін мұндай жағдайларда қылмыстық кодекстің сәйкес
баптарының диспозицияларына көрсетілген кез келген құрамдардың болуы
жеткілікті болып табылады. Күрделі бейнелейтін құрамдар заңда өте жиі
кездеседі. Сонымен қатар, оларды талдау өте үлкен қиыншылықтар тудырады.
Заңшығарушылық құрылғыдағы құрамдарды тереңірек зерттеу үшін олардың
арасынан бірнеше топтарды ажырата білу керек. Бұларға мыналар жатады, яғни,
а) Альтернативтік құрамдар, ә) Екі әрекеттен тұратын құрамдар, б) Кінәнің
екі түрінен тұратын құрамдар, в) Екі объектілерден тұратын кұрамдар.
Бірінші топтағы альтернативтік құрамдарды талдап көрелік. Әрбір
қылмыстың құрамдары түгел болуы үшін заң бойынша құрамдарды түзетін барлық
элементтердің болуы қажет. Альтернативтік құрамдардың ерекше топтарын
ажыратудың практикалық маңызы, бұл жерде қылмыстық жауапкершілік үшін заңда
аталған элементтердің барлығының болуы қажет емес. Мысалы, ҚР ҚК 166-
бабындағы шпионаждың құрамы болуы үшін өзінің мазмұны бойынша арнайы
қорғалатын мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтерді беру немесе
ұрлау, мәліметтерді беру мақсатында жинаудың өзі жеткілікті. Бұл жерде
альтернативтік дегеніміз белгілі бір әрекетке, яғни ұрлауда, сақтауда
көрінетін құрамның элементі болып табылады. Тек қана әрекет немесе
нәтижелер емес, сонымен қатар, құрамның басқа элементтері де альтернативтік
бола алады.
Күрделі бейнелейтін құрамдардың басқа тобын белгілі әрекеттің жасалуын
қарайтын емес, ал екі немесе одан да көп әрекеттердің жасалуын қарайтын
кұрамдар құрайды. Қылмыс бірнеше актілерден құралуы мүмкін. Қылмыстың
күрделі құрамдарын көптік әрекет белгілері бойынша жіктеу кезінде басқа
нәрсе туралы сөз болады. Бұл жерде акт, жеке әрекет туралы құрамды
түзбейді, мазмұны бойынша әртүрлі болып келетін заңмен қаралған әрекеттің
жиынтығы ғана сәйкес құрамды түзе алады. [11;222]
"Екі әрекеттен тұратын құрамдарды қылмысты жасау дәрежелері туралы
мәселе өздігінен шешіледі. Бір әрекеттің болуын сипаттайтын жай түрдегі
құрамдарда қылмысқа дайындық, шабуыл жасау және аяқтау бұл әрекетті жүзеге
асырудың сипаты және дәрежесі бойынша жазылады. Екі әрекеттен тұратын
құрамдарда басқаша жағдай пайда болады. Бұл жерде бір аяқталған әрекет
сәйкес қылмысты жасауға дайындық болып табылады".
Кінәнің екі түрінен тұратын құрамдар туралы айтар болсақ, жалпы
ережелер бойынша (қасақананалық және абайсыздық) кінә әрбір құрамда жалғыз
болады. Бірақ, кейбір кұрамдарда кінәнің бір немесе екі түрі көрсетілуі
мүмкін.
Қылмыстық кодексте бұл құрамдар аса көп емес, бірақ олар сот-тергеу
тәжірибесінде маңызды роль ойнайды және тиісті талдауды талап етеді.
Қол сұғушылықтың белгілі бір түрі (мысалы, жеке тұлғаға қарсы қылмыс)
немесе оның нақты түрі (мысалы, қорлау) туралы сөз болуы немесе болмауына
қарамастан қол сұғушылық объекті әртүрлі типтік немесе түрлік көрініс
алады. Екі объектінің болуы сипатты болып табылатын күрделі құрамдарда
жағдай басқаша болады. Мына бір нақты қолсұғушылық бірдей уақытта екі
объектіге қол сұғады, осыған сәйкес бір нақты құрам әртүрлі екі
объектілердің болуына мүмкіндік береді. Екі объектілерден тұратын күрделі
құрамдар қылмыстық құқықта жалғыз емес. Мұндай құрамдарға бұзақылықтан
басқа, объектілері жеке тұлға мен мүлік болып табылатын шабуыл жасау
жолымен тонау және мәжбүрлеуді жатқызуға болады. Бұл құрамдардың ерекшелігі
ерекше бөлімнің жеке тараулары бойынша құрамдарды тарату жүйесін өзгертуге
алып келуі мүмкін. [12;12]
"Қылмыс құрамының элементтері өзінің мазмұны бойынша әр түрлі болып
келеді. Заң қылмыс субъектісін және оның объектісін, кылмыс әкелген
шығынды, қылмыскердің әрекет ету әдісін, оның себептері мен мақсаттарын
сипаттайтын белгілерді қарастырады. Құрам элементтерін терең зерттеу үшін
оларды мұқият жүйелендіру керек". Қылмыс құрамы элементтерінің жүйесін
қалай құру керек? Жоғарыда атап өткендей, объективтік және субъективтік
белгілердің айырмашылығы қылмыс құрамы туралы жалпы оқуды құру үшін негіз
бола алмайды, сондай-ақ ол қылмыстың жеке құрамдарын жіктеу үшін де інегіз
бола алмайды. Бұл жерде объективтік және субъективтік белгілердің
айырмашылығы - қылмыс туралы оқуда ешқандай роль ойнамайды деп жалпылама
шешім қабылдау теріс болган болар еді. Керісінше, қылмыс кұрамына
объективтік және субъективтік элементтер кіретін болғандықтан, екінші
жағынан әрбір құрамда барлық уақыт қылмыстың объективтік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Криминалистиканың ұғымы, пәні
Криминалистиканың даму тарихы және қазіргі жағдайы
Жалдау арқылы кісі өлтіруді тергеу
Жалпы және арнайы нормалар бәсекелестігі
Сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарының криминалистік сипаттамасы
Сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарын тергеуді криминалистік қамтамасыз ету және тергеуге қатысушылардың қызметін үйлестіру туралы
Қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы
Криминалистикалық сипаттаманың мазмұны
Қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы туралы
Жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе сату қылмысының криминалисттік сипаттамасы
Пәндер