Ақтамберді жырау



Кіріспе

І тарау. Ақтамберді жыраудың өмір сүрген дәуірі

ІІ тарау. Ақтамберді жырау толғауларының тақырыбы

ІІІ тарау. Жырау толғауларының көркемдік ерекшеліктері

ІV тарау. Ақтамберді жырау жырларының текстологиясы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Дүниежүзілік тарих толысу үстінде, әлемде бірде-бір халық өткенін толық меңгерді деп айтуға болмайды. Сол сияқты тарих қойнауында әлі де өзінің зерттеушісін күтіп тұрған небір асыл қазыналарымыз бар. Әсіресе еліміз егемендік алғаннан кейінгі жылдары сол мұраларды зерттеудің жаңаша тәсілдеріне, жаңа көзқарастардың қалыптасуына жолдар ашылды. Қазақ ауыз әдебиетінің өзі аты айтып тұрғандай ауызша дамыған мәдениет. Философ әрі қазақ мәдениет зерттеуші Сәбетқазы Ақатай айтқандай: «Поэзия арқалы өнер» [1, 56]. Оның тағдыры әлеуметтік ортамен тұтас. Поэзияның өрелі кезеңдері халық ғұмырнамасының соқталы кезеңдерімен орайлас.
Біздің зерттейік деп отырған жыраулық поэзия - қазақ халқыны мәдениетінің төлбасы ғана емес, ірге тасы. Халқымыздың дәстүрлі мәдени өрбуінің басты ерекшелігі – рухани мәдениеттің кейбір салаларының материалдық мәдениетке қарағанда біршама озық түсуі. Бұл айтылып жүрген белгілі жай. Ал ілкі қазақ өнерінің тәжі – сөз өнері, поэзия.
Өмір өзегімен өрілмеген өлең – тұл. Сондықтан поэзия тағдыры әлеуметтік ортамен тұтас. Ақындар мен жыраулар дәйім заман ағымына орай домбыраларын күйлеп отырған екен. Бес ғасыр аясында қазақ әлеуметі қандай тағдыр кешсе, оның ізі ақын-жыраулар мұрасында анық таңбаланып тұр. Ғасырлар қойнауына неғұрлым тереңдеген сайын, қадым замана лебі соғұрлым анық еседі.
1. С.Акатай. //Қазақ даласының ойшылдары ХVІ-ХVІІІ ғғ.
А., 2001 ж.
2. О.А.Сегизбаев. Казахская философия XV-начала ХХ веков.
А., 1996 г.
3. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (хрестоматия). А., 1993 ж.
4. М.Мағауин. «Қобыз сарыны». А., 1968 ж.
5. Ш.Ш.Уәлиханов. Шығармалар. 5 томдық. А., 1961 ж.
6. Қазақ ССР тарихы. А., 1957 ж.
7. Бес ғасыр жырлайды. Екі томдық. А., 1989 ж.
8. С.Мұқанов. Таңдамалы шығармалары. ХV том. А., 1979 ж.
9. К.Есмағамбетов. «Көне Қазақстанды көргендер». А., 1979 ж.
10. Б.В.Томашевский. «Писатель и книга». Л., 1928 г.
11. Д.С.Лихачев. «Текстология славянских литератур». Л., 1973 г.
12. Қазақ фольклоры мен әдебиет шығармаларының тексто-логиялық зерттеулері. А., 1983 ж.
13. Қ.Өмірәлиев. «ХV-ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі». А., 1976 ж.
14. А.Исин. «Көне қолжазба не айтты?» «Семей таңы», 1985 ж., 30 октябрь.
15. А.Исин. «Ақтамберді жырларының текстологиясы жайында». «Семей таңы», 1982 ж. 20 январь.
16. Халық ақындары творчествосының көркемдік сипаты.
А., 1982 ж.
17. С.Мұқанов. XVІІІ-XIХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихынан очерктер. А., 1942 ж.
18. Ертедегі әдебиет нұсқалары. А., 1967 ж.
19. М.Әуезов. «Уақыт және әдебиет». А., 1962 ж.
20. Қ.Өмірәлиев. «Қазақ поэзиясының жанры мен стилі».
А., 1983 ж.
21. Е.Исмайылов. «Ақындар». А., 1956 ж.
22. З.Қабдолов. «Таңдамалы шығармалар жинағы». 2-том.
А., 1983 ж.
23. «Алдаспан» (Құраст.: М.Мағауин). А., 1971 ж.
24. Қазақ ССР тарихы. 1983 ж.
25. Ерте дәуірдегі қазақ әдебиеті. А., 1983 ж.
26. Х.Сүйіншәлин. «Қазақ әдебиетінің тарихы». А., 1997 ж.
27. Р.Сыздықова. «Қазақ әдебиеті тілінің тарихы». А., 1998 ж.
28. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 1 кітап. А., 2001 ж.
29. Қ.Мәдібай. Хандық дәуір әдебиеті. А., 1997 ж.
30. М.Мағауин. Ғасырлар бедері. А., 1991 ж.
31. А.Шәріп. «Қазақ поэзиясы және ұлттық идеясы». А., 2000 ж.
32. С.Негимов. «Жыраулар поэзиясының көркемдік ерекшелігі». А., 1993 ж.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе

І тарау. Ақтамберді жыраудың өмір сүрген дәуірі

ІІ тарау. Ақтамберді жырау толғауларының тақырыбы

ІІІ тарау. Жырау толғауларының көркемдік ерекшеліктері

ІV тарау. Ақтамберді жырау жырларының текстологиясы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ

Дүниежүзілік тарих толысу үстінде, әлемде бірде-бір халық өткенін толық
меңгерді деп айтуға болмайды. Сол сияқты тарих қойнауында әлі де өзінің
зерттеушісін күтіп тұрған небір асыл қазыналарымыз бар. Әсіресе еліміз
егемендік алғаннан кейінгі жылдары сол мұраларды зерттеудің жаңаша
тәсілдеріне, жаңа көзқарастардың қалыптасуына жолдар ашылды. Қазақ ауыз
әдебиетінің өзі аты айтып тұрғандай ауызша дамыған мәдениет. Философ әрі
қазақ мәдениет зерттеуші Сәбетқазы Ақатай айтқандай: Поэзия арқалы өнер
[1, 56]. Оның тағдыры әлеуметтік ортамен тұтас. Поэзияның өрелі кезеңдері
халық ғұмырнамасының соқталы кезеңдерімен орайлас.
Біздің зерттейік деп отырған жыраулық поэзия - қазақ халқыны
мәдениетінің төлбасы ғана емес, ірге тасы. Халқымыздың дәстүрлі мәдени
өрбуінің басты ерекшелігі – рухани мәдениеттің кейбір салаларының
материалдық мәдениетке қарағанда біршама озық түсуі. Бұл айтылып жүрген
белгілі жай. Ал ілкі қазақ өнерінің тәжі – сөз өнері, поэзия.
Өмір өзегімен өрілмеген өлең – тұл. Сондықтан поэзия тағдыры
әлеуметтік ортамен тұтас. Ақындар мен жыраулар дәйім заман ағымына орай
домбыраларын күйлеп отырған екен. Бес ғасыр аясында қазақ әлеуметі қандай
тағдыр кешсе, оның ізі ақын-жыраулар мұрасында анық таңбаланып тұр.
Ғасырлар қойнауына неғұрлым тереңдеген сайын, қадым замана лебі соғұрлым
анық еседі.
XVІ-XVІІІ ғасырларда өмір сүрген ақын-жыраулардың поэтикалық мұралары
сан қырлылығы және айшықты көркем мазмұнымен ғана емес, сонымен бірге
тәжірибесіз оқырман аңғара бермейтін, сыртқы, көбіне көп аса жарқырауық,
әдемі пішіннің астарында оқырманнан жасырын тұрған, өз алдына өте зор
мәдени маңызы бар ұлағатты эзотериялық мазмұнымен дараланады.
Міне, сондықтан ...ақын-жыраулар алдында тек бұқара халық емес,
білеушілер де ілтипат сақтаған. Олардан хандар да именіп бас иген.
Ақсүйектер олармен достасуға тырысқан. Ал, кейбір хандар ақын-жырауларды өз
нөкерлерінің қатарына тартқан, олардың сарай-ақын-жыраулары ету арқылы
қазақ қоғамының әр түрлі жіктері арасындағы өз беделі мен ықпалын ұлғайтуға
әрекет жасаған.
Бір сөзбен айтқанда, ақын-жыраулар уақыт өте келе тек шын мәнінде
хандардың, сұлтандардың, билердің және т.с.с. саяси ойлауын ғана емес,
қоғамдағы әр түрлі жіктердің көзқарастарын және дүниетанымдық өрісін
қалыптастыратын ықпалды интеллектуалдық күшке айналды [2, 120].
Асан Қайғы, Шалкиіз, Ақтамберді, Қазтуған, Бұқар және басқа да ақын-
жыраулардың поэтикалық туындылары қазіргі кезде, тұтастай алғанда, бірқатар
белгілер арқылы біріккен шығармалар жинағын құрайды. Бүгінгі
зерттеушілердің мақалалары мен еңбектерінде бұл белгілер еуропалық ойлау
салты және мәдени, тарихи процестер фактілерін түсіндіру деңгейінен
сипатталады. Осылайша, бүгінгі күнге дейін ақын және жыраулар поэзиясы
мазмұнының этикалық, эстетикалық, филологиялық, тілтанушылық және белгілі
мөлшерде философиялық аспектілері жеке ғылыми тұрғыдан талданып келді.
Зерттеушілердің анықтауынша, жырау термині жыр сөзінен шыққан. Сонымен,
жырау - ең алдымен жасампаз тұлға. Жырау болу – жаны да, тәні де күшті
адамдардың үлесі. Олар батырлар, ру, тайпа және ұлыс басшылары болды,
хандар, сұлтандар олардың қолдауы арқылы дәурен сүрді, соғыстарға қатысты,
жауынгер серіктерін жыр етті, тарих пен оқиғаларды өлеңдерде, жырларда және
ұлағатты толғауларда баяндады. Олардың толғауларындағы тармақтар мақалдар
мен мәтелдерге айналды. Көптеген жыраулар бір мезгілдің ішінде әулие, би,
абыз рөлдерін де атқарды. М.Мағауин атап көрсеткендей, жырау сөйлесе нақты
сөйлейді және күнделікті істерге араласпайды, ұсақ-түйекке бола дауыс
көтермейді. Ол өз бауырларының алдында тек соғыс уақытында ғана, ұлы
жиындар мен мерекелерде немесе аймақаралық жанжалдар мен үлкен лаңдардың
күндерінде оларға өзінің құнды білімінің күшімен және поэтикалық сөзінің
рухымен әсер ете отырып тіл қатады. Олар тыңдаушыларға магиялық ықпал жасай
алатын.
Қазақ халқының ойлау және өзін-өзі тану өрісіне анағұрлым толық сәйкес
келеді және осы негізде қазақ мәдениетінің адамгершілік рухын, ақын-
жыраулардың өмір мағынасын, бақытты ізденуіндегі, олардың қоршаған ортаны
және ондағы адамның алатын орнын пайымдауындағы өзіндік ерекшеліктерді
түсінуді тереңдете түседі.
Жалпы жыраулар мен ақындар өз шығармашылықтарында қазақ тілінің байлығы
мен қуатын, эзотериялық терең мүмкіндіктерін пайдаланғанын байқаймыз.
Жыраулардың бақыты өмірді іздеуіне, мінез-құлық түрлеріне, нақты іс-
әрекеттеріне және нақты адами әрекеттеріне қатысты бұл өзгешеліктер қазақ
тілінде үшінші жақтағы Ол жиынтық формасының көмегімен абстрактіленіп қана
қоймаған, оның үстіне мағынасы бойынша екінші және үшінші жақтағы пара-пар
формалармен тікелей түйіскен, бұл поэтикалық мазмұнның тек терең ғана емес,
сонымен қатар барлығын қамтитын кең түрде абстрактіленген кеңістік
лиризміне алып келеді.

Бұл заманда не ғаріп?
Ақ қалалы боз ғаріп,
Жақсыларға айтпаған
Асыл шырын сөз ғаріп.
Замандасы болмаса,
Қариялар болар тез ғаріп... [3, 8].
(Асан Қайғы)
Жыраулар тілінде бұл және басқа жекелеген деректерді жинақтаудың
негізінде олардың аса бай поэтикалық мұрасының мазмұнын одан ары қарай
тереңдету үшін, жүйе тудырғыш өзек ретінде біріктірген жөн.
Қоршаған ортасын осы ережеге сәйкес қалыптастыра отырып, ақын-жыраулар
өздерінің шығармашылығында және күллі түркі халықтары өз мәдени
тәжерибесінде бұл ережеге нағыз, объективті заң мәртебесін беруге қол
жеткізді. Ғылыми ізденістер саласында бұл ережені баршаға ортақ сапаға,
баршаға ортақ тұжырымға – барлық негіздердің бірлігіне айналдыру талап
етіледі. Этностық өзгертушілік қызметі барысында осы кілт арқылы қазақтар
мен түркілердің мемлекеттік, этиникалық, мәдени, көркемдік, этикалық
өмірінің, басқа да барлық аспектілердің мәселлері шешіледі. Далалық көшпелі
өмірдің материалдық, экономикалық қатынастарымен, әскери істерімен және
басқа да жақтарымен қатар, поэтикалық адамгершілік-философиялық ізденістер
саласында мұнымен тура немесе жанама түрде ақын-жыраулар айналысты. Осыған
ұқсас ой төмендегі тармақтарда айтылады:

Балаларыңа өсиет:
Қылмаңыздар кепиет,
Бірлігіңнен айрылма,
Бірлікте бар қасиет.
Татулық болар береке... [3, 57]
(Ақтамберді)

Мұндай поэтикалық және этикалық сарындар жыраулар мен ақындар
поэзиясында молынан ұшырасады.
XVІ-XVІІІ ғасырларда қазақ ақын-жыраулары эпостық көркемдік қуатын
қамтыған философиялық толғаулар тудырды. Сол арқылы шығармашылық
гармонияның ғибраттық, этикалық, тұрмыстық, әскери, эстетикалық
аспектілері, ойлары мен адамгершілік позициялар тұтаса қосылған тамаша
туындыларында тарихи дәуірдің мәнін айқын бейнелей білді.
Жыраулардың өзіне тән ерекшелігі – олардың адамгершілік позициясы
шығармалар мәтініне жасырын қатысып, бейнелі тіл тасқынының астарындағы
жоғарғы позициясын белгілейді. Өлең арқылы баяндаудың анық байқалатын
мағыналық және образдық желісі асқақтатылған, көркемдік жағынан өте бай
және көрнекті безендірілген. Сюжеттің бірізділігі образдық қатарды қоршаған
әлем суретінің дәл көшірмесін атүсті түрде жасауға емес, жыраудың тілегіне
сәйкес түзуге мүмкіндік беретіндей қуатты бостандық зарядтарына толы.
Жырау ойдың еркін самғай ұшуын және автор тұлғасын ғана байқатып
қоймайды, сонымен қатар әр түрлі интеллектуалдық формалардың астарына
өздерінің бостандығы мен еркіндігінің белгілері бойынша және еркі бойынша
қойылған бір негіздің көмегімен тыңдаушыны, оқырманды көзінің қырымен
автордың еркін және оның әлдеқандай одан да жоғары ерікпен байланысын
көруге мәжбүр етеді.
Тұтастай алғанда, Қазтуған, Асан Қайғы (XV ғ.), Доспамбет (XVІ ғ.),
Шалкиіз (XVІІ ғ.), Ақтамберді (XVІІ ғ.), Бұқар жырау (XVІІ-XVІІІ ғғ.)
тәрізді жыраулардың тамаша туындылары, әсіресе, ауызша поэтикалық дәстүрдің
аса көрнекті өкілдерінің біздің заманымызға дейін сақталған шығармашылығы
халық рухының тереңдігін және байлығын, әлемді ұлттық тұрғыдан көрудің және
оған қоса далалық көшпелі өмірдің әлеуметтік организміне, космосқа және
жердің табиғатына тән өзіндік ерекшеліктерін бейнелей көрсетеді.
Ақын-жыраулардың сыртқа байқала бермейтін адамгершілік позициясы,
олардың шығармаларының, ауызша поэтикалық мұраларының пішіні және
мазмұнымен қосыла алғандағы мәнін, терең мазмұнын құрайды. Олардың
шығармаларының мәтіндері терең шығармашылығының тек сыртқы жағы деп айта
аламыз. Аудитория ақын-жыраулар шығармашылығын қаншалықты автоматты немесе
саналы түрде қабылдағанымен, олардың поэзиясының тылсымды эзотериялық жағы
халық жүрегіне жол салады, оның қостауына ие болады және интуицияның,
поэтиканың шығармашылықтың эзотериялық мазмұнның, қазақтардың барлық
ұрпағының адамгершілік бостандығының одан ары қарай дамуына мүмкіндік
тудырады. Ақын-жыраулар поэзиясының үстірт қарағанда байқалмайтын мазмұны
автордың жаны мен оның туындысы арқылы көшпенділердің барлық өкілдерінің
жанына жеткізіледі.
Қазақ даласы тұрғындарының арасында салмақты беделге ие болған
жыраулардың көпшілігі жұрт мойындаған билерге айналды. Өздерінің
шығармашылық талпыныстарының негізінде, дала билеушілерінің және қарапайым
халқының алдындағы беделі сияқты тірекке сүйенген ақын-жыраулар кез келген
пенде терең бойлай бермейтін, тек талапты да зерделі ақылдар мен
интуицияларға түсінікті мәселелерді өзінше көтерді.
Осылайша Орта жүздің көсемдерінің бірі болған Ақтамберді жырау Меккеге
қажылық сапарға аттанбақшы болған ханға арнауында оны өз мақсатынан бас
тартуға және құдайдың рақымшылығына басқаша жолмен ие болуға шақырады.
Міне, қысқаша үзінді:

Меккені іздеп нетесің,
Меккеге қашан жетесің,
Әзір Мекке алдыңда,
Пейіліңмен сыйласаң,
Атаң менен анаңды!. [3, 55]

XVІІ ғасырда өмір сүрген жырау туындысын осындай сөздермен аяқтайды.
Бұл сөздердің күші автордың этикалық және діни құндылықтардың иерархиясын
оның өз ойынша дұрыс түсінуі және дұрыс қарастыруында жатыр. Ол барлығының
басына құдайды, одан кейін әр адамның адамға және қоғамға қатысты ойларының
жердегі айғақтарын қояды. Мәні жөнінен қастерлі осы мағына құдайшыл
Ақтамберді жырауға сол дәуір өмірінің қасиетті жақтары жөнінде батыл айту
құқығын береді.
Сонымен бірге ақын-жыраулар намыс ұғымын жоғары бағалады. Олар
намыссыздықты, екіжүзділікті және әділетсіздікті күлкіге айналдырды және
сынады, оларды жігітке лайық емес мінездер ретінде атап көрсетті.
Жыраулар поэзиясының мәні, олардың тұлғасының басты адамгершілік түп
қазығы – шығармашылық, әлеуметтік жақтарының үндестігі, бірлігі болатын.
Жыраулардың кез келгені өз шығармашылығына абыздың, сәуегей беделінің күшін
ендірді.
Ақын-жыраулар шығармашылығында XVІІІ ғасырда пайда болған, қазіргі
заман зерттеушілері атап көрсетіп жүрген, беймәлім өркениеттің, отырықшылық
өмір салтының шабуылына орай көшпелі өмірдің жарығы сөнуімен байланысты
сияқты көрінетін пессимистік сарын бізге поэтикалық мұраның тереңірек,
жасырын сарынындай болып көрінеді.
І тарау. АҚТАМБЕРДІ ЖЫРАУДЫҢ ӨМІР СҮРГЕН ДӘУІРІ

Жаугершілік заманда өмір сүрген, атақты Қаракерей Қабанбаймен бірге
Найманның ру басы, көсемі, атақты ерлерінің бірі – Ақтамберді Сарыұлы
жортуыл жыршысы, жырау да болған. Алдаспан және Бес ғасыр жырлайды
топтамаларына сүйенсек, Ақтамберді жырау 1675-1769 жылдар аралығында өмір
сүрген болып шығады. Жинақты құрастырушы, зерттеуші Мұхтар Мағауин өзінің
Қобыз сарыны атты монографиясында жыраудың туған жылын былай дәлелдеп
түсіндіреді: Жыраудың туған, өлген жылдарын дәлді анықтау үшін жанама
мәліметтерге сүйенуге тура келеді. Ақтамбердінің жетінші буынындағы ұрпағы
Сәрсенбей Нұрпейісов ақсақал (1889 ж. туған) менің бабам Шақантай патша
қазақтан солдат алатын жылы 106 жасында опат болды, - дейді. Ал Шақантай
өзінің үлкен әкесі Арықты көріпті. Ол кісі Шақантайдың жеті жасында 92-ге
келіп өлген екен. Арық – Ақтамбердінің кіші әйелі башқұрт қызы Күмістен
(жыраудың бәйбішесінің аты Базар екен) әкесінің 50 жасында туған көрінеді,
сонда Ақтамберді 1675 жылы дүниеге келген боп шығады [4, 64].
М.Мағауиннің осы дәлелдемесінен басқа әзірге ешқандай дерек жоқ.
Жырау өмір сүрген дәуірде ХVІІ ғасырдың аяғы ХVІІІ ғасырдың басында
қазақ елі саяси жағынан бытыраңқы ел болған, қазақ жүздерінде экономикалық
және саяси бірлік, байланыс орнамаған. Кіші жүз бен Орта жүздің Ұлы жүзбен
байланыстары нашар болған, сонымен қатар ХVІІ ғасырдың 80-ші жылдарында
жоңғар феодалдарының қазақ жерлеріне жорықтары бұрынғыдан бетер зор көлемде
қайтадан басталды. Жоңғар феодалдары оңтүстік Қазақстанды және Сырдария
бойындағы сауда қалаларын сонымен қатар ең маңызды керуен жолдары өтетін
территорияны да басып алуға тырысты.
Жоңғар хунтайшысы Галдан Церен 1681-1685 жылдары оңтүстік Қазақстанға
бірнеше рет шабуыл жасады. Сайрам қаласын алып, қиратып кетті. Галданның
мұрагері Цеван Рабтан да Қазақстанға басқыншылық жорықтарын тоқтатпады.
ХVІІІ ғасырдың басында жоңғарлардың сансыз көп жауынгерлері Сарысу өзеніне
дейін келді, жоңғар әскерлерінің бір бөлігі Орта жүздің солтүстік-шығыс
аудандарына басып кірді. 1710 жылы жауға қарсы қалай төтеп беру мәселесін
талқылау үшін Қарақұс маңында барлық қазақ жүздерінің өкілдері бас қосты.
Халық жасақтары құрылды, бұлар жоңғар әскерлерін шығысқа ығыстырып тастай
алды. Бірақ бұл жеңіс уақытша жеңіс болып шықты.
Көп ұзамай жоңғар феодалдары жорықтарын қайта бастады. 1716 жылы
бұлардың әскерлерінің негізгі бөлігі Іле өзенінен Аягөзге қарай жорық
бастады. 1718 жылдың көктемінде Аягөз өзенінің бойында қазақ жасақтары мен
жоңғар әскерлерінің арасында болған үш күндік қантөгіс ұрыс, алғашқы екі
күннің ішінде қазақтар ойдағыдай ұрысса да, қазақ жасақтарының жеңілуімен
аяқталды.
Ақтамберді жер ортасы қырықтан асқанда үш Жүздің тізгінін ұстап отырған
Әз-Тәуке хан дүниеден қайтты. Тәукенің көзі жұмылысымен-ақ қазақ
сұлтандарының арасындағы ежелгі бақталастық ашық жаулыққа айналды, үш
Жүздің жігі тағы ажырады. Міне, осы сәтті пайдаланып, жоңғарлықтар
қазақтарды ауыр соққының астына алды. Ауыр күрес жылдары басталды.
Ақтамбердінің осы кездегі елеулі тарихи оқиғалардың арасында жүргені анық.
17 жасынан бастап қазақтардың Орта Азия хандықтары арасындағы соғыстарына
қатынасқан жырау өзінің ерлігімен, ақыл-айласымен көпке танылады. 1723 жылы
қазақтар ойраттардан ойсырай жеңіліп, бүкіл оңтүстік пен шығыс аймақтардан
айрылған сәтте Ақтамберді атақты батыр, Орта жүздің рубасы ақсақалдарының
бірі еді. Жырау өзінің белсенді ерлік ісімен де, жалынды жырымен де
жоңғарларға қарсы күресті ұйымдас-тырушылардың бел ортасында болды.
Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама деп аталып, тарихта қалған зар заманды
басынан өткерді. Сол бір ауыр азапты жылдар туралы Шоқан: ХVІІІ ғасырдың
алғашқы жиырма бес жылы қазақ халқының өміріндегі сұмдық ауыр уақыт болды.
Жоңғарлар, Волга бойының қалмақтары тұс-тұстан қазақтардың ұлыстарын
қырғынға ұшыратты, малдарын айдап әкетті, қазақтарды бүкіл семьяларымен
тұтқындап алды [5, 112] деп жазды. Мыңдаған қазақ ауылдары, Қазақстанның
оңтүстік және оңтүстік шығыс аудандарынан Жем, Жайық және Елек өздеріне
қарай Ор және Ойылға қарай көшіп кетті.
1728 жылы Шұбар Теңіз көлінің маңында Бұланты өзенінің жағасында жоңғар
феодалдарын қазақ жасақтары талқандап жеңді. Бұл жеңіс халық бұқарасын
жаумен онан әрі күресуге жігерлендіре түсті. Жұрт аузындағы аңызға
қарағанда, сол жылы Шымкенттің маңында Орда басы тауында жиналған қазақ
жүздерінің өкілдері басқыншыларға қарсы күресті күшейту жөнінде шешім
қабылдады. Шамамен 1729-1730 жылдарда Балқаш көлінің оңтүстігінде жоңғар
әскерлерімен тағы да бір үлкен ұрыс болды. Жоңғар әскерлері тағы да үлкен
жеңіліске ұшырады. Кіші жүз бен Орта жүз территориясының едәуір бөлігі азат
етілді. Бірақ жоңғар феодалдары Қазақстанға шапқыншылық жасауы тоқтамады.
1741-1742 жылдары жоңғар феодалдары Орта жүз бен Кіші жүздің жеріне
қайтадан басып кірді. 1742 жылы олар Сырдарияның орта саласындағы жерлерді
алып қойды. Әбілмәмбет, Барақ, Батыр деген қазақ сұлтандары жоңғар
қонтайшысы Галдан Цереннің жағына шығып кетті. Орта жүз халқының бір бөлігі
уақытша Жоңғарияның қаласында болып шықты. ХVІІІ ғасырдың 50-ші жылдарының
басында Жоңғарияның әлсіреуіне қарамастан, жоңғар қонтайшысы Лама-Дорджи
қазақ жерлеріне қайтадан шабуыл жасауға тырысты. Бұл кезде Жоңғарияның өз
ішінде, бір жағынан Лама-Дорджи қонтайша, екінші жағынан Даваци мен
Амурсананың арасында феодалдық соғыс басталды.
Жеңіліп қалғаннан кейін Дафаци мен Амурсана Орта жүзге қашып барып,
Абылайды паналады. Бұларды паналатып Абылай Жоңғарияның ішіндегі өзара
тартысты ұшықтырмақшы еді. Жоңғарияны әлсіретіп, Ертістің бойындағы құнарлы
жайылымдарға ие болып алмақшы болатын [6, 278] Даваци мен Амурсананы
паналату Лама-Дорджидің әскерлерінің 1751-1753 жылдары Орта жүздің жеріне
тағы да басып кіруі үшін қолайлы сылтау болды. Орта жүз халқының бір
бөлігі уақытша өз қоныстарынан кетуге мәжбүр болды. Осындай қиын қыстау
кезеңдер, алма-кезең шапқыншылық, сонымен қатар би-сұлтандар арасындағы
алауыздық, міне, осының бәрі жырау көзқарасының қалыптасуына,
шығармашылығына үлкен әсерін тигізгені белгілі.
1723 жылы қазақтар ойраттардан ойсырай жеңіліп, бүкіл оңтүстік және
шығыс аймақтардан айрылған шақта Ақтамберді атақты батыр, орта жүздің
рубасы ақсақалдарының бірі еді– дейді ол кісінің өмірі жайлы Бес ғасыр
жырлайды томдықта [7, 57].
Батыр жырау өзінің белсенді, ұйымдастырушылық ісімен қоса жалынды
жырларымен жауынгерлерге рух бере білді. Сол кезеңдегі қазақ қоғамының ірі
саяси қайраткерлігі дәрежесіндегі тұлғаны көруге болатын еді.
Жыраудың туған-өлген жылдары туралы Мұқтар Мағауиннің дәлелдемесінен
басқа ешқандай дерек жоқ екенін айтып өттік. Бұл дерек бойынша Ақтамберді
жырау тоқсан үш жасында дүние салыпты. Туған жердің топырағын жастанар
алдында айтқан толғауында жырау өзінің өмірлік мақсаты орындалғандығына
ризашылығын білдіре келіп батырларша оққа ұшпай, төсекте жатып тек
өлгендігін арман етеді.

ІІ тарау. АҚТАМБЕРДІ ЖЫРАУ ТОЛҒАУЛАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ

Елін қорғайтын ұл болмаса, ол халықтың өлгені деген ой айтылады
Ақтамберді жыраудың жырларында.
Өмір бір орнында тоқтап тұрмайды. Адам сол өмір – ағыстан қалып
қоймауға тиіс. Егер халықтың ішінде татулық-тұтастық байланыс мықты болып,
қандай да қиындыққа болаттай беріктік таныта алса, ондай елдің озғаны.
Оқыған, білімді адамдар дұрыс жол нұсқап, барлық күш-жігерін, қуатын
жақсылыққа, келешек өмірге сарқа жұмсай білсе, тағы да сондай елдің озғаны.

Жақсысы кеткен ауылдың,
Артынан жақсы шықпаса
Өртеніп кеткен жермен тең. [7, 65]

Әрбір адам өзінің отбасының жақсы болып, балаларының тәрбиелі болуы
жолында қам-қарекет жасай білгені дұрыс. Мұның өзі айналып келгенде
қоғамның жақсаруына жол ашпақ. Отбасында көргенді тәрбие алған бала басқа
ортада да өзін тәрбиелі жағынан көрсете біледі. Иә, тәрбие бастауының өзі
отбасында.
Тәрбие адам жарық дүниеге келіп, бұл фәниден өткенге дейін үзілмеуге
тиіс, - деп санайды Ақтамберді жырау. Ал, өмір дегенің әп-сәтте өте шығады.
Сондықтан да аз ғұмырыңда адамдық қасиеттерді жоғалтпай, өзгелерге
жақсылық, қайырымдылық жасауға ұмтыла білген жөн. Әсіресе жас ұрпақтың
бойында жақсы қасиеттерді қалыптастыра білуден маңызды ештеңе жоқ. Өйткені,
халықтың болашағы – солар. Олар тәрбиелі, көргенді, білімді болса, келешек
те дұрыс болмақ. Ақтамберді жыраудың балаларына арнап өсиет айтуының өзі де
осы себептен.

Балаларыма өсиет:
Қылмаңыздар кепиет,
Бірлігіңнен айырылма,
Бірлікте бар қасиет,
Татулық болар береке,
Қылмасын жұрт келеке.
Араз болсаң алты ауыз,
Еліңе кірген әреке...
Ел аман болсын ылайым,
Тілегім берді бәрін де,
Разымын құдайым!

Ақтамберді шығармалары дерлік нақыл сөздерге, афоризмдік толғауларға
толы келеді.
Қазақ халқының болмысы, тіршілік тынысы, ерекшеліктері сол кездегі
тарихы оқиғалар оның толғауларынан ерекше айқын көрінеді.
Ақтамберді бүкіл ел мүддесін, ру ата намысы емес, исі қазақтың намысын
қуады, елді ерлікке, бірлікке шақырады.

Дұшпаннан көрген, қорлығым,
Сары су болды жүрекке,
Он жетіде құрсанып,
Қылыш ілдім білекке
Жауға қарай аттандым,
Жеткіз деп, құдай тілекке!

Ақтамберді, өзінен бұрын өткен Доспамбет, Шалкиіз дәстүрлерін әрі қарай
жалғастырушы болып табылады.
Ақтамберді жырларында көшпенді қазақтардың ой-арманы, мақсат мүдделері,
олардың бар болмысы, ерекшеліктері дүниеге өзіндік көзқарасы аңғарылады.
Бұл жыраудың Күлдір-күлдір кісінетіп деп басталатын ұзақ толғауы дәлел
бола алады.
Ақтамберді жыраудың айтуынша, қазақ үшін байлық – малда. Малдың еті,
сүті – тамақта; жүні, терісі – киім; мал қазаққа көшсе – көлігі, мінсе –
жүйрігі, яғни малсыз тірлік жоқ. Ол алғайдың құба жонына сыймас ақтылы
қой, көлге түссе көз жетпес көк алалы көп жылқы, боздаған даусы жарлы
құдай ыңыратып, жарылған мұздай күңірентіп күй болып төгілген сансыз түйе
жайлы армандайды, елдің төрт құбыласы тең, үлкен байлыққа басқанын қалайды.
Сондай-ақ ол, еліміздің ұлттық қасиеттерін, қонақжайлығын, үлкенді
құрметтеу, кішіні сыйлау, әсіресе от басының сыйлығын, берекесін дәріптеп
өткен ақын.
Жырау өмір бойы елінің азаттығын, әділдікті аңсап, халықты ынтымаққа,
адал еңбекке шақырып, өз заманының адал перзенті екенін танытып өтті.
Ғылым-білімі әлі жетілмеген жаугершілік заманда от тілді, орақ ауызды
ақын-жыраулар бұқараға белгілі бір ықпал етіп, жырымен де ақыл-парасатымен
де халық арасында зор беделге ие болды. Қазақ ақын-жырауларының поэтикалық
дарынының идеялық-эстетикалық қана емес, басқа да маңызды жақтары мол.
Жырау-лардың көпшілігі хандардың арасында кеңесші қызметін атқарды,
жорықтарға қатысты, шайқастарды, жеңістерді жырлады, батыр, билерді
дәріптеді, жаугершілік заманда жорық қолбасшы-лары, жауынгер де болды. Бұл
жыраулар шығармашылығында үлкен із қалдырды. Жауынгер жыраулар
шығармашылығы өршіл роман-тизмге, азаматтық пафосқа толы болды. Осындай
жаугершілік кезеңде өмір сүрген Ақтамберді жырау толғауларының негізгі
өзекті тақырыбы ел мен жерін қорғау елдік, ерлік қаһармандық жайлары болуы
заңды. Ақтамберді толғауларынан сол тұстағы саяси қоғамдық жағдайлардың
нәтижесінде, әсіресе жоңғар феодал-дары басқыншылығы кезінде жер мен су
мәселелерінің қиындап, мейілінше күрделене түскенін көреміз, өйткені жырау
қазақ тарихындағы ең қиын кезеңдердің бірі Орта Азия хандықтарымен,
ойраттармен (қалмақтармен) соғыс алма-кезек шапқыншылық дәуірінде өмір
сүрді, дұшпанға қарсы тұра алмай, дүркірей қашқан басқыншылықты көзімен
көрді. Бірақ атақты батыр, ел тірегі, Орта жүздің көсемдерінің бірі,
әуелетті жыраудың еңсесін қайғы баспады. Ақтабан шұбырындыға ұшыраған
халыққа жанқиярлық ісімен де жалынды, оптимистік сарындағы жырларымен дем
берді.

Балпаң-балпаң кім баспас,
Басарға балтыр шыдамас,
Батырмын деп кім айтпас.

Барарға жүрек шыдамас,
Жалтара шапсаң жау қашпас,
Жауға алған бет таппас.

Уа, жігіттер, жандарың,
Жаудан аяй, көрмеңіз,
Ғазірейіл тура келмей жан алмас.

немесе

Ел шетіне жау келсе,
Алдыңа сірә, дау келсе,
Батырсыңған жігіттің
Күшін сонда сынаса,

- деп жауынгер жігіттердің намысын қайрай түсті. Қырық жыл қырғын
болса да, ажалды өледі деп келген жауынгер халықта жан-жағынан жау
анталаған алмағайып кезеңдер мұндай жырлардың маңызының қандай екенін
айтпаса да түсінікті. Ақтамберді қазақ қолы жеңіліс тапқан қиын-қыстау
сәттерде де болашақтан үміт үзбейді:

Еділ, Жайық екі өзен,
Тапсыз болар деймісің.
Көкшетаудың көп көлі,
Елсіз болар деймісің.
Бота көзді бойжеткен,
Жарсыз болар деймісің.
...Орын тапқан ер жігіт,
Жерсіз болар деймісің.

Қалмақтардан жеңіліс, атамекен – шығыс облыстар мен Жетісудан айырылу,
көптеген рулардың жау табаны астында қалуы бүкіл қазақ халқының қабырғасына
қатты батқан еді. Жұрт дұшпаннан кек алар, жау қолында қалған ескі қонысты
азат етер күн тууын аңсады. Өз заманының талабын, өз ортасының тілек,
мүддесін білдірген Ақтамберді иесі қазақ болып атқа қонуды, дұшпанға соққы
беруді армандайды.

Күлдір-күлдір кісінетіп,
Күреңді мінер ме екенбіз.
Күдеріден бау тағып,
Кіреуке тон киер ме екенбіз.
Жағасы алтын, жеңі жез,
Тонды киер ме екенбіз.
Шығыршығы торғай көз
Торды киер ме екенбіз.
...Қоңырауды найза қолға алып,
Қоңыр салқын төске алып,
Қол төңкерер ме екенбіз.
Ақтамберді қолы деп
Жанайдың салған жолы деп,
Жау қашырар ма екенбіз!

Жырау арманы орындалар сәт келді. Жаудан елді, жерді азат етуде
Ақтамберді сол қанды шайқастардың куәсі болды. Қол бастап, ту ұстап, жау
шебін бұзды.

Жау шаптым ту байлап,
Шепті бұздым айғайлап.
Дұшпаннан көрген қорлықтан,
Жалынды жүрек қан қайнап,
Ел-жұрттты қорғайлап,
Өлімге жүрміз бас байлап.

Қолбасшы батыр болған Ақтамберді сәйгүлік тұлпарды ер жігіттің жан
серігі, ең жақын досы деп есептейді. Сондықтан жырау шығармаларында
жылқының суреттелуі ерекше:

От басар орны отаудай,
Қабырғасы халық арнаған жонсаудай,
Ор қояндай қабақты,
Сарымсақтай азулы,
Саптаяқтай ерінді,
Қидасын кәрі жілікті
Омырау еті есіктей
Ойынды еті бесіктей,
Табаны жалпақ тарланды
Таңбалап мінер ме екенмін.

Қазақтар үшін мал асылы – жылқы екенін бәріміз де білеміз. Ол мінсе –
көлігі, шөлдесе – сусыны, ашықса – тамағы. Шаруашылығы ғана емес, ойын-
сауығы, сән-салтанатында да жылқының рөлі ерекше. Сондықтан да жылқының
көшпелілер өміріндегі алатын орны жайлы Ақтамберді жыраудай толғаған қазақ
ақыны жоқ.

Арудан асқан жар бар ма?
Жылқыдан асқан мал бар ма?
Биенің сүті сары бар,
Қымыздан асқан дәм бар ма?
Желіде құлын жусаса
Кермеде тұлпар бусанса,
Әлі келер ұйқының
Жылқы қолдан тайған соң,
Қызығы кетер күлкінің

- деуі сондықтан. Жылқының жақсы сипатын тек моңғол, қалмақ, қырғыз, қазақ
сияқты көшпелі елдердің ақындары ғана жасай алған: отырықшы елдерде олай
емес. Мысалы, көне гректе Пегас, көне орыстарда Конек-Горбунок сияқты
тұлпарлар болғанымен олар шындықтан гөрі мифке жақын [8, 137], - дейді
С.Мұқанов.
Сонымен қатар Ақтамберді жырлары көшпелі қазақтардың ой-арманынан,
мақсат-мүддесінен елес береді, сахара тұрғындарының өмірі, тұрмыс жайлы
түсінгенін бейнелейді. Қазақтар өзінің қонақжайлығымен ежелден-ақ белгілі.
Халқымыздың бұл қасиетіне өткен ғасырларда қазақ топырағын басқан
европалықтардың қай-қайсысы болмасын ерекше назар аударып, өздерінің шын
көңілден шыққан ризашылықтарын білдіргені мәлім. 1930 жылдар ішіндегі
Орынбор экспедициясына қатысқан ағылшын живописі Джон Кэстль күнделігіне
...қазақтар - өте қонақжай өзі аш қалса да соңғы фунт етін қонаққа
ұсынады [9, 122], - деп жазды. Қазақтардың осы ұлттық қасиеті –
қонақжайлық, меймандостық жыраудың Күлдір-күлдір кісінетіп толғауында
айқын көрінеді:

Өзім бір бөлек жайласам,
Жігіттен нөкер сайласам,
Ойпаң жерге он отау,
Қыран жерге қырық шатыр тіккізіп,
Қонағымды жайғасам.
Пышақтан малым кетпесе,
Қазаным оттан түспесе,
Ауылдан топыр үзілмей,
Ошақтың оты өшпесе.
Май жемесе қонағым,
Қан жемесе барағым,
Он кісіге жараса,
Бір кісіге арнап тартқан табағым.
Халыққа атым білініп,
Шүлеңгір мырза атанар ма екенбіз?

Ақтамберді толғауларының ішіндегі ең көлемдісі, ең көркемі осы Күлдір-
күлдір кісінетіп деп басталатын екі толғауы. Бұл толғаулар ХVІІ-ХVІІІ
ғасырлардағы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінің, әдет-ғұрпы, салт-санасының
иісі аңқып тұрған бейнелі көрінісі сияқты. Ел басына күн туған кезеңді,
ақтабан шұбырындыны жырлаған, қазақтың тұрмыс-тіршілігін, атамекенді
жырлаған жыраулар туралы да осындай пікір айтсақ, асыра айтқандық болмас.
Ақтамберді жырау толғауларының тағы бір арнасы – ауыз әдебиетінде кең
тараған жанр - өлеңмен айтылатын жыр-толғаулар, афоризмдер, қанатты сөздер
мен ғибратты нақылдарға, сондай-ақ достық пен қастық, адалдық пен арамдық,
жақсы жар мен жаман әйел, ер мен ез туралы жырға және өсиет өлеңдерге толы
Қарашаш, Құртқа, Гүлбаршын, Ақжүніс болып дәріптеліп келген адал, ақылшы
жар туралы жырау:

Арудан асқан жар бар ма?...
...Мінезді болса алғаның
Күнде сонар қызбен тең, - дей келіп,
Жаман болса алғаның
Астыңнан өткен сызбен тең...
Мінезді болса алғаның
Одан артық жар бар ма.
Екі жаман қосылса
Күнде жанжал, күнде шу,
Ұяларлық ар бар ма,

- деп әйелдің от басының ынтымағындағы алатын орнын жырға қосты.
Қазақтың салт-сана, әдет-ғұрпындағы ертеден келе жатқан дәстүр – бұл
дүниеден көшер алдында артындағы ұрпақпен қоштасуы өсиет айтуы, өсиетті
әркім әрқилы қара сөзбен де өлеңмен де айта береді. Өсиет өлеңдер көлемі
жағынан ұзақ болмайды. Ақтамбердінің Балаларыма өсиет деп аталатын шағын
өсиет өлеңі әрі қысқа, әрі мәнді. Өз алдына хандық құрып, билікке таласып,
жауынан талай жеңіліске ұшыраған халқының ру-ру болып қырқысқан
алауыздығының куәсі болған жырау ынтымақ, бірлік, татулықты ең бірінші
жолға қойып:

Бірлігіңнен айрылма,
Бірлікте бар қасиет.
Табулық болар береке,
Қылмасын жұрт келеке.
Араз болсаң алты ауыз,
Еліңе кірген әреке

деп ұрпағына үлкен ой, өсиет қалдырды, сонымен қатар өсиет өлеңінде өзінің
кезінде халықты отырықшылдыққа бастағанын айтып:

Талпынып салдым егінді,
Ішсін деп әркім тегінді, - дейді.

Жырау жау қолынан азат етілген жерлерге қазақ рулары қайта қоныс
аударған кезде өз қол астындағы елді отырықшылдыққа үйреткен, егін де
салғызыпты. Аягөз, Қарақол өңірінен Ақтамберді қаздырыпты дейтін
тоғандардың жер болып кеткен орындарын әлі де көруге болады. Ақындық даңқы
жас кезінде-ақ шыққанына қарамастан, Ақтамберді тіршілігінде бел шешіп,
өнер жолын тумаған тәрізді [4, 66] дейді М.Мағауин. Дегенмен, ұзақ жасаған
жыраудың мұрасы бізге толық жетті дей айлаймыз, бізге жетпегені, біз әлі
естімеген жырлары қанша мөлшерде екенін айту да қиын, әйткенімен де артына
қалдырған елеулі мұрасынан жырау поэзиясының тақырып жағынан да мазмұн
жағынан да бай болғандығын байқаймыз.
ІІІ тарау. ЖЫРАУ ТОЛҒАУЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Атадан балаға, жыраудан жыршыға көшіп, ертелі-кешті қағаз бетіне түсіп,
негізгілері ғана сақталған ХV-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы – оны
туғызған жыраулар мен ақындардың талант-дарынын әйгілеп, олар өмір сүрген
алыс заманалар сырын шертетін көркем шежіре. Жыраулар мен ақындар халық
тілі қазынасынан мол сусындап, оны бейнелі де өрнекті, отты да өткір,
мағыналы да қанатты түрлерін өз шығармаларында мол пайдалана білген, өздері
де халықтың сөз қазынасына елеулі үлестер қосқан. ХV-ХVІІІ ғасырларда өмір
сүрген жыраулар мен ақындардың көпшілігінің эпостық жырларды тудыруға
қатысы болған және сол жырлардан өнеге алған, сондықтан да ақын, жыраулар
толғауларының композияциялық құрылысында эпос әсері айқын аңғарылады.
Жыраулар поэзиясының композициялық құрылысындағы бір ерекшелік жыр
жолдарындағы сөздердің не басқа буындарының қайталанып келуі. Ақтамберді
толғауларында бұл ерекшелік жиі байқалады. Мысалы, Жел, жел есер, жел
есер..., Бұлан, бұлан, бұлан сан, Көк көгершін, көгершін. Ақын-
жыраулар поэзиясындағы тағы бір ерекше көзге түсетін сала – архаизмдер. Бұл
көненің қылышындай өткен дәуірдің өзіндік сырын аңғартатын шұрайлы да
образды сөздер. Олардың біразы мағынасы мүлде көмескі тартып, көнере
бастаса, бір қатарын әлі түсінуге болады. Мысалы, Күлдір, күлдір
кісінетіп толғауының тек алғашқы жолдарының өзінен бірнеше архаизм
сөздерді кездестіруге болады.

Күлдір, күлдір кісінетіп,
Күреңді мінер екенбіз.
Күдеріден бау тағып,
Ақ кіреуке киер ме екенбіз.
Жағасы алтын, жеңі жез,
Тонды киер ме екенбіз.
Шығыршығы торғай көз,
Торды киер ме екенбіз.

Әрине, архаизмдер тек қазіргі заман тұрғысынан қарағанда ғана
архаизмдер. Дыбыс үндестігі – ақын-жыраулар мол қолданған әдістердің бірі.
Дауысты дыбыстардың үндесуі (ассонанс) ақын, жыраулар да тән ақтарыла
ағындап, ұрандап келетін көтеріңкі пафосты дәл танытады.

Қоңыраулы найза қолға алып,
Қоңыр салқын төске алып,
Қан төңкерер ме екенбіз
немесе
Балпаң, балпаң кім баспас,
Басарға балтыр шыдамас.
Батырмын деп кім айтпас,
Барарға жүрек шыдамас.
Ақын-жыраулардың өмір құбылысын суреттеуде мол қолданған, ерекше алуан
түрде келісті де шебер пайдаланған көркемдік тәсілдерінің бірі – эпитет.

Бұлттан шыққан ай бетті,
Мұнардан шыққан күн бетті,
Төбел бие сойғызып...
Боталаған боз інген.

Төбел және боз эпитеттерінің ақын-жыраулар поэзиясында қолдануы
көне дәстүр көрінісі. Қазақ халқының ежелден келе жатқан наным-сенімінің,
әдет-ғұрпынан туған. Боз халық ұғымында киелі, қасиетті түс. Ақтамберді
жырауда өзге көркемдік тәсілдерден гөрі заттың яки құбылыстың сыр-сипатын,
белгі-бедерін, қадір-қасиетін, сапасын өзге затпен не құбылыспен салыстыра
суреттеу арқылы танытып, айрықша ажар, мәнді мазмұн беріп, күшті әсерге
бөлейтін теңеу түрлері көбірек кездеседі. Әрине, теңеу сапасы, оның
көркемдік қуатын ақын-жыраудың дүниетанымына, өмір тәжірибесіне, тіршілік
еткен ортасына, айтпақ ойына, авторлық идеясына байланысты.

Мойны бір жалпақ бұқадай,
Жоны бір жалпақ жотадай.

Дауысы қар азандай,
Желіні бар қазандай.
Жаралы қудай ыңырантып,
Жарылған мұздай күңірентіп.
Қайрауықтың ащы күйіндей
Қайырып боздап күйлентіп.

Беттерім мінсе шұбарын
Жұлындай қылып жаратып.

От басар орны отаудай,
Қабырғасы халық арнаған жонсаудай.
Ор қояндай қабақты,
Қиған қамыс құлақты.
Сарымасақтай азулы,
Саптаяқтай ерінді,
Қидасын кәрі жілікті
Омырауы есіктей,
Ойынды еті бесіктей.

Біз осы теңеулерге қарап, бірқатар сыр аңғарамыз. Ол жыраудың әрқилы
саласынан әсіресе өздерін қоршаған табиғи ортамен мал шаруашылығы, өсімдік,
жан-жануарлар дүниесі саласында мол мағлұматты болғандығы біз қарастырған
тек екі толғаудың өзінен-ақ айқын аңғарылады. Жырау өмір құбылысын т.б.
суреттеуде бейнелі де бедерлі, қуатты да құнарлы, мағыналы да мәнді, отты
да ойлы сөздерді мол қолданған. Жырау мұрасынан ажарлап, яки құбылтып,
құлпыртып қолданған көркемдік тәсілдерді көптеп кездестіреміз. Жырау
троптың (құбылту) түрлерін тамаша пайдаланған, солардың бірі – ауыстыру
(метафора).

Салпақ да, салпақ жортармын,
Сары азбанға қосымды артармын.
Торлаусыз өскен құланмын,
Мезгілсіз жусап өрермін.
Байраққа біткен құрақпын,
Саусағым жерге түсірмен.
Жапанға біткен терекпін,
Еңсемнен, жел соқса да теңселмен.
Қарағайға қарсы біткен бұтақпын,
Балталасаң да айрылман.
Сыртым – құрыш, жүзім – болат,
Тасқа да салсаң майрылман!

Осы толғауындағы бастапқы екі жолдан басқасы түгелдей метафораға
құрылған. Сөзді құбылту арқылы ой образын үстемелей, өсіре келе оның
әсеріне күшейтетін күрделі метафоралар жыраудың өз бейнесін кереметтей
тамаша шығарған. Ақтамберді жырауда ажарлау мен құбылту ғана емес, айшықтау
(фигура) тәсілдерінің де тамаша үлгілерін кездестіреміз. Айшықтаудың бір
түрі риторикалық сұрау-арнау көбірек кездеседі. Ол жырау мұрасының негізгі
шешендік, билік, ақыл, нақылдық өсиеттен – дидактикалық тербеністерден
тұратындығынан болса керек. Бұған жыраудың Арудан асқан жар бар ма?,
Мінезді болса алғаның, Сары аязда қата ма?, Еділ-Жайық екі өзен деп
басталатын толғаулары жатады. Біз Ақтамберді жырау мұрасына қатысты
көркемдік ерекшеліктердің біразына ғана тоқталдық. Бұл салада қарастырар
мәселелер де әлі де аз емес.
ІV тарау. АҚТАМБЕРДІ ЖЫРАУ ЖЫРЛАРЫНЫҢ
ТЕКСТОЛОГИЯСЫ

Қазақ әдебиеттену ғылымындағы күрделі жұмыстың бірі – текстология
мәселесі. Шығарма тілін жете білу, сөздердің мағынасын толық түсіну, әдеби
нұсқаның басқа бір шығармаға ұқсас жерін бағдарлау, шығарманың идеялық
көркемдік жағынан күдіксіз екендігіне көз жеткізіп, оны оқушы қауымға ұсыну
– текстологияның басты міндеттерінің бірі. Жырау текстологиясына тоқталмас
бұрын жалпы текстология деген терминнің анықтамасы мен міндеті жайлы
пікірлерге тоқтала кеткенді жөн санадық.
Текстология дегеніміз, - дейді Б.В.Томашевский. - шығарма тексінің
тарихын зерттеу екені айқын, бірақ көп жағдайда зерттеушілер екі нәрсені
шатастырып келеді. Олар тексті зерттеуді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақтамберді жыраудың өмірі жайлы деректер
Сақарадағы рухани өмірдің өзіндік ерекшеліктері
Жиембет толғауларының тақырыбы
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНДАҒЫ САЯСИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Қазақ поэзиясындағы философиялық бағыттың негізін салушы ақын-жыраулар
Ақтамберді жырау жайлы
Асан қайғының шығармаларының зерттелуі
XV—ХVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті
Ақтамберді - тарихи тұлға
Жыраушы тұлғалар
Пәндер