Демократиялық саяси режим белгілері



КІРІСПЕ

1. ДЕМОКРАТИЯ ҰҒЫМЫНА СИПАТТАМА ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4

2.ДЕМОКРАТИЯНЫҢ АНТИКАЛЫҚ,КЛАССИКАЛЫҚ ТЕОРИЯЛАР

3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ДЕМОКРАТИЯ НЫСАНДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

3.1 Халықтық билік . демократияның басты белгісі ретінде ... ... ... ... ... .

3.2 Қазіргі кезеңдегі демократиялық қозғалыстар, саяси жүйе ... ... ... ... .

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
9


13

17


27

28

29
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қазіргі жаһандану кезеңінде мемлекеттің гүлденуінің ең басты алғышарттарының бірі болып ресми биліктің мемлекеттің ішкі мәселелерін шешуде қандай әдістер мен тәсілдер қолдануына саяды. Бұған куә көршілес елдердегі және Еуропадағы ішкі қақтығыстарды шешуде биліктің іс-әрекеттері болып табылады.Саяси режимнің түсінігі ең маңызды, себебі негізгі билік жүйесінің құрылымын алдың ала ойға елестетуге негіз болады. Осыған байланысты, қоғамның саяси ұйымын құру туралы шын мәніндегі принциптер талқыланады. Отандық және шетелдік құқықтық және саяси әдебиетерде саяси режим түсінігіне байланысты әр түрлі көзқарастар айтылып жүр. Олардың қатарына саяси режимді Қазақстанда зерттеген заңгерлер С.Н. Сәбікенов, С.Зиманов, Сапарғалиев, А.С. Ибраева, С. Табанов, Г.Сапаргалиев, Баймаханов М.Т., Д.А.Булгакова. Ал шет елдік ғалым заңгерлер А.В.Малько, М.Н.Марченко, Б.А. Страшун, С.С.Алексеев, В.Н.Хропанюк және саясаткерлер американдық ғалым Д.Истонды, американдық саясаттанушы Г.Алмондты, Т.Парсонстың теориясын, К.Доичтың теориясын (кибернетикалық теория), Ресейлік саясатанушылар М.Г.Анохинның, Ф.М.Бурлацкийдің, Р.А.Матреевтың және басқалардың теорияларын жатқызуға болады.Саяси режим - әр елдегі белгілі тарихи кезеңде өмір сүрген, саяси райды сипаттайды. Осы аталған дәйектер курстық жұмыс тақырыбының таңдалуына себепші болды.
Курстық жумыстың мақсаты:
Еліміздің конститутциясына сүйене отырып, Қазақстан белсене қатысатын демократиялық,саяси ұйымдарды атап еліміздегі демократияның орнын оның нысандарын көрсетіп кету.
Курстық жүмыстың міндеттері:
-Демократияның қоғамға қаншалықты керек екенің атап өту
-Халық билігі калай жүзеге асады? деген сұраққа жауап беру.
-Мемлекет өміріндегі басты проблемаларды демократиялық жолмен шешілуін ,оның іске калай асыралтының атап көрсету
-Ал ең басты мақсатымыз ол Демократияның біздің елде орнын атап оның маңыздылығына тоқталу.
1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007жыл.

2. Б.Ғ. Аяған «Президенттік биілік және демократия».

3. М. Мұхамедов, Б. Сатершинов, Б. Сырымбетұлы. Құқықтық- саяси ілімдер тарихы. Оқу құралы. Алматы, «Заң əдебиеті». 2002 ж.

4. Алтынбек Сәрсенбаев «Кітап:тәуелсіздік пен демократия тұғыры».

5. Д.Жамбылов Саясаттану:Оқулық.-Алматы:Жеті жарғы,2003 ж.

6. Қазақ энциклопедиясы

7. Масатов Б.С. “Қазақстанның демократия әліппесі”, Алматы, Жеті жарғы,2007

8. Мемлекет және құқық негіздері: оқулық. / Құраст. Е.Баянов.

9. Жарболова А.Ж. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы пәнінен дәрістер.

10. Абдильдина Х.С. Саясаттану. Оқу құралы. Астана, 2007

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс
Пәні "Мемлекет және құқық теориясы"
Тақырыбы: Демократиялық саяси режим белгілері

Қарағанды-2016

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. ДЕМОКРАТИЯ ҰҒЫМЫНА СИПАТТАМА ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .

4

2.ДЕМОКРАТИЯНЫҢ АНТИКАЛЫҚ,КЛАССИКАЛЫҚ ТЕОРИЯЛАР

3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ДЕМОКРАТИЯ НЫСАНДАРЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

3.1 Халықтық билік - демократияның басты белгісі ретінде ... ... ... ... ... .

3.2 Қазіргі кезеңдегі демократиялық қозғалыстар, саяси жүйе ... ... ... ... .

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланылған әдебиеттер ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .

9

13

17

27

28

29

КІРІСПЕ

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қазіргі жаһандану кезеңінде мемлекеттің гүлденуінің ең басты алғышарттарының бірі болып ресми биліктің мемлекеттің ішкі мәселелерін шешуде қандай әдістер мен тәсілдер қолдануына саяды. Бұған куә көршілес елдердегі және Еуропадағы ішкі қақтығыстарды шешуде биліктің іс-әрекеттері болып табылады.Саяси режимнің түсінігі ең маңызды, себебі негізгі билік жүйесінің құрылымын алдың ала ойға елестетуге негіз болады. Осыған байланысты, қоғамның саяси ұйымын құру туралы шын мәніндегі принциптер талқыланады. Отандық және шетелдік құқықтық және саяси әдебиетерде саяси режим түсінігіне байланысты әр түрлі көзқарастар айтылып жүр. Олардың қатарына саяси режимді Қазақстанда зерттеген заңгерлер С.Н. Сәбікенов, С.Зиманов, Сапарғалиев, А.С. Ибраева, С. Табанов, Г.Сапаргалиев, Баймаханов М.Т., Д.А.Булгакова. Ал шет елдік ғалым заңгерлер А.В.Малько, М.Н.Марченко, Б.А. Страшун, С.С.Алексеев, В.Н.Хропанюк және саясаткерлер американдық ғалым Д.Истонды, американдық саясаттанушы Г.Алмондты, Т.Парсонстың теориясын, К.Доичтың теориясын (кибернетикалық теория), Ресейлік саясатанушылар М.Г.Анохинның, Ф.М.Бурлацкийдің, Р.А.Матреевтың және басқалардың теорияларын жатқызуға болады.Саяси режим - әр елдегі белгілі тарихи кезеңде өмір сүрген, саяси райды сипаттайды. Осы аталған дәйектер курстық жұмыс тақырыбының таңдалуына себепші болды.
Курстық жумыстың мақсаты:
Еліміздің конститутциясына сүйене отырып, Қазақстан белсене қатысатын демократиялық,саяси ұйымдарды атап еліміздегі демократияның орнын оның нысандарын көрсетіп кету.
Курстық жүмыстың міндеттері:
-Демократияның қоғамға қаншалықты керек екенің атап өту
-Халық билігі калай жүзеге асады? деген сұраққа жауап беру.
-Мемлекет өміріндегі басты проблемаларды демократиялық жолмен шешілуін ,оның іске калай асыралтының атап көрсету
-Ал ең басты мақсатымыз ол Демократияның біздің елде орнын атап оның маңыздылығына тоқталу.

1 ДЕМОКРАТИЯ ҰҒЫМЫНА СИПАТТАМА

Саяси режимнің белгілеріне тоқталып кетсек:
- саяси өкіметті ұйымдастыру тетігіндегі халықтың қатынасу деңгейі және сондай ұйымдасудың жолдары;
- мемлекеттің құқығы мен адам бостандығының және азаматтық құқықтарының арақатынасы;
- жеке адамның бостандығының кепілділігі;
- қоғамдағы билікті іске асыру тетігінің шың сипаты;
- халықпен саяси билікті тікелей іске асыру деңгейі;
- ақпарат құралдарының жағдайы, қоғамдағы ашықтық деңгейі және мемлекеттік аппараттың ашықтығы;
- мемлекеттік емес құрылымдардың қоғамның саяси жүйесіндегі орны және ролі;
- Заң шығару мен атқару биліктерінің арақатынастары.
Мемлекет деген ойдан туған абстракция емес. Ол қоғамда нақтылы материлизацияланған құбылыс. Билік жүргізу барысында халық өз мүдделерін қорғайтын мемлекет ұйымдастырады. Мемлекеттің пайда болып, қалыптасуына және арнайы формаға ие болуына дін, әдет-ғұрып, дәстүр, саяси күштер ерекше ықпалын тигізеді. Сондықтан мемлекеттің формасының қалыптасуына қоғамда демократияның, халықтың билік жүргізуінің дәрежесін анық айқындауға болады. Форма мәнді, мән формалы. Мемлекеттің мәні қалыптасқан, қабылданған формадан өзінің көрінісін табады. Мысалы, құл иеленуші мемлекеттердің мәні үстем, қанаушы таптың саяси билігінің диктатурасы болса, оның формасы - шексіз монархия. Осыған байланысты мемлекет және құқық теориясында мемлекет формасының үлкен маңызы бар. Мемлекеттің формасы даму кезеңдерінде өзгеріске ұшырап, бір сападан бір сапаға өтетін болса, оның тетіктері де өзгеріске шалдығады.
Саяси режим - мемлекетке билік жүргізудің арнайы тәсілдері. Негізінде екі түрге бөлінеді: демократиялық және демократиялық емес.
Демократиялық режим - барлық халықтардың тендік пен бостандыққа негізделінген идеясында мемлекеттің басқару ісіне қатысуы, биліктің халықтың болуы.
Демократиялық емес режим - халықтың билік жүргізу ісінен алшақтатылуы. Олардың түрлері сан алуан болады.
1. Тоталитарлық - (латын сезінен - totalis барлық, толық) қоғамдағы мемлекеттік билік бір топтың, бір партияның қолында шоғырланған, елде демократиялық бостандық пен саяси оппозицияның болуына тыйым салған режим. [1] Мемлекет жеке адамның барлық істерін бақылауға алады. Тоталитарлық режимде:
1. Тек бір партия билік жүргізеді.
2. Басқару қатаң түрде бір орталықтан жүргізіледі.
3. Бір идеология ғана жарияланады.
4. Еркін пікір айтуға тыйым салынады.
5. Репрессия, күш қолдану мемлекеттің ең негізгі функциясы болып табылады.
Бұл режимнің қалыптасуы халықтың белсенділігімен болады. Әдебиетте тоталитаризмді бұқаралық қозғалыстың диктатурасы деп атайды. (Сталин, Мао Цзе Дун, Гитлер, Муссолини), әйгілі ғалым Ф.Хайектің пікірі бойынша Тоталитаризмнің ұрығы әр формадағы коллективизмге және индивидтті, оның дара ұмтылыстарын қандай да болсын қоғамдыққа бағындыруда. [2]
2. Авторитарлық (француз сөзі autoritaire - билік) азаматтарды тырп еткізбей мемлекет саясатына бағындыру. Тоталитаризмнің айырмашылығы авторитаризм халыққа бір идеологияны мойындатпайды, либералдық дамуға жол ашады, оппозицияға кедергі жасамайды, адамдардың жеке өміріне араласпайды. Бірақ, саяси билікке халық жаппай тартылмайды, шектеулі дәрежеде болады, бірақ бір ғана саяси лидердің, немесе арнайы топтардың, отбасының қолында болады.
3. Аристократиялық (грек сөзі - aristokratia) - қоғамдағы ақ сүйектер әулетінен құрылған топтардың мемлекетте саяси билікті жүргізуі, негізінде тарихта Греция, Афина, сияқты т.б. мемлекеттерде дамыды.
4. Фашистік - (италия сөзі - (fascismo) бірлестік, байлау) - бір ұлттың билік жүргізуде үстемдігі жарияланатын және ашық түрде террористік диктатура жүргізетін режим. Мемлекетте адам құқы жойылады, бостандыққа жол берілмейді. Тарихта Италияда, Германияда қалыптасқан.
5. Либералдық - (латын сөзі - liberalis ерікті). Еркін кәсіпкерлікпен парламенттік демократияны дамытуды қамтамасыз етуді мақсат етіп, мемлекеттің барлық тетіктерін сол мақсат үшін қалыптастыратын режим.
Демократия - сөзі (грекше demos - халық және гр. kratos - билік) деген сөздерінен шыққан, яғни "халық билігі" деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:
Мемлекет түрі.
Тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі.
Қоғамдық құрылымның мұраты.
Әр жерде демократия әртүрлі рең алған. Олар мынандай мемлекетті демократиялық деп түсінген. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұнда конституция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады.
Демократия теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада - заң шығару, оны орындауда, т.с.с. теңдік болады. Демократияда әділеттілік болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс. Демократияда сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек.
Сонымен,демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады.
Демократияның көпшілік таныған бірыңғай анықтамасы жоқ. Әр дәуірдегі ойшылдар оны әр түрлі түсінген. Оның үстіне әр түрлі елдерде олардың ұлттық, тарихи және т. б. ерекшеліктеріне байланысты демократия сан түрлі рең алуы мүмкін. Дегенмен, демократиялык мемлекеттердің көптүрлілігіне карамастан, олардың ортақ белгілері болады. Ондай белгілерге төмендегілер жатады.
1. Халықтың заң жүзіңде мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы саналуы. Ол мемлекетте ұйымдастырушы, конституциялық биліктің халыққа тән екендігіне көз жеткізеді. Ол жоғары органдарға өз өкілдерін сайлайды және жүйелі түрде ауыстырып отырады. Бірталай мемлекетгерде халықтың бастамасымен және референдум арқылы зандар жетілдіріледі және қабылданады. Сондықтан АКШ-тың төртінші президенті А.Линкольн демократияға халық үшін халық сайлаған халық билігін жатқызды.
2. Халық билігін орнату үшін оған жағдай жасау керек. Ондай жағдай теңдік болған жерде ғана болады. Б. з. б. V ғасырда өмір сүрген гректің атакты тарихшысы Геродот сол кездің өзінде демократия деп тендікке негізделген мемлекетті айтады деген болатын. Тендік барлық салада -- халық жиналысында, мемлекеттік істерге қатысуда, заң шығаруда, оны орындауда және т. с.с. болуға тиіс.
3. Табиғатына, әлеуметтік, саяси, мәдени және т. с. с. ерекшеліктеріне байланысты адамдар әр түрлі болды. Солардың бәрін қалай тендестіруге болады? Ол үшін заң, құқық алдындағы теңдік болуы керек. Заң және құқық -- жалпы және барлығына бірдей қоғамдық және саяси өмірдегі демократиялықтың негізі және корғаушысы. Олар қоғамдағы қатынастарды реттейді, жүріс-тұрыс, іс-әрекеттер ережелерін орнатады. Қажетті деген іс-әрекеттерге рұксат етеді. Ол тәртіптерге қайшы келген іс-әрекетгерге тыйым салады, оларды бұзғандарды жазалайды. Бірақ қоғам біреулерге рұқсат етілгенді екіншілерге рұқсат етпеуі, біреулерге басымдық беріп, басқаларға қысым көрсетуі мүмкін. Билік иелері (күштілер, байлар, аксүйектер) заң мен кұқықты өз мақсаттарында пайдаланғылары келеді. Сондықтан құқықтық теңсіздікті болдырмау керек. Оны қалай жасауға болады?
4. Оның кепілі -- әділеттілік. Әділетгіліктің де бірыңғай ұғымы жоқ. Ол жөнінде әр түрлі тарихи дәуірлерде әр қоғамның өзіндік түсінігі болады. Мысалы, алғашқы қауымдық қоғамда қарт, ауру адамдарды өлтіру әділеттілікке жатты. Инквизацияны жақтаушылар үшін діннен безгендерді тірідей отқа жағу -- әділетті іс. Кеңес заманында еріксіз ұжымдастыру барысында қазақ халқының жартысына жуығы қырылып, біразы босып кетті. 1986 жылы желтоқсанда жастарды қырғынға ұшырату біреулерге әділетті көрінді. Әйтпесе, сол жазалаушылар жазасын алулары керек емес пе?
Сайып келгенде, әділеттілік қоғамдық қатынастармен, қоғамдағы саяси құрылыспен,оның мемлекеттілігінің тұрпатымен, саяси мәдениетінің дәрежесімен айқындалады.
5. Ал қазақ жастары болса желтоқсан көтерілісінде бостандық, еркіндік үшін алаңга шыққан болатын. Бұл -- демократияның бесінші белгісі. Қазақ халқы еркіңдікке жету үшін ғасырлар бойы күрессе, адамзат қоғамына демократияны шектейтін, тендік пен әділдікті бұзатын, қанаудың, тәуелділіктің барлық түрлерінен азат етілу үшін мыңдаған жылдар бойы күресуіне, реформалар, революциялар, өзгерістер жасауына, сан рет жеңілуге, жеңіске жетуге тура келді. Тендікке, әділеттілікке, еркіндікке, демократияға, олардың принциптеріне сәйкес өмір сүруге үйрету және үйрену керек. Кұкық пен заң адамды күйзелу, қорқыныш, заңсыздықтан кұтқаруға міндетті. Сайып келгенде, осының бәрі еркіндік, бостандыққа байланысты.
Сонымен біз халықтың мемлекетгік билікті жүргізуге қатысу керектігі, құқык, тендік, еркіндік жөнінде әңгіме еттік. Осы принциптердің бәрі түгел болғанда ғана әділдік болады. Бұл -- әділдіктің демократиялық түсінігі. Ол, өкінішке орай, адамзаттың басқа да арман-мұраттары сияқты бірден толық орыңдала бермейді. Жоғарыда көрсетілген белгілермен қатар демократиялық принципке жүйелі турде мемлекеттің негізгі органдарына сайлау жатады. Ең алдымен жоғарғы заң органы сайланбалы болуға тиіс.Одан соң төменгі өзін-өзі басқаратын органдарға дейін сайланбалы болғаны дұрыс. Сонымен қатар шешім қабылдағаңда ерте заманнан демократияға азшылықтың көпшілікке бағынуы жататын. Кейінірек мұндай бағыну шектелді, азшылықтың өз пікірі болуы, оны сыйлау, онымен санасу керектігі мойындалды. Қазіргі демократиялық процесте мынадай демократиялық рәсімдерде қарастырылған: барлық сайлаушылардың тең дауыс құқығы, сайлаудың еркіндігі, балама үміткердің болуы, тізім бойынша сайламау, демократияның үздіксіз қоғамдық бақылау аясында болуы, мемлекеттің дау-дамай, шиеленістерді реттеудегі ықпалды тетіктерін табуы және т. с. с. (Демократия болу үшін саяси, экономикалық, құқықтық, мәдени, идеологиялық кепілдіктер жүйесі болуы шарт. Оның маңызды кепілдігіне әр түрлі демократиялық елдерде қалыптасып жатқан азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттер жатады. Сонымен, демократия деп халық билігі, тендік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтамыз. Халықтың билігі ретіндегі демократия көбіне утопиялық арман-аңсарды білдіреді. Кейбіреулер оған жақындайды, кейбіреулерге көкжиекте көрініп тұрғандай көрінеді, біреулерге оған жету жолы оңайырақ, кейбіреулерге қиынға түседі. Дегенмен, ол -- шындық, өмірдегі бағдар, нысана, қоғамның саяси дамуының мақсаты. Ағылшынның көп жылдар Премьер-Министрі болған Уинстон Черчилльдің айтуы бойынша, "демократияның көп кемшіліктері бар,бірақ оның ең құндылығы сонда -- бұдан артықты бүгінге дейін ешкім ойлап тапқан жоқ.
Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюро - Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның құрылымдық бөлімшесі.Орталығы Варшава қаласында (Польша) орналасқан. Адам құқықтарының сақталуын қадағалап, демократияны дамытып, нығайтуға қол ұшын береді. Міндеті - адами өлшемдер саласындағы ЕҚЫҰ (ОБСЕ) міндеттемелерінің орындалуына шолу жасап, жыл сайын конференциялар өткізу; демократиялық институттар мен адам құқықтары мәселелері бойынша жиналыстар мен семинарлар ұйымдастыру. Бюро ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер аимағында саилаулар өткізу барысын қадағалау жөніндегі жұмыстарды үйлестіріп, құқықтық мәселелер бойынша жәрдем береді, сайлауды өткізу және демократиялық институттарды дамыту туралы ақпарат алмасуға көмектеседі. Адами өлшемдер туралы Копенгаген құжатына (1990) сәйкес ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдер ішкі және халықаралық бақылаушылардың қатысуы сайлау процесін жақсартатынын мойындаған болатын. Ұйымның осы қызметін атқару бюроға жүктелді. Соңғы жылдары бюро миссиясы Қазақстанда және бірқатар ТМД елдерінде өткен сайлаулар барысын бақылады.[3]
Демократия және мемлекет - "демократия" және "мемлекет" ұғымдарының арасындағы қайшылықтарды меңзейтін түсінік. Демократия тікелей мағынасында халықтың өзі қоғам өмірін ұйымдастыруын білдіреді. Бірақ бүгінгі танда әлемнің бірде-бір елінде шынайы мағынасындағы демократияның орнамағаны ақиқат. Көпшілік елдерде тек сол халық билігінің мінсіздігіне ұқсастырылып, жақындастырылуы ғана кәрініс тапқан. Мұндай қоғамдарда әлі күнге дейін қоғамдық өмірді реттеу қызметін өкілеттік және басқа да билік органдары, яғни, мемлекет атқаруда. Шын мәнінде бүгінгі күнгі демократия - мемлекеттіліктің бір түрі, ол, тіпті, мінсіз деп танылуы мүмкін. Басқа жағынан қарағанда, демократияны дамыту процесі - өз өмірін орнықтыруда халықтың маңызын арттырып, рөлін үнемі күшейту және соған сәйкес, оның өкілетті органдарының, яғни, мемлекеттің қоғамдық қызметін әлсірету. Толыққанды демократия дегеніміз - қоғамдық өмірді реттеуде қандай да бір мемлекет институттарының араласпауы, адамдардың бір-біріне үстемдік жүргізуінің болмауы. Шын мәнінде, толыққанды демократия өмірді саясатсыз, мемлекетсіз ұйымдастыру болып табылады. Бірақ, қоғам өмірінен мемлекеттің жоғалуы "демократия" ұғымының қазіргі мәнінен айырады. Осылайша, қоғамда мемлекет болса, толыққанды демократияның орнауы мүмкін емес, ал толыққанды демократия орнаған жағдайда мемлекет те, қоғамдық қатынастарды реттеуші билік түрі ретінде демократияның өзі де керексіз болып қалады.[4]

2 ДЕМОКРАТИЯНЫҢ АНТИКАЛЫҚ,КЛАССИКАЛЫҚ ТЕОРИЯЛАРЫ

Демократиялық мемлекеттің ең бірінші түріне Афины республикасы жатады. Ол б. з. б. V ғасырда пайда болды. Онда жоғарғы билік ұдайы шақырылып тұратын халық кеңесінің қолында еді. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына байланысты барлық мәселелерді шешетін. Мысалы, оған басқарушы қызмет адамдарын сайлау және олардың жұмысына бақылау жасау; салық мөлшері және мемлекеттік қаржы-қаражатты жұмсау тәртібі; соғыс ашу және келісімге келу; одақтастарды айқындау; басшылардың іс-әрекеттерін айыптау немесе ақтау және т. с. с. жататын. Халық кеңесіне 20 жасқа жеткен афинылык әрбір азамат қатыса алатын. Саясатқа қатынасу оның бірден-бір лайықты ісі болып саналатын. Бірақ онда толық құқықты азаматтар көп болған жоқ. Құлдардың, әйелдердің, басқа қалалардан Афиныға көшіп келгендердің мұндай құқығы болмады. Көшіп келгендердің жеке бастары бос болғанымен халық кеңесіне, сотқа қатыстырылмады, мемлекеттік қызметтерге сайланбады. Олар тек мемлекетке сіңірген ерен еңбегінің, асқан зор қызметінің арқасында ғана ондай дәрежеге жететін. Толық құқықты азаматгар көп болса, оларды басқару қиынға түседі деп, ондайлардың санын аса көбейтпеді. Халық кеңесімен қатар демократиялық жолмен сайланатын бесжүздік (бес жүз адамнан тұратын) кеңесі де болды. Ол_аткарушы орган ретінде күнделікті басқару мәселелерімен шұғылданды. Сонымен бірге ол халық кеңесінде қаралатын істерді дайындады.
Афины мемлекеттік құрылысының үшінші маңызды демократиялық органын оң бөлімнен тұратын халық соты кұрды. Істің қандай бөлімде қаралатындығы сот болатын күні жеребе арқылы шешілетін. Бұл пара алушылық сияқты зиянды әдеттерге жол бере қоймайды. Оның үстіне сот мәжілістері ашық жүргізілетін. Ол да сотты әділ жүргізуге кепілдік ететін. Зандар халық жиналысында қабылданатын. Афинының азаматтары өзін еркін санайтын. Себебі, олар жеке адамдарға емес, заңға ғана бағынатын. Олар соғыс кезінде болсын, бейбіт шақта болсын мемлекетке қызмет ететін.
Ежелгі грек полисінде мемлекет кауым сиякты еді. Қауымның тіршілік негізінде жерге коғамдык меншік жатты. Әрбір толық құкыкты азамат меншікке иелік етіп, жерді пайдалана алатын. Өзіне тиісті үлесін кожасы мұра етіп қалдыра алатын, сатқысы келсе сататын. Бірақ ол жер өңделмесе, қауым оны басқа біреуге бере алатын. Полисте азаматтық қоғам мен мемлекет ажыратылмады. Азамат және мемлекеттің құқығы мен міндеттері біртұтас еді. Сондықтан өз құқығын басқа біреуге беру деген ойға да келмеді. Ондай жағдайда азамат толық құқығынан айырылғандай болып көрінетін. Антикалық демократия тура демократияға жатты. Әрбір еркін азамат мемлекеттік билеуге қатысуға құқықты және міндетті болатын. Сондықтан адам мен мемлекеттің арасында қазіргідей партия, парламент, бюрократия сияқтылар болған жок. Афинылық демократия Перикдтің (б.з.б. 490 -- 429) басшылық еткен дәуірінде әсіресе гүлденіп өркендеді. Бұл кез афинылық демократияның алтын ғасыры болып саналады.
Шынындада, асқан саясаткер, керемет шешен, білімді де білгір Перикл халык көсемі болып есептелді және тиранияға қарсы тұрды. Оның басшылығымен жүргізілген реформаларда билікті барлық ерікті адамдарға мүмкіндігінше біркелкі бөліп беру қарастырылды. Ол орта және ұсақ жер иелерін демократияның тірегі ретінде санап, оларды қолдады. Ол өлгеннен кейінгі жылдары саяси және экономикалық теңдік біртіндеп бұзылып, жойыла бастады. Азаматгардың мүлік теңсіздігі ұлғайды, әдет-ғұрып бүлініп, көпшілік тарапынан азшылыққа бассыздық, зорлық-зомбылық көбейді. Осының бәрі демократиялық принциптерді әлсіретіп, төмендетті. Б.з.б. 322 жылы афинылық демократия құлап, қала Македонияға тәуелді болып қалды. Афиныда демократиялық басқару түрі сақталып, бірақ халық кеңесі шың мәніндегі биліктен айрылды.
Афиныдағы сияқты демократиялық мемлекет Ежелгі Римде де болды. Мұнда демократия одан әрі дамыды. Институционалдық және әлеуметтік билік бөлінді. Басы бос, бірақ саяси тең құқы жоқ төменгі топтың адамдары мен ақсүйектер арасындағы дау-жанжалдың нәтижесінде халықтық трибунат деп аталған, халық билігін білдіретін жаңа орган пайда болды. Соның арқасында адамзат тарихында бірінші болып биліктің аралас түрі дүниеге келді.
Тұңғыш демократиялық мемлекет б.з.д. V ғасырда Афиныда дүниеге келген. Мұнда "халық кеңесі" жұмыс істеді. Ол мемлекеттің ішкі, сыртқы саясатын жүргізді, соғыс ашу, соғысты тоқтату шешімдерін қабылдады, т.с.с. Бірақ халық кеңесіне қатыса алмайтын толық құқығы жоқ азаматтар да болған. Оларға Афиныға басқа жақтан көшіп келген азаматтар, сол елде тұратын әйелдер мен құлдар жатады. Халық кеңесі толық құқықты азаматтар көп болса, оларды басқару қиындыққа түседі деп қорықты.
Халық кеңесімен қатар бес жүз адамнан тұратын кеңес жұмыс істеді. Оны "бесжүздік" деп атады. Олар халық кеңесінде қаралатын мәселелерді дайындады.
Сонымен қатар "халық соты" жұмыс істеді. Ол қылмыс жасаушыларды жазалап отырды. Афинылық демократия Периклдің (б.з.б. 490-429) басшылық еткен дәуірінде гүлденіп өркендеді. Бұл уақыт афиналық демократияның алтын ғасыры болып саналады. Периклдің уақытында барлық билік мүмкіндігінше біркелкі бөлінді. Демократия Ежелгі Римде де болған. Мұнда "халықтық мінбе" жұмыс істеді. Мұның құрамында ақсүйектер де, төменгі топ өкілдері де болған.
Бірақ бұл демократияның өрескел жақтары да болды. Азаматтық құқық барлық адамда болған жоқ, себебі қоғам адам өміріне араласты.
Антикалық демократиядан бастау алған классикалық демократияның өзгешелігі болды. Мұнда саясатқа барлық тап өкілдері қатыса алды. Олар өз көзқарастарын білдіріп, ортақ шешім қабылдады.
Иозеф Шумпетер (1883-1950) демократияның "Шумпетерлік" теориясын жасады. Шумпетердің ойынша, демократияның ойдағыдай жұмыс істеуі үшін төрт жағдай қажет:
1 Маңызды мемлекеттік қызметтерге сайлауға болатын айтарлықтай билікті, маман өкілдері тобы болу тиіс.
2 Саяси органдар халық жақсы қабылдап, оларға өз көзқарастарын айта алатын шешімдер қабылдауы керек.
3 Жауапкершілікті толық сезінетін, қызмет орнының абыройын жоғары бағалайтын дайындығы бар жақсы ұйымдасқан бюрократия болуы керек.
4 Демократиялық өзін-өзі бақылау болғаны өте маңызды. Мұнда топ өкілдері қандай мәселе болмасын халық мүддесін бірінші орынға қоюы керек.[5]
Демократиялық социализм тұжырымы - демократиялық социализмді әлеуметтік-саяси қозғалыс немесе саяси-идеялық ағым ретінде қарастыруға болады. Демократиялық социализм - кұрделі және көпқырлы ұғым. "Демократиялық социализм" ұғымын бірінші рет 1888 жылы Д.Б. Шоу демократиялық социалистік реформизмді түсіндіру үшін қолданды. Демократиялық социализм тарихы - жұмысшылар қозғалысының тарихымен тікелей байланысты. Жұмысшылар қозғалысының дамуы XIX ғасырдың соңы мен XX ғасыр бойы демократиялық-социализм ұғымын түбірімен өзгертіп жіберді. Демократиялық социализм капитализмге балама ретінде пайда болған. Бұл тұрғыда демократиялық-социализм марксистік идеяның маңызды қағидаларын ұстанды, яғни капитализмді жою, жалпы теңдік, өндіріс құралдары көптікі және т.б. идеялар арқылы қоғамды түбірімен өзгерту, пролетариаттың (жұмысшының) үстемдігін орнату. Кейбіреулер марксистер ұсынған капитализмді жойып, социализмге өту төңкерістік жолын қолдады. Алайда нақты өмірде демократиялық социализм бұл қағидаларды емес, тек қана саяси-қоғамдық институттар мен жалпы қабылдаған ойын ережесін мойындады. Демократиялық-социализм негізіндегі партиялар парламенттік партияларға айналды және де жұмыс табының үстемдік етуші жүйемен интеграцияға түсуіне мүмкіндік берді. Бұл көзқарас бойынша демократиялық-социализмнің кейінгі тарихын марксизмнен біртіндеп алшақтау тарихы ретінде қарастыруға болады. Авторитарлық социализмнің (марксистік идея бойынша, пролетариаттың диктатурасы) пайда болу мүмкіндігін алдын ала болжаған демократиялық-социализмнің реформашылары өздерінің негізгі мақсаты демократиялық социализм орнату деп жариялады.
Демократиялық социализм теориясын негіздеген, әрине, алмандық демократиялық-социалистер атынан Бернштеин екені айқын. Бұдан басқа фабиандық, ағылшындық және гильдейлік социализм, поссибилизм және т.б. француздық социализмнің реформистік ағымдары демократиялық социализмнің дамуына едәуір үлес қосты. Сондай-ақ австромарксизм, әсіресе оның большевизм мен ленинизмге қарсылық білдірген, идеялық басшылары О. Бауэр, М. Адлер, К. Реннерді де айтуға болады. Демократиялық социализмнің көздегені - шынымен еркін қоғам орнату, мемлекеттің негізгі мақсаты - әрбір жеке тұлғаның еркін қорғау.[6]
Демократияның тобы топ (элитарлық) теориясы бойынша халық саясаттан шеттетіледі. Ал саяси шешімді аз ғана топ қабылдайды. Ол іріктелген, қалаулы топ болуы қажет.
Демократияның марксистік теориясында тапқа үлкен мән береді.
"Ақпараттық демократияның" негізін салушы Франция саясаттанушысы М.Рокар. Оның демократиясы сайланған адамдар, ақпарат құралдары және сайлаушылар арасындағы өзара байланыс негізінде құралады. Халық өзінің таңдау құқығын ақпарат хабарларының еркін таралу жағдайында ғана іске асыра алады. Демократияның экономикалық теориясында саясат билік қатынастарын нарықтық қатынастармен байланыстырады. Тура демократияда халық маңызды саяси шешімдерді қабылдауға, билік жүргізуге тікелей қатысады. Оның ұтымды жақтары:
-халықты саясаттан шеттетпейді, саяси жүйенің тұрақтылығын және басқарудың ұтымдылығын арттырады;
-халықтың белсенділігін дамытып, тұлғаның өзін-өзі көрсетуіне, танытуына жол ашады;
-саяси институттар мен қызмет адамдарын бақылаудың ықпалдылығын қамтамасыз етеді, билік мұратын теріс пайдаланудан сақтайды, басқарушы төбе топтың халықтан алшақтануына, шенеуніктердің бюрократтануына жібермейді. Тура демократияға референдум, плебисциттер жатады. Референдумға маңызды заң шығару немесе ішкі және сыртқы мәселені шешу үшін сайлаушылардың көңілін білдіруі жатады. Мысалы: Қазақстан Республикасында референдум арқылы Президенттің өкілдігі ұзартылады.
Плебисцитарлық демократияда азаматтардың саяси ықпалы кемиді оларға сайлау арқылы заңның немесе басқа шешімнің жобасын қабылдау немесе қабылдамау құқығы беріледі. Оны президент, үкімет, партия, т.с.с. дайындайды. Мұнда халықтың жобаны дайындауға қатынасу мүмкіндігі аз. Өкілдік демократияда халықтың еркі депутаттарға және биліктің өкілетті органдарына беріледі. Азаматтар өздерінің көзқарастарының, мақсаттарының, бағдарламаларының ниеттестігіне байланысты депутаттарды сайлайды, оларға өз мүдделерін қорғауды сеніп тапсырады. Қазіргі Қазақстан Республикасында демократиялық белгілер бар, қазір соны жүзеге асыру үшін көптенген жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Республикасы өзін егеменді, зайырлы, демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде деп жариялады. Қабылданып жатқан заңдарда адамдардың негізгі құқықтары мен бостандықтары көрсетіліп, заң мен сот алдында теңдестірілген. Әркім өзінің жанына жақын саяси мұраттарды ұстануға ерікті. Сөз және баспасөз бостандығы, соның ішінде сынау құқығы да заң жүзінде бекітілген.[7]

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ДЕМОКРАТИЯ НЫСАНДАРЫ

Қазақстан Республикасының Конституциясында: "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбатты қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандығы. Республика қызметінің түбегейлі принциптері қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм, мемлекет әмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық, әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентке дауыс беру арқылы шешу" деп көрсеткен (Жалпы ережелер, 1-бап).1990 жылы 25 қазанда, КСРО тарамай тұрғанда-ақ, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Одан кейінгі мерзімде бұл Декларация конституциялық, күші бар Жарлықтармен толықтырылды.1995 жылы 30 тамызда республикалық референдум нәтижесінде жаңа Конституция қабылданды.Қазақстан Республикасының егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді.Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді. Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иеленіп кете алмайды.Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінеді, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады.
"Қазақстан халқы" деген конституциялық ұғым жергілікті қазақ ұлтымен тарихи тағдыры бір және ежелгі қазақ жерінде тұрақты дамыған көп сатылы біртұтас экономика мен жарқын өмір салтының негізінде ортақ тілекпен топтасқан адамдардың саяси этностық бірлігі болып табылатын Қазақстан халқының әлеуметтік ерекшелігін; Конституциялық жолмен белгіленген ұлттық, кәсіптік және азаматтық теңдігін, тең қолданылатын мемлекеттік және ресми тілдерді - сан қырлы қазақстандық мәдениет пен туысқандық менталитетті барынша нығайта түседі.
Қазақстан Республикасы - демократиялық мемлекет.Біздің Республикамыздың жағдайында демократиялық мемлекет - ең алдымен Конституция қабылдап, тікелей мемлекет басшысын және Парламентті сайлайды, өкілетті мерзімі біткен соң оларды ауыстыруға халықты құрылтайшылар арқылы қатыстырады. Басқару тәртібінің нысанына (президенттік, парламенттік) қарамастан, мемлекеттің жоғарғы органдары арқылы көпшіліктің еркін анықтауға және барынша жүйелі қорғауға қажетті жағдайлар жасайды.Сонымен қатар демократиялық мемлекет әлеуметтік және ұлттық нысандарына, тағы басқа да ерекшеліктеріне қарамастан жекелеген азаматтардың өз мүддесін білдіруіне, оның есепке алынуына да мүмкіндік береді. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес сөз, ар ұждан бостандығы, тілі мен ұлтын өзі анықтауын қамтамасыз ете отырып, бірлесу, митингілер, демонстрациялар, шерулер өткізу ереуілге шығу құқығымен қоса, жекелей және ұжымдық, еңбек дауын шешу, сондай-ақ мемлекеттік қызметке араласып, мемлекеттік, тағы басқа да істерді басқару қызметіне қатысуға тең құқықтар беріледі.Демократиялық мемлекеттің сипаттық ерекшелігі республика азаматтарының мемлекеттік қызметке араласуын ретке келтіру болып табылады. Мемлекеттік қызмет институтын реттеу 1995 жылғы Конституцияда қарастырылды. Демократиялық мемлекет ретіндегі Республика қызметінің түбегейлі принциптерінің бірі - қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық. Демократиялық мемлекет саяси тәртіп жүргізудің демократиялық тәсілдері мен әдістерін көбірек қолданады.
Қазақстан Республикасы - зайырлы мемлекет. Бұл ұғым Қазақстандағы діни мекемелер мен діннің мемлекеттен ажыратылғандығын білдіреді. Қазақстандағы ислам мен православиелік, тағы басқа нанымдық ағымдардың ісіне мемлекет араласпайтындығын білдіреді. Діни негізде партия құруға жол берілмейді. Мемлекет органдары қағидалық заң негізінде емес, Конституция негізінде құрбылы,жұмыс істейді.Сонымен бірге әркімнің ар-ұждан бостандығына құқығы бар, оны жүзеге асыру мемлекет алдындағы міндет. Наным немесе атеизм мәселесі - әркімнің өзіндік ұстанымы. Елдегі дін қабылдау бостандығы мен діни бірлестіктердің жұмысы жөніндегі заңдылықтарды мемлекет белгілеп, бақылайды. Қазақстан аумағында шетелдік діни бірлестіктердің жұмыс істеуі, ол орталықтардың Республикадағы діни бірлестік жетекшілерін тағайындауы тек тиісті мемлекеттік органдардың келісімі бойынша ғана асырылуы мүмкін.Қазақстан - құқықтық мемлекет.
Қазақстан Республикасының Конституциясы - құқықтық мемлекеттің бастауы әрі шарты.Оның негізгі принциптері:азаматтар үшін - "заңды тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі" ,мемлекеттік органдар мен лауазым иелері үшін - "заңда нақты не көрсетілсе, соған ғана рұқсат" болып табылады.Құқықтық мемлекет жұртшылық пен мемлекеттік лауазым иелерінің құқықтық мәдениетін арттыруды, барлық заң жүйесін жақсартып, әділеттілікті жоғары дәрежеге көтеруді мақсат тұтады. Құқықтық мемлекеттің сапалық белгісі - адам және азамат құқығы мен бостандығына халықаралық, өлшем деңгейінде кепілдік беру болып табылады. Сот билігінің тәуелсіздігі мемлекет пен азаматтың өзара қатынасының дәйекті жүргізілетініне кепілдік бере алады. Конституция нормаларында атаған белгілер айқын көрініс тапқан.Қазақстан - әлеуметтік мемлекет. Конституцияда көрсетілгендей, Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет болуымен қатар, әлеуметтік мемлекет болып та табылады.Әлеуметтік мемлекет жекелеген топтарға немесе ұлыстарға емес, тұтас қоғам мен азаматтарға қызмет етеді. Ол мемлекеттік қор есебінен барлық азаматтарға мүмкіндігінше игіліктер көрсетіп, қоғамдағы ауыртпалықтарды да теңдей бөлу жолымен әлеуметтік теңсіздікті болдырмауға әрекет етеді. Мемлекеттің әлеуметтік сипатын Республика Конституциясында көрсетілгендей, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, халықты жұмыспен қамтамасыз ету, еңбекті қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру және жағдайы төмен отбасыларына көмектесу сияқты шаралардан көруге болады. Әлеуметтік мемлекет азаматтың ең төменгі күнкөріс қажеті мен өмір сүрудің лайықты жағдайларын жасауды талап ету құқығын мойындацды. Бұған денсаулық пен адам өміріндегі қауіпсіздік мәселелері де кіреді.Бұл шараларды әлеуметтік мемлекет жалпы және мақсатты әлеуметтік бағдарламалар арқылы жүзеге асырады. Қоғам мен азаматтардың нақты бір категорияларының мүддесі үшін күрделі экономикалық жоспарлауға және бюджеттік қаржыландыруға жүгінеді. Мәселен, Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылғы желтоқсанда "1996-1998 жылдары реформаны тереңдету жөніндегі іс-қимыл бағдарламасын" қабылдады. Оның негізгілерінің бірі - "әлеуметтік саясат" аталатын үшінші бөлім болды. Сондай-ақ 1995 жылы желтоқсанның 19-ында Қазақстан Республикасының Президенті қабылдаған "Қазақстан Республикасы тұрғындарының әлеуметтік тұрмыс жағдайларын жақсарту жөніндегі шаралар туралы" Жарлығы да осындай игілікті істердің қатарына қосылады.Алайда әлеуметтік мемлекетті "Социалистік мемлекет" деген ұғыммен шатастыруға болмайды. Әлеуметтік мемлекет нақтылы экономикалық мүмкіндіктерге сай әлеуметтік қамқорлықтарды өз міндетіне алады және азаматтардың еңбек пен кәсіпкерлік белсенділігінің төмендеп, теңгермелік көңіл-күйдің болуына жол бермейді.
Сондықтан Қазақстан Республикасы Конституциясының екінші бөлімінде азаматтың құқығы, бостандығын және міндетін бекіте отырып, жеке адамның өмірін және еркін жетілуін қамтамасыз ету мемлекеттің міндеті емес, алдымен оның өзінің санасы мен ерік-жігерінің ісі екендігін атап көрсетеді. Әлеуметтік мемлекет бірінші кезекте жеке бастамалар мен қоғамдағы экономикалық еркіндік үшін қажетті жағдайлар туғызуға міндетті. Осы жағдайлар арқылы "бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму" үйлестіріледі.Республикалық референдум - Конституция, Конституциялық заңдар мен басқа да Қазақстан Республикасының мемлекеттік өміріндегі өте маңызды мәселелер жөніндегі шешімдердің жобалары бойынша, Республиканың барлық аумағында өткізілетін бүкілхалықтық дауыс беру. Бұл халық билігін тікелей жүзеге асырудың ең маңызды тәсілі саналады. Референдум қабылдаған шешім ең жоңғары талап етуші күшке ие. Оның Қазақстанның барлық аумағына бірдей міндетті күші бар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет нысанының түсінігі. Мемлекет нысаны түрлері
Саяси режимнің негізгі типтері және оларды жіктеу принциптері
Саяси режимдердің ерекшеліктері
Саяси режимнің негізгі түрлері, типтері және принциптері
Саяси режим туралы
Мемлекеттің механизмі
САЯСИ РЕЖИМ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Мемлекет нысаны тарихи тәжірибе және қазіргі проблемалар
МЕМЛЕКЕТТІҢ ТИПТЕРІ
Басқару нысаны ретінде
Пәндер