Жалпы әлемдік экологиялық проблемалар



Ауа бассейінінің ластануы.
Адам баласы үшін орасан зор пайдалы ауа бассейіні соңғы жылдары күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Ең бастысы ауаның ластануы. Атмосфера ауасының сапалық күйінің көрсеткіштері оның ластану дәрежесі болып саналады. Егер атмосфера ауасында ластағыш заттардың шекті мөлшерлі концентрациясы қалыпты құрамнан асып кетсе, онда ауаны ластанған деп санайды.
Ластағыш заттардың негізгі көздері - өнеркәсіп, автокөліктер, зауыт, жылу энергетикасы, соғыс қаруларын сынау , космос корабльдері мен ұшақтар т.б. Жоғарыда аталған обьектілерден атмосфераға түскен заттар ауа құрамындағы компоненттерінің қатысуымен химиялық немесе фотохимиялық өзгерістерге ұшырайды. Содан соң пайда болған химиялық өнімдер суға, жерге түсіп, барлық тірі организмдерді, ғимараттарды, құрылыс материалдарын бүлдіреді.
Атмосфера құрамындағы оттегі мен көмірқышқыл газының тұрақты болуы жалпы ауа бассейінінің тепе - теңдігіне әсер етеді. Мәселен, оттегі тірі организмдер үшін тыныс алуды қамтамасыз ете отырып, топырақ пен судағы бүкіл химиялық реакцияға қатысады. Оттегі жетіспеген жағдайда жануарлар мен адамдар тұншыға бастайды. Оның өндіруші көзі – жасыл өсімдіктер әлеміндегі үздіксіз жүріп жатқан фотосинтез процесі. Көмірқышқыл газының да ауадағы шексіз мөлшері көбейсе адамдар мен жануарлардың тыныс алуы нашарлайды. Сондықтан ауа құрамындағы негізгі екі газдың тепе - теңдік мөлшері қатаң сақталуы тиіс. Міне, осы жағдайлардан бүкіл әлемдік атмосфера экологиялық дағдарысқа ұшырап отыр. Ауаны ластауға жер шарындағы мемлекеттер өзінің экономикалық даму деңгейіне қарай түрліше үлес қосып отыр.
Қазақстан жағдайында ауа бассейінінің ластануы көбінесе қатаң континентальды ауа райына да байланысты. Жауын – шашын мөлшері өте аз болғандықтан, ауаның табиғи тазаруы нашар. Оның үстіне үнемі соғатын күшті желдер біркелкі емес.
Атмосфера ауасын ластайтын заттардың негізгі көзі - автокөліктер мен оған қолданылатын қорғасын аккумуляторы. Жапония, Ирак т.б елдерде осы заттармен адамдардың улануы жиі болатындықтан, қазір көптеген елдерде балық аулауда, мылтық оқтарына қорғасынды пайдалануды

Ауа бассейінінің ластануы.
Адам баласы үшін орасан зор пайдалы ауа бассейіні соңғы
жылдары күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Ең бастысы ауаның ластануы.
Атмосфера ауасының сапалық күйінің көрсеткіштері оның ластану
дәрежесі болып саналады. Егер атмосфера ауасында ластағыш заттардың
шекті мөлшерлі концентрациясы қалыпты құрамнан асып кетсе, онда ауаны
ластанған деп санайды.
Ластағыш заттардың негізгі көздері - өнеркәсіп, автокөліктер,
зауыт, жылу энергетикасы, соғыс қаруларын сынау , космос корабльдері
мен ұшақтар т.б. Жоғарыда аталған обьектілерден атмосфераға түскен
заттар ауа құрамындағы компоненттерінің қатысуымен химиялық немесе
фотохимиялық өзгерістерге ұшырайды. Содан соң пайда болған химиялық
өнімдер суға, жерге түсіп, барлық тірі организмдерді, ғимараттарды,
құрылыс материалдарын бүлдіреді.
Атмосфера құрамындағы оттегі мен көмірқышқыл газының тұрақты
болуы жалпы ауа бассейінінің тепе - теңдігіне әсер етеді. Мәселен,
оттегі тірі организмдер үшін тыныс алуды қамтамасыз ете отырып,
топырақ пен судағы бүкіл химиялық реакцияға қатысады. Оттегі
жетіспеген жағдайда жануарлар мен адамдар тұншыға бастайды. Оның
өндіруші көзі – жасыл өсімдіктер әлеміндегі үздіксіз жүріп жатқан
фотосинтез процесі. Көмірқышқыл газының да ауадағы шексіз мөлшері
көбейсе адамдар мен жануарлардың тыныс алуы нашарлайды. Сондықтан
ауа құрамындағы негізгі екі газдың тепе - теңдік мөлшері қатаң
сақталуы тиіс. Міне, осы жағдайлардан бүкіл әлемдік атмосфера
экологиялық дағдарысқа ұшырап отыр. Ауаны ластауға жер шарындағы
мемлекеттер өзінің экономикалық даму деңгейіне қарай түрліше үлес
қосып отыр.
Қазақстан жағдайында ауа бассейінінің ластануы көбінесе қатаң
континентальды ауа райына да байланысты. Жауын – шашын мөлшері өте аз
болғандықтан, ауаның табиғи тазаруы нашар. Оның үстіне үнемі соғатын
күшті желдер біркелкі емес.
Атмосфера ауасын ластайтын заттардың негізгі көзі - автокөліктер
мен оған қолданылатын қорғасын аккумуляторы. Жапония, Ирак т.б елдерде
осы заттармен адамдардың улануы жиі болатындықтан, қазір көптеген
елдерде балық аулауда, мылтық оқтарына қорғасынды пайдалануды шектеп
отыр.
Сондықтан, ауаға зиянды заттардың шығарылуын реттеу, технологияны
жетілдіру, өндіріске қалдықсыз және аз қалдықты технологияны енгізу
мен шығарынды заттарды қайта өңдеп пайдаға асыру бүгінгі күннің
қатаң талабы болмақ.

Су қоры
Дүниежүзілік су қорының ластануы бүкіл адамзат қауымының
алаңдатып отыр. Бұл мәселе Қазақстанға тән. Судың ластануы көп түрлі
әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады.
Су айдындарының ластануын былай топталады:
1. Биологиялық ластану; өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш
бейімді заттар;
2. Химиялық ластану; уытты және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер;
3. Физикалық ластану; жылу-қызу, электрмагнитті өріс, радиоактивті
заттар.
Судың сапасы, ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады.
Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы, еріген бөлшектер,
температура әр түрлі болуы мүмкін. БҰҰ-ның зерттеулурі бойынша 2000
жылдары 30% - ке жетпек. Ол жағдайда жер шарының орташа температурасы
0,1 С- ге, ал 2005 жылдары екі есеге өсе түсетіні дәлелденді.
Жер шарының осылайша жылып кетуі дүниежүзілік мухиттардың
деңгейін 1,5 метрге көтеріп, планетамызда топан су қауіпін туғызары
сөзсіз.
Мухиттардың көтерілуі адамзат үшін қауіпті проблема. Міне,
осының бәрі жылу эфектісінің әрекеті болғандықтан оның жүру
механизімін бәріміздің де білгеніміз жөн.

Озонның жұқаруы.
XIX ғасырдың 80- жылдарында атмосфера қабатында озонның кейбір
жерлерде жұқаруы байқалған. Мәселен, 1987 жылы Антарктида тұсында
байқалып озонның мөлшері күрт азайып, космостық станцияның
фотосуреті бойынша ол 7млн км2 аумақты қамтыған. Ал осы жағдай 1992
жылы Оңтүстік Америка тұсында байқалған.
Осыған байланысты БҰҰ жанынан ғылыми кеңес құрылып озонның
жұқару себебін зерттеу басталды. Нәтижесінде, оның негізгі
көзі – хлорфторкөміртектік (фреондар) қосылыстар екені
анықталды. Осы химиялық қосылыс атмосфераға көтеріліп, фотохимиялық
ыдырауларға ұшырап, хлор тотығын түзеді. Ол өз кезегінде озон
молекуласын ыдыратып жойып отырады. Нәтижесінде озонның жұқару
процесі басталып, Космостан келетін зиянды ультракүлгін (УК)
сәулелердің еркін өтуіне жол беріліп, бүкіл тіршілік атаулыға қауіп
төндіреді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау (ВОЗ) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемдік экологиялық проблемалар жайлы
Семей ядролық полигонының экологиялық проблемалары
Мұхитты экологиялық қорғау жолдары
Әлемдік мұхит проблемалары
Экологиялық мектептердің қалыптасуы
Әлемдік мәселелердің экономикалық жақтары
Ғаламдық экологиялық проблемалар түрлері
Ғаламдық экологиялық проблемалар
Экологиялық кризистер және экологиялық катастрофалар
Ұлттық экологиялық проблемалар
Пәндер