Абай мен Пушкин шығармаларындағы үндестік



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.АУДАРМАТАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1. Аударманың жалпыадамзаттық сипаты және рухани мәні ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Тәржіменің тарихы мен тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3.Аудармадағы поэтика мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

2.АБАЙДЫҢ ҮНДЕСТІК ТАПҚАН АҚЫНЫ
2.1.Абайдың үндестік тапқан ақыны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
2.2.Абайдың өлеңдерді аударғандағы аудармашылық
таланты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
2.3.Лермонтов өлеңдерінен Абайдың тәржімалаған
аудармалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35

3.АБАЙ МЕН ПУШКИН ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҮНДЕСТІК
3.1.Абай мен Пушкин ұқсастығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47
3.2.Абай мен Пушкин поэзиясындағы үндестік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .50
3.3.Абай мен Пушкин есімі әрқашан ел есінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..57

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..63
Тақырыптың өзектілігі. Дипломдық жұмыста қазақ өлең аудармасының қалыптасу, даму белестері мүмкін болғанынша түгел қамтылады. Поэтикалық тәржіменің жалпы тарихына қысқаша шолу жасау, аудармаға әр замандағы көзқарастарды саралап айту арқылы өлең аудармасының барлық тілдерге ортақ заңдылықтары ашылып, өзіндік қасиеттері, мүмкіндіктері көрсетіледі.
Зерттеудің өзектілігі, біріншіден, Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде халықаралық қарым-қатынастар жүйесінің жаңа деңгейіне ауысуымен, екіншіден, жаһандану үдерісінің бүкіл әлемді қамтыған ауқымына орай аударманың біздің өмірімізде алар орны алдағы кезеңде айрықша арта түсетіндігімен байланысты.
Қазақ поэзия аудармасының арғы-бергідегі жүріп өткен жолын, бел-белестерін бажайлау, ізденістері мен іркілістерін саралау – ұлттың көркемдік ойының бүгінгі биігін бағамдаудың, алда алар асуларын белгілеудің бір жолы. Бұл жолға талдау жасау арқылы тәржіменің халқымыз тарихында қандайлық қомақты орын алғанын ғана емес, сонымен бірге келешек замандарда атқарар рөлінің де бөлекше болатынын көрсете аламыз.
Бүгінгі таңда аударма қазақ тіліне әлем әдебиетінің ең шоқтықты шығармаларын төгілте түсіру арқылы мемлекеттік тіліміздің мәртебесін асыруға ықпал жасай алады. Қазақ поэзия аудармасының мұндай кемелдікке келу кезеңдерін теориялық тұрғыдан тұжырымдай талдау оның келешектегі көркемдік көкжиегін кеңейту жолдарын қарастыруға септесетін болады.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев : «Абайдың сөзі – қазақтың бой тұмары. Абайдың мұрасы – қазақтың ең қасиетті қазынасы. Замандар ауысып ,дүние дидары өзгерсе де, халқымыздың Абайға көңілі айнымайды , қайта уақыт өткен сайын оның ұлығының тың қырларын ашып жаңа сырларына қаныға түседі.Абай өзінің туған халқымен мәңгі – бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы Яқалың елін , қазағын жаңа биіктерге , асқар асуларға шақыра береді .
Абайдай данышпан перзентті дүниеге әкелген қазақ халқы ата – бабаларының арманы болып келген ел тәуелсіздігін көзіннің қарашығындай сақтайтынына , қорғайтынына сенемін.
Ылайым, халқымыз Абай армандаған өмірге жетсін деп тілеймін» деген. [1]
Зерттеудің басты нысаны – ХІХ ғасырдың соңғы ширегі мен ХХ ғасырдағы поэзия аудармасы. Сонымен бірге, қазақ тіліне арғы-бергіде аударылған өзге туындылар да қарастырылды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеті. Абайдың аудармашылық шеберлігін зерттеу. Зерттеу нысаны аударма өлеңдері болып келеді.
1. «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
2.Любимов Н. Перевод – искусство. Мына кітаптан: Перевод – средство взаимного сближения народов. М., 1987.
3. Әуезов М. Уақыт және әдебиет. А., 1962.
4. Университетское переводоведение. Выпуск 3. СП. 2002.
5.Оболенская Ю.Л. Художественный перевод и межкультурная коммуникация. М.
6. Бахтин М.М. Эстетика словесного творчества. М., 1979.
7.Фасмер М. Этимологический словарь русского языка. В четырех томах. СП. “Азбука”, 1996. Т. ІV.
8. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1994.
9. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері. А., 1986.
10. Нелюбин Л. Толковый переводоведческий словарь. М., 2004.
11.Левый И. Состояние теоретической мысли в области перевода. Мастерство перевода – 1969. М., 1970.
12. Елеукенов Ш. Сұлулыққа іңкәрлік. А., 1999.
13. Сурат И. Кто из богов мне возвратил… Новый мир. 1994, ¹9.
14. Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. А., 1984.
15.Сейітжанов Қ. Алтын Орда дәуірі түркі классикалық поэзиясының көркемдік ерекшеліктері және қазақ әдебиетімен дәстүр сабақтастығы (“Мұхаббат-нама”, “Хұсрау-Шырын” поэмалары негізінде). Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған Дипломдық жұмыс. Астана, 2003.
16. Қасқабасов С., Әзібаева Б. Бабалар сөзі. 1 том. Астана,2004,
17.Скосырев П. Наследство и поиски. М., 1961,.
18. Маяковский В.В. Собр. соч. т. 10.
19. Мастерство перевода – 1962.М., 1963.
20. Слуцкий Б. Кому переводить? Иностранная литература. 1972, ¹2.
21.Мырза Әли Қ. Таңдамалы туындыларының көп томдығы. 13-том. А., 2005.
22. Байтұрсынов А. Шығармалары. А., 1998.
23. Қабдолов З. Сөз өнері. А.,1976.
24. Сыздық Р. Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі. А., 2004.
25. Кашкин И. Для читателя-современника. М., 1968.
26. Огнев В.Горизонты поэзии. М., В двух томах. 2-том.
27. Мағауин М. Ғасырлар бедері. А., 1991.
28. Талжанов С. Аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері. А., 1975.
29. Сдобников В., Петрова О. Теория перевода. М., 2006.
30. Алексеева И. Введение в переводоведение. М.-С-П., 2006
31. Нұртазин Т. Абай және орыстың классикалық әдебиеті. Майдан. 1945.
32. Полубиченко Л. Глобализация как бесконечный процесс перевода с английского. Четвертые Федоровские чтения. Вып. 4. С-П. 2003.
33.“Абай тілі сөздігі” – Қаз. СССР-ң “Ғылым” баспасы. Алматы – 1968.
34. Абай энциклопедиясы – Атамұра баспасы.
35. М.Ю.Лермонтов “Шығармалар” – Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы. Алматы – 1956.
36.М.Ю.Лермонтов “Стихотворение, Поэмы, Маскарад” – Издательство “Художественная литература”. Москва – 1972.
37.М.Ю.Лермонтов “Стихотворение, поэмы” – “Художественная литература”. Москва – 1980.
38.Әуезов М.О. «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» (Ибраһим
Құнанбайұлының ғұмырнамасы) Алматы.1997.
39. Әуезов М.О. «Абай Құнанбаев» Алматы» 1995.
40. Ысмағұлов Ж. « Абай: Даналық дәрістері» Алматы « Өнер» 2008.
41. ( бас ред. Нұрғалиев Р.Н.) «Абай» (Энциклопедия) Алматы «Атамұра»
42. Мағауин М. Ғасырлар бедері. А., 1991,.
43.Талжанов С. Аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері. А., 1975.
44.Сдобников В., Петрова О. Теория перевода. М., 2006.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.АУДАРМАТАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1. Аударманың жалпыадамзаттық сипаты және рухани мәні ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Тәржіменің тарихы мен тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3.Аудармадағы поэтика мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

2.АБАЙДЫҢ ҮНДЕСТІК ТАПҚАН АҚЫНЫ
2.1.Абайдың үндестік тапқан ақыны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
2.2.Абайдың өлеңдерді аударғандағы аудармашылық
таланты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
2.3.Лермонтов өлеңдерінен Абайдың тәржімалаған
аудармалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35

3.АБАЙ МЕН ПУШКИН ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҮНДЕСТІК
3.1.Абай мен Пушкин ұқсастығы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...47
3.2.Абай мен Пушкин поэзиясындағы үндестік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..50
3.3.Абай мен Пушкин есімі әрқашан ел есінде ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .57

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..63





КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Дипломдық жұмыста қазақ өлең аудармасының қалыптасу, даму белестері мүмкін болғанынша түгел қамтылады. Поэтикалық тәржіменің жалпы тарихына қысқаша шолу жасау, аудармаға әр замандағы көзқарастарды саралап айту арқылы өлең аудармасының барлық тілдерге ортақ заңдылықтары ашылып, өзіндік қасиеттері, мүмкіндіктері көрсетіледі.
Зерттеудің өзектілігі, біріншіден, Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде халықаралық қарым-қатынастар жүйесінің жаңа деңгейіне ауысуымен, екіншіден, жаһандану үдерісінің бүкіл әлемді қамтыған ауқымына орай аударманың біздің өмірімізде алар орны алдағы кезеңде айрықша арта түсетіндігімен байланысты.
Қазақ поэзия аудармасының арғы-бергідегі жүріп өткен жолын, бел-белестерін бажайлау, ізденістері мен іркілістерін саралау - ұлттың көркемдік ойының бүгінгі биігін бағамдаудың, алда алар асуларын белгілеудің бір жолы. Бұл жолға талдау жасау арқылы тәржіменің халқымыз тарихында қандайлық қомақты орын алғанын ғана емес, сонымен бірге келешек замандарда атқарар рөлінің де бөлекше болатынын көрсете аламыз.
Бүгінгі таңда аударма қазақ тіліне әлем әдебиетінің ең шоқтықты шығармаларын төгілте түсіру арқылы мемлекеттік тіліміздің мәртебесін асыруға ықпал жасай алады. Қазақ поэзия аудармасының мұндай кемелдікке келу кезеңдерін теориялық тұрғыдан тұжырымдай талдау оның келешектегі көркемдік көкжиегін кеңейту жолдарын қарастыруға септесетін болады.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев : Абайдың сөзі - қазақтың бой тұмары. Абайдың мұрасы - қазақтың ең қасиетті қазынасы. Замандар ауысып ,дүние дидары өзгерсе де, халқымыздың Абайға көңілі айнымайды , қайта уақыт өткен сайын оның ұлығының тың қырларын ашып жаңа сырларына қаныға түседі.Абай өзінің туған халқымен мәңгі - бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы Яқалың елін , қазағын жаңа биіктерге , асқар асуларға шақыра береді .
Абайдай данышпан перзентті дүниеге әкелген қазақ халқы ата - бабаларының арманы болып келген ел тәуелсіздігін көзіннің қарашығындай сақтайтынына , қорғайтынына сенемін.
Ылайым, халқымыз Абай армандаған өмірге жетсін деп тілеймін деген. [1]
Зерттеудің басты нысаны - ХІХ ғасырдың соңғы ширегі мен ХХ ғасырдағы поэзия аудармасы. Сонымен бірге, қазақ тіліне арғы-бергіде аударылған өзге туындылар да қарастырылды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеті. Абайдың аудармашылық шеберлігін зерттеу. Зерттеу нысаны аударма өлеңдері болып келеді.
Абай аудармамен айналысқан кезде орыс әдебиетіне қанық, орыс тіліне жетік еді. Оның екі тілде еркін ойлайтыны: Айтыңызшы, болсаңыз здравомыслящий деген тәрізді стихиялық жолдардан да аңғарылады. Көркем аударманы орыс тілі қанына сіңген кезде бастаған Абай қол жетпес үлгілер жасай білді. Ол аударма атаулыны жарысқа түсіріп, жалаң еліктеуден, көлбегей көшіруден, болымсыз бөгделеуден құтқарды. Табиға-тында эстет емес, эстетик Абай көкейіне қонатын мәнді, маңызды, күрделі шығармаларды таңдады. Және оларды бұрмалап, берекесіздендіріп обал жасамайды. Кейінгі кейбір эстет ақындарша ұрлыққа жуымай, түпнұсқасын дәл көрсетіп отырды. Ана тілден айна-қатесіз балама тауып, жүректің қанымен жазудың үлгісін жасады. Қазақ тіліне аударуда біздің күні бүгінге шейін Абай тәжірибесіне соқпай, оған мойын ұсынбай өте алмайтынымыз да - бұрқыраған қайнардың қасиеті бар.
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Адамзат аударма арқылы араласып-құраласады. Біз өмір сүріп жатқан әлемнің іштей белгілі бір жүйеге құрылғандығы, адам тіршілігінің кез келген қимыл-қарекеті өзінше шағын жүйе екендігі, онсыз әлемнің тұтас жүйесі жасалмайтындығы белгілі. Адамзат тілдерінің арасында да коммуникацияның өз жүйесі, яғни трансляторы болуы керек. Тілдер арасындағы осындай байланыстырушы жүйенің ең қарапайым шешімі - аударма. Бұл тұрғыдан қарағанда аударма адамзатты біріктіріп тұрған факторлардың бірі деуге де болады.
Дипломдық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Аударма ұғымы - кең ұғым. Зерттеуде тек көркем аударма, соның ішінде поэзия аудармасы ғана сөз етілетін болады. Зерттеудіңтақырыбындағы "өлең аудармасы" тіркесі нақты өлеңнің ғана аудармасы емес, "стихотворный перевод", яғни жалпы өлеңмен жазылған көркем шығармалардың аудармасы деген тұрғыда қолданылып тұр.
Абай аудармамен айналысқан кезде орыс әдебиетіне қанық, орыс тіліне жетік еді. Оның екі тілде еркін ойлайтыны: Айтыңызшы, болсаңыз здравомыслящий деген тәрізді стихиялық жолдардан да аңғарылады. Көркем аударманы орыс тілі қанына сіңген кезде бастаған Абай қол жетпес үлгілер жасай білді. Ол аударма атаулыны жарысқа түсіріп, жалаң еліктеуден, көлбегей көшіруден, болымсыз бөгделеуден құтқарды. Табиға-тында эстет емес, эстетик Абай көкейіне қонатын мәнді, маңызды, күрделі шығармаларды таңдады. Және оларды менменше бейімдеп, бұрмалап, берекесіздендіріп обал жасамайды. Кейінгі кейбір эстет ақындарша ұрлыққа жуымай, түпнұсқасын дәл көрсетіп отырды. Ана тілден айна-қатесіз балама тауып, жүректің қанымен жазудың үлгісін жасады. Қазақ тіліне аударуда біздің күні бүгінге шейін Абай тәжірибесіне соқпай, оған мойын ұсынбай өте алмайтынымыз да - бұрқыраған қайнардың қасиеті бар.
Абайдың ересен білімдар інісі Халиулла орыс классикасымен - Толстойдың, Тургеневтің, Салтыков-Щедриннің, Белинскийдің,
Добролюбовтың шығармаларымен Абайдан бұрын танысып, сол шығармалардан нәрлі үзінділер аударғанын қыр қазағының тұрмысына қанық орыс ғалымдары Н.Максимовтер, Г.Потаниндер, Н.Ядринцевтер растайды. Қағаз жүзінде сақталмай жоғалып кеткен ол аудармалардың сыры, сыпаты, сапасы жөнінде болжау жасауға ғана болады. Реалистік аударма түрғысынан Абайға азды-көпті ықпал жасамады ма екен деп ойлаймыз.
Осы жағынан алып қарағанда, Абайдың аударма өнерінде де жаңалық мол. Абай аудармалары шығарманың контексті мен подтекстін мейлінше терең түсінгендік-ті және соны қазақ үғымына жат етпей, мейлінше жатық етіп бере білушілікті танытады.
Абай аудармалары тілімізді байыта түсті. Жаңа үғымдар, тың теңеулер, эпитеттер, соны сөз орамдарын, сөз айшықтарын туғызды. Поэзиямызда жаңа ырғақ, жаңа әуен пайда болды. Ойлаудың бейнелі жаңа түрлері шықты.
Солай бола тұрса да, аударманың реалистік тұрғысынан алып қарағанда, Абай тәжірибесі шетінен бүгінгі күннің кәдесіне аса береді деуге тағы болмайды.
Ең алдымен, Абай тұсында қазақ поэзиясында аударма тәжірибесі жоқ еді. Сол тәжірибені Абайдың өзі жасады. Ал, тұңғыш істе қашан да қиыншылық көбірек кездеседі. Мұның үстіне, Абай аударманы өзінің ағартушылық қызметіне пайдаланып отырды. Сондықтан ол өз бағзы бір шығармаларды тым еркін аударды, арасында өз идеяларын, өз көзқарастарын қосып, соған үндеді. Содан барып ол аударманы қазақ даласының тарихи экономикалық болмысына қарай бейімдеп жіберген де реттері болды.
Абай аудармаларын зерттеушілер қазір орыс әдебиетінен оның елуден аса аударған өлеңдері барлығын айқындап отыр. Олардың ішінде лирикасы да, баснясы да (мысал өлеңдер), ұзақ өлеңдері де, сатиралық лирикалары да бар. (Солардың ішінде Қарға мен түлкі атты басня екі түрлі вариантта аударылған)
Орыстың атақты жазушы-ақындарын аударуда Абай тек қана қазақ емес, бүкіл шығыс елінде елеулі орын алады. Шығыс елінде 1889 жылға шейін Пушкиннің Онегині тек Азербайжанда ғана аударылған. Сонан кейінгі аударған қазақ - Абай. Қазақпен салыстырғанда, ол кезде үлкен мәдениетті саналатын татар, өзбек, тағы басқа көршілес елдердің бәрінен Сарыарқада жатқан Абай орыстың ұлы ақыны Пушкиннің дүниежүзілік мәдениет мұрасының шаршы төрінен орын алған еңбегінің ұлылық қасиетін танып, Татьянаның үнімен даланы жаңғырықтыруы - қазақ үшін мақтанарлық іс.
Практикалық мәні.
Абай аудармаларының ерекшеліктерін мектеп қабырғасындақазақ әдебиеті пәнінде, қазақ әдебиеті мен орыс әдебиетін салыстыра оқытуда пайдалана аламыз. ЖОО-да Абайтану, аударматану секілді пәндерде де пайдалана аламыз

1.АУДАРМАТАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1. Аударманың жалпыадамзаттық сипаты және рухани мәні
"Аударматанудың теориялық мәселелері" деп аталатын бірінші тарау
3 тараушадан тұрады. Оның "Аударманың жалпыадамзаттық сипаты және рухани мәні" деп аталатын бірінші тараушасында аударманың адамзат өміріндегі алар орны сипатталады, тәржімеге берілетін анықтамалар айқындалады.
Өркениет пен өркениеттің, халық пен халықтың танысуы, табысуы адамның адаммен танысуы, табысуы сияқты. Олар бір-бірімен танысуы үшін бір-бірінен ортақ белгілер табуы керек, ал сол таныстық ұзағынан болуы үшін олар бір-бірінен өзінен таппайтын нәрселерді де табуы керек. Танысудың осындай жолы - көркем аударма. Басқа тілде сөйлейтін басқа халықтың жан әлемін, оның мәдениетін, атап айтқанда, көркем әдебиетін аударманың көмегі арқылы танып-білуге болатындығын әртүрлі елдер халықтары қарым-қатынасының бүкіл тарихы растап береді. Әрине, аударманың бәрі бірдей таным нысанын, яғни түпнұсқаны толық бейнелей бермейді. Көркем аударма - бір тілде жазылған шығарманы басқа тілдің құралдарымен дүниеге қайта әкелу нәтижесі, ал көркем аударма теориясы, іс жүзіндегі жанды тәжірибені зерттей әрі жинақтай келіп, осы үдерістің, яғни шығарманы дүниеге қайта әкелудің сипатын, сондай-ақ аударманың алдына қойылған міндетті орындайтын құралдардың сипатын анықтаумен айналысады. Тарихи тәжірибе көркем аударманың бір-біріне кереғар екі ұстанымның аралығынан табылатынын көрсетеді: аударма сөзбе-сөз дәл шығуы, бірақ көркемдік тұрғыдан толыққанды болмауы да мүмкін, сонымен бірге көркемдік тұрғыдан толыққанды шығуы, алайда, түпнұсқадан қашықтап кеткен еркін баян болуы да мүмкін. Осы екі ұстанымның басын қосып, аударманың аңсар тұтарлық үлгісі сөзбе-сөз дәл әрі көркемдік тұрғыдан толыққанды аударма болып табылады деп пікір түюдің ешқандай қиындығы жоқ. Бірақ аудармашы аңсар тұтатындай мұндай толық тоғысудың болуы іс жүзінде мүмкін емес: нақты бір ойды жеткізу үшін екі тілдің әрқайсысы атымен өзгеше құралдар қолданады. Мәтінді аудару барысында сөзбе-сөз дәлдік пен көркемдік кемелдік ұдайы бір-бірімен шарпысып түсіп жатады. Мәселені шешудің диалектикалық жолын іздеуге тура келеді.[2, 3б.].
Еңбекте көркем шығарманы аударуға болады немесе болмайды деген ескі дауға байланысты да біршама ойлар ортаға салынған. Ойлау категорияларының әмбебаптығы сол ойды жеткізу тәсілдерінде де ортақтық орнатпай қоймайды. Капитализм әлемімен кез келген мәселеде тіреске түсу, буржуазия өкілдерінің кез келген сөзін қалайда теріске шығару әдеті, кешегі кеңестік кезеңде Батыс елдерінде белең алған "шығарманың бәрі бірдей аударуға көне бермейтіндігі" жөніндегі теорияның "тиянақсыздығын" дәлелдеуге ұмтылыс түптің түбінде аударманың бағын ашуға септігін тигізді. Кеңестік аударма мектебі әлем әдебиетінің ең қиын, ең күрделі туындыларына да қол артты. Аударуға болмайды деген шығармалар мен аударудың қажеті жоқ шығармалар дегеннің ара-жігін де ажырату жөн. Әдебиетте әу бастан тек сөзді ойнатуға немесе сөзбен ойнауға құрылған туындылар да жетіп жатыр. Аударуға болады, аударуға болмайды деген ескі даудың бір дауасы - қаламгердің туған тілдің мүмкіндігіне кәміл сенуі. Н.Любимов аудармашы өзінің ойлағанындай нәтижеге жету үшін барша көркемдік құралдарды жұмылдыруға тиіс дей келіп, бұған не көмектеседі деп өзіне өзі сұрақ қояды да, былай жауап береді: "Бәрінен бұрын - орыс тілі кез келген қиындықты еңсереді, бәрін де бейнелей алады, бәрін де жеткізе алады, бұл тіл үшін алынбайтын қамал жоқ деген айқын сана, қаны мен жанына сіңіп кеткен сенім көмектеседі. Бұл сенім болмайынша, ана тіліне сүйіспеншілік болмайынша аудармашының алдан шығар қиындықтардан қаймығып қалуы да мүмкін. Оны айтасыз, өзге тілдің құрсауында қамалып қалуы да ғажап емес" [3, 141 б.]. Бұл сөзді орыс тілінің орнына қазақ тілі деп қойып алып, өзімізге айтудың да әбден реті бар. "Аударма мәдениеті үздіксіз өсіп келеді. Сонымен бірге, қазіргі бар аудармалардың өзінің де маңызын елемей, оны "мәртебелі ғылымның" назар аударуына арзымайтын нәрсе деп кемсітуге болмайды. Ондай пікірден қауіпті қорытынды шығып кетуі мүмкін. Аудару арқылы, тұтас алғанда, түпнұсқаның бар қасиетін беруге болмайды деу, сөйтіп, әдебиет жайындағы ғылым үшін көркем аударманың маңызын жоққа шығару - түпнұсқаның тілін екінші тілде бейнелеуге келмейтін әлдеқандай бір құпия жазу деп бағалағандық болар еді" [4, 18 б.].
"Көркем аударма - әдеби шығармашылық" атты үшінші тараушада өлең тәржімесінің өзіндік ерекшеліктері ашылады. Әр аударма, шынтуайтында, өзінше эксперимент. Кез келген туынды автор қолымен дүниеге келген қайталанбас дүние. Ол жақсы болар, жаман болар, авторы талантты болар, талантсыз болар - бәрібір, бұрын мұндай шығарма жазылмаған, енді қайтадан дәл осындай шығарма жазылмайтыны тағы рас, демек, қайталанбас дүние. Аударма сол қайталанбас дүниенің басқа тілде қайталанған нұсқасын жасауы, яғни басқа тілде дүниеге қайта әкелуі керек. Көркем аударма ұғымының өзі өнердің барлық түрінің ішінен тек сөз өнеріне қатысты. Кескіндеме, мүсін өнеріне, биге, музыкаға аударма керек емес, белгілі бір дәрежеде киноны да түсінбейтін тілде көріп, ұзын-ырғасын ұғып шығуға болады. Ал түсінбейтін тілдегі әдеби шығарма тек әріптер мен тыныс белгілер жиынтығы ғана. Оған жаңа өмір сыйлайтын адам - аудармашы. Бір тілде туған өнер гүлін басқа топыраққа алып келіп қондыра салуға болмайды.
Жалпы, оны сол топырақтан суыруға болмайды. Аудармашы сол гүлдің дәнін алғандай абайлықпен жаңа топырақта жаңа гүл өсіріп шығаруы керек. Жаңа топырақ дегеніміз - жаңа тіл. Көбіне - атымен жаңа тіл.
Аударманың ұлттық сөз өнеріне қандайлық табиғи кірігіп кетуі мүмкін екендігін зерттеуші көп уақыт Асан Қайғы толғауы делініп келген өлеңнің ("Таза, мінсіз асыл тас") ХІХ ғасырдағы орыс ақыны Юлия Жадовскаядан Ахмет Байтұрсынов жасаған аударма болып табылатынын [5, 3б.] мысалға келтіре отырып дәлелдейді. Мұның өзі аударманың керемет мүмкіндігіне де нақты айғақ.
Аударма - уақытқа тәуелді өнер. Ешкім де барлық замандарға бірдей жарай беретін аударма жасай алмауы мүмкін. Сондықтан да әр дәуір өз аудармасын талап етеді делінеді. Аудармашы өз тіліндегі оқырман үшін жазады. Ол ұлттық өлең мектебінде тәрбие алған оқырманның түсінік-пайымын, таным деңгейін, талғамын, қалыптасқан дәстүрлерді ескермей отыра алмайды. Аудармашы өз оқырманының талғамын жаңа өрістерге тартып жатса, күнес биіктерге көтеріп жатса ғанибеттің ғанибеті. Өзге тілдегі үздік үлгіні қолға алған ақын өз оқырманының эстетикалық тұрғыдан қабылдампаздығын тәрбиелеуді де дәйім есте ұстағаны, өзге ұлттық мәдениеттердің өлең өнеріндегі құнды қасиеттердің қыр-сырын ашу арқылы сол тілдердегі өлең өрімдерінен өзімізге де өнеге болатындай өрнектер тауып жатқаны абзал. Зерттеудің өн бойында жалпы бір тілден екінші тілге аудару мүмкін бе өзі дегеннен бастап, көркем шығарма аударыла ма, соның ішінде өлеңді аударуға бола ма, аударылса түпнұсқаға теңдес етіп шығаруға бола ма деген тұрғыда нешетүрлі пікірлер келтірілген. Солардың көбі өлең аудармасы әрі кетсе түпнұсқаға жақындай алады, өте-мөте жақындай алады, тіпті деңгейлес шығатындары да болады дегенге саяды. Ал дұрысында өлең аудармасында түпнұсқадан асып түсу кездеседі әрі проза аудармасынан гөрі көбірек кездеседі. Зерттеуші бұған нақты мысалдарды орыс әдебиетінен де, қазақ әдебиетінен де келтірген. Бұл арада негізгі мәселе - тәржімеші тұлғасы.
Тәржіменің ғажап қасиетін мынадан білуге болады. Адам ойы деген атқан оқтай түзу, төселген тақтайдай тегіс нәрсе емес. Бір ойдың өзі бір тілде қағазға түскенде бар қырын бірден аша салмайды, бәлкім, тіпті аша алмайды. Әлем әдебиетінің айналымына түскен туындылар сан түрлі тілдерге аударыла-аударыла жүріп, мәтіннің қатпар-қалтарыстарындағы астар, емеуріндер табыла беруі де мүмкін. Тіпті бір ойдың төл тілдегі көмкерілген
түрінен гөрі басқа тілдегі көмкерілген түрі сәттірек болып шығуы да ғажап емес. Олай болмаған күнде де әр аударма сайын қайта бағамдалудың өзі шығарманың бойына жасырылған жұмбақты шешуге, көркемдік кестелерін жаңаша жайып көрсетуге көмектесетіндігі анық. Аудармаларды оқу, салыстыру, зерттеу арқылы біз түпнұсқаның өз бойындағы қасиеттерге ерекше, тың көзбен қараймыз, жаңаша бағалаймыз, оның соны қырларын, бұрын байқамаған бояуларын ашамыз. Мәтінге қайта-қайта үңіле жүріп, түпнұсқаны оқыған тұстағыдан да гөрі зеректік танытамыз. Сол әдебиет нұсқасы жасалған елдердің өкілдері де біздің ақынымыз немесе жазушымыз қалай аударылып жатыр екен өзі, деңгей-дәрежесі төмендемей жеткен бе деп салыстыру арқылы да туған әдебиетінің қазыналарына бұрынғыдан ұсынықтылау қарай бастайды.
Дипломдық жұмыста қазақ ақындарының тәржіменің түр-түрін игергені көрсетіледі. Қазақ аудармасын қапы қалдыратын жайдың бірі - сан түрлі себептерге байланысты туыстас тілдерден тәржімені де көп уақыт бойы орысшасы арқылы жасап келгендігіміз. Әрине, негізгі аударма орыс тілінен болғаны түсінікті. Соның ішінде орыс поэзиясынан басқалары - тәржімеден тәржімелеу. Егер біз тәржімеден тәржімелеуден атымен бас тартар болсақ, онда көп қазынадан құр қалар едік. Бұл тәсілден бас тартса орыс поэзиясы да жұтаң тартып тұрар еді. Ол тілдегі ең ғажап аудармалардың көбі классикалық дүниелердің жолма-жол тәржімесі арқылы жасалған. Солайы - солай. Бірақ солай екен деп алдағы кезде де Батыс, Шығыс поэзиясының асыл үлгілерін түпнұсқа тілін білмегенімізге бола орыс тіліндегі нұсқасынан ғана аудара беру де жарамсыз жол, түптің түбінде тұйыққа тірейтін тәсіл. Ол аудармаларды жасау барысында біраз дүние өзгеріске түскені, біраз нәрсенің жоғалғаны сөзсіз, сол орысшадан тағы аудару барысында жоғалту жалғаса беретіні тағы сөзсіз. Бұл - тым көп шығын. Әдебиетте көп нәрсе шартты. Өлшемдер өзгермелі. Талғам туралы таласпайды. Өнерге нөмір жүрмейді. Әйтсе де, сөз ұстаған ұлылардың қайсысы әлем әдебиетіне көбірек ықпал жасады, оның адамзат өркениетіндегі алар орны қандай дегенде алдымен айтылатын бір өлшем бар: ол - шығармаларының қанша тілге аударылғандығы. Тәржіменің саны талантқа ең әділ таразы бола бермейтіні рас. Әсіресе, қазіргі заманда өз шығармасын аудартуға алдымен пысықайлардың қолы жететіні де рас. Сонда да бұл көрсеткішпен санаспау мүмкін емес. Әдебиеттің әйгілі шығармаларының шет тілдердегі таралымы түпнұсқа тіліндегісін кейде он орап кететіні көп жайды аңғарта алады.
Тәржіме теориясына байланысты өз шешімін күткен мәселелер әлі де баршылық. Бүкіл әлемде осы тақырыпты жан-жағынан қаузаған мыңдаған мақалалар, жүздеген монографиялар жарық көре тұра, әлі күнге ортақ терминологияға тоқтам жасалмай отыр. Ю.Оболенская "аударма" және "аударма үдерісі" секілді түйінді ұғымдардың өзінің басы ашылмағанын жазады [5, 5 б.]. Тәржіме - әдебиет аясынан да, жалпы мәдениет аясынан да шығып кететін күрделі құбылыс. Зерттеуде аударма әр қырынан - лингвистикалық (психолингвистикалық), әдеби-тарихи, мәдениеттанушылық, философиялық-эстетикалық, ақпараттық, текстологиялық немесе семиотикалық тұрғыдан - қарастырылады.
Мәдениеттердің үнқатысуы аудармасыз жүзеге аспайтыны әр аударма түпнұсқаның жаңа байыптамасы болатындықтан ғана емес, мәселе әр аударма түпмәтінге жаңа өлшем алып келетіндігінде. М.Бахтин былай деген: "Өзге мәдениет басқа мәдениеттің көзімен қараған кезде ғана өзін толығырақ, тереңірек таныта алады... Бір мағына екінші, басқа мағынамен бетпе-бет келгенде өзінің терең сырын ашады: олардың арасында сол мәдениеттердің томаға-тұйықтығы мен біржақтылығын еңсеретін үнқатысу басталғандай болады" [6, 334б.]. Толыққанды ұлттық әдебиеттің толыққанды аударма әдебиетінсіз кемеліне келмейтіні сондықтан.

1.2.Тәржіменің тарихы мен тәжірибесі
Дипломдық жұмыстың "Тәржіменің тарихы мен тәжірибесі" аталған екінші тарауы 6 тараушадан тұрады. Мұнда зерттеуші аударма тарихын жалпыадамзаттық ауқымда қарастырады. Аудармаға идеологиялық әсер-ықпалға байланысты көптеген мысалдар келтіріледі. Аударма саясатының толығымен мемлекет қолында, идеологиялық мекемелердің билігінде болуы белгілі бір дәрежеде аударылатын шығармалардың аясын да тарылтқандығын атап айтқан жөн.
"Көркем аударманың алғашқы үлгілері" атты бірінші тараушада зерттеуші тәржіме тарихын түзетін тұста қазақ аудармасының шежіресіне орай бірқатар тың тұжырымдарды ортаға салған. Аударма қазақ даласында атам заманнан болған. Түркінің "тілмаш" деген сөзінен (тегінде, бұлай деп тілге мәш, яғни сөзге ұста адамдарды айтқан) орыстың "толмачы" шыққан [7, 72 б.]. Ұлы Жібек жолының алтын арқауы - аударма десек те артықтығы жоқ. Ал нақты көркем аудармаға көшкенде түркі халықтарына ортақ Алтын Орда дәуіріндегі аудармалар қатарында Сарай қаласынан шыққан ақын Сейф Сарайдың Сағдидің "Гүлстанын" ХІV ғасырдың аяғында аударғаны айтылады. Тұрсынбек Кәкішевтің: "Алтын Орда дәуіріне біз түгелдей ортақпыз. Ал оның негізгі әдеби тілі - қыпшақ тілі болса, онда қазақ даласы мен тілі жетекшілік сипатқа ие болғанынан қашсақ та құтыла алмаймыз"
[8, 31 б.] деген пікірін есте ұстау жөн. Қазақ аудармасының бастапқы кезеңдерінде аударма, нәзира, қайта баяндау, еліктеу бір бірімен араласып, қойындасып жатады. Бұларды аударманың балама түрлері, танымал шығарманы жаңа тілде жеткізудің жолдары ретінде қарастырған орынды.
Қазақ көркем аудармасының тарихын жазу үшін біз міндетті түрде әлемдік аударма тарихындағы үрдістер мен үдерістерді ой елегінен өткізуге тиіспіз. Аударма тарихы, оның бел-белестері, даму эволюциясы жөнінде сөз еткенде біз бұл бағытта терең зерттеулері бар орыс әдебиеттануын айналып өте алмаймыз. Сондықтан да еңбекте жалпы аударма тарихына қатысты мәліметтер көбірек ортаға салынып, орыс тілінде жарияланған тәржіметанушылық зерттеулерге жиі-жиі сілтеме жасалды. Бұлай еткенде оларды қазақ әдебиеттануының ғылыми айналымына түсірудің артықтық етпейтіні де есте ұсталды.
Төл әдебиетіміздің өзіндік ерекшелігін ескере келіп, ауызша тарап жеткен көркем сөз мұраларымызды әдебиетіміздің тарихына жатқызамыз.
Сондықтан ауызша жеткен аудармаларды аударма тарихына жатқызудың жайын ойластыру керек болады. "Әртүрлі тілдерде сөйлейтін халықтардың арасындағы алғашқы байланыс ауызша болғанына күмән жоқ. Тегінде, аударма ұзақ уақыт бойы қағазға түспей келсе керек. Бізде ауызша аударма кезеңінен қалған ешқандай белгі жоқ. Алайда, тарихи мәліметтер, сондай-ақ халықтар арасындағы әрқилы байланыстардың есте жоқ ерте замандардан келе жатқанын пайымдау ауызша аударма жазу шыққанға дейін болған деп болжауға мүмкіндік береді" [30, 52 б.]. Біздің, ауызша әдебиетпен ауызданып өскен халықтың, бүкіл тарихы ауызша жеткен халықтың күні кешегі ауызша аудармаларын неге назардан шығаруға тиіспіз? Соның бірі - Абайдың ауызша аудармашылығы. Темірғали Нұртазиннің "Жер жүзі мәдениетін елге шашудың бір саласы ретінде Абай бұрынғы ертегі, қиссаның орнына сюжетті романдарды әңгіме етіп айтып береді, төңірегіндегі ақын-әншілер арқылы халыққа жаяды. "Шахнама", "Рүстем-Дастан", "Үш мушкетер", "Жиырма жыл өткен соң", т.б. Абай аузынан таралып, қырық елдің қиырына жайылып кеткен" [31, 55 б.] деген пікірі ғылыми айналымға
қайта қосатындай құнды пікір.
Әр халықтың жазба әдебиетінің қалыптасуы оның аударма әдебиетін де қатар қалыптастыра бастайды. Бұл әдебиет әуелде төлтума шығармашылықпен қойындасып, араласып кетеді, жазба мәдениеті бұрынырақ орныққан алыптардың тақырыптық сарындарына, оқиғалық желілеріне арқа сүйеп, дамиды. Әуелгі бетте төлтума мен телтуманың ара-жігі ажыратылмай жүрсе, төл әдебиет кемеліне келген сайын аударылған шығармалар отау үйдей бөліне береді де, енді оның өзінің дәстүрлері қалыптаса бастайды.
"Аударманың шарттары мен түрлері" атты екінші тараушада аударманың бел-белестері, даму эволюциясы сөз етіледі. Қазақ тәржіме өнерінде өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан бастап бой көрсеткен бейімдеп аудару тәсіліне назар аударылады. Еркін аударманың алғашқы ретінде белден басып кете берудің мысалдары бізде де кездескені көрсетіледі. Ұлттық сөз өнеріндегі тырнақалды тәржімелер болғандықтан, оларда түпнұсқаның өлең өлшемі де, сөз саптауы да, тіпті көлемі де өзгеріп кетіп отырады, бірақ, аудармашы шығарманың айтар ойын дәл ұстайды, сөз түйінін де дәл табады. Жалпы, еркін аударманың ерекшелігі де алдымен авторды өз қалпынша қайта сөйлетуге емес, оның айтар ойын жеткізуге күш салатындығында. Дегенмен, әр нәрсенің өз жөні бар. Шығармашылықта еркіндіксіз болмайды. Аудармашының еркінсіп кетуі - ерсілік. Бәрі өлшеміне байланысты. Еркін аударманың хрестоматиялық мысалы, классикалық үлгісі - Лермонтовтың Гетеден аударған "Тау шыңдары". Гетедей алыптан алшақтаған, өз бетінше кеткен деп осынысы үшін Лермонтовты айыптау ешкімнің ойына келмейді. Еркін аударманың ерен түрін Абайдан да табамыз. Абайдың "Евгений Онегиніндегі" талай тұс сондай. Абай еркіндігі оған Пушкин романын арқау ете отырып төлтума дейтіндей туынды шығаруға мүмкіндік берді.
Қазақ әдеби аудармасында әлемдік тәржіме өнеріндегі әдіс-тәсілдердің барлығы дерлік кездесетіні назар аударарлық. Солардың арасында бұрыннан бары - бейімдей аудару (адаптация). Оның мәнісін Мұхаметжан Сералиннің "Айқапта" басылған "Рүстем-Зорапқа" түсініктемесінен тәп-тәуір тануға болады: "Қадірменді оқушыларымыздың алдына салып отырған мына "Рүстем-Зорап" қиссасы фарсы тілінде жазылған атақты "Шахнама" деген кітаптың бір саласы. Рюккерт деген немістің бір шайыры "Рүстем-Зорап" қиссасын "Шахнама" деп алып, бір жағы тәжірибе, бір жағы ұйқастыру секілді қылып немісше жазған... Соны орыс шайыры Жуковский 1846-1847 жылдары өлең қылып, арттырып, кемітіп, қалыбына лайықты етіп (астын сызған біз - С.А.) істеп шығарған. Мен оны шамамның келгенінше қазақ тіліне Жуковскийдің шығарған қалыбынан дым алыстатпай аударуға тырыстым" [9, 212 б.].
Еліктеуді толыққанды, дербес әдеби жанр ретінде тану керек, жекелеген шумақтарда кездесетін сіңіру мен тікелей реминисцен-цияның аударма ретінде қаралуы жөнсіз. Мағжан Жұмабаевтың Феттен жасаған аудармасы ретінде қаралып жүрген ("Жүрек мас") өлеңі шындығында орыс ақынының әсерімен, еліктеу түрінде жазылған төл туынды.
Дипломдық жұмыста сөзбе-сөз аударманың қазақ өлең тәржімесіне жасаған теріс ықпалы нақты мысалдармен дәлелденеді. Сонымен бірге сөзбе-сөзшілдікті, әріпшілдікті жерден алып, жерге сала берудің де жөні жоқ. Әріпшілдік - ғылыми ұғым. Оның да өзінің жөн-жобасы, жолы-жосығы бар. Егер аударма тарихында әріпшілдік әдісі болмағанда аудармадағы дәлдік те дәл қазіргі деңгейінде болмас еді. Аударма әдебиетінің құрылымындағы заңды элемент ретінде әріпшілдік өз қызметін атқарды. Негізінде, әріпшіл аударманың тәржіменің басқа түрлеріне дес бермей кететін тұстары көп-ақ. Мысалы, саяси құжаттар, әсіресе дипломатия саласының аударма ісінде әріпшілдіктен артық, әріпшілдіктен сенімді ештеңе жоқ. Ал поэзияға келгенде де әріпшілдік әдіспен жасалған аудармалардың өзіндік орны ерекше болатын жайлары кездеседі. Саймасай (эквивалентті) аудармаға тиісінше көңіл бөлінген. Саймасай аудармада мәтіннің негізгі күш түсетін тұстарын (доминанттарын) сақтау мақсатында саналы түрде жоғалтуға көнуге тура келеді. "Эквивалентті" сөзінің әу бастағы латындық этимонын еске түсіріп қойған да артық емес: "эквивалентті" - "күші тең" деген сөз. Яғни, аудармашы шығарманың оқырманға әсер күшін тең сақтауға ұмтылуы керек. Саймасай аударманың барабар (адекватты) аудармадан негізгі айырмашылығы да түпкі нәтижеге бағдар ұстайтындығында. "Барабарлықпен салыстырғанда саймасайлық түпкі нәтижеге көбірек бейім тұрады" - Л.Нелюбиннің "Тәржіметану түсіндірме сөздігінде" [10, 32 б.] осылай
делінген. Саймасай аударманың денодаттық, коннотациялық, мәтіндік-нормативтік, прагматикалық, формалық түрлері болады, солардың бәрінің де тірелер жері - бір-біріне теңдестірілген бірліктердің мағыналық ортақтастығы.
Еңбекте көп назар аударылған тақырыптың бірі - қазақ поэзия аудармасындағы әдіс-тәсілдердің эволюциясы. Қазақ аудармасы да негізінен еркін аудармадан басталған. Ұлттық сөз өнеріндегі тырнақалды тәржімелер болғандықтан, оларда түпнұсқаның өлең өлшемі де, сөз саптауы да, тіпті көлемі де өзгеріп кетіп отырады, бірақ, аудармашы шығарманың айтар ойын дәл ұстайды, сөз түйінін де дәл табады. Жалпы, еркін аударманың ерекшелігі де алдымен авторды өз қалпынша қайта сөйлетуге емес, оның айтар ойын ғана жеткізуге күш салатындығында. Еркін аудармадан әріпшіл, яғни сөзбе-сөз аудармаға көшкен кезеңді толықтай кері кету деп санау жөнсіз. Әріпшіл аударма болмаса еркін аудармадан барабар аудармаға бірден секіріп өту мүмкін де емес еді. Осы арқылы өзге тілдегі туындыларға абайлап, ықтияттап қарауға көшу рецепцияның жаңа белесінің көрінісіне айналды. Саймасай аударманың жиырмасыншы ғасырда біржола орнығуына адамзат санасына нақтылықтың біржола кірігуі де үлкен себепкер болды. Қай салада да ғылыми дәлдік, қай тақырыпта да ауа жайылмай сөйлеу талап етілетін жаңа заман аударма өнеріне де өзіндік ықпалын тигізбей қоймады.
Эволюциялық тұрғыдан барабар (адекватты) аударма ең жоғары сатыда тұрғаны дәлелденеді. Барабар аудармада түпнұсқаның ерекшеліктері мен мазмұнын, оның тілдік пішінін аударма жасалатын тілдің құрылымын, стилін, лексикасы мен грамматикасын тілдің мінсіз дұрыстығымен үйлестіре отырып ескеру арқылы дұрыс, дәл және толық беру талап етіледі.
Зерттеуші аударма терминологиясына байланысты нақты ұсыныстар айтқан.
Жолма-жол аударманы атымен мансұқтай сөйлеудің жөнсіздігі дәлелденеді. Жолма-жол аударманың көптеген кемшіліктерімен қатар даусыз бір артықшылығы бар, ол артықшылығы - түпнұсқадан тікелей жасалатындығы. Жолма жол (подстрочный) аударма мен жолына жол (строка в строку) аударманың арасын ашып алу керек. Жолма жол аударма деп түпнұсқаның мәтінін егжей-тегжейіне дейін, дәлме-дәл түсіріп беретін сөзбесөзге жақын аударманы айтамыз, ал жолына жол аударма - түпнұсқаның жолына тәржіменің жолы тап түсетіндей етіп аудару. Өлеңде жолына жол келтіре тұрып шебер шығару, жатық жеткізу болмайды емес, болады.
Тәржіменің түр-түріне тоқталғанда, көне тілдерден бүгінгі тілдерге, бір тілдің ескі нұсқаларынан қазіргі тілге аударуды айтқанда, бұл құбылыс бізге қатыссыз сияқты сөйлейтініміз бар. Қадым замандарда дүниеге келген фольклорлық шығармаларымызда қазіргі қазақтар түсінбейтіндей сөз кездеспейді, мұның өзі тілдің тазалығының, халықтың бірлігінің белгісі деп жатамыз. Негізінде, бұл ғылыми сипаттағы тұжырымға жата қоймайды. Бағзыдан жеткен дастандардың тілі бүгінгі әдеби тілімізден аумай тұрса, ол сол шығармалардың ауызша жеткенінің арқасы алдымен. Біздің фольклордың ғажайып көркемдігінің бір сыры да ғасырлар бойы айтыла-айтыла әбден ұштала-ұштала түскенінде, дамылсыз редакцияланғанында. Ол ұлы редактордың аты - халық. Бұл мұрамыз ғой, оны сол күйінде ғана айтуымыз керек қой деген ұғым болған жоқ ол кезде. Ал заманында тасқа қашалған, бертінде қағазға түскен халық мұрасын осы заманғы тілде қайта сөйлету дәстүрі бізде де бар.
Еңбекте тәржіменің ұлттық поэзияда тың түр табуға жасаған ықпалы нақты мысалдармен дәлелденген. Шалыс ұйқас біздің өлеңімізге Абайдың Пушкиннен жасаған аудармалары арқылы енсе, он буынды өлең Қасым Аманжоловтың Шевченко жырларын тәржімелеуі арқылы орныққан.
Поэзия аудармасына қойылар талаптарды айтқанда алдымен ауызға алынатыны сөзбе-сөзділіктен қашу, жолма-жолдылықтан қашу, шығармашылық еркіндікке құлаш ұру сияқты болып келеді. Бірақ, осы айтылғаннан өлең аудармасында сөзбе-сөздік дәлдік, жолма-жолдық көркемдік болуы мүмкін емес деген ой шыға ма? Шықпайды. Бәрі де таланттың қолында. Шын талант өзге біреу сірестіріп қоятын сөзбе-сөзділіктің өзін сырлы сұлулыққа суара алады, шын талант өзге біреу жабыстырып қоятын жолма-жолдылықтың өзін жарасымды жымдастырып жібереді. Бұл орайда Ғали Орманов аударған Пушкиннің "Қысқы жол" өлеңі нақты мысал бола алады.
Сквозь волнистые туманы
Толқынға ұқсас тұманнан
Пробирается луна,
Ай ақырын шығады;
На печальные поляны
Төңірекке мұңайған
Льет печально свет она.
Мұңды сәуле құяды.
По дороге зимней, скучной
Қысқы жолда жабырқау
Тройка борзая бежит,
Келеді аттар бұлдырап;
Колокольчик однозвучный
Жалғыз үнмен қоңырау
Утомительно гремит
Қажытады сылдырап.
Тәржіме тәжірибесіне талдау жасаған тұста аудармашы жұмысының бүкіл үдерісі шартты түрде төрт кезеңге бөлінген. Әуелгі бетте түпнұсқаның мазмұнын, оның семантикалық және стилистикалық құралдарын жан-жақты зерделеу, өлеңнің ырғақтық, фонетикалық, синтаксистік құрылымдарын, пішінінің негізгі элементтерін айқындайтын белгілерді бөліп алу жұмысы жүрмек, онан кейін аударма тілінде түпнұсқаның маңызды қырларын қайта қалпына келтіруге теңдес құралдарды іздестіру басталады. Мұнан соң түпнұсқада о баста бөле көрсетілген белгілерді жаңа көркемдік тұтастыққа жинақтау жүреді. Соңғы кезеңде біткен аударма түпнұсқамен салыстырылып, түпкілікті түзетулер енгізіледі. Негізінде, осы соңғы кезең өлең аудармасына онша тән емес сияқты. Түпнұсқамен салыстырып, біткен өлеңге түзету енгізу жырдың тұтас табиғатына нұқсан келтіруі әбден мүмкін. Ол жұмыс поэзияда алдымен атқарылуы керек.
Адамды түсіну қандай қиын болса, оның жазғанын түсіну одан да қиын. Иржи Левыйдың: "Дұрыстап оқу - жұмыстың жартысын жасап тастау" [11, 119 б.] деген сөзі бар. Аударылатын мәтіндегі өмір болмысын дұрыс әрі терең түсіну - аудармашыға қойылар басты талап.
Аудармадағы ағаттықтардың, қателіктердің, кемшіліктердің әр кезеңдегі сипаты әр түрлі. Тәржімешінің когнитивті тәжірибесінің жетіспеуінен жіберілетін кемшіліктің бірі - тастап кету. Семантикалық деңгейдегі қателіктер өзгеру, ауысулардың, яғни трансформацияның дәл ұғынылмауынан орын алады. Олақтық, салақтықтан кететін қателіктерге де тиісінше көңіл бөлінді.
Өлең аудармасының өнері дегеніміз бір тұста ұтып, бір тұста ұтылып жүріп барып шығармашылық жеңіске жету. Әр жол сайын дөп табамын, әр жол сайын дәл түсемін деген адам дәл сол жолдарда тауып кеткендей болып көрінгенімен, шығарманы тұтастай алып қарағанда өлеңдік өзегінен айырылып қалып жатады. Белгілі бір дәрежеде "құрбандықтарға" саналы түрде бармайынша, шын мәніндегі көркем аудармаға қол жеткізу қиын. Ол үшін аудармашы өзі қолға алған шығармадағы тастап кетуге, алмастыруға болатын тұстарды бар жан-жүрегімен, бар ақыл-ойымен, бүкіл болмыс-бітімімен сезінуге тиіс. Ең бастысы - нақпа-нақ білуге тиіс. Түйсікке сене беру, шабытқа арқа сүйей беру түптің түбінде бір опындырмай қоймайтыны сөзсіз. Абзалы, аудармашының ақын ғана емес, тарихшы, этнограф, тілші, сыншы, мәдениеттанушы болып жатқаны керек. Аудармашылық өнер мен ғылымның арасында тұруға тиіс дейтініміз де сондықтан.
Реалиялар аудармаларына да назар салынған. Ең алдымен түпнұсқаның рухын дәл табу, негізгі айтар ойын дәл аңдау, басты бейнелерін дәл жеткізу шарт. Қалғаны - екінші қатардағы нәрселер. Тіпті бір қарағанда реалия сияқты көрінетін сөздердің, атаулардың өзі шындап келгенде өлең өрнегін айшықты ете түсуге, дыбыс үндестігін күшейту арқылы әсерді арттыруға қызмет етіп қана тұрғанын көреміз.
Дипломдық жұмыста рецепция проблемасына да тиісінше көңіл бөлінген. Бір қоғамның басқа елде немесе басқа дәуірде пайда болған әлеуметтік және мәдени формаларды қабыл алуы әдеби ауыс-түйістен алдымен көрінеді.
Көркем мәтінді қабыл алушы, пайымдаушы ретінде аудармашының өзі субъективті тұлға екені талассыз. Әрі тәржімеші мен автордың дүниетанымында да өзгешелік болатындығы сөзсіз. Оның үстіне қабыл алушы (реципиент) - коммуникативтік актінің қатысушысы ретінде оқырманның өзі де субъективті тұлға.
Зерттеуде аударылған мәтіннің қабыл алынуында оқырман менталитетін, тіл заңдылықтарын ескерудің қандайлық үлкен орын алатыны айтылады. Қазақ тілінде орыс тіліндегідей род жоқтығына байланысты туындайтын проблемалардың өзі бірқыдыру. Мысалы, Абайдың Лермонтовтан аударған "Жартас" өлеңіндегі суреттелген жай қазақ оқырманын орыс оқырманындай толқыта қоймайды. Себебі, біз жартасты, яғни мужской родтағы "утес-ті" ер кісінің метафорасы, ал женский родтағы "тучка-ны" жас қыздың метафорасы ретінде соншалықты табиғи қабыл алмаймыз. Мұндай ойлау жүйесі бізге тән емес. Тегінде, ұлттық ойлау жүйесінен шалғай тұрған шығармалар аудармаға көнбейтін болуы да мүмкін.
Аудармадағы ағаттықтардың типологиясы екшеледі. Тіларалық омонимдер, идиомаларды берудегі қиындықтарды айтпағанда, отызыншы-қырқыншы жылдарға дейін мәтіннің мәнін дәл ұқпаудың өзі жиі кездесіп тұрды.
"Кәсіби аударманың қағидалары" аталған келесі тараушада алдымен Абайдың аудармашылық үлгісі талданады. Абайдың Пушкин романынан жасаған нұсқасының жанрлық табиғаты жөнінде қазақ әдебиеттануында едәуір материал қордаланып үлгерді. Абай жасаған асыл нұсқаның белгілі бір анықтаманың аясына сыя қалмайтыны, қатқан қалыпқа дәл түсе қоймайтыны - ақын ұлылығының тағы бір айғағы. Шериаздан Елеукеновтің: "Хаттарда" аударма атаулының бар түрі кездеседі. Дәлме-дәл яки бара-бар, еркін тәржіма және сарындастық тәржімаға қатысты шамалы еліктеу, дербес шығармаға тән қасиеттер түгел ұшырасады" [12, 247 б.] деуі сондықтан. Қалай болғанда да Абай Пушкиннен атымен аударма жасамаған деудің реті келе қоймайды. Абайдың Пушкиннен сөздің бүгінгі мағынасындағы аударма жасамағандығы - басы ашық жай. Абай өзінің "Евгений Онегинін" туындатқан. Қалай туындатқан? Біздің пікірімізше, Абай өзінің "Евгений Онегинін" негізінен алғанда аудармалық лирика [13, 85 б.] тәсілімен
туындатқан. Түпнұсқаға шығармашылық еркіндікпен қараған, кейіпкерлер болмысына өз байыптамасын жасаған, туындының табиғатын қазақ реципиентінің қабыл алуына лайықтап келтірген.
Абайдың "Евгений Онегиннен" аудармаларында ақынның сөз сәйкестігінің де, бейне баламалылығының да, уәзін, екпін, ұйқас, интонация барабарлығының да үздік үлгісін жасағандығына мына жолдарды орысша-қазақшасымен текшелеп қойып шыққанда да көз жетеді.
Но так и быть. Судьбу мою
Не болса да өзімді
Отныне я тебе вручаю
Тапсырдым сізге налынып
Перед тобою слезы лью
Толтырып жасқа көзімді
Твоей защиты умоляю
Есірке деймін жалынып
Абайдағы нақтылық, сәйкестік назар аударарлық. "Кто ты, мой ангел ли хранитель" - "Шыныңды айт, кімсің тербеткен, Иембісің сақтаушы?". "Ангел-хранитель" ұғымын дәл осылайша жатық жеткізу церковнославянизмдер табиғатын тамыршыдай тап басып танудың жемісі. "Или коварный искуситель" - "Әлде азғырып әуре еткен, Жаумысың теуіп таптаушы". "Искушение" ұғымын " азғырып әуре ету" деп алған Абай "коварный" сөзінен сол "искусительдің" тұлғаны "теуіп таптайтын" сұмдығын сезіндіреді. "Мои сомнения разреши" - "Шеш көңілімнің жұмбағын", "Быть может это все пустое" - "Әлде бәрі алданыс". Эквивалентті дейсіз бе, эквиритмді дейсіз бе, адекватты дейсіз бе, дәлме-дәл дейсіз бе, жолма-жол дейсіз бе, тіпті сөзбе-сөз дейсіз бе - жалпы, аударма теориясындағы талаптардың бәріне бірдей жауап бере алатын шумақтар. Ал енді "Обман неопытной души..." деген жолдан "Жас жүрек жайып саусағын, Талпынған шығар айға алыс" деп шығаруға тіпті айтар сөз жоқ.
Абайдың алыптығы Лермонтовтан аудармаларынан тіпті бөлекше көрінеді. Ақын атамыз қазақ поэзия тәржімесінің шыңға шыққан шедеврлерін тап осы Лермонтовтың өлеңдерін аудару арқылы жасаған болатын. "Қараңғы түнде тау қалғып" - аудармадағы көркемдіктің, бейнеліліктің, әуезділіктің, дәлдіктің эталоны. Лермонтовтағы "тау
шыңдарын" "тауға" түсіріп, асқақтаған шыңы жоқ Шыңғыс тауына келтіріп, "аңғарды" жазық "далаға" ауыстырып, Қарауылдың айналасына айналдырып жіберген данышпандығының арқасында Гете картинасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АБАЙ МЕН ЫБЫРАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҮНДЕСТІК
Вильгельм Блейк, Джордж Гордан Байрон, Гете мен Мөшһүр-Жүсіп шығармаларындағы үндестік
Әдебиет сабағындағы романтизм және реализм әдістері
АМАН АЯУЛЫ АЛМУХАМЕДҚЫЗЫ ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ АУДАРМАЛАРЫ
Абайдың өмірі мен шығармашылығы, шығармашылық өмірбаяны, Абай өлеңдеріндегі ғылым тақырыбы. Абайдың эстетикалық тағлымы
«20 ғасырдың 60 жылдарынан кейінгі қазақ әдебиеті (1960-2000)» пәні бойынша әдістемелік нұсқау
Абай - аудармашы. Абайдың орыс ақын-жазушыларынан аударған аудармалары
Ұлы ақын Абай Құнанбаев - қазақ халқының эстетикалық ойының шыңы
Шәкәрім поэзиясының еуропа, орыс әдебиетімен байланысы
Ресей мәдениетінің «Алтын кезеңі»
Пәндер