Моңғол-татардың Қазақстан жеріне басып кіруі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

§1. Моңғол.татардың Қазақстан жеріне басып кіруі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

§2. Қазақ халқының қалыптасуына моңғол шапқыншылығының тигізген зардаптары ... ... ... ... ... ... ... ... 10

§3. Моңғол шапқыншылығы Қазақстанның әлеуметтік. экономикалық жүйесіне тигізген әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
XIII ғ. басында ерекше геополитикалық жағдай қалыптасты. Түркі руларының бірнеше ғасырға созылған үстемдік ғасыры аяқталды, енді олар бытырап, отырықшы қоныстарға икемделген әлсіз қауымдарға айналды. Олардың жігер-күші әлсіреп, қайраты мұқалды. Осынау шақта Ішкі Азиядан Шыңғыс қаған бастаған мұңғылдар туын желбіретіп, тарих кеңістігіне ат ойнатып шықты. 1205 ж. дейін Шыңғыс (Темучин) маңайындағы ірілі-ұсақты түркі-мұңғыл тілді тайпаларының бәрін бас игізді, мақсатына жету үшін көшпелі рулардың ұйымшыл одағын құрды. Оларды отырықшы елдерге қарсы ұлы соғысқа дайындады. Шыңғыс құрған мемлекеттің құрамына әр түрлі тайпалар кіргенімен (маңғұл-түркі), өзара даму деңгейі бір еді, тілі ортақ болатын, мәдени тұғыры мен әлеуметтік құрылымы Түркі Қағанаттарының мұрасын толық қабылдаған. Шыңғыс мемлекетінің кеңсесін, ханзадалардың тәрбиесін ұйғыр ұстаздары жүргізгені де сол себептен. Ұйғырлар түркі көшпелілерінің ішіндегі елеулісі еді. 1206 ж. құрылтай Темучинді- Шыңғыс деп жариялады. Шамасы- Шыңғұз- бейне сөзден шыққан болар. Шежіренің айтуына қарағанда, осы жиынға үйсін Майқы би, қоңырат Сәңкеле би сияқты ел ағалары да қатысқан, он екі ұлыстың басшысы қатарында ақ кигіздің бір пұшпағын көтерген. Сол заманда Хорезм мемлекетінің қарамағында болған Сыр бойындағы қалаларды жаулап алуды Шыңғыс хан 1218 ж. бастады. Бас-аяғы бірнеше жылдың ішінде Әму мен Сыр арасындағы отырықшылар қонысын түгел бағындырып, мұңғыл әскері Солтүстік Индия мен Иран жеріне аяқ басты. Ал Жебе мен Сүбедей бастаған 30 мыңдық әскер Кавказды талқандап, Еділ бойында қыпшақ, алан, славян еледрін мойын ұсындырып 1223 жылы Жетісуға қайта оралды. Таяу Шығысты тұтас жаулап алу 1260 ж. қағанның немересі Хулагудың тұсында аяқталды. Ал енді Батыс Еуропаны жаулап алуды жалғастырып, 1242 жылы «жеті жылдық» жорықтың негізінде өзіне қаратты. Қытайды бағындыру 1207 ж. басталып, 1259 жылы Құбылай ханның заманында толық іске асты. Яғни, Шыңғыстың бастаған шаруасын оның ұлдары мен немерелері аса табандылықпен жалғастырып жарты ғасырға жетпейтін уақытта әлемнің негізгі бөлігін бір Ордаға топтастырды.
Шыңғыс қаған өзінің көзі тірісінде қол астындағы иелікті төрт ұлына бөліп берген. Үлкен ұлы Жошыға- қыпшақ даласын, Шағатайға- Жетісу мен Түркістан өңірін, Үгедейге- Шығыс Түркістаннан шығысқа ақрайғы жерлерді, ал Төлеге- мұңғыл қонысын еншіге берген еді.
1. Ж. Артықбаев «Қазақстан тарихы» оқулық-хрестоматия Астана қаласы «Фолиант» 2000 жыл
2. К. Ә. Берденова «Қазақстанның экономикалық тарихы» Алматы қаласы «Экономика» 1998 жыл

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 3

§1. Моңғол-татардың Қазақстан жеріне басып
кіруі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..5

§2. Қазақ халқының қалыптасуына моңғол шапқыншылығының тигізген
зардаптары ... ... ... ... ... ... . ... ...10

§3. Моңғол шапқыншылығы Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық
жүйесіне тигізген әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...13

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .15
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16

Кіріспе

XIII ғ. басында ерекше геополитикалық жағдай қалыптасты.
Түркі руларының бірнеше ғасырға созылған үстемдік ғасыры аяқталды,
енді олар бытырап, отырықшы қоныстарға икемделген әлсіз қауымдарға
айналды. Олардың жігер-күші әлсіреп, қайраты мұқалды. Осынау шақта
Ішкі Азиядан Шыңғыс қаған бастаған мұңғылдар туын желбіретіп, тарих
кеңістігіне ат ойнатып шықты. 1205 ж. дейін Шыңғыс (Темучин)
маңайындағы ірілі-ұсақты түркі-мұңғыл тілді тайпаларының бәрін бас
игізді, мақсатына жету үшін көшпелі рулардың ұйымшыл одағын құрды.
Оларды отырықшы елдерге қарсы ұлы соғысқа дайындады. Шыңғыс құрған
мемлекеттің құрамына әр түрлі тайпалар кіргенімен (маңғұл-түркі),
өзара даму деңгейі бір еді, тілі ортақ болатын, мәдени тұғыры мен
әлеуметтік құрылымы Түркі Қағанаттарының мұрасын толық қабылдаған.
Шыңғыс мемлекетінің кеңсесін, ханзадалардың тәрбиесін ұйғыр ұстаздары
жүргізгені де сол себептен. Ұйғырлар түркі көшпелілерінің ішіндегі
елеулісі еді. 1206 ж. құрылтай Темучинді- Шыңғыс деп жариялады.
Шамасы- Шыңғұз- бейне сөзден шыққан болар. Шежіренің айтуына
қарағанда, осы жиынға үйсін Майқы би, қоңырат Сәңкеле би сияқты
ел ағалары да қатысқан, он екі ұлыстың басшысы қатарында ақ
кигіздің бір пұшпағын көтерген. Сол заманда Хорезм мемлекетінің
қарамағында болған Сыр бойындағы қалаларды жаулап алуды Шыңғыс хан
1218 ж. бастады. Бас-аяғы бірнеше жылдың ішінде Әму мен Сыр
арасындағы отырықшылар қонысын түгел бағындырып, мұңғыл әскері
Солтүстік Индия мен Иран жеріне аяқ басты. Ал Жебе мен Сүбедей
бастаған 30 мыңдық әскер Кавказды талқандап, Еділ бойында қыпшақ,
алан, славян еледрін мойын ұсындырып 1223 жылы Жетісуға қайта
оралды. Таяу Шығысты тұтас жаулап алу 1260 ж. қағанның немересі
Хулагудың тұсында аяқталды. Ал енді Батыс Еуропаны жаулап алуды
жалғастырып, 1242 жылы жеті жылдық жорықтың негізінде өзіне
қаратты. Қытайды бағындыру 1207 ж. басталып, 1259 жылы Құбылай
ханның заманында толық іске асты. Яғни, Шыңғыстың бастаған шаруасын
оның ұлдары мен немерелері аса табандылықпен жалғастырып жарты
ғасырға жетпейтін уақытта әлемнің негізгі бөлігін бір Ордаға
топтастырды.
Шыңғыс қаған өзінің көзі тірісінде қол астындағы иелікті
төрт ұлына бөліп берген. Үлкен ұлы Жошыға- қыпшақ даласын,
Шағатайға- Жетісу мен Түркістан өңірін, Үгедейге- Шығыс Түркістаннан
шығысқа ақрайғы жерлерді, ал Төлеге- мұңғыл қонысын еншіге берген
еді.
Жошының көзі тірісінде оның ордасы Ұлытауда болды (1227ж.),
ал ол өлгеннен кейін, Шыңғыс немерелерін шақырып алып, он төрт
ұлдың ішінде билікті Батуға берген еді. 1236 ж. осы Бату
империяның әскери күштерін бастап, кеңесшілікке Сүбедей баһадүрді
ертіп, батысқа аттанды. Ал енді Батыс жорығынан қайтқан соң,
ордасын Еділ бойына тікті. Осының нәтижесінде, мұңғыл империясының
батыс бөлігі Алтын Орда атала бастады. Оның ішкі әкімшілік
бөліктері есебінде, еншілес інісі- Сыбанға (Шибан) берген үлесі –
Көк Орда- Батыс Қазақстан жері мен Еділ жұрты, Батудың өз ағасы
Орда Еженге берген үлесі- Ақ Орда- қазақ жерінің көпшілігі. Бұл
өлкені мекендеген елді ноғайлы деп атау сол Алтын Орда
заманында қалыптасты. Шығыс деректері бұрынғы дәстүрмен бұл өлкені
Дешти Қыпшақ деп атады.

§1. Моңғолдардың Қазақстан жеріне басып кіруі.

Татар-моңгол тайпаларының саяси жағынан басын біріктіріп, Моңғол
феодалдық мемлекетінің негізін салушы Темучин болды. Ол тарихтағы
бір деректер бойынша 1162 жылы, екінші бір деректер бойьшша 1155
жылы ірі ноян Есугай баһадүрдің отбасында туған. Темучин ер жете
келе негізгі қарсыластарының барлығын жеңіп, Моңғолдың бүкіл
тайпаларын өзінің қол астына біріктірген. 1206 жылдың көктемінде
Өнан өзенінің сағасында Темучинді жақтаушы-моңғол ақсүйектерінің
құрылтайы болып, онда ол салтанатты жағдайда Шыңғысхан деген атпен
моңғолдардың әміршісі болып жарияланды. Осыдан кейін Темучин езін
хан көтерген ақсүйектердің құлқынын тойғызу мақсатында көрші елдерді
жаулау, оларды талау-тонау үшін үлкен әзірлік жүргізді.

Шыңғысхан әскери-ұйымдастыру принципін мемлекеттік құрылыстың
негізі етіп алды. Елдің бүкіл жері мен халқы он қанат барунғар,
сол қанат жоңғар және орталық қол атты үш әскери әкімшілік
округке бөлініп, әрбір округте он мың адамнан тұратын бірнеше
түмгелер түмендер болды. Олар өз кезегінде "мыңдық", "жүздік",
"ондықтан" құрылды.
Өте қатал тәртібі, мұқият құрылымы бар әскер басында
моңғолдардың феодалдық жоғарғы тобының өкілдері-нойондар, багадурлар,
мергендер, сечендер түрды. Шыңғысханға бұлардан басқа, өзіне шын
берілген, 10 мың таңдаулы жауынгерлерден тұратын кешігі ұланы
қызмет етті. Оның көмегімен Шыңғысхан нойондар мен феодалдарды
өзіне тәуелді етіп ұстады.
1207-1208 жылдардың қысында Шыңғысханның үлкен баласы Жошы
Енесей қырғыздарын және Сібірдің оңтүстігіндегі басқа да "орман
халықтарын" бағындырды.
1208-1209 жылдары Шыңғысхан әскерлері тұтқиылдан шабуыл жасап,
таңғұттық Си Ся мемлекетін күйретті. Шыңғыстың қаһарынан сескенген
қазіргі Шығыс Түркістан аймағындағы ұйғырлар моңғолдарға өз еркімен
бағынды. Олардың ел басшысы Баршық өзін Шыңғысханның боданымын деп
мойындаған. 1211 жылы Шыңғысханның колы Солтүстік Қытайға бет алды,
1215 жылы олар сол кезде Цзинь мемлекетінің астанасы болған
Чжундуды Пекинді бағындырды.
Қытайда моңғолдар соғыс ісінің сол замандағы жоғарғы
техникасымен танысты. Қытайдан көптеген қару-жарақ, қамал бұзатын
машиналарын және оны қолдана білетін адамдарды, қолөнершілерді
алған. Шыңғысхан өз әскерінің санын көбейтіп, жауынгерлік дайындығын
одан ары жетілдірді.
Сөйтіп, ол Шығыс Еуропа мен Алдыңғы Азияға жол ашатын Орта
Азия мен Қазақстанды жаулап алу жорығына жанжақты әзірленді. Бұл
үшін ол мұсылман көпестерінен, моңғолдардың қол астында болған
босқындардан мәліметтер алып, Қарақытайлар мемлекетінің, содан кейін
Хорезм шахындағы ішкі жағдай мен әскери күштер туралы деректерге
қанықты, соның негізінде ойластырылған іс-қимылдың бағдарламасын
жасады.
Шыңғысхан Қазақстан мен Орта Азияға жорықты Жетісу арқылы
жүргізбекші болды. Өз басының жеке жауы найманның ханы Күшлік
ханды талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған
1218 жылы Жебе ноян бастаған әскер тобын жіберді.
Жетісуды Шыңғысхан әскері қарсылықсыз оңай басып алды.
Моңғолдарға қарсы тұруға жарамай қашып кеткен Күшлік ханның
мұсылмандарды қудалауы, қаталдығы, жігерсіздігі, салықпен зар илеткен
зорлық-зомбылығына ыза болған жергілікті халық Шыңғысханға
мойынұсынатынын білдірді. Жетісуды бағындырғаннан кейін Шыңғысханның
Мәуеренахрға, сол кезде бүкіл Орта Азияны билеп отырған Хорезм
мемлекетіне қарсы жорыққа жолы ашылды.
1218 жылы көктемде Шыңғысхан Орта Азияға сауда керуенін
жіберді. 500 түйеден тұратын керуенінде моңғол жансыздарын қосып
есептегенде барлығы 450 адам болатын.
Көп адамы бар керуен. 1218 жылдың жазында Отырарға келіп
жетті. Отырардың билеушісі Қайырхан Ипалшық көпестерді тыңшылық
жасады деп күдіктеніп, оларды өлтіруге бұйырды. Шыңғысхан Хорезм
шахынан Қайырханды ұстап беруді талап етті. Бірақ Хорезм шахы бұл
талапты орындамады, Шыңғысхан жіберген елшілерді өлтіруге әмір
берді. "Отырар апаты" деп аталатын бұл тарихи оқиға Шыңғысханның
Хорезмге қарсы соғысын тездетті.
Орта Азияны бағындыру үшін Шыңғысхан өзіне тәуелді елдерден
алған жасақтармен қоса жалпы саны 150 мыңға дейін адамы бар қалың
қолды бастап шықты. Моңғол әскері Отырарға таяп келгенде
моңғолдардың басшысы Шағатай мен Үгедей бастаған бірнеше түменді
қаланы қоршау үшін қалдырып, әскерлердің Жошы бастаған басқа бір
шоғырын Сыр бойымеи темеи бағыттады. Жебе мен Сүбедей басқарған
үшінші шоғырға Сырдарияның жоғарғы ағысы бойындағы қалаларды
бағындыру міндетін жүктеді. Шыңғысхан кіші ұлы Төлеймен - екеуі
әскердің негізгі күштерімен Бұхараға беттеді.
Хорезмнің шахы Мұхаммед моңғолдарға қарсы түруға дайын емес
еді. Өзін онша жақсы көрмейтін жергілікті феодалдардың күш
біріктіріп өзіне қарсы шығуынан қорык-қан ол әскери күштсрді әр
қалаға беліп ұстап отырған. Мұның езі Шыңғысханға қалаларда тұрған
шағьш-шағын шоғырларды оп-оңай қарсылықсыз құртып жіберуге мүмкіндік
жасады.

1219 жылдың күзінде Шыңғысхан орасан зор армияны бастап Жетісу
арқылы Мәуеренахрға аттанды. Оңтүстік Қазақстанның жергілікті халқы
моңғол басқыншылығына қатты қарсылық көрсетті. Мұнда Шыңғысхан
әскерлері Отырар қаласына келіп, оны қоршауға алды. Қайырхан
басқарған қалада 80 мыңдай әскер бар еді. Отырар корғанысы
Қазақстан мен Орта Азияның халық бұқарасының моңғол басқыншыларына
қарсы жүргізгеп ерлік күресінің айқын көрінісі болды. Қарамағында
қамал бүзатын техникасы, соның ішінде жанып кететіи күбіршіктер,
ататын ма-шиналары болса да, моңғолдар бұл қаланы алты ай бойы
ала алмады.
Қаланың құлауына опасыздық себеп болды. Әскер басыларының бірі
- Караджа түн жамыла қала қакпасынан шығып, моңғолдарға өтіп
кетті. Қаланы қоршап тұрған моңғол әскерлері осы қақпа арқылы ішке
лап берді. Моңғолдар қаланы әбден талады, халқын қырғынға
ұшыратты. Осыған қарамастан әскердің бір белігі мен қала халқы
Қайырханның басшылығымен оның ішкі қамалына кіріп алып, бір ай
бойы қайыспай қарсылық көрсетіп, бір адамы қалғанша соғысты. Әбден
титықтап барып алған қамалдағы жаралы адамдарды моңғолдар қырып
салды.
Сөйтіп, Отырар қамалын жермен-жексен етіп, Шағатай мен Үгедей
бастаған моңғол шоғырлары Шыңғысханға келіп қосылды. Бұл кезде
Шыңғысхан Бұхара мен Самарқ-анд арасындағы жолда болатын.
Сыр бойындағы қалалардың тұрғындары да ерлікпен қорғанды, соның
бірі Сығнақ қаласы еді. Ол өзі жақсы бекінген, халқы көп, ірі
сауда орталығы болатын. Жошы бастаған моңғолдар қаланы ұрыссыз
беруді талап етіп, Сығ-наққа Хасан қожа көпесті жіберді. Сығнақ
халқы келіссөзге көнбеді, сатқын есебінде Хасан қожаны өлтірді.
Содан кейін моңғолдар өзеурей шабуылға шықты. Жеті күнге созылған
шабуылға қала тұрғындары табан тіресіп қарсыласты. Бірақ көп ұзамай
Сығнақ жеңілді. Моңғолдар қаланы талап, хал-қын аяусыз қырды. Көп
ұзамай Үзгент және Баршанкент алынды. 1220 жылы 4 көкекте моңғол
әскерлері Жент қаласын бағындырды. Әскердің Жошы жіберген басқа бір
шоғыры Шехркентті Янгикентті басып алды.
Сыр бойындағы қалалардың қарсылығын жеңгеннен кейін Шыңғысханның
әскерлері Орта Азияның ішіне баса көктеп енді. Бірақ мұнда да
олар халық бұқарасының қаса-рысқан қарсылығына кездесті. Үргеніш
қаласының тұрғындары қаланы бірнеше ай бойы ерлікпен қорғады.
Сондық-тан бұл қалаға Жошы, Шағатай және Шыңғысхан әскерлерін
әкелуге мәжбүр болды. Қала алдырмады. Оны тура шабуылмен ала
алмағаннан кейін, моңғолдар Әмудария өзенінің бөгетін бұзып, қаланы
суға тоғытып барып алды.
Моңғол басқыншыларына Орта Азияның ең ірі қалалары Бұхара мен
Самарқандтың халқы да табынды қарсылық көрсетті. Самарқанд пен оның
төңірегінің еңбекшілері моңғол шабуылдарына тіресе тойтарыс беріп,
өздері батыл шабуылға шығып отырды. Моңғолдар қала билеушілері мен
шонжарлардың сатқындығының аркасында ғана Самарқандты басып алды.
1219 жылдан 1221 жылға дейін Шыңғысхан әскерлері бүкіл Орта
Азия мен Қазақстанға ойран салып өтті. Талай қалаларды талап,
жойып жіберді. Хорезм шахы Мүхаммед Иранға қашып кетті. Ол кейін
Каспий теңізі аралдарының бірінде өлді. 1220-21 жылдардағы қысқы
жорықтардың нәтижесінде моңғолдар Хорезм жерін тегіс жаулап, Орта
Азиядағы соғыс қимылдарын аяқтады. 1221 жылдың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
X ғасырлардағы Ежелгі Славяндар шаруашылығы
Найман, керейт, қоңырат, жалайыр, меркіт тәрізді түрік тайпаларының қалытасуы
XII – XIII ғасырдағы Моңғолдың тарихындағы Шыңғысханның билік құру кезеңі
БАТЫС ТҮРІК ЖӘНЕ ТҮРГЕШ ҚАҒАНАТТАРЫ ЖАЙЫНДА
Шыңғыс хан
Орта жүз шежіресі
Әлемді жаулап алушы – Шыңғыс хан
Қадырғали Жалайыри
Ежелгі және қазіргі моңғолдар: ортақтығы мен ерекшелігі
VI-XIII ғасырлардағы Түркі тайпаларының Қазақстандағы орналасуы
Пәндер