Төле бидің соттық шешімдері және қазақтың әдет - ғұрыптық құқығы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.9

І Төле бидің заманы және оның қоғам қайраткері, әрі би, әрі шешен ретінде қалыптасуы.

1.1 XVІІ ғасырдың екінші жартысы . XVІІІ ғасырдың бас кезіндегі қазақ хандығының саяси қоғамдық өміріндегі билердің орны ... .. 10.

1.2 Төле бидің қоғам қайраткері және би ретінде қалыптасуы және танылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1.3 Төле бидің өмір баянының негізгі кезеңдері ... ... ... ... ... ... .


ІІ Төле бидің биліктеріне талдау.

2.1 Төле Әлібекұлының құқықтық, құқықтық қағидалық мәні бар өсиеттері, толғаулары, нақыл сөздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2.2 Төле би және жер.су дауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.3 Төле және мал.мүлік дауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.4 Төле би және жесір дауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2.5 Төле би және өлім.жарақат дауы ... ... ... ... ... ... ... ... ...


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Пайдаланылған деректер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қазақ халқының және қоғамының мемлекеттік және құқықтық даму тарихында ерекше орынға ие әлеуметтік топ бар. Ол - қазақ халқының билері. Билер сонау есте жоқ ерте замандарда пайда болып халқымыздың ұзына бойғы тарихында белгілі бір даму сатыларын бастан өткерді. Бірақ қай уақыт, қай замандарда болмасын билердің қоғам өміріндегі белсенді бейнесі мен жағымды тұлғасы тұрақты болып қала берді. Майқы, Аяз билерден басталып, Абай, Шәкәрім, Жетес билердің қызметтерімен жалғасқан билер дәстүрі өмірлік өнеге мен жарқын оқиғаларға бай.
Қазақ билерінің ішінде шоқтығы биік, аттары ауыздан түспейтін, бүкіл билердің тұлғалық символына айналған үш есім бар. Олар – Төле, Қазыбек, Әйтеке. Бұлар қазақ қоғамына қиын-қыстау заман орнаған уақытта өмір сүріп, сол дәуірдің небір ауыртпалықтары мен шытырман қарама-қайшылықтарын шешуде ерен еңбек еткен халық қаһармандары, ел ұлдары еді.
Ел президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 1993 жылы 28 мамырда Ордабасында сөйлеген сөзінде үш бидің атын ерекше құрметпен атаған еді. “… Сол бір жан-жақтан жау анталап, іргеден қиқу кетпей тұрған тұста күллі ұлтты түгел ұйытып, ұйымшылдыққа бастаған, рухани ізденіске мұрындық болған кімдер еді” /1.2/ - деп сұрақ қойды Президент осы жиында. Сосын өз сұрағына өзі жауап берді: “Сондай даналардың ішінде дәуірдің үш кемеңгері деп танылған Әлібекұлы Төле бидің, Келдібекұлы Қазыбек бидің, Бәйбекұлы Әйтеке бидің орны бөлек. Барша қазақ баласы аттарын ардақтап, айтқандарын жаттаған осы үш бабамыздың ел алдындағы еңбегіне, халық қамын жеген қасиетті ісіне сөз жеткізіп баға беру қиын-ақ. Халық болып сақталғанымыз, міне бүгін егемен ел атанып тәуелсіздік туын тігіп отырғанымыз, тіпті басқасын былай қойғанда, ата-баба жерінде басымыз аман, бауырымыз бүтін жүріп жатқанымыз үшін бүгінгі ұрпақ осы аталарымыздың аруағының алдында бас иеді /1.2/.
Аты аталған үш бидің әрқайсысының орны жеке дара, өз алдына бөлек екендігі айтпаса да түсінікті. Сондай дербес тұлға, біртуар халық азаматы, өнбойы тұнған бітімгерлік билік пен шешендік үлгісіндей болған билердің бірі емес, бірегейі – Төле Әлібекұлы еді.
Төле 1663 жылы Шу өзенінің бойында өмірге келіп, 1756 жылы қайтыс болды. Денесі Ташкентте жерленген.
Төле 9 жасынан ел көзіне көрініп, бірте-бірте билікке араласа бастайды, 14 жасында “бала би” атанады. Тәуке хан билік құрған кездері (1680-1718 ж.ж.) ол Ұлы жүздің бас (төбе) биі, хан жанындағы “Билер кеңесінің” мүшесі, “Жеті-Жарғыны” құрастырушылардың бірі болды. Мұнан кейінгі жылдары қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы ұлт-азаттық күресінің басшыларының және ұйымдастырушыларының алғы сапында болды. Төле өз заманының белді де беделді мемлекет әрі қоғам қайраткері еді.
1. Назарбаев Н.Ә. «Береке басы - бірлікң Егемен Қазақстан. 1993 ж. 28 маусым;
2. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2030: Қазақстан халқына үндеуің. – Алматы: «Білімң, 1997;
3. Назарбаев Н.Ә. «Тарих толқынындаң Алматы: «Атамұраң 1999.
4. Зиманов С.З. Қазақтың ата заңдары және оның бастаулары // Қазақтың ата заңдары. 10 томдық. Алматы: Жеті-Жарғы, 2001, 1 том, 15,16 б.б.
5. Описание родоплеменного состава казахов Среднего и Большого жузов, составленное М. Тевкелевым. – Казахско-русские отношения в ХVІ-ХVІІІ веках (сборник документов и материалов) Алма-ата, 1961. - с. 407
6. Записки переводчика Ю.Гуляева о результатах его поездки в Малый жуз с целью выяснения причин убийства хана Абульхаира– Сонда, 425 б.
7. Запись показаний казачьего атамана Смаила-муллы Абдрезякова, ездившего в Малый жуз – Сонда, 432 б.
8. Письмо Оренбургского губернатора И.Неплюева бию Большого жуза Тюле по поводу принятия им российского подданства – Сонда, 490 б.
9. Письмо бия Большого жуза Тюле Оренбургскому губернатору И.Неплюеву о принятии российского подданства им и подвластными ему казахами – Сонда, 484 б.
10. Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей. СПб., 1832. т. 2 (с. 80, 367, 368, 215)
11. П.И. Рычков. История Оренбургская. Оренбург, 1896. (с.51,52)
12. В.В. Вельяминов-Зернов. Исторические известия о киргиз-кайсаках и сношениях со Средней Азией со времени Абулхаир-хана 1748-1765 г.г. Уфа, 1853. вып. 1 и 2
13. В.Н. Витевский. И.И. Неплюев и Оренбургский край в прежнем его составе до 1758 г. Казань, 1889. вып. 1
14. Гродеков Н.И. Киргизы и каракиргизы Сыр-Дарьинской области. т. 1. Юридический быт. Ташкент, 1899.
15. А. Баллюзек. Народные обычаи имевшие, а отчасти и ныне имеющие в Малой киргизской орде силу закона. Записки Оренбургского отдела ИРГО. Вып. 2. 1871.
16. Добросмыслов А.И. . Ташкент в прошлом и настояшем, вып. 1, Ташкент, 1911. Суд у киргиз Тургайской области в ХVІІІ-ХІХ веках. Казань, 1904.
17. Павлов Н. История Туркестана. Ташкент, 1910.
18. Крафт И.И. Сборник узаконении о киргизах степных областей, Оренбург 1898. Султаны, тарханы, бии (историческая справка) // Тургайская газета. 1897. № 120
19. Гурлянд Л.У. Степное законодательство с древнейших времен по ХVІІ столетие // Известия общества истории, археологии, этнографии при Казанском университете, 1904. т. ХХ. вып. ІV, V
20. Диваев А.. К вопросу о киргизских судах// Сборник материалов для статистики Туркестанского края. Т. 460 СПб., 1907. - с. 110
21. Сборник материалов для статистики Туркестанского края. т. 16. (25, 122, 383, 395, 422, 458, 460, 517 с.)
22. Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинении в 5-ти томах. т. 4. А., 1985. с.88-173
23. Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының кітапханасы. Қолжазба қоры. 1062, 1125, 1173- 1178, 1645 папкалар; Көпеев М.Ж. Таңдамалы. 2 томдық, А, 1990; Көпейұлы М.Ж.. Қазақ шежіресі. А, 1993
24. Қараңыз: Материалы по истории политического строя Казахстана /отв.ред. – С.З. Зиманов. т. І, Изд-во АН. КазССР, 1960; Казахско-русские отношения в ХVІ-ХVІІІ в.в. А., Изд-во АН. КазССР, 1961., Казахско-русские отношения в ХVІІІ-ХІХ в.в А.: Наука, 1964.; Материалы по истории казахских ханов ХV-ХVІІІ в.в, А.: Наука, 1969.; Материалы по казахскому обычному праву Сб. І. А., 1948.
25. Тынышбаев М. Материалы к истории киргиз-казахского народа. Ташкент, 1925.; Киргиз-казахи в 17 и 18 веках, Кзыл-орда, 1926.; История казахского народа, А-А, 1993.
26. Вяткин М.П. Батыр Срым. М.Л., 1947
27. Аполлова Н.Г.. Присоединение Казахстана к России в 30-х годах ХVІІІ века. А.-А, 1948
28. Бекмаханов Е.Б.. Присоединение Казахстана к России, Издательство АН, СССР М., 1957.
29. Культелеев Т.М.. Уголовное обычное право казахов. А., 1955
30. Зиманов С.З.. Общественный строй казахов первой половины ХІХ века. А., 1958; Политический строй Казахстана конца ХVІІІ и первой половины ХІХ века. А., 1971.
31. Толыбеков С.Е.. Кочевое общество казахов в ХVІІ- начале ХХ века. А., 1971
32. Усеров Н.. Исследование правового памятника “Жеті-Жарғы”, автореферат диссертации кандидата юридических наук. А., 1977 16 б.
33. Шешендік сөздер /құраст. Адамбаев Б. А., 1990
34. Төреқұлов Н.. Төле би. А., 1992
35. А.Нысаналы. Жансарай. Толғамдар. А., 1999
36. С.Дәуітов. Төле би. А.: Жалын, 1993.
37. Билер сөзі /құраст. Кәкішев Т.– А.: Қазақ университеті, 1992. (16, 17, 18 б.б.)
38. Шешендік шиырлары /құраст. І.Есхожин А.: Қайнар, 1993. 48 б.
39. Қасымбаев Ж.. Государственные деятели казахских ханств (ХVІІІ в). А.: Білім, 1999.
40. Артықбаев Ж.О.. Материалы к истории правящего дома казахов. А.: Ғылым, 2001.; Омари Ж.. Қаз дауысты Казыбек би. Астана, 2000
41. Қазақтың ата заңдары. Құжаттар, деректер және зерттеулер. 10 томдық. 1 том. А.: Жеті-Жарғы, 2001. (75, 81, 82 б.б.)
42. Созақбаев С.. Тәуке хан. “Жеті-Жарғы” А., 1994.
43. Дулатбеков Н.. Қазақстан Республикасы мемлекет және хұқ тарихынан хрестоматия. Қарағанды, 1994
44. Нәрікбаев М.. Ұлы билерімізден Жоғарғы сотқа дейін. А.: Ата мұра, 1999.
45. Қуандықов Б.. Әйтеке Бәйбекұлының би ретіндегі қызметі. Заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. А., 2001. 14 б.
46. Қараңыз: газеттер: Егемен Қазақстан – 1993 ж. 01.04., 19.06.; 1994 ж. 27.08.; 1998 ж. 15.07.; 1997 ж. 24.12.; 2001 ж. 11.12., Жас алаш – 1991 ж. 18.10.; 29.10; 1993 ж. 28.05.; 10.06.; 1994 ж. 15.02.; 2002 ж. 11.06., Қазақ әдебиеті – 1988 ж. 04.11.; 1991 ж. 04.01.; 13.09.; 2000 ж. 25.02.; 18.10; 1993 ж. 11.06.; 29,10; 1998 ж. 28.08.; Алматы ақшамы - 1991 ж. 24.10; 1992 ж. 11.03.; 1993 ж. 24.05.; 1999 ж. 10.09., Қазақ батырлары – 1992 ж. Ақпан № 24; 2000 сәуір № 4, Астана дауысы – 1992 ж. 19.12.; 1993 ж. 22.05., Қазақ тілі мен әдебиеті – 1998 ж. 28.08., Ақ жол – 1991 ж. 24.01.; 16.10., 1992 ж. 07.07.; 18.07., 21.07, 25.08., 25.11.; 1993 ж. 22.04.; 18.07.; 21.07.; 25.08.; 25.11.; 1993 ж. 22.04.; 18, 20, 22/05; 1994 ж. 30.04; 1997 ж. – 05.11., Жетісу – 1991 ж. 03.08.; 21.08.; 02.11.; 1992 ж. 25, 27, 29/08; 03, 02, 03, 05, 08, 10, 15/09, Оңтүстік Қазақстан – 1990 ж. 15.09.; 1991 ж. 16.01.; 30.07.; 1993 ж. 01, 15/06; 1995 ж. 04, 08/11; 1996 ж. 16.10., Заң газеті – 1996 ж. № 9, 10; 2000 ж. 17.05.; 2001 ж. 29.08.; 12.09; 03.10; Түркістан – 1998 ж. 11.02.; 2000 ж. 06.10.
47. Қараңыз: журналдар – Парасат – 1992 ж. № 2, Жұлдыз – 1995 ж. № 2; 1992 № 8; 1998 ж. № 11, Зерде – 1991 ж. № 3; Тура би – 1998 ж. №2; 2001 ж. №6, Отбасы және балабақша - 1996 ж. № 9-10.
48. Мағауин М.. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы: Ер Дәулет, 1994. (72, 81, 83, 63, 82, 87, 85, 119, 127, 126, 101 б.б.)
49. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И.. Казахстан: летопись трехтысячилетий. Алматы: Рауан, 1992. (305, 309 б.б.)
50. Казахско-русские отношения в ХVІ – ХVІІІ в.в. Алма-ата, 1961, сб. І (3, 425, 426, 427 б.б.)
51. Абусеитова М.Х. Казахское ханство во второй половине ХVІ в. Алма-ата: Наука, 1985 (64 б.)
52. История Казахской ССР с древнейших времен до наших дней. В пяти томах. Алма-ата: Наука, 1979. 2 том (288, 289 б.б.)
53. Шапаққызы У.. “1640 жылғы Монғол-ойрат заңы” заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. Алматы, 2001 (18,4)
54. Сулейменов Р.Б., Моисеев В.А. Из истории Казахстана ХVІІІ века: О внешней и внутренней политике хана Аблая. А., 1988 (18)
55. Қазақтың мақал-мәтелдері. / құраст. Тұрманжанұлы Ө. А., 1935 (123-127)
56. Сборник казахских пословиц и поговорок А-А, 1935 (на каз. яз.) (112, 115)
57. Қазақтың мақал-мәтелдері. А., 1993 (40-45)
58. Бес ғасыр жырлайды. құраст. Байділдаұлы М. А., 1989 (28, 48, 71, 84, 86, 97, 99)
59. Бартольд В.В. “Сочинения” 5 том. М.: Наука, 1968. - стр. 502; Клыштярной С.Г., Султанов Т.И. “Казахстан: летопись трех тясячелетий” А.: Рауан, 1992. - стр. 351; Сыздықова Р., Қойкелдиев М. “Қыдырғали би Қосымұлы және оның жылнамалар жинағы”. А.: Қазақ университеті, 1991. 68 б.
60. Леонтьев А.Л. Обычное право казахов. Юридический вестник, 1889. 5 том, стр. 118; Добромыслов А.И. Суд у киргиз Тургайской области ХVІІІ- ХІХ в.в. Казань, 1904. - стр. 7
61. Радлов В.В. Словарь. ІV., 1568, 1580. стр. 319; Образцы народной литературы тюркских племен. Киргизское наречие. СПб., 1870. стр. 156
62. Нығмет Мыңжан. Қазақтың қысқаша тарихы. А.: Жалын, 1994. (64 б.)
63. Қазақтар. 2 том. А.: 1998. (16, 40 б.б.)
64. Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп-тұқианнан өзіме шейін. А.: Жалын, 1995. (45,46,210 б.б.)
65. Шәкәрім Құдайбердіұлы. Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі. А.: Қазақстан, 1991. (22, 23 б.б.)
66. Зуев Н.И.. Киргизский народный суд // Сборник материалов для статистики Туркестанского края, 1907. т. 460. (стр. 144)
67. Созақбаев С. Тәуке хан және Жеті-Жарғы. Алматы: Санат, 1994. (18,19,11,21,12 б.б.)
68. Өтениязов С., Алпысбаева Қ. Қазақ еліндегі билер институты// Парасат. 1994.- №10 (16 б.)
69. Кенжалиев З.Ж., Даулетова С.О. Казахское обычное право в условиях Советской власти. Алматы, 1992. (75 б.)
70. Кенжалиев З.Ж. Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық мәдениет. Алматы, 1997. (91, 98, 99 б.б.)
71. Шешендік шиырлары / құраст. Адамбаев Б. Алматы: Отау, 1992. (43, 118, 119 б.б.)
72. Үш пайғамбар. Алматы: Дәуір, 1992 (13, 14, 26, 27, 32-37, 53 б.б.
73. Төреқұлов Н. Төле би. А.: Дәуір, 1999. ( 4,5, 14, 24,25, 29,30 б.б.)
74. Сүйіншиәлиев Ханғали. Қазақ әдебиітінің тарихы. Алматы: Санат, 1997. – 314 б.
75. Рсымбетов Ж. Төле би әм оның заманы. Оңтүстік Қазақстан. 16 қаңтар 1991.
76. Мұратбаев Н. Ежелгі шежіре деректер // Жұлдыз. 1995. - №7,8 (200, 201 б.б.)
77. Амангелдиев Қ. Әулие атанған би. Қазақ әдебиеті. 18 қазан 1991.
78. Төреқұлов Н., Қазбеков М. Қазақтың би-шешендері. 1,2 кітап. Алматы: Жалын, 1993. (44 б.)
79. Сәрсенбі Дәуіт. Төле би. А.: Мұраттас, 1991. (14, 23,24 б.б.)
80. Адамбаев Б. Төле би шешен // Жұлдыз. 1972. - №1 (211, 212 б.б.)
81. Көпеев М.Ж., Таңдамалы. 2 томдық шығармалар жинағы. / Дәуітов С. А., 1990. (20 б.)
82. Ахметов Ө., Қуанышев Ү. Үш даңғыл. Семей таңы. 10 желтоқсан 1991.
83. Сәттібайұлы К. Дала Демосфеніне тағзым. Жас алаш. 15 ақпан 1994.
84. Бектаев Қ., Қалдыбаев М. Ұлы бабаларды ұрпақ ұмытпайды. Шымкент, 1993. (17, 26, 29, 32, 48-51 б.б.)
85. Ділебаев Ә. Төле би. Заң газеті. 20 қараша 1993. - №74 (12 б.)
86. Сейфуллин С. Шығармалар. 6 т. Алматы, 1964. (40 б.)
87. Международные отношения в Центральной Азии ХVІІ-ХVІІІ в.в. Документы и материалы. Кн. І. М., 1989 (стр. 290-294)
88. Дәдебаев Ж. Атыңнан айналайын Әулие ата. Алматы: Қазақ университеті, 1998. (151 б.)
89. Орынбор облыстық мұрағаты. Фонд 1. опись 1 1749 г. д.18 л.102;
90. ООМ фонд 3. опись 1 д. 8 л.46
91. ООМ
92. Маковецкий П.Е. Материалы для изучения юридических обычаев киргизов. (стр. 76)
93. Төреқұлұлы Н. Билер сөзі – ақылдың көзі. Алматы: Қазақстан, 1996. (10, 16, 23, 24, б.б.)
94. Г.А.Пугаченкова Мавзолей Калдыргач-бия. /Известия Академий наук Казахской ССР вып. 2 1950. с 90.
95. Ибрагимов Ә. Төле бидің өсиет толғауы: Өттің дүние шіркін-ай// Қазақ батырлары. Ақпан 1992. - №24 (6 б.)
96. Төреқұлұлы Н. Қазақтың жүз шешені. А., 1997. (77 б.)
97. Өзбекұлы С. Төле би хақында бірер дерек. Қазақ тілі мен әдебиеті. 1993, №2 (70-73 б.б.)
98. Амандықов Х. Төле бидің төреліктері. Мұра газеті. Шымкент, 29.08. 1991.
99. Әбділдәұлы Б. Төле би. Алматы, 1991. (16-24 б.б.)
100. Қараңыз: Айткулова Н.Л. Институт “Айып” в обычном правк казахов. Автореферат на соискание ученой степени к.ю.н. Алматы, 2002.
101. Өсерұлы Н. Жеті-Жарғы. А.: Жеті-Жарғы, 1995. (46 б.)
102. Исторические известия о киргиз-кайсаках и сношениях со Средней Азией со времени Абулхаир-хана. (1748-1765) Уфа, 1853. Выпуск 1 и 2 (стр. 7)
103. Записки Оренбургского отдела Императорского географического общества. Вып. ІІ. Казань, 1874. стр. 134
104. Қараңыз: Дәдебаев Ж. Бөлтірік Әлменұлы және қазақ шешендік өнері. А.: Қазақ университеті, 1996, 95 б.
105. Материалы по казахскому обычному праву. Сб. І. А.: Жалын, 1998. (373, 384 б.б.)
106. Нышанәлі Нұралыұлы. Қазақтардың дәстүрлі отбасы және неке құқықтары. Алматы, 2001. (67 б.)

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 115 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ - ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

Мыңбатырова Нұрлайым Қанбатырқызы

Төле бидің соттық шешімдері және қазақтың әдет - ғұрыптық құқығы

Мамандық: 12.00.01 - құқық және мемлекет теориясы;
құқық және мемлекет тарихы; саяси - құқықтық ілімдер тарихы

Заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған диссертация

Ғылыми жетекші: ҚР ҰҒА академигі, заң
ғылымдарының докторы,
профессор С.З. Зиманов

Қазақстан Республикасы
Алматы
2002
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-9

І Төле бидің заманы және оның қоғам қайраткері, әрі би, әрі шешен
ретінде қалыптасуы.

1.1 XVІІ ғасырдың екінші жартысы – XVІІІ ғасырдың бас кезіндегі қазақ
хандығының саяси қоғамдық өміріндегі билердің орны ... .. 10-

1.2 Төле бидің қоғам қайраткері және би ретінде қалыптасуы және
танылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1.3 Төле бидің өмір баянының негізгі кезеңдері ... ... ... ... ... ... .

ІІ Төле бидің биліктеріне талдау.

2.1 Төле Әлібекұлының құқықтық, құқықтық қағидалық мәні бар өсиеттері,
толғаулары, нақыл сөздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2.2 Төле би және жер-су дауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.3 Төле және мал-мүлік дауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.4 Төле би және жесір дауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2.5 Төле би және өлім-жарақат дауы ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Пайдаланылған деректер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі.

Қазақ халқының және қоғамының мемлекеттік және құқықтық даму
тарихында ерекше орынға ие әлеуметтік топ бар. Ол - қазақ халқының билері.
Билер сонау есте жоқ ерте замандарда пайда болып халқымыздың ұзына бойғы
тарихында белгілі бір даму сатыларын бастан өткерді. Бірақ қай уақыт, қай
замандарда болмасын билердің қоғам өміріндегі белсенді бейнесі мен жағымды
тұлғасы тұрақты болып қала берді. Майқы, Аяз билерден басталып, Абай,
Шәкәрім, Жетес билердің қызметтерімен жалғасқан билер дәстүрі өмірлік өнеге
мен жарқын оқиғаларға бай.
Қазақ билерінің ішінде шоқтығы биік, аттары ауыздан түспейтін, бүкіл
билердің тұлғалық символына айналған үш есім бар. Олар – Төле, Қазыбек,
Әйтеке. Бұлар қазақ қоғамына қиын-қыстау заман орнаған уақытта өмір сүріп,
сол дәуірдің небір ауыртпалықтары мен шытырман қарама-қайшылықтарын шешуде
ерен еңбек еткен халық қаһармандары, ел ұлдары еді.
Ел президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 1993 жылы 28 мамырда Ордабасында
сөйлеген сөзінде үш бидің атын ерекше құрметпен атаған еді. “... Сол бір жан-
жақтан жау анталап, іргеден қиқу кетпей тұрған тұста күллі ұлтты түгел
ұйытып, ұйымшылдыққа бастаған, рухани ізденіске мұрындық болған кімдер
еді(” 1.2 - деп сұрақ қойды Президент осы жиында. Сосын өз сұрағына өзі
жауап берді: “Сондай даналардың ішінде дәуірдің үш кемеңгері деп танылған
Әлібекұлы Төле бидің, Келдібекұлы Қазыбек бидің, Бәйбекұлы Әйтеке бидің
орны бөлек. Барша қазақ баласы аттарын ардақтап, айтқандарын жаттаған осы
үш бабамыздың ел алдындағы еңбегіне, халық қамын жеген қасиетті ісіне сөз
жеткізіп баға беру қиын-ақ. Халық болып сақталғанымыз, міне бүгін егемен ел
атанып тәуелсіздік туын тігіп отырғанымыз, тіпті басқасын былай қойғанда,
ата-баба жерінде басымыз аман, бауырымыз бүтін жүріп жатқанымыз үшін
бүгінгі ұрпақ осы аталарымыздың аруағының алдында бас иеді 1.2.
Аты аталған үш бидің әрқайсысының орны жеке дара, өз алдына бөлек
екендігі айтпаса да түсінікті. Сондай дербес тұлға, біртуар халық азаматы,
өнбойы тұнған бітімгерлік билік пен шешендік үлгісіндей болған билердің
бірі емес, бірегейі – Төле Әлібекұлы еді.
Төле 1663 жылы Шу өзенінің бойында өмірге келіп, 1756 жылы қайтыс
болды. Денесі Ташкентте жерленген.
Төле 9 жасынан ел көзіне көрініп, бірте-бірте билікке араласа
бастайды, 14 жасында “бала би” атанады. Тәуке хан билік құрған кездері
(1680-1718 ж.ж.) ол Ұлы жүздің бас (төбе) биі, хан жанындағы “Билер
кеңесінің” мүшесі, “Жеті-Жарғыны” құрастырушылардың бірі болды. Мұнан
кейінгі жылдары қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы ұлт-азаттық
күресінің басшыларының және ұйымдастырушыларының алғы сапында болды. Төле
өз заманының белді де беделді мемлекет әрі қоғам қайраткері еді. Ал оның
осы қайраткерлік тұлғасының басты өзегі және өз заманының ұлы саяси
ойшылдарының бірі ретіндегі бейнесінің жарқын жағы – би есебіндегі қызметі,
ой-пікірлері, соттық қағидалары мен шешімдері болатын. Төле қазақ құқығы
саласында қызмет еткен және бұл салада қомақты мұра қалдырған тұлға. Ал
қазақ құқығы, академик С.Зимановтың айтуынша “Қазақ халқының және барлық
көшпелі өркениетінің мәдени байлығы. Ол мыңжылдық тарихымен ерекшеленеді
және өміршеңдігімен, адам еркіндігін жақтаған сипаттарымен әлем назарына
ілінді” 4. 15,16. Демек, Төленің құқықтық мұрасын зерттеп, оның далалық
сот мәдениеті саласындағы еңбегін саралау заң ғылымы алдында тұрған кезек
күттірмес мәселелердің бірі.

Тақырыптың зерттелу деңгейі.

Төле Әлібекұлының өмірін, қызметін және рухани мұрасын зерттеу
тарихын шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең - Төле жәйлі
мағлұматтардың патшалық Ресей тұсында жиналып, сұрыпталуы, жарық көруі. Бұл
кезең Қазан төңкерісіне дейін созылады.
Патша өкіметінің чиновниктері Ұлы жүз, оның құрылымы, хандары мен
билеушілері, соның ішінде Төле жәйлі мағлұматтарды, оның көзі тірісінде-ақ
іздеп, жинап, тиісті органдарға хабарлап отырды. Бұлардың ішінде М.
Тевкелевтің 5. 407, Ю.Гуляевтің 6. 425, Смаил-мулла Абдрезяковтің 7.
432, Орынбор губернаторы И. Неплюевтің 8. 490 Ресей империясының сыртқы
істер коллегиясына және басқа да ресми органдар мен лауазымды адамдарға
жазған хаттары мен мәлімдемелері Төленің дәуірі, сол кездегі саяси-құқықтық
ахуал, Төленің ұстанған саяси бағыт-бағдары жәйлі біршама хабар береді.
Сондай-ақ Төленің Ресей қол астына кіруге ниеттеніп Ұлы жүз
қазақтары атынан Орынбор губернаторы И.Неплюевке жазған хаты 9. 484.
Барақ сұлтан мен И.Неплюев арасындағы хат арқылы байланыстар да бидің
қартайған шағындағы өз халқы жәйлі ой-толғаныстарынан хабар береді.
Төле өмірден өткеннен кейін де оның тұлғасына деген қызығушылық орыс
шенеуніктері мен зерттеушілері тарапынан сөнген жоқ. Осы ретте А.И.
Левшиннің 10, П.И.Рычковтың 11, В.В. Вельяминов-Зерновтың 12, В.Н.
Витевскийдің 13, Н.И.Гредековтің 14, А.Баллюзектің 15, А.И.
Добросмысловтың 16, Н. Павловтың 17, И.И Крафттың 18, Л.У. Гурляндтың
19, А. Диваевтың 20 еңбектерін арнайы атап өткен абзал. Бұл
зерттеулерде Төле өмірінің, іс-әрекетінің кейбір сәттері баяндалып қана
қоймай, оның бейнесінің уақыт өткен сайын халық жадында қалай жаңғырып,
бидің қандай беделге ие екендігі де айтылады.
Тақырыпты терең игеруде “Түркістан жинағындағы” материалдармен
танысып, саралау айтарлықтай көмек көрсетті. әсіресе оның 16, 25, 122, 383,
395, 422, 458, 460, 517 томдарындағы қазақ даласының сол кездегі
әлеуметтік, тұрмыстық, діни, құқықтық өмір көріністерін суреттейтін
зерттеулер біздің назарымыздан қалыс қалған жоқ 21.
Бұл кезде Төле жәйлі қалам тартқан қазақ зерттеушілерінің арасынан
Ш.Уәлихановтың 22.88,173 және Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 23 еңбектерін атап
өткен жөн.
Кеңес дәуірінде Төле мұрасын жинап, зерттеу өзінің екінші кезеңіне
өтеді. Бұл уақыт аралығының ерекшелігі - Төле заманына, Ресей мен Қазақстан
арақатынасына байланысты көптеген архив материалдары том-том кітаптар болып
жарық көре бастады. соның арқасында ХVІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХVІІІ
ғасырдың бірінші жартысына байланысты оқиғаларды зерттеу біршама қолға
алынып, алға жылжыды. Осындай жинақтардың ішінен әсіресе Республикалық
Ғылым Академиясының институттары дайындап шығарған еңбектердің құндылығы
өте жоғары 24. Осы жылдары көшпелі қазақ қоғамының экономикасын, қоғамдық
және саяси құрылысын, оның Ресейге қосылу тарихын, әдет құқығын зерттеуге
бағытталған елеулі ғылыми еңбектер жарық көре бастады. Олардың арасынан М.
Тынышбаевтың 25, М.П. Вяткиннің 26, Н.Г. Аполлованың 27, Е.Б.
Бекмахановтың 28, Т.М. Культелеевтің 29, С.З. Зимановтың 30, С.Е.
Толыбековтің 31 еңбектерін атап өткен дұрыс. Өйткені, бұл зерттеулер
қазақ қоғамының генезисін, ерекшелігін, әсіресе, билер тобының орнын, әдет
құқығы нормаларының құндылығын түсінуде айтарлықтай алға жылжуға мұрындық
болды. Ал, Төленің қызметін, әсіресе оның құқықтық саладағы еңбегін танып-
білуге елеулі үлес қосқан зерттеу Н.Өсерұлының академик С.З.Зимановтың
жетекшілігімен жүргізген “Жеті-Жарғы” жәйлі зерттеуі еді 32.
Дегенмен, Кеңес дәуірінде Төле Әлібекұлына деген жалпы көзқарас
өзінің салқындығымен, оның еңбегін бағалау ресми органдар тарапынан көпе-
көрнеу “сараңдығымен” ерекшеленетін. Себебі, қоғамдық өмірге, оның ішінде
жеке адам өміріне таптық көзқарас тұрғысынан келіп, бағалаудың ауқымы
Төлеге де “үстем тап өкілі”, “қанаушы билер тобынан” деп қарауды талап
ететін.
Төле Әлібекұлының тарихи тұлғасын толыққанды және жан-жақты зерттеу
еліміз саяси егемендік пен мемлекеттік тәуелсіздік алғаннан кейін ғана іске
аса бастады. Бұл ұлы бабамыздың өмірі мен қызметін зерттеудің үшінші кезеңі
еді.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақытта Төле Әлібекұлы жәйлі қыруар
материал жарық көрді. Бұл ретте, ең алдымен, әдебиетшілердің еңбегін атап
айтқан жөн. Шешендік өнер жәйлі бұрыннан қалам тартып жүрген Б.Адамбаев
33, сондай-ақ Н.Төреқұлұлы 34, А.Нысаналы 35, С.Дәуітов 36,
Т.Кәкішев 37, І.Есхожин 38 Төле жәйлі естеліктер, деректер, аңыз
әңгімелер, оның шешендік сөздері, биліктері ұлы бидің жан-жақты рухани
мұрасын елге танытуға үлкен себепкер болды.
Қазақстан тарихшылары да Төле заманын, сол кездегі қазақ хандарының
саясатын, билердің беделін ашып көрсетер туындылар жариялады. Бұл ретте Ж.
Қасымбаевтың 39, Ж.О. Артықбаевтың 40 еңбектерін атап өтуге болады.
Республиканың заңгер-ғалымдары да қазақ халқының құқықтық мәдениеті
мен мұрасын зерттеуде, оның ішінде Төленің би есебіндегі тұлғасын тануда
біршама істер атқарды. Қазақстанның заң ғылымындағы құбылыс деп бағалауға
болар “Қазақтың ата заңдарының” 10 томдығының жариялана бастауы билер
мұрасын зерттеудегі шоқтығы биік еңбек. Ол – академик Зимановтың жобасымен
және жетекшілігімен іске асуда41. Еңбектің бірінші томында академик
С.З.Зимановтың “Қазақтың ата заңдары және оның бастаулары” деген мақаласы
жарияланған. Бұл мақалада академик С.З.Зиманов қазақ әдет құқығын зерттеу
саласына серпіліс берер, методологиялық және теориялық мәні мол құнды
идеяларын ортаға салады. Олардың ішінде қазақ халқының құқықтық мәдениетін
“қазақ құқығы” деген атпен дәл де айқын атаумен айшықтауы көңілге өте
қонымды. Шын мәнінде ғылымда “рим құқығы”, “афина құқығы” деген ұғымдар
бар. Бұл атаулар римдіктердің, афинылықтардың немесе басқа да халықтардың
құқықтық жүйелері осы халықтардың төл туындысы дегенді білдіреді. Сондықтан
қазақ халқының тарихи құқықтық мәдениетін “қазақ құқығы” деген атпен беру
өте орынды және уақыты жеткен шешім.
Екіншіден, “қазақ құқығы” деген атау көшпелілердің құқықтық
мәдениетінің ішкі мәнін және мазмұнын оның сыртқы нысанынан (әдет құқығы)
жоғары қоюды талап етеді. Себебі, қазақ құқығының мәдени құбылыс есебіндегі
ерекшелігі және құндылығы оның адам табиғатына жақын бола білетіндігінде,
мәңгі адами құндылықтар – бостандық, еркіндік, теңдік, әділдік – сияқты
құбылыстардың қазақ құқығының астары әрі мақсаты бола білуінде еді. Ал,
қазақ құқығының сыртқы нысанына баса көңіл бөлу бұл тарихи құбылыстың
шынайы келбетін бұрмалауға жол беріп жататын.
С.З.Зимановтың саналық сонылығымен және мазмұндық тереңдігімен
ерекшеленетін келесі бір идеясы “Қазақия – “еркіндік” мекені “еркіндік”
аумағы болды” деген пікірі 41.17. Бұл пікір қазақ қоғамының бүкіл тарихы
мен тыныс-тіршілігін жаңа көзбен қайта қарауды талап ететін методологиялық
тұғыр. Әсіресе, осы “еркіндік аумағында” қызмет жасаған қазақ құқығының
мәні мен мазмұны, әлеуметтік және адами құндылығы деген мәселелерді ой
елегінен тағы бір өткізу – сұранып-ақ тұрған қажеттілік. Себебі, қазақ
құқығы әлемдік шеңбердегі адамзат тарихының мәдени жетістіктерінің бірі.
Оның бастаулары түркі тілді көшпелі өркениетке барып тіреледі де, ал ұзақ
уақыт тұрақтап қалған және жеке-дара әрі дербес құқықтық мәдени құбылыс
есебінде дамыған, өсіп-өркендеген мекені - Қазақ даласы немесе Қазақия еді.
Аталмыш 10-томдықтың бірінші томында Төле мұрасына жеткілікті көңіл
бөлінген. Сондай-ақ, белгілі заңгерлер С.Өзбекұлының 42, Н.Дулатбековтың
43, М.Нәрікбаевтың 44, Б. Қуандықовтың 45 зерттеулері Төлебитану
аясын кеңейте түсті.
Төле жәйлі аса мол мағлұмат баспасөз беттерінде жарық көрді.
Республикалық, облыстық, аудандық газеттер 46 мен журналдарда 47 Төле
Әлібекұлының бейнесіне байланысты материалдар соңғы жылдары толассыз
жариялануда. Біз оларды өзара салыстыра және сын көзбен қарай отырып
пайдалануға тырыстық.
Көріп отырғанымыздай, Төле Әлібекұлының жалпы өмірі мен қызметі, ел
аузында сақталған оның өсиет сөздері, нақылдары мен биліктері біршама
зерттелген. Біз өз еңбегімізде бізге дейін Төле жәйлі қалам тартқан
зерттеушілердің еңбегіне сүйендік. Сонымен бірге Төленің қазақ әдет құқығы
саласында атқарған еңбегін, қалдырған мұрасын арнайы зерттеп, осы мәселенің
мәнін және мазмұнын толық әрі жан-жақты ашуға тырыстық.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.

Диссертациялық жұмыстың мақсаты. Бізден бұрынғы зерттеушілердің
еңбектеріне сүйене отырып, Төле Әлібекұлының құқықтық мұрасын тұтастай
зерттеп, қазақ халқының құқықтық өмір саласындағы оның атқарған қызметін
және сіңірген еңбегін толық тарата түсу әрі жан-жақты ашып көрсету еді.
Осы мақсатқа сай келесі міндеттер туындады:
- ХVІІ-XVІІІ ғасырлардағы Қазақ хандығының қоғамдық-саяси өміріндегі
билердің орнының ерекшеліктерін анықтау;
- Төле Әлібекұлының өмірбаянын негізгі кезеңдерге бөліп қарастырып, ой
елегінен өткізу;
- Төленің би және қоғам қайраткері ретінде танылуын, ұлыстың “төбе биі”
деңгейіне көтерілуін айқындау;
- Төленің биліктерін, әсіресе, оның құқықтық қағидалық мәні бар
нақылдарын, айшықты сөздері мен толғауларын алдын-ала талдау;
- Бидің жер-су дауын шешу бағытында ұстанған қағидаларын, қолданған
нормаларын және жеткен нәтижелерін зерделеу;
- Мал-мүлік және жесір даулары саласындағы Төле Әлібекұлының
бітімгерлік шеберлігіне талдау жүргізу.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы.

Төле Әлібекұлының қазақ қоғамының құқықтық өмір саласында атқарған
қызметі мен сіңірген еңбегі толық әрі жан-жақты қарастырылып, оның құқықтық
мұрасы тұтастай зерттелді. Бидің құқықтық мәні бар өсиеттері мен нақылдары,
үлгілі биліктері мен шешімдері, дауды шешу тәсілдері мен ерекшеліктері
ғылыми сараптамаға түсті.
Зерттеу барысында бұрын ғылыми айналымға түспеген мұрағаттық, тарихи,
әдеби, баспасөз материалдары және өзіміз ел арасында сұрау жүргізу арқылы
іздестіріп тапқан жеке мәліметтер пайдаланылды.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар.

- ХVІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысында
билер “ерікті аймақ” – көшпелі қазақ қоғамының белді және беделді
әлеуметтік тобы болды, саяси, әскери және құқықтық өмірдегі олардың
белсенділігі арта түсті, халық тарапынан қолдау тапты;
- Төле би ғасырлар бойы көшпелі елде қалыптасқан билер дәстүрін
дамытты, елге ерте танылды. Ол 9 жасынан билікке араласып, 14
жасында “бала би”, ал Тәуке (1680-1718 жж.) билікке келген алғашқы
жылдары-ақ Ұлы жүздің бас биі есебінде хан жанындағы “Билер
кеңесінің” мүшесі болды.
- Төле би қазақ халқының жоңғарларға қарсы ұлт-азаттық күресінің
белгілі ұйымдастырушысы әрі басшысы деңгейіне көтерілді.
- Төле Әлібекұлының өмірбаянын шартты түрде төрт кезеңге бөлуге
болады:
1) Балалық шағы және жастық дәурені (1663-1679 жж.)
2) Өз руының биі, Үйсін тайпасы атынан сөйлейтін би, Ұлы жүздің бас
биі, Тәуке ханның “Билер кеңесінің” мүшесі (1680-1717 жж.)
3) 1717-1732 ж.ж. аралығы. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы
жүргізген ұлт-азаттық күресінің ұйымдастырушыларының әрі
басшыларының бірі.
4) 1735-1763 ж.ж. аралығы. Ұлы жүздің нақты билеушісі (1739-1749 ж.ж.),
бүкіл қазақ халқының бас билерінің бірі, дипломат, ұлт-азаттық
қозғалыстың батырлары мен басшыларының (хандарының) қамқоршысы,
батагөй қария, ойшыл-ғұлама.
- Бидің құқықтық кағидалық мәні бар нақылдары, айшықты сөздері мен
толғаулары арнайы бөлініп қаралып талданды, салыстырмалы елеуге
түсті.
- Жер-су дауларын шешудегі ұстанымы, қағидалары анықталды, нақты
шешімдері талқыланды.
- Өлім-жарақатқа байланысты қолданған құқықтық нормаларына, қабылдаған
биліктеріне, бұл саланы реттеуде енгізген жаңалықтарына зерттеу
жүргізілді.
- Мал-мүлік пен жесір дауларын шешу шеберлігі мен тосын әдіс-тәсілдері
сараланды.

Жұмыстың методологиялық және теориялық негізі.

Диссертациялық еңбектің методологиялық негізін, жалпы танымдық
принциптер мен арнайы-ғылыми әдістердің іштей бірлігі мен байланысы құрады.
Жалпы қоғамдық ғылымға тән жүйелілік, тарихилық, салыстырмалы сараптау
принциптері мен әдістері тақырыпты зерттеу барысында басты әдістемелік
құралдар болды. Сондай-ақ, тарихи-хронологиялық тұрғыдан зерттеу, сұрау
салу әдістері де пайдаланылды.
Жұмыстың теориялық негізінде қазақстандық ғалымдардың, сондай-ақ алыс
және жақын шетел ғалымдарының методологиялық және теориялық сипаттағы
еңбектері жатты. Бұл ретте, әсіресе, С.З.Зимановтың жетекшілік етуімен
жүргізіліп жатқан 10-томдық “Қазақтың ата заңдары” еңбегі және академиктің
осы еңбектің 1-томында жарияланған жоғарыда аты аталған мақаласындағы құнды-
құнды идеялары басшылыққа алынды. Сондай-ақ М.Т.Баймахановтың, Ғ.С.
Сапарғалиевтің, Қ.А.Жиреншиннің, З.Ж.Кенжалиевтің, С.Өзбекұлының,
Н.Өсерұлының, С.Л.Фукстың т.б. ғалымдардың еңбектері басты назарда болды.

Жұмыстың тәжірибелік маңызы.

Диссертацияның нәтижелерін елімізде жүріп жатқан мемлекеттік және
құқықтық салалардағы реформаларды жүргізу барысында халықтың дәстүрлі
биліктанымы мен құқықтанымын ескеру бағытында пайдалануға болады. Әсіресе
соңғы кездері көптеген пікір-талас тудырған және тудырып келе жатқан “билер
сотын жандандыру”,“ақсақалдар алқасын құру” немесе “алқалы сот (суд
присяжных заседателей) институтын енгізу” жәйлі мәселелерді көтеріп,
талқылап және шешу барысында диссертация нәтижелері айтарлықтай бағыт-
бағдар бере алады. Сондай-ақ, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының
жүйесін ұйымдастыру және құру процесі кезінде бұл тұжырымдар пайдалы болуы
мүмкін.
Жоғарғы оқу орындарында мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,
саяси және құқықтық ілімдер тарихы, әдет құқығы пәндерінен дәріс беру
кезінде бұл зерттеудің берері мол.

Диссертациялық зерттеудің сыннан өтуі.

Зерттеудің негізгі нәтижелері Қазақ мемлекеттік заң академиясының 5
жылдық мерей тойына арналған ғылыми теориялық конференцияда (17 наурыз 1999
ж.), Әл-Фараби атындағы Қаз.ҰУ-де ҚР-ның мемлекеттік тәуелсіздігінің 10
жылдығына арналған Адам құқықтарының халықаралық стандарттарымен ұлттық
заңдарды дамытуң атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (1-2
наурыз 2001 ж.), Орта-Азиялық университет пен Д.А. Қонаев атындағы
университеттің ҚР-ның егеменді ел болуының он жылдығына арнап өткізілген
Орта-Азиялық елдердің мемлекеттік егемендігі: нәтижелері мен болашағың
тақырыбында өткізілген халықаралық ғылыми тәжірибелік конференцияда (29-30
қыркүйек 2001 ж.), Қазақ гуманитарлық заң университеті мен Мемлекет және
заң институтының бірігіп өткізген Ұлттық құқық жүйесін қалыптастырудың
өзекті мәселелерің тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік
конференцияда (28 ақпан 2002 ж.), Д.А. Қонаевтың 90 жылдық
мерей тойына арналған республикалық ғылыми тәжірибелік конференцияда (5
мамыр 2002 ж.), Тараз қаласының 2000 жылдық мерей тойына арнап өткізілген
халықаралық ғылыми тәжірибелік конференцияда (24-25 қыркүйек 2002 ж.)
баяндалды.

Диссертацияның негізгі мазмұны төмендегідей басылымдарда
жарияланды
1. Төле бидің саяси-қоғамдық көзқарастары Қазақ мемлекеттік заң
академиясының 5-жылдық мерейтойына арналған ғылыми-теориялық
конференциясының материалдары –Алматы:Қаз.МЗА, 2000, -206-211 бб.
2. Қазақ хандығы тұсындағы билер институты “Право и государство” журналы
– Алматы, 2001, - №4 23, 39-42 бб.
3. XVІІ ғ. екінші жартысы –XVІІІ ғ. бас кезіндегі Қазақ хандығының саяси-
қоғамдық өміріндегі билердің орны “Государственная независимость
Центально-азиатских стран: итоги и перспективы” Материалы международной
научно-практической конференции, посвященной десятилетию независимости
РК. –Алматы, 2001, 545-548 бб.
4. Төленің би ретінде қалыптасуы және танылуы Ұлттық құқық жүйесін
қалыптастырудың өзекті мәселелері Республикалық ғылыми-тәжірибелік
конференцияның материалдары. Алматы, 2002, -48-53 бб.
5. Төле бидің өмірнамасының негізгі кезеңдері Көне және қазіргі Тараз:
тарихы және әлеуметтік-экономикалық дамуының болашағы. Тараз қаласының
2000-жылдығына арналған Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның
материалдары Алматы, 2002, -138-142 бб.
6. Төле Әлібекұлының құқықтық, құқықтық қағидалық мәні бар өсиеттері,
толғаулары, нақыл сөздері Тараз: мыңжылдықтар және өркениеттер сұхбаты
Тараз қаласының 2000-жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік
конференцияның материалдары. –Тараз, 2002.
7. Төле би және жер-су дауы “Заң” журналы – Алматы, 2002, №12, 44-
48 бб.
8. Төле би дүниетанымындағы ел бірлігі және ел азаттығы идеясы
“Саясат” журналы –Алматы, 2003, №1
9. Төле бидің мал-мүлік дауларын шешудегі биліктері “Заң және
заман” журналы –Алматы, 2003, №1

Жұмыстың құрылымы және көлемі

Диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, сегіз тараудан,
қорытындыдан және пайдаланылған деректер тізімінен тұрады.

І Төле бидің заманы және оның қоғам қайраткері әрі би әрі
шешен ретінде қалыптасуы

1. XVІІ ғасырдың екінші жартысы - XVІІІ ғасырдың бас кезіндегі қазақ
хандығының саяси-қоғамдық өміріндегі билердің орны

XVІІ ғасырдың аяғы мен XVІІІ ғасырдың басы қазақ қоғамы үшін қат-
қабат қиыншылықтар мен шырғалаң шиеліністерге толы уақыт аралығы еді. Осы
кезеңде қазақ даласында орын алған оқиғалар легі оның болашақ даму
бағдарының бағытын анықтауға біршама ықпал жасады. Ол оқиғалар қазақ елінің
тарихи өміршеңдік қабілетіне үлкен сын болды. Қазақ қоғамының ішкі
бірлігін, тұтастығын, “беріктігін” тарихи тағдыр “тезіне” салды. Оның
рухани өмірі бастауларының мөлдірлігі, адастырмас ақиқаттығы, қоғам
мүшелеріне дем берер қуаттылығы сұрапыл тексерістерден өтті, ал саяси
(мемлекеттік), әскери және қоғамдық өмір тетіктері (институттары) мен
салалары заман қойған аяусыз сынақ сауалдарына тап болды.
XVІІ ғасырдың аяғы мен XVІІІ ғасырдың басында шынтуайтқа келгенде
қазақ қоғамының бүкіл болмысы мен бітімі, құрылымы мен өмір сүру салты,
тынысы мен тіршілігі уақыт дүмпуіне, оның тегеурінді “сілкінісіне” тап
болған еді. қазақ халқына тарих көшінен ауып қалу немесе замана ағымына
ілесе алмау қаупі кәдімгідей-ақ туған еді.
Мінеки, осындай қысылшаң да қауіп-қатерге толы уақытта қоғамның қай
“бөлігіне” және “қатпарына” қаншалықты салмақ түсті және ол ауыртпалыққа
олар қалай төтеп бере алды, төтеп беріп қана қоймай келген қауіпті
“залалсыздандырып”, оның әсерін кейін ысыра алды (немесе алдын ала алды),
сөйтіп бүкіл қоғамға төнген жалпы қатердің бетін қайтаруға қаншалықты
септігін тигізді деген сауалдар өзінен-өзі туындары сөзсіз.
Әрине, бұл кезде қазақ халқына төнген қатердің ең бастысы - жоңғар
басқыншылары ұйымдастырған әскери шапқыншылықтар еді. XVІІ ғасырдың бірінші
жартысында (1635ж.) бір орталыққа бағынған қуатты көшпелі мемлекет құрған
жоңғарлардың қазақ жеріне ұйымдастырған әскери жорықтары Қазақ ордасының
мемлекеттік тәуелсіздігіне, саяси бірлігі мен тұтастығына нұқсан
келтірердей дәрежеге көтеріле бастады.
1635 ж. құрылған жоңғар мемлекеті тарихи тұрғыдан алғанда
жоңғарлардың екінші саяси одағы (мемлекеттік бірлестігі) еді. Жоңғарлардың
мемлекеттік тұрғыдан алғаш рет ұйымдасуы XV ғасырдың басында, дәлірек
айтсақ, 1420 ж. орын алды[1]. Осы жылы Тоған хан “... бүкіл ойрат жұртын
бір байрақ астына келтірген” 48.72 - дейді М. Мағауин. Ойрат[2] одағының
құрамына шорас, дүрбіт, торғауыт және хошауыт тайпалары кірді. Бұлар батыс
Монғолияның белді тайпалары еді. Демек, ойрат одағын батыс монғол
тайпаларының бірлестігі десе де болады. “Слова калмаки, ойраты, элюты, а
также термин джунгары (собственно: люди “левой стороны”, “левого крыла”) -
это разные названия западномонгольских племен чорос, хошоут, торгоут,
дэрбэт, - которые во второй половине XІV в. составили “ойратский союз”
племен, вышли из под власти всемонгольского хана и стали управляться своими
предводителями (тайши)“ 49.305 - деп жазады С.Г. Кляшторный мен Т.И.
Султанов.
Алғашқы ойрат одағы дәуірінде (1420 - 1627жж.) қазақтар мен қалмақтар
арасындағы әскери қақтығыстарда негізінен қазақ жасақтарының жеңіске жетіп
отырғанын байқаймыз. Ал, Тәуекел хан тұсында (1584 - 1598 жж.) тіптен
қалмақтардың бір бөлігінің қазақ хандығына бағынғандығы тарихи деректерде
көрініс тапқан. 1594 ж. Мәскеуге келген Тәуекелдің елшісі Құлмұхаммед бұл
хабарды сұлтан Оразмұхамедке жеткізген 50.3. XVІ ғасырдың екінші
жартысындағы Қазақ хандығының тарихын зерттеші М. Х. Абусеитова Тәуекел
ханның бұл кезде қалмақтарға үстемдік жүргізгендігін айта келіп, ойын былай
қорытады: “... казахскому хану Товаккулу в то время удалось поставить
своего брата над небольшой частью калмаков, кочевавших в непосредственной
близости от казахов. Это могла быть та часть калмаков, которые обитали в
районах центрального и северного Казахстана” 51.64.
Тәуекел хан кезінде ойраттармен соғыста қол жеткізген жеңістер оның
інісі Есімхан (1598-1628 жж.) билікке келген кезде одан әрі жалғасқаны
байқалады. Қазақ пен жоңғар арасындағы бұл қақтығыстар алғашқы ойрат
ордасының Есімхан тұсында (1627ж.) толық талқандалып ыдырауымен аяқталады.
Алғашқы ойрат одағының екі жүз жылдай уақыт өмір сүріп, 1627 ж.
ыдырағандығы жәйлі тарихи деректер жетерлік және олар бұл оқиғаның
ақиқаттығына күмән келтірмейді. “... В 1627 г. расстроился ойратский союз:
калмыки ушли на запад, хошоуты - в Тибет, а зюнгары (чоросы) остались в
Джунгарии” 52.288 - дейді Қазақстан тарихының мамандары. М. Мағауин ойрат
одағының 1627 ж. ыдырауын қалмақтардың “ақтабан шұбырындысы” еді деген ой
айтады. “1627-1628 жылдары әуелгі ойрат одағының ыдырауын қалмақтың ақтабан-
шұбырындысы деп атауға болар еді” - деп өз ойын аса бір шеберлікпен және
қисынды уәждермен былай жалғастырады: “Қазақ ордасының ұлы жеңісі бүкіл
Жетісу, Ертіс пен Жоңғар өңіріндегі түбегейлі үстемдікке жол ашқан еді, осы
уақытқа дейін тура жүз жылға созылған ойрат соғысы біржола тәмамдалуға тиіс
еді. Бірақ дәл осы кезде қатаған Тұрсын ханның дербес саясаты нәтижесінде
Қазақ ордасында сұрапыл азамат соғысы басталады. Қуат-күші бойына сыймаған
алаш ұлының өзара қырқысы кезінде жарақ асынған аламанның үштен бірі
болмаса да, оның төрттен бірі жер жастанады. Қазақ ордасының қарымы
қысқарады, жауынгер жұрттың серпіні азаяды, алаш рухы еріксіз тұншығады.
Нәтижесінде ойрат рулары уақыт ұтып, еркін тыныс алады, ес жиып, ежелгі
ерлік дәстүрін табады, жаңа ұрпақ өсіріп, ұлыс болашағы жолындағы күрестің
жаңа тәсілдерін қарастыра бастайды”48.81.
Демек, тарихи аз уақыт ішінде естерін тез жиып алған батыс монғол
тайпалары 1635 ж. Жонғар мемлекеті атанған күшті саяси бірлестікке қол
жеткізеді. Мінеки, осы уақыттан бастап Қазақ хандығы мен Жонғар мемлекеті
арасындағы әскери араздастық тіптен өршігіп, екі көрші әрі көшпелі халық
арасындағы ежелден келе жатқан егестік енді бірін-бірі толық жаулап алмай
тынбас нағыз жаулыққа ұласты. Ойраттардың жаңадан құрылған екінші одағы
уақыт озған сайын бірлігі артып, құрамы мен құрылымы толысып әрі бекіп,
әскери қуаты күшейе бастады және олар Қазақ ордасына әскери жорықтар
жүргізу, қазақ даласын жаулап алу мақсатын Жонғарияның мемлекеттік
дәрежедегі саясаты деңгейіне көтерді. Жонғар мемлекетінің қазақтарға қарсы
саяси, әскери қысымының одан әрі артуына батыс Монғолияның белді
тайпаларының бірі - торғауыттардың жеке дара хандық - Қалмақ хандығын (1630
ж.) қазақтардың ту сыртынан - яғни батыс жағынан (Еділдің бойымен) құрып
алғаны да әсер етті 49.309. Жонғар мемлекеті етек-жеңін жиып, аяғына тұра
салысымен бүкіл монғол жұртын саяси тұрғыдан топтастыру, біріктіру ісіне
кірісіп те кетті. Соның нәтижесі және көрінісі ретінде 1640 ж. бүкіл монғол
құрылтайы шақырылды. Бұл құрылтайға монғол жұртының барлық дерлік белді
тайпаларынан, ұлыстарынан өкілдер қатысты. “1640 ж. Батұр қоңташы
Тарбағатайда Бүкіл монғол құрылтайын шақырады. Құрылтайға төрт ойратпен
қоса жеті қосын Халха, Еділге өткен торғауыттар да қатысады. Сөйтіп бүкіл
монғол ұлысы бірлікке келеді” 48.63 - дейді М. Мағауин. Ал, монғолдың
саяси-құқықтық өмірін зерттеушілердің бірі жас ғалым У. Шапахқызы бұл
құрылтайда монғол құқығының басты қайнар көздерінің бірі “Их цааз” -
“Монғол-ойрат заңынын” қабылданғанын айтады. Құрылтайдың мақсаты, дейді У.
Шапаққызы, “берекесі кеткен Халха мен Жонғардың басын қосып,
ынтымақтастырып, олардың ірі нояндарының үстемдігін нығайта отырып, монғол
одағын құру, бағынышты халықтарға деген билікті күшейтіп, бір-біріне
көмектесуін қамтамасыз ету болды” 53.18. Зерттеушінің пікірі бойынша осы
құрылтайда қабылданған “Их цааздың” бүкіл монғолдық сипат алуы да оны
қабылдаушылардың өз заманындағы ірі де қуатты мемлекет құруға деген ниетін
білдірсе керек. “Заң жоңғар хандығы шекарасында қабылданса да бүкіл
монғолдық (жалпы этностық) сипатқа ие болды. ”Өз монғолдарымызды
алаламаймыз ... қандастарымыз кедейленіп жүрсе де немқұрайлықпен
қарамаймыз...” деген сөздер заңның монғол-центристік мақсатын айқын
көрсетіп тұр” 53.4 - дейді У. Шапахқызы. Демек, қазақ даласының шығысы
мен батысынан 2 мемлекет құрып қана қоймай, олардың өзара бірлесе іс-әрекет
жасауы үшін құқықтық негіз қалаған монғол жұрты осы кезден бастап қазақ
халқы үшін бірден-бір қауіпті де қаhарлы жауға айналғандығы сөзсіз еді.
Жоңғар мемлекетінің басында тұрған оның атақты хандары - Эрдэн Батур (1635-
1654), Ғалдан (1671-1697), Цэван-Рабдан (1697-1727) -барлығы дерлік қазақ
еліне қарсы агрессивті сыртқы саясат жүргізді 10.215. Олардың бұл жаулап
алу саясаты XVІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап күшейе бастады да, осы
ғасырдың аяғы мен XVІІІ ғасырдың басында өзінің ең бір шырқау шегіне жетті.
“Эпизодические вторжения джунгар на территорию Казахстана в конце XVІІ в
стали повторяться почти ежегодно- деп жазды қазақ тарихының білгірлері Р.Б.
Сулейменов пен В.А. Моисеев -... 1698г. тумены ойратского хунтайджи Цэван-
Рабдана вторглись в кочевья Старшего джуза, что положило начало новой
полосе вооруженных сталкновений между ойратскими и казахскими феодалами.
Именно с этого времени джунгарская опасность начала превращаться в главную
опасность, угрожающую самостоятельному существованию феодального
Казахстана” 54.18.
Мінеки, ел басына күн туған, бүкіл қоғам үшін тарих бетінен жойылып
кету қаупі шындыққа айнала бастаған осы алмағайып дәуірде Қазақ
мемлекетінде билердің (билер институтының) беделінің күрт артқанын
байқаймыз. Би мен батыр біз қарастырып отырған кезеңдегі қазақ қоғамының ең
басты тұлғаларына, кесек кейіпкерлеріне айналды. Бүкіл халықтың болмысы мен
болашағы үшін жауапкершілік те, осы жолда аянбай еңбек ету үлесі де,
сәтсіздіктерге ұшырап жатса ұяты мен обалы, қорлығы мен күйініші, ал егер
белгілі бір жетістіктер мен жеңістер болып жатса қадір мен құрмет, сый мен
сияпат та соларға бағышталды. Бұл айтылған пікірге осы уақытта қазақ
даласында өрбіген оқиғалар тізбегі, өмір шындығы куә. Әсіресе, халық
ұғымында, ел санасында пайда болып сақталған “би” бейнесі аса бір
ілтипатқа, құрметке ие болғанын аңғарамыз. “Елге бай құт емес, би құт ”,
“Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ” деген сөздер қазақ билерінің
парасаттылығын көрсетумен қатар, оларға қойылған қатаң талапты да білдіріп
тұр.
Халық ұғымында ел тірегі әрі қорғаны биді сипаттайтын: ”Хан атаулының
қазығы, қара бұқараның азығы” деген сөздің осы кезде кең тарағанын
байқаймыз. Қоғамдық сана хан мен биді қатарластыра отырып, екеуінің ел
өміріндегі алар орнын салыстыра отырып сипаттайды. Оған мысал ретінде
мынадай мақал-мәтелдерді айта кеткен жөн:
Хан қасында би ақылды болса,
Қара жерден кеме жүргізеді
Ханда қырық кісінің ақылы болса,
Биде қырық кісінің ар-білімі бар
Қаhарсыздан хан қойсаң, қасиеті болмайды,
Үлгісізден би қойсаң, өсиеті болмайды.
Әділ бидің ауылын дау араламайды,
Әділ ханның елін жау араламайды55.112,115.
Би баласы биге ұқсар, биік-биік тауға ұқсар
Хан баласы ханға ұқсар, қанатын жайған қазға ұқсар.
Қазықбастан хан шықпайды
Бүйрек беттен би шықпайды.
Хан ақымақ болса, халық күйзелер
Би ақымақ болса, әділдік жоғалар.
Ханнан қазық
Биден тоқпақ. 56.123,125,126
Міне, ел аузында сақталып қалған бұл асыл сөздерден халық өзінің “от
ауызды, орақ тілді”, қара қылды қақ жара билік айтатын шешен билерін аса
жоғары қойып қадірлеп, оларға үлкен сенім артқандығы сезіліп тұр.
Сондай-ақ осы дәуірдің өзінде-ақ жақсы би мен жаман биді қарама-қарсы
қойып, олардың бойындағы қасиеттерді көрсететін нақыл сөздер мен мақал-
мәтелдердің өмірге келгенін көруге болады. Мысалы:
Жеті атасы би болған жеті жұрттың қамын жер,
Кенеттен би болған құлақ-миын шағып жер.
Көп сөйлейді залым би, аз сөйлейді әділ би.
Әділ би халық үшін, залым би- құлқын үшін 57.40,41.
Мал бақпаған мал бақса, жайламаған сай қалмас,
Би болмаған би болса, билемеген ел қоймас.
Туғанына бұрғаны - биді құдай ұрғаны.
Тура би туғанға жақпас55.112.
Тобылғыдан үй болмас,
Тоқалдан туған би болмас.
Бай тамырлас, би құлақтас.
Тобыршықтан би қойсаң,
Бақалшықта май қоймас.
Жаңа биден билік сұрама
Жаңа байығаннан қарыз сұрама
Биің қылаң болса, жұртың ылаң болар.
Соқырдан қарауыл қойсаң, еліңді жауға алдырар.
Білмес наданды би қойсаң, жұртыңды дауға қалдырар.
Сараң үйге кісің түспесін
Парақор биге ісің түспесін 55.127
Бұл нақыл сөздерден халықтың бидің әлсіз, көлеңкелі жақтарын әр кез
сынап отырғанын, сол арқылы бидің қоғамдық беделіне, қызметіне нұқсан
келтірер іс-әрекеттердің әшкереленіп отырғанын байқаймыз.
XV - XVІІІ ғғ. аралығында өмір сүрген қазақ ақын - жырауларының ой-
толғауларында да билер, ел басқару ісі, тәртіп, құқық жайы жөнінде айтқан
ой-тұжырымдарын жиі ұшыратамыз. Мысалы, XV ғасырда өмір сүрген Асан қайғы
билердің әділдігін, ал Шалкиіз жырау билердің бойындағы шешендік қасиетін
жоғары бағалайды 58.28,48,71,84,86. XVІІ ғасырдың соңы - XVІІІ ғасырдың
бас кезінде өмір сүрген Ақтамберді жыраудың жырларынан қазақ қоғамында
билерге тәрбиелік міндеттер де жүктелгенін байқаймыз 58.86. Бұл
жыраулардың жыр жолдарынан билер халық алдында сынға түсіп, сол сыннан
сүрінбей өтсе ғана, олардың мәртебесі биік болғандығын түсінеміз.
Ал Үмбетей жырау кейбір билердің сөз қадірін білмейтіндігін, олардың
бойынан кездесетін жағымсыз қасиеттерін сынайды. Өз заманында ірі қоғам
қайраткері болған Бұхар жыраудың ой-толғауларынан қазақ билеріне жүктелген
міндеттің аса жауапты болғандығын ұғамыз 58.97,98.
XVІІ - XVІІІ ғғ. өмір сүрген Қожамберді, Шернияз, Доспамбет, Жиембет,
Шал ақын т.б. ақын-жыраулардың жыр- толғауларынан әділдік, шешендік, билік
айту, шешім айту туралы ұшқыр ойларды көптеп кездестіруге болады.
Халық жадында пайда болып, қоғамдық санада үлкен маңызға ие болған
билердің жағымды да асқақ бейнесі (әрине, бұл бейненің көлеңкелі тұстары да
ел назарынан тыс қалмағаны белгілі) шын мәнінде XVІІ ғасырдың аяғы мен
XVІІІ ғасырдың бірінші жартысында қазақ билерінің үлесіне тиген тарихи
шындықтың көрінісі болатын. Яғни, билер халықтың рухани өмірінде (қоғамдық
санада) ғана зор құрметке, үлкен беделге ие болып қана қойған жоқ, олар
сонымен бірге аталмыш кезеңдегі қазақ мемлекеттігінің басты тіректерінің
бірі бола білді, оның ұйтқысы, жаршысы, саясатын жүргізуші және іске
асырушы арнайы топ (каста) дәрежесіне дейін көтерілген еді. Сондықтан
билердің осы уақыттағы Қазақ ордасының саяси құрылымындағы орнын, қызметін
белгілеу үшін “билер институты” атауының (терминінің) қолданылуы кездейсоқ
құбылыс емес. Бұл атау билердің қазақ мемлекеттілігіндегі соларға ғана тән
саяси болмысын, билік қатынастарындағы нақты орнын, беделі мен
пәрменділіктерін жете тану қажеттілігінен және мақсатынан туындаған еді.
Әрине, XVІІ ғасырдың аяғы мен XVІІІ ғасырдың басында билердің
қоғамдық-мемлекеттік өмірде үлкен беделге ие болуы кездейсоқ құбылыс емес
еді. Өйткені, дәстүрлі қазақ қоғамында билердің орны әрқашан да айрықша
болатын. Қазақ қоғамының қалыптасып, даму тарихының қай кезеңін алсақ та
билер белгілі бір әлеуметтік беделге, саяси салмаққа, рухани көрікке ие
болғанын байқаймыз. Олар әр кезеңде де қоғамдық өмірдің қайнаған ортасында,
саяси қарама-қайшылықтар мен шиеліністердің басы-қасында, халық қамы мен
мүддесі үшін болған үлкенді-кішілі қақтығыстардың алғы шебінен көрінетін.
Сондықтан да болар, би бейнесі ел санасында шуақты, нұрлы бояулармен
суреттеліп, небір биік те асқақ адами қасиеттердің, мұрат-мүдделерінің
жиынтығы әрі жанашыры есебінде көрініс табады.
Би - қазақ қоғамындағы билік қатынастарының белді әрі басты
кейіпкерлерінің бірі. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ қоғамындағы билік
қатынастарының мәні, мазмұны, құрылымы және ерекшеліктері бидің билік иесі
ретіндегі осы қатынастардағы орнын айқындайтын және негізін қалайтын.
Демек, бидің дәстүрлі қазақ қоғамындағы орнын анықтау қоғамдағы билік
қатынастарының сыры және сипатын танып-білуді және сол арқылы бидің
қоғамдық билік аумағындағы тұлғасын түгендеуді қажет етеді.
Қазақ қоғамындағы билік қатынастарының ерекшеліктерін ой елегінен
өткізе отырып және оны егжей-тегжейлі талдау арқылы билер институтының
саяси-мемлекеттік астарын айқындай аламыз. Сол сияқты билер институтын
арнайы ғылыми сараптаудан өткізу - қоғамдағы дәстүрлі билік қатынастарын
жете түсінуге мол мүмкіндік береді.
Би ең алдымен халық билігінің өкілі еді. Оның билік жүргізу мәнері,
билік жасау (“билеу”) ауқымы және деңгейі, билік қатынастарындағы іс-
әрекетінің және шешімдерінің пәрменділігі, “күші” ол қаншалықты халық
сеніміне, құрметіне ие бола алды - мінеки, соған тікелей байланысты
болатын. Би халық атынан сөйлеудің қай деңгейіне көтерілсе (ауыл, ру,
тайпа, жүз, тұтас халық) сол дәрежедегі және сол көлемдегі билікке ие
болатын. Оның билік иесі ретіндегі мәртебесі осы көрсеткішпен - халық
сенімі, құрметі және қолдауы коэфициентімен өлшенетін.
Билер институтының пайда болу, қалыптасу және даму тарихын шартты
түрде бірнеше кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең билер институтының протоқазақтық қоғамдардағы (ресми
қазақ ордасы (хандығы) құрылғанға дейінгі) болмысы. Бұл дәуір сонау сақ
тайпалары салтанат құрған уақыттан бастау алып қазақ мемлекеттігі Қазақ
Ордасы (хандығы) деген атпен ресми түрде жеке-дара бөлініп шығып, өз алдына
отау тіккен мезгілге дейін созылады (шамамен б.з.д. VІІғ. - б.з. XVғ.
ортасы). Бұл қазақ даласында көшпелі өмір салтының әбден орнығып және соған
негізделген қоғамдық-саяси, құқықтық құрылымдардың бекіген, орныққан
заманы. “Би” атауының да пайда болып, осы атаудың заман ағымына сәйкес
өзгерген мән-мазмұнына сай билер институтының да әр-түрлі сипатқа, түрге ие
бола отырып дамыған, толысқан, толыққан кезеңі.
Бұл кезеңдегі билер институтының мән мазмұнын анықтау барысында
ғалымдар негізінен, екі түрлі жәйтке назар аударуда. Біріншіден,”би”
сөзінің этимологиясын қарап барластыруда. Би сөзінің шығу тегі, түбірі
іздестіріліп, оның бірнеше мағынаға ие болғандығы анықталды. Ғалымдардың
бір тобы ”би” сөзінің түбірі ”бек” (”бей”) дегенді алға тартуда. Соған сай
“бек-би” әуел баста лауазым атауы, әкімшілік қызмет атқарушы(ру, тайпа
басшысы) деген мағына береді деген ой-болжамды ұстануда 59. Ғалымдардың
екінші тобы осы ойды құптай және одан әрі дамыта отырып, би сөзінің
мағынасы “билеу”, “басқару”, “билік ету” екендігін ашып көрсетуде 60.
Сондай-ақ би сөзінің үшінші бір мағынасы биіктік, жоғарылық болғандығы да
белгілі болып отыр 61. Бір қызығы, аталмыш пікір иелерінің барлығы
дерлік би сөзінің төркіні түркі заманынан бастау алатындығына келіседі. Бұл
олардың зерттеу объектілерінің негізінен, түркі дәуіріндегі жәдігерлер
болғандығын көрсетсе, екіншіден түркі заманына дейінгі кезеңнің әлі де
болса аз зерттелгендігін, оған дейінгі жазба құжаттардың жұтаңдығын
меңзейтін тұс.
“Би” атауының этимологиялық мәнін зерттеу бұл ұғымның бірнеше астарын
ашуға септігін тигізді. Біріншіден, бұл ұғымның рухани астарының айқындығы
көрініс тапты. Дәлірек айтсақ, көшпелі халық әркез рухани асқақтыққа,
тазалыққа, биіктікке ұмтылғаны соны мақсат тұтқандығы белгілі. “Би”
атауында да осы бір талпыныстың ізі жатқандығы көрінеді. Екіншіден, бұл
сөздің мазмұнының әлеуметтік қабаты “мен-мұндалап” ерекшеленіп тұр. “Би”
атауы қоғамның әлеуметтік бөлініске түскен кезінің келбетін бойына
дарытқан, сөйтіп, қоғамдық сатыда өзіндік орынға ие болған әлеуметтік
өктемдікке, ықпалға (билікке) қол жеткізген топтың қалыптасқандығын
байқатады. Үшіншіден, “би” атауы саяси (мемлекеттік) биліктің қалыптасып,
оның бірте-бірте орнығу және беку кезеңдерінің де ұшқынынан елес береді.
Қазақ Ордасы (мемлекеттігі) құрылғанға дейінгі билер институтының сыр-
сипатын ашып көрсету мақсатында атқарылып жатқан ізденістердің екінші бір
арнасы - билер шежіресін түгендеу, сол замандарда би атауына ие болған
тарихи тұлғалардың өмірнамаларын зерттеу болып отыр. Бұл бағытта соңғы
кездері біршама жетістіктерге қол жетті. Әсіресе біздің эрамызға дейінгі
уақытта тарих сахнасына келген Үйсін мемлекетін қытай деректеріне және көне
шежіре жазбаларына сүйеніп зерттеушілер бұл мемлекеттің хандары Күнби
(Күнму) аталған деген дерек келтіруде62.64. ”Мемлекетті Күнби басқарды.
Оның 2 вассалы, 2 қолбасшысы (оң және сол қанатқа), 3 сұлтаны, 2 биі, 2 бас
қазысы, 120 отбасынан тұратын халқы болды” деп жазады “Қазақтар”
анықтамалығын құрастырушылар63.40. Мемлекеттің негізін қалаушы Елсау би
(б.э.д.177-104жж.), одан кейін Дулы (жеңгелері “Есен-бек” атандырыпты),
Жөнші би,Оңқай би (б.э.д 93-63 ж.ж.) елді басқарған63.40. Бұл билерден
кейін Үйсін мемлекетінің басына Майқы би келген. “Хижраның жылдауынан
бұрын, Айса пайғамбар тумастан он екі жыл бұрын немесе Мұхаммед пайғамбарға
дейінгі алты жүз отыз төрт жыл бұрын таққа Мән баласы Майқы отырды”64.45
- дейді Тауасарұлы. Одан әрі өз жазбаларын былай жалғастырады: ”Майқы би
елді билер арқылы басқарған. Содан қалған хан, би жоралғысы бүгінге дейін
келе жатыр. Екі уәзір (оң қал), бірі ел ісі, екіншісі әскер басы, екеуі екі
қанатын басқарады. Хан қашанда ортада (бірақ майданнан жырақтау), үш
сұлтаны немесе бегі, екі биі, екі бақылаушысы. Осылардың бәрі көбіне көшіп
жүреді”64.46. Бұл деректерге сүйенсек, үйсіндерде би атауы екі түрлі
мағынада қолданғанын байқауға болады. Біріншіден, би - Күнби, яғни, ел
басшысы деген ұғымды берсе, екіншіден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ билерінің өсиет сөздері
Билер кеңесінің соттық функциясы
Билер институты
Ақсақалдар соты
Билер институтының жүйесі мен негізгі сатылары (инстанциялары)
Қазақ халқының дәстүрлі құқығының тарихы
Қазақтың әдет - ғұрып құқығының қайнар көздері
Қазақ әдет – ғұрып құқығындағы келісім-шарт институты
Әдет-ғұрып ұқығы нормалары жүйесiнiң құрылымдық сипаты және оның негiзгi принциптерi
Қазақ даласындағы құқықтық қатынастар
Пәндер