Кедейлік ұғымы, онымен күрес тәжірибесі. Халықтың тұрмыс-деңгейін көтеру жолдары



I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
А) Кедейліктің түрлері.
Б) Қазақстандағы кедейлер.
III Қорытынды.
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Қазақстандағы кедейлік табиғи, экономикалық, әлеуметтік-саяси себептерге негізделген. Кедейлікті зерттеудің негізгі көрсеткіші ретінде табыс, шығын, тұрғындардың өмір сүру деңгейі анықталған. Кедейшілік мәселесі қандай қоғамның болмасын өзекті мәселесіне айналып отырғаны баршаға мәлім.
Кедейлік дегеніміз салауатты өмір сүруді қолдауға қажетті материалдық және мәдени ресурстардың жеткілікті болмауы.
Кедейшілік – тұрғындардың немесе отбасылардыңбелгілі бір бөлігінің ең төменгі ақшалай, мүліктік және басқа да ресурстармен қамтамасыз етілуінің, дәлірек айтқанда өзінің жаратылыстану-физиологиялық, материалдық жіне рухани қажеттіліктерін қанағаттандырудың ең төменгі деңгейдегі әлеуметтік – экономикалық жағдайы. Кедей адамдар тек қана табысы төмен жандар емес, ол қоғамның нақты бір мүшелері болып табылады.
Кедейлік- адам мен отбасының өмір сүруінің барлық қырларын қамтитын әлеуметтік құбылыс. Бұл тұрғыдан алғанда, кедейлік адамның, не әлеуметтік топтың қоғамдағы белгілі бір құндылықтарға қол жеткізе алмауынан, ресми және бейресми сипаттағы шектеулерден көрінеді. Кедейлік, сонымен қатар,адамның интеллектуалдық, мәдени дамуымен , оның кедейлік туралы субъективті түсініктерімен анықталады.
Кедейлік тек қана экономикалық құбылыс емес. Кең тұрғыдан алғанда, ол әлеуметтік құбылыс. Кедей тап- әлеуметтік баспалдықтың ең төменгі баспасында тұрған төменгі тап Ол ең төменгі әлеуметтік статусқа ие, мәртебесі өте төмен жұмыстың түрімен айналысады, мамандығының деңгейі төмен, не мамандығы жоқ.
Кедейлік бірінші кезекте экономикалық құбылыс ретінле сипатталады. Кедейлік- тамақтың, киімнің, тұрғын үйдің жетіспеуі не жоқтығы. Кез келген елдің кедей бөлігі негізінен жұмыссыздар, не төмен деңгейдегі табыс табушылар.
Кедейлік бүгінде адамның өмір сүру деңгейінің көрсеткіші ғана емес, жалпы қоғамның тіршілік тынысын анықтайды. Кедейліктің ушығуы қоғамның әлеуметтік өміріне кері әсер етеді. Кедейлік тұрақты әлеуметтік құбылыс ретінде әлеуметтік құрылымның бұзылуына, оның жаңа түрлерінің қалыптасуынаалып келеді. Дүние жүзінде кедейліктің таралу ауқымы кеңи түсуде. Нақтылай айтсақ, қазір 1, 3 миллиард адам қайыршылық жағдайында өмір сүруде. Соңғы отыз жыл ішінде өте байлар мен өте кедейлердің арақатынасы 30 :1-ден 61: 1 дейін өсті.
1. Кедейлік социологиясы. Әженов.М.С. М. С. Садыров. Алматы 2004.
2. Мухтарова К. С. Социально- экономические аспекты бедности и меры по ее преодолению. Алматы.2001.
3. Жаназарова. З. Ж. Нурбекова Ж. А. Социальный анализ реформ и меры по ее преодолению. Алматы. 2002.
4. Среднесрочный отчет Азиатского Банка Развития и Правительство Казахстана. Астанаю. 2001.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Экономиканы мемлекеттік
реттеу

кафедрасы

Реферат

Тақырыбы:

Кедейлік ұғымы, онымен күрес тәжірибесі. Халықтың тұрмыс-деңгейін көтеру
жолдары.

Оқытушы:
Студент: Мағауина Е.К.

Мамандығы: Әлеуметтік жұмыс
Тобы: 212

Жоспары.
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
А) Кедейліктің түрлері.
Б) Қазақстандағы кедейлер.
III Қорытынды.
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.
Қазақстандағы кедейлік табиғи, экономикалық, әлеуметтік-саяси
себептерге негізделген. Кедейлікті зерттеудің негізгі көрсеткіші ретінде
табыс, шығын, тұрғындардың өмір сүру деңгейі анықталған. Кедейшілік
мәселесі қандай қоғамның болмасын өзекті мәселесіне айналып отырғаны
баршаға мәлім.
Кедейлік дегеніміз салауатты өмір сүруді қолдауға қажетті материалдық
және мәдени ресурстардың жеткілікті болмауы.
Кедейшілік – тұрғындардың немесе отбасылардыңбелгілі бір бөлігінің ең
төменгі ақшалай, мүліктік және басқа да ресурстармен қамтамасыз етілуінің,
дәлірек айтқанда өзінің жаратылыстану-физиологиялық, материалдық жіне
рухани қажеттіліктерін қанағаттандырудың ең төменгі деңгейдегі әлеуметтік –
экономикалық жағдайы. Кедей адамдар тек қана табысы төмен жандар емес, ол
қоғамның нақты бір мүшелері болып табылады.
Кедейлік- адам мен отбасының өмір сүруінің барлық қырларын қамтитын
әлеуметтік құбылыс. Бұл тұрғыдан алғанда, кедейлік адамның, не әлеуметтік
топтың қоғамдағы белгілі бір құндылықтарға қол жеткізе алмауынан, ресми
және бейресми сипаттағы шектеулерден көрінеді. Кедейлік, сонымен
қатар,адамның интеллектуалдық, мәдени дамуымен , оның кедейлік туралы
субъективті түсініктерімен анықталады.
Кедейлік тек қана экономикалық құбылыс емес. Кең тұрғыдан алғанда, ол
әлеуметтік құбылыс. Кедей тап- әлеуметтік баспалдықтың ең төменгі
баспасында тұрған төменгі тап Ол ең төменгі әлеуметтік статусқа ие,
мәртебесі өте төмен жұмыстың түрімен айналысады, мамандығының деңгейі
төмен, не мамандығы жоқ.
Кедейлік бірінші кезекте экономикалық құбылыс ретінле сипатталады.
Кедейлік- тамақтың, киімнің, тұрғын үйдің жетіспеуі не жоқтығы. Кез келген
елдің кедей бөлігі негізінен жұмыссыздар, не төмен деңгейдегі табыс
табушылар.
Кедейлік бүгінде адамның өмір сүру деңгейінің көрсеткіші ғана емес,
жалпы қоғамның тіршілік тынысын анықтайды. Кедейліктің ушығуы қоғамның
әлеуметтік өміріне кері әсер етеді. Кедейлік тұрақты әлеуметтік құбылыс
ретінде әлеуметтік құрылымның бұзылуына, оның жаңа түрлерінің
қалыптасуынаалып келеді. Дүние жүзінде кедейліктің таралу ауқымы кеңи
түсуде. Нақтылай айтсақ, қазір 1, 3 миллиард адам қайыршылық жағдайында
өмір сүруде. Соңғы отыз жыл ішінде өте байлар мен өте кедейлердің
арақатынасы 30 :1-ден 61: 1 дейін өсті.
Кедейлікті түсінуге байланысты үш түрлі көзқарасты бөліп көрсетуге
болады:

1. кедейлікті табыс негізінде түсіну- кедейлік мәселесін тар ауқымды
түсіну. Адамның табысы анықталған деңгейден төмен болса, оны
кедейлер қатарына жатқызады.
2. Кедейлікті негізгі сұраныстар деңгейінен түсіну- кедейлік
мәселесін кең мағынада түсіну. Бұл жерде кедейлік адамның
сұранысын, тамаққа деген сұранысын қосқанда, ең төменгі деңгейде
қанағаттандыруға қажетті материалдық алғы шарттардан тыс қалуы
ретінде қабылданады.
3. Кедейлікті адамның потенциалдарының даму мүмкіншіліктері
тұрғысында түсіну- адамның негізгі мүмкіндіктері мен таңдауының
жоқтығын көрсетеді. Оған : салауатты және ұзақ өмір сүруге,
қажетті білімге, қоғамдық өмірге араласуға, басқа да әлеуметтік-
мәдени сұраныстарын қанағаттандыруда да шектеулі.

Кедейліктің түрлері.
Ғылыми әдебиеттерде кедейліктің келесідей түрлері бөлініп
көрсетіледі: абсолюттік, салыстырмалы, қайшылық, депривация, қуып
жетуші кедейлік.
Абсолютты кедейлік индивидтің өзінің табысымен тамаққа,
баспанаға, киімге , жылуға деген сұраныстарын қанағаттандыруға
қабілетсіздігін, болмаса тек қана биологиялық өмір сұруін қамтамасыз
ететінминималды сұраныстарын ғана қанағаттандыруға мүмкіндігі бар
екенін сипаттайды. Абсолютты кедейліктің сандық көрсеткіші кедейлік
табалдырығы болып есептелінеді.
Салыстырмалы кедейлік адамның басқа адамдармен салыстырғандағы
қаншалықты кедей екендігін зерттейді. Бұл жерде салыстырмалы кедейлік
индивидтің қоғамдағы кедей табына жатпайтын басқа топтар мен таптар
иеленіп отырған байлық пен молшылыққа қарағандағы кедейлік деңгейін
көрсетеді. Бұл сипаттаманың негізі бір әлеуметтік стратаны екінші
әлеуметтік стратамен салыстыру. Сонымен қатар, кедейліктің бұл түрі
адамның нақты бір өмір сүру стандарттарына қарағандағы кедейлік
деңгейін де көрсетеді. Салыстырмалы кедейлік- бұл адамның өзінің
материалдық және әлеуметтік жағдайын және мүмкіндіктерін субъективті
бағалауы, көруі.
Қамтамасыз етілмеу ретінде элементарлық физиологиялық және
әлеуметтік қажеттіліктердің қанағаттандырылуы, бірақ , жоғары
деңгейдегі қажеттіліктердің орындалмауы жағдайындағы өмір сүру
жеңгейін есептейді. Адамдар тамаққа деген қажеттіліктерін
салыстырмалы түрде толық қанағаттандырады. Дегенмен, олардың тамақ
рационын толық дәрігерлік нормаларға сай келеді деп айта алмаймыз.
Олар өз деңгейінде болмаса да, демалуға да,киінуге де,емделуге де
көңіл бөле алады. Бірақ, бұл қажеттіліктердің бәрі өте төмен деңгейде
өтеледі.
Кедейліктің төменгі түрі қайыршылық деген терминмен сипатталады.
Біреулердің бергені не қайыр сұрау арқылы өмір сүруші адам қайыршы
деп есептелінеді. Қайыршылықты абсолюттік кедейліктен ажырата білу
керек. Кедейлер жалаұыға, зейнетақы, қосымша төлемдерге өмір сүрсе,
қайыршылар қатарына тұрақты қайыр сұрау арқылы өмір сүретін адамдарды
жатқызамыз.
Шетқалушылық кедейліктің бір түрі ретінде қарастырылады.
Кедейліктің бұл түрі адамның денсаулығына, көпбалалығына ,

маскүнемдігіне және т.б.себептеріне байланысты материалдық және
мәдени байлықтарға қолы жетпеуден пайда болады.
Қуып жетуші кедейлік – бұл құбылыстың негізі материалдық және
басқа да құндылықтарды мәртебелі тұтынуда.
Шетелдік ғалымдар сонымен қатар алғашқы және екінші кезектегі
кедейлікті де бөліп көрсетеді. Алғашқы кезектегі кедейлік өздерінде
бар қор мен күшті максималды керегіне қарай үнемдеп пайдаланғанның
және тиімді өмір салтын ұйымдастырғанның өзінде кедейліктің шегінде
қалып отырған отбасыларында орын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ КЕДЕЙШІЛІК ЖӘНЕ КЕДЕЙЛЕРДІ ӨЛШЕУДІҢ, САНЫН АЗАЙТУ ЖОЛДАРЫ
Кедейшілікпен күрестің теориялық негіздері
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕДЕЙШІЛІКТІ РЕФОРМАЛАУДЫҢ ТУРАЛЫ СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
Жұмысбастылық пен жұмыссыздық: демографиялық және әлеуметтік көрсеткіштерге байланысты
Бірінші кедейлік мәселесі
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Кедейлер қоғамның әлеуметтік құрылымының төменгі табы ретінде
ҚР – дағы жұмысыздың жағдайы және шешу жолдары
АЙМАҚТАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ПРОЦЕСТЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ХАЛЫҚТЫҢ ТҰРМЫС ДЕҢГЕЙІ
Алматы облысының 2003-2005 жылдарға арналған кедейшілікті төмендету жөніндегі бағдарламасы
Пәндер