Қазақстандағы Шымбұлақ тауы



1. Қазақстандағы Шымбұлақ тауы
2. Мұнартып тау тұр құмартып...
3. Шымбұлақ дәуiрi
4. Қазақстандық ғасыр жобасы
Қазақтың жерi - ұлан-ғайыр ұлы атырап. Қазақтың жерi - таулы қамалдың алақан уысы да, сулы жайлаудың жайнаған үлгiсi. Көк белдегi көп елге жетсең де - Қазақтың жерi, шөлейттегi құм белге жетсең де - Қазақтың жерi, көз мұнартқан шыңды елге жетсең, ол да - Қазақтың жерi. Алатау мен Арқа арасындағы ұлы дала да қазақтың, тек қана ҚАЗАҚТЫҢ ЖЕРI!!!
Елiмiздiң бес бөлiгi де берекелi баурай мен әсем табиғатқа бай. Солтүстiкте буырқанған Бурабай мен Оқжетпес шыңы, Жұмбақтас, тарихи жәдiгерлердiң ошағы Баянауыл бар. Оңтүстiктегi Шарын, Түрген шатқалдары, Бесшатыр, Есiк қорғандары, әншi аталатын Айқайқұммен мақтануға тиiспiз. Қиялыңа қанат бiтiретiн Бозкөл сарқырамасы, ақбалығымен танымал Асы бар, Қарқараның төсi мен Көлсайдың көк суын атаймын. Хан-Тәңiрiне бас имей, халқым деп сөз айту да күнә Шәлкөденiң шалғынына жетер жер жоқ.
Иә, бұл екi сөзге сыйдырмақ боп iлiп айтқанымыз, терiп айтсақ, тоғыз шақырым сайын жолықтыратындай тұмса табиғат пен тарихи ескерткiштер еселеп саналады. Жер жаннаты - Жетiсу. Жетiсудың жүрегiнде - Алматы. Алматының асқарында Шымбұлақ бар.
1. Махмудов С.М. Қазақстанның қорықтары. Алматы, 1981 ж.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

Қазақстан Халықтар Достығы Университеті

Тарих және география кафедрасы

Тақырыбы:Қазақстандағы Шымбұлақ тауы

Орындаған: Сапарбаева Г.
Тобы: БИО-051
Қабылдаған: Исабекова Н.

Шымкент 2008 ж

Жоспар

1. Қазақстандағы Шымбұлақ тауы
2. Мұнартып тау тұр құмартып...
3. Шымбұлақ дәуiрi
4. Қазақстандық ғасыр жобасы

Пайдланылған әдебиеттер

1. www.google.kz
2. www.referat.kz
3. Махмудов С.М. Қазақстанның қорықтары. Алматы, 1981 ж.

Қазақстандағы Шымбұлақ тауы

Қазақтың жерi - ұлан-ғайыр ұлы атырап. Қазақтың жерi - таулы қамалдың
алақан уысы да, сулы жайлаудың жайнаған үлгiсi. Көк белдегi көп елге жетсең
де - Қазақтың жерi, шөлейттегi құм белге жетсең де - Қазақтың жерi, көз
мұнартқан шыңды елге жетсең, ол да - Қазақтың жерi. Алатау мен Арқа
арасындағы ұлы дала да қазақтың, тек қана ҚАЗАҚТЫҢ ЖЕРI!!!
Елiмiздiң бес бөлiгi де берекелi баурай мен әсем табиғатқа бай.
Солтүстiкте буырқанған Бурабай мен Оқжетпес шыңы, Жұмбақтас, тарихи
жәдiгерлердiң ошағы Баянауыл бар. Оңтүстiктегi Шарын, Түрген шатқалдары,
Бесшатыр, Есiк қорғандары, әншi аталатын Айқайқұммен мақтануға тиiспiз.
Қиялыңа қанат бiтiретiн Бозкөл сарқырамасы, ақбалығымен танымал Асы бар,
Қарқараның төсi мен Көлсайдың көк суын атаймын. Хан-Тәңiрiне бас имей,
халқым деп сөз айту да күнә Шәлкөденiң шалғынына жетер жер жоқ.
Иә, бұл екi сөзге сыйдырмақ боп iлiп айтқанымыз, терiп айтсақ, тоғыз
шақырым сайын жолықтыратындай тұмса табиғат пен тарихи ескерткiштер еселеп
саналады. Жер жаннаты - Жетiсу. Жетiсудың жүрегiнде - Алматы. Алматының
асқарында Шымбұлақ бар.

Мұнартып тау тұр құмартып...
Кiшi Алматы өзенiнiң алқабы ежелден-ақ ел тұрғындары мен меймандарының
танымал тынығу орны болып саналады. Әр тараптан ағылған адамдардың назары
спорттық кешенге еш аумаған, сол кешен орналасқан алқаптың рай тартады да
тұрады. Бұл өлке мұзды шыңдары, ерекше тiк құлама шатқалдары, альпiлiк
шалғын мен ормандарымен де ерекшеленедi. Iле Алатауы Тянь-Шань тауының
солтүстiк жоталарының бiрi. Жотаның табиғи жағдайының әрқилылығы мен тау
сiлемдерiнiң түрлi түсi жотаға Алатау деген ат әперген-дi. Ал Iле тiркесi
бiршама кейiнiрек, XIX ғасырдың екiншi жртысында барып қосылған. Ертiстiң
солтүстiк-шығысынан шыққан орыс зерттеушiлерi Iленiң арғы бетiнен жазық
даланы көкжиектеп жатқан Алатау шыңдарын көрiп, Тянь-Шаньның таулы жотасына
Iле Алатауы деген ат бередi. Iле Алатауы да өзге жоталар секiлдi ендiк
бойымен созылып жатыр. Шу және Шелек өзендерiмен шектесетiн жотаның
ұзындығы 280 шақырымды құраса, енi 30-50 шақырымға созылған. Жотаның ең
биiк нүктесi Жаңақастек (биiктiгi 2450 м) пен Аманжол (3515 м) асулары
арасындағы аймақ болып саналады. Iле Алатауы Алматы қаласымен шекарада
Күнгей Алатауымен жапсарлас жатқан Шелек-Кемин бөгетiмен жалғасып кетедi.
Екi арада қос өзен ағып жатыр. Шығыста Шелек ақса, батысында - Чон-Кемин
жатыр. Дәл осы аңғарда Альпiнiң Монблан биiгiн 207 метрге басып озатын Iле
Алатауының ең биiк нүктесi - Талғар шыңы (5017 метр) орналасқан. Кiшi
Алматы өзенi әр саладан қосылған сулармен толысып, солтүстiкке қарай
буырқанып, аптығып ағады. Шығысынан Горельник, Казачка, Батарейка
салаларына батыстан құйылған Сарысай, Сакрама, Кiмасар, Бутаковка сулары
дем бередi. Осылай жетi саладан жиналған суды Кiшi Алматы шатқалдардың
терең сайларына құлатады. Ал өзеннiң ең тарихи арнасы - бүгiнгi Есентай
өзенi қаланың шығыс бөлiгiн кесiп өтiп, Қаскелең өзенiмен қосылады да, 14
шақырымды баппен ағып, Iлеге құйылады. Кiшi Алматының жалпы бассейнi 1090
шаршы шақырымды құраса, ұзындығы 117 шақырымға созылып жатыр. Осындай
табиғи жағдаяттар да Алатау шатқалдарының арасына спорттық-туристiк
кешендер мен демалыс үйлерi мен аймақтарын салуға негiз болды. Кiшi Алматы
өзенi аңғарында Медеу мұз айдыны, Шымбұлақ тау шаңғысы кешенi және
Тұйық су альпiлiк лагерь қоныс тепкен.
Шымбұлаққа жеткiзетiн жолдың өзi де жаннат бақтың бiр бөлшегiндей.
Қаладан басталатын даңғыл Медеу мұз айдынына бiр жеткiзсе, Медеу
шатқалынан басталатын өр өзiнше әсер бередi. Жылан бауырлаған жол тiкесiнен
Шымбұлақтың демалыс орнына бастап барады. Биiктеген сайын ауа салқын
тартып, болымсыз жел бетiңе аяз бүрiккенiмен, жеңiл саумал ауаны молынан
құшырлана жұтасың. Қар жамылған тау жотасы алыстан қарағанда бұлттан ылдиға
көз сап қарап тұрған ақбас шалдың бейнесiнен әсер берер едi. Суық жел леки
соқса да, төбеде күн көзi шүленiн шашып, жылуын төгiп тұр. Қыземшек тастар
алыстан бұлтиып көрiнiп, айғыржал төбенi ен таңбасымен айғақтайды. Күн
көзiне шағылысқан қар ұшқындары да көз қарықтырып, жота бiткен жылт-жылт
еткен ақ меруертпен айшықталғандай әсем. Шаңғымен қыраттан етекке қарай
құйындай ұшып, құйғытып, сырғанап келе жатқан спортшылар қалыңнан аппақ қар
бетiн қақ жара iз қалдырып, зу ете өтiп шыққаныңда ертегiде айтылатын
Желаяқ ойыңнан кенеттен орын ала қалады. Қос қабат коттедждер мен ағаш
үйлер тау баурайындағы таптырмас демалыс орыны. Ақ кеңiстiкте үйлесiм
тапқан жасыл қарағайлар мен шыршалар да табиғат әспетiнiң кереметтiгiн
растағандай. Шымбұлақтың көркi осындай, табиғи да тарихи.

ШЫМБҰЛАҚ ДӘУIРI
XX ғасырдың орта шенiнде шатқалда алғашқы тау шаңғысы кешенi ашылды.
Табиғаттың өзi қолмен қойғандай етiп әзiрлеп берген кешеннiң аты Шымбұлақ
аталды. Кiшi Алматы өзенi аңғарында, теңiз деңгейiнен 2300 метр биiктiкте
орналасқан Шымбұлақ сол кездерi тау шаңғысымен айналысатын спортшылардың
Меккесiне айналса, бүгiнде Шымбұлақтың шыңына тәу етуге Қазақстанды былай
қойғанда, әлемнiң әр қиырынан адамдар ағылады.
50-60 жылдары Шымбұлақтың жанында Спартак, Искра, Локомотив
альпiлiк лагерьлерi орналасқан болатын. Ал Шымбұлақтың өзiнде кеңестiк
дәуiр тұсында республикалық жарыстармен қатар, КСРО көлемiндегi Күмiс
эдельвейс жүлдесiне арналған Бүкiлодақтық байқаулар өткiзiлетiн. Талғар
асуынан тiк құлайтын ұзындығы 3500 метрлiк шаңғы жолының құлдилау бұрышы 29
градуспен өлшенедi. Тәжiрибелi шаңғышылар болмаса, аяғына шаңғыны жаңа
iлген демалушылар үшiн бұл құламаның құрдым екенi айтпаса да түсiнiктi.
Шымбұлақтың әсем баурайы еуропалық стандарттардан кем соқпайды. Соғыс
жылдарында Шымбұлақ шаңғышы-атқыштар дайындайтын әскери алаңға айналып шыға
келдi. Медеуде ұйымдастырылған әскери мектептiң оқушылары Шымбұлақта тау
шатқалдарында шаңғымен жүрiп соғысу, жұлдыздарға қарап, бағытты анықтау,
тау өзендерiнен өту секiл- дi бiрқатар жаттығулардан өткен.
Iле Алатауы Тянь-Шань тауының солтүстiк жоталарының бiрi. Жотаның
табиғи жағдайының әрқилылығы мен тау сiлемдерiнiң түрлi түсi жотаға Алатау
деген ат әперген-дi. Ал Iле тiркесi бiршама кейiнiрек, XIX ғасырдың екiншi
жртысында барып қосылған. Ертiстiң солтүстiк-шығысынан шыққан орыс
зерттеушiлерi Iленiң арғы бетiнен жазық даланы көкжиектеп жатқан Алатау
шыңдарын көрiп, Тянь-Шаньның таулы жотасына Iле Алатауы деген ат бередi.
Шымбұлақта 1500 метрлiк аспалы жол 1954 жылдың наурызында ғана
пайдалануға берiлiп, Шымбұлақ дәуiрi басталды. 1962 жылға дейiн Шымбұлақ
республика чемпионаттарының өткiзiлу орны болып келсе, кейiн әр жылдарда
Шымбұлақта КСРО чемпионаттары ұйымдастырыла бастады. Ал 1961 жылы Күмiс
еңлiкгүл жүлдесi үшiн алғашқы одақтық жарыс өткiзiлiп, 1983 жылы бес
қабатты қонақ үй, медициналық орталық, аспалы жол пайдалануға берiлдi.
...Жоба бойынша Медеуде 60 гектар және Шымбұлақта 10,4 гектар аумақты
құрайтын жерде курорттық нысандар бой көтередi. Ең алдымен 3 мың көлiкке
арналған автопаркингтiң құрылысы тiзгiн алмақ. Құрылыс аяқталған соң бiрде-
бiр жеңiл автокөлiк Шымбұлаққа шықпайтын болады да, оның орнына темiр
тұлпарын автопаркингте қалдырған демалушылар аспалы жолмен бар болғаны 15
минөтте Шымбұлақтың төбесiне шығып үлгередi.
Аталмыш мектептi тәжiрибелi альпинист Иван Тютюнников жүргiзген. Соғыс
аяқталған соң мектептiң аты өзгертiлiп, тау нұсқаушыларын дайындайтын
мектепке айналып кеттi. Осы мектепте тәлiм алған спортшылар сол жылдары
шатқал маңындағы Молодежное секiлдi бiрқатар мұздақтарды ашты. Ал
кейiнiрек Қазақстанның шаңғы спортынан бiрiншiлiктерi ұдайы түрде
Шымбұлақта өткiзiле бастады. Дене шынықтыру және спорт жөнiндегi
республикалық комитеттiң құрамы жасақталып, Л. Вишняков, Н. Жәнiбеков, Л.
Орехов, А. Артеменко, Н. Литовченко сынды тәжiрибелi спортшылар танылып
шықты. Алайда соғыстан кейiнгi 5 жылдың өзiнде Шымбұлаққа ел спортшылары
елтiп жүргенiмен, Одақтың озықтары шатқалды көзге iлмей келдi. Тек 1950
жылдан бастап қана Одақ көлемiндегi тау шаңғысы спорты кәсiби деңгейге
жетiп, жарыс алаңын төбеден тауларға көшiру қажеттiгi туғанда ғана кеңестiк
жүйенiң кең бөрiктiлерi Шымбұлаққа шындап назар аударды. Зерттей келе
Шымбұлақтың бұған дейiн даңқы жер жарып келген Бакуриан алқабынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туристік нысандар
Қазақстандағы туризмнің даму тарихы
Қайыңды көлі
Экстрималды туризмнің жіктелімі
Таулардың абсолют биіктігі
Туризмнің экстремалды түрінің дамуының алғышарттары
Қазақстанның туристік жерлері
Тау жоталары
Медеу
Қазақстан Республикасы, туризм, туристік нысандар
Пәндер