Адам әрекеті нәтижесінде табиғи кешендердің өзгеруі туралы ақпарат



Табиғаттың өзгеруіне болжам жасаудың маңызы.
Қазақстандағы ерекше қорғауға алынған территориялар.
Қорықтар
Ұлттық табиғи парктер
Қорықшалар
Жалпы сипаттама.
Қазақстанның жер беті сулары.
Төрттік дәуірдегі мұз басу.
Қазақстандағы қазіргі мұз басулар
Қазақстанның рельефі
Қазақстанның биік таулы аймақтары.
Климат.
Климаттың негізгі сипаттары және климат құрушы факторлар.
Адамның шаруашылық әрекеті — табиғаттың дамуына әсер ететін ерекше фактор. Адам еңбек пен ақыл-ойдың арқасында айналадағы ортаға бейімделуімен қатар, оны өзгертеді де. Табиғаттағы құрамдас бөліктердің бір-бірімен тығыз байланыста екенін ескерсек, олардың біреуі өзгерсе басқаларының да өзгеруше әкелетіні түсінікті. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарында ескеруі қажет.
Адамның табиғат кешендеріне кері әсері озық ғылыми-техниканың тікелей жемісі емес. Ол өзгерістерге кінәлы прогресс емес, техникалық жобаларда адамның шаруашылық әрекетінің әсері есепке алынбаған. Жауын-шашын мөлшерін, топырақ ылғалдылығын ескерместен топыраққа минералды тыңайтқыштар енгізу, ол заттардың шайылып, өзендер мен бөгендердің ластануын туғызады. Мұның бәрі қаншама еңбек пен шикізатты зая кетірмеумен бірге, айналадағы ортаның жағдайын нашарлатады.
Ірі бөгендер салуда территорияның табиғат ерекшеліктерін ескермеу мезгілсіз батпақтануға, топырақ қасиетінің, өсімдік жамылғысы мен сол жердщ микроклиматының өзгеруіне әкеліп соғады.
Қазіргі кезде антропогендік ландшафттар басым. Ландшафттарды жақсарту үшін оларды өзгертетін шаралар жүргі-зеді. Соның бірі — мелиорация.
Мелиорация жердің жағдайын жақсарту мен оны пайдалану тиімділіпн арттыруға бағытталған шаралардың жиынтығы болып табылады.
Табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау кешенді түрде қарастырылуы қажет.
Адам әрекетінен Қазақстан жершде тез шешуді қажет ететін проблемалар бар. Солардың бірі — Арал алабының проблемасы. Бұл проблеманың тууына басты себепші болған — адам әрекеті.

Адам әрекеті нәтижесінде табиғи кешендердің өзгеруі.
Адамның шаруашылық әрекеті — табиғаттың дамуына әсер ететін ерекше
фактор. Адам еңбек пен ақыл-ойдың арқасында айналадағы ортаға бейімделуімен
қатар, оны өзгертеді де. Табиғаттағы құрамдас бөліктердің бір-бірімен тығыз
байланыста екенін ескерсек, олардың біреуі өзгерсе басқаларының да өзгеруше
әкелетіні түсінікті. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның
кейінгі зардаптарында ескеруі қажет.
Адамның табиғат кешендеріне кері әсері озық ғылыми-техниканың тікелей
жемісі емес. Ол өзгерістерге кінәлы прогресс емес, техникалық жобаларда
адамның шаруашылық әрекетінің әсері есепке алынбаған. Жауын-шашын мөлшерін,
топырақ ылғалдылығын ескерместен топыраққа минералды тыңайтқыштар енгізу,
ол заттардың шайылып, өзендер мен бөгендердің ластануын туғызады. Мұның
бәрі қаншама еңбек пен шикізатты зая кетірмеумен бірге, айналадағы ортаның
жағдайын нашарлатады.
Ірі бөгендер салуда территорияның табиғат ерекшеліктерін ескермеу
мезгілсіз батпақтануға, топырақ қасиетінің, өсімдік жамылғысы мен сол жердщ
микроклиматының өзгеруіне әкеліп соғады.
Қазіргі кезде антропогендік ландшафттар басым. Ландшафттарды жақсарту үшін
оларды өзгертетін шаралар жүргі-зеді. Соның бірі — мелиорация.
Мелиорация жердің жағдайын жақсарту мен оны пайдалану тиімділіпн
арттыруға бағытталған шаралардың жиынтығы болып табылады.
Табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау кешенді түрде қарастырылуы
қажет.
Адам әрекетінен Қазақстан жершде тез шешуді қажет ететін проблемалар
бар. Солардың бірі — Арал алабының проблемасы. Бұл проблеманың тууына басты
себепші болған — адам әрекеті. Аралға құятын екі ірі өзен — Әмудария мен
Сырдария суын теңізге жеткізбей, түгелдей дерлік егіс-тіктерді суландыруға
пайдалану. Бұл онсыз да булануы көп шөл зонасындағы теңіз суының таралуына
әкеп соқты. Теңіз суының шегінуінен оның жағалауындағы 800 га тоғай,
жануарлар дүниесі жойылып, теңіз айналасы бүл күнде тіршілігі жоқ құмды,
сортаң шөлге айналды. Теңіздің тартылуынан, мұнда теңдесі жоқ Барсакелмес
қорығы жойылды. Бұл өзгерістер өз кезегінде сол аймақ тұрғындарының
денсаулыБалқаш алабында да күрделі экологиялық жағдай қалыптасты. 1970 жылы
Балқашқа құятын іле өзенінде Қапшағай бөгені мен ГЭС-тің салынуы Іле-Балқаш
су шаруашылығы кешеншде бетбұрыс кезең болды. Іле өзенінш гидрологиялық
режимі өзгеріп, жалпы Іле-Балқаш алабындағы экологиялық жағдай өзгере
бастады. Қапшағай су торабын жобалау кезінде Іле өзенінің атырауындағы
табигат кешенінің жағдайы ескерілмеді, нәтижесінде сондағы ондатра, балық
және ауыл шаруашылығына көп зиян келді. Ақ дала өңірін суландырып, күріш
егу жобасы да толық жүзеге аспай қалды. Іле өзенінің атырауы кеуіп, оның
кері әсері Балқаш көліне тиді. Суармалы алқаптардың кеңейтілуі, төменгі Іле
қоңыр көмір кен орнын игеруді бастау көлдің болашағы үшін қауіпті. Болжау
бойынша, XXI ғасырдың басында көлдің батыс бөлігінің мүлде кеуш, шығысының
тұзды шалшыққа айналуы мүмкш. Бұл өз кезегінде Балқаш маңындағы ландшафттар
мен экологиялық жағдайларды түбірінен өзгертіп, тіршіліксіз шөлге
айналдырады. Көл деңгейінің төмендеуі оның суының шамадан тыс
минералдануына әкеп соғуда. Бұл, бір жағынан, егістік далалардан келге
қайта келіп құятын су құрамында әр түрлі тұздардың көп болуына байланысты.
Сонымен қатар, алаптағы өзгерістер Балқаш маңы аймағының климат
жағдайларына да әсерін тигізеді. Су айдынының тәуліктік темлератураны, ауа
ылғалдығын реттеуші әсері өз күшін жояды. Ғалымдардың болжауынша, Балқаштың
тартылуы Батыс Сібір мен Қазақстандағы географиялық зоналардың шекараларын
өзгертуі мүмкін.
Табиғаттың өзгеруіне болжам жасаудың маңызы.
Табиғаттың болашақта өзгеру сипаты, адамның шаруашылық әрекетінің
табиғатқа әсері, адамзаттың тағдыры сияқты мәселелер көптеген
зерттеушілерді ойландырады. Сондықтан ғылыми болжамдардың қажет екендігі өз-
өзінен түсінікті. Ғалымдардың болжамдары табиғаттың өзгеруіне талдау
жасаумен бірге, болашақта адам әрекетнінің сипаты қандай болуы керектігі
жөнінде құнды мәліметтер салаларын да қамтиды.
Ауыл шаруашылығын дамытуда жер және су ресурстарын өсімдік
байлықтарының өзгеру сииаты мен оған әсер ететін факторлар кешенді түрде
қарастырылуы керек. Кез келген өндірістің жобасы жан-жақты ғылыми
болжамдарға сүйенгенде ғана тиімді болады. Мысалы, Қапшағай бөгенінің
жобасында табиғат ерекшеліктері, олардың өзгеруінен болатын зардаптар мен
материалдық шығындар ескерілмегендіктен, табиғи ортаға үлкен зиян тиіп
отыр. Сол сияқты ірі өнеркәсіп орындарын орналастыруда оның айналасындағы
ортаның құрам бөліктерше әсері алдын ала жан-жақты гылыми жағынан болжануы
қажет. Мысалы, табиғат ерекшеліктерш ескермей, Алматы қаласында ауыр
өнеркәсіп кәсіпорындарын орналастыру қаланың экологиялық жағдайын
нашарлатты.
Табиғатты кездейсоқ апатты құбылыстарға алдын ала болжау жасау көп
материалдық және адам шығынын болдырмауға көмектеседі. Мысалы, сейсмикалық
аймақта орна-ласқан Қазақстанның таулы аудандары үшш мүның маңызы зор.
Минералды су көздерін игеруде, курорт шаруашылығын өркендетуде де кешенді
ғылыми болжамдар қажет.
Ғылыми болжамдар табиғаттың байлықтарын дұрыс пайдалануға көмектесумен
қатар, адамзат болашағы туралы мәселеде де маңызы зор. В. И. Вернадский
Адам цивилизациясы үзіліп, жойылып кетуі мүмкін емес деген болатын.
Табиғи қорлар таусылған күннің өзшде адамзат ғылыми болжамдар арқылы жаңа
шикізат, энергия көздерін анықтап, өз мұқтаждарын қамтамасыз етуі тиіс.
Қазақстандағы ерекше қорғауға алынған территориялар.
Қазіргі кезде Қазақстан территориясын шаруашылық жағынан игерудің
қарқыны артты. Сондықтан осы аймакка тән табиғи ландшафттардың белгілі бір
қайталанбас бөліктерін сақтап қалу мақсатында қорғалатын территориялар
ұйымдастыру қажеттілігі туып отыр.
Қорықтар
Қорықтардың басты мақсаты — табиғи ландшафттар эталонын мұндағы
тіршілік ететін өсімдіктер және жануарлар дүниесімен қоса сақтау, табиғат
кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық
әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет.
Қазақстан қорықтар саны жөнінен егеменді республикалар арасында
алтыншы орын, ал олардың жиынтық көлемі жөнінен үшінші орын алады.
Дегенмен, республика жерінің көлеміне шаққандағы қорықтар үлесі жөнінен он
үшінші орында. Бұл Қазақстан секілді ұланбайтақ республика үшін қорықтар
көлемінің әлі де аз екенін көрсетеді. Қазіргі кезде нақты 6 қорық жұмыс
істейді. Бұлар, әрине, Қазақстан табиғатының алуан түрлі табиғат
жағдайларын толық көрсету үшін жеткіліксіз. Сондықтан болашақта
ғалымдардың, табиғатты қорғау қоғамы өкілдерінің ұсынуымен тағы 15 қорық
ұйымдастырылмақшы.
Ақсу-Жабағылы қорығы 1926 жылы ұйымдастырылды. Бұл Қазақстандағы
ертеден келе жатқан қорық. Қорық Шымкент облысының Түлкібас және Сайрам
аудандарының Талас Алатауы мен Өгем жотасында 74 мың гадан астам жерді алып
жатыр. Қорық төрт биіктік белдеуді қамтиды. 1500 м биіктікке дейінгі
төменгі белдеу — өзіне тән өсімдіктері мен жануарлар дүниесі бар дала,
1500—2300 м биіктікте даланың шалғынды, бұталы ағаш өсімдіктері өседі.
Мұнда ағаш тәрізді арша (биіктіп 20 м дейін барады), бадам бұтасы, жабайы
жүзім, жабайы алма және баска оңтүстік өсімдіктері өседі. Жануарлардан
мүнда елік, жайран, борсық, басқа жерден әкелінген марал және басқалар
мекендейді.
2000—2300 м биіктікте субалып шалғыны жатыр. Бұл белдеуде төселіп өскен
түркістан аршасынан басқа ағаш өсімдіктері жоқ. Онда тау ешкі, ілбіс, суыр,
шақылдақтар, ақ құсДәрілік өсімдіктерден аралий мен алтын тамыр
кездеседі.
Қорықта сүтқоректілердің 40-тан астам түрі мекендейді, оның ішінде
аю, сілеусін, марал, арқар, қасқыр және қүстың 200-ге жуық түрі бар, оның
ішінде қарақұтан, аққу, суқұзғындар да кездеседі.
Көлде балықтың төрт түрі: мөңке, майқан, талма, теңге бар. Бұлардың ішінде
ең бағалысы — мөңке, оның еті өте дәмді.
Үстірт — ең жас қорық. Ол Маңғыстау облысында 1984 жылы құрылды. Бұл
— республикадағы ең үлкен қорық. Қорық Үстірт жерінде жатыр. Климаты
солтүстік шөл зонасына тән: жазы ыстық, ұзақ, қысы қатаң, жауын-шашын
мөлшері өте аз (жылына 120 мм). Қорықты ұйымдастырудағы мақсат —
Қазақстандағы Қызыл кітапқа тіркелетін шөл зонасындағы 12 түрлі аң мен
қүстарды қорғау мен сақтау. Жануарлар арасынан қорғауға жататыны: жабайы
қой — үстірт муфлонның ерекше түрі, қарақүйрық, ұзын инелі кірпі, шұбар
күзен, төрт жолақты қарашұбар жылан. Құстардан үялайтыны: қарабауыр шіл,
кекілік, ителгі, шөл кекілігі. Қорықтың территориясында бір кезде осы арада
кеңінен тараған жыртқыш ірі мысық — қабылан мен құланды қалпына келтіру
белгіленді. Өсімдіктен қорғауға тұратын аса маңыздысы: жүмсақ жемістік
(қалдық және монотип бұталар), иіссіз катраңа, үстірт таспасы. Ғалымдар
шөлдің қатаң климат жағдайына бейімді жануарлар мен өсімдіктің өмір сүруін
зерттеу үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізбекші.
Ұлттық табиғи парктер.
Ұлттық табиғи парктер — елімізде қорғалатын ландшафттардың жаңа
түрі. Олар әлі де толық өріс алып, дами қойған жоқ. Мұның қорықтардан
ерекшелігі туристер мен тынығушылардың кіріп көруіне рұқсат етіледі. Бірақ
олардан табиғатты қорғау ретін сақтау талап етіледі.
Казақстанда әзірше бір ғана Баянауыл ұлттык, табиғи паркі бар. Ол 1977
жылы Павлодар облысындағы Баянауыл орман шаруашылығының негізінде құрылган,
көлемі — 45 мың га. Парк территориясына енетін таулы-орманды ландшафттары
тамаша табиғат ерекшеліктерімен көзге түседі. Карағай. кайың ормандарымен
жабылған, гранитті, үнілғен Баянауыл таулары Сарыарқаның шөлейтті
жазықтарында оқшау көрінеді. Биік шыңы — Ақбет, оның биіктіп теңіз
деңгейінен 1026 м көтерілген. Табиғатының қолайлығына байланысты Баянауыл
тауларын шөлді даладағы таулы-оранды оазис деп атайды. Бұл аймақ жаппай
демалыс пен туризмнің таралған жері: мүнда көптеген демалыс үйлері, емдеу
мекемелері, пионер лагерлері, туристік базалар орналаскан.
Паркте үзақ уақыт үгілу әрекетшен қайталанбас жартас, шокылар
қалыптасқан. Олар сыртқы түріне орай Жалмауыз кемпір?, Найза тас, Тас
және Ат басы, т. б. деп аталады. Қазірп кезде парк аумағында қорықтық,
рекреациялық және өнеркәсіп маңында демалыс жерлерді бөлу жөнінде жобалау
жұмыстары жүргізілуде.
Бұған қоса республика территориясында болашақта тағы екі Ұлттық парк
үйымдастырылмақшы.
Қорықшалар
Қорыкшалардың ерекшеліп — мүнда табиғат объектілерінің тек жеке
бөліктерін шаруашылыққа шектеп, белгілі бір мерзімде және қорғауға альшған
объектілерге зиян келтірмейтін мөлшерде ғана пайдалануға рұқсат етіледі,
Қазақстанда қазіргі уақытта 80-ге жуық қорықша бар. Жалпы көлемі — 4600 мың
га. Олар қорғалатын объектілерше байланысты геологиялық, ботаникалық,
хайуанаттар қорықшалары т, б. деп бөлінеді.
Геологиялык қорықшалар ерекше, сирек кездесетін геологиялык
түзілістері мен жер бедерінің пішіндері бар ландшафттарды қамтиды.
Ботаникалық қорықшалар өсімдік жамылғысының ерекшелігіне қарай әр зонаның
ландшафттарында орналасады. Мұнда флораны сақтау және калпына келтіру
жұмыстары жүргізіледі.
Хайуанаттар қорықшалары жабайы жануарлар мен құстардың миграциясының
жолдарында орналасқан табиғат кешендерін қамтиды, мұнда фаунаны толығымен
қорғау қолға алынған.

Жалпы сипаттама.
Қазақстанның кең-байтақ жерінде топырақ және өсімдік жамылғысы мен
жануарлар дүниесі әр түрлі. Топырақтың негізгі түрлерінің, өсімдік
жамылғысы мен жануарлар дүниесінің географиялык, таралуы қазіргі заманғы
физикалық-географиялық ландшафтардың қалыптасу тарихымен және қазіргі
уақыттағы физикалық-географиялық жағдайлардың сипатымен, ең алдымен рельеф
және климат ерекшеліктерімен байланысты.
Қазақстанның топырақ жамылғысы табиғат зоналарына сәйкес таралған.
Топырақтың басты түрлері ты, кейде аласа, батпаңты болып келеді. Көлдерге
жанасып жатқан батпақтардың көп болуы олардың біртіндеп тартыла бастауына
байланысты. Көлдердің тартылуы кейде деңгейдің аз уақыт ікөтерілуімен
кезектесіп отырады. Сілетітеңіз көлі онша терең емес жайпақ ойыста жатады,
Оның суы экермек, құрамы теңіз суына жақын, мөлдір жасыл түсті. Жазда оның
температурасы әжептәуір жоғары болады.
Жалаулы көлі улкендігі жағынан бұл топтағы екінші көл. Ол онша терең
емес. Ауданы 398 кв км. Жағалауы тілімденген, суы тұзды.
Теке көлі көлемі орташа көлдерге жатады. Оның ауданы 228 кв км,
жағалаулары жайпақ. көпшілік же-рінде қамыс, ңоға өскен, суы тұзды.
Ащы көлдер тобы Батыс Сибирь ойпатының баты-сында жатыр. Бұл топтағы көлдер
ұзындығы 570 км, ені 200 км-ден артығырақ келетін ертедегі аңғарлардың
түбіне тізбектеле орналасқан. Бастылары: Үлкен Ңоскөл, Жалтыр, Таранкөл,
Жалтырөзек, Жыланды т. б.
Батыс Сибирь ойпатында ұсақ көлдер әте көп. Олар суффозиялық жолмен
пайда болған шағын табаңша тәрізді ойыстарда орналасқан.
Биік таулы аймақтардың көлдері жоғарыда айтылғандай көбіне тектоникалық,
төктоникалык-тоған, мұздық, мореналық-тоған және кар көлдеріне жатады.
Төменде олардың ең үлкендері жайында баяндалады. Марқакөл Алтайдағы
терең ойыста. Күршім мен Азу жоталарының аралығында, 1434 м биіктікте
орналасқан. Көлдің оңтүстік жағалауы жаркабақты, солтүстігі — аласа келеді.
Көлге бірнеше өзендер келіп құяды, олардың ішіндегі ең үлкені Тополезка.
Марқакөл — ағынды көл, одан Кульджир өзені ағып шығады. Көлдің түбі шетінен
ортасына қарай төмендей береді және түнбалы құм басып жатады. Ең терең жері
27 м, суы тұщы, түсі көгілдір жасыл. Жазда судың беткі қабатының
температурасы 16—17°, орта қабаттарында 10—12°, түбіне жаңын жері 7°. Мұз
170 күннен астам жатады, көлде ақ қайран, ускуч, хариус т. б. балықтар
болады.
Жоңғардағы биік тау көлдерінен Хоргос өзені басталатын жердегі Қазанкөл мен
Лепсі бастауындағы Жасылкөлді атауға болады. Қазанкөл — тектоника жазық-
аласа таулы бөлікте солтүстіктен оңтүстікке ка-рай өзгеріп отыратын жеке
зоналарды құрайды, биік таулы аймақтарда олар вертикальды белдеулерді (бк-
іктік зоналар немесе белдеулер) құрайды. Ңазақстанда зоналар бойынша
бөлініп ерекшеленетін топырақтың негізгі түрлерінен басқа бірсыпыра жерді
азональдық топырақтар (сораң, сортаң) және өзен аңғарларында негізінен
аллювий-шалғынды топыраңтан тұратын ин-тразональды топырақтар алып жатады.
Республиканың топырақ жамылғысында азональды және интразональды
топырақтардың алатын үлесі едәуір көп. Олар негізгі топырақ зоналарының
арасын-да арал сияқты ойдым-ойдым орналасқан күйінде кездесіп, негізгі
топырақ зоналарындағы топырақты ала-құла етіп жібереді. Сондықтан іргелес
жатқан аймақ-тармен, атап айтңанда, Орыс жазығы және Батыс Сибирь ойпатымен
салыстырғанда Ңазақстанның топы-рақ жамылғысы анағүрлым әр түрлі және ала-
құла болып келеді. Республиканың көпшілік жеріндегі климаттың құрғақтығы
мен өсімдік жамылғысының кедей-лігі топырақтың пайда болу процесіне әсер
етпей қоймаған. Осыған байланысты топырақтағы ылғал мен органикалың
заттардың жеткілікеіздігі топырақ проце-сінің даму барысын баяулатады.
Топырақтың үстіңгі бетінің көп булануы тез еритін түздардың төменгі
қабаттан үстіңгі қабатқа ауысып, топырақтың сортаңданып кетуіне себепші
болады. Осыған байланысты Қазақстанда сортаң, сораң және сор топырақтар көп
кездеседі. Топырақтардың негізгі типтері мына түрде орналасңан:
қара топырақ Қазақстанның солтүстік бөлігін, оның ішінде Ақтөбе, Қостанай,
Солтүстік Қазақстан және Целиноград облыстарын, республика жерінің 7,1
процентін алып жатыр;
Қоңыр-каштан және ашық-каштан топырақтар қара топырақты өңірдің
оңтүстігіне қарай, яғни құрғақ және шөл даланың оңтүстігіне тараған. Каштан
топырақты зонаның оңтүстік шекарасы солтүстік ендіктің 48°-і бойымен өтеді.
Бұл зонаның көлемі республиканың бүкіл жерінің 27%-не тең. Соның ішінде
қоңыр-каштанды топырақ 14%, ал ашық-каштанды топырақ — шамамен 13%-ін
алады.

Қоңыр және сұр топырақ солтүстік ендіктің 48°-нан оңтустікке қарай тараған.
Ол шөл даланың оңтүстігі мен шөлдердің солтүстік өңірінің табиғатына тән.
Мұндай топырақты жердің ауданы Қазақстан жерінің 32,1 %-не тең.
Солтүстіктің сүр топырағы әдетте шөл зонасына тән, ол Оңтүстік
Қазақстанның бүкіл жазық бөлігін алып жатады. Мұның ауданы 3,7%
Сортақ және сор топырақтар барлық топырақ зона-ларында арал сияқтанып
жатады және солтүстіктен оңтүстікке қарай көбейе береді (6,7%).
Қүмдар Қазақстанның барлық жер көлемінің 9%-ін құрайды.
Вертикальды белдеулер бойынша орналасқан тау топырағы 8,5 %
Қазақстанның қазіргі топырақ жамылғысы төрттік дәуірде пайда болған.
Қазақстанның климаты мұз басу дәуірінен кейін біраз құрғақ болған да
топырақтың оңтүстік түрлері солтүстікке қарай жылжыған. Сол кезде
сортақдантан топырақтар, сортақ және сорақ топырақтар әжептеуір кең
жайылған. Кейіннен қолайлы климаттық жағдайда олардың көлемі біршама
кішірейіп белгілі дәрежеде олардың физикалық-химиялық қасиеттері өзгерді.
Солтүстік ауданның сортаңдары біртіндеп сораңға айналды.
Қазақстанның өсімдік жамылғысы әр түрлі. Ол оның дамуы мен пайда болу
тарихы және әр түрлі ңазіргі кездегі жағдайлармен түсіндіріледі.
Қазақстанның өсімдік жамылғысын құрайтын өсімдіктің 5 мыңдай түрі
кездеседі. Оның 1,5%-і ағаш тұқымдастардан, 15%-і бұталар, жартылай
бұталар, жартылай шөптерден, ал басым көпшілігі 83,5 %-і көп жылдың және
бір жылдық шөптерден тұрады. Бұның барлығы Қазақстанның континентті
климатының жағдайына сай келеді.
Қазақстанның осы ікүнгі өсімдік жамылғысының қалыптаса бастауы оның
жерінің көбін теңіз алып жатқан кезде, бор дәуірінің аяғы мен үштік
дәуірдің бас кезінде болған.
Палеогенде теңіз бүкіл Тұран ойпатын басып жатты. Ол Торғай бұғазы арқылы
Батыс Сибирь теңіз бассейнімен жалғасқан. Сөйтіп, Қазақстанға қараған
құрлық екі бөлікке бөлінді. Осы кезде Торғай бұғазынан шығыста — Алтай,
Орталық Қазақстанның ұсақ шоқылы аймақтарында негізінен жалпақ жапырақты
лардан, кейде мәңгі жасыл түрлер аралас кездесетін қылқан жапырақты
ағаштардан тұратын аңғара флорасы тараған. Ангара флорасының құрамында
гинкго, бук, граб, вяз, емен т. 6. ағаштардың түрлері кірген бұлар жалпақ
жапырақты және қылқан жапыраққа ағаштарға бастама болған. Торғай бұғазынан
саты қарай — Мұңалжар, Жалпы Сырт және Ембі үстірті аудандарында мәңгі
жасыл субтропиктік түрдер басымырақ полтава флорасы болған. Ол пальма,
секвоя мәңгі жасыл емен мен лаврдан тұрған.
Неогенде Торғай бұғазы кеуіп кеткеннен кейін құрлықтың батысы мен
шығысы бір-бірімен қосылған. Осы кезде полтава флорасы шығысқа қарай
жылжыған. Бүған Зайсан көлі мен Ашутас тауы аудандарындағы неогеннің
шөгінділерінде табылған осы флораға тән мәңгі жасыл емен, секвоя, таксодиум
дәлел бола алады. Шығыс флорасы керісінше, батысқа қарай жылжыған. Осының
нәтижесінде Қазақстан жерінде жапырағын түсіретін жалпақ жапырақты
ағаштардан тұратын арктоторғай флорасы немесе торғай флорасы деп аталатын
жаңа флора ңалыптаеқан, оның құрамына платан, грек жаңғағы, емен, бук,
граб, терек т. б. жатады.
Теңіз бассейндерінің шегінуіне байланысты климаттың континенттігі арта
бастайды. Осыған байланысты үштік дәуірден бастап келген және оңтүстік
африка флорасымен байланысы бар ксерофит өсімдіктерден түратын ертедегі
вельвичия Қазакстанға Иран таулы қыраты мен Орта Азия арқылы кірген. Осы
күнгі ксерофит өсімдіктер әжептеуір тез тарала бастаған. Бұл ксерофит
эфемерлі өсімдіктердін бастамасын берген. Бұларға жоңышқаның, эспарцеттің,
акантолимонның, сондай-ақ бұталардың және ағаштардың кейбір түрлері де
кіреді. Ксерофит өсімдіктер сол кезде жаңа ғана теңіз түбінен босаған
Каспий мен Балқаш аралығындағы ойпатты участоктарды да жайлаған. Мұнымен
қатар алабота галофит өсімдіктері сортаңды участоктарға, құмды массивтерде
псаммофиттер, сазды жерлерде серифидтер болған. Осы уақытта Қазақстанның
биік таулы аймақтарына Орталық Азия таулы қыраты ксерофит өсімдіктері
тараған, оған тән түрлер болып астрагал, шашақты боз, қараған бұталары
есептеледі.
Сонымен үштік дәуірдің алғашңы жартысында — палеогенде — жазық-ойпаңды
аудандарды үлкен теңіз басып жатңан, ал оның жағалауларындағы таулар мен
қыраттарда субтропиктік жалпақ жапыраңты ну орман өсіп тұрған; үштік
дәуірдің екінші жартысында — неогенде — бұл көрініс өзгереді: теңіз
біртіндеп кішірейіп, ең аяғында құрып бітеді де артында осы күнгі көлдерді
ңалдырады. Климат құрғақ климатқа айнала бастайды Сжазы ыосы да қысы суық).
Субтропиктік ормандар қоңыржай типті ормандарга ауысып, бірте-бірте
кішірейе береді, ал құрғақ ксерофит өсімдіктері үлкен көлемді ала бастайды.
Қазақстанның осы күнгі өсімдік ландшафтысы негізінен осылай қалыптасқан.
Төрттік дәуірде бүл өсімдіктер үлкен өзгерістерге ұшырайды. Төрттік
дәуірдің басында — плейстоценде — климат суық климатқа айналады, жедел
көтерілген биік таулы аймақтар үшті мұз басуларға ұшырайды. Бұл аймақтарда
үштік дәуірдің жылы сүйгіш өсімдіктерінің басым көпшілігі құрып кетеді, тек
азды-көпті қолайлы жағдайы бар кей жерлерде ғана сол жерғе бейімделген
өсімдіктер ңалған, олар: грек жаңғағы, өрік, алма. Қылқан жапырақты ағаштар
өзінің ареалын кеңейтіп, солтүстіктен және шығыстан Орталық Қазақстанның
ұсақ шоқылы ауданына қарай, сондай-ақ Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы
биік тау жоталарымен солтүстіктен оңтүстікке қарай жылжыған.
Осы жоталар бойымен Сибирь жақтан сол кездегі мұздықтарға дейін осы
күнгі алып зонасының арғы тегі болып есептелетін аркто-альпілік өсімдіктер
тараған. Қазақстанның жазық аудандары шұғыл континентті климатты шөлге
айналды. Бұл кезде шөлдің ксерофит өсімдіктері өзінің ареалын кеңейтті. Мұз
басу кезінде, керісінше, ксерофит өсімдіктер жазықтыңқа қарай шегініп,
қылқан жапыраңты ағаштар мен аркто-альпілік өсімдіктердің ареалы кеңейген.
Сөйтіп, плейстоценде жазықтықта, сондай-ақ таулы аймақтарда өсімдіктер
зонасының бірнеше рет араласуы болған.
Мұз басу дәуірінен кейін ксерофит есімдіктер Қазақстанның жазық-аласа таулы
бөлігіне кеңінен тарап, солтүстікте осы күнгі орманды дала зонасына дейін
барған. Оңтүстік-Шығыстағы биік таулы аймақта олар жоғары қарай көтеріле
отырып, жоғарғы биік тау белдеуіне дейін жеткен. Мұз басу дәуірінде кең
тараған жалпаң жаііырақты ағаштар Орталық Қазақстанда жекеленген
участоктарда және биік таулы аймақтарда сақталған. Бұл қалдық ағаштар кейін
дами келе ағаштың жаңа түрін берген, олар Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы
биік таулы аймақта өсіп, осы күнгі ормандар мен орманды-шалғынды белдеуге
негіз болған, Аркто-алытілік өсімдіктер Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы
таулы аймақта ғана сақталып қалған, сөйтіп осы күнгі субальпі- және альпі
зоналарының негізін құраған.
Ксеротермикалық уақыттан кейін климат ылғалданып, осы күнгі дәуір
басталады. Ксерофит өсімдіктер өзінің ареалын бірсыпыра қысқартады.
Ңазақстан-ның жазык бөлігінде, әсіресе оның солтүстік аудандарында орманды
дала өсімдіктері әжептәуір дамиды. Биік таулы аймақтарда орманды-шалғын,
субальпі, альпі өсімдіктері үлкен көлемді алып жатады. Қазіргі уақытта
Казақстанның жазық-аласа таулы бөлігінде ксерофит өсімдіктер үстем орын
алады. Мұнымен қа-тар дала зонасының өсімдік жамылғысы Орталық Азия, Сибирь
және Евразия орталықтарынан тараған ңұрғақ сүйгіш өсімдіктері аралас өскен
бореалды түрлерден түрады.
Шөлдің өсімдігі Оңтүстік Азия өсімдіктері мен тұран түрлерінен тұрады.
Таулы аймақтың тау алды мен аласа таулы бөліктерінің өсімдік жамылғысы
жазық-тағы сиякты ксерофит өсімдіктерден құралады. Орташа биіктігі бар және
биік таулы аймаңтардікі орманды-шалғык және әр түрлі өсімдіктер түрінде
кездеседі, ал оның калыптасу кезеңі мұз басу дәуіріне тура келеді.
Сонымен, жазықтық және аласа таулы бөліктерде осы күнгі өсімдік
жамылғысы горизонталь зона, ал биік таулы аймақта — вертикаль белдеу
бойынша тараған.
Қазакстанның жануарлар дүниесі қазіргі уақытта сүт қоректілердің 130
түрі мен құстардың 450 түрінен (оның 350 түрі ұялайды) тұрады. Қазақстан
палеарктикалық-зоогеографиялық облысқа кіреді. Қазақстанның жануарлар
дүниесі барлық палеарктикалық аймақ сияқты пайда болуы мен қалыптасуы
жағынан жас. Оның калыптасуына жануарлардың дамуының жаңа

Қазақстанның жер беті сулары.
Қазакстанның жер беті суларының негізгі сипаттары. Рельефі мен климат
жағдайларының әр түрлілігіне, кейінгі даму тарихына байланысты Қазақстанның
жер беті суларының бірқатар ерекшелігі бар.
Республиканың кең-байтақ территориясының гидрография торының әр
кезеңде пайда болуы — оның жер беті суының негізгі бір ерекшелігі.
Қазақстанның жазық-аласа таулы бөлігіндегі осы күнгі өзен-көл
жүйесінің негізі үштік дәуірде-ақ пайда болған. Олар континенттік жағдайда
ұзақ уақыт дамығандықтан елеулі өзғерістерге ұшырамаған. Мұз басу дәуірі
кезінде солтүстіктегі өзен торлары өзгерді, өйткені ағын сулар өзінің ағып
келе жатқан жолында жаппай тұтас мұздықтарға кездесіп бағыттарын өзгерткен.
Төменгі төрттік дәуірде Каспий теңізінің трансгрессиясы мен регрессиясына
байланысты Каспий бойы ойпатындағы өзен-көл торлары өзгеріске ұшырайды.
Қазақстанның жазық-аласа таулы бөлігінің қалған жерлерінде үштік дәуірден
кейін гидрография торы тіпті сол калпында өзгеріссіз қалған. Сондықтан
Қазақстанның жазықтық аудандарында қазіргі уақыттағы өзен-көл торы өзінің
даму ерекшелігінің соңғы кезеңіне жеткен.
Биік таулы аймақтарда осы күнгі гидрография торы мүз басудан кейін
қалыптасқан, соның нәтижесінде ол алғашкы даму сатысында тұр.
Қазақстанның көпшілік бөлігінің гидрография торының ағынсыз немесе тұйық
болуы климатының континенттігіне байланысты; бұл республиканың жер беті
суының екінші ерекшелігі.
Осымен қатар рельефі мен климат жағдайларының әр түрлілігіне
байланысты Ңазақстан территориясына ішкі суларының еркелкі таралуы тән.
Қазақстанның жер беті суларын сипаттауды ең алдымен, көптеген тау өзендерін
негізгі қоректендіруші болып есептелінетін мұздыңтардан бастаған жөн.
Төрттік дәуірдегі мұз басу.
Қазақстанның биік таулы аймақтары солтүстік жарты шар климатының жалпы
суынуына байланысты плейетоценде мұз басуға ұшырады. Бұған таулардың күшті
көтерілуі де әсерін тигізген. Ертедегі мұз басудың іздері биік таулы
аймақтардың көптеген жерлерінде байқалады. Мұнда бетінде мұздықтардың
айғыздап кеткен іздері бар, бірақ тегістелген беткейлер; не ертеректегі,
ені кең, кдрап бұзыла бастаған, не таяуда ғана мұздықтардан босаған мұздық
карлар; көлемі жағынан кіші-гірім, бірақ көркем, терең кар және мореналық
тоған көлдері; кең әрі бірсыпыра терең трог аңғарлар; өсімдіктер қалың өсіп
басып кеткен немесе әлі жас, қалың мореналық шөгінділер және осы күнгі өзен
аңгарлары бойында жататын үлкен мұздық қой тастар кездеседі. Бұл ертедегі
мұз басудың әр түрлі іздері палеонтологиялық жағынан сипатталған жоқ.
Сондықтан Қазақстан тауларындағы ертедегі мұз басудың саны, сипаты, типі,
көлемі мен шекарасы әлі жеткілікті анықталмаған.
Қазақстанның әр түрлі биік таулы аймақтарында ертедегі мұз басудың
саны әр түрлі болуы мүмкін емес, өйткені бұл барлық таулы аймақтар ол кезде
де қазіргідей бірдей физикалық-географиялық жағдайларда жатқан.
Қазақ ССР Ғылым академиясының география секторы жүргізген соңғы
жылдардағы зерттеулер бойынша мұз басу екі рет болған деп есептелінеді.
Бірінші мұз басу (рис) ол кезде онша тілімделмеген тауларды қалың жауып
жатқан. Көпшілік ғалымдар дың пікірінше, ол жаппай немесе жартылай жабу
сипатында болған және кейінгі мұз басуға қарағанда ана-ғұрлым үлкен
территорияны қамтыған. Бірінші мұз басудын ізі қазіргі уақытта нашар
сақталған. Оған кең, өте бұзылуға ұшыраған карлар, жоғарғы немесе ішкі трог
аңғарлардың анағұрлым жайпақ бөліктері және жартылай шайылған трогтардың
қабағындағы өсімдік басып кеткен мореналық шөгінділер жатады.
Екінші мұз басу (вюрм) таулы аймақтардың бөлшектелуі және терең
тілімденуінен кейін өткендіктен аңғарлық сипатта болған. Бұл бірінші мұз
басуға қарағанда көлемі жағынан шағын болғанымен, аңғар-ларды бойлап ұзаққа
тараған.
Екінші мұз басудың іздері жақсы сақталған. Олар жас, кішігірім мұз
карлары, трогты аңғарлардын бір-сыпыра жіңішке бөліктері және мореналы
шөгінділер түрінде кездеседі.
Қазақстан Алтайы плейстоценде (Алтай тау жүйесінің қалған бөліктерімен
бірге алып қарағанда) үлкен мұз басу орталығының бірі болған. Тек бір ғана
Оңтүстік Алтайда ертедегі мұз басудың көлемі 400 км жеткен.
Рудалы Алтайда ертедегі мүз басу мүндай қалыңдықка жеткен жоқ, бірақ онда
да Өскемен қаласына дейін түскен альпі типіндегі Ивановский мүздығы сиякты
ірі аңғар мұздықтары болған.
Төменгі төрттік дәуірде Сауыр-Тарбағатай да жергілікті мұз басудың
орталығы болған. Бірінші, анағұрлым үлкен мұздық мұнда 700 м биіктікке
дейін, екінші — аңғар мұздығы 1 000 м биіктікке дейін тараған, Сауырдағы
Қосайрық мұздығының ұзындығы 20 км-ге жеткен.
Жоңғар Алатауы мұз басу кезінде оның ірі орталығының бірі болған.
Жоңғарда бірінші максимальды мұз басу 1 000—1 100 м биіктікке дейін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі уақыттағы глобальды экологиялық проблемалары
Ландшафттың экологиялық қасиеттері туралы
Ландшафттық типологиялық карталарды құрастыру мен ауыл шаруашылық жерлердің территориясын ұйымдастыру
Территориялық рекреациялық жүйе (ТРЖ), оның шағын жүйелері, олардың өзара байланыстары
Рекреация ұғымы сұрақ-жауап түрінде
Қазақстан табиғатының экологиясы және тұрақты дамуы
Ландшафттану курсы туралы
Туристік - рекреациялық ресурстар туралы түсінік
Қазақстанның экологиялық зоналары
Биосфера- жер бетінде кездесетін барлық тірі ағзалардың және заттардың жиынтығын ең ірісі
Пәндер