Журналистика әлемі – алып мұхит



І. Кіріспе
Курс жұмысын жазудағы мақсатым.
ІІ. Негізгі бөлім
а) Талант пен биліктің астасқан тұсындағы автор әлемі.
б)Авторлық бағдарламалардың шынайы табиғаты. (авторлық
бағдарламаларға талдау)
ІІІ. Қорытынды
“Журналистика әлемі – алып мұхит” – деп Құдайберген Тұрсын ағамыз айтқан екен. Осы сөздің мағынасын тереңнен іздесек көз алдымызға арпалыс пен айқасқа толы, буырқана булығып, шарпысып жатқан әлем елестейді. Журналистика әлемі күн сайын сені өзінің түпсіз тұңғиық құпиясына еріксіз тарта береді. Ал, сол әлемнің шыңырауына түсіп кетпеу үшін де даралық пен қабілет, пайым, парасат пен байқампаздық керек. Ізденімпаз жанға нәтиже – мол білім, тынымсыз еңбек, өз ісіне деген сүйіспеншіліктің арқасында ғана келеді. Ізденіс пен азапты арпалысты өз өмірінің кредосы етіп алған журналист қауымының қалам тербемейтін, араласпайтын саласы жоқ. Бәрінде де іс-әрекеттерді өз жан дүниесімен сезіне өз билігінен баға беріп, ой-тұжырым жасайды. Міне, менің осы салаға бет бұрып, ізденіп курс жұмысын жазуға себеп болған осы құбылыстар.
Теледидарға өзіндік бет тауып, соны соқпақ салып, мәнерлі үн мен сөйлеу тілін қалыптастыру таланттардың ғана ақыл-ойынан суырылып барып өмірге келетіні анық. Өмірде қадамын жаңа жаңа бастаған жас журналистерді тақырыпты қайдан аламыз, материалды қалай жинаймыз, кейіпкерлермен қалай әңгімелесеміз, сюжет және композицияны қалай құру керек, қалай жазуымыз керек және жазылғандарды қалай өңдейміз, жалпы, сценарий жазу технологиясы қандай? – деген мың сан сауал ойландырады. Шын мәнінде, шебер журналист боламын деген жастың құпиясы мол, ағыны қатты, иірімі терең, қатпарлы да қалың дүние жайлы сәттілік ойлардың құрсауынан өмір бойы босап шыға алмасы анық. Ол, кімді болсын, өзінің қайнарлы, терең иіріміне үздіксіз тарта береді. Бүгінгі таңда қай слада болмасын бағалауды қажет ететін жайлар жеткілікті. Дегенмен, әдебиетті және өнерді деректендіру сыры неде? Біріншіден, өскелең уақытқа орай көрермен де өзгереді. Олар ақпараттар тасқынының молдығынан білім мен мәдениеттің шырқау биігіне көтеріліп, көп мәселелерде өздері байлам, қорытынды жасайды.
1. Тұрсынов Құдайберген. – Алматы: Қазақ университеті, 1998. 17 б.
2. Цвик.В.Л. Журналист с микрофоном. – М., 2002.
3. Цвик. В.Л. Телевизиенная журналистика.
4. Вестник МГУ. Телевизиенная журналистика.
5. Әбдіжәділқызы Жидегүл. Тікелей эфир табиғаты. - Алматы: Қазақ университеті, 2003. 109 б.
6. Барманқұлов М. Телевидение: деньги или власть? – Алматы. Санат 1997.
7. Әбдірұлы Е. Адамгершілік әлі өлмеген екен // Жас қазақ. – 2008. 22 ақпан.
8. Сағдолдина.М. Жабыққан жандарды аялаған ару // Игілік.№1,2008. 21 б.

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

І. Кіріспе
Курс жұмысын жазудағы мақсатым.
ІІ. Негізгі бөлім
а) Талант пен биліктің астасқан тұсындағы автор әлемі.
б)Авторлық бағдарламалардың шынайы табиғаты. (авторлық
бағдарламаларға талдау)
ІІІ. Қорытынды

КУРС ЖҰМЫСЫН ЖАЗУДАҒЫ МАҚСАТЫМ

“Журналистика әлемі – алып мұхит” – деп Құдайберген Тұрсын ағамыз
айтқан екен. Осы сөздің мағынасын тереңнен іздесек көз алдымызға арпалыс
пен айқасқа толы, буырқана булығып, шарпысып жатқан әлем елестейді.
Журналистика әлемі күн сайын сені өзінің түпсіз тұңғиық құпиясына еріксіз
тарта береді. Ал, сол әлемнің шыңырауына түсіп кетпеу үшін де даралық пен
қабілет, пайым, парасат пен байқампаздық керек. Ізденімпаз жанға нәтиже –
мол білім, тынымсыз еңбек, өз ісіне деген сүйіспеншіліктің арқасында ғана
келеді. Ізденіс пен азапты арпалысты өз өмірінің кредосы етіп алған
журналист қауымының қалам тербемейтін, араласпайтын саласы жоқ. Бәрінде де
іс-әрекеттерді өз жан дүниесімен сезіне өз билігінен баға беріп, ой-тұжырым
жасайды. Міне, менің осы салаға бет бұрып, ізденіп курс жұмысын жазуға
себеп болған осы құбылыстар.
Теледидарға өзіндік бет тауып, соны соқпақ салып, мәнерлі үн мен сөйлеу
тілін қалыптастыру таланттардың ғана ақыл-ойынан суырылып барып өмірге
келетіні анық. Өмірде қадамын жаңа жаңа бастаған жас журналистерді
тақырыпты қайдан аламыз, материалды қалай жинаймыз, кейіпкерлермен қалай
әңгімелесеміз, сюжет және композицияны қалай құру керек, қалай жазуымыз
керек және жазылғандарды қалай өңдейміз, жалпы, сценарий жазу технологиясы
қандай? – деген мың сан сауал ойландырады. Шын мәнінде, шебер журналист
боламын деген жастың құпиясы мол, ағыны қатты, иірімі терең, қатпарлы да
қалың дүние жайлы сәттілік ойлардың құрсауынан өмір бойы босап шыға алмасы
анық. Ол, кімді болсын, өзінің қайнарлы, терең иіріміне үздіксіз тарта
береді. Бүгінгі таңда қай слада болмасын бағалауды қажет ететін жайлар
жеткілікті. Дегенмен, әдебиетті және өнерді деректендіру сыры неде?
Біріншіден, өскелең уақытқа орай көрермен де өзгереді. Олар ақпараттар
тасқынының молдығынан білім мен мәдениеттің шырқау биігіне көтеріліп, көп
мәселелерде өздері байлам, қорытынды жасайды. Оларға теледидар, радио және
газет ақыл-ойға нәр беретін дерек, факті және ақпараттарды үздіксіз беруде.
Осы себептерге сүйене отырып, публицист және аудармашы Л.Гинзбург өз ойын
құбылысты “шындыққа жалпы жақындау” деп қорытты. Екіншіден, елуінші
жылдарджың екінші жартысында өмірімізге кіріккен ғылыми-техникалық
революция – фото, кино, радио, теледидар және видео саласында кереметтей
таңдай қаққызарлық жаңалықтар жол ашты. Адамзат баласының дамығандығы
соншалық, бүгінде жаңалықтарды игерудің мамандарға да мүмкін болмай
отырғандығы. Ақпарат әлемі шетсіз-шексіз мұхит іспеттес. Онда жағалаулар
байқалмайды. Оған себеп, саған бүгінгі күнің ертең аласа көрініп, басқа бір
ойлар үстемдік алады. Өйткені ақпараттар тасқынының ғарыштық жылдамдықпен
құйылуында.
Теледидар әлеміндегі өмірдің құрама көріністерінен көрермен сыр
түйіндеп, көңіл-күйі өріліп жатады. Осындай шақта кейіпкер жан дүниесімен
бірге қуанып, қиналысқа қатар түседі. Жан сезімі әдеттегі өзіне бағынышты
әдетінен арылып, бас билігінен ажырай бастайды. Сиқырлы “қорапшаның”
кереметтілігі әлі де болса адамзат баласына ашпаған сырларында. Көз алдында
дөңгелеген төрткүл дүние. Қарайсың да тойынбайсың, ынтығасың, ықыласың
ауып, қосыла ересің. Ол күн сайын ой-санаңа сілкініс әкеледі. Көңіл-күйіңді
астаң-кестең дауылды күйге келтіріп, “тұтқындап” жібермейді. Сиқырлы
әлемнің құдірет күші жіпсіз матап қойғандай. Күйбең қам-қаракеттен құтылып,
тәтті қиялға шомып, мамыражай тіршілік әлеміне енесің. Қиял дүниесінде
балаша мәз болып, әлемді ойша шоласың! Экраннан өтіп жатқан өмір
көріністеріне ынтыға ден қоясың, осындайда оның аяқталмауын, әсемдік пен
әдемілік әлеміне ене бергің келетініңді қайтерсің! Экран алдындағы бақытты
сәттеріңнің түгесілмес шақтарына ауысасың!
Өзінің бар қабілет-қарымын, күш-қуатын жұмсайтын редактор өмірдегі сан
алуан құбылыстарды жинақтап, оны көрерменнің жан-жүрегін жаулап алатындай
сиқырлы өнер әлеміне айналдырады. Онсыз көрерменді ойландыру, толғандыру,
үлкен тебіреніске келтіру мүмкін де емес. Өйткені, өмір дегеніңіз – үнемі
дамуда, өзгеруде, жаңаруда. Ал осы бір құпиялы әрекеттердің бастау
бұлағында – ой, сана, түйсік тұрады. Адамның ең басты қабілеті – ой,
ойлану. Барлық әрекет-істердің, шешім-ұйғарымдардың басы – бастауы да осы
ойдан, ойланудан туады. Ойлану –адамның ең жоғарғы табиғи қасиеті, мидың
атқаратын қызметі. Генетиктер адамның барлық қасиет- сипаттарының сексен
пайызы өзімен бірге туып, туа пайда болады, - дейді. Шын мәнінде, теледидар
хабарларының өн бойындағы ең құнды қасиеті – оның идеялық-әлеуметтік мән-
мағынасында, салмағында жатыр.
Бізде көп хабарлардың кейіпкерлері шұқшия ойлану, білім, дүние танымын
кеңейту үстінде көріне бермейді. Әрекет-қимыл, іс деген әуелі ойланудан
басталмай ма? Ойлану, ой туғызу – жаңадан жинаған білімді өткен өмір
тәжірбиесінің отымен, қызуымен қорыту. Ой қандай көрнекті болса, сөз де
сондай болатыны айқындалған, дәлелденген шындық. Ойы тереңнің сезімі
телегей, сезімі тереңнің ойы телегей! Бір басына парасат пен пайым қатар
қонақтаған, өз заманының ірі тұлғаларының бірі марқұм Сағат Әшімбаев атамыз
да сиқырлы сөз өнеріне терең мән берген. Өзі жүргізген хабарларының
астарында сөз бен ойдың жымдасуы, көз іліспен шапшаңдықпен алдыңнан жамырай
қоздап, өз тылсымына еріксіз тарта жөнеледі екен.

Талант пен биліктің астасқан тұсындағы автор әлемі

“Дүбірлі дүниеде сөзден мәңгілік, сөз мәнісінен құдіреттті еш нәрсе
жоқ. Бәрі де сөзден басталып, барлығы да сөзбен аяқталады. Сөз ғана ғасырға
жетеді. Жарым сөзге жарты әлемнің тағдыры сиып кетеді. Сөзден от шығып,
сөзге оқ та тоқтайды. Адамзаттың тағдыры да сөзбен сомдалып, адамзаттың
тағылымы да сөзінен байқалады. Асыл мен масылдың айырмасы да, жақсы мен
жасықтың айырмасы да бір ауыз сөзінен танылады. Сөзінің дәмі жоқтың ойының
нәрі де жоқ. Сөзі олақтың – ойы шолақ. Сөздің нарқын білу - өмірдің парқын
пайымдауға жетелейді. Сөзі тереңнің – ойы телегей” , - деп сөз жайында
Сағат ағамыз айтқан екен. Автор бағамында, сөз бен ойдың астарында бірге
байланысқан көзге көп шалына бермейтін құпия, мол әлемнің жатқаны ақиқат
анық. Сағат өзі жүргізген “Парыз бен қарыз” хабарында сөз мәйегін сыршыл
дүниеге кіріктіре отырып, сөз құдіретімен экранда керемет көркем келісті
бейнелер жасаған.
Теледидардағы редакторларға тән ортақ кемшілік – уақыт өзегіне сай ортақ
жайлардың алтын қазығын таба алмай, өз замандастарының жан дүниесінің терең
түкпіріндегі сәулелі сезімдеріне ене де, ере де білмеушіліктері.
Қарымды телепублицист Сағат Әшімбаев жүргізген “Парыз бен қарыз”
хабарының теледидар тарихында орны ерекше. Қоғамдық сананың қалыптасып,
ұйқыдағы ойдың оянуына, ұлттық сана-сезімнің сілкініске келуінде
ағартушылық-философиялық мәндегі бұл хабардың көтерген жүгі салмақты еді.
Хабарға халқымыздың зиялы қауымы қатысып, елдің бүгіні мен болашағы жайында
өзекті мәселелерді көтере, осы бағытта атқарылатын істерге ой тоқтатты.
Студиядағы қонақтардың бәрінің де ой-пікірінде елдің бүгіні мен ертеңі
жайлы толғамды ойлар қанаттаса өрбіді. Талант пен биліктің астасқан тұсында
автор әлемі өзгелермен біріге өріліп, сөз құдіреті санаға сілкініс әкеледі.
Автор жарыса жамыраған ойлар тізбегінің өн бойынан ең қажеттісі мен
керектісін іріктей отырып, оны бірнеше суреткердің таным дүниесіне ендіре,
олардың ақыл көрігінде суарып, көрерменге жұп-жұмыр сырлы дүние ұсынды.
Автор – редактордың ойы сценарийді жазу барысында сезімтал, сергек
болуы керек. Өмірде, ғылымда, әлеуметтік ортада туған жаңа ұғымдарды,
құбылыстарды редактор дереу сезімталдықпен көріп, түсініп, ұғынып, қас-
қағымда ойға сіңіріп, ой көрігінде қорытып, көрермендеріне ұсынуы шарт.
Қазіргі ғылым мен техниканың ғаламат қарқынмен дамып, жаңара жаңарып жатқан
кезінде редактор жаңаны дер кезінде сезіп, қабылдай алмаса, ол өмір
ағымынан кенже қалады. Зымыран заманда іргелі ғылымдардың өзіндегі тұжырым
қағидалар 10-15 жылда өзгеріп, жаңарып отырады екен. Соған ілесе білу үшін
сезімтал да сергек, тегеурінді де терең ой қажет.
Дүниені танып білу ақыл зерделілігімен астаса келіп тапқырлыққа
ұласады. Тапқырлық өз кезегінде бақылаудың бойға біткен қуаттылығымен іштей
байланысып жатқан түпсіз тұңғиық, сыршыл әлем. Теледидар журналистеріне
бақылау қабілетінің өзін қоршаған сыртқы және ішкі дүниені танып білу
кзеңінде көмегі орасан. Белгілі бір нысанды үздіксіз бақылау нәтижесінде
олардың өзіне тән қасиет белгілері өз құпиясын біртіндеп аша түседі.
Бойында ақпарат тасқыны өте мол адам одан өз мақсатына керектісін ғана
іріктеп алып, соны ерекше зерттейді. Бақылау да адамның қабылдау, түйсіну,
сезіну, қорыту қабілетіне қарай ұзақ не тез процестерден өтеді.
Сценарийді жазу кезінде бақылаушының алдына қойған мақсатының
айқындығы мен анықтығы бірінші кезекте тұруға тиісті. Жүйесіз қойылған
мақсат сені нақтылы, дәл нысанаға алып келмейді. Болашақтағы ісіңнің бастау
бұлағының да осы жерден басталатынын дәл байқап, анық басып, жете сезінсең
ғана жоспарлы ісіңнің оң нәтижеге жететініне күмәнің болмауға тиісті.
Іс барысында нақтылы жоспардың орны бөлек. Ақыл-ойдың безбеніне салып
нақтыланған, ойластырылған, жүйеленген жұмыс қана жоспарлы әрекеттің
нәтижесінде жүзеге асады. Бұл үшін де бақылаушы өз объектісіне кім, не,
қандай, не үшін деген сұрақ қойылатынын, оған жауап іздейтіндігін білуге
тиісті. Ойластырылған, жүйеленген жоспардың ісіңді сәттілкпен бастап,
ойлылықпен аяқтауыңа тигізер септігі де мол.

Авторлық бағдарламалардың шынайы табиғаты.

Қазіргі уақытта телеарналарда авторлық бағдарламалардың саны жетерлік.
Мұндай авторлық бағдарламалардың біреуі халыққа пайдалы ақпарат берсе, енді
біреулері керісінше бағытта жүреді. Қазіргі авторлық бағдарламалар Саны
көп, сапасы жоқ дегенге саяды. Өйткені, бағдарламаның авторы, яғни
жүргізушісі халыққа өз ойын емес, тұла бойының сұлулығын ұсынғандай күй
кештіреді. Көпшіліктің көзіне түсіп, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интернет журналистиканың жанрлары
ЖАҢА КЕЗЕҢДЕГІ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ СИПАТЫНЫҢ ЖУРНАЛИСТИКАДАҒЫ КӨРІНІСІ
Егемендік жылдардағы діни басылымдар ерекшелігі
Қазақ телеарналарының өсу - қалыптасу жолдары
Қазақстанның беделді ақпарат агенттіктері
Сарыарқа самалы
ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ДІНИ БАСЫЛЫМДАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Телебағдарламадағы журналистің позициясы
Қазақ журналистикасындағы зерттеудің пайда болуы және қалыптасуы
Телешығармашылық сырлары
Пәндер