Тарихи романның ұлт тәуелсіздігі үшін күрес жолындағы рөлі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6

Бірінші тарау
1.1. Есенберлин шығармалары және оның тарихи сананы жаңғыртудағы
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.2. І. Есенберлин шығармаларынның тарихпен байланысы ... ... ... ... ... ... ... 10
1.3. I.Есенберлиннің шығармаларына тән жаңашылдық ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
1.4. І.Есенберлиннің тарихи шығармаларының өзіндік ерекшелігі мен ұлттық рухани құбылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19

Екінші тарау
2.1. І.Есенберлиннің тарихи романдары және ұлт тәуелсіздігі үшін күрес шежіресі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

Үшінші тарау
3.1.Тарихи роман табиғаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...54
3.2.Тарихи шығармалардың жанрлық сипаты және көркемдік ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...57

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..66

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 69
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ғылыми зерттеуде қазақ әдебиетіндегі тарихи романдардың ұлт тәуелсіздігі үшін күрес жолындағы рөлі мен тарихи тұлғалардың образы сомдалуындағы әдіс-тәсілдер мен көркемдік элементтер жүйесі сараланады. Тарихи шындық пен көркемдік шындық сәйкестігі, тарихи тұлғаның тағылымы мен тәрбиелік ықпалы жан-жақты талданып, жүйелі бағаланады.
Бес ғасырлық халық тарихына әр қырынан келіп, тарихи тұлғаларды сомдауда соны серпіліс танытқан I.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы, Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы, Қ.Жұмаділовтің «Соңғы көш» романдары тарихи прозадағы ізденістің нышаны. Алайда I.Есенберлин, Ә.Кекілбаев, С.Сматаев, М.Махауин, Қ.Жұмаділов, т.б. тарихи туындыларына жаңа уақыт биігінен қарап, жазушылардың коммунистік идеология қысым-қиянатына қарамастан Абылай хан тұлғасын тарихи болмысқа жақындата сомдаудағы ізденіс қырларын, шеберлік шешімдерін саралау, тарихи бейне жасаудағы тарихи деректер мен халық ауыз әдебиеті мұраларын пайдалану тәсілін айқындап көрсету көзделінді. Абылай дәуірінің тарихи прозамызда қалай сипатталғандығы, тарихи кейіпкерге деген қаламгер ұстанымы, көркемдік ізденіс, кейіпкер сомдаудағы шығармашылық тәсілдер жүйелі талданып, салыстырыла бастады. Даңқты қайраткер, көреген саясатшы, талантты қолбасшы Абылай ханның елдің елдігін нығайтудағы, қазақ ордасының тәуелсіздігі жолындағы каһармандық күресі, жорықтары мен саяси істері жайлы тарихи деректер де аз емес, фольклор да мол. XVIII ғасырдағы Бұқар, Үмбетей, Тәтіқара т.б. ақын-жыраулардың толғау, жырларында, тарихи жырлар мен аңыз әңгімелерде Абылай бейнесі және ол өмір сүрген дәуірдің елеулі кезеңдері сипатталды. Алайда, Абылай хан бейнесінің әдебиеттегі көркемдік қырлары мен бейнелеу тәсілдері арнайы өз алдына саралап, талдауды қажет етеді. Тақырыптың өзектілігі осы мақсаттан туындайды. Қазақ әдебиетіндегі тарихи тұлға проблемасы - бүгінгі үрдістегі маңызды да көкейтесті көркемдік этикалық мәселе. Тарихта, тарихи құжаттар, деректерде, фольклорлық мұраларда Абылай қайраткерлігінің бағалануына сәйкес тарихи шығармалардағы Абылай тұлғасының көркемдік шындыққа сомдалу сипатын саралап, анықтау басты - бағыт бағдарымыз.
Жалпы, І.Есенберлин, Ә.Кекілбаев, Қ.Жұмаділов шығармаларындағы тарихи дәуір шындығы, тарихи тұлға бейнесін сомдау тәуелсіздік рухы идеясын пайдалану авторлық бағыт-бағдарлар зерттеудің өзектілігін құрайды. Тәуелсіз Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақ тарихында қазақ ұялатын ештеңе жоқ» деп айтқаны халқымыздың абыройын асқақтатып тұр. Иә, ұлттық тарихымыз ұлттық мақтанышты күшейтудің, отаншылдықты арттырудың қуатты тетігі. Ал отаншылдық сезім - ұлы істердің бастауы. [1.]
1. Назарбаев Н. Тарих толқынында. Астана. 2009.
2. Алпысбаев Қ.Қазақ әдебиетіндегі тарихи шығарма: танымдық және көркемдік.-Алматы,2008
3. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы: Санат, 1994. – 312 б.
4. Қыраубаева А. Қазақ әдебиетінің шығыстық қисса-дастандардың түп-төркіні мен қалыптасуы. – Алматы, 1997. –271 б.
5. Ибатов А. Құтбтың «Хұсрау уа Шырын» поэмасының сөздігі. – Алматы, 1974. –37 б.
6. Есенберлин І. Алтын орда. Алматы. Көшпенділер баспасы. 1999.
7. Әуезов М. Әр жылдар ойлары., А. Қазкөрмембаспа.1959.
8. Есенберлин І.. Көшпенділер. Алматы. Жазушы баспасы. 1973. -908 б.
9. Алпысбаев Қ. Тарлант талан тағылымы. Жұлдыз. № 10. 163 б.
10. Дүйсембаев Ы. Ұлы дала ұлағаттары. Алматы. Санат. 2001.
11. Бердібай Р. Жұлдыздар жарығы. А. Білім. 2000.
12. Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. А. Ғылым. 2007.
13. Бердібай. Есенберлин ерлігі. Егемен Қазақстан. 2002. 10 шілде.
14. Мәдібаева Қ. Бұхар жырау. Кітапта: Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Алматы. Қазақ университеті. 2001.
15. Дәдебаев Ж. Өмір шындығы және көркемдік шешім. А. Ғылым.1999.
16. Төреқұлов Н. Нақыл сөздердің тәрбиелік мәні. Алматы. Мектеп. 1971.
17. Нұрғали Р. Телағыс. Алматы. Жазушы. 1986. -440 б.
18. Кенжебаев Б. Шындық және шеберлік. Алматы. Жазушы. 1966.
19. Жұртбаев Т. Тар жолды таңдаған тарлан. Қазақ әдебиеті газеті. 1990 ж. 10 тамыз.
20. Сыдықов Т. Қазақ тарихи романы. Алматы. Жазушы. 1996.
21. Есенберлин І. Жанталас. Алматы. Жазушы. 1973. -320 б.
22. Әбдезұлы Қ. Тарихи тұлғалар және қазақ әдебиеті. Алматы. Жазушы. 2000. -244б
23. Бердібай Р. Бес томдық шығармалар жинағы. Алматы. Қазығұрт. 2005.
24. Қазақ ССР тарихы. Алматы. Қазақстан. 1981.
25. Әдебиеттану. Терминдер сөздігі. Құрастырғандар: З.Ахметов. Т.Шаңбаев. алматы. Ана тілі. 1998. -384 б.
26. Есенберлин І. Қаһар. Алматы. Көшпенділер. 2003.
27. Жұмабаев М. Таңдамалы. Алматы: «Ғылым», 1992. -272 б.
28. Елеукенов Ш. Есенберлиннің мәңгілік өмірі. Алматы. 2005. Жұлдыз журналы. № 5.
29. Ахмет Байтұрсынов. Ақ жол. - Алматы: Жалын, 1991.
30. Майтанов Б. Автор в посвествовательной системе казахского романа.Алматы: Қазақ университеті, 2003.-54б
31. Ысқақұлы Д. Сынталқы. А., «Сөздік –Словарь», 2005. -416 б.
32. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. -Алматы: Мектеп, 1969.-231-б.
33. Әлімқұлов Т. -Кітапта: Жұмаділов Қ. 12-томдық шығармалар жинағы. Алматы: Қазығұрт,2005. 10-том. -641-б.
34. Сыдықов Т. Өңінде тұлпар мінгендер. –Алматы: Қазығұрт, 2004.-212б.
35.Болатханұлы Д. Қ.Жұмаділовтің «Дарабоз» дилогиясы (жанр және поэтика). Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. – Алматы: Түркістан қаласы, 2007.-111б.,115б.
36.Соболенко В.Н. Жанр романа-эпопеи: Опыт сравнительного анализа «Войны и мира» Л.Толстого и «Тихого Дона» М.Шолохова. – Москва: Художественная литература, 1986.- 7с.
37.Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау.- Алматы: Санат, 1996. -4б.
38. Махауин М. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. Алматы. Ана тілі. 1992.
39. Әбдіғазиев Б. Асыл арна. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 128 б.
40. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы. – Алматы: Санат, 1997. – 336 б.
41. Нұрғалиев Р. Арқау. – Алматы: Жазушы, 1991. – 576 б.
42. Сыдықов Т. Қазақ тарихи романы (Жанрлық спецификасы. Типология. Стиль. Ұлттық кейіпкер. Тарихилық сипаты. Поэтика). Филология ғылымдарының докторы . . . диссертация. – Алматы, 1997. – 290 б.
43. Хамзин М. Қазіргі қазақ романы. – Қарағанды: ҚарМУ, 2001. – 205 б.
44.Рахымжанов Т. Романның көркемдік әлемі. – Алматы: Рауан, 1997. –223 б.
45. Тарақов Ә. Қазақ әдебиетіндегі тарихи тұлға проблемасы. (Абылай хан бейнесінің көркемдік тағылымы). Алматы: Қазақ университеті, 2004, – 341 б.
46. Кекілбаев Ә. 2 томдық таңдамалы шығармалары.– Алматы: Жазушы, 1989. Т.1. – 400 б.
47.Есенберлин І. Он томдық шығармалар жинағы. І том. – Алматы: Жазушы, 1984.- 400

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:   
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Саменова М.

Тарихи романның ұлт тәуелсіздігі үшін күрес жолындағы рөлі

д и п л о м Д Ы Қ Ж Ұ М Ы С

Мамандығы: 5В011700-қазақ тілі мен әдебиеті

Шымкент 2014

Ф 7.02-23 Дипломдық жұмыстың титул бетінің рәсімделуі
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты
(жоғары оқу орнының атауы)
Шығармашылық және жаңа технологиялар _________________ ғылыми мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті___________________________ ______ _ мамандығы
Қазақ және әлем әдебиеті __________________________________ кафедрасы

Диплом жобасын (жұмысын) орындауға берілетін

ТАПСЫРМА
Студент___ Саменова М. __ 117-10 тобы __________________________
(аты-жөні)
Жобаның (жұмыстың) тақырыбы___Тарихи романның ұлт тәуелсіздігі үшін
күрес жолындағы рөлі_______________________________ _______________
Жоғары оқу орны бойынша ___ . 201.____ № ____ бұйрықпен бекітілген.
Аяқталған жобаны (жұмысты) тапсыру мерзімі “_10_” ____05____ 2014__ж.
Жобаның (жұмыстың) негізгі деректері:
Қазақ әдебиеттану ғылымының аса күрделі саласының бірі тарихи
тақырыпқа арналған шығармаларды, соның ішінде тарихи романдардың ұлт
тәуелсіздігін орнатудағы тарихи ролі ерекше, яғни осы саланы зерттеудің
маңызы ерекше.
Диплом жобасын әзірлеуге қажетті сұрақтары немесе диплом жұмысының қысқаша
мазмұны:
А) Тарихи романдар бойынша керекті дерек көздерін жинау, сұрыптау, бір ізге
түсіру.
Б) Азаттық идея, ұлт бостандығы жайында жазылған зерттеу еңбектерін
жинақтау, сараптаулар жүргізу, жаңа көзқарас тұрғысындағы ізденістері
жайында жазылған еңбектерді арнайы жинақтау.
В) Ғылыми-зерттеу жұмысының жоспарын құру, қажетті әдебиеттер тізімін
жасау. Кіріспе, негізгі бөлім, қорытындыда айтылатын, зерттелетін
мәселелерді бір ізге түсіру.

Графикалық материалдардың тізімі (міндетті сызбалардың дәл көрсетілуімен)
___________________________________ ___________________________________ ______
_
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:
1. Алпысбаев Қ. Қазақ әдебиетіндегі тарихи шығарма: танымдық және
көркемдік.-Алматы,2008.
2. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы: Санат, 1994. – 312 б.
3.Есенберлин І. Жанталас. Алматы. Жазушы. 1973. -320 б.
4. Есенберлин І. Алтын орда. Алматы. Көшпенділер баспасы. 1999.
5. Әуезов М. Әр жылдар ойлары., А. Қазкөрмембаспа.1959.
6. Есенберлин І.. Көшпенділер. Алматы. Жазушы баспасы. 1973. -908 б.
7. Алпысбаев Қ. Тарлант талан тағылымы. Жұлдыз. № 10. 163 б.
8. Дүйсембаев Ы. Ұлы дала ұлағаттары. Алматы. Санат. 2001.
9. Бердібай Р. Жұлдыздар жарығы. А. Білім. 2000.
10. Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. А. Ғылым. 2007.
11. Дәдебаев Ж. Өмір шындығы және көркемдік шешім. А. Ғылым.1999.
12. Нұрғали Р. Телағыс. Алматы. Жазушы. 1986. -440 б.
13. Кенжебаев Б. Шындық және шеберлік. Алматы. Жазушы. 1966.
14. Сыдықов Т. Қазақ тарихи романы. Алматы. Жазушы. 1996.
15. Әбдезұлы Қ. Тарихи тұлғалар және қазақ әдебиеті. Алматы. Жазушы. 2000.
-244б
16. Бердібай Р. Бес томдық шығармалар жинағы. Алматы. Қазығұрт. 2005.
17. Қазақ ССР тарихы. Алматы. Қазақстан. 1981.
18. Әдебиеттану. Терминдер сөздігі. Құрастырғандар: З.Ахметов. Т.Шаңбаев.
алматы. Ана тілі. 1998. -384 б.
19. Есенберлин І. Қаһар. Алматы. Көшпенділер. 2003.

Ф 7.02-14 Диплом жұмысын (жобасын) орындауға берілетін тапсырма
Жоба (жұмыс) тараулары көрсетілген жоба (жұмыс) бойынша кеңестер

Тараулар Кеңесші Мерзімі Қолы
Кіріспе Болатханұлы Д.Қазан-қараша
Бірінші тарау. Болатханұлы Д.Қараша-желтоқс
ан
Екінші тарау Болатханұлы Д.Желтоқсан-қаңт
ар
Үшінші тарау Болатханұлы Д.Ақпан-наурыз
Қорытынды бөлім Болатханұлы Д.Сәуір-мамыр

Диплом жобасын (жұмысын) дайындау кестесі

№ Тараулардың аттары, зерттелетін мәселелердің Ғылыми Ескерту
тізімі жетекшіге
ұсыну мерзімі
1 Кіріспе Қазан-қараша
2 1.1.Есенберлин шығармалары және оның тарихи Қараша-желтоқс
сананы жаңғыртудағы ан
ролі.
1.2.І.Есенберлин шығармаларынның тарихпен
байланысы.
1.3.I.Есенберлиннің шығармаларына тән
жаңашылдық.
1.4. І.Есенберлиннің тарихи шығармаларының
өзіндік ерекшелігі мен ұлттық рухани құбылысы.
3 2.1. І.Есенберлиннің тарихи романдары және ұлтЖелтоқсан-қаңт
тәуелсіздігі үшін күрес шежіресі ар
4 3.1.Тарихи роман табиғаты. Ақпан-наурыз
3.2.Тарихи шығармалардың жанрлық сипаты және
көркемдік ерекшелігі.
5 Қорытынды бөлім Сәуір-мамыр

Тапсырма берілген күні_______2.10. 2013.______________________________

Кафедра меңгерушісі______________ _ф.ғ.к. Нұрпейісов Н.Ж.____________
(қолы)
(аты-жөні)
Жоба (жұмыс) жетекшісі _____________ _ ф.ғ.к. Болатханұлы Д. _________
(қолы)
(аты-жөні)
Тапсырманы орындауға қабылдады
Студент _____________________ Саменова М. __ 117-10 тобы______________
(қолы)
(аты-жөні)

Ф 7.02-14 Диплом жұмысын (жобасын) орындауға берілетін тапсырма

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Шығармашылық және жаңа технологиялар ғылыми мектебі

ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІ Кафедрасы

Қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі
________ ____________Нұрпейісов Н.Ж.
(қолы) (аты-жөні)
“ ___” ___________ 20___ж .

д и п л о м Д Ы Қ Ж Ұ М Ы С

Тақырыбы: Тарихи романның ұлт тәуелсіздігі үшін
күрес жолындағы рөлі

Мамандығы: қазақ тілі мен әдебиеті

Орындаған: __________________ Саменова М.__

(аты-жөні)

Ғылыми жетекшісі
ф.ғ.к., доцент _________________Болатханұлы Д.

(аты-жөні)

Шымкент 2014

Ф 7.02-23 Дипломдық жұмыстың титул бетінің рәсімделуі
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6

Бірінші тарау
1. Есенберлин шығармалары және оның тарихи сананы жаңғыртудағы
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.2. І. Есенберлин шығармаларынның тарихпен
байланысы ... ... ... ... ... ... .. ..10
1.3. I.Есенберлиннің шығармаларына тән
жаңашылдық ... ... ... ... ... ... . ... ... ..17
1.4. І.Есенберлиннің тарихи шығармаларының өзіндік ерекшелігі мен ұлттық
рухани
құбылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..19

Екінші тарау
2.1. І.Есенберлиннің тарихи романдары және ұлт тәуелсіздігі үшін күрес
шежіресі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

Үшінші тарау
3.1.Тарихи роман
табиғаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...54
3.2.Тарихи шығармалардың жанрлық сипаты және көркемдік
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..57

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .66

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..69

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ғылыми зерттеуде қазақ әдебиетіндегі
тарихи романдардың ұлт тәуелсіздігі үшін күрес жолындағы рөлі мен тарихи
тұлғалардың образы сомдалуындағы әдіс-тәсілдер мен көркемдік элементтер
жүйесі сараланады. Тарихи шындық пен көркемдік шындық сәйкестігі, тарихи
тұлғаның тағылымы мен тәрбиелік ықпалы жан-жақты талданып, жүйелі
бағаланады.
Бес ғасырлық халық тарихына әр қырынан келіп, тарихи тұлғаларды
сомдауда соны серпіліс танытқан I.Есенберлиннің Көшпенділер трилогиясы,
Ә.Кекілбаевтың Аңыздың ақыры романы, Қ.Жұмаділовтің Соңғы көш романдары
тарихи прозадағы ізденістің нышаны. Алайда I.Есенберлин, Ә.Кекілбаев,
С.Сматаев, М.Махауин, Қ.Жұмаділов, т.б. тарихи туындыларына жаңа уақыт
биігінен қарап, жазушылардың коммунистік идеология қысым-қиянатына
қарамастан Абылай хан тұлғасын тарихи болмысқа жақындата сомдаудағы ізденіс
қырларын, шеберлік шешімдерін саралау, тарихи бейне жасаудағы тарихи
деректер мен халық ауыз әдебиеті мұраларын пайдалану тәсілін айқындап
көрсету көзделінді. Абылай дәуірінің тарихи прозамызда қалай
сипатталғандығы, тарихи кейіпкерге деген қаламгер ұстанымы, көркемдік
ізденіс, кейіпкер сомдаудағы шығармашылық тәсілдер жүйелі талданып,
салыстырыла бастады. Даңқты қайраткер, көреген саясатшы, талантты қолбасшы
Абылай ханның елдің елдігін нығайтудағы, қазақ ордасының тәуелсіздігі
жолындағы каһармандық күресі, жорықтары мен саяси істері жайлы тарихи
деректер де аз емес, фольклор да мол. XVIII ғасырдағы Бұқар, Үмбетей,
Тәтіқара т.б. ақын-жыраулардың толғау, жырларында, тарихи жырлар мен аңыз
әңгімелерде Абылай бейнесі және ол өмір сүрген дәуірдің елеулі кезеңдері
сипатталды. Алайда, Абылай хан бейнесінің әдебиеттегі көркемдік қырлары мен
бейнелеу тәсілдері арнайы өз алдына саралап, талдауды қажет етеді.
Тақырыптың өзектілігі осы мақсаттан туындайды. Қазақ әдебиетіндегі тарихи
тұлға проблемасы - бүгінгі үрдістегі маңызды да көкейтесті көркемдік
этикалық мәселе. Тарихта, тарихи құжаттар, деректерде, фольклорлық
мұраларда Абылай қайраткерлігінің бағалануына сәйкес тарихи шығармалардағы
Абылай тұлғасының көркемдік шындыққа сомдалу сипатын саралап, анықтау басты
- бағыт бағдарымыз.
Жалпы, І.Есенберлин, Ә.Кекілбаев, Қ.Жұмаділов шығармаларындағы тарихи
дәуір шындығы, тарихи тұлға бейнесін сомдау тәуелсіздік рухы идеясын
пайдалану авторлық бағыт-бағдарлар зерттеудің өзектілігін құрайды. Тәуелсіз
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақ тарихында қазақ ұялатын
ештеңе жоқ деп айтқаны халқымыздың абыройын асқақтатып тұр. Иә, ұлттық
тарихымыз ұлттық мақтанышты күшейтудің, отаншылдықты арттырудың қуатты
тетігі. Ал отаншылдық сезім - ұлы істердің бастауы. [1.]

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақ әдебиеттану ғылымында Ілияс
Есенберлин, Ә.Кекілбаев, М.Махауин, Қ.Жұмаділов, т.б. секілді тарихи
тақырыпқа жазатын жазушылардың шығармашылығы жөнінде әр кезеңдерде
монографиялық зерттеулерде, газет, кітап беттерінде, әр алуан академиялық
жинақтарда жарық көрген сын мақалалар, рецензиялар, естелік-эссе және
зерттеу мақалалар бар. Қазақ әдебиеті тарихында ерекше қарқынмен дамыған
сала тарихи тақырыптағы романдар шоғыры. Атап айтқанда аталған жазушылардың
Көшпенділер трилогиясы, Аңыздың ақыры романдары, т.б. осы тақырыпта
жазылған шығармалар әдебиеттану ғылымының мол саласы. Мұның бәрі біздің
жұмысымыздың зерттелу деңгейінің жай-күйін аңғартады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Диплом жұмысының мақсаты - қазақ
жазушыларының ішіндегі көрнекті тұлғалар болып саналатын І.Есенберлин,
Ә.Кекілбаев, Қ.Жұмаділов шығармашылығын терең таныту және тарихи
романдарындағы тарихи тұлғалардың ерекшелігін анықтау. Осы мақсатқа жету
барысында мынадай міндеттерді шешу көзделді:
- Қазақ әдебиетіндегі тарихи тақырыпта жазатын жазушылардың алар
орнын анықтау;
- Жазушы еңбектерінің зерттелуі мен зерделенуін талдау;
- Кейіпкер сомдаудағы суреткердің портрет жасау ерекшелігіне,
кейіпкердің іс-әрекеті, қимыл-қозғалысы, портреттік кескіні,
психологиясының терең иірімдеріне бойлау шеберліктерін саралау;
- Жазушылардың тарихи романдарының қазақ прозасындағы алтын қорынан
алатын орнын белгілеу;
Зерттеу жұмысының дерек көздері. Бұл бағытта жазушылардың тарихи
тақырыпта жазған романдары мен жазушы туралы жазылған естеліктер
пайдаланылды. Жұмыста І.Есенберлин, Ә.Кекілбаев, Қ.Жұмаділов шығармалары,
Осы саладағы Р.Бердібаев, Р.Нұрғалиев, Б.Майтанов, т.б. ғалымдар
зерттеулері, мерзімді монографиялар беттеріндегі және ғылыми мақалалар,
диссертациялық және ғылыми еңбектер басты назарда болды.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негізі. Қазақ әдебиетші
ғалымдары мен орыс, шет ел ғылымының көрнекті өкілдерінің сын-зерттеу
еңбектеріндегі ой пікірлері, тұжырымдары құрайды. А.Байтұрсынов, М.Әуезов,
М.Қаратаев, Б.Кенжебаев, С.Әшімбаев, М.Базарбаев, Х.Сүйінішәлиев,
Ә.Байтанаев, С.Қирабаев, З.Қабдолов, Т.Кәкішев, Р.Бердібаев, З.Серікқалиев,
Р.Нұрғали, Т.Нұртазин, М.Атымов, Б.Майтанов, Қ.Алпысбаев сынды ғалымдардың
теориялық зерттеу еңбектері мен практика жүзінде талдау жасалатын сын
мақалалары мен пікірлері басшылыққа алынды.
Зерттеу әдісі. Жұмысты қарастыруда жазушы шығармаларындағы -
кейіпкерлерді, тартыс, характер, психологизм көріністерін, объективті-
аналитикалық, сипаттамалық, жүйелілік, тұжырым жасау әдістері пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Диплом жұмысының соны сараптамалары
мен тың ізденістері, жаңа пайымдаулары мына нәтижелерден байқалады:
- Қ.Жұмаділов, Ә.Кекілбаев, І.Есенберлиннің тарихи тақырыптағы
прозалық шығармалары мен жасаған тарихи тұлғалары жинақталынып, жүйеленіп,
тұтастай жаңа зерттеу нысанына айналады;
кеңестік кезендегі тарихи романдардағы тарихи тұлға сомдаудағы жазушылардың
қолданған әдіс-тәсілдері сараланып, көркемдік шешімдері, шығармашылық
ізденістері, бұл шығармалардағы тәуелсіздік идеясы бағаланады;
авторлардың тарихи тақырыпты және материалдарды, фольклорды меңгеру
мүмкіндігі, қайшылықты тарихта хандар тұлғасын бейнелеудегі тарихи шындық
пен көркемдік шындық бірлігінің сақталу ерекшелігі айқындалады;
- қазіргі қазақ тарихи романына тән көркемдік-идеялық құндылықтар,
тарихи тақырыпқа жаңаша бетбұрыс, тарихи құжатнама, фольклор мұраларын
шығарма композициясына шеберлікпен пайдалану тәсілдері, тарихи романдардың
коркемдік құрылымдық жетістігі дейекті түрде сарапталады;
Образдардың тұлғасының көркемдік тағылымы, кейіпкерді мінездеу мен
сипаттаудағы тарихи деректер мен фольклорды меңгеру үрдісі, тарихи құжаттың
көркем шындықпен сәйкестігіне талдау жасалады.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні. Жұмыстың нәтижелері мен
тұжырымдарын орта және жоғары оқу орындарында бағдарламалық талапқа сай аты
аталған жазушылардың шығармашылығын оқыту барысында, сонымен қатар оқу
құралдарын жазуда және арнаулы семинарлар жүргізуде, қазақ әдебиетінің
тарихы мен теориясын зерттеу бағытында пайдалануға болады.
Жұмыстың кұрылымы. Диплом жұмысы дәстүрлі кіріспеден, өзара тығыз
байланыстағы үш тараудан, ол тараулар ішіндегі бірнеше тараушадан,
қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарау

1.1. Есенберлин шығармалары және оның тарихи сананы жаңғыртудағы ролі
Жеке тұлғаны туған халқының ауыз әдебиеті үлгілері, тарихи шығармалар
арқылы патриоттық рухта тәрбиелесек, олардың жан дүниесін жадыратып,
келешекте елін, жерін қорғайтын, бойында ұлттық және азаматтық намысы бар
азамат тәрбиелеп шығарамыз. Халқымыздың тарихы, ауыз әдебиеті мен тарихи
шығармалардың тәрбиелік маңызы зор. Жастай берген тәрбие – жас шыбықты
игендей деп біз балаларды өз халқының алтын қорынан нәр алып, сусындауға
дағдыландыруымыз керек.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ
әдебиетінің тарихында бүгінге дейін ең көп роман, соның ішінде бірнеше
тарихи романдар жазған жазушы І.Есенберлиннің қаламынан туған Айқас,
Ғашықтар, Қатерлі өткел, Алтын құс, Маңғыстау майданы, Алтын аттар
оянады, Көлеңкеңмен қорғай жүр, Алыстағы арпалыс, Аққу құстар
қуанышы, Махаббат мейрамы, т.б. романдары тың тақырыпта жазылып, қазақ
әдебиетінде оған дейін мүлде көтерілмеген мәселелерді қозғаған, соны серпін
әкелген, оқырман сүйіспеншілігіне бөленген туындылар еді.
Ол — қазақ әдебиетінде алғашқы болып тарихи зерде тамырына қан
жүгіртіп, тұншыққан сананы қапастан шығаруға жол салған, ұлт рухын
тірілткен, азаттық әлеміне ұмтылған жазушы ретінде қазақ әдебиетінің
тарихында оқшау орны бар тұлға. Ілияс Есенберлиннің алты кітаптан тұратын
тарихи эпопеясы сөз өнерінің әлемдік нұсқасына қосылған тарихты көркемдік
пайымдаудың үздік үлгілерінің бірі болып қала бермек. Тарихи тақырып арқылы
бүгінгі күнге, қазіргі дәуірге қатысты идеялар айтылатынын естен шығаруға
болмайды.
Тарихи шығарма сол өткен заманның әлеуметтік-эстетикалық
реконструкциясы ғана емес, онда бүгінгі уақыттың да философиялық
концепциясы жатады. Тарихи шығармалардың өмір танытқыштық мәнін айтқан
кезде, онда бүгінгі рухани тіршілігімізге қатысты көп мәселелер
қамтылатынын ескеру керек. І.Есенберлиннің Көшпенділер, Алтын Орда
романдарын өткенді айта отырып оны қазіргі өмір құбылыстарына байланыстыра
білу – көркем шығарманың эстетикалық актуальдығын арттыратын көркемдік
фактор екенін дәлелдейтін, уақыт рухы көрінетін, жаңа концепция әкелген
шығармалар деуге болады.
Әдебиет – уақыттың, заманның, белгілі бір кезеңнің көркемдік сипаты.
Эстетикалық түрде адамның ішкі жан дүниесіне, табиғатына әсер ететін, сол
дәуірдің болмысын көркемдеп жеткізетін осы әдебиет. Әдебиеттің түрлі-түрлі
бөліністері бар. Соның ішіндегі деректі әдебиет – нақты жайттар мен белгілі
адамдар, болған оқиғалар мен өмірде шындығы басым дүниелер төңірегінде
жазылатын шығармалар. Яғни, деректі шығармада өмір шындығы көрінуі тиіс.
Себебі, онда нақтылық басым. Әдебиеттегі деректілік тарихтың алдына шығып
кетіп отырды. Деректі проза, деректі шығармашылық қатты дамып, тарихи
оқиғалар мен тарихи тұлғаларды жазуда қаламгерлер тарих зерттеушілерінің
алдын орап кеткен тұстар да аз болмады. Оның себебі – интеллектуалды
оқырманның деректі шығармаларды көбірек оқитындығында. Өйткені, онда өмір
шындығы бар. Тарихи тұлғалардың өмірі туралы жазылған шығармалар оқырманды
қызықтырады. Жазушылар мен қоғам қайраткерлерінің, танымал адамдардың
күнделіктері де жеке адамның ішкі жан дүниесін, адам ретіндегі болмысын
нақты ашып көрсететін деректі дүние болып табылады. Сондықтан да, әсіресе,
есейген оқырман деректі шығармаларға жүгінеді.
Ал әдебиеттегі көркемдік деген не? Әдебиеттің көркемдігі дегеніміз –
өмір шындығын көркемдік шындыққа айналдыра білу. Яғни, өмірдің көркемдік
сипатын жасау. Жазушы жасап отырған өмірдің көркемдік шындығына біз
сенуіміз керек. Яғни, жазушы сендіре білуі тиіс. Егер жазушы тек қана
өмірдің өзі көрген шындығын жазып, баяндайтын болса, ол қарапайымдылыққа
әкеп соғады да, оқырманды аса қызықтыра қоймайды. Көркем шығармада адамның
ішкі жан дүниесін ашып, көркем образ етіп, типтік тұлға жасайтын болса, бұл
шығармадағы көркемдіктің шегіне жеткен жоғары дәрежесі болып саналады.
Көркем әдебиетте өмірді сол күйінде көрсетпей, өмірдегі деректі көркемдік
шындыққа айналдырады. Сол арқылы өмірді басқаша танимыз.
Бізде өткен ғасырдың 70-жылдарындағы тарихи шығармалардың жазылуы
өзінше бір белес болды. Мәселен, І.Есенберлиннің тарихи шығармалары
көркемдік пен деректіліктің астасуы негізінен туды. Яғни тарихи дерек пен
жазушы қиялының бірлігінен барып оқырманды қызықтыратын керемет дүниелер
туды. Жазушы аңызды да пайдаланды, деректі қиялы арқылы дамыта келе сол
тарихи кезеңнің шындығын ашуға мүмкіндік туғызды. Осы секілді көптеген
шығармаларды мысалға келтіруге болады. Көркемдік тұрғыдан келгенде сан мың
оқырман қызыққан Ә.Нұршайықовтың Махаббат, қызық мол жылдарын айтуға
болады. Онда жазушының сол заманның көркемдік шындығын ашуы, сол дәуір
жастарының болмысын бедерлеуі өзгеше суреттелген. Шағын ғана детальдар
жазушы қиялы арқылы дамып, сол кездегі жастардың сезімін, олардың өмірге
деген құштарлығын көркем образдар арқылы танып-білдік.
1.2. І. Есенберлин шығармаларынның тарихпен байланысы.
Қазақ әдебиетінің қазіргі кезеңінде байқалатын ұнамды үрдістерінің
бірі — көне дәуір оқиғалары мен тарихи адамдар өмірінің көркемдік ақиқатын
айтуға ұмтылу. Сан жағынан алғанда тарихи тақырыпты туындылар жүздің бірі
дерліктей санаулы ғана. Бірақ біз бұл арада санды емес, көркемдік
тәжірибедегі белгілі бір бетбұрысты айтып отырмыз, Мұның өзі кездейсоқ
құбылыс емес, қоғамдық өмірдің даму қажеттерімен, өскелең мәдени, рухани
талаптармен тығыз байланысты нәрсе.
Халықтың парасат, кәмелеті артқан сайын қазіргі халін де, өткендегі
тарихын да, тереңірек, толығырақ білуге ден қоятыны мәлім. Соңғы жылдарда
қоғамдық ғылым саласында қол жеткен жаңалықтар осы заңдылықтың айғағы
секілді. Солардың кейбіреуін тізіп, санап өтсек те, бұл салада көрнекті
табыстар бар екенін түсінеміз. Қазақстан археологтары бұдан жүздеген жыл
бұрын түрлі себептен қираған, үйіндіге айналған шаһарлар орнын тауып,
ежелгі мәдениеттің қымбат жәдігерлерін жарыққа шығарды. Орта Азияның көне
өркениет ошақтарының бірі — Отырардың қазылуы, зерттеле бастауы ғылымда көп
соны тұжырым жасауға мүмкіндік бергелі отыр. Тіл мамандары кемінде бір
жарым мың жылдық тарихы бар түрік (Орхон — Енисей) жазуының құпиясын тауып
келеді. Кезінде дүние жүзінің екінші үстазы атанған Әбу Насыр әль-
Фарабидің еңбектері араға мың жыл салып барып өз отаны — Қазақстанда кітап
болып шыға бастауы да халқымыздың мәдени өрлеуі белгілі белеңге
көтерілгенін әйгілейтін нышанның бірі. Мұндай мысалдар көп. Мұның бәрі, сөз
жоқ, тарихтың бұралаң жолын, көп қалтарысын білуге деген ықыласты оятатын
факторлар.
Тарихи тақырыпты жан-жақты меңгеруге реализм әдісі кең мүмкіншілік
береді. Озық дүниетаныммен қаруланған қаламгерлер өткендегінің қандай
шытырман құбылыстарына да дұрыс талдау жасай алады, бүгінгі қауымның рухани
қажетіне сәйкес идеяларды екшейді.
Ол бабалар тұлғасын пайымдап, ұмытылмас бейнесін, лайықты ерлік
істерін салыстыруға мүмкіндік береді, қазіргі және болашақ ұрпақтарды
тәрбиелеу үшін қызмет етіп, өмір сүреді. Тарихи тақырыпты игерудегі
көркемдік сипаттың бірі де осы. Қазіргі заман мен өткен тарих арасындағы
терең тамырлы байланысты көркем әдебиет арқылы бейнелегенде суреткердің
эстетикалық мұрат-мақсаты қалай көрінуге тиіс, тарихты танудағы әдебиеттің
әлеуметтік миссиясы не, тарихи тақырыптың ерекше кұлшыныс құштарлықпен
жазылуы сол ел әдебиетінің кәмелеттік өсу дәрежесінің айғағы бола ала ма,
дәстүр мен жаңашылдықтың белгілі бір кезеңдегі бір-біріне өзара ықпалы
болуы мүмкін бе, ұлттық сана-сезімнің ояну эволюциясы қалыптасу процесінің
әдебиет дамуына тигізетін игі әсерлері қандай көркемдік факторлардан
көрінеді деген сауалдарға жауап іздегенде ғылым мен әдебиеттің тоғысу
сипатын пайымдауға тура келеді.
Ғалым – тарихшыға тән басты сипат – өткенді зерттей отырып, тарихи
кезең сорабын құжаттық куәліктер негізінде қалпына келтіру, шын болған
оқиғаны, адамдар әрекетін қаз-қалпында баяндау. Тарихшы жорамал мен қиял
аймағына кіре алмайды. Тек типтік көрініс жиі кездесіп тұрса және оны айқын
көрсеткен жағдайда ғана оның әңгімесі эстетикалық құндылыққа ие болады. Бұл
орайда тарихи зерттеу объектісінің өзі эстетикалық құрылым болып табылады.
Яғни тарихи жинақтау әлемді танудың эстетикалық және теориялық өзіндік
синтезін қамтиды.
Тарих пен көркем шығарманың арақатынасын ашу – ежелден назар аударылып
келе жатқан ғылыми мәселе. Ол жөнінде алғаш тереңірек сөз қозғаған
Аристотель болатын. Ол өзінің поэтикасында былай деп жазады: Ақынның
мақсаты – шынымен болғанды емес, не болуы мүмкін, мүмкіндіктен әлде
кездейсоқтан ба, міне, осыны жеткізу. Тарихшы мен ақынды бір-бірінен өлең
өлшемін колданады, ал екіншісі қолданбайды деп ажыратпаймыз: осыған
Геродоттың шығармаларын жатқызуға болар еді, сонда ғана олар өлшеулі,
болмаса өлшеусіз тарих болған еді; бірақ олардың айырмашылығы мынада:
біріншісі өмірде болған оқиғаны айтса, екіншісі болуы мүмкін болған оқиғаны
айтады. Сондықтан да поэзияның ерекшелігі – ол тарихқа қарағанда маңызды
әрі философиялық мәні бар нәрселер жайлы, ал тарих жалпы халық жайлы
айтады. [2.66.]
Бұл мәселе Гегельдің эстетикасында терең талдауға ие болды. Оның
пайымдауынша, тарих ғылымы еш нәрсені алып тастауға, өзгертуге құқы жоқ,
ғалым барды, болғанды айту керек. [3.372] Алайда тарихшының
шығармашылығында қиял көмекші рөл ойнайтынын ұмытпау керек. Яғни
мәліметтерді табуда және оны түсінуде тарихшының интуициялық пікірі айқын
көрінеді.
Әдебиет әлеміңде тарихи дәуірлер мен оқиғаларды көркем бейнелеп
елестеткен шығармалар шоғыры аз емес. Бұл ретте А.Толстойдың, М.Әуезовтің,
М.Айбектің, В.Шишковтың, В.Янның, С.Рюродинның, Д.Демирчянның,
Қ.Гамсахурдианың, Щ.Рыбактың т.б. шығармаларын еске түсірсек те жеткілікті.
Осы топтағы туындылардың молдығы және бір-бірінен өзгешелігі соншалық —
олардың өзі тарихи жанрдың түрлі тарамдарын құрайды. Мәселен, тарихи проза
жанрының ішінен тарихи роман, тарихи-биографиялық роман, тарихи
революциялық роман, роман-хроника, тарихи-ұлттық роман деген сияқты салалар
жіктеледі. Бұлардың бәріне ортақ ұқсас сипаттар да, материал мен авторлық
идеяның аңғарына байланысты елеулі ерекшеліктері де болады. Шығарма
талдағанда тарихи жанрдың өз ішіндегі айырмашылықтарды елемей, бір ғана
өлшеммен жалпылама қарау шындықты ашуға көмектеспейді. Ол былай тұрсын,
жанрдың жігін есептемей сөйлеу, үкім айту жаңсақтыққа соқтырады.
Соңғы кезде әдеби оқырман жұртшылықтың назарын аударған жазушы Ілияс
Есенберлиннің тарихи шығармалары. Алмас қылыш (1971) романы, жазушы
қаламынан кейінгі жылдары туған Айқас, Қатерлі өткел, Ғашықтар,
Қаһар, Алтын құс тәрізді романдар көтерген тың мәселелерімен де,
көрсеткен адам тұлғаларымен де қызғылықты, елеулі шығармалар екені әркімге
аян. Айқас романы үшін кітап авторына Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы
берілуі, Алтын құс романы бұл айтқанымызды сипаттайды. Қатерлі өткелдің
кезінде КСРО Мемлекеттік сыйлығына ұсынылып, бүкіл одақтық оқырман
ілтипатына ілінуі кездейсоқ болмаса керек. Ал Қаһар романының идеялық
көркемдік ірі деңгейін жұртшылық жақсы түсініп қабыл алды. Бұл шығармасы
арқылы жазушы тарихи тақырыпты игеру жөнінде батыл жаңашылдық көрсетті. Аз
жылда тақырыбы, проблемасы түрлі-түрлі оншақты роман жариялау фактісінің
өзі I.Есенберлиннің шығармашылық қуаты мен құлашын айқын аңғарта алады.
I.Есенберлиннің Алмас қылыш романы көне тарихтың көмескі тұстарын
қайта жаңғырта көрсетуге арналған. Романның оқиғалық негізіне сонау XV
ғасырдағы біртұтас қазақ хандығын құру жолындағы әрекет, күрестер,
кейіпкерлер ретінде аты тарихқа белгілі хандар, ақын, жыраулар, қарапайым
халық өкілдері алынуы бұл шығармаға деген заңды қызығу тудырады. Өйткені
әдебиетіміз қанша өсті, өркендеді дегенмен, бізде соңғы кезге дейің XIX
ғасырдан ілгерідегі оқиғалар мүлде дерлік суреттелген емес. Мұндай жағдайда
халық тарихындағы аса жауапты, ұрымтал тұстарды түңғыш рет таныстырған
шығармаларға әділдік пен ықыласымыз да айрықша болуға тиіс.
Өзіміз әрдайым үлгі тұта сөйлейтін орыс әдебиетіндегі тарихи жанр
шығармаларының мол байлығымен салыстырып қарағанда, біздің олқы жерлеріміз
жоқ деп те айтуға болады. Өйткені азды-көпті сауаты, пайым-парасаты бар
адамның, қай-қайсы да тарихтың ұзын жолын, негізгі үрдістерін, туған
халқының адамзаттың рухани қазынасына қосқан үлесін танып білуді өзіне
парыз санауы қажет, себебі тарихын білмеген ел мәдениетті ел болып
саналмайтынын жақсы түсінуіміз қажет. Тарихқа деген көзқарастан адамның
білімділігі мен надандық парқы ажыратылады деп ертедегі даналар бекер
ескертпеген болса керек.
Алмас қылыш романы - тарихтың аса қызық та ғибратты бір дәуірін
көркемдікпен танытуға көмектесе алатын пайдалы шығарма. Шығарманы дәл
осылай бағалаған филология ғылымының докторы Мырзабек Дүйсеновтің Қазақ
әдебиеті газетінде жарияланған мақаласын және басқа көптеген авторлардың
жылы лебізін құптай, біз өзіміздің талғамымызды І.Есенберлиннің
шығармаларын зерттей отырып айтуды жөн көреміз.
Біздіңше, I.Есенберлиннің Алмас қылыш романының жұртшылық үшін ең
маңызды жері — өзге мамандар түгіл тарихшылардың өзі де әлі күнге дейін
жете зерттеп болмаған кезең — XV ғасыр оқиғаларын роман-хроника түрінде
тұңғыш рет жүйелі өріп, аса көп керекті мағлұмат бере алатындығында. Қалың
оқырман бұл кезге дейін XV ғасырда Жәнібек пен Керей бастаған қазақ рулары
Сарысу, Шу, Талас өзендерінің алқабында, Мойынқұм бойында алғаш рет қазақ
хандығын құрды деген қысқа деректен өзгені біле бермейтін. Алмас қылыш
тарих кітаптарында жазылған сараң тұжырымңың тасасында қаншама хикмет
жатқанын, даңқты оқиғалардың хронологиялық ізіне түсе отырып, кеңінен баян
етеді. Бұл шығарманың сүйегі түрлі кітаптар, қолжазбалар, шежірелер
арасында шашырап жатқан анық фактілерден құралғандықтан және оқиғалардың
жылнамасы сақталғандықтан, мұны роман-хроника деп атаған абзал деп
ойлаймыз.
Дәл осындай жанр, форма әдебиетте өмір сүруге, орнығуға әбден хақылы.
Жанрдың келбетін тек автордың субъективтік ниеті белгілей бермейтін, кейде
объективтік материал өзіне сай форма іздететінін көреміз. Егер Алмас
қылыштың осындай жанрлық анықтамасымен келіссек, шығармаға да сол жанрдың
талабымен қарау керек болады.
Тарихи шығармаларды талдау кезінде Алмас қылыш туралы жазылған
кейбір мақалаларда романның бітімі ескерілмей жүргені байқалады. Үлкен
әлеуметтік-психологиялық романдарға қойылатын шартпен қарап, Алмас
қылыштан өзіне тән емес қасиеттер іздеу ақиқатқа жеткізбейді. Шығарманың
жетістігін де, кемшілігін де жанрдың ішкі заңдылықтары тұрғысынан зерттеген
жөн. Роман-хроникада тарихи оқиғалардың тізбегі күрделі орын алуы табиғи.
Мұнда жеке қаһарманның жай-күйін бастан-аяқ түгелдеп айтып шығу бірден-бір
шарт бола бермейді. Тарихи оқиғалардың ағынын белгілі адамдар, топтар
өмірімен табиғи бірлікте әңгімелей білу, сол арқылы әрі тарих, әрі шығарма
міндетін қатар алып бару бұл жанрдың ерекшелігі болып саналуы керек.
I.Есенберлин, біздің түсінігімізше, осы талап деңгейінен табыла білген.
Автор бұл шығармасында тарихшылық пен беллетристікті әдемі ұштастыра алған.
Жанр жағынан алып қарағанда да Алмас қылыш әдебиетімізге өз нақышымен
қосылған жаңалық деп қараймыз.
Романда Дешті Қыпшақтың қаһарлы ханы Әбілхайырдың қарауында келген
қазақ руларының жеке қазақ хандығы қол астына топталу процесі, бұл
құбылыстың себебі, мен салдары, бір жағы Әбілхайыр, екінші жағы Жәнібек,
Қерейлердің тақ пен тәж үшін таласы, өздерінің мансаптары үшін халық
бұқарасын пайдалану тәсілдері, хан ордасындағы шытырман қайшылықтар, алдау
мен зорлықтар тізбегі романның екі бөлімінде толық баяндалған. Осы тарихи
шығарманың бірінші бөлімінде Әбілхайыр ұлысының екіге бөліну жағдайын
көрсетуге арналса, екінші бөлімінде жаңа қонысты мекен еткен қазақ
хандығының ішкі-сыртқы жауларымен кескілескен күрес үстінде шынығып, ширау
процесі, бұл жолдағы қыруар кедергілер мен қиындықтар көрсетілген. Міне
мұның өзі І.Есенберлин шығармаларының шындық пен деректіліктілігінің
дәлелелі сияқты.
Бұл романда желі тартып жатқан басты идея — қазақ руларының бірлесу,
бір хандық шеңберінде ынтымақ құру идеясы. Жазушы тарихи фактілерге берік
сүйене отырып, мұндай бірліктің аса қатал өмір сынында, өлім мен өмір кезек
алмасқан алмағайып, аласапыран ауыр жағдайда жүзеге асқанын, қазақтың жеке
хандығын орнатқан күштер кім, сатылғыш, дүниеқоңыз дүшпандар кім екенін
тайға таңба басқандай тізіп береді. Өз халқы тарихының көп мәселелерінен
бейхабар оқырман үшін мұндай мағлұмат өте қажет. Бұл айтылғандар тарихи
шығарманың танытқыштық мәні зор екенін дәлелдей түссе керек.
Сонау XV ғасыр оқиғаларын, оның алдындағы бірнеше жүз жылдық Шыңғыс
хан әулетіне қатысты дерегін бір шығарма көлеміне сыйғызып айту оңай шаруа
емес. Автор, әлбетте, сол замаң шьндығын түрлі дәрежеде жазып кеткен
бұрынғы-соңғы шежірешілердің мағлұматына сүйенген. Шығыстың, батыстың бұл
тақырыпқа қатысты көп кітаптарын қарап шығу, орыстың, қазақтың шежірелерін
ақтару, қазіргі тарихшылардың ізденістерін есепке алу көп уақыт пен қажырды
керек ететін жұмыстар. Мүндай шығарма жазған авторға тек ризашылық сезіммен
қараған жөн.
Романда ортақ қаһармандар ретінде хан, сұлтандар жүретіні рас. Бірақ
бұған қарап ел билеушілері бірыңғай дәріптелген деуге әсте болмайды.
Қаһарманның бойындағы қасиетін ірілеп көрсету — оны мадақтау болып
саналмайтынын әрбір сауатты оқырман білсе керек. Шығармада неғұрлым
айқындалып шыққан тұлға — Әбілхайырды алсақ, автор оның ерлігін де, қулығын
да, қаталдығын да қалдырмай айтып, күллі қайшылығын ашады. Сондай-ақ
Жәнібек, Мұхаммед Шайбани, Бұрындық мінездері де диалектикалық ақиқатымен
берілген. Автор белгілі бір қаһарманды не әдейі жақсы көрсету, не нақақ
қаралау мақсатын көздемей, оқиға мен мінездің объективтік ағысын қаз
қалпында көрсетеді. Бүкіл Дешті Қыпшақты билеген Әбілхайыр бір жағынан
айлакер, ақылды, арынды ел басшысы болса, екінші жағынан, өз мақсаты
жолында ешбір арамдық, азғындықтан тайынбайтын қанды қол, мейірімсіз екенін
нанымды етіп көрсете білген. Өзге қаһармандары бойынан да бейненің жан-
жақтылығын көреміз. Демек, хандарды дәріптеді делінетін кейбір қаңқу
сөздер мен пікірлер көркем шығарманың табиғатың елемеуден туған көрініс деп
ойлаймыз. Патша, хан атаулыны тек жамандап көрсету керек дейтін бір жақты,
тұрпайы ұғымның ғылыммен, көркемдік шындықпен қатысы жоқ.
І.Есенберлиннің Алмас қылыш романында халықтың тарихтағы ше-шуші
рөлі көрінген деп санаймыз. Шығармада тап тартысы емес, хандар, билеушілер
арасындағы тартыс шындыққа орай алғы кезекке шыққан. Соның өзінде автор
оқиғалар мен тұлғаларды талдауға, бағалауға әлеуметтік тұрғыдан келген. Бұл
— мәселенің бір жағы екенін көруге болады. Онан соң романда еңбекші
адамдардың ісі де, күші де бірсыпыра шындыққа сәйкес екендігін көрмеуге
болмайды. Әбілхайыр хан нақақтан жазалаған кедей жылқышы Орақ ше? Бұл өте
үлкен идеялық жүк көтеріп тұрған тұлға. Орақ тұлғасы романның көп
жерлерінде қайталап елес беріп отырады. Орақты қолдайтын кедей Қаптағай
батыр ше? Асанқайғының Бердібек пен Әбілхайырға арнап айтылған әрі нақыл,
әрі қатал сын сөздерінде нағыз халық өкілдерінің талабы жатыр. Дана жырау
Асанның Қазтуған мен Қотан айтысына төрелігі де таза халықтық сана нышаны.
Шығарманың екінші бөлімінде бұл әйгілі жыраулар тағы да үлкен елдік
әңгіме үстінде көрінеді. Жазушының халық рөлін төтелеп ескертіп отыратың
орайы шығарманың өн бойында кездеседі. Бірінші бөлімнің эпилогында бұл
мәселе аса елеулі сездірілген. Әбілхайырдың Монғолстанға көшкен Керей мен
Жәнібек елін шабамын деген екпінін қарауындағы халықтың наразылығы су
сепкендей басады.
Осы тұста, Орысбай, Қоқыш, Тәкежан, Күйгенбай секілді қарапайым
адамдардың қайсарлығы жалт етіп ашылады. Немесе Саян бастаған кекті
жігіттердің бекзадалардың малын талау әрекеттері де ханға қарсы халық
айбарының көрінісі деп санаймыз. Тіпті, Әбілхайырға адал қызмет етіп жүрген
Оспан қожаның сөздерінен де халықтың қасиеті елес береді. Жоқ, алтын
періштеге де, құлға да керек емес, алтын хандарға керек — дейді ол.
Жазушының оқиғаны суреттеуі кейде диалог, кейде монолог, кейде тікелей
түсіндірме түрінде өрілген. Бұл тарихи шығарманың халықтық айқындамадан
жазылғанын көрмеу, сыпайылап айтқанда, білместік. Мемле-кет шаңырағын
халық көтерген — автордың дүниетаным дұрыстығын бұдан артығырақ етіп айту
қиын.
Романның кейбір көрнекті кейіпкерлерін ілгеріде атадық. Мұңда халықтың
жақсы қасиеттерін бойына дарытқан Қобыланды, Қазтуған, Қотан, Саян, Орақ
секілді ұнамды бейнелер қатары тарихи шындықтың дәлелі екенін көруге
болады. Бұлардың әрқайсысы өз орнында мәнді, қызғылықты. Алмас қылыш тек
мазмұнымен ғана емес, нысандық ізденістерімен де маңызды шығарма. Автор,
мәселен, Әбілхайыр әулетінің әріден келе жатқан үстемдігін, содырлы-сойқан
істерін өткенді шолу ретімен мәлімдейді. Жүздеген жылдарға созылған Шыңғыс
хан үрім-бұтағының озбырлық саясатын, тынымсыз талас-тартысын қайта
елестету үшін дәл осындай тәсіл оңтайлы келген.
Ал қазақ даласының тарихи болмысын Қазтуған мен Қотанның айтысы арқылы
көрсетуі жаңаша көркемдік әдіс деуге болады. Екі ақын бетпе-бет келіп
айтысқанда шындықтың түп-тереңіне дейін ашылатыны белгілі. Сон-дай-ақ Қотан
мен Қазтуған айтысы қазақ елінің сан ғасырлық өмір, күрестерінің сыры мен
сипатын екшеп көрсетуге жараған. Оқиғаларды баяндай отырып, кейініректе
болатын жайлардан хабар айту тәсілін жазушы қазақ әдебиетінде алғашқы
қолданушылардың бірі. Мәселен, Мұхаммед Шайбанидің бала кезін көрсеткен
тұста оның келешектегі мансабы мен атағын да қоса ескертіп қою шығармаға
оқушы ықыласын өсіре түседі. Мұның өзі Алмас қылыш өз жанрында елеулі
туынды, мазмұны мен нысаны қабысқан шығарма екенін дәлелдейді.
Әдеби теориялық және эстетикалық бағаның даму барысында қалыптасқан
теориялық категориялар көркем қиял мен көркемдік болжам өнердің әр
дәуірдегі даму процесінде күшті өзгерістерге түсетін кұбылыс екені белгілі.
Өнертанушы мамандардың айтуынша, қиял – суреткердің реалды шындықты дәл
өмірдегідей, өмірді қаз-қалпында суреттеуден ауытқу құралы. Ал болжал –
тарихи шындықты көп әсірелемей, негізін сақтай отырып суреттеу тәсілі. [4].
Әдебиет жайлы айтылған пікірлердің тарихына көз салсақ, сонау қайта
өрлеу кезеңінен бастап, өнертанушылардың әлемдік өкілдерінің пайымдауынша,
көркем образ жасаудың бірден-бір тәсілі – сол қиял. Бұл орайда тарихи
романдардың дүниеге келуіне байланысты көркем қиял мен болжал жөнінде
арнайы әңгіме ету – уақыт талабы. Ол жөнінде пікірталастар әлі күнге
толастаған жоқ, бұдан былай да жалғаса берері сөзсіз. Өйткені дүниеге
келген әрбір нағыз көркем шығарма өзінше әлем, әр үлкен суреткер көркем
қиял мен болжалды пайдаланудың өзінше үлгісін жасамақ. Осыған байланысты әр
шығарма жөнінде сөз еткен кезде зерттеушілер өзінше жаңа бір әлемге кез
болып, жаңа ойлар айтады, тың тұжырымдар қорытады. Бұл құбылыс халық
өмірінің, ел тарихының құнарлы кенін қопарған тегеурінді дарын [5.302.] -
І.Есенберлиннің тарихи эпопеясына да тән.
Тарихи роман жөніндегі зерттеулердің байыптауларына көз салғанда
оларда шығармадағы көркем қиял мен тарихи шындықтың ара қатынасы мәселесіне
ылғи да назар аударылып отырады. Бұл жұмыстарда қиял мен болжалдың жалпы
теориясы, оның әдебиеттегі рөлі, жанрдың типологиялық белгілерін
анықтаудағы қызметін пайымдауға талпыныс жасалады. Көркем қиял – дүниені
өнерде, өнер әлемінде бейнелі түрде танудың өзіндік құралы. Өмірлік негіз
бен көркемдік қиялдың тоғысынан тұратын көркем образ өнер құбылысы болып
табылады.
Бұл тұрғыда көркем қиял – өнердің табиғатын анықтайтын басты сипат.
Сондықтан да шығарма жазуда жазушы өзінің творчестволық қиялында жүйелі
образ туғызуды, содан соң барып оны көркем бейнелеуге қажетті тәсілді
таңдайды. Айталық жазушы өзінің шығармасына өмірде нақты болған тарихи
тұлғаны кейіпкер етіп алып, жазып отырған күннің өзінде, сол тарихи адамның
сипатын шығармаға өмірде болған күйде көшірмейді, оның басты қасиеттерін,
өміріндегі үлкен әрекеттерін негіз ете отырып, өз прототипін көркемдік
құралдың құзырына бағындырып, жаңа әдеби тұлға жасайды. Көркемдік болжал
тарихи шығарма табиғатына етене жақын, алайда көбіне құжаттық шығармаларға
тән болып келеді. Бұл категориялар жайында белгілі әдебиетші
А.П.Александрова өз ойын былайша білдіреді: Көркем қиял – шығармаға
тарихта болмаған жеке эпизодтар мен кейіпкерлердің іс-қимылы арқылы енеді,
сонымен қатар романның құрылымы, оның образдарының жүйесі типтендірудің
мәні – объективті шындықтың субъективті бейнесін жасауға бағынады. Көркем
қиял жазушының шығармашылық қиялының негізінде жатыр, мұнда көркем болжал
бар және сонымен қоса жасалған әлемнің мәнін айқындауға бағынады.
Шығарманың тілі жөнінде бірер сөз. Жалпы алғанда, роман тілі тартымды,
табиғи, жатық. Әңгіме тек жекелеген қонымсыз сөздер мен тіркестер
(Мадақтау о да бір паш өнеге, сыймай бастаған соң, жан аямас қастын,
ғажайып қан төгіспен т. б.) жөнінде болса бір сәрі... Әр жазушының тіл
кестесі, жазу мәнері, сөз талғамы басқа-басқа. Оның үстіне тілдің ағыны мен
ажары әрдайым нақтылы оқиғаға, идеяға байланысты өзгеріп отырмақ. Оңды тіл
— айтылмақ ойды неғұрлым дәл, табиғи, үйлесімді бере білген тіл.

1.3. I.Есенберлиннің шығармаларына тән жаңашылдық

I.Есенберлиннің Алмас қылыш романы — оның қазақ халқының ХҮ-ХҮІІІ
ғасырлардағы тарихынан жазған трилогиясының бір бөлігі. Архив тереңінде
қозғаусыз жатқан неше алуан қымбат деректі ыждағатпен жинап, тарихи адамдар
тұлғасының диалектикалық шындығын ашатын көркем шежіре, тартымды роман
ұсынған автордың азаматтық еңбегі қалың оқырманын — шын сыншысын тауып
отыр. Жазушы үшін бұдан артық мәртебе жоқ
Ал Ілияс Есенберлиннің Қаһар (1969) атты романы қазақ әдебиетінде
тарихи тақырыпты игеру тереңдеп келе жатқанын әйгілейтін шығарманың бірі.
Мұнда ХІХ ғасырдың 30-40 жылдарындағы Кенесары Қасымов бастаған
қозғалыстың, сол оқиғаға қатысты түрлі топтардың, адамдардың жай-күйі
әңгімеленеді. Автор сөз болып отырған заманның әлеуметтік, экономикалық,
саяси ахуалын, қозғалыстың себебі мен салдарын зерттей келіп, солардың
диалектикалық көркем шындығын көрсетуді мақсат еткен. Сонымен қатар
романнан көркем шығармаға ғана тән көп әсерлі ақиқаттарды — адамдардың
күйініш-сүйінішін, арманы мен өкінішін, ықыласы мен мұратын, кейіпкерлер
тарихы мен тағдырын табамыз.
Суреткер өзінің көзқарасын төтелей айтып салмай оқиғалар мен
характерлерді ауанына жіберіп, еркін сөйлеткен. Сондықтан да оқырман автор
ұсынған шындықтың күнгей, теріскейін түгел шолып, бағдарлап, бағалауға
мүмкіндік алған. Роман тарихи адамдарды көрсетуде жаңа қадам болып
табыладьт Тарихи кітаптарда жазылған қысқаша тұжырымдар мен үкімдердің
тасасында талай өмір, қайшылық арпалыстары жатқанын танимыз.
Ілияс Есенберлиннің тарихи шығармасы Қаһарда патша отаршылдарының
қысымына наразы елдің қозғалысы, халықтың осындай серпінін пайдаланып,
қазақ даласында тәуелсіз хандық орнатуды мақсат еткен Кенесарының кектескен
сұлтандар мен патшалық бекіністеріне шабуылы, ата-бабасынан мирас боп келе
жатқан елі мен жерінің бостандығы үшін жанталасып күресуі, Кенесары
дұшпандарының ұйымдасқан іс-әрекеті, сан алуан адам мінездері көрсетілген.
Автор тарихи адамдардың талай тайталас күрестерін нақтылы көрсете білген.
Кенесары Қасымов көтерген ту астына халық неге ерді деген сұрақтың
жауабы романның алғашқы екі тарауында нанымды берілген. Шұрайлы жерден
айырылып, патшаның әкімдерінен қысым көрген ел бастаушы болса, соңынан еріп
кетерлік жағдай туғанын тарих мысалдары да дәлелдейді. Жазушы қай
құбылыстың да ішіндегі қайшылықты, қарама-қарсы күштердің қақтығысын қатар
алып, шындықты толық ашуға ұмтылған. Арқадан Оңтүстікке беттеген күшті
суреттейтін алғашқы тараудан да осыны көреміз. Патшалық тепкісінен қаша
көшкен елдің бастаушысы Сейтен батырдың қасында келе жатқан серігі Ожар
тыңшы, екі жүзді адам екендігі бірден сездіріледі. Бұдан қазақ еліне деген
тұзақтың әр жерден құрылғанын да көруге болады. Елдің намысын жыртатын
аңғал батырлар жанында көлеңкедей қалмай сансыз сатқындар да жүру
отарлаушылықтың көнеден келе жатқан әдісінің бірі екені мәлім. Қапыда қолға
түсіп мерт болған Сейтен батыр тағдыры бұл күрестің қиындығынан да хабар
береді.
Ілияс Есенберлиннің тарихи роман қазақ халқының қиын ахуалының сан
түрлі қырларын кең қамтып елестетеді. Соның бірі — Қоқан, Хиуа хандықтарына
ұзақ уақыт тәуелді боп тұрған оңтүстік қазақтарының жай-күйі. Түбінде Ресей
патшасынан қауіп келе жатқанын сезгенімен, Орта Азия хандары қазақ халқымен
одақтасуды ойлау былай тұрсын, қайта оны талан-таражға салатын сәтті күтіп
отырған. Бегдербектің жәрдем, кеңес сұрап барған Есенкелді, Саржанды
қасындағы нөкерлерімен опасыздықпен өлтіріп жібергенін суреттейтін тарау
осы ақиқатты түп-тереңімен ашады. Әрі қорқақ, әрі қу, тырнағына дейін
сатқын, дүниеқор Қоқан әкімінің шыншыл бейнесі жасалған деуге болады.
Қаһар романында Кенесарының және оның сенімді серіктері — ру
басыларының, батырлардың өмірі мен іс-әрекеті мол шындығымен көрінген.
Әсіресе Кенесары тұлғасы анықтыққа жеткенін атап айту керек. Суреткер
кейіпкер басындағы шытырманды тарихи шындыққа сәйкес ашып көрсете алған.
Халықтың патшалыққа қарсы наразылығын пайдалана білген, намыс үшін қандай
құрбандықтан да тайынбай-тын Кенесарының қайшылықты келбетін деректі
дәлелдей білген.
Автор Кенесарының жеке басындағы ерлік пен парасатты бірнеше жерде
көрнектендіріп ерекше аңғартады. Мәселен, ол Саржан мен Есенкелдінің
құшбегі Бегдербек қолынан қапыда мерт болғанын естіп, Ташкентті шабу
керек деген Қасым төренің тілегін іштей қабылдай тұрса да, соғысқа шығуға
ертерек екенін түсініп, жоспарды кейінге қалдырады. Ақмола бекінісін
алғанда көрсеткен ерлігі, баласы Садықтың батылдығын сынаған тұсы, өзіне
ерген баһадүр ерлердің бірі — Байтабынның көңілін риза ету үшін
Наурызбайдың қолындағы құсты аттырып билік айтуы сияқты түстар бұған дәлел.
Кенесары бастаған қозғалыстың белгілі батырлары: Ағыбайдың, Иманның,
Төлебайдың, Басықараның, Жанайдардың, Бұхарбайдың ерлік эпизодтары да
айтылып отырған.
Романда Ресей патшалығының әр дәрежелі өкілдерінің де бейнелері бар.
Солардың ішінде әсіресе Қараөткелдің аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендиннің
халыққа қаны қас мейірімсіздігі мен мансап үшін арын сататын арамзалығы
анық таңбаланған. Жеке өмірінде азғындықтың шегіне жеткен бұл адам Омбы
генерал-губернаторының сеніміне ие болып, көп елді күшпен, айламен ұстап
тұрған. Қоңырқұлжа елдің бас көтерер адамын қаралап ұстап береді, лауазым
үшін халық мүддесін сатып, кез келген опасыздыққа барады. Жазушы патша
өкіметі өзіне тірек еткен жергілікті әкімнің жексұрын жиынтық типін жасай
алған. Қоңырқүлжаның әйелі Зейнеп, баласы Шыңғыстың қылықтары да үстем тап
өкілдерінің сиқын аша түседі. Аңыз бен шежірені, тарих тізбегін үлкен
тарихтық идеялар мен ірі қаһармандар мінезін мүсіндеу талабына жұмсай
білуі, тарих пен көркемдікті айырғысыз тұтастыққа жеткізуі, өткен кездер
хикаясынан бүгінгі қауымға керектіні екшей алуы, тарих тәжірибесінен үлгілі
сабақ, өнегені алға тартуы жағынан I.Есенберлин романы қазақ әдебиетінде
ерекше орын алады. Тарихтың тереңінде жатқан, тіпті тарихи зерттеулердің
өзінде жүйелі баяндалып, толық танылып болмаған заман, адам шежіресін
екшеп, жаңа сапаға келтіріп айта білуі жазушының жаңалығы, қазақ әдебиетін
байытатын, танығыштық, тәрбиелік мәні зор туынды.

1.4. І.Есенберлиннің тарихи шығармаларының жанрлық ерекшелігі мен ұлттық
рухани құбылысы

Сөз болып отырған романның жанрлық ерекше бітімі бар дедік. Мол оқиға
мен көп кейіпкерді шетінен толық суреттеу бір шығарма көлемінде мүмкін
еместігін ескерген автор негізгі күшті баяндау мен айтуға салады. Бірақ бұл
құрғақ баяндау емес, бояулы, нақышты, адам мінезі мен әрекетінің түпкі
сырын паш ете алатын күрделі, қызықты, ғибратты әңгіме. Қаһармандардың түр
келбетіде, сөйлеген сөзі де, ойы да тартыс, қайшылық күресі де осынау
баяндаудың ауқымына сыйып кеткен. Жанталас романының бүкіл оқиғалық,
сипаттамалық, талдау, көркемдеу жүгін екі ғана айтушы — автор мен шежіреші
қарт Бұхар жырау әңгімесі арқалаған. Осыдан барып шығарма айтушы қызметі
маңызды орынға шығады. Қандай көркем туындыда да айтушы, баяндаушының
дәнекерлігі елеулі орынға ие. Дегенмен, Жанталаста айтушы пікірі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдеби байланыс: Х.Оралтай және Қ.Шабданұлы шығармалары
Ілияс Есенберлиннің өмірі және шығармашылығы
Ғабит Мүсіреповтың «қазақ салдаты» романының қөркемдік ерекшелігі
Тарихи шындық бейнеленуінің көркемдік уақыт аясындағы қамтылуы
XX ғасыр басындағы тарихи қоғамдық өзгерістердың қазақ әдебиетінің дамуына әсері
ХХ ғасырдың басындағы ірі саяси- қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпал
Тәуелсіздік кезеңіндегі прозаның қалыптасуы мен дамуы
КӨШПЕНДІЛЕР ТРИЛОГИЯСЫ - ТАРИХИ РОМАН ЖАНРЫНЫҢ ЖАНДЫ ҮЛГІСІ
Есенберлин - көне тарихымыздың жиһангері
ХХ ғасыр басындағы әдебиет тарихы
Пәндер