2 – сынып математика сабақтарында оқытудың тәрбиелік функциясын жүзеге асыру



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

І. Бастауыш сыныптың оқу.тәрбие үдерісінде оқытудің тәрбиелік функциясын жүзеге асырудың педагогикалық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1.1. Оқытудың функциялары туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1.2. Педагогика теориясындағы тәрбиенің түрлері және бастауыш сыныптарда оқытудың тәрбиелік функциясын жүзеге асырудың мүмкіндіктері ... ... ... ...

ІІ. Математика сабақтарында оқытудың тәрбиелік функциясын жүзеге асырудың теориясы мен тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2.1. 2.сыныптың математика сабақтарында оқытудың тәрбиелік функциясын жүзеге асырудың әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.2. Педагогикалық тәжірибе және оның нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Зерттеудің көкейкестілігі: «Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында» (1994), «Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңында» (1999, 2007) мемлекеттік тұрғыдан қазақ тілінің мәртебесі биіктетіліп, тәрбие мен білімнің құндылығын арттыратын бағыт-бағдарлар айқындалды. [1, 2]
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» атты Қазақстан халқына жолдауында « ... біздің ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтыны ...» баса атап көрсетілген болатын. [3, ]
Қазақстан Республикасының 2007 жылы қабылданған «Білім туралы» заңында: жас ұрпақты азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу қажеттігі айқын көрсетілген [4, 27].
Бүгінгі күнде бала тәрбиесі айрықша мәнге ие. ХХІ тасқындаған толассыз ақпараттар, қоғамдағы күрделі өзгерістер аясында өмір сүріп жатқан жас ұрпақты тәрбиелеудің күрмеуі қиын күрделі мәселелері жеткілікті. Ғаламдану өріс алған қазіргі заманның тәрбие жүйесіне ұлттық тәрбиені дарыту одан өзекті болып отыр. Осы тұрғыдан алғанда өткен тәрбие тәжірибесінің ауқымды бір саласын ұлттық дәстүрлер жүйесі құрайды.
Педагогиканың ғылыми таным саласы – тәрбие. «Жас бала – жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді»- дейді халқымыз. Жерге отырғызған жас көшет те қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді.
Тәрбие кездейсоқ оқиға емес, ол қоғамның пайда болуына тән қасиет. Тәрбие жеке тұлғаның санасына, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал.[5, 7]
Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың айналамен қарым-қатынасын, өмірге көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру құралы.
Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Тәрбие – жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлау, оларға қоғамды – тарихи тәжірибені үйрету үдерісі. [6, 21]
Тәрбие баланың өздігінен табиғи және еркін дамуы үшін жасалатын жағдай деп айтамыз. Тәрбие арқылы жеке адамның дүниеге ғылыми – материалистік көзқарасы, мінез-құлықтық, эстетикалық және осы сияқты қасиеттері қалыптасады, ол еңбек етуге ынталы қоғамның белсенді мүшесіне айналады.
Жалпы адамзаттық тұрғыдан қарағанда тәрбие мақсаты– әрбір тұлғаны жан-жақты және жарасымды етіп тәрбиелеу. Адам – жер бетіндегі тірі организмнің жоғарғы сатысы, қоғамдық-тарихи іс-әрекеті мен мәдениет субъектісі.[7, 68]
1. «Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында». Астана, 1994
2. Қазақстан Республикасындағы тiл туралы Заңы, Астана, 2007
3. Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» атты Қазақстан халқына жолдауы. Астана, 1997
4. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Астана, 2007
5. С.Әбенбаев. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. Алматы: «Дарын», 2004
6. В.А.Сухомлинский. Мектептің жас директорымен сырласу. Киев, 1980
7. Л.И. Маленкова. «Педагогики, родители, дети» Москва, 2000
8. Р.М.Қоянбаев. «Педагогика». Алматы, 2002, 202-203 б
9. Т.С.Сабыров. «Оқыту теориясының негіздері». Алматы, 1993.
10. Р.М.Қоянбаев, Қ.Т.Ыбыраимжанов «Жалпы бастауыш білім беру педагогикасы». Түркістан, 2000, 202 б
11. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы. Алматы, 1995
12. Педагогика. (оқулық). Алматы, 2005, 121 б
13. Абай. Энциклопедия. Бас ред. Р.Н.Нұрғалиев. Алматы, «Атамұра», 1995, 350 б.
14. Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. Алматы, 1984, 49 б
15. М.З. Жанбөбекова. « Бастауыш сынып оқушыларының экономикалық тәрбиесінің педагогикалық негіздері» Диссертация. Алматы, 2002ж
16. А.Н. Егенисова « Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық білім беруді педагогикалық шарттары» Диссертация. Алматы, 2000ж
17. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995, 68 б
18. Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің Мемлекеттік стандарты. Алматы, 1998ж.
19. Т.Қ.Оспанов,О.В.Кочеткова, Ж.Қ.Астамбаева. «Жаңа буын оқулықтары бойынша математиканы оқыту әдістемесі». Алматы: «Атамұра», 2005ж.
20. Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құрманалина, С.Қ.Құрманалина. «Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі». Астана, 2007, 23 б.
21. Т.Қ.Оспанов, Ш.Х. Құрманалина, Ж.Т. Қайыңбаев, К. Ерешова, М.Маркина. 2-сынып математика оқулығы. Алматы, «Атамұра», 2009, 3 б
22. Р.М.Қоянбаев. «Қысқаша педагогикалық сөздік». Алматы, 2005ж.
23. Т.Қ.Оспанов және т.б. Математика. Оқыту әдiстемесi. 2-сынып: -Алматы, «Атамұра», 2009
24. Э.Бапиева. ондықтан аттап жазбаша қосу мен азайтуды тиянақтау «Қазақстан мектебі», №5, 2004, 47 б.
25. М.Қойлыбаева. 8-ді қосу және азайту. «Бастауыш мектеп». №3, 2006, 35 б.
26. С.Урунбаева. Қайталау. «Бастауыш мектеп». №2, 2010, 51 б.
27. М.Бантова. «Бастауыш кластарда математиканы оқытудың методикасы». Москва, 1987.
28. Б.М.Қосанов. «Математикадан тыс жұмыстарда оқушыларға экономикалық тәрбие беру». Алматы: «Іскер» типографиясы, 1998
29. Г.Н. Жолтаева «Негізгі мектепте математиканы оқыту процесінде этнопедегогика элементтерін пайдалану әдістемесі» Диссертация Алматы, 1999
30. Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты жаттығулар. 1-2 –сынып. Алматы: «Атамұра», 1998
31. Ш.Х. Құрманалина және т.б «Математикадан дидактикалық материалдар» Алматы. «Атамұра» 1998
32. Б.М.Қосанов, П.С. Сағымбекова, А.С. Тортаева «Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесінің тарихы», Тараз, 2006
33. Б.М. Қосанов «Қазақстандағы әдістемелік- математикалық ой-пікірдің қалыптасу тарихы» Алматы, 1999

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

Исаева Алия

2 – сынып математика сабақтарында оқытудың тәрбиелік функциясын
жүзеге асыру

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

050102 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы
бойынша

Алматы, 2010

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

Қорғауға жіберілді
Мектепке дейінгі және бастауыш
білім беру теориясы мен әдістемесі
кафедрасының меңгерушісі
__________Ә.Е.Жұмабаева

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: 2 – сынып математика сабақтарында оқытудың тәрбиелік
функциясын жүзеге асыру

050102 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы
бойынша

Орындаған:
Исаева А.Б.

Ғылыми
жетекшісі:
Аға оқытушы
Астамбаева Ж.Қ.

Алматы, 2010
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .

І. Бастауыш сыныптың оқу-тәрбие үдерісінде оқытудің тәрбиелік функциясын
жүзеге асырудың педагогикалық
негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1.1. Оқытудың функциялары туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1.2. Педагогика теориясындағы тәрбиенің түрлері және бастауыш сыныптарда
оқытудың тәрбиелік функциясын жүзеге асырудың мүмкіндіктері ... ... ... ...

ІІ. Математика сабақтарында оқытудың тәрбиелік функциясын жүзеге асырудың
теориясы мен
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.1. 2-сыныптың математика сабақтарында оқытудың тәрбиелік функциясын
жүзеге асырудың әдістемесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2.2. Педагогикалық тәжірибе және оның
нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстан Республикасының гуманитарлық
білім беру тұжырымдамасында (1994), Қазақстан Республикасының Тіл туралы
заңында (1999, 2007) мемлекеттік тұрғыдан қазақ тілінің мәртебесі
биіктетіліп, тәрбие мен білімнің құндылығын арттыратын бағыт-бағдарлар
айқындалды. [1, 2]
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-2030 атты Қазақстан халқына
жолдауында ... біздің ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор
жауапкершілік жүгін арқалайтыны ... баса атап көрсетілген болатын. [3, ]
Қазақстан Республикасының 2007 жылы қабылданған Білім туралы
заңында: жас ұрпақты азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан
Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық
дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез-келген
көріністерге төзбеуге тәрбиелеу қажеттігі айқын көрсетілген [4, 27].
Бүгінгі күнде бала тәрбиесі айрықша мәнге ие. ХХІ тасқындаған толассыз
ақпараттар, қоғамдағы күрделі өзгерістер аясында өмір сүріп жатқан жас
ұрпақты тәрбиелеудің күрмеуі қиын күрделі мәселелері жеткілікті. Ғаламдану
өріс алған қазіргі заманның тәрбие жүйесіне ұлттық тәрбиені дарыту одан
өзекті болып отыр. Осы тұрғыдан алғанда өткен тәрбие тәжірибесінің ауқымды
бір саласын ұлттық дәстүрлер жүйесі құрайды.
Педагогиканың ғылыми таным саласы – тәрбие. Жас бала – жаңа өркен
жайған жасыл ағаш тәрізді- дейді халқымыз. Жерге отырғызған жас көшет те
қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып үлкейгенше
мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді.
Тәрбие кездейсоқ оқиға емес, ол қоғамның пайда болуына тән қасиет.
Тәрбие жеке тұлғаның санасына, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына әсер
ететін құрал.[5, 7]
Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық
тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың
айналамен қарым-қатынасын, өмірге көзқарасын және соған сай мінез-құлқын
қалыптастыру құралы.
Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды.
Тәрбие – жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлау, оларға қоғамды –
тарихи тәжірибені үйрету үдерісі. [6, 21]
Тәрбие баланың өздігінен табиғи және еркін дамуы үшін жасалатын жағдай
деп айтамыз. Тәрбие арқылы жеке адамның дүниеге ғылыми – материалистік
көзқарасы, мінез-құлықтық, эстетикалық және осы сияқты қасиеттері
қалыптасады, ол еңбек етуге ынталы қоғамның белсенді мүшесіне айналады.
Жалпы адамзаттық тұрғыдан қарағанда тәрбие мақсаты– әрбір тұлғаны жан-
жақты және жарасымды етіп тәрбиелеу. Адам – жер бетіндегі тірі организмнің
жоғарғы сатысы, қоғамдық-тарихи іс-әрекеті мен мәдениет субъектісі.[7, 68]
Аса көрнекті чех педагогы Ян Амос Коменскийдің еңбектерінде, оның
теориялық идеялары дүние жүзіне кең танымал да, әрі осы күнге дейін өз
маңызын жойған емес. Я.А.Коменскийдің әйгілі Ұлы дидактика атты еңбегінде
балаларды оқытудың негізгі теориялық мәселелері мен оларды ұйымдастырудың
жолдары баяндалды. Англияда Джон Локк (1632-1704), Францияда Жан-Жак Руссо
(1712-1781), Швейцарияда Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827). [5, 105]
Ұлттық педагогикалық теориямыз бен тәрбие мәселелері А.Құнанбаев,
Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов сынды және т.б. кемеңгер ағартушы-педагогтардың
еңбектерінде өз көрінісін тауып, біздің дәуірімізге дейін жетіп, егеменді
ел ұрпағын тәрбиелеуде таптырмас құралға айналып отыр. Сондай-ақ, осы
мәселе жөнінде құнды пікірлер айтып, жастар, әсіресе бастауыш сыныптар
оқушыларын тәрбиелеу мәселелері жөнінде қазіргі заманғы педагог және
әдіскер-ғалымдар Т.С.Сабыров, Р.М.Қоянбаев, С.Рахметова, Ә.Жұмабаева,
Т.Оспанов және т.б. атап айтуға болады,
Адам баласының жарқын болашағы толығымен жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне
тәуелді. Мектепте тәрбиенің басты міндеттері – теориялық білімді еңбекпен,
өмірмен байланыстыра жүргізу, оқушыларды еңбек тәрбиесіне баулу, оларды
экономикалық, экологиялық біліммен қаруландыру, кәсіптік бағдар беруге
тәрбиелеу.
Бастауыш мектеп мұғалімдері өз сабақтарында оқытудың тәрбиелік
функциясын жүзеге асыра ма? Оны қалай жүзеге асыруда? Әлде жоспарға
енгізілгенімен, тәрбиелік мәні ашылмай қала ма? сұрақтарына жауап іздеу
мақсатымен зерттеу жұмысымыздың тақырыбын 2-сыныптың математика
сабақтарында тәрбие функцияларын жүзеге асыру деп алдық.
Зерттеудің объектісі: Бастауыш сыныптағы оқыту үдерісі.
Зерттеудің пәні: 2-сынып математика сабағында оқытудың тәрбиелік
функциясын жүзеге асыру барысы.
Зерттеудің мақсаты: 2-сынып математика сабақтарында оқытудың тәрбиелік
функциясын жүзеге асырудың дидактикалық және әдістемелік жолдарын анықтау.
Зерттеудің міндеті: 1. Оқытудың тәрбиелік функциясының атқаратын
қызметін анықтау.
2. Математика сабақтарында оқытудың тәрбиелік функциясын жүзеге
асырудың әдістемелік жолдарын айқындау.
3. Зерттеу мәселесіне байланысты озық педагогикалық тәжірибені
жинақтау, талдау және өз тәжірибемізде қолданып көру.
Зерттеудің болжамы: Егер оқытудың тәрбиелік функциясы бастауыш
сыныптардың оқу-тәрбие үдерісінде дұрыс әрі орынды жоспарланып, тиімді
түрде іске асырылатын болса, онда оқушыларын теориялық білімді еңбекпен,
өмірмен байланыстыра жүргізуіне, оқушыларды еңбек тәрбиесіне баулуға,
оларды экономикалық, экологиялық біліммен қаруландыруға, кәсіптік бағдар
беруге тәрбиелеуге мүмкіндік туады..
Зерттеу жұмысының жаңалығы: математика сабақтарында оқытудың тәрбиелік
функцияларын жүзеге асырудың дидактикалық және әдістемелік ерекшеліктерін
зерттеу, тәрбиелік функцияны жүзеге асырудың әдістемесін ұсыну.
Зерттеу әдістері:
1. Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді оқып талдау;
2. Бақылау;
3. Әңгімелесу;
4. Озат тәжірибесінен оқып танысу және оны жинақтау.
Практикалық маңыздылығы: жоғары оқу орнының әдістемелік курсында,
бастауыш сыныптардың математика және өзге де пәндерін оқыту барысында
қолдануға болады.
Теориялық және әдіснамалық негіздері: Жеке тұлға және іс-әрекет туралы
философиялық, психологиялық, педагогикалық теориялар; тәрбие мен білім
берудің педагогикалық негіздері туралы ғылыми-зерттеу еңбектері; Қазақстан
Республикасы Білім туралы заңы мен тұжырымдамалары және т.б.
Диплом жұмысы құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.

І. Бастауыш сыныптың оқу-тәрбие үдерісінде оқытудың тәрбиелік
функциясын жүзеге асырудың педагогикалық негіздері.

1.1. Оқытудың функциялары туралы түсінік

Оқыту – қоғамдық құбылыс. Оның міндеттері мен мақсаттары және мазмұны
қоғам қажеттеріне байланысты өзгеріп отырады. Жастарға берілетін білім
мазмұны мен тәсілдерін белгілеуде шешуші роль атқаратын нәрсе – жеке
баланың мүддесі емес, қоғамдық мүдделер мен қажеттіліктер.
Оқыту тәрбиенің басты құралы болып табылады. Оқыту арқылы жастарға
біліммен қатар, белгілі бағытта тәрбие де беріледі. Оқытудан тыс балалар
мен жас өспірімдердің жан-жақты дамуы мүмкін емес. Оқыту процесінде
балалардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, олардың рухани дамуын
жетілдіру – мұғалімдердің басты міндеттерінің бірі.
Оқытудың тәрбиелік сипатын күшейту, ең алдымен, оны өмірмен, еңбекпен
ойдағыдай байланыстыруды керек етеді. Оқу – бала үшін еңбек, оның тәрбиелік
мәні зор. Ол баланы жүйелі түрде ой еңбегімен шұғылдануға дағдыландырып,
оның жігері мен мінезін тәрбиелейді. Оқыту барысында ғылым негіздерін оқып
үйрену, ғылымның тарихымен және оның әдістерімен, ұлы ғалымдардың өмірімен
және қызметімен танысу, мұғалімнің білімі, мәдени дәрежесінің жоғары болуы
оқушыларға тәрбиелік жағынан үлкен ықпал етеді.[9, 7]
Оқыту – таным процесі. Өйткені онда ілгері қарай қозғалыс болады,
оқушы білмеуден білуге қарай жүгіріп отырады. Оқытудағы міндет – оқушыны
табиғат, қоғам және адам дамуының жалпы және негізгі заңдарымен
қаруландыру.
Баланың оқуы – жалпы адамның дұрыс дүние тану процесінің өзгеше бір
формасы. Дүниетану заңдары барлық адамдарға (балаларға да, ересектерге де,
ғалымдарға да), бірдей ортақ болады. Адамның дүние тану әрекеті біріңғай,
бір сатылы емес, диалектикалық сипатта болатындығын және оның белсенді
әрекет екенін есте сақтау керек.
Оқушылардың таным процесі өзіне тән ерекшелігі бар күрделі психикалық
процесс екенін де ұмытпау керек. Оқушының таным әрекеті мұғалімнің
басшылығымен іске асырылып отырады. Оқушы білімді қысқартылған,
педагогикалық тұрғыдан өзгертілген жолмен мұғалімнің және арнайы жазылған
оқулықтардың көмегіне сүйене отырып алады. Дүние тануда оқушы ғалым
адамдармен салыстырғанда өзі жаңадан ғылыми жаңалықтар ашпайды, ол –
ғылымда бұрын ашылған, зерттелінген фактілерді, заңдылықтарды ұғынуға
міндетті.
Оқушының нәтижелі оқуына әсер ететін сыртқы және ішкі күштер немесе
себептер болады. Оқушының білім алуда ілгері қарай басуына себепкер болатын
негізгі күш – түрлі қайшылықтар. Бала білмеуден білуге қарай қадам басқанда
әр түрлі қайшылықтар мен қиындықтарға кездеседі, оларды шешу, жеңу
нәтижесінде оқу міндеттері жүзеге асырылады. Оқыту процесіндегі ең негізгі
қайшылық: ол – педагогикалық міндет – талаптар мен оқушының
мүмкіндіктерінің (білім мен дағдысының және дамуының қазіргі деңгейі)
арасындағы қайшылық. Бұған тағы да оқушының теориялық білі мен
репродуктивтік ойлауы арасындағы қайшылықтар жатады. Осындай қайшылықтарды
шешу оқушының саналы түрде күш-жігері жұмсауын керек етеді және оның
дамуына үлкен әсер болады.
Баланың оқуына күшті әсер ететін себептердің бірі – мотивтер. Мотивтер
деп белгілі әрекетке итермелейтін, бағыттайтын себепті айтады.
Оқушының мотивтері оның қажеттері мен қызығуларына байланысты болады.
Бала жақсы оқу үшін білімнің өмірде керек екенін түсінуі және сол білімге
қызығуы қажет. Мотивтер баланың оқуға деген жағымды сезімдері мен
эмоцияларын тудырады.
Мысалы, оқушының жақсы оқуы мұғалімді жақсы көруіне немесе оның
сабақты қызғылықты жүргізуіне байланысты болуы мүмкін. Оқытудың сапасын
арттыруда балалардың білімге деген қоғамдық мәні бар, перспективалық және
интеллектік мотивтер қалыптастырудың маңызы зор. Бала мұғалімнен немесе ата
– анадан қорыққандықтан емес, болашақта жақсы маман болу қажетінен, Отан
үшін қызмет ету, сол сияқты ақыл-ой еңбегіне сүйіспеншілік, ғылымға
әуесқойшылық сезімнен туатын мотивтердің әсерінен оқуға ынталануы,
талаптануы тиіс. Осыған орай, оқыту процесінде оқушылардың білімге деген
қызығуларын қалыптастыру өте маңызды міндет болып табылады. Педагогика
ғылымының докторы, профессор Г.И.Щукина орта мектеп оқушыларының білімге
деген қызығуларын үш топқа бөледі:
1. Қызығудың анық емес түрі (аморфный интерес)
2. Кең тарапты қызығу.
3. Негізгі, тұрақты қызығу.
Қызығуды осылайша жіктеп қараудың дұрыстығы шүбә келтірмес.
Оқыту үдерісі оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен
құралатын күрделі әрекет. Оқыту – мұғалімнің білім берудегі жетекші әрекеті
болса, оқу – баланың өзінің танымдық, практикалық әрекеті. Оқыту қалай
болса солай жүрмейді, ұйымдасқан түрде жүзеге асырылады. [10, 201]
Оқытудың мазмұны, өзіне тән әдістері, ұйымдастыру формалары мен
нәтижесі болады. Ол – жастарға білім беру мен дағдыны меңгеруді көздейді.
Оқушы білім алу үшін оқу процесінде өзінің танымдық қабілеттерін арттырады.
Кейбір авторлар оқытуға анықтама бергенде, оны оқушының ойлау әрекетін
басқару деп қарайды. Мұндай анықтама дұрыс та сияқты, өйткені шынында да,
оқушының танымдық әрекеттері ішінде ойлау әрекеті жетекші роль атқарады.
Бірақ бұл көзқарас толықтыруды қажет етеді. Оқушының танымдық әрекеті тек
ойлаумен ғана шектелмейді. Оқыту баладан ойлау әрекетімен қатар, басқа да,
психикалық процестерді: сезімдер мен эмоцияларын, мотивтері мен
қызығуларын, жігері мен қабілеттерін т.б. жеке бастық қасиеттерін керек
етеді.
Л.В.Занков оқыту оқушының жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуі қажет
дейді.
Жоғарыда айтылғандар ойдағыдай ұштасса, баладан оқуға деген белгілі
жағымды бейім – оқу әрекетінің стилі қалыптасады. Мысалы, үздік оқитын бала
мен үлгермейтін баланың оқу әрекетінде елеулі психологиялық айырмашылықтар
бар. Үздік оқитын балалар оқу міндеттерін шешуге белсене кірісіп, қалайда
мақсатқа жетудің тиімді тәсілдерін іздеуге тырысса, үлгермейтін балалар
мұндай жағдайда өздерін енжар ұстап, қиындықтардан жалтаруға даяр тұрады,
оларды шешуге күш жұмсамай, жеңіл құтылғысы келеді. Оқуға үлгермейтіндердің
бәріне тән ортақ қасиеттер де бар: олар өздігінен оқу әрекетін және жалпы
психикалық процестерін (зейін, есте қалдыру, ойлау т.б.) дұрыс ұйымдастыра
және басқара алмайды.
Оқыту үдерісінде бала мұғалімнің әсерін қабылдаушы ретінде объект
болса, ал оқу әрекетін және барлық психикалық процестерін басқару,
ұйымдастыра білу (іс-әрекетін жоспарлай білуі, бақылауы, бағалауы, өзін –
өзі тәрбиелеу) жағынан алғанда, оқушыны субъект деп қараймыз. Оқыту
процесінде бала логикалық ойлау әрекетінің жалпы тәсілдерін қолдануға және
дербес творчестволық әрекет жасауға үйренеді. Бұдан шығатын қорытынды:
оқыту баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді деген сөз. Оқыту бала
дамуының негізі болып табылады. Сондықтан оқыту мен дамудың арасында тығыз
байланыс болады. Бұл ретте көрнекті кеңес психологы Л.С.Выготскийдің мына
сөздерін еске алған жөн. Жақсы оқыту –, деп ол, – бала дамуынан ілгері
жүретін, оны жетекке алатын оқытуды айтады.
Л.С.Выготский баланың кешегі күнгі дамуына емес, ертеңгі күнгі дамуына
қарау керек деп ескертеді, осыған орай, ол бала дамуының екі зонасы
болатынын айтады. Бірінші зона - бала дамуының қазіргі қол жеткен сатысы,
осыған қанағаттанып қоймай, мұғалім оқушыларды болашақтағы дамудың ең жақын
сатысына (екінші зонаға) жеткізуге міндетті, –дейді.
Бұл орайда мұғалім бала дамуының мынадай негізгі белгілерін
(дербестігін, шығармашылық іс – әрекетін, диалектикалық ойлауы т.б.)
байқап, оқушылармен жеке – дара жұмыстар жүргізуі қажет. Сонымен, сайып
келгенде оқытудың атқаратын негізінен үш функциясын атап кету керек:
Бірінші – білімдік (ғылым негіздерімен қаруландыру);
Екінші – тәрбиелік (адамгершілік, имандылық қасиеттерді қалыптастыру);
Үшінші – дамытушылық (баланың таным қабілеттерін арттыру);
Оқушының білім дағдыны меңгеру жолы – өте күрделі және уақытты керек
ететін үдеріс. Ол – мұғалім мен оқушы тарапынан әр алуан, жан – жақты
әрекет жасауды талап етеді. Білім алу – оқу материалын есте қалдыру ғана
емес. Білім мен дағдыны меңгеру үшін оқушы жан – жақты ойлау және
практикалық әрекет жасайды.
Білім деп адамның табиғат пен қоғам заңдарын тануының нәтижесін,
басқаша айтқанда, әрбір ғылым саласында жиналған фактілер мен ұғымдар,
заңдылықтар жүйесін айтамыз.
Білімнің практикалық тәжірибеде қолданылуы икемділік немесе
іскерлікпен және дағдымен байланысты болады. Икемділік деп – білім
негізінде оқушының белгілі әрекетті орындай алу бейімділігін айтамыз.
Икемділік қандай да бір іске деген шеберліктің негізі болып табылады. Дағды
деп – әрекеттің саналы түрде автоматтану дәрежесіне жетуін айтады, яғни
автоматтанған әрекет. Жаттығу нәтижесінде әрекеттер үйреншікті іске
айналады да, оны орындау жеңіл, жылдам іске асады. Икемділік пен дағды
білім мен тәжірибеге негізделеді. Оқу жұмысында олардың маңызы өте зор.
Өйткені икемділік пен дағды оқушының алған білімінің қаншалықты берік
екендігінің белгісі болып табылады. Оқу пәндерінің ерекшеліктеріне қарай
оқушыларда түрлі икемділік пен дағды пайда болады. Ол бірнеше топқа
бөлінеді:
- интеллектік пен дағды (оқу, жазу, есептеу, картамен, кітаппен жұмыс
істей білу т.б.);
- еңбекке икемділік пен дағды (сызба, оқи білу, еңбек құралдарымен
жұмыс істей білу т.б.);
- спорттық икемділік пен дағды;
- өнерге деген икемділік пен дағдылар т.б.
- Оқыту үдерісінің структурасы (құрылымы)
Оқушылар білім мен дағдыны меңгеру үшін, мұғалім олардың оқу әрекетіне
басшылық етуге тиіс. Оқу үдерісінің мақсаттарына сәйкес баланың оқуы
белгілі жүйедегі іске айналады. Мұндай жүйені оқу процесінің структурасы
немесе құрылымы деп мұғалімнің басшылық ету әрекеті мен оқушылардың таным
әрекетінің ерекшеліктеріне байланысты оқытудағы қалыптасқан басшылық жасау
жүйесін айтады.
Мектеп тарихының басталуынан қазіргі кезге дейін оқыту үдерісінің,
негізінен, үш түрлі структурасы қалыптасқан деуге болады.
Оның біріншісі – догматикалық оқу деп аталады. Мұндай оқытудың
структуралық белгілері мыналар: мұғалім білімді түсіндірмей дайын түрде
береді, оқушылар білімді түсінбей, ұқпай тек жаттап алады да, сон қайталап
айтып береді. Оқушының есте қалдыру қабілеті ғана қалыптасады. Мұндай оқу
көбінесе орта ғасырларда басым орын алған.
Екіншісі – түсіндірмелі оқу немесе ақпараттық оқу. Мұндай оқытудың
структуралық белгілері мыналар: мұғалім білімді түсінікті де дәйекті етіп
айтады. Көрнекілікпен кең түрде жұмыс істелінеді. Оқушылар материалды
түсініп, ұққанын есте қалдыруға тырысады.
Оқытудың мұндай сипаты оқушылардың есте қалдыру қабілетінің де дамуына
әсер етеді. Оқушылар өткен материалдарын бәрін түгелдей жаттап алмай оның
мән – мағынасына түсініп, өз сөздерімен қорытып, еркін айтып беруге
үйренеді. Сөйтіп, олар алған білімдерін практикада қолдануға, өздігінен
түрлі жұмыстар орындауға (мысалы, жаттығулар, графикалық жұмыстар,
шығармалар жазу т.б.) бейімделеді. Оқудың мұндай жүйесі ХІХ ғасырдың аяғы
мен ХХ ғасырдың басында пайда болған.
Үшіншісі – проблемалық оқыту. Проблемалық оқытуды оқытудың жеке түрі,
әрі оның бір кезеңі ретінде қарауға болады. Оның оқытудың бір кезеңі
болатын себебі: ол жаңа оқу материалын түсіндіру кезінде жиі қолданылады.
Мұндай оқытудың ерекшеліктері: оқушыға дайын білім берілмейді, ол
берілген оқу міндеттерін, проблемаларды өзі іздену арқылы шешуге тиіс.
Проблемалық оқытудың артықшылығы – оқушылардың әсіресе логикалық ойлау
қабілетін арттырады, оларды өздігінентворчестволық жұмыс істеуге
тәрбиелейді.
Проблемалық оқытудың – соңғы кездерде кең таралған оқу жүйесінің бірі.
Оны ойдағыдай іске асыру үшін ұсынатын проблемалық сұрақтар жүйесін жасап
шығу қажет.
Қазіргі мектептерде кейінгі екі түрі (информациялық және проблемалық
оқыту жүйесі) кең түрде қолданылады.
Оқыту үдерісінің структурасы дидактикалық белгілі буындардан немесе
кезеңдерден құралады:
- оқушыларға берілетін білімнің мақсаты мен қажетін түсіндіру және
оларды әрекетке бағыттайтын мотивтерді туғызу. Осыған орай, оқу
міндеттерін (тапсырмаларды) анықтау;
- оқушыларға жаңа оқу материалдарын қабылдауға басшылық ету;
- оқушының санасында білімнің қорытылып, ғылым ұғымдар мен
тұжырымдардың қалыптасу процесіне басшылық ету;
- берілген білімді бекітуге басшылық ету;
- білімді практикада қолдануға басшылық ету;
- оқушылардың білімі мен дағдысын есепке алу, тексеру және бағалау.
Оқу үдерісінде мұндай басқару жүйесінің болуы оқушылардың білім
алудағы таным әрекетінің ерекшеліктеріне байланысты. Олардың оқуына жүйелі
басшылық ету нәтижесінде олар білімді меңгереді немесе, басқаша айтқанда
ұғыну пайда болады.
Оқу материалын ұғыну үдерісі оқуға ынта қою, оқу материалын қабылдау,
ойша қорыту, есте қалдыру, қайталау сияқты бірнеше психикалық процестердің
жиынтығынан тұрады. Оқу үдерісінің дидактикалық буындары бір-бірімен өте
тығыз байланысты болады. Әр буын оқытудың жалпы және нақты мақсаттарына
сәйкес қолданылады. Мысалы, жаңа білімді баяндау кезінде оның мазмұнын
қабылдау мен қатар, ойша қорытып, ғылыми тұжырымдар жасайды және оны
практикада қолдануы мүмкін.
Сол сияқты білімді бекіту кезеңінде жаңа білімді қайталау, жаттығу,
практикада қолдану сияқты оқу процесінің құрамды элементтері бірлестіріліп
қолданылады.
Ұйымдастыру жағынан алғанда, дидактикалық әр кезеңнің өзіне тән
ерекшелігі бар.
Қазіргі заман талаптарына сәйкес мектепте тәрбие мәселесі бірінші
кезекке қойылып отырғандықтан, тәрбиелей отырып оқыту, оқушыға
адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ой және дене тәрбиесін беру міндетін іске
асыру қажет.
Бастауыш сыныптарда оқыту мен тәрбиелеудің бірізділігі, жүйелілігі,
бірлігі ажыратылмайды. Себебі тәрбие де, оқу да жан-жақты дамыған
қалыптастыру мақсатын көздейді. Оқытудың басты мақсаты біліммен қаруландыру
болса, сол білімді оқушы зердесіне сенімділікпен сіңіруді, адамгершілік
нормаларына сәйкес келетін мінез-құлықтарды, дағдылары мен әдеттерді, ынта-
ықыластарды қалыптастыратын тәрбие.
Мектеп өмірінде саяси-идеялық тәрбиеге басым көңіл аударылды да, бесік
тәрбие – халық педагогикасына аз мән берілді. Этикалық, эстетикалық
тәрбиелерге жауапкершілікпен қарау болмады. Адамгершілікке тәрбиелеуде
бірыңғай желсөзділікке жол берілді. Оның өз оқушылардың түсініктеріне кері
әсерін тигізді. Себебі төменгі сыныптарда адамгершілікке тәрбиелеу,
білімберу нормалары баланың өзін қоршаған өмір, әдебиеттегі айқын мысалдар
және өмірден алынған тәжірибеге сүйеніп түсіну сезіміне әсер ететіндей
дәрежеде жүргізілген жоқ.
Оқыту ең алдымен ақыл-ой тәрбиесімен тығыз байланысты болады. Ақыл-ой
тәрбиесі балаларға білім берумен қатар, олардың танымдылық қабілеттерін
(байқағыштық, зейінділік, зеректік, еске сақтау, творчестволық қиял,
сөйлеу, ойлау) қалыптастыруға көмектеседі. Балаларға дұрыс тәрбие беру
үшін, ең алдымен оның мақсаты мен міндеттерін анықтап алу қажет. Ол үшін
қандай тәрбие беру керек және не үшін? – деген сұраққа жауап беруге
тиіспіз.
Тәрбиенің мақсат міндетіне сай белгілі амал-тәсілдер қолданылады.
Тәрбие – екі жақты үдеріс. Ол тәрбиеші мен тәрбиеленушінің іс-әрекетінен
тұрады. Тәрбиешінің дұрыс басшылығымен қатар баланың сыртқы әсерге деген
белсенді жауабы және өзіне деген белсенді әрекетінің болуы заңды нәрсе.
Бірақ балаға тек сыртқы ықпалдың пассив объектісі ретінде қарауға болмайды,
ол ересек адамдар жасап отырған әсердің бәріне бірдей қатынаста болмайды,
ол бұл әсерлердің ішінен, ең алдымен, өз қажеті мен тілегіне сай түрлеріне
ғана ерекше мән беріп, соған ғана ойдағыдай жауап қайтарады. Осыған орай,
балаларды тәрбиелеуде олардың жасының және жеке басының ерекшеліктерін
ескере отырып, белсенділігі мен дербестігін арттырудың маңызы зор.
Отбасы мен мектеп тығыз байланыста болғанда ғана балаларға берілетін
ақыл-ой тәрбиесі нәтиже береді. В.А.Сухомлинский ақыл-ой тәрбиесін дұрыс
ұйымдастырудың негізгі мынадай жолдарын атап көрсетеді:
- әрбір мұғалім – тәрбиеші. Өйткені оқушылар мен мұғалімдер ұжымының
арасында рухани бірлік болғандықтан, оқыту тек білім беру емес,
сонымен қатар түрлі қарым – қатынастар жасау процесі де. Мұғалімдер
мен оқушыларды ортақ интеллектік, моральдық, эстетикалық, қоғамдық –
саяси мүдделер біріктіреді;
- сабақ – білімге құмарлықпен моральдық сенімділік тудыратын бірінші
күш;
- әрбір мұғалім жеке оқушыға дара әсер ете білуі керек. Ол өз үлгісімен,
білімімен, рухани байлығымен оқушыны әр нәрсеге қызықтыруға,
талаптандыруға міндетті;
- ақыл-ой тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру ұжым мен жеке бастың жан – жақты
интеллект өміріне негізделген оқуты процесіне байланысты. Дұрыс
ұйымдастырылған тәрбие нәтижесінде оқушы – жеткіншек өз білімін,
рухани байлығын басқаларға беріп және басқалардан өзі алғысы келу
қажеттілігі сезінетін болады;
- барлық амалдардың білім алуға, ақыл-ой еңбегімен шұғылдануына қабілеті
жетеді. Ақыл-ой еңбегінің өзіне тән қуанышын сезуі үшін сабақта
білімнің тек қарапайым негіздерін беріп қоймай, баланың тілек-
талаптарына қарай білімді кең көлемде, түрлендіріп, жаңартып отырған
жөн;
- егер бала берілген артық білсе, оның қуанышын сезімі арта түседі. Бала
оқуға үлгермесе, оның кемшілігін қайта-қайта бетіне басып, оны
қабілетсіз, жалқау дегеннің орнына оның мүмкіншіліктеріне сенім
білдіріп, коллективтік ақыл-ой еңбекке тартып, көмектесіп отыру
пайдалы;
- оқушыларды дербес білім алуға тәрбиелеу міндет [9,12б].
Қазіргі заман талаптарына сәйкес мектепте тәрбие мәселесі бірінші
кезекке қойылып отырғандықтан, тәрбиелеп отырып оқытуға, оқушыға
адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ой және дене тәрбиесін беру міндетін іске
асыру қажет.
Адам баласының іс-әрекетінде үдеріс термині жиі кездеседі. Мысалы,
еңбек үдерісі, технологиялық үдеріс, биологиялық үдеріс т.б. Олай болса,
жалпы үдеріс, сонымен бірге оқыту үдерісі дегеніміз не?
Үдеріс бұл ілгері қарай қозғалыс және қандай болса да нәтиженің
жетістігіне бағытталған бірізділік әрекетінің жиынтығы болып табылады.
Оқыту үдерісі терең, берік және дәл білім алу таным жолындағы
оқушылардың қимылына байланысты. Оқыту үдерісі – бұл мұғалім мен
оқушылардың мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесуінің барысында шәкірттерге
білім беру міндеттерін шешу. Оқыту үдерісі – тұтас педагогикалық үдерістің
бір бөлігі.
Оқыту үдерісінде оқушылардың ақыл-ойы дамиды, танымы, практикалық
іскерлігі және дағдысы қалыптасады. Оқыту үдерісін басқару үшін оның
жүйесін, құрылымын, бөліктерін және заңдылықтарын, олардың өзара байланысын
жете білу керек. Оқыту үдерісі жүйе ретінде қарастырылады, ол өзінің
белгілі құрылымы және бөліктерімен сипатталады. Олар:
1. Ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі (білім беру
мазмұны).
2. Мұғалім, оның өмірге, ғылымға көзқарасы және оқушыларман қарым-
қатынасы (сабақ беру).
3. Оқушылар, сынып ұжымы(оқу іс-әрекеті).
4. Оқыту әдістері.
5. Оқытудың материалдық құралдары: дидактикалық және оқытудың техникалық
құралдары.
6. Оқыту нәтижелері.
Білім – адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды,
табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне
айналдыру үшін, оны ойлау операциясы – талдау, синтездеу, салыстыру, жіктеу
және жинақтау арқылы терең ұныну қажет. Оқушы ойлау операциясына сүйеніп,
өз білімін шындыққа айналдырады. Бұл дамытып оқытудың негізгі ережесі, яғни
оқушылардың таным іс-әрекетін даыту, оларды өз бетімен ізденуге, зерттей
білуге және жаңа білімді еркін игеруге үйрету.
Іскерлік – алған білім негізінде оқушылардың практикалық әрекеті іске
асырылады. Білімсіз қандай болса да іскерлік мүмкін емес. Мысалы, сауатты
жазу үшін грамматикалық ережелерді білу керек.
Дағды – бұл қайта-қайта орындалатын практикалық әрекетке машықтандыру.
Мысалы, тез оқу дағдысы – жүйелі түлде жаттығу нәтижесі.[8, 202]
Сонымен, оқу үдерісінде білімнің, іскерліктің және дағдының өзара
байланысы, бірлігі оқушылардың таным қабілетінің (зейін, байқағыштық, ес,
қиял, ойлау) дамуына мүмкіндік туғызады.
Оқыту – екі жақты үдеріс, онда мұғалім мен оқушылардың ынтымақтастық
іс-әрекеттері жүзеге асырылады. Мұғалім оқушыларды білім алу әдістері мен
тәсілдеріне үйретеді. Бұл – сабақ беру үдерісі.Оқушылар сабақта түрлі іс-
әрекеттерінің барысында дамиды, олардың ғылыми көзқарастары қалыптасады.
Бұл – оқу үдерісі. Оқу – бұл оқушылар іс-әрекеттерінің яғни объективтік
әлемді танудың ерекше формасы.
Оқыту үдерісінің қозғаушы күштері оқытудың барысында қойылатын таным
және практикалық міндеттер мен оқушылардың нақты білімі мен іскерлік
дәрежесі және ақыл-ой дамуының арасындағы қайшылық. Егер қойылған
міндеттерді шешуге оқушылардың шамасы келмесе, онда қайшылық оқытудың және
дамудың қозғаушы күштері бола алмайды. Қайшылық қозғаушы күштері ретінде
пайда болу үшін қажетті шарт, ол оқушылардың ықтимал мүмкіндіктеріне сәйкес
келуі қажет.
Оқыту үдерісінің өзіне тән функциялары бар. Олар оқытудың білім беру,
оқытудың тәрбиелілік, оқытудың дамыту функциялары.
Оқытудың білім беру функциясы – бұл адам баласын білім байлығымен
қаруландыру, оны өз бетімен білім алуға іскерлік пен дағдыны игеруге
даярлау. Қазіргі кезеңде білімді толық игеру үшін негізгі талаптарды еске
алған жөн. Олар:
- білімнің толықтылығы – негізгі идеяларға түміну үшін оқыту процесінің
негізгі звеноларын, яғни танымдық іс-әрекетінің кезеңдерін іске асыруды
қамтамасыз ету;
- білімнің жүйелілігі, үйлесімділігі, қисынды бірізділігі;
- білімнің ұғымдылығы – оқушылардың өз бетімен ізденіп, білімді меңгеру
үшін олардың ойын дамыту;
- білімнің әрекеттілігі – жаңа білім алу үшін бұрынғы білімді шеберлікпен
пайдалану мүмкіндігін жасау.
Сонымен, оқытудың білім беру функциясы қазіргі кезде ғылым негіздерін,
іскерлікті, дағдыны игерген жоғары білімді адамды дайындауда әлеуметтік
міндетті шешуге бағытталуы қажет.
Оқытудың тәрбиелік функциясы – оқытудың тәрбиелік ықпалы жайындағы
идея Я.А.Коменскийдің, И.Ф.Гербарттың, Ф.А.Дистервегтің, Н.И.Пироговтың
және К.Д.Ушинскийдің еңбектерінде мазмұндалған.
И.Ф.Гербарт оқыту адамгершілік тәрбиесінсіз мақсатсыз құрар деп
тұжырымдады.
Н.И.Пирогов пен К.Д.Ушинский алғаш рет педагогика тарихында оқытудың
тәрбиелік сипатын, оның ғылыми мазмұнына тәуелді деді.
К.Д.Ушинскийдің педагогикалық теориясында оқыту және оқу тәрбиенің
құдіретті құралы деп айтылған. Тәрбиелей отырып оқыту, Ушинскийдің айтуы
бойынша, дамытып оқыту, яғни адамның байқағыштығын, ойын, есін, қиялын
дамыту, оны әлеуметтік және еңбек іс-әрекетіне дайындау. [8, 203]
Тәрбиелей отырып оқыту, ғылыми-теориялар мен ережелердің оқушылардың
дүниетанымы мен сеніміне айналуын сипаттайды, мораьдық нормаларды, мінез-
құлықты игеруін қамтамасыз етуге әсер етеді. Оқыта отырып тәрбиелеу,
оқушыларды өмірге, білім алуға тәрбиелейді, ақыл-ой қабілетін дамытады,
адамгершілік қасиетін қалыптастырады.
С.И.Шохор-Троцкий (1853-1924) бастауыш сыныптарда арифметиканы
оқытудың үш мақсатын бөліп көрсетті: білім беру, тәрбиелік, практикалық..
Ол арифметиканы оқыту барысындағы тәрбие берудің мақсаты оқушыларды ақыл-
ой мәдениетіне тәрбиелеуді, оны ұрпақтың бойына дарытуды көздейді деп атап
айтты. мысалы,- деп жазды ол,- берілген құбылыстардың арасында қандай да
бір сандық байланыс бар ма деп өзіңе сұрақ қоя білу әдетінің өзі
математикалық білім арқылы мүмкін болады. Ол оқушылардың функционалды
ойлау қабілеттерін дамытуда, жүйелі түрде дұрыс ой қорыта білуге
тәрбиелеуде және жеке тұлғаның көптеген жағымды қасиеттерін тәрбиелеуде
арифметиканың тәрбиелік әсері мол деп көрсетті.[9, 48]
Сонымен оқыту, оқушыларды терең біліммен қауландыруды, ғылыми
көзқарастарын дамытады және тәрбиелейді.
Оқытудың дамыту функциясы. Белгілі психологтар Л.С.Выготский мен С.Л.
Рубинштейн ұсынған тұжырымдамасы бойынша жеке адамның дамуы тәрбие мен
оқыту үдерісінде жетіледі. Тәрбие мен оқыту дамуды артына салып отырады..
Оқыту дамыта және тәрбиелей отырып жеке адамның таным-қабілетін
мақсатқа сәйкес жетілдіреді. Оқытудың осындай басты міндеттерінің бірі –
шәкірттердің таным-қабілетін дамыту.
Дамытып оқыту – бұл оқушылардың таным іс-әрекеттерін барынша дамыту,
яғни олардың ой-өрісін дамыту, өз бетімен жаңа білімді іздеп табуға және
оны еркін игеруге үйрету.
Таным-қабілетін дамыту туралы Ресей ғалымдарының (Н.Дайри,
Т.И.Махмутов, Л:В.Занков, М.Н.Скаткин, И.А.Лернер, А.Н.Пискунов т.б)
тұжырымды ұсыныстары мен пікірлері бар. Олардың идеяларының мәні мына
төмендегіге саяды:
1. Таным қабілетінің дамуы – бұл барлық мұғалімдердің барлық пәндер
бойынша оқыту үдерісіндегі мақсаттылық іс-әрекеті.
2. Оқушыларға білім беру және объективтік шындықты тану мәселелері
жайындағы оқулықтың ролі.
3. Оқытудың әдістері мен формаларын жетілдіру.
4. Мұғалімнің теориялық дайындығы, педагогикалық шеберлігі, білімдарлығы
оқушылардың таным іс-әрекетін дамытудың шешуші құралдарының бірі.[8,
203]

Сурет 1. Оқытудың функциялары.
Оқытудағы басты мәселе тек оқушының игеретін білімі деп қарауға
болмайды. Білім беру функциясының мазмұнын бағдарламалық оқу материалын
оқыту барысында оқушының меңгеретін білімі, білігі мен дағдылары құрайды.
Оқу пәндерінің жиыны, олардың оқу бағдарламасында көрсетілген мазмұны
оқушыға берілетін білімнің деңгейін анықтайды. Оқытудың білім беру
функциясын жүзеге асыру оқу пәндері мен бағдарламалар мазмұнының шартын
білдіреді.
Тәрбие функциясының мазмұны оқыту үдерісінде адамның қоғамдық мәніне
тән көзқарас пен сенімдерді, диалектикалық-материалистік дүниетануды, саяси-
идеялық, адамгершілік, ерік, эмоционалдық, эстетикалық, денсаулық сапаларын
қалыптастыруды қамтиды. Бастауыш оқыту адамның қоғамдық мәнінің жан-жақты,
үйлесімді дамауының негізін қалайды.
Дамыту функциясының мазмұны танымдық-психикалық процестер мен адамның
қоғамдық мәні қасиеттерінің, логикалық тәсіл, операция, пікір, ақыл-ой
қорытындысының, танымдық белсенділік, мүдде, қабілеттердің қалыптасуын
қамтиды. Бастауыш оқыту үдерісінде оқытудың функциясын жүзеге асыру жоғары
жүйке іс-әрекеті қасиеттерінің, баланың танымдық және интеллектуалдық
мүмкіндіктерінің дамуын қамтамасыз етеді.[10, 202]
Оқушының білім алуы, тәрбиеленуі және дамуы үздіксіз байланысты. Бірін
екіншісінен артық не кем деп қарауға болмайды. Білім беру, тәрбие және
дамыту функцияларының бірлігі оқушының қоғамдық мәнінің жан-жақты,
үйлесімді қалыптасуының негізгі шарты болып табылады.--

1.2. Педагогика теориясындағы тәрбиенің түрлері және бастауыш
сыныптарда оқытудың тәрбиелік функциясын жүзеге асырудың мүмкіндіктері
Еліміздің болашағы – ұрпақ тәрбиесінде. Өркениетті қоғам мен құқылы
мемлекеттің қалыптасуы ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін
ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі талап етеді.
Қоғамымыздың іргесін нығайту мақсатында ең алдымен адамгершілік,
іэгілік, имандылық тәрбиесін көркейту қажет. Оның негізгі мұраты – баланы
жастайынан әлеуметтік ортада мәдениетті қарым- қатынас жасай білуге үйрету,
үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсетуге, елжандылыққа баулу.
Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық
тәжірибесі ізгі қасиеттердің жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған
ортадағы қарым- қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған
сай мінез- құлқын қалыптастыру.
Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана- сезімі оянған,
рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар- ожданы мол,
еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды
тәрбиелеу.[8]
Қазіргі таңда оқу-тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар
білім мен тәрбие жұмысын қайта құруды міндеттейді. Осыған байланысты
мектептің алдына қоятын басты мәселелерінің бірі – өркениетті- прогресшіл
бағыттағы азаматтық-адамгершілік қасиеттері мол, сондай-ақ ұлттық тілін
жоғалтпаған өзге тілдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын
биік, өрені терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Педагогика теориясында тәрбиенің төмендегідей түрлері бар екені
белгілі: құлық тәрбиесі; ақыл-ой тәрбиесі; еңбек тәрбиесі; экономикалық
тәрбие; экологиялық тәрбие; эстетикалық тәрбие; дене тәрбиесі; құқықтық
тәрбие.

Сурет 2. Тәрбие және оның түрлері.
Ендігі ретте біз осы тәрбие түрлерінің әрқайсысына тоқталайық.
Бүгінгі күні ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында ізгілік, яғни
адамгершілік тәрбие шешуші фактор болуы заңдылық.
Адамгершілік тәрбиесі – бұл тәрбиеленушінің қоғамдық мораль
талаптарына сай санасына, сезіміне, әдет-қылығына, мақсат бағытына жүйелі
түрде ықпал ету. Адамгершілік дегеніміз – жағымды мінез-құлқының нормалары
мен ережелерінің жиынтығы. Қазіргі мектепте адамгершілік тәрбиесінің
мазмұны жалпы адам құндылығын жоғарылату қажеттілігінен көптеген
өзгерістерге бет бұрды.
Адам баласы бойындағы асыл қасиеттері мен жағымсыз қасиеттері
жөніндегі күні кешегі данакөз қариялар, ақылман ата-бабаларымыздың бізге
қалдырған өсиет-өнегесін көлденең тартсақ, бүгінгі мен ертеңгі ұрпақ содан
тағлым, тәрбие алсын дегеніміз – адамгершілік тәрбиесіндегі халықтық
тәрбиенің маңыздылығын тағы бір айғақтайтын бір ойымыз.
Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері –
оқушылардың белсенді өміршілік, саналық көзқарасын, сөз бен істің бірлігін
адамгершілік нормаларынан ауытқуларға жол бермеуді қалыптастыру. Ол баланың
жеке басын қалыптастырушы дамудың аса маңызды бір саласы. Бұл арқылы
Отанға, еңбекке қатынасын айқындайды. Тәрбиелі ұстаз шәкірттерге жан-жақты
тәрбиені де осы адамгершілік тәрбиесінен бастайды.
Себебі, бұл оның адамгершілік сезімін, сенімін белгілі мақсатқа,
бағытқа жетелеу іс-әрекетін ұйымдастыруды жетілдіреді. Сонда ғана ұстаз
шәкірттердің ізгі-ниеттілігін, адамдығын, кішіпейілділігін қалыптастырады.
Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершілік сезіміне, тәрбиесіне баулу,
олардың бір-бірімен достық-жолдастық қарым-қатынасының нығаюын қарастыру,
олардың әрдайым жақсы қатынаста болуын қамтамасыз ету – адамгершілік
сезімінен туады. Адамгершілік тәрбиесі бірнеше міндеттерді шешуге
көмектеседі:
- өмір талабына сай қоғамның моральдық нормасын орындауға лайықты
шәкірттерді тәрбиелеу;
- оқушының бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру;
- оқушылардың санасына және мінезіне ұстаздық ықпал жасау;
- Отанға, халқымызға, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке тәрбиелеу
[12, 115].
Бастауыш сыныптар оқушыларына берілерін тәрбие түрінің келесісі – ақыл-
ой тәрбиесі.
Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі құралы
болып келеді.
Ақыл-ой тәрбиесі – тұлғаның жан-жақты дамуының негізі. Ақыл-ой
тәрбиесі еңбек өнімділігін арттыруға, еңбектің шығармашылығына зор ықпал
жасайды. Ең бастысы ол ғылым мен техниканың, мәдениеттің жедел дамуының
қайнар бұлағы екендігін үнемі есте ұстағанымыз жөн.
Ақыл-ой тәрбиесі адамның таным қабілетін дамытып, білім қорын игеруіне
жол ашатын тәлім-тәрбиенің негізгі бір саласы. Ақыл-ой тәрбиесі арқылы
оқушылардың оқып, білім алуына, іс-әрекетін бағыттау сана-сезімнің дамуына,
ғылыми негіздерін меңгеруіне бағыт-бағдар бере отырып жеке тұлғаны қоғамның
өркениетті даму бағытына сай жан-жақты тәрбиелеудің құрамды бөліктерінің
бірі.
Ақыл-ой тәрбиесінсіз дүниеге адамгершілікті көзқарас, саналы тәртіп
пен орынды мінез-құлық, еңбек нәтижесі, экономикалық білімдер, дағдылар,
тіршілік ету ортасы, табиғат және қоғам құбылыстарына, талғампаздық, дене
күш-қуатын арттыру жолдарын білу, қоғам өмірінің құқықтық негіздерін игеру
мәселелерін шешу мүмкін емес.
Ақыл- ой тәрбиесі мынадай міндеттерді көздейді:
- оқушыларды қазіргі заман талаптарына сай ғылым негіздерімен терең
және берік қаруландыру;
- білім беру негізінде оқушыларда ғылыми- материалистік көзқарасты
қалыптастыру;
- балалардың таным қабілеттерін дамыту, олардың ойлай білуін, қиялы
мен түйсігін дамыту;
- оқушыларды ғылымның кейбір қарапайым әдістерімен таныстырып,
өздігінен оқудың тиімді амалдарын меңгеуге үйрету;
- балалардың білімге қызығуын арттырып, олардың бойында өздігінен
білім алуды молайтуды қажетсінуді қалыптастыру;
- ақыл- ой еңбегінің жалпы мәдениетін арттыру.
Ақыл-ой тәрбиенің мазмұнын табиғат, қоғам және адам туралы, қазіргі
кездегі өндірістің негіздері жайлы білімдер жүйесі құрайды.
Қорыта айтқанда, ақыл-ой тәрбиесі – адам зиялылығының негізі. Ақыл-ой
тәрбиесіне екі ұғым кіреді: зер салып ойлау және ақыл-ой күштері.[12, 118]
Ақыл-ой тәрбиесінің ең басты құралы – оқыту. Ақыл-ой күштерін оқыту
барысында дамыту оқу материалының мазмұнын игеру, зиялылық біліктерді
қалыптастыруға көмектесетін ойлау операцияларына қатыстыратын, оқу
әрекеттерінің орындалатын танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы
жүреді.
Еңбек арқылы адамның денесі, көзқарасы, эстетикалық және ақыл-ой
деңгейі дамып, жетіледі, еңбектің мәні және құндылығы артады. Еңбек туралы
А.Құнанбаев өзінің қырық үшінші сөзінде былай дейді: Адам әрқашан еңбек
үстінде болуы керек, кідіріп қалудан барып, адам мерт болады. Жан қуатымен
адамның өнерлері де күнде тексерсең, күнде асады. Көп заман тексермесек,
тауып алған өнеріңнің жоғалғандығын және өзіңнің ол мезгілдегіден, бір
басқа адам болып кеткеніңді білмей қаласың..., онан соң қайта кәсіп қылуға
болмайды. [13, 350] Ал көрнекті орыс педагогы А.Макаренко: Адамда бір
ғана мамандық болуы тиіс, ол нағыз мәнді адам деген атаққа ие болу екенін
сен кейіннен түсінетін болсаң, онда мамандық жайында ерекше толғанып
жатпайсың. ... қандай маман болсаң да адал, еңбекке қабілетті, зейінді,
ойлы болуың қажет. Тек сонда ғана қандай мамандық болса да, зор және
маңызды болмақ... - дейді. [14, 49]
Еңбек – адамның заттық және рухани қажеттігін қанағаттандыруда, дене
және рухани күшін дамытуға бағытталған саналы, мақсатты, жасмпаздық және
интеллектуалдық әрекеті. Адамның еңбегі арқасында бүтіндей заттық және
рухани игіліктер жасалынады; еңбек процесінде адам баласының өзі жетіледі,
оның тұлғасы қалыптасады.
Қоғамның ең басты талаптарының бірі – әр азаматтың өмірде өз орнында
толық күш-жігерін жұмсап, қоғамдық байлықты еселей түсуге еңбек үлесін
қосуы, еңбекке адал, саналы қатынасу қоғамның өмір салтының алғы шарты
болып табылады. Ол үшін еңбекке лайықты тәрбиеленуі керек.
Мектепте еңбекке тәрбиелеудің басты міндеттері: біріншіден, еңбек
сүйіспеншілікпен еңбек адамдарына құрметпен қарау; екіншіден, оқушыларды
халық шаруашылығының салаларындағы еңбектің түрлерімен таныстыру, еңбек іс-
әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру;
үшіншіден, мамандықты таңдауға дайындау.
Еңбек ету – бұл жай ғана еңбекке үйрену емес, бұл адамгершілікті адам
тәрбиесінің жоғары деңгейі еңбек үдерісіне құштарлық, еңбек етуге әзірлік,
жұмысты істей білу,- деді Н.Крупская.
Еңбек – әрбір жеке адамның өмірі үшін қажетті материалдық рухани
құндылықтарды жасауға бағытталған адам қызметі. Олай болса, еңбек өмір
сүрудің, танымның, қуаныш пен шығармашылықтың көзі. Сондықтан оның адам
өмірінен алатын орны мен адамдардың еңбек үрдісі туралы оқушы білімін үнемі
толықтырып, байытып отыруда оқушыларды еңбекке баулудың маңызы зор. Әрбір
адам еңбек арқылы өз орнын тауып, өмірде не нәрсеге қабілетті екенін
сезініп түсіне білуі тиіс.
Олай болса, еңбек тәрбиесі дегеніміз – оқушылардың еңбек әрекетін
ұйымдастыру және оның әр түрімен ынталандыру үдерісі, атқарып отырған
жұмыстарына оларда шынайы жағымды қарым-қатынастарын орнату, жоғары
нәтижеге жетуге дейін белсенділіктері мен шығармашылықтарын ояту.
Еңбекті сүю – еңбек тәрбиесінің, оқытудың және кәсіби бағдардың
нәтижесі болып, кез-келген жұмысты атқара алатын және оған адал ниетімен
тырысатын, еңбек әрекетінде кездесетін қиындыққа мойымай, жеңе алатын
тұғалық сапа ретінде анықталады.[12, 121]
Тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланысты түрі – экономикалық
тәрбие. Экономикалық тәрбиенің негіздері еңбек тәрбиесінде жатыр. Оқушының
еңбекті қажетсінуі, еңбек сүйгіштігі, қоғамдық еңбектегі белсенділігін,
саналы еңбек тәртібін және басқа да моральдық сапаларын қалыптастыру
экономикалық тәрбиенің алғы шарттары болып табылады.
Экономикалық білім беру оқушыларды экономика саласы бойынша біліммен
қаруландырады және білімді сенімге, мінез-құлық нормасына айналдыратын
экономикалық тәрбиеге негіз болады, күнделікті өмірде оқушылардың білімін,
сенімін іс-жүзінде қолдана білуге жетелейді.
Экономикалық тәрбие – мектепте берілетін адамгершілік тәрбиесінің
құрамдас бөлігі. Экономикалық тәрбие – қоғам мүшелерінің білімін,
қабілетін және дағдысын, қажеттілігі мен мүддесін, ойлау стилін
қалыптастыру мақсатында жүйелі, мақсатты бағытта ықпал ету деп
түсініледі.[10,38б]
Негізгі мақсат қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай оқушыларды
экономикалық ойлауын қалыптастыру.
Осының негізінде оқушылар қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы
адамның шешуші ролін ұғынуы, қоғам және тұлғаның мүддесі үшін қоғамдық
өндіріс пен еңбекке жаңа қатынастарды қалыптастыруға үйрену керек. Қазіргі
бастауыш мектеп, негізгі базистік мектеп және бағдарлы мектептердің оқу
тәрбие мәселелерін жүйелі өндіру мүмкіндігі туып отыр.Бастауыш мектептегі
қол еңбегі барысындағы құнттылық, базистік мектептегі техниклық еңбек
барысындағы үнемшілдік, бағдарлы мектептегі салалық еңбектің экономикалық
негіздері тәрбие жұмысын жаңа негізге көшірудің құралына айналуда.
Оқушыларды экономикалық тәрбиелеудің маңызды міндеті оларды
экономикалық әрекетке дайын болуға тәрбиелеу болып табылады. Экономикалық
әрекетке дайындық бірнеше негізгі бөліктерден тұрады.
Экономикалық тәрбие дүниетанымның маңызды құрамдас бөлігі болып
табылады. Экономикалық тәрбиенің маңыздылығы сонда, ол өзге қоғамдық сана
түрлеріне қарағанда болмысқа жақын әрі болмыс пен қоғамдық сана арасын
байланыстыратын буын қызметін атқарады. И.Иткиннің ойынша, қоғамдық тәрбие
жүйесі өндірістік қатынастар жүйесімен тығыз байланысады; бұл экономика мен
тәрбиенің тікелей астасатын тұсы.
Өйткені тәрбие өсіп келе жатқан ұрпақты өмірге даярлауға, ал
экономикалық тәрбие экономикалық әрекетке дайындауға, қоғамдық
қатынастарыдың негізі ретіндегі экономикаға саналы түрде қатысуға
дайындауға бағытталған, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту функциялары және оларды жүзеге асыру жолдарының педагогикалық негізі
Математиканы оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты және оқыту әдістері
Математиканы оқытудың жалпы әдістеріне шолу
Бастауыш сыныпта дамыта оқыту технологиясын қолдану тиімділігі
Математика сабақтарында пәнаралық байланыстарды арттыру
Ойын оқу-тәрбие әдісі
Математика сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану
Математика сабағында көрнекі құралдарының қолдануының психология- педагогикалық негіздері
Оқушылардың білімі мен дағдысын жазбаша тексеру
Оқытуды ұйымдастырудың формасы
Пәндер