Жапония туралы



Жер аумағы, шекаралары, жағдайы: күн-шығыс елі. Аумағы жағынан Жапонияны Батыс Еуропадағы ең ірі елдермен және АҚШ-тың штаттарымен салыстыруға болады. Алайда, ол құрамы мен кескін – келбеті жағынан олардан мүлде өзгеше. Жапония төрт ірі және төрт мыңдай ұсақ аралға қоныстанған аралдар елі. Бұл тұтасымен аралдар әлемі! Жапония салыстырмалы түрде табиғи ресурстарға кедей де, жағалауға бай. Жағалау сызығының ұзындығы (30 мың км) жағынан ол АҚШ сияқты үлкен елді басып озады және бүкіл Африкамен теңестіруге болады.
Жапонияның экономикалық – географиялық жағдайы (ЭГЖ-ы) ең алдымен, былайша айқындалады: Еуразия құрылығы мен Тынық мұхиттың түйіскен жеріндегі және Азия – Тынық мұхиты аймағының дәл ортасындағы Жапония орналасқан аралдар тізбегінің (доғасының) ұзындығы 3,5 мың км-ге созылады. Бұл Жапонияның халықаралық географиялық еңбек бөлінісіне қатысуы үшін өте үлкен мүмкіндік береді.
Азияның ең шығысында Жапонияның орны оның «Күншығыс елі» дейтін атауынан да бейнелі көрініс тапқан.

Халқы: табиғи өсу ерекшелігі, ұлттық құрамы, орналасуы. Жапония халқының саны жағынан дүние жүзі елдерінің «алғашқы ондығын» аяқтайды. Алайда соңғы онжылдықтарда халқының табиғи өсу сипаты күрт өзгерді. Жапония өсудің екінші түрінен бірінші түріне өткен Азиядағы мемлекетке айналды.
Бұл «демографиялық революция» өте қысқа мерзімге өтті. Ол жапон қоғамының аса ірі әлеуметтік – экономикалық қайта құрылуының, білім беру мен денсаулық сақтау саласында үлкен жетістіктерге жетуінің нәтижесінде іске асты. Жапония – дүние жүзінде балалар өлімінің көрсеткішінен ең төмендігімен және өмір сүру орта жасы бойынша көрсеткішінің ең жоғарылығымен танылған салауатты адамдар елі. Сондай-ақ оған мемлекеттік демографиялық саясат үлкен әсер етті. Онда отбасының мәселелерін жоспарлау жөніндегі сабақтар мектептің жоғары сыныптарында-ақ өткізіледі. Неғұрлым кеш некелесу қатты насихатталады.
Жапония халқының ұ л т т ы қ қ ұ р а м ы мүлде бірыңғай. Бұл – типтік бір ұлтты ел, мұнда жапондықтар халықтың 99% -ынан астамын құрайды. Жапон

Пән: Экономикалық география
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жапония
Жер аумағы, шекаралары, жағдайы: күн-шығыс елі. Аумағы жағынан
Жапонияны Батыс Еуропадағы ең ірі елдермен және АҚШ-тың штаттарымен
салыстыруға болады. Алайда, ол құрамы мен кескін – келбеті жағынан олардан
мүлде өзгеше. Жапония төрт ірі және төрт мыңдай ұсақ аралға қоныстанған
аралдар елі. Бұл тұтасымен аралдар әлемі! Жапония салыстырмалы түрде табиғи
ресурстарға кедей де, жағалауға бай. Жағалау сызығының ұзындығы (30 мың км)
жағынан ол АҚШ сияқты үлкен елді басып озады және бүкіл Африкамен
теңестіруге болады.
Жапонияның экономикалық – географиялық жағдайы (ЭГЖ-ы) ең алдымен,
былайша айқындалады: Еуразия құрылығы мен Тынық мұхиттың түйіскен жеріндегі
және Азия – Тынық мұхиты аймағының дәл ортасындағы Жапония орналасқан
аралдар тізбегінің (доғасының) ұзындығы 3,5 мың км-ге созылады. Бұл
Жапонияның халықаралық географиялық еңбек бөлінісіне қатысуы үшін өте үлкен
мүмкіндік береді.
Азияның ең шығысында Жапонияның орны оның Күншығыс елі дейтін
атауынан да бейнелі көрініс тапқан.

Халқы: табиғи өсу ерекшелігі, ұлттық құрамы, орналасуы. Жапония халқының
саны жағынан дүние жүзі елдерінің алғашқы ондығын аяқтайды. Алайда соңғы
онжылдықтарда халқының табиғи өсу сипаты күрт өзгерді. Жапония өсудің
екінші түрінен бірінші түріне өткен Азиядағы мемлекетке айналды.
Бұл демографиялық революция өте қысқа мерзімге өтті. Ол жапон
қоғамының аса ірі әлеуметтік – экономикалық қайта құрылуының, білім беру
мен денсаулық сақтау саласында үлкен жетістіктерге жетуінің нәтижесінде
іске асты. Жапония – дүние жүзінде балалар өлімінің көрсеткішінен ең
төмендігімен және өмір сүру орта жасы бойынша көрсеткішінің ең
жоғарылығымен танылған салауатты адамдар елі. Сондай-ақ оған мемлекеттік
демографиялық саясат үлкен әсер етті. Онда отбасының мәселелерін жоспарлау
жөніндегі сабақтар мектептің жоғары сыныптарында-ақ өткізіледі. Неғұрлым
кеш некелесу қатты насихатталады.
Жапония халқының ұ л т т ы қ қ ұ р а м ы мүлде бірыңғай. Бұл –
типтік бір ұлтты ел, мұнда жапондықтар халықтың 99% -ынан астамын құрайды.
Жапон тілі қте ерекше және басқа тілдік топтардың бірде-біреуіне
қосылмайды. Әрі иероглиф, әрі буындық әліппе ретінде пайдаланылатын қазіргі
жапон жазуының жүйесі де өте күрделі.
Елде ерте феодалдық кезеңнің өзінде енген екі негізгі дін бар:
синтоизм және буддизм. Дінге сенушілер бір мезетте қатар өмір сүріп жатқан
осы екі дінді де тұтынады; қайсысының әсері басым болса, соған көбірек ден
қояды.
Жапония – балаларды ең ерте жастан бастап оқытып, тәрбиелеуге үлкен
көңіл бөлетін бірден-бір жоғары мәдениетті, жаппай сауатты ел. Жапонияда
университеттердің саны бүкіл Батыс Еуропадағыдан көп. Бұл ел – байырғы
мәдениетті, әсемдікті және тұрмыс дәстүрін берік сақтаған, жапондық өмір
салты дейтін түсініктің құрамына енетін ежелден келе жатқан мәдениеттті ел.

Жапондардың ұлттық дәстүрлерінің бірі – қоршаған ортаны , ағаштар мен
гүлдерді, жануарларды аялап, қорғау дәстүрі адамдардың бойына бала жастан
сіңіп, қалыптасады. Сондықтан Жапонияда әрбір маусым бойынша табиғатта
серуендеу кең өріс алған, мысалы: көктемде жабайы шиенің (сакура) гүлдеуін,
күзде үйеңкі орманын тамашалау ұлттық мекерелердің біріне айналған. Қазір
осылардың бәрі батыстан елес бере бастады.
Х а л ы қ т ы ғ ы з д ы ғ ы н ы ң орта есебі бойынша (1 км2 –ге 340
адамнан) Жапония дүние жүзінде алдыңғы орындардың бірін иеленеді. Шын
мәнінде мұнда халықтың тығыздығы едәуір жоғары, өйткені елдегі халық түгел
дерлік жағалық ойпаттар мен өзен аңғарларында шоғырланған.
Жапония соңғы онжылдықтарда у р б а н и з а ц и я қарқынының өте
жоғарлығымен ерекшеленеді. Осы көрсеткіштің нәтижесінде ол дүние жүзінде
алғашқы орындардың біріне шықты. Елде екі жүзден астам үлкен қала бар.
Қаланың жапондық үлгісінің көптеген өзіне тән сипаттары бар.
Қалалардың көбі орта ғасырларда феодалдық сарайлардың, монастырьлардың,
пошта жолдарының төңірегінде пайда болған. Олар өзінің құрылымдық формасы
мен бір және екі қабатты құрылысын әлі күнге дейін сақтап келеді. Екінші
дүниежүзілік соғыстан кейін көптеген үлкен қалалар американдыруға
ұшырады: олардың орнына банкілер, монополиялардың штаб – пәтерлері
орналасатын көп қабатты үйлер пайда болды. Алайда, бір ерекшелігі – жапон
қалаларында бірыңғай іскерлік орталығы жоқ.
Атап айтқанда, қазір халықтың негізгі бөлігі үлкен қалалар мен
қалалық агломерацияларға шоғырлануда. Олардың ірілері Хонсюдың оңтүстік
жағалауын бойлап үзіліссіз тізбек түрінде созылып жатыр. Олардың ішінде
Токио, Осаки және Нагой қалаларының айналасына шоғырланған үлкен үштік
агломерациясы ерекше көзге түседі. Қалай болғанда да, Жапония Токиодан
басталады деп тегін айтпайды.
Т о к и о – Жапон аралдарының ішіндегі ең үлкен Канто жазығында
орналасқан дүние жүзіндегі аса ірі қала. Ол 1869 жылы елдің астанасы болды
және Шығыс астана дегенді білдіретін осы атауына сол кезде ие болған.
Өзінің тым ретсіз салынуымен ерекшеленетін Токио - дүние жүзіндегі ең
халқы көп қалалардың бірі. Ол жоғарыға да (жер сілкінісіне төтеп берерлік
50-60 қабатты үйлер), төменге де (жер асты сауда орталықтары), жан – жағына
қарай да өсіп барады.
Осаки мен Нагой агломерациялары қасындағы Токионың басқа да
агломерацияларымен тұтасып, бұрынғылардан да ірі галактиканы - жағалауды
бойлау 600-700 км-ге созылып жатқан Токайдо мегаполисін дүниеге әкелді.
Мұндағы халықтың орташа тығыздығы 1 км2 –ге 800-1000 адамнан келеді, ал
ондағы адамның жалпы саны 55 млн-ға жетеді, бұл, мысалы, Италияның бүкіл
халқының санымен салыстыруға болады.

Шаруашылығы: XXI ғ-ға барар жолда. 50 – жылдардан бастап ширек ғасыр
бойы жапон экономикасы өте жоғары қарқынмен өсуде болды. Ел қысқа мерзім
ішінде ғылымда, техникада, білім беруде, өнеркәсіп пен саудада үлкен
жетістіктерге жетіп, қарыштап алға басты. Жапония дүние жүзіндегі ең басты
несие беруші елге айналды. Елде экономикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жапониядағы демократиялық қозғалыстың өрлеуі (1917-1930 ж.ж.)
ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы Жапониядағы саяси ахуал
Жапонияның сыртқы саясатындағы территориялық (РФ, ҚХР, Оңтүстік Кореямен) мәселелердің орны мен маңызы
Қытайға Жапониядан капитал шығару
Азия-Тынық мұхиты аймағындағы Жапонияның ролі
Қытай және Жапония арасындағы сауда - экономикалық қатынастары
Елдің экономикасының даму стратегиясы
Жапония мемлекетінің саяси-экономикалық дамуы
Қазіргі кездегі Жапонияның ішкі және сыртқы саяси жағдайы
ҚХР Жапонияның сыртқы саясатында
Пәндер