Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы, қызметі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3.4

Негізгі бөлім
I. Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5.9
1.1. Банк және банк жүйесіне сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .5.7
1.2. Қазақстандағы банк жүйесінің қалыптасу
кезеңдері мен дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7.9

II. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің құрылымы ... ... ... ... ... ... ... .10.16
2.1. ҚР Ұлттық банкі . ҚР Орталық банкі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10.14
2.2. Екінші деңгейдегі банктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15.16

III. Банк қызметi және оны реттеу ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17.24
3.1. Банк операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17.23
3.2. Банктердiң қызметiн реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23.24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Бүгінгі күні Қазақстанның банк жүйесі қаржы жүйесінің ең үлкен және тез дамып келе жатқан бөлігі болып табылады. Экономиканың банк жүйесінің дамуы кез келген мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Қазақстанда соңғы бірнеше жылда банк жүйесі бөліктерінің тұрақтылығын жетілдіру мен нығайту және банк құралдарына халықтың сенімін арттыру жөнінде белсенді жұмыс жүргізілді. Қаржы жүйесінің негізі бірнеше рет реформалау нәтижесінде оның ең қарқынды дамыған және тұрақты құрамдас бөлігі болған Қазақстан Республикасының банк жүйесі болып табылады. Банк қызметін табысты реформалау барынша тұрақты банк жүйесін құруға мүмкіндік берді.
Кейінгі жылдары Ұлттық банк, Қазақстандағы банктік қадағалауды жалпы қабылданған стандарттарға, ең алдымен, банктік қадағалау жөніндегі Базель комитетінің тиімді банктік қадағалауының негізгі принциптеріне сәйкестендіру жетістіктері бағытында жұмыс жүргізді. Шоғырландыру негізінде банк қызметіне қадағалау жүргізу үшін Ұлттық банктің 2001 жылдың басында өкілеттіктерді бөлуі банктік қадағалаудың осы принциптеріне сәйкестендіру жетістіктері бағытындағы тағы бір қадамды білдіреді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 34 екінші деңгейдегі банк жұмыс істейді.
Банк жүйесінің жиынтық меншікті капиталы валюталық баламада 1,5 АҚШ долларын құрайды. ТМД елдерінің ішінде бір банкке тиесілі меншікті капиталдың мөлшері бойынша Қазақстан жетекші болып қалып отыр.
Банктердің ресурстық базасы жоғары қарқынмен өсуде, бұл көп жағдайда халық салымдарын сақтандыру жүйесінің жұмыс істеуі. Банктер базасының қарқынды өсуі оларға экономиканы несиелеу жөніндегі қызметті едәуір жандандыра түсуге мүмкіндік береді.
Несие қызметінің қарқын алуына байланысты банктер несиелеудің сан алуан түрлерін игеретін болды. Солардың бірі ипотекалық несиелеу болды.
Осы жетістіктердің бәрін көрсете келе, осы кезеңде Қазақстанның басқа ТМД елдерінің банктік дамуының көптеген өлшемдерінен оза отырып және Шығыс Еуропаның жетекші елдеріне жақындай отырып, әлемдік экономикалық қоғамдастыққа батыл қадам жасағанын мойындау керек.
Түйіндеп айтқанда, таяу жылдардағы экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жөніндегі менің пайымым мен көзқарасым осындай.
Банктердің қызметі ашықтықтың айтулы өнегесі болуға тиіс. Ең алдымен, мұның меншік құрылымы мен аффирленген тұлғалар туралы мәліметтерге қатысы бар. Банк қабылдайтын шешімдерге елеулі ықпалы бар барлық тұлғалар уәкілетті органның келісімін ала отырып, өздерінің мәртебесін нақтылай түсулері керек. Банктердің инвестициялық қызметіне қойылатын талаптарды топтасу негізінде ретке келтіру қажет. Аффирленген тұлғалармен жасалатын мәмілелер банктерді тәуекелге барғызбауы шарт. Қаржылық қадағалау агенттігінің бұл жұмысты батыл жүргізуі міндет.
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» ҚР Президентінің Заң күші бар Жарлығы 1995 жылғы 30 наурыздағы № 2155.
2. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Президентінің Заң күші бар Жарлығы 1995 жылғы 31 тамыздағы № 2444.
3. Н.Назарбаев Қазақстан – 2030: Барлық Қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқытының артуы: Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. - Алматы: Білім, - 1997. – 176 бет.
4. Назарбаев Н.Ә. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ, ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ САЯСИ ЖЕДЕЛ ЖАҢАРУ ЖОЛЫНДА. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – Алматы: Атамұра, 2005. – 48 бет.
5. ҚР Ұлттық банкінің 2004 жылғы Жылдық есебі. Алматы: - 2005 ж. – 93 бет.
6. ҚР Ұлттық банкі. № 032 Баспасөз Релизі 2005 ж. 17 қазан. 2-бет.
7. Көшенова Б.А. Ақша. Несие. Банктер. Валюта қатынастары. Оқу құралы/ - Алматы: Экономика, 2000 – 328 бет.
8. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. Оқу құралы./ - Алматы: Издат. Маркет,2004. – 246 бет.
9. Мақыш С.Б.Банк ісі. Оқулық./ - Алматы, 2007 ИздатМаркет.
10. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. /- Алматы: Издат. Маркет,2004. – 246 бет.
11. Саниев М.С. Ақша, несие, банктер. Оқу құралы – Алматы: Алматы экономика және статистика институты, 2001 – 165 бет.
12. Ақша, несие, банктер: Оқулық / Жалпы редакциясын басқарған Ғ.С. Сейітқасымов. - Алматы: Экономика, 2001. – 466 бет.
13. Банковское дело/ Под ред. О.М.Лаврушина. – М.: Финансы и статистика, 1998. – 576 с.
14. «Банк саласы дамудың жаңа сатысына көтерілді». Дала мен қала № 4 (81) 28 қаңтар, жұма, 2005ж.
15. Теңізбаева А.С. «Қазақстанда банк жүйесі мен банк заңдарының қалыптасуы және дамуы» Құқық және мемлекет – 2003 (№3) 28-29 бет.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-4

Негізгі бөлім
I. Банк жүйесінің қалыптасуы және
дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5-9
1. Банк және банк жүйесіне
сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .5-7
2. Қазақстандағы банк жүйесінің қалыптасу
кезеңдері мен дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7-9

II. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ..10-16
2.1. ҚР Ұлттық банкі – ҚР Орталық банкі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10-14
2.2. Екінші деңгейдегі банктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ...15-16

III. Банк қызметi және оны реттеу ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17-24
3.1. Банк операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17-23
3.2. Банктердiң қызметiн реттеу
... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...23-24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

Екінші онжылдықтың басында еліміздегі банк
жүйесі Қазақстанды бүкіл
Орталық Азия
аймағындағы қаржылық
орталыққа
айналдыруды қамтамасыз етуге тиіс

Н.Назарбаев.

КІРІСПЕ

Бүгінгі күні Қазақстанның банк жүйесі қаржы жүйесінің ең үлкен және
тез дамып келе жатқан бөлігі болып табылады. Экономиканың банк жүйесінің
дамуы кез келген мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болып табылады.
Қазақстанда соңғы бірнеше жылда банк жүйесі бөліктерінің тұрақтылығын
жетілдіру мен нығайту және банк құралдарына халықтың сенімін арттыру
жөнінде белсенді жұмыс жүргізілді. Қаржы жүйесінің негізі бірнеше рет
реформалау нәтижесінде оның ең қарқынды дамыған және тұрақты құрамдас
бөлігі болған Қазақстан Республикасының банк жүйесі болып табылады. Банк
қызметін табысты реформалау барынша тұрақты банк жүйесін құруға мүмкіндік
берді.
Кейінгі жылдары Ұлттық банк, Қазақстандағы банктік қадағалауды жалпы
қабылданған стандарттарға, ең алдымен, банктік қадағалау жөніндегі Базель
комитетінің тиімді банктік қадағалауының негізгі принциптеріне
сәйкестендіру жетістіктері бағытында жұмыс жүргізді. Шоғырландыру негізінде
банк қызметіне қадағалау жүргізу үшін Ұлттық банктің 2001 жылдың басында
өкілеттіктерді бөлуі банктік қадағалаудың осы принциптеріне сәйкестендіру
жетістіктері бағытындағы тағы бір қадамды білдіреді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 34 екінші деңгейдегі банк жұмыс істейді.
Банк жүйесінің жиынтық меншікті капиталы валюталық баламада 1,5 АҚШ
долларын құрайды. ТМД елдерінің ішінде бір банкке тиесілі меншікті
капиталдың мөлшері бойынша Қазақстан жетекші болып қалып отыр.
Банктердің ресурстық базасы жоғары қарқынмен өсуде, бұл көп жағдайда
халық салымдарын сақтандыру жүйесінің жұмыс істеуі. Банктер базасының
қарқынды өсуі оларға экономиканы несиелеу жөніндегі қызметті едәуір
жандандыра түсуге мүмкіндік береді.
Несие қызметінің қарқын алуына байланысты банктер несиелеудің сан
алуан түрлерін игеретін болды. Солардың бірі ипотекалық несиелеу болды.
Осы жетістіктердің бәрін көрсете келе, осы кезеңде Қазақстанның басқа
ТМД елдерінің банктік дамуының көптеген өлшемдерінен оза отырып және Шығыс
Еуропаның жетекші елдеріне жақындай отырып, әлемдік экономикалық
қоғамдастыққа батыл қадам жасағанын мойындау керек.
Түйіндеп айтқанда, таяу жылдардағы экономикалық, әлеуметтік және саяси
жаңару жөніндегі менің пайымым мен көзқарасым осындай.
Банктердің қызметі ашықтықтың айтулы өнегесі болуға тиіс. Ең алдымен,
мұның меншік құрылымы мен аффирленген тұлғалар туралы мәліметтерге қатысы
бар. Банк қабылдайтын шешімдерге елеулі ықпалы бар барлық тұлғалар
уәкілетті органның келісімін ала отырып, өздерінің мәртебесін нақтылай
түсулері керек. Банктердің инвестициялық қызметіне қойылатын талаптарды
топтасу негізінде ретке келтіру қажет. Аффирленген тұлғалармен жасалатын
мәмілелер банктерді тәуекелге барғызбауы шарт. Қаржылық қадағалау
агенттігінің бұл жұмысты батыл жүргізуі міндет.
Курс жұмысының өзі мынадай бөлімдерден тұрады: кіріспе, негізгі бөлім,
қорытынды, қолданылған әдебиеттер, қосымшадан тұрады.
Осы курс жұмысы Қазақстанның банктік жүйесінің құрылымы мен дамуы -
атты тақырыбында мен мынадай негізгі аспектілеріне тоқталайын. Негізгі
бөлімі - банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы, ал екінші бапта - Қазақстан
Республикасында екі деңгейлі банк жүйесінің құрылымы және үшінші бапта -
банк қызметі және оны реттеу, - деген басты бөлімдеріне шолу жасаймын.
Қорытындысында осы жұмыстың негізгі нәтижесіне тоқталады. Осыдан басқа осы
курстық жұмысты жазуға қолданылған әдебиеттер қарастырылады. Бұл тақырыпта
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің негізгі, жоғарғы деңгейі - Ұлттық
банк туралы және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері
туралы егжей-тегжейлі мағлұмат бүкіл банк жүйесін сипаттайды. Бұл тақырыпта
зерттелетіні – Қазақстан Республикасының банк жүйесінің мәні мен маңызы, ал
зерттеу мақсаты – республикадағы банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуын оқып
білу.

I. Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы

1. Банк және банк жүйесіне сипаттамма
Біздің дәуірімізге дейін ежелгі Грецияда, Египетте, Римде банктік
қызметтің жақсы дамығаны анықталған. Бәрінен бұрын банк ісі Италияда
қалпына келтірілді.Алғашқы банктердің Италияда пайда болу себебі,оның сол
уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығы болғандығын ескеріп, әр елдің
ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердің сауда
операцияларына тікелей қатысуына байланысты түсіндіріледі. Италияның ірі
орталықтарында дами бастаған банк ісі ХІІ ғасырдың соңынан бастап басқа
елдерге де, атап айтқанда Францияға, Англияға және Германияға кең етек жая
бастады [8;129].
Банк жүйесі деген сөздің өзінен, оның басты элементі негізінде ақшаға
байланысты операцияларды жүргізетін, әртүрлі банктер болып табылатынын
түсінуге болады.
Банктер туралы түрлі-түрлі пікірлер айтылып жүр. Кейбір мамандар банкті
кәсіп орны, мекеме, - дейді, екіншілері - экономикалық басқару орны, -
дейді, үшіншілері - делдалдық ұйым, - дейді. Төртіншілері - несиелік
кәсіпорны деп сипаттайды.
Банк - өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін-өзі
қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ол - ақша қаражатын
тарту, орналастыру және басқа банктік операциялар жүргізетін мекеме.
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы"
Қазақстан Республикасының Заңы (1995 ж. 31 тамыз N 2444) бойынша банк -
банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды
тұлға. Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны әділет органдарында (тіркеуші
органдарда) банк ретiнде мемлекеттiк тiркеумен және банк операцияларын
жүргiзуге қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау
жөнiндегi уәкілетті органның лицензиясы болуымен белгiленедi.
Алғашқы банктер капитализмнің мануфактура тұсында және ең бастысы,
Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генуя) XIV-XV пайда болған.
Банк тауар шаруашылығының ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының
ерте кезеңінде, яғни тауар-ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша
айналысын реттеу үшін пайда болған делінеді.
Банк сөзі banco деген италиян тілінен аударғанда айырбас столы
дегенді білдіреді. Бұл айырбас столы тауарлармен сауда жасалатын
алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттер мен қалалардың, жекеленген
тұлғалардың әртүрлі монеталармен жасалған. Банктер пайда болардың алдында
ақша-сауда капиталының өкілдері саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап
оларды әртүрлі елдің ақшаларына айырбастауға маманданып отырған. Уақыт өте
келе, айырбастаушылар бұл салымдарды, сондай-ақ өздерінің ақша-қаражаттарын
саудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастайды. Сөйтіп, айырбастаушылар
біртіндеп банкирлерге айналады [8;128].
Ресей Федерациясының банк жүйесі батыс елдердің банк жүйесіне
қарағанда кеш қалыптаса бастап, өзінің даму жолында бірнеше кезеңдерден
өтті. Алғашқы банктер ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында мемлекеттік
(қазыналық) банк түрінде пайда болып, ХІХ ғасырдың аяғы және ХХ ғасырдың
басында Ресей банк жүйесі негізінен мынадай банк мекемелерінен құралды:
мемлекеттік банк; қоғамдық қалалық және жер банктері; көп буынды жеке
банктер – акционерлік банктер, өзара несиелейтін қоғамдар, коммерциялық
банктер, несие-жинақтау серіктестіктері; банктік кеңселер, сауда үйлері,
айырбастау дүкендері.
Экономикалық қайта құру процесі банк жүйесін реформалаудан бастады.
1930-1932 жылдары жүргізілген несие реформасы еліміздің банк жүйесінің
дамуындағы жаңа кезеңін бастады. Несие реформасының мақсаты – несиелеу мен
несие-есеп жұмыстарының жаңа түрлерін енгізу, коммерциялық және жанама
банктік несиелеуді тікелей банктік несиемен ауыстыру болып табылды.
Несие реформасын жүзеге асыру барысында мына мәселелерге назар аударылды:
1) тікелей банктік несие енгізу;
2) шаруашылық есепті енгізу;
3) қысқа мерзімді несиелеу процесін енгізу;
4) өндіріс мекемелерінің өзінің және қарызға алған қаражаттарының
жұмсалу бағыттырын ажырату;
5) шаруашылықты несиелеудің принциптерін бекіту;
6) банк жүйесін қайта құру, яғни мемлекеттік банк пен ұзақ мерзімді
несие беретін арнайы банктердің қызметін ажырату.
Қазақстан кеңес дәуірінің кезеңінде одақтас республикалардың бірі
болғандықтан, оның жеке банк жүйесі болған жоқ. Ол кезде Қазақстанның
аумағында КСРО-ның орталықтанған банк жүйесінің филиалдары мен бөлімшелері
жұмыс атқарды.
1987 жылға дейін банк жүйесіне КСРО мемлекеттік банкі, КСРО құрылыс
банкі және КСРО сыртқы сауда банкі секілді үш монополистік банктер кірді.
Сондай-ақ, мемлекеттік еңбек жинақ кассалар жүйесі де болды. Банк
жүйесіндегі негізгі орынды КСРО Мемлекеттік Банкі иеленді. КСРО Мемлекеттік
Банкі эмиссиялық институт бола отырып, қысқа мерзімге несие беру,
шаруашылыққа кассалық және есептік қызметті көрсетуді іске асыратын орталық
болды. Сол себепті, ол - мемлекеттік басқару және бақылау органына айналды.
КСРО Мемлекеттік Банкі несие беру ресурстарына іс жүзіндегі монополист еді.
Оның шоттарында барлық қаражаттар шоғырланып,жалпы мемлекеттік несие беру
қорын қалыптастырды.Атаулы қордың қаражаттары арнайы бекітілген несие беру
жоспарларына сәйкес, орталықтан берілетін. Жергілікті жерлердегі несие беру
мекемелерінің қызметі нақты қарыз алушыларға арнайы ережеге сәйкес,
жоспармен көрсетілген мақсаттарға ғана берілумен шектелді. Банктік
мекемелер клиенттер алдында емес жоғарыда тұрған ұйымдардың алдында жауапты
болды. Сонымен, несие реформасының нәтижесінде жоспарлы социалистік
экономикаға сәйкес үйлестіру типіндегі несие-банк жүйесі құрылып,
Мемлекеттік Банк өндіріс пен тауар айналымын есептейтін және бақылайтын
біріңғай аппаратқа айналды. Коммерциялық банктердің рөлі төмендеп, кейін
елде тек мемлекеттік банктерден тұратын монобанктік жүйе қалыптасты.
Кеңестер Одағы тарағаннан кейін, нарықтық экономика бағытын таңдаған
көптеген жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы, осы мемлекеттерде жаңа
банк жүйелерінің дүниеге келуіне әкеліп соқты.

2. Қазақстандағы банк жүйесінің қалыптасу кезеңдері мен дамуы

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Банк жүйесінің қалыптасу мен даму
жолдарын бірнеше кезеңге бөлуге болады (1-кесте).
Бірінші кезең, 1917 мен 1930 жылдар аралығы – патшалық Ресейден қалған
банк жүйесін жаңадан қалыптастыру, бұл кезде әртүрлі меншіктегі банктер мен
несие мекемелері қатар қызмет істеді.
Екінші кезең, 1930-1987 жылдардың аралығы – елде КСРО Мемлекеттік банкі
әмбебап қызмет атқарды, яғни ол мемлекеттің орталық банкі ретінде
эмиссиялау және несие беру қызметімен қоса клиенттерге де қызмет көрсетті.
Үшінші кезең, 1988-1991 жылдар аралығы – елде мемлекеттік маманданған
банктердің құрылуы, яғни КСРО Мемлекеттік банкі (банктердің банкісі)
ретінде эмиссиялық, ереже, нұсқау және т.б. нормативті актілер шығарушылық,
бақылау және басқа қызметтермен шұғылданып, ал маманданған банктер
экономиканың әртүрлі салаларына қызмет көрсетті. Сонымен бірге 1990 жылдың
басында кооперативтік және коммерциялық банктер де құрыла бастады.
Төртінші кезең, 1991 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – нарықтық
банк жүйесінің қалыптасу кезеңі, яғни тәуелсіз республиканың нарықтық
қатынастарға өту жағдайында екі деңгейлік банк жүйесінің пайда болуы және
дамуы [7; 180].
Төртінші кезең өзгеріп отырған қызмет жағдайына қарай банк жүйесі
икемделуімен сипатталады.
1995 жылы Қазақстандағы банк жүйесін қайта құрудың алғашқы бағдарламасы
әзірленіп жатты. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1995
жылы 15 ақпанда бекітілді. Атаулы құжат 1) өз кезегінде ақшалай несиелік
саясатты тиімді жүргізіп, Ұлттық банк үшін заңдармен көзделген негізгі
міндеттерді барынша толығымен орындауға ықпал жасар еді;
1 – кесте.

Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері
1930 жылға 1930-1987 жж. 1988-1990 жж. 1991 жылдан
дейінгі банк (Одақтық бір (Одақтық бір деңгейлі бастап (дербес
жүйесі деңгейлі банк маманданған банктер екі деңгейлі
жүйесі) жүйесі) банк жүйесі)
Ресей 1. КСРО Мембанкі1. Банк жүйесін қайта 1. Егемен
Мемлекеттік (оның ішінде ұйымдастыру: КСРО Қазақстанда
Банкі және КСРО МемлекеттікМембанкі және өзінің банк
көптеген еңбек жинақ Маманданған банктер: жүйесінің
несие-банк кассалары КСРО Өнеркәсіп құрылыс құрылуы. Екі
мекемелері жүйесі). банкі. КСРО деңгейлі банк
2. КСРО Агроөнеркәсіп банкі. жүйесі - Ұлттық
Мемлекеттік КСРО Тұрғын үй - банк және
Құрылыс банкі. әлеуметтік банкі. КСРО коммерциялық
3. КСРО Сыртқы- Жинақ банкі. КСРО банктер.
сауда банкі. Сыртқы-эконом банкі.
2. Жаңадан кооперативтік
және коммерциялық
банктердің құрыла
бастау.

2) экономикалық көтермелеу шараларын және нормативтік жетілдіру
құралдарын дұрыс қолдану көмегімен және Ұлттық Банк тарапынан бақылауды
күшейту халықаралық стандарттарға жақын келетін банктер тобына сай
деңгейдегі, барлық коммерциялық банктер қызметін сапалы жақсартуға әкелуі
мүмкін; 3) банкаралық ақша-несиелік және валюталық нарықтарды дамыту және
тереңдету жолымен, олар арқылы пайыздық ставкалар мен айырбастау курсы
айқындаушы жағдайға дейін жетіп, және Ұлттық Банк оларға тек өзінің жалпы
реттеу әдісі және іріктеп тексеру әдісі арқылы ғана әсер етуі; 4)
республикалық деффицитті Ұлттық Банктің тікелей несиелеуден бас тартып,
оны ішкі және сыртқы қаржылық нарығында инфляциялық тәсілмен қаржыландыруға
көшуі; 5) шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында жүзеге асырылатын
төлемдердің уақытында болуы, тиімділігі және қауіпсіздігі саласында сапалы
деңгейге жету және ұзақ мерзімді ұлттық төлем жүйесін құруды кеңейту; 6)
орта, ұзақ мерзімдік инвестициялық несиелеу жүйесінің негізін қалауы.
Осылайша, Бағдарламаның біржақты болуына қарамастан, нақты алғанда оны
жүзеге асырылуына қол жеткізілді. Бәрінен бұрын, ақша-несиелік реттеудің
тәсілдері мен құралдары дами түсті. Банктерді қайта қаржыландыру механизмі
мәнді өзгерістерге ұшырады. Директивтік несиелер беру 1995 жылдың ақпан
айынан бастап тоқтатылды. Орталықтандырылған қайнар көздердің есебінен
берілетін несиелердің көлемі мен мерзімдері қысқартылды. Экономиканы
несиелеу міндеті негізінен алғанда Ұлттық Банктен халық салымдарын,
шаруашылық жүргізуші субъектілердің еркін қаражаттарын тарту және өздерінің
жеке сыртқы қарыз алу жолдары есебінен экономиканы несиелеуді қамтамасыз
ету жүктелген екінші деңгейдегі банктерге көшті. Ұлттық Банк орталық
банктерге тән міндеттерді атқаруға кірісті: олардың жойылу қаупін қолдау
мақсатында екінші деңгейдегі банктерді несиелеу, Үкіметті несиелеу және
жалпы алғанда ақша-несиелік және валюталық реттеу.
1995 жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасының Банктер және банк
қызметі туралы Заң шықты. Осы заң бойынша банк құрылымының негіздері,
оларды құру және жою тәртібі, олардың қызмет ету тәртібі анықталды және екі
деңгейлік банк жүйесі қалыптасты. Бірінші деңгейіне – Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі орналасты, ал екінші деңгейіне - басқа
банктер кірді. Олар – мемлекеттік банк, депозиттік банк, инвестициялық
банк, мемлекетаралық банк және шетел қатысуымен құрылған банктер. Нарықтық
экономика принципінде құрылған банктердің маңызы зор. Банк жүйесінің бір
қалыпты қызмет етуі бүтіндей экономиканың дамуына ықпал етеді.
1998 жылдың соңына қарай Қазақстанның екінші дәрежелі банк жүйесі
екінші деңгейлі банктерден тұрды және банктік емес қаржылық мекемелер
жүйесімен толықтырылды. Екінші деңгейдегі банктер корпоративтік бағалы
қағаздарды инвестициялаумен және оларға диллерлік операция жүргізуден
басқа, барлық банктік қызмет түрлерін көрсетеді, жүзеге асырады және
қажетті капитализация деңгейіне қол жеткізеді.
Сонымен қатар, 2003 жылы 6 наурызда Микрокредиттік ұйым туралы Заңына
сәйкес Қазақстан Республикасында микрокредиттік ұйымдар пайда болды. Олар
Қазақстан Республикасының несие жүйесіне кіретін жаңа нысандағы мекеме
болып табылады. Бұл мекемелер нарықтағы өзгерістерге байланысты шағын
кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жеке және заңды тұлғалардың
қызметін ынталандыруға бағытталған міндеттерді қамтамасыз ету және оларға
қаржылық қолдау көрсету мақсатында құрылған.
Еліміздің банк жүйесінің дамуының қазіргі кезеңіндегі барлық
проблемалар сыртқы және ішкі сипатта болады. Сыртқы сипаттағы негізгі
факторларға мыналарды жатқызады: Қазақстан банктері өзінің дамуының соңғы
жылдарында саясатта, экономикада және әлеуметтік салада күрделі қарама-
қайшы және болжауға жатпайтын құбылыстардың ортасында қалып отырды. Банктік
құрылым мемлекеттің жалпы экономикалық жүйесінің маңызды бөлігі болып
табылады. Банк жүйесінің экономикалық дамуға қоса алатын және қосуға
міндетті үлесі тиімді мемлекеттік басқаруға, банктік жүйенің қызметін
реттейтін заңдарға, экономикаға және саяси ортаға, сондай-ақ, еліміздің
салт-дәстүріне байланысты болады. Аталған факторлар банктердің дамуының
және қызмет етуінің сипатын анықтайды.
Банк жүйесінің объективті түрде дамуының негізін қалаушы қағидаларының
бірі – нарықтың барлық субъектілері үшін мүмкіндіктерінің теңдігі принципі,
соның ішінде билік пен ара-қатынастарының теңдігі. Іс жүзінде Қазақстан
егемендік алған күннен бастап банктік қызмет саласына мемлекеттің араласуы
экономиканың басқа секторымен салыстырғанда орасан зор болды. Осыған
байланысты банк жүйесінің Үкіметтік және басқа да мемлекеттік органдарға
қатысты мүдделерін білдіру үшін банктердің экономикалық-саяси одақтар құру
құқықтарын заңды түрде рәсімдеу ұсынылған болатын. Атаулы одақтың құрамына
кіретін банктердің адал қызметін және өтемділігін бақылауды жүргізу үшін
мемлекеттік бақылау органынан тәуелсіз одақтың құрамына ревизиялық
комиссиялар кіретін болды. Сонымен бірге мемлекеттің несиелік қызметін,
бағытын және тәртібін қамтамасыз ету үшін, несие ісі туралы заң қабылдануы
қажет. Бұл заң бақылау мен қадағалаудың нысандары туралы, қызметтердің
коммерциялық мәні туралы, несие ісінде заң бұзушылықтар мен күрес жөніндегі
нұсқауларды қамтуы тиіс.
Сенімді банк жүйесі ұлттық валютаның тұрақтылығының және Қазақстанда
жүргізіліп жатқан экономикалық қайта құрулардың табысты болуының кепілі
болып табылады. Сондықтан да, Қазақстанның экономикасын реформалаудың
барлық кезеңінде Ұлттық Банк еліміздің банк жүйесін сауықтандыру жөніндегі
шараларды іске асырып отырды.

II. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің құрылымы

2.1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі –
Қазақстан Республикасының Орталық банкі
Қазақстан Республикасының екі деңгейлі банк жүйесі бар.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының орталық
банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы
(бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның
Даму банкін қоспағанда, барлық өзге банктер төменгі (екінші) деңгейдегі
банктер болып саналады.
Ұлттық Банктің міндеттері, қызметінің қағидаттары, құқықтық мәртебесі
және өкілеттігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Қазақстан
Республикасының Заңында айқындалады.
Ұлттық банк – заңды тұлға, дербес балансы бар, өзіне тікелей бағынатын
төменгі бөлімшелерімен бірге тіке бағыныстағы біртұтас орталықтандырылған
құрылым, іс-әрекетін толық шаруашылық есеп негізінде жүргізеді.Әр түрлі
салық жинаудан, баж салығын және кеден салығын төлеуден босатылады. Ол
республиканың кез келген жерінде және одан тыс жерлерден өзінің басқармасын
және басқа да бөлімшелерін ашуға құқығы бар. Өз жұмысын үкіметпен келісіп,
үнемі кеңесіп жүргізеді. Үкімет Ұлттық банктің міндеттемелері бойынша
жауапты емес, дәл сол сияқты, егер өзіне белгілі жауапкершілік алмаса,
Ұлттық банк те үкіметтің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.Үкіметтің
өкілдік және атқарушы органдарының Ұлттық банк пен оның құрылымдық
бөлімшелерінің заңды қызметтерін атқаруға араласуға құқығы бар.
Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіріп
отырады, өз қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескереді және егер
бұл оның негізгі функцияларын орындау мен ақша-несие және валюта саясатын
жүзеге асыруға қайшы келмесе, оны іске асыруға жәрдемдеседі.
Ұлттық Банк сатылы бағыну жүйесі бар бірыңғай орталықтандырылған
құрылымды білдіреді. Ұлттық Банктің жоғарғы органы Басқарма, ал оперативті
басқару органы – Директорлар кеңесі болып табылады.
Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде банк қызметінің жекелеген
мәселелері бойынша реттеуді және қадағалауды жүзеге асырады және банктер
мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың
жұмыс істеуі үшін жалпы жағдайлар жасауға мүмкіндік туғызады.
Ұлттық Банктің банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты реттеу және қадағалау функциялары
Қазақстан Республикасының ақша-кредит саясатының тұрақтылығын ұстап тұруға,
банктер кредиторларының, олардың салымшыларының және клиенттерінің мүддесін
қорғауға бағытталған.
Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде басқа елдердің орталық банктерімен
және банктерімен қарым-қатынастарда, халықаралық банктерде және өзге қаржы-
кредиттік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.
Ұлттық Банк өзінің міндеттерін орындау кезінде пайда алу мақсатын
басшылыққа алмауы тиіс.
Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты, бірақ өз
қызметін жүзеге асыруда оған заңнамада берілген өкілеттіктер шегінде
тәуелсіз.
Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен
үйлестіреді, өзінің қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескеріп
отырады және егер өзінің негізгі функцияларын орындауға және ақша-кредит
саясатын жүзеге асыруға қайшы келмейтін болса, оны іске асыруға
жәрдемдеседі.
Ұлттық Банк сатылап бағыну схемасы бар біртұтас орталықтандырылған
құрылымнан тұрады. Ұлттық Банктің жоғары органы Басқарма, ал жедел басқару
органы Директорлар кеңесі болып табылады.
Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға
тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі мақсатын іске асыру
үшін Ұлттық Банкке мынадай міндеттер жүктеледі:
-        мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;
-        төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
-        валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
-        қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
Ұлттық Банк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай негiзгi
функцияларды орындайды:
– Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ақша-кредит саясатын жүргiзедi;
– Қазақстан Республикасының аумағында банкноталар мен монеталардың
эмиссиясын жүзеге асырады;
–  банктердiң банк функцияларын жүзеге асырады;
–  Қазақстан Республикасының Yкiметі және келісімдері бойынша басқа да
мемлекеттiк органдар үшін банк, қаржы жөнiндегi кеңесшi және Үкіметтің
агенті функцияларын жүзеге асырады;
– төлем жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастырады;
–  Қазақстан Республикасында валюталық реттеудi және валюталық
бақылауды жүзеге асырады;
– Ұлттық Банктің алтын валюта активтерiн басқарады;
– қаржы ұйымдарының қызметін бақылауды және қадағалауды, сондай-ақ
олардың Ұлттық Банктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қызметін
реттеуді және басқасын жүзеге асырады.
Ұлттық Банк мемлекеттiк ақша-кредит саясатын жүргiзу мақсатында:
-  ақша нарығының жалпы жай-күйіне, заемдар бойынша сұраныстар мен
ұсыныстарға, инфляция деңгейіне және инфляциялық күтулерге байланысты ресми
қайта қаржыландыру ставкасын белгілейді;
-  жүзеге асырылатын ақша-кредит саясаты шеңберінде қаржы нарығындағы
нарықтық сыйақы ставкаларына әсер ету мақсатында ақша-кредит саясатының
негізгі операциялары бойынша сыйақы ставкаларының деңгейін белгілейді;
-   ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін белгілейді және
олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
-     инфляциялық процестердi ақша-кредиттiк реттеудiң жанама
әдiстерiмен тоқтату мүмкiн болмаған ерекше жағдайларда, Ұлттық Банк
жекелеген салаларды ынталандыру және олардың дамуын ұстап тұру мақсатында
кредиттеудің лимиттерін белгілеу, олар бойынша сыйақы ставкаларын тоқтатып
қою, операциялардың жекелеген түрлері мен мәмілелер бойынша ең жоғарғы
ставкаларды белгілеу және кредиттің нақты түрлерін тікелей реттеу арқылы
операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тiкелей сандық
шектеу қоюға құқылы;
-     ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның банк жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері
Қазақстан Республикасының банк жүйесiнің қалыптасуы мен дамуы
Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасуы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
Сыртық экономикалық банкі
Несие жүйесі жайлы
Банк жүйесі туралы ақпарат
Коммерциялық банктердің экономикадағы қызметі және операциялары
Банк жүйесінің қалыптасуы
Пәндер