Жалпы ұлттық дағдарыстың пісіп жетілуі



І. Кіріспе
1. Жалпы ұлттық дағдарыстың пісіп жетілуі.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Көтерілістің басталуы оның жалпы ұлттық сипаты.
2. Көтерілістің Жетісудағы орталығы
3. Көтерілістің Торғайдағы орталығы.
ІІІ. Қорытынды.
Көтерілістің жеңілу себептері және тарихи маңыз.
XX ғасырдың бас кезінде Ресей Азиялық Шығысты отарлауды жедел қарқынмен жүргізе бастады. 1907-1912 жылдардың өзінде ғана елдің европалық бөлігінен 2 млн. 400 мың адам әкеліп қоныстандырылды.Отарлау Қазакстанда кең көлемде жүзеге асырылды. Патша өкіметі 1916 жылға қарай қазақтарды 40 млн. ға шұрайлы жерінен айырып, қоныстану қорын құрды. Қазақтар шөл дала мен тауларға тықсырылды. Оларға бөлінген жерді жобалау үшін тағайындалған жоғары шенді шенеуніктердің біреуі өзінің « су да, жер де көрмегенін », өйткені ондағы бүкіл жер таулардың күз-жартастары екенін баяндаған. Сонау Столыпин реформасының бас кезінде-ақ « Санкт-Петербургские ведомости» газеті былай деп жазуға мәжбүр болды: « Егер мемлекет мүдделері қырғыздарды құрбан етуді талап етсе, бұған қарсы шығудың керегі жоқ, бірақ екінші жағынан, бір қолымызбен жасай отырып, біздің екінші қолымызбен күйретіп жатқанымызға көзді жұма қарамай, қайта ашық мойындауымыз керек».
1917 жылға қарай Қазақстанда қоныстану учаскелеріне, ормандағы
івяжайларға, казак әскерлеріне, помещиктік имениелерге,монастырьлік учаскелерге, қалалар мен темір жолдар үшін бөлінген өңірлерге ең жақсы егістік жерлер мен жайылымдардың 45147765 десятинасы тартып алынды. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында, Хиуа мен Бұхараны қоспағанда бұрынғы Түркістан шегінде 941 қоныстаушылар поселкелері пайда болды. Түркістанда әрбір келімсекке орыс поселкелерінде 3,17 десятина, ал байырғы халықтың әрбір жанына (қазаққа, өзбекке, қырғызға және басқаларға) 0,21 десятина өңделетін жер тиді. Орасан көп кәлемде қырғыз-қазақ батырақтары Жетісу губерниясында барлық қоныстанушылар шаруашьшықтарының 98 процентіне дейіні жалдамалы еңбекті пайдаланды. Қазақтардың жерін жаппай тартып алу көшпенділер мен орыс-украин қоныстанушылары арасындағы қатынастарды қиындата түсті. " 1899 жылдан кейін тар мен орыстар арасындағы этникалық жанжалдар (қақтығыстар) даладағы сипатты белгісіне " айналды деп Т. Рысқұлов өте дұрыс жазған еді.
Ресей Ғылым академиясының академигі П. В. Волобуев Т. Рысқұловтан кейін өткен соң былай деп жазды:
«Қоныстандыру саясаты көшіп келушілерді шаруашылықтың мүлде өзгеше укладының өкілі болған және жерге олардан әсте де кем мұқтаж болмай отырған шет аймақтардың (Орта Азияның, Қазақстанның, Сібірдің ) байырғы халқымен қақтығыстарға ұрындырды. Демек, аграрлық шиеленіс елдің орталықтарынан шет аймақтарына таралды.
Өлкені талап-тонау бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында бұрынғысынан да жеделдете жүргізіліп, ауқымды сипат алды. Қазақ даласынан орасан көп мөлшерде арзан бағамен мал сатып алынды. Патша армиясы үшін киіз үй мен киіз бұйымдар жиналды. 1916 жылдың өзінде ғана шайқасып жатқан армияға Тұркістаннан 40899244 пұт мақта, 38 мың шаршы аршын киіз, 3 млн. пұттан астам мақта майы, 229 мың пұт сабын, 300 мың пұт ет, 473928 пұт балық, 70 мың 12797 түйе жөнелтілді. Батырақ-қазақтарды кулактар шаруашылықтарына, кәсіпорындарға «ерікті түрде» жұмысқа тарту жүргізілді. 1916 жылы патша әкімшілігі славян отаршылдары үшін жаңадан жер тартып алуды ойластырды. «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды",-деп жазды А.
Байтұрсынов сонау 1913 жылдың өзінде.
1. Қазақстан тарихы:Очерктер А.,1994.
2. Қозыбаев М.К., Қозыбаев И.М. Қазақстан тарихы А., 1993.
3. Қасымбаев Ж.К. Қазақстан тарихы А., 1994.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
І. Кіріспе
1. Жалпы ұлттық дағдарыстың пісіп жетілуі.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Көтерілістің басталуы оның жалпы ұлттық сипаты.
2. Көтерілістің Жетісудағы орталығы
3. Көтерілістің Торғайдағы орталығы.
ІІІ. Қорытынды.
Көтерілістің жеңілу себептері және тарихи маңыз.
XX ғасырдың бас кезінде Ресей Азиялық Шығысты отарлауды жедел қарқынмен
жүргізе бастады. 1907-1912 жылдардың өзінде ғана елдің европалық бөлігінен
2 млн. 400 мың адам әкеліп қоныстандырылды.Отарлау Қазакстанда кең көлемде
жүзеге асырылды. Патша өкіметі 1916 жылға қарай қазақтарды 40 млн. ға
шұрайлы жерінен айырып, қоныстану қорын құрды. Қазақтар шөл дала мен
тауларға тықсырылды. Оларға бөлінген жерді жобалау үшін тағайындалған
жоғары шенді шенеуніктердің біреуі өзінің су да, жер де көрмегенін ,
өйткені ондағы бүкіл жер таулардың күз-жартастары екенін баяндаған. Сонау
Столыпин реформасының бас кезінде-ақ Санкт-Петербургские ведомости
газеті былай деп жазуға мәжбүр болды: Егер мемлекет мүдделері қырғыздарды
құрбан етуді талап етсе, бұған қарсы шығудың керегі жоқ, бірақ екінші
жағынан, бір қолымызбен жасай отырып, біздің екінші қолымызбен күйретіп
жатқанымызға көзді жұма қарамай, қайта ашық мойындауымыз керек.
1917 жылға қарай Қазақстанда қоныстану учаскелеріне, ормандағы
івяжайларға, казак әскерлеріне, помещиктік
имениелерге,монастырьлік учаскелерге, қалалар мен темір жолдар үшін
бөлінген өңірлерге ең жақсы егістік жерлер мен жайылымдардың 45147765
десятинасы тартып алынды. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында, Хиуа
мен Бұхараны қоспағанда бұрынғы Түркістан шегінде 941 қоныстаушылар
поселкелері пайда болды. Түркістанда әрбір келімсекке орыс поселкелерінде
3,17 десятина, ал байырғы халықтың әрбір жанына (қазаққа, өзбекке, қырғызға
және басқаларға) 0,21 десятина өңделетін жер тиді. Орасан көп кәлемде
қырғыз-қазақ батырақтары Жетісу губерниясында барлық қоныстанушылар
шаруашьшықтарының 98 процентіне дейіні жалдамалы еңбекті пайдаланды.
Қазақтардың жерін жаппай тартып алу көшпенділер мен орыс-украин
қоныстанушылары арасындағы қатынастарды қиындата түсті. " 1899 жылдан кейін
тар мен орыстар арасындағы этникалық жанжалдар (қақтығыстар) даладағы
сипатты белгісіне " айналды деп Т. Рысқұлов өте дұрыс жазған еді.
Ресей Ғылым академиясының академигі П. В. Волобуев Т. Рысқұловтан
кейін өткен соң былай деп жазды:
Қоныстандыру саясаты көшіп келушілерді шаруашылықтың мүлде өзгеше
укладының өкілі болған және жерге олардан әсте де кем мұқтаж болмай отырған
шет аймақтардың (Орта Азияның, Қазақстанның, Сібірдің ) байырғы халқымен
қақтығыстарға ұрындырды. Демек, аграрлық шиеленіс елдің орталықтарынан шет
аймақтарына таралды.
Өлкені талап-тонау бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында бұрынғысынан
да жеделдете жүргізіліп, ауқымды сипат алды. Қазақ даласынан орасан көп
мөлшерде арзан бағамен мал сатып алынды. Патша армиясы үшін киіз үй мен
киіз бұйымдар жиналды. 1916 жылдың өзінде ғана шайқасып жатқан армияға
Тұркістаннан 40899244 пұт мақта, 38 мың шаршы аршын киіз, 3 млн. пұттан
астам мақта майы, 229 мың пұт сабын, 300 мың пұт ет, 473928 пұт балық, 70
мың 12797 түйе жөнелтілді. Батырақ-қазақтарды кулактар шаруашылықтарына,
кәсіпорындарға ерікті түрде жұмысқа тарту жүргізілді. 1916 жылы патша
әкімшілігі славян отаршылдары үшін жаңадан жер тартып алуды ойластырды.
Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды",-деп жазды А.
Байтұрсынов сонау 1913 жылдың өзінде.
Соғыс елде өнеркәсіптің қожырауын, ауыл шаруашылығының құлдырауын, тасымал
дағдарысынын, ашаршылық туғызды. Жергілікті шенеуніктердің алымы күрт
көбейіп, ұлтаралық араздық тұтанды. Қазақ даласында жалпыұлттық дағдарыс
пісіп-жетілді.
Соғыс ауыртпалықтары Қазақстанда жұмысша және шаруалар қозғалысының
өрістенуіне түрткі болды. 1915 жылғы маусымда Екібастұз кеніштерінің,
Спасск мыс руднигінің және Орынбор-Ташкент темір жолының жұмысшылары ереуіл
жасады.
Қалалар мен деревняларда солдаттардың әйелдері мен қала кедейлерінің
наразылығы күшейіп, соғысқа, қымбатшылыққа және жақындап келе жатқан
ашаршылыққа қарсы шықты. 1916 жылғы қаңтарда Верныйда, Семейде осындай
толқулар болды. Ақбұлақ поселкесінің (Орынбор облысы) және Лепсі уезінің
бірқатар селоларының солдат әйелдері мен село кедейлерінің толқуына
қатысушылар жергілікті көпес-алыпсатарлардың дүкендерін қиратты. Қоғамдағы
тайталас барған сайын неғұрлым табанды және бұқаралық сипат ала түсті.
Патша үкіметіне қарсы күресті, патша режимін құлату үшін импералистік
соғысқа қарсы үгіт жүргізуді өрістеткен басқа да ресейлік солшыл саяси
партиялар жүргізді.
Көтеріліске "соғысып жатқан армиялар ауданында қорғаныс құрылыстары мен
әскери қатынастар орнату жөніндегі жұмыстар үшін" Орта Азия мен
Қазақстанның және басқа да бірқатар облыстардың бұратаналарын алу туралы
1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығы себеп болды. Қара жұмысқа 19 жастан
43 жасқа дейінгі еңбекке жарамды барлық халық алуныға тиіс еді. Сол арқылы
патша үкіметі көптеген орыс солдаттары мен жұмысшыларын неғұрлым көнбіс
және арзан жұмыс күші ретінде "реквизицияланған бұратаналармен" ауыстырып.
оларды қорғаныс құрылыстары мен басқа да тыл жұмыстарынан босатқысы келді,
Түркістан мен Дала өлкесінен 500 мыңнан астам жігіт алу көзделді.
Патша жарлығына жауап ретінде орасан зор аймақтың - Қазақстан мен
Түркістанның халқы стихиялы түрде бір мезгілде дерлік көтерілді. Жергілікті
патша әкімшілігінің анықтамасы бойынша, далада "біреуі жұмысшылар бергісі
келмейтін екіншісі бұйрықты орындауға келісетін екі партия құрылды. Ат
төбліндей азғантай байлар, жергілікті отаршыл әкімшілік - болыс
басқармалары, ауыл старшындары патша жарлығын жақтап шықты.
Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М.Дулатов бастаған қазақтың
демократиялық зиялыларының қайраткерлері басқа бағыт ұстанды. Олар қазақтар
- Ресей мемлекетінің бодандары деп санады. " Бұл бізге деген сеніммен, Отан
қорғау үшін, - деп жазды олар 1916 жылғы тамыздың ортасында халыққа
арналған үндеуінде,- жұмысқа шақырған бұйрық жарияланды. Біз сөзімізді
халыққа арнаймыз, біз бұл туралы талай да айтқанбыз, бұл істен бас тартуға
болмайды Қозғалыс басшылары қазақтарды тыл жұмыстарына шақыруды уақытша
кейінге қалдыруды, оны тиісті дайындық жұмыстарынан кейін жүзеге асыруды
ұсынды. Бұл орайда олар соғыс жеңіспен біткен жағдайда өз халқының жағдайын
жеңілдету мен ұлттық автономия құруға үміттенді. Олардың көбі іс жүзінде
қарусыз халық осы заманғы техникамен жарақтанған патша
армиясына қарсыласуы мүмкін емес деп санады. Олар қарусыз халық үкіметтің
жазалау шараларының құрбаны болады деп қауіптенді. Тыңдаңыздар, қан
төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар - деп жазды олар 1916 жылғы қазандағы үндеу
хатында.
Сонымен, қазақ халқының революциялық-демократиялық ой-пікірінің басшылары
отаршыл империямен парасатты ымыраластық тактикасын жүзеге асырып,
халықтың аман қалуы, оның этникалық тұтастығын сақтау идеясын бірінші
орында ұсынды.
Көтерілестен кейінгі қанқұйлы жазалау, Қазақстан мен Орта Азияның жүз
мыңдаған тұрғындарының қаза табуы осы қауіптенушіліктен дұрыс болғанын
дәлелдеді.
Ұлт-азаттық революцияның ауқымды әлеуметтік негізі болды. Оның негізгі
қорғаушы күші - ұлттық шаруалардың кең топтары қазақ жұмысшылары мен
қолөнершілерінен құралды.
Жалпы ұлттық идеяға ұласқан ұлттық тәуелсіздік идеясы қазақ шаруалары
мен жұмысшыларының түрлі топтарын, қалыптасып келе жатқан ұлттық буржуазия
мен даланың дәстүрлі ақсүйектерін, ұлт зиялыларын орыс және шетел
капиталына қарсы біріктірді. Тұтса ауылдар, болыстар, уездер көтеріліс
жасаған, өздерімен бірге барлық мүлік пен малды алып, дала қойнауына
тереңдеп кеткен аудандарда көтерілісшілерге байлар да қосылуға мәжбүр
болды. Басқа "бұратаналар" - дүнген, ұйғыр, өзбек, қырғыздар да
көтерілісшілерді жақтап шықты.
Патша өкіметі "бөліп ал да билей бер" деген сенімді тактикасын
қолданды. 1916 жылғы 23 тамызда генерал-губернатор Куропаткиннің құпия
бұйрығымен мыналар алымнан босатылды: 1. Басқармалардың ( болыстық, селолық
және ауылдық ) лауазымды адамдары. 2. Жергілікті бұратаналардан шыққан
төменгі полициялық шенділер. 3. Имамдар, молдалар мен мүдәрістер. 4. ¥сақ
несие мекемелеріндегі есепшілер мен бухгалтерлер. 5. Үкіметтің, жекешк
жоғарыжәне орта оқу орындарындағы оқушылар. 6. Үкімет мекемелерінде жоғары
лауазым атқаратын жергілікті бұратана ұлт өкілдері. 7. Дворян және ата-
бабасынан өкіметті азаматтар құқығын, сондай-ақ жеке басы құрметті азамат
құқықтарын пайдаланатын жергілікті бұратана ұлт өкілдері.
Патша өкіметі әр алуан айла-шарғылар қолданып, қоғамның болмашы бір
бөлігін - жергілікті әкімшілікті, байлар мен мұсылман дінбасыларының : бір
қатарын жалпы ұлттық қозғалыстан бөлшектеп ала білді де, олар жергілікті
әкімшіліктің тыл жұмыстарына адамдар алуына көмектесті. Осынау көмегі үшін
олардың балалары қара жұмыстан босатылып отырды. Бұл кедейлердің ашыктан-
ашық ашу-ызасын туғызды. Мәселен, Қостанай уезі Меңдіқара болысының батырақ-
шаруалары ашу-ызамен былай деп жазған: "Кедейлердің ауру балалары жұмысқа
жарамды деп танылып, ал бай балалары дені сап-сау және тепсе темір үзетін
болса да, олар әскире алқалардың төрағасы мен мүшелеріне көп пара
бергендіктен үйлеріне қайтарылды.
Жер-жерде көтерілісшілер отрядтары құрылып жатты. Олар қара жұмысқа
шақырылушы жсатардың тізімін тартып алып, жойып жіберді, байлардың
ауылдарына шабуыл жасап, борышқорлық және салық тілхаттарын, жер сату
жөніндегі құжаттарды құртып жіберді, болыс басқармаларын, болыстардың
ауылдарын талқандады. Көтерілісшілердің патша отрядтарымен қақтығыстары
үдейгусті.
Қазақтың еңбекші бұқарасы өз кәсіптерін тастап, қиян далаға көшіп
кетті, үкен топтарға бірігіп, жинала бастады ... бұйрыққа бағынбай, окопқа
барғанша, даладағы өз үйлерімізде өлген жақсы деп шешті"...- делінген
Торғай губернаторының хабарында. " Бізді жерімізден айырды, ауыр салықтар
салып, дәулетімізді тартып алды енді жанымызды алмақ. Майданға бірде-бір
адам бермейміз немесе бәріміздің сүйегіміз далада қалады. "солдатқа
бармаймыз, олардың алатындардың бәрін қырамыз Патша келсе, оны да өлтіреміз-
деп көп адам жиналған жиналыстар мен жиындарда көтеріліске шыққан жігіттер
өз еріктерін осылайша білдірді.
1916ж. ұлт-азаттық көтерілістің аса ірі орталығы Жетісу болды.
Жағдайдың шиелеңісуіне байланысты 1916ж. 20 шілдеде генерал Куропаткин
Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы болып тағайындалды. Ол уақытқа
қарай орасан зор аймақ түгелдей халық революциясының от-жалынына оранған
еді. Мәселен, 16 шілдеде көтерілісшілер Құрам болысының болысын өлтірді.
Атамызда Асы өзенінің аңғарында көтерілісшілердің 2000 адамнан тұратын
отряды уезд бастығының көмекшісі Хлыновскийдің отрядына шабуыл жасады. 6
тамызда Самсы аңғарында Ботбай, Шығыс және Батыс Қастек, Тайторы, Ырғайты
болыстарының 5000 адамдық көтерілісші жігіттері жазалау отрядын қоршап
алды. Сол күні Самсы станциясы көтерілісшілердің қолында болды, 8 тамызда
Ақсу жайлауында қазақ-қырғыз съезі өтті. Олар Қордай көтерісшілерін
қолдауға, нарындықтарға ұран тастауға, қазақ көтерісшілеріне көмекке
өздерінің қарулы жігіттерінің жартысын жіберуге шешім қабылдады.
Қазақ және қырғыз еңбекшілерінің қимылдары патша әкімшілігін
мазасыздандырмай қоймады.
Генерал Куропаткин "қандай амалды болса да қолданудан тайынбай,
көтерілісшілерді бағындыруға, лаң салушыларға қарсы күресу үшін байырғы
халықтың рулық немесе тайпалық араздығын" пайдалануға бұйрық берді.
Өз кезегінде Жетісу облысының генерал-губернаторы М. А. Фольбаум жергілікті
қазақтардан жазалау отрядтарын ұйымдастыру үшін казак станицаларына асығыс
түрде винтовкалар мен патрондар жіберді. Мұнымен шектелмей, генерал
Куропаткиннің 12 тамыздағы нұскауы бойынша қоныстанушылар селолардағы орыс
кулактары атыс қаруларымен қаруландырылды,
Жазалау отрядтарының жаныман, облыстың уездік қалаларында әскери-дала
соттары құрылды.
Аз ғана уақыт ішінде көтеріліс Шу өзенімен Ыстық көлге жапсарылас жатқан
букіл аумақты қамтыды. Көтерілісшілер Қастек таулары өңіріне, Үлкен және
Кіші Кебен, Асы, Шілік, Сусамыр өзендерінің аңғарына, Талас өзенінің
жоғарғы ағысына топталды. Олар телеграф желілерін қиратып, почта
станцияларына, болыс ауылдарына шабуыл жасады. Есаул Бокуревичтің, Хорунжий
Александровтың, подполковник Рымшевичтің және басқаларының отрядтарымен
айқасқа түсті, 10000 астам қырғыз және қазақ көтерілісшілері Тоқмақты
қоршады. Жаркент уезінде көтерілісшілер Таврия, Владислав, Мищеры,
Краснояр, Новокиев қоныстарын басып алды. Ұзынағашқа жақын тауларда
Жайылмыс болысының көтерілісшілері мен подполковник Базилевичтің жазалау
отрядының арасында тең емес күштердің шайқастары болды.
Отаршылар "бұратаналарға" қарсы күрестің сыңнаң өткен тәсілдерін шебер
пайдаланды. Патша әкімшілігі ұлтаралық қақтығыстар туғызу үшін арандату
шараларын қолданды. 12 тамызда облыстың генерал-губернаторы Фольбаум Қапал,
Лепсі, Жаркент, Прижевальск уез бастықтарынан байырғы халыққа ойран салуды
ұйымдастыруды талап етті. Ал 15 тамызда ол жазалау отрядтарының
бастықтарына мынадай нұсқау берді: қырғыздардың азын-аулақ топтасып
басқосуын бүлік деп санап, ондайларда басып-жаныштаңдар, толқудың алғашқы
белгілері байқалғанда, екінші дәрежелі басшыларын болса да тұтқынға алып,
дала сотына беріңдер де, дереу дарға асыңдар".
Генерал-губернатордың бұйрығы бұлжытпай орындалды. 12 тамызда есаул
Бакуревич Шамсы асуы маңында жиналғаны үшін 300 адамды қырып тастады. 13
тамызда Пішпектің түбінде далада батып қалған автомобильдің төңірегіне
жиналғаны үшін 138 қазақ қамауға алынды. Олардың бәрі азапталып, шалажансар
күйінде көмілді. 14 тамызда қамауға алынғандардың туыстары мен
жақындарынан, сондай-ақ жай қызықтаушылардан тұратын 600-ден астам адам
болыс басқармасының ауласында қоршап алынып, бір оқ шығарылмай, таяқнен,
бұтақпен, балтамен жусатып салынды. Ұлтаралық араздылықты қоздыруда
Түркстан архиепископының православие халқын қазақ және қырғыз
еңбекшілерінен қанға бөктіріп жазалауға шақырған арандатушылық үндеуі
қасіретті роль атқарды.
Қазақстанның оңтүстігінде Қарқара аймағы халықтық революцияның ірі
ошағы болды. 1916 ж. 11 тамызда 5000 астам көтерілісші Қарқара жәрмеңкесін
қоршап алды.
Көтерілісшілер Кравченконың жазалау отрядын талқандап, жәрмеңкені
басып алды.
Лепсі уезінде жазалау отрядтарымен Жетісу көтерілісшілерінің қарула
қақтығысы болды. Жазалаушылар тықсырған Мерке, Әулиеата көтерілісшілерінің
отрядтары Мойынқұмда табан тірескен шайқас жүргізді.
Көтеріліске шыққан халықтың қалауымен көтерілісшілерді болыс Бекболат
Әшекеев, Тоқаш Бокин (Верный уезі), Жәмеңке Мәмбетов, ¥зақ Саурықов
(Қарқара), Ақкөз Қосақов (Мерке ауданындағы Құрақты болысының бұрынғы
болысы) және басқалар басқарды.
Жетісудағы халық көтерілісін басып-жаншу үшін патша үкіметі құрамында
14 батальон, 33 жүздік, 42 зеңбірек және 97 пулемет командасы бар тұтас
жазалау экспедициясын жабдықтады. 191бж. 21 тамызда Фольбаумға берген
жеделхатында генерал Куропаткин " Черняев, Романовский, Кауфман, Скоблев
Сырдария, Самарканд, Фергана облыстарын аз күшпен жаулап алды" деп арнайы
атап көрсетті.
1916ж. қазанда генерал Куропаткиннің, Фольбаумның қатысуымен г.атша
әкімшілігі " қырғыздарды көшіру туралы" шешім қабылдады, соның нәтижесінде
Пішпек, Пржевальск, Жаркент уездерінде егіс егілетін шұрайлы жердің
2.510.360 десятина алқабы басып алынды. Жаркент уезінде бүлік шығарған
Албан руы қазақтарынан Текес және Шалкөде өзендерінің аңғарындағы барлық
жерді, Қарқара жайлауын, Шу аңғарының бір бөлігін тартып алу қажет деп
саналды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасөспірімдік кезеңнің зерттелу тарихы
Қазақстан азаматтық қарсыластық жылдарында
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні және оның міндеттері
1916 ж. Ұлт-азаттық көтеріліс жағдайындағы қазақ ұлттық зиялы қауымы
Қаржылық инвестициялардың түсінігі
Амангелді Иманов – ұлт-азаттық көтеріліс жетекшісі
Жас ерекшелік психологиясының пәні, міндеттері және әдістері
60-80-ші жж. Қазақстан
1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс
Жас ерекшелік психологиясында әдістерді қолдану ерекшелігі
Пәндер