Ветеринариялық-санитариялық гигиена



Ветеринариялық-санитария жануарлар мен адамдардың жұқпалы (инфекциялық) және инвазиялық ауруларды алдын-алу және жоғары санитариялық сапалы, жануар тектес азықтардың жолдарын оқытатын ғылым. Оның негізгі мақсатына адамдар мен жануарларды қоршаған патогенді микроорганизмдерді жою, ауру қоздырғыштарын тасымалдайтын және тарататын насекомдар мен кеміргіштерді жою, қоршаған ортаны гельминттердің жұмыртқасы мен балаң құрттарынан тазарту, органикалық заттардың ыдырауы салдарынан пайда болған жағымсыз иістерді жою сияқты денсаулық сақтау кешенінен тұрады. Осыған байланысты ветеринариялық-санитария төмендегідей бөлімдерден тұрады: дезинфекция, дезинсекция, дератизация, дезинвазия және дезодорация.
Азық-түлік мекемелерінде Ветеринариялық-санитариялық шаралардың ең бастысы дезинфекция болып табылады.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 110 бет
Таңдаулыға:   
Ветеринариялық-санитария жануарлар мен адамдардың жұқпалы
(инфекциялық) және инвазиялық ауруларды алдын-алу және жоғары санитариялық
сапалы, жануар тектес азықтардың жолдарын оқытатын ғылым. Оның негізгі
мақсатына адамдар мен жануарларды қоршаған патогенді микроорганизмдерді
жою, ауру қоздырғыштарын тасымалдайтын және тарататын насекомдар мен
кеміргіштерді жою, қоршаған ортаны гельминттердің жұмыртқасы мен балаң
құрттарынан тазарту, органикалық заттардың ыдырауы салдарынан пайда болған
жағымсыз иістерді жою сияқты денсаулық сақтау кешенінен тұрады. Осыған
байланысты ветеринариялық-санитария төмендегідей бөлімдерден тұрады:
дезинфекция, дезинсекция, дератизация, дезинвазия және дезодорация.
Азық-түлік мекемелерінде Ветеринариялық-санитариялық шаралардың ең
бастысы дезинфекция болып табылады.

Дезинфекция

Дезинфекция (латын-infecio-инфекциялы немесе француздың des-жою,
қазақша аудармасы зарарсыздандыру)-патогенді микроорганизмдерді жою.
Дезинфекциялық заттардың бактериялық торшаларға әсерін білу үшін оның әсер
ету механизмін білу қажет.
Қоршаған ортадағы қандайда болмасын затты зарасыздандыру-ол патогенді
микроорганизмдерді құрту ғана емес. Олардан бөлінетін токсиндер мен адам
мен жануарлардың өміріне қауіпті химиялық заттарды жою.
Дезинфекцияның мақсаты. Қоршаған ортадағы тек қана зардапты
микроптарды жою, стерильдеу және спораларын жою болып табылады
Пастерилизациялау - сүт, ет және басқада өнімдерді, сонымен қатар
100С және одан жоғары температураға төзімсіз заттарды залалсыздандыру және
сақтау үшін қолданылады. Бактериялардың вегетативті түрін жою мақсатында
сұйықтың қыздыру температурасын 50-80-нен 95С-қа дейін 30 минут ұстайды.
Лабораторияда белокты қоректік орталарды 55-60С дейін қайталап
қыздыру арқылы пастерлейді. Пастерлеу кезінде өнімдер құрамы қайнату мен
стерилизация кезіндегідей өзгермейді. Осыған қарамастан жалпы
микроорганизмдер саны 90-95% азаяды.
Зарасыздандыру процесі кезінде объектілердегі споралар, бактериялар,
саңылауқұлақтар, вирустар жойылады.
Қоршаған ортаға ауру малдан және жануар тектес азықтарды өңдеу
кезіндегі бөлінген микробтар көбінесе тіршілігін жояды, бірақ быразы ұзақ
уақыт тіршілігін сақтап қалуы әбден мүмкін. Сондықтан біздің мақсатымыз
ауру малдарды оқшаулау ғана емес, сонымен қатар олардан қоршаған ортаға
бөлінген патогенді микроптарды да жою боп табылады.
Дезинфекцияны төмендегідей мекемелерде жүргізеді: ет, сүт өндіріс
орындарында, темір жолдарда, су, ауа көліктерінде, инкубаторларда,
жануарлар тұратын қоражайларда, сонымен тері, жүн т.б. өнімдерді өндіретін
мекемелерде және жұқпалы аурулардан таза емес елдердің азықтарын
залалсыздандыруда.
Дезинфекцияның тиімділігі химиялық заттардың бактериоцидтік қасиетіне
және инфекция қоздырушыларының төзімділігіне тікелей байланысты болып
келеді.
Микроптардың өлуі оған келіп түскен удың мөлшеріне, уыттылық сатысына
және оның микроорганизмдерге әсер етуіне байланыты. Химиялық заттардың өсіп-
өнуін тежеп, оларды жоймайтын қасиетін бактериостатика д.а. Бірақ химиялық
заттардың бактериостатика қасиетте қолдану барысында көбінесе микроптарды
өлтіріп жібереді, яғни оған бактериоцидтік әсер етеді.
Дезинфекциялық заттар микроптармен байланысқа түскенде, оған
адсорбияланып, не оған терең ене отырып, оның торша элементтерімен
байланысқа түседі. Химиялық дезинфекциялайтын заттардың микроп клеткаларына
әсер ету жылдамдылығы, олардың диссоцияланатын қабілетіне байланысты болып
келеді.
Химиялық зат неғұрлым үлкен жылдамдықпен диссоцияланатын болса, ол
соғұрлым клетка цитоплазмасына жылдам еніп, оның торшаны бұзу қабілеті
жоғарлай түседі.
Әр түрлі дезинфекциялаушы химиялық заттардың топтары микроб
клеткасына әсер еткенде де әртүрлі морфологиялық өзгерістерге ұшырайды.
Мысалы: Хлор мен атомарлы О, клетканың мембранасының саңылауларынан
немесе пораларынан оңай өтіп кетеді. Микроп клеткасына хлор әсер еткенде
нуклеоид өзгеріске ұшырайды, бұл кезде жұқа фибриндер мен доға тәріздес
түтікшелер пайда болады. Оң Н-ионы бар қышқылдар өте уытты болып саналады.
Өйткені оларклетканың цитоплазмасы мен қабықшасында көптеген өзгерістер
тудырады. Клетканың нуклеоиды мен цитоплазмасы қышқылдың ағаш әсер ету
нүктесі болып табылады. Сілтілердің теріс ОН-иондары клетканың ішіне
енгеннен кейін, оның қабырғасына жабысып, ондағы майды ерітіп жібереді.
Дезинфекцияның тиімділігі дезинфекциялағыш ерітіндінің
температурасына тікелей байланысты болып келеді. Төменгі температура
кезінде көптеген ерітінділердің диссоциляциялану дәрежесі төмендейді де,
яғни олардың микроп клеткасына ену қабілеті төмендейді деген сөз. Ыстық
күйде қолданылатын дезинфекциялағыш заттарды 70-80С дейін қыздыру керек.
Дезинфекциялық заттардың концентрациясын, ғалымдар тәжірибелік
зертеулерге сүйене отырып ұсынады. Мысалы: Сібір жарасының қоздырушысы 5%
белсенді хлоры бар, хлорлы әктің әсерінен ғана өлетіні белгілі болды. Бұл
концентрацияны өздігімізден төмендетуге болмайды. Себебі дезинфекцияның
күтіліп отырған нәтижесіне жете алмаймыз.
Ертіндінің аудан бірлігіне жұмсалатын мөлшері дезинфекцияның
нәтижесіне үлкен ықпалынтигізеді, Сібір жарасы кезінде 1кг құрғақ
кептірілген теріні дезинфекциялау үшін 2,5% тұз қышқылының 10л жұмсалса, ал
ылғалды тұздалған тері үшін 4л жұмсалады. Ет-сүт комбинаттарының қабырғасы
жылтыр плиткамен немесе майлы бояумен боялған болса, оған жұмсалатын
дезинфекциялайтын ертінділердің мөлшерін 0,5лсм2-қа дейін төмендетуге
болады. Ошақты инфекция кезінде ағаштан жасалынған еденді, қабырғалар мен
төбенің 1м2 ауданына 1л дезинфекцияланатын ертінділер жұмсалуы қажет.
Химиялық дезинфекцияланушы заттардың әсер ету ұзақтығы оның
концентрациясы мен бактериоцидтік қасиетіне тікелей байланысты, ол 30
минуттан 3 сағат аралығында болады. Кейде экспозицияны төмендетеді, бірақ
күтілген нәтиже алынбайды.
Объектіге дезинфекциялайтын заттарды аэрозольді газды немесе ұсақ
тамшыны шашырату және қатты қысымды ағынмен жіберу арқылы жүргізіледі.
Шаруашылықтарда үнемі жасалып отырған дезинфекциялық шаралар,
қоршаған ортадағы көптеген микроптардың жол бермей, ауру ошағын қояды.
Аэрогенді инфекция кезінде ауаны дезинфекциялау малдардың қайтадан ауруына
жол бермейді.
Формалинді-формальдегидтің (35-40%) сулы ертіндісі. Формальдегид
(құмырсқа қышқылының альдегиді, метал)-түссіз, өткір иісті, көздің
кілегейлі қабығы мен жоғарғы тыныс алу жолдарын тітіркендіретін, суда,
эфирде және спиртте жақсы ериді.
Дезинфекция үшін құрамында белгілі бір формальдегид мөлшері
дайындалады. Формальдегидтің формалин құрамындағы тұрақсыздығын ескере
отырып алдын-ала құрамындағы формальдегид мөлшерін анықтап алуымыз қажет.
Формальдегидті, спороцидті, және бактериоцидті қасиетінің негізі, оның әр
түрлі заттармен реакцияға түсетінде (әсіресе белокпен). Осының салдарынан
белоктар денатурацияға ұшырап, нәтижесінде өзге қасиетті қосылыстар
түзіледі.
Формалин (формальдегид) мал шаруашылығы мен құстардың әр түрлі
аурулар кезінде қолданылатын (әр түрлі концентрациялуда) әмбебап және өте
жақсы ертінділердің бірі болып саналады, оны сулы ертінді күйінде, газды
күйінде (параформалинді дезинфекция үшін) немесе таза аэрозольді күйде, не
басқа да химиялық заттармен араластырып қолдануға болады.
Басқа да газ түріндегі заттармен (хлор, күкіртті ангидрид, бром және
т.б.) салыстырғанда оның дезинфекциялық объектілерге зардаптылығы мен
уыттылығы төмен болып саналады.
Формалинмен дезинфекциялау кезінде бөлменің саңылаусыз (герметикалы)
болуы маңызды рөл атқарады.
Қоражайды залалсыздандыру нәтижелі болу үшін формальдегидпен бірге
белгілі бір мөлшерде су буын жіберген жөн. Бұл кезде формальдегид су
тамшыларында еріп, микропқа газ түрінде емес, сулы ертінді түрінде әсер
етеді.
Глутар-Альдегид-сарғыш-қоңыр түсті, әлсіз иісті сұйық зат. Бұл
препарат диальдегид тобына жатады және оның құрамында 20% әсер етуші зат
кіреді. Ол сиымдылығы 40-200кг-ға дейін болатын, металлдан жасалған
ыдыстардашығарылады. Бұл препарат өзінің металлды тотықтырмайтын
қасиетімен, дезинфекцияланатын заттардың түсіне әсер етуімен және
жануарларға зиянсыз болуымен ерекшеленеді.
Жылы қоймаларда сақталу мерзімі 1жыл. Бір рет мұздатқаннан глутар-
альдегид дезинфекциялаушы қасиетін жоғалтпайды.
Бұл препаратты мал, құс қоражайларын, көліктерді ылғалды
дезинфекциялау үшін қолданылады. Глутар-альдегиді мынадай аурулар кезінде
залалсыздандыру қолданады: колибактериоз, шошқа тілмесі, аусыл, қой
шешегі, шошқаның африкалық обасы, құстардың шешегі мен обасы, сібір жарасы.
Спора түзбейтін микрофлораны жою үшін 0,5% белсенді әсер ету заты бар
ертінділер қолданылады. Туберкулез кезінде 1%; Сібір жарасы кезінде
құрамында 2% глутар-альдегиді бар ерітінді қолданылады.
Арнайы жұмыс киімдерді дезинфекциялау үшін оларды 0,5% глутар-
альдегидінің ертіндісіне салып қояды.
Ет өндіретін кәсіпорындарда зең саңылауқұлаұтармен күресу мәселесі
алға қойылған, әсіресе мұздатқыш бөлмелер мен шикілей ыстайтын цехтарда.
Зең саңылауқұлақтарының споралары өте тез көбейіп, шикізаттың құрамы мен
тағамдық қасиетін нашарлатады. Зеңденуге қарсы қолданылатын препараттардың
әсері өте төмен немесе қысқа мерзімді. Нәтижелі дезинфекциялайтын зат жоқ.
Сондықтан алдымызда үлкен мәселе тұр. Ет өндірісіндегі объектілерде
микробтардың өсіп-өнуін төмендететін және ұзақ әсер ететін (1ж, одан да
көп) препараттар мен жаңа тәсілдерді ойластыру қажет. Бұндай препараттар
Ресей мен Шет елдерде ойластырылып табылған.
Сонымен қатар шет елдерде азық өндіретін мекемелердің керегесі мен
іргесіне қолданылатын (бояу) фунгицидті препараттар жасалынып шығарылған.
Ресейде ұзақ әсер ететін бояғыш, сырлағыш заттар құрамына еңгізетін
фунгицидті қасиеті бар хлорамин Д-52 полицепт, алколин ойластырылып
табылған.

Физикалық дезинфекциялайтын препараттар
Микроорганизмдердің өмір сүруіне жарық, температура және иондаушы
сәулелер әсер етеді.
Жарық. Оның дезинфекцияда маңызы бар 2-кі түрі болады:
1) табиғи (күн жарығы)
2) жасанды (сынапты кварцты шамның жарығы)
Күн сәулесі энергиясының патогенді микроорганизмдерге әсері өте жоғары.
Жасанды дезинфекциялаушы жарық ретінде ультракүлгін сәулелерді
бөлетін, төмен қысымды сынапты кварцты шамдар қолдануда.
Ветеринарияда бактериоцидті лампалар (БУВ) мынадай мақсатта
қолданылады. Құс фабрикасындағы сою цехының ауасын зарарсыздандыруда,
санитакриялық қасапханаларда, шұжық, тұшпара және т.б. цехтарда
ветеринариялық емханаларда, операция жүргізілетін бөлмелерде ,
бактериологиялық лабораторияларда, изоляторда, тері шикізатын өндіретін
камераларда, ет және сүт тағамдарын тексеретін станциялардағы қондырғылар
мен бөлмелерде, тағамдық заттардың бетімен, керегелер және мұздатқыш
қалталарындағы зең саңылау құлақтары мен микробтардың өсуін тоқтатады.
Бактероцидтік лампаларды мұздатқыштар мен ауа алмасатын жерлерге
орналастырады.
Температура. Микробтардың тіршілігіне қолайлы қоректік орта мен
ылғалдылықтан басқа, қалыпты жылу алмасу қажет. Жоғарғы температура
микроорганизмдердің тіршілігіне кері әсерін тигізеді. Құрғақ және ыстық
ортада өте күшті зарарсыздандырады.
Қайнап жатқан су. Қайнату ұзақтығына байланысты спора түзетін және
спора түзбейтін микроорганизмдердің өліміне әкеп соғады. Қайнау ұзақтығы
(1,5-2сағ) зарарсыздандыруға салған заттың көлемі мен сыртындағы қабына
байланысты, қайнату арқылы шартты жарамды еттерді залалсыздандырады.
Су буы- сенімді және ең күшті дезинфекциялайтын зат.
Оның 3 түрін ажыратады:
1) қаныққан
2) қыздырылған
3) құрғақ
От- микроорганизмдермен ластанған азық қалдықтарын, мал астына
төселінетін төсеніш және қиын өртеу үшін қолданылады. Бұдан басқа оны
белгілі бір ауру кезінде өлексені залалсыздандыру үшін қолданылады.
Иондаушы сәулелер. Иондаушы сәулелерді дезинфекциялық мақсатта кең
көлемде қолданылады. Олар вирустар, бакрериялық торшалар мен спораларға
бактериоцидті әсер етеді. Бұл кезде олардың нуклеоидтары зақымдалып, жүқа
ДНҚ жіпшелерінің Алгомерияға ұшырауы байқалады.Гамма сәулесі арқылы тері-
жүнді шикізаттарды, мамықты, сұйық нәжісті және т.б. заттарды
залалсыздандыруға болады.
Сұйық нәжісті гамма сәулесі арқылы залалсыздандыру олардың ауыл
шаруашылық суаттарда пайдалану мүмкіншілігін туғызады.

Дезинфекцияның сапасын бақылау
Дезинфекцияның сапасын ішек таяқшасы мен стафилокок сияқты,
санитариялық көрсеткіштері ретінде кеңінен тараған микроорганизмдердің бар
жоқтығына байланысты қадағалайды, дезинфекция жасалған кейін олардың өсіп-
өнуі бав
йқалмауы керек.
Ішек таяқшасы басқа КОКК емес және спора түзбетін патогенді
микроорганизмдерге қарағанда химиялық дезинфекциялаушы заттарға тұрақтылығы
жоғары болып келеді.
Егер дезинфекция нәтижесінде ішек таяқшасы жойылған болса, онда
бруцеллез, сальмонеллез, колибактериоз, тілме сияқты аурулардың
қоздырушыларының да жойылатындығы байқалады. Бірақ туберкулез қоздырушысы,
сақау және спора түзгіш микрофлора жойылмайды, себебі олардың тұрақтылығы
ішек таяқшасына қарағанда әлде қайда жоғары болады.
Туберкулез және т.б. аурулар кезінде дезинфекция сапасын бақылаушы
микроорганизмдер ретінде стафилок алынады, ол мал қорасынан 100% сынама
алған кезде байқалады.
Осыған байланысты алдын-алу және лажсыз дезинфекция кезінде әсіресе
паротифті инфекцияда, шошқа тілмесінде, аусылда объектілердің беткейінде
лактопозитивті топтағы ішек таяқшасының бар жоқтығына қарап бақылайды, ол
туберкулез, аусыл (қорытынды дезинфекция(, құстар мен қой шешегінде,
лептоспироз және үйрек балапанының гепатиті кезінде стафилакокктардың
көрсеткіштеріне сүйенеді.
Бактериологиялық бақылауды, мекеменің дезинфекциялауға дайындығымен,
сонымен қатар дезинфекциялаушы заттарды дұрыс таңдап, дайындауды
қадағалаумен толықтырылады. Сонымен қатар ветеринариялық дезинфекция,
дезинвазия және дератизация кезінде дұрыс әсер тигізетін препараттармен
мекеменің механикалық тазалануын қадағалайды.

ДЕЗИНСЕКЦИЯ
Дезинсекция – дегеніміз (латын infectum-жәндік, және француздың
жоямын) әр түрлі әдістермен жәндіктер мен кенелерді жою болып табылады.
Жәндіктер мен кенелер азық-түлікке түскенде немесе жануарларға шабуыл
жасағанда әр түрлі адам мен жануарлардың қоздырушыларын тасымалдайды.
Адамның ас қорыту аурулары көбінесе шыбын арқылы көбейіп таралса, ал мал
ауруларың қоздырушылары маса, кене, сона және т.б. жәндіктермен таралады.
Жәндіктердің азық кәсіпорындарында пайда болуына бірнеше себеп бар.
Олардың біреуі сол азық немесе ет комбинатының азықтық (отход) қалдықтар,
көң, лас судың болуы, ашық конолизациялық құбырлардың болуы немесе қамыс
өсіп кеткен тоғандардың болуы әсер етеді. Олардың тығылатын жері еден
астындағы су құбырлары. Тарақандар жанасқан жерлерінде, еден мен азықта
эксперементті дақтар қалдырады. Ақ кенелер ірмшіктің бетінде бұрғыланған із
қалдырады, жәндіктердің көптеген түрі азықтардың қаптарынан өтіп, ішіне
еніп кетеді. Тұрақты құрғатқыш қондырғылар олардың көбейуіне өте қолайлы
орта туғызады.
Кәсіп орындарда жәндіктер мен кенелерді жою мақсатында гигиеналық
күрес шараларын жүргізіледі. Ол шаралар алдын-алу және жою болып бөлінеді.
Алдын-алу мақсатында жәндіктердің өсіп көбейуіне қолайсыз жағдай
туғызады. Сонымен қатар малдарға буынаяқтылардың шабуылына жол бермеу
керек. Терезе арқылы насекомдардың ұшып кірмеуі үшін әйнек бетіне дәке
немесе темір тор тартып қояды.
Кенелер мен жәндіктерді жою үшін әр түрлі химиялық дезинфекциялаушы
сұйықтар мен газдар қолданылады.
Насекомдардың организмге ену жолдарына байданысты оларды 4 топқа
бөледі:
1-Контактілі инсектицидтер, олар насекомның организмге сыртқы
жабынуысымен жанасу арқылы енеді.
2-ішектік дезинфекциялық заттар, ішекке азықпен су арқылы түседі.
3-фумигантты дезинфекциялық заттар, тыныс алу жолдары арқылы енеді.
4-репелентті препараттар, үркіткіш әсері бар заттар хлорофос,
гексохлоран және т.б.препараттар жәндік организміне әр қилы әсерін
тигізеді.
Ет және сүт кәсіп орындарында шыбындар, тарақандар және ірі қара
қоңызы (кожеед) үлкен зардабын тигізеді.
Шыбындар – белсенді, ал қараңғыда қимылсыз жәндік. Өте жылдам
көбейеді; аналығы өмір сүру барысында қолайлы t (16-35С) болғанда 600
жұмыртқаға дейін салады. Шыбын жұмыртқаларын көңге (жылқы, шошқа)
құстардың, адамның қалдықтарына, шіріген етке салады. Жазда 1 қалдықтар
тастайтын қораптан әр түрлі сатыдағы 80000 шыбын табылады.
Шыбындардың энзоотиялық және эпидемиологиялық маңызы өте зор. Ауру
қоздырушылары мен ластанған тағамды жей отырып, олар өздерінің
организмдерінде көптеген патогенді микроорганизмдерді жинақтап, сақтайды.
Зерттеулер нәтижесі бойынша кейбір нысандарда 6млн бактерияға дейін
табылған, ал ас қорыту жолдарын 28млн-ға дейін табылды. Азықтарға шыбындар
қонып әр түрлі микроорганизмдермен ластайды. Шыбындардың 63 түрілі
микроорганизмдерді тасымалдайтыныбелгілі болған, олардың ішінде тополаң
қоздырушысы, Аусыл, туберкулез, туляремия, сальмонеллез, эшерихия, Морган
таяқшасы және т.б. кіреді.
Осы аталғандардың барлығы ет және сүт өндірісіндегі шыбындармен күрес
шараларын ұйымдастырудың басты себебі болып табылады. Шыбындардың көбейуіне
қолайсыз жағдай жасау, жұмыртқалаған жерлер және одан шыққан балаңқұрттарын
жою арқылы алдын алуымыз керек.
Осы мақсатта жазда мал қоражайларындағы көңді және басқада лас
заттарды әр 5 күнде 1 рет тазалап шығарып тұрады. Бұл шыбындардың табиғи
биотобын жояды. Мүмкін болғанша өндіріс территориясы маңайындағы тұрғын үй
аулалары лас қоқыстардан тазаланып отыруы керек. Ет комбинаттарынан
шығарылған нәжісті, тыңайтқыш ретінде пайдаланғанға дейін оны 10-20 см
торфор және топырақпен жауып тастау керек, ол шыбындардың жұмыртқалауына
жол бермейді. Ет мен сүт зауытында шыбын етке тиіспеу үшін олардың
перделеріне темір тор немесе дәке тартып қояды. Оның жан-жағына жабысқақ
лента іліп қояды.
Балаңқұрттардың пайда болуын болдырмау мақсатында көң сақтайтын
жерлерді, көң қабылдайтын аулаларды, қоқыс сақтайтын бақырларды 3
трихлорометафоспен немесе метелнитрофоспен, креалин эмульсиясымен,
карбофоспен немесе тазаланбаған карбол қышқылы мен нафтализолдың 1:1
қатынасындағы ертіндімен өңдеп, залалсыздандырамыз. Хлорлы әкті
майқабылдағыштардағы сұйық субетратішіндегі шыбынның балаң құртын жою үшін
қолданылады. Жәндіктердің ересек формасын жою үшін корбофос эмульсиясы мен
хлорофос ертіндісі қолданылады.
Дезинвазия

Дезинвазия- қоршаған ортадағы паразит құрттардың (гельминттер)
жұмыртқалары мен балаңқұрттарын жою, сонымен қатар малдарда инвазиялық ауру
тудыратын аскаридоз, параскаридоз, кокцидоз, трихоцефалидоз, фасциолез,
стронгилятоз, строигилойдоздармен күресу шаралары болып табылады.
Паразит гельминттерімен күресу кезінде өте төмен (t – 0 дан төмен)
немесе жоғары (50 С жоғары) температуралар, күн сәулесі, кептіру, әр түрлі
химиялық заттар немесе олардың басқа заттармен қосындылары қолданылады.
Төменгі t кезінде жұмыртқа мен балаң құрт гельминттердіңқоршаған
ортада дамуы тоқтайды, егер төменгі температурамен ұзақ уақыт әсер ететін
болса олар жойылады.
Жоғарғы температуралар кезінде балаңқұрттардың белогы ұйып, олар
өлімге ұшырайды.
Қайнаған су күшті дезинвазиялық зат болып табылады.
Мысалы: аскорида жұмыртқасы 70 С суда 1 мин. өледі (жетілмеген
жұмыртқасы), жұмыртқалар мен балаңқұрттармен былғанған заттарды қайнаған
суға салғанда олар 5 мин. ішінде залалсыздандырылады.
Күн сәулесі гельминттердің балаңқұрттары мен жұмыртқаларына зиянды
әсері мол, әсіресе жаз айларында, ауаның жоғары температурасы мен төменгі
ылғалдылығы болғанда. Аскорида жұмыртқалары ауаның ылғалды-құрғақтылығына
қарамастан 1 күн аралығында өледі.
Кварц –сынапты лампамен сәулелендіру кезінде ПРК және ПРК-2 жанарғысы
бар қондырғылары шошқа аскаридасын біртіндеп өлтіреді.
Мекеменің айналасындағы барлық территорияны паразит құрттардан
залалсыздандыру үшін механикалық тазалаудан кейін хлорлы әкпен сеуіп
тастаймыз (0,5кг-1м2). Топырақты күрекпен аударамыз. Бұл әдіс малдар
жайылымға кеткенде қолданылады.
Құс шаруашылығында кокцидиозбен ауырған әлсіз құстарды өлтіріп, құс
тұрған қоражай мен құрал жабдықтарды аммиак ертіндісімен, ыстық иодты бір
хлорлы ертіндісімен (70-80С) механикалық ортохлор эмульсиясымен, қолдану
ережесін ұстана отырып зарарсыздандырамыз. Қоражайды, науаларды, суаттарды
күнделікті механикалық және санитариялық тазалаймыз, ол үшін 80С төмен емес
суды қолданамыз.
Көңді гельминтоз кезінде дезинфекциялау үшін биотермиялық
зарарсыздандыру тәсілі қолданылады. Егер мал шаруашылығында көңді метанды
ашытатын болса, онда осы процесті оны залалсыздандыру мақсатында қолдануға
болады. Көңнің қатты бөлшектерін дезинвазиялау үшін тиазон препараты
қолданылады, ол аскоридтер мен аскорид жұмыртқаларын және т.б.
гельминттерді өлімге ұшыратады.

Дератизация

Дератизация (латын des-жоямын, ratus егеуқұйрық) егеуқұйрық пен тышқан
тәрізді кемірушілерді жою.
Тышқан тәрізді кемірушілерді (егеуқұйрық немесе тышқан) азық көп жерде
тез көбейеді, 25 күндік егеуқұйрықтар жыныстық жетіліп, жылына 7-8 рет
туады, әр туғанда 6-12 ден, ал тышқан жылына 10 рет туады да, әр туғанда 8-
10 тышқаннан туады. Олар инфекция және инвазия қоздырушыларын таратады.
Бұдан басқа кемірушілер, ет және ет өнімдерін, жұмыртқаны, балапанды, жаңа
туған торайларды жеп қойып, құрылыстарды бұзып, науаларды немесе малды
күтуге қолданылатын құрал-жабдықтарды, электр және басқа байланыс жерлерін
кеміріп тастайды.
Ауру кеміркшілер, қоршаған ортаға инфекциялық ауру қоздырушыларын
бөліп отырады. Осының салдарынан олар мал ішетін суды ластайды. Шошқалар
кемірушілердің өлекселерін жей отырып әр түрлі ауруларға шалдығады.
Егеу құйрық пен тышқандар-туляремия, лептоспироз, лестериоз және т.б.
көптеген ауру қоздырушыларың қоры екені анықталған. Мал қоражайларына бұл
ауру қоздырушыларын қоршаған ортаны микроппен ластайтын, бактерия алып
жүруші егеуқұйрықтар мен тышқандар алып келеді. Сонымен қатар кемірушілер
сібір жарасы, шошқа тілмесі, сальмонеллез, құтырық, трихофития, трихинеллез
сияқты аурулардың тасымалдаушысы болып табылады.
Кемірушілердің тез көбейетіндігіне байланысты олармен күресті жоспарлы
және жүйелі түрде жүргізіп отыру қажет.
Санитариялық профилактикалық шараларға мыналар жатады: кемірушілердің
үңгірлерін, суын, азығын жою, қоражай ішін, сыртын, ауласын таза үстау,
азық қалдықтарын уақытысында тазалап отыру қажет.
Ет комбинаттарында кеміргіштерді жою үшін тұзақтар мен химиялық
препараттар қолданылады.
Химиялық дератизациялық заттарға төмендегілер жатады: зоокумарин,
зоокумариннің натрий тұзы, фентолацин, дифенацин (ратиндан), крысид, мырыш
фосфиді, теңіз пиязы, мышьяк препараттары, натрий және борий фторацетаты
және т.б. Бірақ ет және сүт өнеркәсіп орындарында бұл препараттардың
барлығын бірдей қолдануға болмайды.
Дератизация барысында жануарлардың улану мүмкіндігі төмен зоокумарин,
ратидан және фентолоцин препараттарымен уланғанда, у қайтарғыш зат ретінде
малдарға К витаминін (викасол) береді.
Зоокумарин-антикогулянтар тобына жататын интерферентті негізді улар
құрамасы. Соңғысы ретінде сүйек ұнтағын, коалин, тальк және крахмалды
қолдануға болады. Дайын препаратты 1% құрылым (смесь) ретінде шығарады.
Сыртқы тұрпаты жағынан, препарат ақ немесе сұр түсті ұнтақ, суда ерімейді.
Зоокумарин немесе анттикоагулянт, мал организмінде протромбиннің түзілуін
тежейді, сонымен қатар перифериялық қан трамырлардың қабырғасын зақымдайды,
осының салдарынан көптеген қанталаулар болып, кемірушілер геморагиялық
диатезден өледі.
Зоокумариннің натрий тұзы-суда жақсы еритін, сары түсті ұнтақ. Оны
құрғақ, ауасы тазартылып тұратын құлпы бар бөлмеде А тізімі бойынша
сақтайды. Зоокумариннің натрий тұзы кемірушілердің организмін дәл
зоокумарин тәрізді зақымдайды. Уды қабылдаған мал, 3-15 тәулік аралығында
өледі.
Фентолацин-суда ерімейтін, сары түсті, улы кристалды зат. Препараттың
жоғары ретицидті және кумулятивті антикоогулянтты қасиеті бар.
Дератизациялау үшін, индиферентті негізді толтырғышы бар (тольк,
каолин, сүйек ұны) техникалық фентолациннің ұнтақ түріндегі қоспасын
қолданады.
Егеуқұйрықтар тышқанға қарағанда фентолацинге сезімталдығы жоғары
болады, олар алғашқы 3-10 тәулік ішінде, қанталау нәтижесінде өлімге
ұшырайды.
Дифенацин (ратиндан) – жоғары антикоагулянтты белсенділігі бар, суда
ерімейтін сары түсті кристалды зат.
Дифеноцинді, бір рет қолданылатын жайлап әсер ететін және кумулятивті
қасиеті бар у ретінде қолданылады. Көпреттік летольдық доза, бір реттік
дозаға қарағанда бірнеше есе төмен болып келеді. Оның организмге әсері
зоокумарин тәрізді.
Қазіргі кездегі нормативтік құжат бойынша, дератизация кезінде
қолданылатын препараттар міндетті түрде Қазақстан Республикасының ресми
тіркелуінен өтуі қажет. Осындай родентицидті препараттардың тізімі соңғы
жылдары жиі өзгеруде. Өйткені кейбір препараттар жаңадан қабылданып
тіркеліп жатса, ал кейбіреулері тізімнен алынып тасталып жатады. 2002
жылдың 1 қаңтардағы тізімі бойынша, медицина және ветеринария саласындағы
дератизациялау үшін қолданылатын препараттар, 9 препаратпен шектелген.
Олар: мокумин, гельцин, индиан-флюид, крелат, Протект Б, бараки, ланират,
мырыш фосфиді жатады. Азық өндіретін кәсіпорындарда ракумин қолдану
ұсынылған.
Ракулин - құрамында 0,75% концентрациялы куматераилы бар көгілдір
түсті ұнтақ. Егеуқұйрықтарға улы әсері, зоокумаринге қарағанда жоғары, ал
этифеноцин мен дифенацинге қарағанда төмен болып келеді.
Азықтық еліктіргіштер – құрамында улы химикаттары бар азықтық
еліктіргіштер дератизацияда кеңінен қолданылуда. Оларды даярлау үшін нан,
әр түрлі ботқалар, қайнатылған картоп, еттен және балықтан жасалған фарш,
яғни құрамында коректік зат пен ылғалы мол азықтық заттар қолданылады.
Улы еліктіргіш заттардың нәтижелігі олардың тағамдық қасиетінің жоғары
болуына байланысты. Кеміргіштерді еліктіргіш азықтарға үйрету үшін, оны
алдын-ала бұл азықпен тондырамыз. Ол үшін 3-5 тәулік бойы арнайы жерлерге у
қосылмаған еліктіргіш азықтарды орналастырып қоямыз. Егеуқұйрықтар алғашқы
күні бұндай азықты күдіктеніп жейді. Біраздан соң олар осы азыққа үйрене
бастағаннан кейін оларға у қосылған азықтарды береміз.
Опыливание-тышқан тәрізді кемірушілермен күресте улы азықтар мен
суаттарды бірге қолдану арқылы үлкен нәтиже береді.
Профилактикалық дератизация барысында барлық шаралар кемірушілерді жою
үшін қолданылады. Егеуқұйрықтарды ұзақ уақыт аштық жағдайда ұстау, оларға
улы заттардың тиімді әсер етуіне жағдай жасайды. Кәсіпорындағы тазалық және
азық қалдықтарын уақытында тазалап отыру кемірушілермен күресте нәтижелі
болады.
Жаңа ғимараттарды тығыз бетон немесе темірден тұрғызған жөн.
Керамикалық плиталар мен тот баспайтын болаттан жасалған плиталар ғимарат
қабырғасына тығыздап қаланады.

ДЕЗОДОРАЦИЯ

Дезодорация – жағымсыз иістерді жою. Бұл мәселе малдар тұратын
қоражайлардағы төсеніш заттар жоқтығынан, ал құс комбинаттарында қидың
шамадан көп жиналуынан туындайды.
Егер қидың ыдырауы оттегінің қатысуымен жүретін болса, онда жағымсыз
иістер аса көбейеді. Ал егер қиды ауасы бағасыз жерде ұстайтын болса, онда
күкіртті сутегі, меркаптан, путресцин, кадаверин, индол, скатол, аммиак
сияқты газдар түзіледі. Ірі қара мал мен жылқылардың қилары шошқа менқұс
шаруашылығына қарағанда өткір емес. Сол себепті құс және шошқа
шаруашылықтарында ауаның ластануы өте жоғары.
Қидың иісі жануарлармен қатар, сол жануарларды күтетін жұмысшыларға
және жергілікті тұрғын үй адамдарына зиян болып келеді.
Мал астында төсеніші жоқ қоражайларда, қидың өткір жағымсыз иісінен
шаруашылықтағы малдар қатты уланады. Уланған малдарда ентігу және
конвульсия белгілері байқалады.
Тауықтар ауа құрамындағы аммиак мөлшеріне өте сезімтал болып келеді.
Ол көздің қасан қабығын қабындырып, көзді жасауратып, құста әлсіздік пен
тыныс алуын қиындатады. Құсты сойып қарағанда, ода жоғары тыныс жолдарының
қанталауы мен кілегей қабықтың қалыңдағанын байқауға болады.
Жағымсыз иісті газдармен күресу шаруашылықтардағы ең негізгі
мәселелердің бірі болып табылады. Бірақта сол газбен күрескеннен гөрі, сол
газдың шығу жолын жойған артық. Ол үшін малдарды күтіп жерлерді, әсіресе
шошқа, тауық қиын жинағанда сабан сөгін қолданған жөн. Қиды жинап болған
соң жаңа сөндірілген әкпен залалсыздандыруға болады.
Қиды қордағы жинағанда оған 2:1 немесе 5:1 қатынасында, ал тауық қиы
үшін 15:1 қатынасында дезодоранттар қосады. Торфты көңнің 5:1немесе 3:1
қатынасында қолдануға болады.
Мал шаруашылықтарында, ет комбинаттарында немесе ұсақ мал сою
қасапханаларында қиды әр жинаған сайын, қи арықтары мұқият қи қалдықтарынан
тазартылуы тиіс.
Қидан немесе басқа лас заттардан тазаланған объектілердің беткейлі
қабатында жағымсыз иіс болғанда, оны жою мақсатында химиялық заттарды
қолданған жөн.
Мал тұратын қоражай, база, темір жол вагондарын ветеринариялық
санитариялық утилизациялық ғимараттарын ең алдымен қысымы 1,5-2Мпа болатын
ыстық сумен жуып, кейін оларды химиялық дезинфекциялаушы заттармен өңдейміз
(хлор препараты, формальдегид, марганец қышқылды калий, натридің
биокарбонаты). Бөлмені өңдегеннен кейін оны 1 сағатқа жауып, бөлме ішіндегі
заттарды улы қалдықтардан тазарту мақсатында, оларды жақсылап сумен жуамыз.
Вагондарды дезодорациялаған кезде темір купоросы, марганац қышқылды калий
немесе хлорлы препараттар қолданылады. Шошқаны тасымалдағаннан кейін
вагонды қосымша ыстық сумен жуып, оны 2% формальдегид ертіндісімен өңдейді.
1сағат тұрғаннан кейін, вагондағы химиялық заттар қалдығынан тазарту
мақсатында, оны шайып жуамыз.
Тұшпара, шұжық, котлет цехтарын дезодорациялау үшін ағымды-шығымды
вентиляциялар қолданылады. Ал объектілердің беткейін дезодорациялау үшін
құрамында 0,1-0,2% белсенді хлоры бар тұндырылған хлорлы әк ерітіндісі мен
хлорамин ерітінділері қолданылады.

Ветеринариялық-санитариялық жабдықтар

Ет және сүт өндіріс орындарында, транспортта ветеринариялық
санитариялық мамандар дезинфекциялық жұмыстарды әр түрлі техникалық
қондырғылардың көмегімен жүргізуде. Ет немесе сүт өндірісінде ЛСД, УДП, УДС
пен ветгидропульт және т.б. қондырғылар кеңінен қолданылады.
ЛСД-3 дезинфекциялық қондырғы – ол ЗПД-4,5 бензоқозғалтқышы бар ГАЗ-
704 автотіркемемен біріктіріліп шығарылады. Автотіркемеде дезинфекциялық
ерітіндіні қайнататын көлемі 0,36м3 болатын қазан және сиымдылығы 0,02м3
болатын негізгі ерітіндіге арналған бөшке болады. Құйынды насос тудырған
қысымы (0,4-0,6Мпа) арқасында дезинфекцияны ғимараттың 2-3 қабатында
жүргізуге мүмкіндік береді.
Жұмыс істердің алдында сақтандырғыш клапанның реттілігін тексереді, ал
жұмыс жасау барысында қысымды 0,4 Мпа деңгейінде ұстап отырады. Қондырғыда
2 оператор жұмыс жасайды. Қондырғының өнімділігі бір шлангамен жұмыс
жасағанда 1,5 мың м3, ал 2 шлангамен 4 мың м3 көлемді өңдей алады. Жұмыс
біткен соң отты ыстық ерітіндімен сөндіріп, қазанмен иректелген түтікті
(змеевик) ертіндіден босатамыз. Осы мақсатта қолданған қазанды, құбыр
өткізгішті, қысым қолғаптарды және тозаңдандырғыштарды әр қолданған сайын
таза сумен шайып отырамыз.
Газ 704 автотіркемелі ЛСД-ЭП дезинфекциялық қондырғысы. Ол 4квт-ты
электрқозғалтқышымен жабдықталған. Ол құбырларды 0,4-0,6 Мпа қысыммен
қамтамасыз етеді. Қондырғының электрқозғалтқышы арқасында оны ет комбинаты,
сүт зауыты немесе басқа жабық ғимараттарда қолдануға болады. Қондырғыны
союға арналған ауылшаруашылық малдардың терілерін өңдеуге қолданады.
Қондырғының өнімділігі бір шлангпен жұмыс істеу барысында 2-5м3, ал екі
шлангпен 4 мың м3 көлем жерді бір сменада өңдеуге болады. Қондырғының
жұмыстан кейінгі күтімі ЛСД-3 сияқты жүргізіледі.
Өзі жүргіш дезинфекциялық қондырғы (УДС) ол электарба П-006
біріктіріліп жасалған. Ол сиымдылығы 0,9м3 ертіндіге арналған резервуардан
және сиымдылығы 0,05м3 болатын, негізгі ертінді құйылатын 2-і бактан
тұрады. Сонымен бірге қондырғыда қуаты 4 квт болатын электрқозғалтқыштан,
УН-4100 насосынан тұрады. Қондырғының отыны солярка қолданылады. Ең жоғарғы
t шегі 85С. Әмбебап немесе құбырлы шашыратқыштар ерітінді шлангасына
жалғасқан.
Қозғалмалы дезинфекциялық қондырғы (УДМ-М) бұл 3 дөңгелекті қондырғы.
Цехтар арасында оны оңай жылжытып орналастыруға болады. Ол сиымдылығы 0,2м3
резервуардан және жұмыс өнімділігі 0,014 мс болатын поршенді насостан
тұрады (максималды қысымы 2 Мпа).
Мекеменің ішінде дезинфекциялау , дезинсекциялаудың алдында оны
қондырғы арқылы жақсылап сумен жуып аламыз. Қондырғыда қазан жылытқышы жоқ
болғандықтан оны ет немесе сүт зауытында су құбырына жалғаймыз.
Ветеринариялық гидропульт бұл үлкен ет комбинаттарында, мал соятын
қасаптарда, сүт зауытында және т.б. жерлерде қолданылатын дезинфекциялағыш
қондырғы. Оны еліміздің барлық аймақтарында қолдануға болады. Қондырғының
соратын (ұзындығы 3м) және айдағыш (ұзындығы 5м) шлангадан тұрады. Соңғысы
брандспойтпен бітеді.
Аэрозольді генератор АГ-Л6 және пневматикалық құйынды аэрозольді
саптама ПВАН – оны дезинфекциялау және дезинсекциялау үшін қолданады.
Саптамалар дезинсекциялық аэрозольді механикалық жолмен алуға арналған.
Дезинсекциялық камералар – оны ет, сүт өндіріс орындарында, темір
жолда, дезинфекциялық бекеттерде, мал шаруашылық кешендерде кең көлемде
қолданылады.
Камералардың булы, булы формалинді, вакуум-булы формалинді, ыстық
ауалы және газды түрлері болады. Камералар тағы келесідей түрлерге
бөлінеді: стационарлы, фундаментте тұрақты орнатылған, қозғалмалы,
автокөлікке бекітілген және басқа да көлікте орналастылғандар болып
бөлінеді.
Барлық камераларға қойылатын талаптар келесідей болады: дезинфекциялық
әсер жоғары болу керек, заттарды бүлдірмеу керек, өндірісте жеңіл және
қауіпсіз болуы тиіс. Олардың түріне қарамастан камерамен жұмыс тәртібі
мынадай: барлық приборлардың жұмыс істеп тұрғанын тексереміз. Себебі
олардың дұрыс жұмыс істеуі, зарасыздандыру жұмысының нәтижелігіне тікелей
байланысты болып келеді. Осыдан кейін камераны қыздырып, заттармен
толтырады. Толтырмастан бұрын бұл заттарды алдын-ала кептіріп аламыз. Сосын
камераға температураны белгілі бір мөлшерге жеткізіп, газ күйіндегі, (газ
камераларына) дезинфекциялық ерітінділерді жібереміз.

Мысалы: Формальдегид ерітіндісін (параформалинді камераға) немесе
бактериоцидті аэрозольдарды белгілі бір уақыт ұстағаннан кейін, камераны
желдетіп, керек болған жағдайда дезинфекциялық ерітінділерді бейтараптайды,
кейін камера ішіндегі заттарды шығарады.
Заттарды қозғалмалы тартпаға қаппен немесе бәрін бірақ салады. Осы
кезде таза бөлменің есігі мен ауа алмастыратын саңлаулар жабылады. Булы
камераларда теріден жасалған заттарды немесе тері алмастырғыштардан
жасалған заттарды дезинфекциялауға болмайды.
Салып болғаннан кейін лас камераны бөліп тұратын есікті жауып, иілімді
түтіктерге буды жібереді. Камера температурасы 40-50С жеткеннен кейін,
иілімді түтік бурандаларын қатайтып, ашық кран арқылы камераға бу
жібереміз. Зарарсыздандыру жұмыстары біткеннен кейін камераны салқындату
үшін, камераның ауа кіретін және шығатын саңлауларын ашамыз. Желдету
ұзақтығы 5-15 минут. Заттарды камераның таза жағынан шығарамыз.
Қозғалмалы параформалинді камера АПК автокөлікке орналастырылған,
тері, рәзіңке, мақтадан жасалған заттарды және т.б. заттарды
дезинфекциялауға арналған қондырғы. Камера су қайнатқыш құбырмен қамтамасыз
етілген. Ол жұмыс барысында будың қысымын 0,2Мпа жеткізеді. Камера ішінде
орналасқан булы эжектор оны желдетуге арналған.
Зарарсыздандырғыш формалинді камераға, құбырға жалғанған форсунка
арқылы жібереміз. Камераның жұмыс істеу барысында температураны 60-62С
ұстап отыруымыз керек. Камераның ішіндегі заттардың күйіп немесе өртеніп
кетпеуі үшін құбырлардың бүтіндігін тексеруіміз қажет. Формальдегид буының
келіп түсуі залалсыздандырудың алғашқы сатысы болып табылады.
Дезинфекциялық жұмыстар біткеннен кейін камера ішіндегі формальдегидті
бейтараптау үшін форсунка арқылы камераға мүсәтір спиртін жібереміз
(формальдегид мөлшерінің жартысына тең). 300 с өткеннен кейін шығарып
тастаймыз. Егер залалсыздандырылатын зат тез арада қолдануды қажет етпейтін
болса, онда оларды бейтараптамай шығара беруге болады.

Ет және сүт өндірісінің санитариясы және гигиенасы

Гигиена (грек. Hygienos – денсаулық әкелу) – ол қоршаған ортаның адам
денсаулығына әсер етуін зерттейтін ғылым. Ол денсаулық сақтау үшін қолайлы
жағдай туғызып, ауруларды жоюға бағытталған шаралардан тұрады. Гигиена
санитариямен тығыз байланысты. Гигиенаның негізгі ұсынысы бойынша,
санитария қоршаған ортаны сауықтыру шараларын, тәсілдерін жасап шығарып,
оларды жүзеге асырады.
Гигиенаның бірнеше бағыты бар: тағамдық, өндірістік, жеке, жалпы,
мкетептік, тұрмыстық, транспорттық және т.б. Азықтық гигиена көпшілік қажет
ететін азықтарының құрамын, дайындалу жағдайларын, сақталуын немесе
тасымалдануын зерттейді. Өндірістік гигиена өндіріс ортасын (жұмыс орнының
микроклиматын, жұмыс орындағы ауаның шаңмен, газбен ластануын, айғай-шуды,
жұмыс істеу тәсілін, физикалық немесе жүйкелік ауыртпашылықты, жұмыстың
және демалыстың ұзақтылығы) еңбектің ұйымдастырылуын және оның адам
организміне әсерін зерттейді. Ет өндіріс орындарында, мекеменің, құрал-
саймандардың және т.б. объектілердің санитариялық гигиеналық жағдайын және
азық түліктерді микроорганизмдердің көздерін зерттейді. Сауықтыруға
бағытталған шаралар, өндірісте санитариялық нормалар мен ережелер түріндегі
жүзінде бекітіледі.
Ет және ет өнімдерінің микроорганизмдермен ластанудың көздері және
жолдары.
Ет және ет өнімдерінің микроорганизмдермен ластау көздеріне: көбеюге
жағдай туғызатын объектілер жатады. Ет және ет өнімдерді өңдеу және сақтау
барысында, олар микроорганизмдермен эндогенді және экзогенді ластанады.
Эндогенді ластану – патогенді микроорганизмдердің бұлшық ет немесе
басқа ұлпаларға енуі, малдардың жұқпалы аурумен зақымдануынан туындайды.
Еттің апотогенді және шартты патогенді микроорганиздермен эндогенді
ластануы, бұл микроорганизмдердің ас қорыту жолдарынан лимфа қан тамырлар
жүйесіне өтуі арқылы болу мүмкін. Бұл құбылыс тасымалдау барысында
күйзелген малды, стресс жағдайындағы малды, гастроэнтерит, эндомеринт және
т.б. аурулармен ауырған малды сойғанда болады.
Экзогенді ластану – ет және ет өнімдерінің әр түрлі микробпен
ластанған заттармен жанасқан кезде болады.

Ет және ет өнімдерінің микробтармен ластанудың көздері.

Ет пен ет өнімдерінің микробпен ластанудың көзі ретінде мал, адам,
топырақ, қи, су т.б. болуы мүмкін.
Инфекциялық аурулармен ауыратын малдар қимен, нәжісімен, сілекеймен
қоршаған ортаға патогенді микроорганизмдерді бөліп оны ластайды. Осынадй
малдардың етін міндетті түрде термиялық өңдейді. Инфекциялық аурудың адам
мен малдардың арасында тарап кетпеуі үшін өндіріс орындарында
ветеринариялық заңға сәйкес алдын алу шаралары жүргізіледі.
Малдарды сою және ұшаны өңдеу кезінде ет микроорганизмдермен тері және
кілегей қабықтармен жанасу арқылы ластанады. Теріде және оның
туындыларында бактериялар, актиномиценттер, зең саңылауқұлақтар және т.б.
микроорганизмдер көптеп кездеседі. Олар теріге қоршаған ортадан, ауадан,
топырақтан келіп түседі. Микроорганизмдердің басым бөлігі жүнде жиналады.
Ірі қараның 1 грамм жүнінде 1.65 млрд микроорганизмге дейін кездеседі.
Тері көбінесе кокк тәрізді микроорганизмдермен (стафилакокк,
стрептококк, сорцина, деплококк) сонымен бірге ішек таяқшалары, протей,
спора түзгіш және басқа микроорганизмдермен ластанады. Түк қалталарында,
май және тер бездерінде әр уақытта ақ және сары стафилакокктар көптеп
кездеседі. Тері немесе май арқылы стафилакокк терінің бетіне шығады.
Шошқаның 1 см2 терісінде 35,5 млн-ға дейін әр түрлі микроорганизмдер
болады.
Малдардың тыныс жолдарындағы микроорганизмдердің түрлік және сандық
құрамы дем шығатын ауаның ластану дәрежесіне байланысты болып келеді.
Мұрынның кілегей қабығына көбінесе стафилакокктар, актиномицеттер, зең
саңылауқұлақтар, пастереллалар және антракойдты таяқшалар көптеп кездеседі.
Жұмысшалар – дезинтериямен, сальмонелезбен және басқа инфекциялық
аурулармен ауырғанда, сонымен қатар қолдың терісінде ірінді жаралары бар
адамдар, ет және ет өнімдерін патогенді микроорганизмдермен ластануы
мүмкін. Сондықтан ет өндірісіндегі жұмысшылар жүйелі түрде үнемі
медициналық қараудан өтіп отыруы қажет.
Топырақ – көптеген микроорганизмдердің мекендейтін ортасы болып
табылады. Онда әсіресе анаэропты бактериялар кең тараған. Осы және басқа да
микроорганизмдер топырақтан малдардың ас қорыту жолдарына жем-шөп, су
арқылы келіп түссе, ал теріге тікелей топырақпен жанасқанда келіп түседі.
Көң – малдардың нәжісі, несебі және малдардың астына төсейтін төсеніш
(опилка, сабан, торф) заттардан тұрады. Көңдегі органикалық заттардың,
ылғалдылығынан болуы және жоғары температураның (20-25С) болуы
микроорганизмдердің көбеюіне қолайлы жағдай туғызады.
Қидың құрамында анотогенді және шартты патогенді микрофлоралардан
басқа, туберкуллез, сальмонеллез, бруцеллез, дерматомикоз, шошқа тілмесі,
обасы және т.б. инфекциялық арулардың қоздырушылары кездесуі мүмкін.
Малдардың терісі, аяқтары нәжіспен ластанған болса, ондағы микроорганизмдер
малды сою барысында етке түсуі мүмкін.
Мал тұратын қоражайларды күнделікті нәжістен тазартып, малдардың
аяғын, желінін, терісін жуып отырса, ет және ет өнімдерінің
микроорганизмдермен минимальді ластануы болар еді.

Ет және ет өнімдерінің микроптармен ластану жолдары.

Ет және ет өнімдері микроптармен ауа, жабдықтар, су (жуу процесінде),
жұмысшылардың қолдары, құралдар және т.б. арқылы ластанады.
Ауа, микроорганизмдердің дамуы үшін қолайсыз орта болып табылады,
алайда олар онда уақытша сақталады. Микрофлора ауаға топырақтың беткі
қабатынан, адамның киімінен және малдың терісінен түседі. Атмосфераның
беткі қабатында көбіне зең саңылауқұлақтардың споралары (Penicillium,
Aspergillus, Actinomuces, Mucor) кездессе, ал жерге жақын ауада –
бактериалды түрлері (Bac. subtilis, Bac. megatherium, Bac. mycoides, Bac.
mesentercus, Micrococcus, Streptococcus және т.б.) басымырақ болады.
Өндіріс орындарындағы ауаға микроорганизмдер топырақ шаңтозаңы арқылы
және малдарды конвейрге іліп, олардың терісін сыпырғанда түседі. Қоражайдың
қанағатсыз санитариялық жағдайында 1м3 ауада 1 млн. астам микроорганизмдер
болуы мүмкін. Шаңтозаң арқылы ауаға зардапты микроорганизмдерде түсуі
мүмкін. Ауа арқылы ауа тамшылы жолмен келесідей инфекциялық аурулардың
қоздырушылары беріледі: орнитоз, туберкуллез, микоплазмоз, колисептицемия,
сальмонеллез, және т.б.
Микроорганизмдер, шаңтозаң және ылғалдылық ауада салыстырмалы түрде
аэрозольді жүйені құрайды, бұл кезде ауа дисперсионды орта болып табылса,
ал дисперсті фаза болып шаңтозаң, сұйықтық және микроорганизмдер болады.
Ауадағы микроорганизмдердің өмір сүру уақыты ондағы органикалық шаңтозаңның
және ылғалдылықтың мөлшеріне тікелей байланысты болып келеді.
Өндіріс орындарындағы технологиялық процестер кезінде ауадағы
микроорганизмдердің саны жұмыс күнінің соңына таман көбейіп, өзінің
максимальды деңгейіне жетеді. Ет және ет өнімдерін ауадағы микрофлоралармен
ластануы алдын алу үшін, кәсіпорындарда әр түрлі жүйелердегі ағымды-сорғыш
вентиляцияларды және кондиционерлерді орнату қажет.
Ет комбинаттардағы суды әр түрлі жабдықтарды, мүліктерді, құралдарды,
өндіріс орындарын және жұмысшылардың қолын жуу үшін пайдаланады. Оның
органолептикалық, химиялық және санитариялы-бактериологиялық көрсеткіштері,
Мем.СТ-ң Ауыз суы деген нормасына сәйкес болуы керек. Судың қимен ластану
дәрежесі, яғни судың эпидемиологиялық қауіптілік дәрежесін, судағы Е.Coli
бактериясының санымен, яғни коли-титр немесе коли-индекс арқылы анықтайды.
Жабдықтар, инвентарь, құралдар, бөлмелер, санитарлық киімдер, аяқ киім
және өндірістегі жұмысшылардың қолдары, ет және ет өнімдері үшін қосымша
микроорганизмдермен ластаушы фактор болуы мүмкін, егерде Ет және құс
өнімдерін өндіретін өндірістегі санитарлық ережелер және Ет және құс
өнімдерін өндіретін өндірістің, жуу тәртібі және профилактикалық
дезинфекциялық шаралар дұрыс орындалмаса.
Ет комбинатындағы малдарды сою және өңдеу кезінде жұмысшылардың
қолдары, аяқ киімдері, санитариялық киімдері, құралдар, инвентарь,
техникалық жабдықтар ауадағы және терінің бетіндегі микроорганизмдермен,
ішек-қарын жолдарындағы азықтық массамен және қанмен әр түрлі дәрежеде
ластанады. Бұндай объектілерде ішек таяқша бактерияларын, протеяларды, зең
саңылауқұлақтары мен ашытқы саңылауқұлақтарды, термофильді
микроорганизмдерді (Bac. Stearothermophillus, Bac. Aerotermophillus, Bac.
Coagulans) және т.б. бөліп алуға болады. Салмонеллалар айтарлықтай аз
бөлінеді.
Микроорганизмдердің тірі қалуы, олармен ластанған жабдықтардың және
басқа объектілердің ластануының түрлік және сандық құрамына байланысты
болып келеді.
Көптеген сапрофитті және шартты-зардапты микроорганизмдер қанда, етте,
көңде және басқа да органикалық субстрактарда (4-40С) тек тіршілігін ғана
сақтамай сонымен бірге жақсы көбейеді. Зардапты микроорганизмдердің тірі
қалуы, олардың морфологиясына, қоршаған ортаның рН-на, температурасына,
ылғалдылығына, органикалық заттарға болуына және басқа факторлардың болуына
байланысты. Сіріспе (Clostridium tetani) қоздырушысының спорасы топырақты
бірнеше жыл, туберкулездің микробактериялары 7-15 айға дейін, ал шошқа
тілмесінің қоздырушысы – 9 айға дейін тіршілігін сақтайды. Патологиялық
материалдарда дерматомициттердің споралары 10 жылға дейін тіршілігін
сақтайтын болса, ал салмонеллар ғимараттың әр түрлі объектілерінде 159-
күнге дейін тіршілігін сақтайды.

Санитарлы-гигиеналық зерттеулердің әдістері

Санитарлы-гигиеналық нормативтердіғылыми негіздеу үшін және олардың
орындалуын қадағалау үшін ауаға, топыраққа, техникалық жабдықтарға,
инвентарьға, өндіріс орындарына, қолдардың бетіне, санитарлық және арнайы
киімдерге, етке, сүтке, ет және сүт өнімдеріне, еңбек және тұрмыс
жағдайларына санитарлық-гигиеналық зерттеулер жүргізіледі.
Санитарлы-гигиеналық зерттеулерді ағымды санитарлық бақылаудың жоспары
және арнайы келесі әдістер бойынша жүргізіледі: санитарлы сипаттау,
сезімдік, физикалық, физика-химиялық, химиялық, микроскопиялық,
биологиялық, серологиялық, гельминтологиялық, микологиялық, биохимиялық,
физиологиялық, токсикологиялық және статистикалық.
Санитарлы-сипаттайтын әдіс - өндіріс цехтардың және тұрмыстық
орындарының санитарлық жағдайын және жұмыс жағдайын зерттеу үшін
қолданылады.
Физикалық әдістерді зерттелетін объектілердің физикалық көрсеткіштерін
температураны, ылғалдылықты, ультракүлгін сәулелерді, иондық сәулелерді,
ауаның иондауын, әр түрлі заттардың радиоактивтілігін, мөлдірлігін,
сұйықтың боялуын, өндіріс орындарының ауасындағы газ құрамын және
шаңтозаңданудың, сонымен бірге азықтардың консистенциясын зерттеу үшін
қолданылады.
Физико-химиялық әдістермен әр түрлі заттардың балқу, қайнау
температурасын, әртүрлі заттардың қатуын, олардың тұтқырлығын, беттік
ширығуын және электроөткізгіштігін анықтайды.
Химиялық әдістерді атмосферадағы және өндіріс орындарындағы ауаны,
суды, топырақты сандық анализі үшін және азықтардағы зиянды заттарды табу
мақсатында қолданылады.
Микроскопиялық әдістермен микроорганизмдердің морфологиялық
ерекшеліктерін (пішінін, құрлымын, көлемін) сонымен бірге олардың жеке
элементтерін ультра жарық және электронды микроскоптың көмегімен біліп
үйренеді.
Бактериологиялық әдістермен микроорганизмдер колониясының пішінін,
көлемін, табиғатын және олардың судағы, жабдықтағы және басқа
объектілердегі санын анықтайды.
Биологиялық әдістер, лабораториялық және ауыл шаруашылық малдарына
сынама қою арқылы, шығутегі микропты және химиялық заттардың уыттылығын
анықтауға негізделеген.
Серологиялық әдістерді антигендерді оған сәйкес қансарысумен
анықтауға негізделген. Серологиялық әдістердің ішіндегі көп
қолданылатындарға агглютинация, препицитация, комплемент байланыстыру және
т.б. реакциялар жатады.
Гельминтологиялық әдістерін гельминттерді, олардың жұмыртқаларын және
балаң құрттарын әр түрлі объектілерде анықтау үшін қолданылады. Етті
зерттеу кезінде финн, эхинококк, трихинелла көпіршіктерін іздейді. Сонымен
бірге ауыз су, суларды, ашық су қоймаларын және топырақты зерттейді.
Микологиялық әдістерді зеңдердің және басқа да саңылауқұлақтардың
түрлік және сандық құрамын анықтау үшін қолданылады.
Биохимиялық әдісті азықтардың биологиялық толық құндылығына және
сапасына баға беру үшін қолданылады.
Физиологиялық әдістермен мал және адам организміне сыртқы орта
факторларының әсерін зерттейді.
Статистикалық әдістерді бактериялардың өлу себебін және заңдылығын
анықтау үшін және микроорганизмдердің, шаңтозаңның және ауадағы зиянды
газдардың еттің сапасына әсерін анықтау үшін қолданылады.
Санитарлы-гигиеналық зерттеулердің нәтижесіне негізделе отырып, ет
және ет өнімдеріне сыртқы ортаның зиянды әсерін болдырмау және оны жою
шаралары ұйымдастырылады.

Сүтке микроорганизмдердің түсу жолдары және оны алдын-алу.

Сүтті алу кезінде оның микроптармен ластану көздері болып, жануардың
желіні және терісі, төсеніш заттары, жемі, ауа, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қабандар (шошқа)
Мал қораларындағы ауа газдарының құрамы
Мал коралары ауасының микрофлорасы
Саулық қойларға арналған қора жайы жобасының зоогигиеналық негізделуі
Паразитке қарсы шараларды жоспарлау
Инвазиялық аурумен күресу шаралары
Мал шаруашылық өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау - Өндірістік тәжірибе бойынша есеп беру
Ірі қара мал қораларының жобалаудың нормативтік базасы
Биелерге арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық- санитариялық және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп-бағу жағдайлары жәнеоларды жақсарту шаралары тақырыбында жазылған
Мегежіндерге арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар
Пәндер