Turbo Pascal бағдарламасындағы графикалық режим



I. КІРІСПЕ

ІI.НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4.8
2.1 Графикалық режимді тағайындау және одан шығу.
2.2 Графикалық режимдерге қолданылатын процедуралар
2.3. Графикалық информацияны шығару командалары

ІІI.ЕСЕПТІҢ ҚОЙЫЛЫМЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9.16
2.1. Есептің берілгені
2.2. Есептің алгоритмі
2.3. Программалау бөлімі
2.4. Программа жауабы
ІV. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
Turbo Pascal- жоғары деңгейлі программалау жүйесі. Оның тұңғыш нұсқасын 1970 жылы Швейцария физигі Никлаус Вирт (Niklaus Wirth) ұсынған. Автор тілді алғашқы арифметикалық есептеу машинасын жасаған француздың ұлы ғалымы Блез Паскальдың құрметіне Паскаль деп атап, тіл атауын үнемі бас әріппен жазылуын сұраған.
Қазіргі дербес компьютерлердің пайда болуына байланысты тілдің Турбо Паскаль деп аталатын нұсқасы жасалды. Қазіргі уақытта бұл жүйенің бірнеше нұсқалары бар, соңғы жасалған ең қуаттысы 7.0 нұсқасы болып табылады, бірақ, программалау бастамасын жүйенің 5.5 нұсқасынан бастап үйренген дұрыс.
Сондықтан да қазіргі кезде Паскаль тілі кез келген саладағы күрделі есептерді шешу үшін пайдалануға болатын, кеңінен таралған стандартты программалау тіліне аналды.
Қазіргі дербес компьютерлердің графикалық информацияларды енгізу, шығару және өңдеуге арналған техникалық құрылғылары бар. Графикалық информацияны енгізу үшін сканер, ал шығару үшін дисплей экраны және плоттер пайдаланылады. Стандартты Паскальдың графикалық информациямен жұмыс істейтін командалары жоқ.
Турбо Паскаль жүйесіндегі графикалық информациялармен жұмыс істеу үшін GRAPH.TPU модулі пайдаланылады. Бұл модульде графикалық процедуралар мен функциялардың программасы машиналық тілде жазылған.
Турбо Паскальда әр типтегі тапсырмалардың жобасын құруға болады: бұлар есептелетін тапсырмалар, файлмен жұмыс істеу тапсырмалары, мәліметтер базасын жөндеу және т.б. Одан да тиімдісі және қызықтысы әртүрлі логикалық ойындарды модульдеу тапсырмасы болып табылады. Олар қолданушылардың назарын өзіне айударады және программа тілдерін оқып-үйренуге тұрақты қызығушылықты қалыптастырады.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты Турбо Паскаль ортасында осындай ойындардың біреуін құру болып табылады. Ойынның аты «Жұмыс істеп тұрған сағат бейнесін шығару». Ойыншы тек сандарды емес сурет көріністерімен де жұмыс істейді.
1. Халықова К.З. Паскаль тілінде программалау (Оқу құралы) Алматы 2002ж
2. Ж.Қ. Масанов, Б.А. Бельгиев, А.С. Бижанова, Қ.Қ. Мақұлов Turbo Pascal Алматы, 2004ж
3. Н.С. Заурбеков, Б.Ж. Жұмажанов Алгоритмдеу және программалау тілдері (оқу құралы) Алматы, 2008ж
4. Бурин Е.А. Программирование на языке Турбо Паскаль. Учебное пособие по информатике.АГУ.Алматы.2000 г.
5. Абрамов И.Г., Трифонов Н.П., Начала программирование на языке Турбо Паскаль.М.: Наука, 1987

Мазмұны:

I. КІРІСПЕ

ІI.НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4-8
2.1 Графикалық режимді тағайындау және одан шығу.
2.2 Графикалық режимдерге қолданылатын процедуралар
2.3. Графикалық информацияны шығару командалары

ІІI.ЕСЕПТІҢ ҚОЙЫЛЫМЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9-16
2.1. Есептің берілгені
2.2. Есептің алгоритмі
2.3. Программалау бөлімі
2.4. Программа жауабы
ІV. ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ...18

Кіріспе

Turbo Pascal- жоғары деңгейлі программалау жүйесі. Оның тұңғыш
нұсқасын 1970 жылы Швейцария физигі Никлаус Вирт (Niklaus Wirth) ұсынған.
Автор тілді алғашқы арифметикалық есептеу машинасын жасаған француздың ұлы
ғалымы Блез Паскальдың құрметіне Паскаль деп атап, тіл атауын үнемі бас
әріппен жазылуын сұраған.
Қазіргі дербес компьютерлердің пайда болуына байланысты тілдің Турбо
Паскаль деп аталатын нұсқасы жасалды. Қазіргі уақытта бұл жүйенің бірнеше
нұсқалары бар, соңғы жасалған ең қуаттысы 7.0 нұсқасы болып табылады,
бірақ, программалау бастамасын жүйенің 5.5 нұсқасынан бастап үйренген
дұрыс.
Сондықтан да қазіргі кезде Паскаль тілі кез келген саладағы күрделі
есептерді шешу үшін пайдалануға болатын, кеңінен таралған стандартты
программалау тіліне аналды.
Қазіргі дербес компьютерлердің графикалық информацияларды енгізу,
шығару және өңдеуге арналған техникалық құрылғылары бар. Графикалық
информацияны енгізу үшін сканер, ал шығару үшін дисплей экраны және плоттер
пайдаланылады. Стандартты Паскальдың графикалық информациямен жұмыс
істейтін командалары жоқ.
Турбо Паскаль жүйесіндегі графикалық информациялармен жұмыс істеу
үшін GRAPH.TPU модулі пайдаланылады. Бұл модульде графикалық процедуралар
мен функциялардың программасы машиналық тілде жазылған.
Турбо Паскальда әр типтегі тапсырмалардың жобасын құруға болады: бұлар
есептелетін тапсырмалар, файлмен жұмыс істеу тапсырмалары, мәліметтер
базасын жөндеу және т.б. Одан да тиімдісі және қызықтысы әртүрлі логикалық
ойындарды модульдеу тапсырмасы болып табылады. Олар қолданушылардың назарын
өзіне айударады және программа тілдерін оқып-үйренуге тұрақты қызығушылықты
қалыптастырады.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты Турбо Паскаль ортасында осындай
ойындардың біреуін құру болып табылады. Ойынның аты Жұмыс істеп тұрған
сағат бейнесін шығару. Ойыншы тек сандарды емес сурет көріністерімен де
жұмыс істейді.

І.НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1 Графикалық режимді тағайындау және одан шығу.

Графиктермен жұмыс істеу үшін алдында оған сәйкес келетін монитор
режимін орнату қажет. Жалпы алғанда, компьютерде негізгі екі экран
режимінің жұмысы-символдық және графикалық экран режимдері пайдаланылады.
Компьютерді қосып, Турбо Паскаль жүйесін шақырғанда текстік режимде жұмыс
істейді. Графикалық режимді алу үшін GRAPH.TPU модулін (UsesGRAPH – пен
бірге ) қосып, керекті графикалық режим INITGRAPH процедурасымен
инициализация жасалуы қажет. Режимді инициализациялау дегеніміз – дисплей
адаптерінің жұмысын берілген графикалық режимнің күйіне келтіру, яғни
физикалық экранды осы режимнің жұмысына көшіру. GRAPH модулі іске
қосылысымен оның ішіндегі процедуралар мен функцияларды пайдалана беруге
болады.
Графикалық режимді іске қосу:
INITGRAPH(Var Driver, Mode: integer;Path: string);
Мұндағы Driver – графикалық режимді анықтайтын параметр;
Mode – орнатылған драйверге байланысты берілетін графиктік режим
параметрі;
Path – графиктік драйвер файлының атауы және жолы.
Driver мәні GRAPH модулінде хабарланған тұрақтылар жиынымен
шектеледі.Осы режимді тағайындағаннан кейін GRAPH модулінің барлық
командаларын пайдалануға болады.
Графикалық режимнен шығу үшін Closegraph процедурасы пайдаланылады.
Графикалық режимді инициализациялау INITGRAPH (драйвер, режим, жолы)
операторымен орындалады; мұндағы драйвер - графикалық драйверге арналған
integer типті айнымалы; режим – адаптердің жұмыс режиміне арналған
integer типті айнымалы (тағайындалатын графикалық режимнің номері); жолы
– графикалық драйвердің файлына баратын жолды көрсететін string типті
өрнек.
Ескерту. 1. Драйвердің типі адаптердің типіне сәйкес келуі тиіс. 2.
Драйвердің параметрі әдетте detect функциясымен беріледі; яғни драйверді
автоматты түрде анықтау, - оны GRAPH модулінің тұрақтысымен беруге болады,
мысалы, VGA немесе 9. Detect функциясын пайдаланғанда жоғары мүмкіндікті
режим тағайындалады. 3. Егер драйвер сол қалыпта болатын болса, Турбо
Паскаль жүйесінің файлдары орналасқан каталогта болса, онда бос жол деп,
яғни ‘ ‘-2 апострофпен көрсетуге болады.
Графикалық режимнің тағайындалуының нәтижесі екі функция модулінің
мәндерінен көрінеді. GRAPHresult : integer, аргументсіз, инициализация
нәтижесінің коды үшін және GRAPH error (қате коды) : string –
инициалицазия қатесінің себебін ағылшын тілінде хабарлау үшін.
GRAPHresult функциясы кез келген функция немесе процедура
модульдерінің орындалуындағы қатенің кодын береді. Код мәтіндері: 0...14.
Егер код нолге тең болса, онда орындалуда қате жоқ. GRAPHresult = 0
графикалық режимнің дұрыс тағайындалғандығын көрсетеді, яғни қатесіз
тағайындау ; код – 3 – BGI графикалық драйверінің табылмағандығын
көрсетеді. Көпшілік жағдайда тағайындаудағы қате – GRAPH модулінің немесе
драйвер файлының активті каталогта орналаспағандығынан болады.
Тілді жаңадан үйренушілер үшін графикалық режимді төмендегідей
тағайындауды ұйымдастырған дұрыс:
1) Турбо Паскаль жүйесінің файлдары орналасқан каталогта GRAPH.TPU,
TURBO.TPL және BGI драйвер файлының бар екендігіне көз жеткізу қажет.
Егер қандай да бір файл болмаса, онда оны сол каталогқа көшіріп жазу қажет.
Программада инициализация жасау үшін мынадай операторлар мен
сөйлемдерді жазу қажет.
Uses GRT, GRAPH;
Var driver, regim, error: integer;
s: char;
...
driver:= detect;
INITGRAPH (driver, regim, ‘ ‘);
error:= Graphresult;
if error 0 then
begin
writeln(‘ Графикалық режимде қате бар!’);
writeln (‘tokta!’);
S:=readkey
end;
...
Ескерту. GRT модулін іске қосу компьютердің жұмысын басқару саймандарын
және графикалық режимдегі экран жұмысын басқаруға мүмкіндік береді. Мысалы,
Readkey, Keypressed функцияларымен DELAY процедуралары тәрізді. Осындай
инициализациядан кейін, driver-драйвердің типін, номерін алады; ал regim –
жоғары мүмкіндік режимін алады. Егер VGA адаптері мен EGAVGA. BGI драйвері
пайдаланылса, онда, driver =9, ал regim =2 болады.
GRAPH.TPU модулі
Графикалық режимді тағайындағаннан кейін пайдаланушы өзінің жұмысы
үшін әртүрлі команда пайдаланады. Бұл командалар қызметі бойынша
төмендегідей топталады:
• графикалық экранды басқару үшін;
• графикалық информацияны өңдеу және шығару үшін;
• графикалық режимде текст шығару үшін.
Графикалық экранды басқару командалары:
• пайдаланылған адаптер мен драйвер туралы информация алу;
• графикалық режимдердің мөлшерін және сипаттамаларын білу;
• графикалық экранның жұмысына қажетті режимді тағайындау;
• экранның графикалық беттерін басқару,
• графикалық информациямен шығаруға арналған терезені іске қосу
және ажырату;
• графикалық информациямен шығару және фон түстерін басқару;
• экранды графикалық курсормен басқару;
• экранды немесе терезені тазарту жатады.
Графикалық информациямен енгізу және шығару командалары:
• графикалық экранға нүкте, кесінді, тіктөртбұрыш, қисық сызық,
шеңбер, эллипс, доға, эллипс және шеңбер секторларын шығару
процедуралары;
• динамикалық жадыға графикалық экранның бөліктерін бейнелермен
сақтау және оны қайтадан экранға шығару;
• экрандағы тұйықтарды берілген түстермен бояу немесе штрихтау.
Графикалық режимде экранға текст шығару командалары-графикалық экранға
string типті текст жолын шығаруға мүмкіндік береді.
GRAPH модулінің командалары графикалық экранда кез келген бейнені
тұрғызуға мүмкіндік береді.

2.2 Графикалық режимдерге қолданылатын процедуралар

Бұл командалардың кейбіреуі жоғарыда айтылады.
- INITGRAPH- графикалық режимді тағайындау;
- DETECT- графикалық драйверді автоматты түрде анықтау
- CLOSEGRAPH- графикалық режимді жабу;
- SETGRAPHMODE- жаңа графикалық режимді тағайындау;
- SETGRAPHMODEрежим, мұндағы режим-код немесе режим
номері;
- CLEARDevice-процедурасы – графикалық экранды тазалайды;
форматы: CLEARDevice; бұл процедура орындалғанда экранның
барлық түзетулері, бастапқы қалыпқа келтіріліп, курсор
экранның 0,0 нүктесіне келеді.
SetViewPort процедурасы тіктөртбұрыш терезені тағайындайды. Форматы:
SetViewPort (x1,y1,x2,y2,қиық); мұндағы x1,y1,x2,y2 – тіктөртбұрыштың
сәйкес сол жақ жоғары және оң жақ төменгі координасы, типі:integer;қиық-
типі:boolean, егер true мәнін қабылдаса, терезе шекарасымен өтеді; ал false
мәнін қабылдаса, керісінше.
ClearViewPort процедурасы - терезені тазалайды; форматы:
ClearViewPort;
GetMaxX және GetMaxY функциясы – тағайындалған графикалық режиде
экранның x және y осьтері бойынша ең үлкен координатасының мәнін
анықтайды. Типі: integer, форматы: GetMaxX, GetMaxY.
Графикалық курсорды басқару
MoveTo процедурасы курсорды көрсетілген координатаға орналастырады;
форматы: MoveTo(x,y);
GETS және GETY функциялары курсордың ағымдағы координатасын анықтайды.
Форматы:
GETS және GETY

2.3. Графикалық информацияны шығару командалары

Графикалық экранға шығарудағы негізгі жасалатын әрекет графикалық
нүкте шығару операциясы болып табылады. Экрандағы кез келген бейне керекті
түске боялған графикалық нүктелердің жиынтығынан құралады.
Графикалық экранға жиі пайдаланылатын графикалық обьектілерді шығаруды
жеңілдету үшін кесінді, сынық, тіктөртбұрыш, шеңбер, эллипс, доға, шеңбер
және эллипс секторларын тұрғызатын процедуралар GRAPH модулінде
қолданылады. Бұл процедуралар пайдаланушының осы обьектілерді тұрғызуды
программалаудан босатады(құтқарады). Бірақ модульде бір ғана графикалық
нүктенің экрандағы еркін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Turbo Pascal жүйесіндегі графиканы ұйымдастыру технологиясы
ПАСКАЛЬ БАҒДАРЛАМАЛАУ ТІЛІНІҢ ГРАФИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
Программалау тілдері туралы ұғым
Turbo pascal программалау тілі туралы
Pascal және Си тілінде бағдарламалау
Турбо паскаль графикалық режимі
Паскаль програмалау тілі туралы түсінік
Turbo Pascal-дағы графика y=f(x) функциясының графигін салу
Graph модулін қолдану
Ханой мұнарасы
Пәндер