Әдеттік құқық институты ретіндегі билер соты



Қазақстан Республикасындағы жүргізіліп жатқан құқықтық реформалардың негізгі мақсаты — ұлттық құқық жүйесін қалыптастыру. Ал, реформаның негізгі принциптерінің бірі құқықтық мәдениеттің сабақтастығы болуы керек. Осыған орай, құқықтық реформаның тиімді болуына ықпал ете алатын факторлардың бірі мүмкіндікке қарай қазақ халқының құқықтық мұрасын пайдалану және есепке алу дей аламыз. Дәлірек айтқанда, соттық-құқықтық реформаларды жүргізу кезінде қазіргі уақытта аса көкейтесті болып отырған, өткен заманда өзіндік маңызы болған қазақтардың дәстүрлі әлеуметтік-құқықтық институты — билер сотын меңгеру аса қажет-ақ.
Әдеттік құқықтық сот мекемесі ретіндегі билер соты қазақ этносының әдеттік құқықтардың қалыптасуы мен қызмет етуінде негізгі рөлге ие болды. Билер соты тек соттық-процессуалдық құқықтың орталық институты ғана болған жоқ, ол, сондай-ақ, қазақтардың әдеттік құқықтары мен тұтастай әдеттік құқықтық жүйенің интеграциясымен айналысатын “алмаспайтын” институт болды. Сөз жоқ, билер соты ұзақ уақыт бойы қазақ қоғамының қоғамдық-саяси өмірінің, соның ішінде құқықтық өмірінің маңызды “белсенді орталығы” (С.С. Алексеев) болды.
Билер сотының жалпы генезисі, құрылымы және қызмет етуіне келсек, оның қандай да бір теориялық үлгісін жасап көруге талпыныс жасауға тура келеді. Себебі, билер соты уақыттың ауысуына, тұратын жердің өзгеруіне және басқа да объективті жағдайларға орай түрленіп отырған. Билер сотының еркешелігі сонда, олар билер қызметінің бір ғана аспектісіне жауап берген. Қазақ қоғамында оны “сақтаушылар тобы” деп атаған, яғни кездейсоқ пайда болатын, тұрақты болып тұратын әдет-ғұрып құқығының білгірлері мен түсіндірушілері немесе ұдайы сот-делдалдық қызметті атқарушылар.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қ. Әлімжан

Әдеттік құқық институты ретіндегі билер соты(

Қазақстан Республикасындағы жүргізіліп жатқан құқықтық реформалардың
негізгі мақсаты — ұлттық құқық жүйесін қалыптастыру. Ал, реформаның негізгі
принциптерінің бірі құқықтық мәдениеттің сабақтастығы болуы керек. Осыған
орай, құқықтық реформаның тиімді болуына ықпал ете алатын факторлардың бірі
мүмкіндікке қарай қазақ халқының құқықтық мұрасын пайдалану және есепке алу
дей аламыз. Дәлірек айтқанда, соттық-құқықтық реформаларды жүргізу кезінде
қазіргі уақытта аса көкейтесті болып отырған, өткен заманда өзіндік маңызы
болған қазақтардың дәстүрлі әлеуметтік-құқықтық институты — билер сотын
меңгеру аса қажет-ақ.
Әдеттік құқықтық сот мекемесі ретіндегі билер соты қазақ этносының
әдеттік құқықтардың қалыптасуы мен қызмет етуінде негізгі рөлге ие болды.
Билер соты тек соттық-процессуалдық құқықтың орталық институты ғана болған
жоқ, ол, сондай-ақ, қазақтардың әдеттік құқықтары мен тұтастай әдеттік
құқықтық жүйенің интеграциясымен айналысатын “алмаспайтын” институт болды.
Сөз жоқ, билер соты ұзақ уақыт бойы қазақ қоғамының қоғамдық-саяси
өмірінің, соның ішінде құқықтық өмірінің маңызды “белсенді орталығы” (С.С.
Алексеев) болды.
Билер сотының жалпы генезисі, құрылымы және қызмет етуіне келсек, оның
қандай да бір теориялық үлгісін жасап көруге талпыныс жасауға тура келеді.
Себебі, билер соты уақыттың ауысуына, тұратын жердің өзгеруіне және басқа
да объективті жағдайларға орай түрленіп отырған. Билер сотының еркешелігі
сонда, олар билер қызметінің бір ғана аспектісіне жауап берген. Қазақ
қоғамында оны “сақтаушылар тобы” деп атаған, яғни кездейсоқ пайда болатын,
тұрақты болып тұратын әдет-ғұрып құқығының білгірлері мен түсіндірушілері
немесе ұдайы сот-делдалдық қызметті атқарушылар.
Билер сотына мінездеме беруде мұның маңызы зор болғандықтан, бидің
тұлғасына толығырақ тоқталсақ. Бізге жақсы мәлім, қазақтардың “би” түсінігі
түріктің “бек” (бек, бей) сөзінен бастау алады. Би — түрік
қауымдастықтарындағы құдіретті, білімдар, бақуатты жанның дәстүрлі титулы
(В.В. Бартольд, 1913). Қазақ қоғамында “би” титулы мұрагерлік жолмен ғана
берілмеген, ол еңбек сіңіріп алатын құрметті атақ болған. Билер
тағайындалмаған және сайланбаған. Дәлірек айтқанда, ХІХ ғасырда отаршыл
орыс әкімшілігі араласқанға дейін солай болған. Ізденушіні (үміткерді)
кейде билер, ақсақалдар немесе басқа да өмірде көргені мен білгені мол
қариялар анықтаған. Дұрысы, олар үміткерге сәл-пәл демеу жасап жіберген, ал
“би” деген құрметті атақ тек халықтың үміткерді мойындауынан кейін ғана
берілген. Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар мыналар болды: әдет-ғұрып
құқығы нормаларын үтір-нүктесіне дейін білу, шешендік өнерді меңгеру және
әділ болу. Әділетсіз адам би атағын шарасыздықтан жойып алатын, өйткені,
ондай адамнан ешкім де әділетті шешім шығаруды күтпейтін және ондай адамға
баруды қажет деп те таппайтын. Беделін таза сақтап қалу — әділ соттың
бірден-бір және ең қажетті кепілі болатын.
Алайда, талапкер осы талаптардың бәріне бірдей жауап беріп тұрса да, ол
өзінің қолынан іс келетінін тәжірибе жүзінде дәлелдеуге тиіс-тін. Мәселен,
талапкер қандай да бір соттық (құқықтық) дау-дамайды шешуге қатысуы тиіс
болатын. Мұндай істе табысқа жету үміткердің би атағын алуын қамтамасыз
ететін. Ал, басқа критерийлер (әлеуметтік тегі, жасы және т.б.) маңызды
шешім бола алмайтын. Мәселен, зерттеушілер сол заман үшін тым жас болса да,
ерте жасында (13 жас) үміткер болып, би болғандардың бар екенін айтады (Ш.
Уәлиханов, 1864). Әдетте, билер қарапайым адамдар арасынан шығатын, олардың
шыққан тегіне аса қатты мән берілмейтін. Бірақ, сұлтандар арасынан би
болғандар да аз емес. Би атағы заңдық тәжірибеде судья немесе қорғаушы
болумен заңды түрде айналысуға берілген өзіндік лицензия сияқты болды.
Сондай-ақ, өзінің жағдайына қарай, көптеген билер қауымның (рудың) басшысы,
ханның немесе сұлтанның кеңесшісі, “еркін ақын-сері” бола алатын. Яғни,
әкімшілік, әскери-саяси, дипломатиялық және (немесе) қоғамдық маңызы бар
қызметтермен айналыса алатын.
Қазақ қоғамындағы сот билігін ежелден-ақ билер жүзеге асырған. Билер
сотының пайда болуы ана заманға немесе мына заманға тән деп тап басып айту
да қиын. Қалай болғанда да, В.А. Моисеев (Восток. 1995. N 4. С. 24-25)
айтатындай, бұл институттың пайда болуын Тәуке ханның реформаторлығымен
байланыстыру қате болар еді деп ойлаймыз. Мұндай билер соты Тәуке хан
басшылық еткеннен әлдеқайда ерте заманда болған (1652 жылдан кейін 1680
жылға дейін.-1715 жылдың қазанына дейін).
Енді тікелей сот процесіне тоқталсақ. Кез келген би танымал адамдардың
бірі қандай да бір тәртіп бұзды деп айыпталса немесе сол адамның тәртіп
бұзғанына әлдекімдер сезіктеніп, шағым түсірген жағдайда ғана сот бола
алатын. Жәбірленуші өзіне зиян келтірген әрекет туралы кез келген уақытта
шағымданған, шағымдану құқығына белгілі бір мерзіммен шектеу қойылмайтын.
И.А. Козловтың (Материалы по казахскому обычному праву. Сб. 1 Алма-Ата,
1948. С. 230) 40 жылдан кейін талап арыз беру туралы жазғандары шағымдану
құқығына шек қойылмағаны туралы біздің көзқарасымызды дәлелдей түседі.
Басқа қауымдастықтарда да осыған ұқсас жағдайларда нақтылы мерзім
белгіленбеген. Мәселен, Замбияның кейбір жергілікті тайпаларының әдет-ғұрып
құқығы бойынша, қақтығысқа түсуші тараптарға қай кезде де бұрыннан
қанағаттандырусыз келе жатқан талап-тілектерін тұтастай қайта талап етуге
мұрсат беріліпті (Кристи Н. Пределы наказания. М., 1985. С.100). Шешімін
таппаған мәселелер құқықтық тәртіптің үйлесімділігін бұзатындықтан, ерте
уақытта өтіп кеткеніне қарамастан, кез келген істі соттар қарауы керек.
Замбиялықтардың мұндай әрекетке баруын осындай себептермен түсіндіруге
болады. Басқаша айтқанда, шағымдану құқығының мерзімі шексіз боғланы күмән
тудырмаса керек, бірақ, “ежелгі” дауларды сотта дәлелдеудің қиынға
соғатынын да естен шығармаған абзал.
Жәбірленуші өзінің танысы болған-болмағанына қарамастан, өзінің
сеніміне шақ келетін кез келген биге шағымдана алады. Би жәбірленушінің
өтініші бойынша болсын, дауласушы жақтардың екеуінің де сұрауы бойынша
болсын, істі қарауға міндетті.
Бірінші жағдайда би екі жақтың да қатысуымен сот отырысын өткізуге
қажетті шараларды қолға алуы керек. Би айыпталушыға қатысты іс қозғалғанын
хабарлаған соң, ол қандай жағдайда болсын, өзі туралы бір хабарын беруге
міндетті. Оның қызығушылық танытатынының қарапайым ғана себебіне келсек,
егер жауап беруші немесе оның сенімді өкілі белгіленген уақытта себепсізден-
себепсіз сот отырысына келмей қалса, би оның сыртынан-ақ істі
жәбірленушінің пайдасына шешіп жіберуге құқықты болатын. Ал, жауап беруші
сотқа келмегені үшін айыппұл төлейтін. Егер бидің бұра тартатынына анық
көзі жетіп тұрса, жауап берушінің ол биден бас тартуға құқығы бар. Егер
жауап беруші еш қарсылық білдірмесе, би сот процесін (отырысын)
ұйымдастыруға кірісетін.
Тараптар туыс болмаған жағдайда, дауласушы екі жақтың бірінің туысы би
бола алмайды, өйткені, тараптардың қай-қайсысы да оны мойындамауы мүмкін.
Сондықтан, би екі жақтың да көңілінен шығуы тиіс. Екі тараптың бірі туысы
болса, би процеске тек қорғаушы ретінде ғана қатыса алатын (Аралық сот
нұсқасы:). Кейде дауласушы тараптар теңдей дәрежеде билерді ортаға
шығаратын (бір-бірден, екі-екіден немесе үш-үштен), сол ортаға шығарылған
билер біріге отырып, істі жүргізетін биді таңдайтын. Немесе екі жақ өзара
келісімге келе отырып, шешімді сөз айта алады-ау деген биді ортаға
шығаратын. Қандай жағдайда болмасын, тараптар би (сот) қабылдаған шешімді
сыйлауға және оны орындауға міндетті.
Жариялылығы мен ашықтығы — билер сотының табиғи ерекшелігі. Кез келген
процесте би-судья сот отырысының ашық және жариялы түрде өтуін қамтамасыз
етеді. Тіпті, биді судья ретінде екі жақ теңдей таңдап алғанымен, ол сот
отырысына куәгер ретінде басқа билерді немесе елге сыйлы басқа да
азаматтарды шақыра алатын (әлде, шақыруға міндетті болатын), олар шешім
қабылдауға тікелей қатыспағанымен, сот процесіне қатысуы және өзін-өзі
ұстауы арқылы сот ісін жүргізген бидің беделі мен легитимділігін
көрсететін. Сот процесіне куә болуға кез келген адам құқықты. Бұл арада
қандай да бір шектеулер қойылмаған. Қазақтардың қарапайым құқықтық
жүйесінде жабық сот отырысы деген болмаған.
Айта кетерлік маңызды бір мәселе, құқықтық жүйедегі әдет-ғұрып құқығына
негізделген, сот арқылы шешуге арқау болған қақтығыстар қазіргідей жеке
адамдарға қатысты қозғалмаған. Кез келген қақтығыстың қоғамдық мәні болған,
өйткені, біріншіден, автономды қауымдастықтар отбасы, ру сияқты әртүрлі
микротоптарға ғана қатысты емес. Әсіресе, егер әңгіме туыстас емес адамдар
арасындағы қақтығыс туралы болса. Екіншіден, мұндай дау-жанжалдардың
қоғамдық маңызы қоғамдық-құқықтық (соттық) институттарға шағымдану
құқығымен де бекітіледі. Жеке басқа немесе жеке адамдарға ғана қатысты
қақтығыстар мен сот процесінің болмағаны содан.
Қазақ қоғамында кез келген адам қауымның бір мүшесі болғандықтан, кез
келген сот отырысы табиғи түрде қауымаралық сот ісіне айналатын. Тек, жауап
беруші мен жәбірленуші бір ұжымнан (қауымнан) болғанда ғана басқаша
болатын. Егер дауласушы тараптар бір-біріне туыс болып келсе, қауым
ішіндегі проблеманы шешу әлдеқайда оңай. Дауласушы қауым мүшелерінің бір-
бірімен туыстық қатынасы болмаса, әңгіме рудың бет-бейнесін, арын сақтап
қалу туралы да өрбитін. Осыған орай кез келген маңызды-маңызсыз істің бәрі
дерлік қоғамдық мәселеге айналып шыға келетін. Сондықтан, іс әділетті
шешілуі үшін күмән-күдікті барынша азайту қажет болатын. Осындай
факторлардың бірлігі билер соты институты жүргізетін кез келген істің
барынша “таза” өтуін қамтамасыз етіп, процедураны реттеуді егжей-тегжейлі
қарастыратын.
Тараптар бидің алдында өздеріне қарсы бағытталған айыптаулардың
негізсіз екенін айтып, қақтығыстың болған-біткені туралы өздерінің
версияларын айтуға құқылы. Мұндайда алғашқы сөз әдетте жәбірленушіге
берілді, содан кейін ғана би жауап берушіге сөз берді, ол (1) айыптаулардың
тұтастай немесе белгілі бір бөлігінің әділетті екенін мойындап, келтірілген
зардапты өтеуге дайын екенін білдіретін. Мұндайда би ымыраластыруға
көшетін, осыдан кейін іс біттіге саналатын; (2) болмаса, айтылғандарды
теріске шығарып, өзіне қарсы айыптаулардың дәлелсіз екенін айтып, өзінің
кінәсіздігін дәлелдейтін, мұндайда сот процесі келесі кезеңге — істің қалай
болғанын тергеуге көшетін.
Егер бар болып жатса, жәбірленуші де, айыпталушы да сотқа куәгерлерін
тартатын, олар тараптардың бірінің пайдасына шешілетін дәлелдерді не
құптап, не теріске шығарып түсніктеме беретін. Әйелдер, кәмелеттік жасқа
толмағандар (15 жасқа дейінгі), іске қатысы бар адамдар, жүйке жүйесі
ауыратындар, бұрын жалған куә болғандар, аса беделді емес адамдар, істің
мән-жайы туралы біреулерден естігендер, сондай-ақ, жәбірленушіге немесе
айыпталушыға тәуелді адамдар (құлдар, т.б.) куәгер бола алмайтын. Жоғарыда
аталған топтарға жатпайтын кез келген парасатты адам куәгер бола алады.
Тараптар куәгердің шындықты айтып тұрғанына күмән келтірсе, үміткерді
куәгерліктен алып тастауға құқылы. Күмән келтіретін тұстар да аз болмайды,
мәселен, куәгерді сатып алу, туыстық, жәбірленушімен немесе айыпталушымен
достық немесе өштік. Дәл осындай негіздемелермен биді де аластауға болатын,
бірақ, егер сезік дәлелсіз болса, бұл бидің беделіне нұқсан келтіру болып
есептелді. Егер екі жақ та сенім білдіріп жатса, жәбірленушінің немесе
айыпталушының туысы да куәгер бола алады.
Куәгерлер болмағандықтан немесе олардың берген түсініктемелері анық
болмағандықтан, сот ісі куәгерсіз жүрсе, судья ант қабылдататын. Дәлірек
айтқанда, өзінің адалдығымен, әділдігімен танылған жандардың бірі ант-су
ішетін. Ежелгі дәуірлерден бермен қарай келе жатқан, белгілі бір мерзім
ішінде барлық қауымдастықтарда болған ант қабылдау рәсімі — айыпталушының
кінәлі немесе кінәлі емес екенін анықтаудың бірден-бір жолы. Іс жүзінде
анттың мынадай түрлері болған: жауап беруші жағынан — жоққа шығаратын (Т.М.
Күлтелеевтің сөзімен айтсақ, тазалайтын), жәбірленуші жағынан — айыптайтын
(Т.М. Күлтелеевтің сөзімен айтсақ, бекітетін). Алғашқысы өте көп
пайдаланылған. Адамдар ант қабылдаудан қашқақтайтын, өйткені, ант қабылдау
өте үлкен жауапкершілік еді. Зерттеушілер ежелгі қазақ қоғамында өтірік ант
берудің өте сирек кездескенін айтады. Ант берушіге қойылатын талаптар да
куәгерге қойылатын талаптармен бірдей.
Басқа барлық мүмкіндікті жоғалтқан уақытта билер жауап берушіден өзінің
кінәсіз екенін дәлелдейтін ант қабылдауды талап ететін. Қажет болған
жағдайда антты бірнеше адам қабылдаған. Жауап берушіге туыс болып келетін
немесе басқа да жақындығы бар адамдардың ішінен ант қабылдаушыны
жәбірленуші таңдаған. Алайда, оның таңдаған адамы жауап берушімен жаулық
қарым-қатынаста ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ билерінің өсиет сөздері
Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша меншік қатынастары
Қазақтардың құқықтық мәдениетінің рухани бастаулары
Еліміздің тарихи-құқықтық дамуының жалпы заңдылықтарының көрсеткіші ретіндегі дәстүрлі қазақ қоғамындағы меншік институтының қалыптасу тарихын және әртүрлі кезеңдердегі оның дамуын зерттеу
Ш.Уалихановтың саяси-құқықтық көзқарасы
Ресейдің отарлауы алдындағы Қазақстан
«қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша мүліктік қатынастарды құқықтық реттеудің ерекшеліктері»
Билер институтының жүйесі мен негізгі сатылары (инстанциялары)
Қазақ хандарының негізгі заңдары қазақ тарихының дерек көзі
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Ресейдің Қазақстанға жүргізген саяси құқықтық реформалары
Пәндер