Негізгі өндіріс факторларынан алынатын табыс: мәні және формалары



Кіріспе 3 бет

I. Факторлардан алынатын табыстар және оладың функционалдық бөлінуі.

1.1 Қоғамдық өндірістің негізгі факторлары. 4.6 бет
1.2. Халықтың табыстары, олардың түрлері және қалыптасу көздері. 7.9 бет

II. Жеке табыстары бөлу және қоғамның әлеуметтік құрылымының эволюциясы.
Өмір дәрежесі және кедейлік.

2.1. Табыстарды жеке бөлу және оның дифференциялануының себептері. 10.12 бет
2.2. Табыстарды бөлудің халық өмір дәрежесіне әсері. 12.19 бет

III. Қазақстан Республикасының табыстарды бөлуі.

3.1. Табыстарды бөлуді мемлекеттік реттеу. 20.24 бет
3.2. Әлеуметтік қорғау жүйелері. 24.25 бет

Қорытынды
Халықтың жиынтық табыстары, олардың дәрежесі, құрылымы, алу тәсілдері және жіктелуі қоғамның экономикалық жә
не әлеуметтік жақсы тұрмыс халының көрсеткіштері болып табылады. Оларда бөлу айқын әлеуметтік – саяси көріністі сипаттайды, бұл мүліктік және әлеуметтік жіктелуді болжайды.
Өндіріс факторларынан алынатын табыс экономикада негізгі табыс болып саналады. Сондықтан да курстық жұмысты өндіріс факторларын саралаудан бастаған дұрыс деп ұйғардым.
Табыстар бөлінісі ресурстар бөлінісімен тығыз байланыста болады. Қоғамдық өмірде табыстардың жіктелуі арқылы ресурстар бөлінуінің артындағы нақты байланыстар айқындалады. Барлық экономикалық процестер белгілі әлеуметтік ортада жүріп отырады, сондықтан өзара әсер ететін қоғамдық жүйелердің экономикалық және әлеуметтік жақтарын ажырату шартты және абстрактылы болады. Табыстардың бөлінуі формасы арқылы, өндіріс нәтижесінің бөлінісіне талдаудың жүргізілуі, “ кім үшін?” деген сұраққа қоғамның берген жауабының шындығын бағалауға мүмкіндік береді. Тендік мәселесін қою бізді, нормативтік деп аталатың экономикалық теорияның негізін құрайтын, баға беретін ой- пікір сферасына, амалсыз тартады. Нормативтік экономика қоғамдық құрылыстың идеалдық үлгісіне (дүниетанудың әр түрлі бағыты бойынша) сипаттама беруді мақсат етеді. Позитивтік экономикалық теория, қазіргі болып тұрған қатынастар жүйелерін зерттейді. Позитивтік және нормативтік экономикалық теорияның бірлігін және айырмашылығын, теңдік пен тиімділіктің арақатынасы туралы пікір таластар айқын көрсетеді. Әдетте нарық шектелген ресурстарды тиімді бөле отырып, ол табыстарды бөлгенде , “қателік” жібереді деп есептеледі. Осы тәрізді пайымдаулар , экономикалық тиімділік жасанды түрде өзінің әлеуметтік мазмұнынан ажыратылуына негізделеді.
Экономиканы мемлекеттік реттеу қоғамдық өндірістің тиімділігін көтеруге, әлеуметтік әділеттікті қамтамасыз етуге және тұрақтандыруға бағытталады. Әлеуметтік деп аталатын мемлекеттік реттеудің деңгейі аталған үш мақсатты қанағаттандыруы керек.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ФАКУЛЬТЕТІ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ КАФЕДРАСЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тоқырыбы Негізгі өндіріс факторларынан алынатын табыс: мәні және
формалары

Орындаушы: Мадибраимова А.К. , қаржы 1-курс
(Аты-жөні, мамандығы, курсы)
Ғылыми жетекшісі: Бейсенбаев Ж.Т.

(Аты-жөні, ғылыми дәрежесі)

Алматы, 2005

Негізгі өндіріс факторларынан алынатын табыс: мәні және формалары.

Жоспары

Кіріспе
3 бет

I. Факторлардан алынатын табыстар және оладың функционалдық
бөлінуі.

1.1 Қоғамдық өндірістің негізгі факторлары. 4-6 бет
1.2. Халықтың табыстары, олардың түрлері және қалыптасу көздері.

7-9 бет

II. Жеке табыстары бөлу және қоғамның әлеуметтік құрылымының
эволюциясы.
Өмір дәрежесі және кедейлік.

2.1. Табыстарды жеке бөлу және оның дифференциялануының
себептері.
10-12 бет
2.2. Табыстарды бөлудің халық өмір дәрежесіне әсері. 12-19 бет

III. Қазақстан Республикасының табыстарды бөлуі.

3.1. Табыстарды бөлуді мемлекеттік реттеу. 20-24
бет
3.2. Әлеуметтік қорғау жүйелері.
24-25 бет

Қорытынды

Кіріспе

Халықтың жиынтық табыстары, олардың дәрежесі, құрылымы, алу тәсілдері
және жіктелуі қоғамның экономикалық жә
не әлеуметтік жақсы тұрмыс халының көрсеткіштері болып табылады. Оларда
бөлу айқын әлеуметтік – саяси көріністі сипаттайды, бұл мүліктік және
әлеуметтік жіктелуді болжайды.
Өндіріс факторларынан алынатын табыс экономикада негізгі табыс болып
саналады. Сондықтан да курстық жұмысты өндіріс факторларын саралаудан
бастаған дұрыс деп ұйғардым.
Табыстар бөлінісі ресурстар бөлінісімен тығыз байланыста болады.
Қоғамдық өмірде табыстардың жіктелуі арқылы ресурстар бөлінуінің артындағы
нақты байланыстар айқындалады. Барлық экономикалық процестер белгілі
әлеуметтік ортада жүріп отырады, сондықтан өзара әсер ететін қоғамдық
жүйелердің экономикалық және әлеуметтік жақтарын ажырату шартты және
абстрактылы болады. Табыстардың бөлінуі формасы арқылы, өндіріс нәтижесінің
бөлінісіне талдаудың жүргізілуі, “ кім үшін?” деген сұраққа қоғамның берген
жауабының шындығын бағалауға мүмкіндік береді. Тендік мәселесін қою бізді,
нормативтік деп аталатың экономикалық теорияның негізін құрайтын, баға
беретін ой- пікір сферасына, амалсыз тартады. Нормативтік экономика
қоғамдық құрылыстың идеалдық үлгісіне (дүниетанудың әр түрлі бағыты
бойынша) сипаттама беруді мақсат етеді. Позитивтік экономикалық теория,
қазіргі болып тұрған қатынастар жүйелерін зерттейді. Позитивтік және
нормативтік экономикалық теорияның бірлігін және айырмашылығын, теңдік пен
тиімділіктің арақатынасы туралы пікір таластар айқын көрсетеді. Әдетте
нарық шектелген ресурстарды тиімді бөле отырып, ол табыстарды бөлгенде ,
“қателік” жібереді деп есептеледі. Осы тәрізді пайымдаулар , экономикалық
тиімділік жасанды түрде өзінің әлеуметтік мазмұнынан ажыратылуына
негізделеді.
Экономиканы мемлекеттік реттеу қоғамдық өндірістің тиімділігін
көтеруге, әлеуметтік әділеттікті қамтамасыз етуге және тұрақтандыруға
бағытталады. Әлеуметтік деп аталатын мемлекеттік реттеудің деңгейі аталған
үш мақсатты қанағаттандыруы керек. Курстық жұмыстың үшінші бөлімінде
халықтың жиынтық табыстарының қалыптасуы процестері және оларды реттеуде
мемлекеттік кірісудің рөлі талданады.

Ι. Факторлардан алынатын табыстар және олардың функционалдық
бөлінуі.

1.1. Қоғамдық өндірістің негізгі факторлары.
Материалдық игіліктерді жасап шығаратын процесс өндіріс деп аталады.
Өнім өндірісінде адам табиғат объектеріне әсер етеді, оларға өзінің
материалдық қажеттерін қанағаттандыратындай форма береді.
Игіліктерді дайындауға қатысатын факторларды анықтап білу маңызды
мәселе болып табылады. Экономикалық теорияда өндірістің мүмкіндігі мен
нәтижелілігіне шешуші әсер ететін ерекше маңызды элементі, немесе объекті,
өндіріс факторлары деп аталады. Өнім өндіруде пайдаланатын осындай
факторлар өте көп болады. Және әр жекелеген өнімді өндіруге икемделген
өзіндік факторлар болады. Сондықтан оларды біріктіріп, топтастыру қажет.
Факторларды бөліп, топтастырудың көптеген әдістері бар.
Марксистік теория факторларға жұмыс күшін, еңбек заттарын, еңбек
құралдарын жатқызады. Бұлар екі ірі топ құрады: өндірістің жеке факторы –
жұмыс күші және өндірістің заттық факторы – еңбек заттары және еңбек
құралдары болып бөлінеді.
Қашан болсын, өндірістің жеке факторына жұмысшы күші яғни адамның
еңбекке деген физикалық және интеллектуалдық қабілетінің жиынтығы жатады.
Өндірістің заттық факторына барлық құрал-жабдықтардың жиынтығы
жатады.
Жеке және заттық факторлар өзара байланыстың күрделі жүйе құрайды.
Оның тиімділігін технология мен өндірістің ұйымдастырлуы анықтайды.
Өндірістің басты факторларының арысындағы әрекеттерді технология көрсетеді.
Ол өңдеудің әр түрлі әдістерін пайдалануды, еңбек заттарының қасиеттерін,
формаларын, құрылуын өзгертуді талап етеді.
Өндірісті ұйымдастыру өндіріс факторларының келісімді қызмет етуін,
олардың сан жағынан сәйкес болуын т.б. көздейді.
Маржиналистік теория өндіріс факторларын төрт топқа бөледі: жер,
еңбек, капитал, кәсіпкерлік қызмет.
Жер табиғи фактор деп қаралады. Ол адамның іс - әрекетінің нәтижесіне
жатпайды. Өндіріс факторларының осы тобына өндіріс процесінде қолдануға
болатын, табиғат байлықтары мен пайдалы кендер жатады. Осы категорияға
егістік жер, ормандар қосылады.
Өндіріс факторларының қатарына тауар мен қызметтер өндіруде
пайдаланатын мүліктердің жиынтығы – капитал жатады: машиналар, жабдықтар,
қойма ғимараттары, көлік және байланыс коммуникациялары, т.б. Олардың
техникалық күйі үздіксіз жақсартылып отырады және олар өндіріс процесіне,
оның тиімділігіне шешуші әсер етеді.
Еңбек – игіліктер дайындауға және қызметтер көрсетуге бағытталған
интеллектуалдық немесе физикалық әрекеттер болып табылады.
Жеке адамның біліміне, кәсіби дайындығына, тәжірибесіне, денсаулығына
сәйкестенген қабілеттерінің жиынтығы адам капиталын құрайды. Адамның
еңбегінің шеберлігі, өнегелілігі жоғары болған сайын, оның капиталы өсе
түседі, ал осыған сай табысы (еңбек ақысы) көбейеді. Осы күнгі адам
капиталына жұмсалған инвестициялар қоғам үшін ең тиімді болып және тез
арада өзін - өзі ақтап отыр.
Кәсіпкерлік іс - әрекет - бұл өндірістің ерекше факторы. Осы фактор
өндірісті ұйымдастырып жүргізуде белсенділікті, іскерлікті, саналылықты,
жауыпкершілікті, тәуекелділікті кең пайдалануды талап етеді.
Кәсіпкерлік қабілет – адам капиталының ерекше түрі. Бұл игіліктер мен
қызметтерді жасауға қолданылатын, өндірістің барлық факторларының бір
бірімен келісімді, сәйкес түрде қызмет етуін көздейтін іс - әрекет. Адам
ресурстарының осы түрінің ерекшелігі мынада: олар қауіп- қатерлікке,
шығынға ұшырауы мүмкіндіктерінің болуына тәуекелдік етіп, өндіріс процесіне
коммерциялық негізге сүеніп отырып, өндірілетін өнімнің жаңа түрін, алдыңғы
қатарлы технологияларды, бизнесті ұйымдастырудың тиімді формаларын кіргізу
болып табылады. Кәсіпкерлік қызмет шама жағынан және нәтижелілік жағынан
квалификациясы өте жоғары еңбек жұмсаумен пара- пар келеді.
Өндіріс факторларын топтастурыдың айырмашылықтары неде?
Біріншіден, марксистік теория бойынша, өндіріс факторлары экономикалық
категория ретінде өндірістің әлеуметтік бағытын анықтайды. Осылай, өндіріс
процесінің алғашқы негізінен бастап, қоғамның таптық құрамы қалыптасады
және таптардың әділеттік үшін күресінің болу мүмкіндігі дәлелденеді. Ал
маржиналистер факторлырды өндірістің жүруіне қажет тек жалпы техникалық –
экономикалық элементтер деп қарайды.
Екіншіден, маржиналистер капитал деп еңбек құралдары мен заттарын
түсінеді, ал табиғат шартын жеке фактор деп бөледі. Марксистер табиғат
шартын, еңбек құралдарын және еңбек заттарын біртұтас заттық фактор деп
біріктіреді. Егер әңгіме өндірістегі өзгеше табиғат жағдайлары туралы
болса, олардың ерекшелігі рента арқылы есепке алынуы керек. Олардың
тұжырымдауы бойынша, бұл жағдаймен ғылымның басқа саласы айналысуы керек.
Үшіншіден, маржиналистер кәсіпкерлік іс - әрекетті өндіріс факторы деп
таныса, марксистер оны жоққа шығарады.
Жалпы айтқанда, факторларды топтастыру айырмашылығының себебі –
қоғамдық өндірісті талдауға таптық көзқарастың қолданылуы.
Өндіріс факторлары қоғамның даму процесінде өзгеріп тұрады, сондықтпан
оларға тұрақты құбылыс деп қарауға болмайды.
Постиндустриялды қоғамда өндіріс факторы деп информациялық және
экологиялық факторлар аталады.
Осы екі фактордың пайда болуы, осы замандағы ғылымның жетістіктерімен
тығыз байланысты. Ал ғылымның өзі жекедара фактор болып отыр, өйткені
өндірістін тиімділігіне, жоғарғы квалификациялы жұмысшы күшін дайндауға,
адам капиталының потенциялдық мүмкіндігін жоғарылатуға, оның әсері шешуші
болып отыр.
Бүгінгі өнлірісте өндірістің экологиялық факторының маңызы өсіп
келеді. Бұл фактор кейбір технологияның қоршаған ортаға зиянды
болғандығынан, соның қызметіне кедергі туғызады, басқаша жағдайда ол
экономикалық өсудің дем берушісі рөлін атқарады.
Факторларды талдауға қорытынды жасай келе мына жағдайды тағы айта
кетейік: өндіріс процесіне барлық факторларды жұмылдырғанда ғана өндіріс
болуы мүмкін. Белгілі бір затты, қызметті өндіру үшін факторлардың белгілі
тобы қажет. Ал өндіріс факторларының бастылары жер, капитал және
кәсіпкерлік. Олар әрекеттерін бір – бірімен байланысып және бірін – бірі
толықтыра отырып атқарады. Есте болатын жәй: факторлардың бірінің орнын
бірі басып қызмет ете алатын қасиеті болады.
Бұл қасиеттің негізінде, бір жақтан, қажеттіліктердің ерекшелігі мен
мүліктің конструктивтік өзгешелігі, бірақ, басым түрде, ресурстардың
шектелуі жатса, екінші жақтан, оларды пайдаланудың тиімділігі жатады.
Кәсіпкер тапшы және қымбат өндіріс факторын неғұрлым аз пайдаланатын
технологияны таңдайды. Демек, бос жердің тапшылығы үйлерді көп қабатты,
биік қылып салуға әкеліп соқты.
Кәсіпкер өндіріс шығындарын төмендету қажет екенін мойындай отырып,
өндіріс факторларының әрқилы комбинациясын пайдалануға мәжбүр болады.

1.2. Халықтың табыстары, олардың түрлері және қалыптасу көздері.

Өндіріс факторларынан алынатын табыстардың пайда болуы мен оларда
бөлу проблемасы экономикалық теорияда көптен бері терең ой тұғызуда.
Өндіріс факторларының иелеріне табыс болатының осы факторларды сатып
алушылар үшін шығын болып табылады. Мысалы, жұмыс күші иелеріне жалақы
олардың табысы болып табылады, ал өнеркәсіп үшін өндіріс шығындарын
құрайды.
Жалпылама түрде табыс – біздің белгілі уақыт мерзімінде (әдетте 1
жылда ) еңбек етіп табатын немесе алатын ақшамыздың сомасы. Табыстың
ақшамен бағаланған көлемі номиналдық табыс деп аталады. Нақты табыс – бұл
ақшалай табысқа келетін тауарлар мен қызметтер сомасы. Нақты және
номиналдық табыстардың арасындағы айырмашылық инфляция, салықтар және
натуралдық трансфеттер арқылы пайда болады.
Табыстардың функционалдық бөлінуі.
Қоғамда өндірілген барлық өнім – оны өндіруге қатысқан барлық
факторлардың табыстарының сомасы. Табыстардың функционалдық бөлінуі бұл
олардың факторлар – еңбек, процент, рента және пайда қалыптасады. Өндіріс
факторлары жүйесіндегі негізгі өзара байланыс капиталмен байланысты болады,
сондықтан функционалдық бөлінуді еңбек және меншік табыстарының арақатынасы
деуге болады. Табыстарды функционалдық бөлу еңбек және капиталға келетін
табыстың үлесін көрсетеді, ал біздің міндетіміз – қоғамның жиынтық
табысындағы еңбек және капитал үлестерінің арақатынастарының өзгерістерін
бақылап білу, өзгерістердің себептерін анықтап, оларға баға беру.
Экономикалық теорияның қандай бағытында болмасын, еңбек пен капиталдың
өзара әсер ету мәселесі айқын немесе бүркеме түр алса да, ол орталық бас
мәселе болып табылады. Экономикалық теориядағы балама бағыттар бір –
бірінен табыстардың түпкі негізін әр түрлі дәлелдеу арқылы ажырасады.
Табыстардың көзінің әр түрлі дәлелденуі құнның балама теорияларының
бір – бірінен айырмашылықтарын сипаттайды.
Құнның еңбектік теориясы ( А.Смит , Д.Рикардо, К.Маркс) бойынша,
құнның жалғыз көзі – ол жана құн жасайтын, материалдық өндірісте орын
алатын жанды еңбек. Маркстік табыстар теориясы қосымша құн теориясына
негізделеді. Қосымша құн деп, жалдамалы жұмысшылардың еңбегімен жасалған
және капиталистер оны төлеусіз иемденген жаңа құнның бір бөлігі аталады.
Саяси экономияның классиктері құнның еңбектік теориясының негізін қалаған,
К.Маркс осы теорияны әрі дамытып, оны қанау теориясының және осымен
байланысты барлық жағдайлардың негізі ретінде пайдаланды. Марксистік
қосымша құн теориясы, талдау инструменті ретінде жаңа құндағы капитал мен
еңбек үлестерінің арасындағы қатыныстарды – бұны Маркс қосымша құн нормасы
деп атайды – зерттеуде пайдаланылады. Қосымша құн нормасы капиталдың
еңбекті қанау дәрежесін өлшеуде пайдаланылады және ол жұмыс күнінің
ұзақтығы мен еңбек өнімділігіне тәуелді болады.
Қосымша құн нормасының жалпы тенденциясы таптық күштердің
арақатынастарымен белгіленеді. Марксизм қосымша құн нормасымен қатар,
еңбектің табыс үлесін өлшеу үшін басқа да көрсеткіштер қолданады. Қорлану
теориясында пролетариат жағдайының салыстырмалы нашарлауы дәледенеді. Бұл
пролетариаттың ұлттық табыстағы қоғамдық жинтық өнімдегі және ұлттық
байлықтағы үлесінің төмендегені болып көрінеді. Бүгінгі экономикалық теория
капитал мен еңбектің табыстағы үлесінің тенденциясын зерттейді.
Табыстардың көздері көздері мен принциптерінің қалыптасуы осы заманда
экономикалық теорияда үстемдік ететін дәлелдемелер, факторлар теориясына
және олардың шекті өнімділігіне негізделеді. Шекті өнімділік теориясы бас
назарды табыстың әр түрлі бөлшектерінің арасындағы фунционалдық
байланыстардың талдауы қажет екеніне аударады.
Экономикалық теорияның әр бағыттары табыстар көзін әр түрлі
дәлелдейді. Ал өндірістік факторлардың әрбіреуінің белгілі бір табыстар мен
байланысты екені туралы лардың түсініктерінде өзгешелік байқалмайды, бұл
жағдай әр түрлі көзқарастарды интеграциялауға жол ашады. Табыстар
теориясының негізгі мәселелері туралы бүгінгі түсініктердің кешегімен
салыстырғанда елеулі айырмашылықтары бар. Ұлттық хал – жағдайдың өсуі және
әлеуметтік реттеу жүесінің жасалуы таптық қарама – қарсылық мәселелерді
жоймаса да, оларды шамамен бәсеңдетеді. Сонда да, жиынтық табыстардағы
еңбек пен капитал үлестерінің арақатынастарына талдау жүргізу қажеттігі
жалпыға маңызды деп түсініледі және осы күнгі экономикалық зерттеуде
қолданылады.
Табыстардың функционалдық бөлінуінің негізінде жиынтық табыстағы еңбек
табысының үлесі есептеледі. Осы көрсеткіш жалақының жұмыспен
қамтылғандардың санының көбейтіндісі мен жийынтық табыстардың көлемі
арасындағы қатынас болып табылады. Марксизм жиынтық табыстағы еңбек
үлесінің даму тенденциясы төмендеп отырады деген сипаттама береді, ал оның
оппоненттері, керісінше, өсу тенденциясы байқалады дейді. Осы күнгі есептеу
жүйелері бойынша, жалданбалы еңбек адамдарына жұмыспен қамтылғандардың өте
мол шамасы кіреді, ал марксистік теория бойынша, еңбек үлесіне тек
пролетариаттық жалақысы жатады.
Еңбек үлесіне әсер ететін факторларға жататындар ішіндегі еңбек
ұсынысын, негізгі капиталдық өсуін және технологияның өзгеруін атап өтуге
болады.

L0 және Ls қисық

сызықтардың қиылысуы
нақты
жалақының
W0
тепе – теңдік

денгейін белгілейді.
Біздің
жағдайда еңбектік

табыстың көлемі сызық-
талған
фигураның

ауданына OW0Q0 тең
немесе
тепе – теңдік

жалақының дәрежесінің жұмыспен қамтылғандардың санының көбейтіндісіне (W0x
Q0) тең.
L0 – еңбекке жиынтық сұраныстың қисық сызығы, бұның орналасуы
экономикалық технология мен заттық капиталдан тәуелді болады;
Ls – еңбек ұсынысының икемділігі 0-ге тең деп есептеледі, яғни
жалақыдан тәуелді емес деп.
Еңбек табысының үлесі туралы нақты мәліметтер ұлттық есеп жүргізудің
Батыста қолданылатын формасының негізінде бағаланады. Еңбек табысының
үлесінің жалпы өсу тенденциясы байқалады, ол жиынтық табыстың 80 % - ін
құрады. Тағы айта кетейік, еңбек табысына, корпорациялардың жоғары
басқарушы аппаратын қосқанда, барлық жалдамалы еңбекпен айналасатын
адамдардың табыстары жатады.

II. Жеке табыстарды бөлу және қоғамның әлеуметтік
құрылымының эволюциясы. Өмір дәрежесі және кедейлік.

2.1. Табыстарды жеке бөлу және оның дифференция лануының себептері.

Жалдамалы еңбек тұлғаларының және заттық капиталдық меншік иелерінің
әлеуметтік статустары күмән тұғызбайтын болса, табыстың азаматтар
арасындағы функционалдық бөлінісі оның нақты бөлінісін көрсетеді және
керісінше. Осы заманда адамдардың нақты әлеуметтік статусын анықтау оңай
емес, өйткені, айтайық, жалдамалы жұмысшылар, сонымен қатар, құнды
қағаздардың әр түрінің, қозғалмайтын мүліктің және т.б. иесі болып, жеке
бизнес ұйымдастырып капитал меншіктнеді. Егер ұлттық статистикада халықтың
90 % - ті жалдамалы жұмысшылар деп есепке алынса, сонымен қатар меншік
иелерінің үлесі 50 % - ке дейін жетсе, онда әлеуметтік статустың
диверсификацияланғанының ақиқат екені қүмәнсіз болады.Осы жағдай таптар
қарсыластығын толық жоймаса да оны елеулі дәрежеде төмендетеді,
жеңілдетеді.
Әлүметтік статустың диверсификациялануы әлеуметтік – экономикалық
иерархияның өзгеріп тұру дәрежесінің өсуімен және еңбектің қозғалысқа
икемділігінің жоғары болуымен тығыз байланысты болады.
Табыстарды жеке бөлу.
Табыстардың функционалдық бөлінуі, отбасылары мен жеке адамдардың
табыстарын көрсете алмайды, өйткені олар отбасылар арасында осылардың
көлемі мен құрамына байланысты бөлінеді. Табыстарды жеке бөлу арқылы
табыстардың отбасылар арасында бөлінісі өлшенеді.
Табыстың жеке бөлінуі біркелкі жүрмейді. Ол - Парето заңының
негізінде жүреді. Осы заң бойынша, табыс дәрежесі және оны алушылардың саны
арасында керісінше байланыс болады, басқаша айтқанда, табыстардың жеке
бөлінісі тұрақты жеке біркелкі жүрмейді, ал табыстардың бөлінісінің
біркелкі емес дәрежесі – Парето коэффиценті - әр елдерде шамамен
бірдей болады. Парето концепциясында табыстардың жіктелуі әлеуметтік және
саяси факторлардан тәуелсіз шама деп тұжырымдалады.
Табыстардың бөлінуі туралы мәліметтер негізінде барлық отбасыларын
біріктіріп, белгілі табыстар тобына жатқызуға болады.
Егер табыстар біркелкі бөлінбесе, отбасылар тобының әрқайсысы, өзінің
үлес салмағына сәйкес табыс алуы тиісті.
Нақты мәліметтердің қорытындысы әр түрлі елдер, немесе, тұрғындар
топтарының арасында, әр уақыт мерзімінде табыстарды бөлудегі біркелкіліктің
болмауына баға беру үшін қолданылады.
Табыстардың дифференциялануының себептері.
Табыстардың көлемі отбасыларының байлығы жеке тұрмыс – жағдайларымен
тығыз байланысты болады. Табыстар мен байлықтың өзара байланысы тікелей (
табыс дәрежесі байлықтың көлемін белгілейді) жене керісінше ( байлық жоғары
болған сайын, ол әкелетін табыс та жоғары) болады. Табыстардың
дифференциясының тұрақтылығы байлықтың дифференциясымен ( мүлік
дифференциясы) салыстырғанда, сан жағынан жоғары болады. Әр елдерде
табыстар мен байлықтың дифференция дәрежесінің арақатынасы әр түрлі, бірақ,
егер табыстар дифференциясы соңғы жылдарда аз өзгерсе, ал байлықтың
дифференциясы, мамандардың пікірі бойынша, елеулі өсіп келеді. Осы жағдай,
меншік әкелетін табыстар үлесінің артық өсуі, көбінесе, инфляциялық қайта
бөлудің нәтижесі екенін сырттай мақұлдайды.
Табыстар дифференциясы, жеке жетістіктермен баланысты ол олардан
тәуелсіз, экономикалық, демографиялдық, әлеуметтік – биологиялық, немесе,
саяси табиғаты бар алуан факторлардың ықпалының арқасында қалыптасады.
Табыстарды бөлуде біркелкілік болмау себептерінің арасынан мына жағдайды
бөліп айтып өту жөн болады:
білім және квалификация айырмашылығы, қабілет( физикалық және
интеллектуалдық) айырмашылықтары, еңбек сүйгіштік және мотивация, мамандық
белсенділік жене тәуекелдікке бейімділік, отбасының пайда болуы, оның
көлемі және құрамы, меншік иелену және нарықтағы жағдай, сәттілік, жолы
болушылық, дискриминация.
Табыстың дифференциасына әсер ететін барлық факторларды табыс
алушылардың жеке әрекеттерінен тәуелді және тәуелді емес факторларға бөлуге
болады. Факторлардың осы топтарының шекарасы аз – көп болса да жылжымалы
болады: туа біткен қабілеттер және талант( дарын ) табыстардың өсуіне
әкелмеуі және қолданыс таппауы мүмкін; ал сонымен қатар, шамалы
қабілеттілік білім алудың және күшті еңбек мотивациясының нәтижесінде әрі
қарай дамуы мүмкін; мұрагерлік меншік иелену, оның көбеюіне кепіл бола
алады, ал ол, меншік объектісінен, сондықтан, табыстардан да, айрылуға
әкелуі мүмкін. Дифференциацияланудың факторлары табысты бөлудің біркелкі
болмауының дәрежесіне әр түрлі ықпал етеді. Жалпы айтқанда, табыстарды
меншік факторларына байланысты бөлудегі біркелкі еместік, еңбек
факторларына байланысты біркелкі еместіктен артық болады, бірақ осы
факторлардың арақатынастары әр елде, әр уақытта әр түрлі болады.
Адамдар арасында табыстардың бөлінуі мен адамдар қабілетінің бөлінуін
салыстырғанда, мына жағдайды көруге болады: еңбек табыстарының бөлінуі,
меншік табыстарының бөлінуін былай қойғанда, қабілеттердің бөлінуіндей емес
онша біркелкі жүрмейді.
Адамдардың жеке әрекеттерінен тәуелсіз табыстардың дифференциялануының
барлық факторлары, табыстылық статусының жоғарылау жолындағы ерекше
кедергілерін рөлін атқарады. Табыстарды мемлекеттік қайта бөлу және
әлеуметтік саясат бірігіп, бір кедергілердің салдарларын жоюға, басқаларын
тоқтатуға, немесе, жеңілдетуге тиісті. Мемлекеттік білім беру және
медициналық қызмет көрсету жүелерін дамытып, адамдардың құқын қорғайтын,
жыныс, жас, немесе, этникалық белгілер жағынан заңдар қабылдап, мемлекет
оъективтік сипатта дамып отыратын табыстардың қалыптасуы процесіне ат
салысады.
Жалпы қоғамның және оның әрбір мүшесінің жиынтық табыстары
экономикалық жақсы жағдайдың көрсеткіші деп бағаланады. Тұрғындардың
табыстары белгілі өмір дәрежесінің негізін құрайды.

2.2. Табыстарды бөлудің халықтың өмір дәрежесіне әсері.

Өмір дәрежесі және оны өлшеу.

Тұтас қоғамның және оның мүшелерінің әрқайсысының табысы экономикалық
жақсы әл-ауқаттың көрсеткіштеріне жатады. Тұрғындардың алатын табысы
белгілі өмір деңгейінің базасын құрады. Өмір дәрежесінің анықтамасы өмірге
қажет игіліктердің ( материялдық және рухани ) саны мен сапасының
бағалауына негізделеді. Өмір дәрежесі тұрғындардың өмір үшін игіліктермен
қамтамасыз етілгені және адамдардың белгілі игіліктерге қажететтілігінің
қанағаттандырылғанының дәрежесі деп түсінеді.
Өмір үшін қажет игіліктердің құрамы сан алуан болады. Өмір дәрежесіне,
адамдардың табыстарымен қатар, өміршіл әрекеттердің шарттары әсер етеді.
Олардың ықпалымен өмір бейнесі мен үлгісі қалыптасады, бұлардың сапасы
бағаланады.
БҰҰ ұсынысына сәйкес, өмір дәрежесінің көрсеткіштер жүйесіне көптеген
өмір шартының сипаттамалары жатады. Көрсеткіштер 12 топқа бөлінеді:
1. Туу, өлу және тұрғындардың демографиялық басқа сипаттамалары.
2. Өмірдің санитарлық – гигиена шарттары.
3. Азық – түлік тауарларының тұтынылуы.
4. Тұрғын үй жағдайлары.
5. Білім және мәдениет.
6. Еңбек және жұмыспен қамту шарттары.
7. Халықтардың табыстыры және шығыстары.
8. Өмір құны және тұтынулық бағалар.
9. Көлік құралдары.
10. Демалыстың ұйымдастырылуы.
11. Әлеуметтік қамтамасыз етілуі.
12. Адамның бостандығы.

Аталған көрсеткіштер негізгілер деп есептеледі.
Осылармен қатар, өмір дәрежесін бағалап есептеу үшін бірнеше
информациялық көрсеткіштер бөлінеді, бұлар, эксперттердің пікірлері
бойынша, өмір дәрежесін тікелей сипаттайды. Информациялық көрсеткіштерге
ұлттық табыс және жан басына келетін жалпы ішкі өнім ( натуралдық формада )
т.б. көрсеткіштер жатады.
Жан басына келетін ЖҰӨ туралы жеке айтқан жөн, өйткені осы көрсеткішті
жалпылама деп пайдаланғысы келетіндер аз емес. Эксперттердің айтуы бойынша,
осы көрсеткішті қолдану, әсіресе халықаралық өмір дәрежесін салыстыру
мақсатпен, тек натуралдық формада мүмкін тікелей немесе жанама түрде халық
тұтынатын өмірге қажет игіліктердің көлемдерін салыстыру арқылы.
Халықаралық салыстырмалардың қиындығы көбінесе ұлттық валюталардың бағасын
есепке алумен байланысты.
Экономикалық теорияда өмір дәрежесін және оның сапасын бос уақыт
арқылы және үй шаруашылығы сферасында оның нарықтан тыс жасалатын
шығындары арқылы әрекет ету аз болмаған. Таза экономикалық әл – ауқат
концепциясы – бұл үй шаруашылықтарындағы бос уақыт жене еңбекпен есептесе
отырып және қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындармен есепесе отырып
түзету жүргізілген ЖҰӨ - ді ( ЖІӨ - ді ) бағалау болып табылады.
Өмір дәрежесінің осы құрылымдардың маңыздылығына қарамастан, таза
экономикалық әл – ауқат көрсеткіші тек есеп құралы ретінде қолданылады, ол
ресми статистикада пайдаланылмайды.
Мамандардың айтуы бойынша, бүгін өмір дәрежесінің біртұтас жалғыз
көрсеткіштерінің макродәрежеде болуы мүмкін емес, ұнамды емес.
Микродәрежеде мәселе мынада – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндіріс факторларынан түсетін табыстар
Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстың қалыптасуы жайлы
Қоғам дамуындағы экономикалық теорияның орны мен рөлі. Нарық. Нарықтың құрылымы мен инфрақұрылымы
Тіршіліктің қауіпсіздік негіздері туралы мәлімет
Экономикалық теория негіздері (лекциялар)
Өндіріс факторларының нарығы. Жер нарығы және нарығы
Өндіріс факторлары
Пайда және оның эволюциясы
ТЖ тұрғындарын қорғау формалары
Қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың экономикалық негіздері
Пәндер