Жаңажол мұнай газ кешенінің 1200- секциясындағы мұнайды дайындау қондырғысындағы құбырлы пештерде мұнайды қыздыру процесінің автоматтандырылуын жобалау



КІРІСПЕ
І ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 Автоматтандырылатын технологиялық процесс туралы мәлімет беру
1.2 Бақыланатын, реттелетін және сигналданатын параметрлерін таңдау
ІІ АРНАЙЫ БӨЛІМ
2.1 Технологиялық процесті автоматтандырудың функционалдық схемасын қарастыру
2.2 Принципиалды электрлік схеманы қарастыру
III ЕСЕПТЕУ БӨЛІМІ
3.1Тарылту құрылғысының көмегімен шығынды есептеу
ІV ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
4.1 Автоматтандыру құралдарын пайдаланғанда қауіпсіздік ережелерін сақтау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБТЕТТЕР МЕН НОРМАТИВТІ . ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТАР
Автоматика дегеніміз адамның қатысуынсыз жұмысты белгілі бір механизмдердің көмегі арқылы атқару немесе орындалып жатқан процесті реттеп отыру. Автоматика – техникалық кибернетиканың бір бөлімі. Ол өзіне автоматикалық жүйелер мен сол жүйелер үшін қажетті техникалық жарақтарды құру және жасау үшін қолданылатын автоматты басқару теориясын қосады.
Автоматтандыру – ол өндірістік процестерді адамның қатысуынсыз басқару мен қадағалау. Барлық автоматты жүйелер 2- ге бөлінеді: тұйықталған және тұйықталмаған. Автоматтандырудың негізгі бағыттары – олар техникалық, экономимикалық және әлеуметтік сұрақтарын шешу. Техникалық бағыты – ол адамның қамтамасыз ете алмайтын түрдей үрдісті жоғарғы жылдамдықпен, дәлдікпен, сенімділікпен ұйымдастытыруы. Экономикалық бағыты – эксплуатациялық шығынын төмендетуі, шығаратын өнімнің сапасын және көлемін жоғарылату. Әлеуметтік бағыты – адамның жұмыс істеу қабілетін жақсарту, жеңілдету.
Өндірісті автоматтандыру деңгейіне байланысты автоматтандыру 3-ке бөлінеді. Олар: жартылай автоматтандыру, комплексті автоматтандыру және толық автоматтандыру.
1. Жартылай автоматтандыру – ол бөлек өндіріс операцияларын автоматтандырып орындау. Ол адамның орындауына, жылдамдығына және күрделілігіне байланысты.
2. Комплексті автоматтандыру – ол өндірістің негізгі учаскелеріндегі операцияларын бір-біріне байланысты комплекс ретінде автоматтандырып орындау. Мысалы: завод, цех, электростанция, т.б. Бұл жерде адамның қатысы жалпы бақылау және басқару.
3. Толық автоматтандыру – ол автоматтандырудың ең жоғарғы деңгейі. Толық автоматтандыру учаскелеріндегі операциялар және басқару – бақылау жұмыстары автоматтандырылып орындалады. Бұл жердегі адамның функциясы толық автоматтандырылған жүйенің жұмысын бақылап отыру және бұзылыстарды уақытында жойып отыру.
Өндірісті кешенді түрде автоматтандыру, өнеркәсіп көлемі мен өндіріс қарқынының артыуы және халық шаруашылығының әр түрлі салалары арасындағы өндірістік байланыстардың күрделенуі экономикалық мәліметтер мен статистикалық мәліметтер жинау және оларды өңдеу процестерін документация түрлерін есепке алып, таратып отыру, жоспарлау және басқару міндеттерін шешу ісінде автоматтандыру қажеттігін туғызады. Басқару жұмыыстарын автоматтандырудың ғылыми негізі халық шаруашылығын басқарудың оптимальдық жүйесін синтездеу әдісін зерттейтін және экономикалық мақсаттарға математикалық әдістерді пайдалану мәселелерімен шұғылданатын экономикалық кибернетика. Оның басты проблемасы – халық шаруашылығымен оның жеке салаларын басқаруды автоматтандырудың бір тұтас жүйесінде адам мен кибернетикалық машиналардың өзара әрекеттігін методологиялық және принциптік мәселелерін шешу. Басқару жұмыстарын автоматтандырудың негізгі үш жүйесі бар:
• Басқарудың жалпы мемлекет территориялық органдарын қамтитын автоматтандырылған мемлекеттік жүйе;
• Өнеркәсіптің жеке салаларын қамтитын автоматтандырылған салалық жүйе;
• Бір не жақын орналасқан бірнеше кәсіпорындарда экономикалық мәліметтерді өндейтін және олардың жоспарлау, басқару міндеттерін шешетін автоматтандырылған жүйе.
1.Чуракаев А.М. Переработка нефтяных газов. – М.: Недра, 1983.
2.Эрих В.Н., Расина М.Г. Химия и технология нефти и газа.- М.:1992.
4.Лапшенков Г.И., Полоцкий Л.М. Автоматизация производственных процессов в химической промышленности. – М.: Химия, 1988.
5.Комягин А.Ф. Автоматизация производственных процессов и АСУТП газонефтепроводов. – М.: Недра, 1983.
6.Зезин В.Г., Лазуков В.А. Определение расхода сплошных сред методом переменного перепада давления. – Ч.: ЮУрГУ, 2007.
7.Плютто В.П. Практикум по теории автоматического регулирования химико-технологических процессов. – М.: Химия, 1969.
8.Бекбаев А., Сүлеев Д., Хисаров Б. – А.: Алматы, 2005.
9.Прахова М.Ю. Автоматизация производственных процессов в трубопроводном транспорте. – У.: УГНТУ, 1996.
10..Клюева А.С. Монтаж средств измерении и автоматизаци. – М.: Энергоатомиздат, 1988.
11. Шкатов Е.Ф., Шувалов В.В. Основы автоматизации технологических процессов химических производств. – М.: Химия, 1988.
12. Шувалов В.В., Огажданов Г.А., Голубятников В.А. Автоматизация производственных процессов в химической промышленности. – М.: Химия, 1991.
13.. Клюев А.С., Глазов Б.В., Дубровский А.Х. Проектирование систем автоматизации технологических производств. – М.: Энергоатомиздат, 1990

КІРІСПЕ

Автоматика дегеніміз адамның қатысуынсыз жұмысты белгілі бір механизмдердің көмегі арқылы атқару немесе орындалып жатқан процесті реттеп отыру. Автоматика - техникалық кибернетиканың бір бөлімі. Ол өзіне автоматикалық жүйелер мен сол жүйелер үшін қажетті техникалық жарақтарды құру және жасау үшін қолданылатын автоматты басқару теориясын қосады.
Автоматтандыру - ол өндірістік процестерді адамның қатысуынсыз басқару мен қадағалау. Барлық автоматты жүйелер 2- ге бөлінеді: тұйықталған және тұйықталмаған. Автоматтандырудың негізгі бағыттары - олар техникалық, экономимикалық және әлеуметтік сұрақтарын шешу. Техникалық бағыты - ол адамның қамтамасыз ете алмайтын түрдей үрдісті жоғарғы жылдамдықпен, дәлдікпен, сенімділікпен ұйымдастытыруы. Экономикалық бағыты - эксплуатациялық шығынын төмендетуі, шығаратын өнімнің сапасын және көлемін жоғарылату. Әлеуметтік бағыты - адамның жұмыс істеу қабілетін жақсарту, жеңілдету.
Өндірісті автоматтандыру деңгейіне байланысты автоматтандыру 3-ке бөлінеді. Олар: жартылай автоматтандыру, комплексті автоматтандыру және толық автоматтандыру.
1. Жартылай автоматтандыру - ол бөлек өндіріс операцияларын автоматтандырып орындау. Ол адамның орындауына, жылдамдығына және күрделілігіне байланысты.
2. Комплексті автоматтандыру - ол өндірістің негізгі учаскелеріндегі операцияларын бір-біріне байланысты комплекс ретінде автоматтандырып орындау. Мысалы: завод, цех, электростанция, т.б. Бұл жерде адамның қатысы жалпы бақылау және басқару.
3. Толық автоматтандыру - ол автоматтандырудың ең жоғарғы деңгейі. Толық автоматтандыру учаскелеріндегі операциялар және басқару - бақылау жұмыстары автоматтандырылып орындалады. Бұл жердегі адамның функциясы толық автоматтандырылған жүйенің жұмысын бақылап отыру және бұзылыстарды уақытында жойып отыру.
Өндірісті кешенді түрде автоматтандыру, өнеркәсіп көлемі мен өндіріс қарқынының артыуы және халық шаруашылығының әр түрлі салалары арасындағы өндірістік байланыстардың күрделенуі экономикалық мәліметтер мен статистикалық мәліметтер жинау және оларды өңдеу процестерін документация түрлерін есепке алып, таратып отыру, жоспарлау және басқару міндеттерін шешу ісінде автоматтандыру қажеттігін туғызады. Басқару жұмыыстарын автоматтандырудың ғылыми негізі халық шаруашылығын басқарудың оптимальдық жүйесін синтездеу әдісін зерттейтін және экономикалық мақсаттарға математикалық әдістерді пайдалану мәселелерімен шұғылданатын экономикалық кибернетика. Оның басты проблемасы - халық шаруашылығымен оның жеке салаларын басқаруды автоматтандырудың бір тұтас жүйесінде адам мен кибернетикалық машиналардың өзара әрекеттігін методологиялық және принциптік мәселелерін шешу. Басқару жұмыстарын автоматтандырудың негізгі үш жүйесі бар:
* Басқарудың жалпы мемлекет территориялық органдарын қамтитын автоматтандырылған мемлекеттік жүйе;
* Өнеркәсіптің жеке салаларын қамтитын автоматтандырылған салалық жүйе;
* Бір не жақын орналасқан бірнеше кәсіпорындарда экономикалық мәліметтерді өндейтін және олардың жоспарлау, басқару міндеттерін шешетін автоматтандырылған жүйе.
Басқару жұмыстарын автоматтандырудың негізгі құралдары - электронды есептеуіш машиналар мен электрондық басқарғыш машиналар. Олардың ішінде сандық есептеуіш машина.
Жаңа жол- каспий маңы ойысының шығыс ернеуі маңындағы ірі газ - конденсат кен орындарының бірі.Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы ауқымында, Ақтөбе қаласынан Оңтүстікке қарай 240 км қашықтықта орналасқан.Кен сыйыстыру көтерілім 1960 жылы сейсмикалық барлау жұмыстары нәтижесінде анықталды.Іздеу бұрғылауы 1961 жылы басталды.Алғашқы өнеркәсіптік ағым 1978 жылы ортаңғы карбонның карбонатты таужыныстарынан алынды.
Жаңа жол газ өңдеу зауыты- Ақтөбемұнайгаз акционерлік қоғамы құрамындағы Жаңа жол газ-конденсат кенорынның газ өңдейтін арнайы кәсіпорын. Зауытта жалпылама біржылдық өнімділігі05млн.т мұнай, 2,2 млрд.м3 газ дайындайтын үш технологиялық желі бар.Зауыт 127-93 ГОСТ - қа сәйкес келетін кесек күкірт шығарады.Мұнай газын күкіртсутек пен көмір - қышқылынан тазарту процесінде алынатын қышқыл газдар күкірт алатын шикізат болып табылады.

І Технологиялық бөлім
1.1 Автоматтандырылатын технологиялық процесс туралы мәлімет беру

Қазандық қондырғы ыстық су мен бу өндіру үшін қолданылатын механизмдер мен қондырғылар жиынтығы. Қазандық қондырғы қазан агрегатынан және қосымша жабдықтардан (газ және ауа құбырларынан, оттықтан, үрлеу құрылғысынан, т.б.) тұрады; тұрғын үй, қоғамдық және өнеркәсіптік ғимараттардың және технология тұтынушылардың (өнеркәсіптік мекемелер, т.б.) жылыту, желдету, ыстық сумен қамтамасыз ету жүйелерін жылумен жабдықтауда қолданылады. Шағын қуатты қазандық қондырғыда қосымша құрылғылар болмайды, оның есесіне қоректендіргіш арматуралар және қазанға құйылатын су әзірлейтін жабдықтар болады. Қазан цехында, ЖЭО-нда әдетте бірнеше Қазандық қондырғылары орнатылады. Бұл қазандар ортақ магистрал бойынша қоректендіріледі. Буды ауық-ауық қыздырып тұратын қуатты қазандық қондырғы қазан-турбина блогі жүйесін түзеді. Қуатты қазандық қондырғының орнатылатын бөлмесінің аумағы бірнеше мың м3, сағатына 4000 т-ға дейін бу өндіре алады. Қазақстанда 20 ғасырдыңдың ортасында жасалған ПТВМ және КВ-ГМ (шамамен 117 дана) түріндегі орташа жылу өндіруі 116 МВт (100 Гкалсағ) дейінгі су ысытқыш қазандар қолданылыста болған. Қазіргі кезде, тек қана Алматы қаласында КСГн сериялы пайдалы әсер коэффиценті 92%, табиғи газбен жұмыс істейтін 50-ге жуық су ысытқыш қазандар, КВ-Г-3,56 сериялы 4 қазан және КВ-Г-7,65 сериялы бір қазан жұмыс істейді. Жылу техника көрсеткіштері бойынша жетілдірілген жаңа КВ-Г-35 қазаны "АЖЖЭ" ААҚ-ның Оңтүстік қазандығында өндіріске енгізілуде. Қазақ энергетика ғылыми-зерттеулер институтында КСТ, КСГн және КВ-Г-35 сериялы Қазандық қондырғылар жасалды.
Қазіргі заман қазандықтарында теплотехника мен автоматика саласындағы алдыңғы қатарлы идеяларды қолданатын құрылғалар.
Қазандықтар жергілікті, блокты-модульді және шатырлы болып бөлінеді.
Орнатылған қазандардың түрі мен арнауына байланысты қазандықтар бөлінеді:
Бумен жұмыс жасайтын;
Сумен жұмыс жасайтын
Аралас.
Қолданылатын жағармай түріне байланысты:
Газдылы;
Сұйық отынды;
Қатты отынды;
Аралас (көп отынды).
Қазірде стандартты автоматика әрбір қазандықта орнатылған. Ол қазандықты басқару кезінде су температурасын оператордың белгілеуінше ұстап тұруына мүмкіндік береді.
Қазандықтарды автоматтандыру кезінде шешілетін негізгі мәселелер мыналар:
Қосуды және апатты жағдайда сөндіруді басқару;
Қазандықтардың қуаттылғын реттеу;
Қазандық жұмысын сарқылмас басқару;
Жұмысшы қазандықтың сөнуі кезінде резервтік қазандықты қосу;
Жылу тасығыштардың қазандықтан шығуы кезіндегі параметрлерін автоматты түрде реттеу;
Қазандық және жылу беру контурларын автоматты түрде қоректендіру;
Қазандықтың сорап агрегаттарының жұмысын автоматты түрде басқару;
Қазандықтарды және жалпыы қазандық қондырғыларды технологиялық параметрлердің ауытқуы кезінде автоматты түрде қорғау;
Апаттық дабыл қағу және қауіп мәліметтерін жоғарғы деңгейге жеткізу.
Шаруашылық объектілер үшін берілген график бойынша түрлі температуралық режимдер таңдалуы мүмкін. Бұл мынадай мүмкіндіктер береді:
ЫСҚ (ыстық сумен қамтамасыз ету (ГВС) аптаның әр күніне температуралық режим орнату;
Температуралық режим мне күнтізбеге түзетулер енгізу.
Тұрғылықты емес бөлмелер үшін тиімді энергиялық график: ыстық су тек белгілі бір температурамен және тізбе бойынша беріледі. Түңгі мезгілде, демалыс күндері және мейрам күндері ыстық су болмайды. Мұндай режимді қолдану жағармайды 40%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.
Қазандықтардың ТҮ АБЖ-ң қызметі:
* Датчик көрсеткіштерін бақылау;
* Қазандық контурының тікелейкері су температурасы мен қысымын;
* Қазандық кірісі мен шығысындағы температура мен қысым;
* Жылумен қамтамасыз ету контурының берукері қайту судың температурасы мен қысымы;
* Су желісіндегі судың температурасы мен қысымы;
* Газдылы және сұйық жағармайдың қысымы;
* Қазандықтағы ауаның газдануы мен температурасы;
* Сыртқы ауаның температурасы;
* Қазандық сораптарындағы қысым ауытқу датчиктерінің күйі.
Жабдықтардың күйін бақылау:
* Қазандықтардың жұмыс күйі (қосулысөндіруліапат);
* Қазандықтардың жұмыс режимі (автоматтықолдық);
* Сораптар жұмысы (қосулысөндіруліапат);
* Сораптардың жұмыс режимі (автоматтықолдық);
* Реттеу жүйесінің орындаушы механизмдері және олардың ақырғы күйі (ашықжабық);
Негізгі жабдықтарды басқару:
* Қазандықтарды сарқылмас басқару;
* Қазандықтардың апатты тоқтауы;
* Апатты жағдайды жағармайлы кескіш-клапанның жабылуы;
* Қазандықтардың қоректену және айналма сораптарын жиілік-сарқылмас басқару;
* Жылумен қамтамасыз ету контурының реттеуші клапандарын басқару;
* Жылумен қамтамасыз ету контурының реттегіш клапандарын басқару;
* Жылумен қамтамасыз ету және қазандық контурының қоректену клапанадарын басқару;
Жабдықты қорғау:
* Қазандық контурындағы қысымның берліген шамадан түсіп кетуі;
* Қазандық контурындағы қысымның берліген шамадан көтеріліп кетуі;
* Оттықтың жасамауы кезінде;
* Қазандықтан шығатын суд тепературасының апаттың жоғарлауы;
* Метанмен газдану;
* Қазандықта өрттің пайда боулы;
* Қазандықтардың технологиялық жабдықтарын басқару кезіндегі адамның минимал рөлі;
* Апаттық және апат алдылық даблы қағу;
* Апаттық жағдай кезіндегі автоматты түрде SMS-хаттар жолдау.
Бу қазандығы дегеніміз - су буын алуға арналған агрегаттардың кешені. Ол кешен өзара байланысты бірқатар жылу алмастырғыштардан тұрады. Бастапқы энергия тасымалдағыш ретінде жағармай қолданылады.
Қазандық қондырғыдағы негізгі жұмыс үрдісінің элементтеріне мыналар жатады:
1) Жағармайдың жану үрдісі;
2) Жану өнімдері мен жағармайдың су арасындағы жылу алмасу үрдістері;
Қазандық агрегаттарының жұмыысы кезінде өзара әсерлесетін екі ағын пайда болады: жұмысшы дененің ағыны мен қазандағы жылу алмастырғыштың ағыны.
Бұл әсерлесу нәтижесінде объектінің шығысында қажетті қысым мен температурадағы бу пайда болады.
Қазандық агрегаттарды пайдалану кезінде туатын негізгі мәселелердің бірі тұтынатын және өндірілетін энергияның теңдігін сақтау болып табылады. Өз кезегінде бу түзу үрдістері мен қазандық агрегаттарындағы энергия берілісі өзара байланысты болып келеді.

1.2 Бақыланатын, реттелетін және сигналданатын параметрлерін таңдау

Газды-жалынды дәнекерлеу барысында бұйымдарды тасымалдаушы құрылғылармен орын жүзеге асырылуы мүмкін.
Қыздыру және ауыстырумен қыздыру процесін автоматтандыру түрлі құрылымдық орындалуларда салқындату процесін автоматтандыру үшін электр термиялық релелер қолданылады, оларда электрлік байланыстарды ауыстыру металдардың температуралық деформациясымен немесе сұйықтықтар мен газдардың температуралық ұлғаюымен қамтамасыз етіледі.
Қыздырғыштардың пайдаланымының тиімділігі және қауіпсіздігі көбіне негізінен қолданылатын сұйықтықты қыздыру процесін автоматтандырудың техникалық құралдармен және бақылау құралдарының сенімділігімен от барысында өрттен сақтау және жарылғыш қауіпті жағдайларда анықталады. Жоғары температурада қайнайтын органикалық жылу тасымалдағыштарды қолдану қыздыру және салқындату процестерін автоматтандырылатын өндірістік аппаратуралары үшін орталықтандырылған жылумен жабдықтауды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Индукциялық қыздырғыш құрылғылар тез (бірнеше секундтың ішінде) қыздыруды қамтамасыз етеді. Индукциялық қыздырудың маңызды артықшылығы - қыздыру процесін автоматтандырудың кең мүмкіншіліктері барлығы. Егер отты қыздыруда автоматтандыру өте қиын іс болса, мұнда ол өте оңай жүзеге асады.
Қазіргі кезде термиялық және химиялық термиялық өңдеулі барлық пештер қыздыру және сонымен қатар салқындату процестерінің температуралық параметрлерін автоматты түрде бақылау және реттеу жүйесімен жасалады.
Пештегі газды атмосфераның және бактағы шыңдалған ұйықтықтың циркуляциясын қамтамасыз ететін механизмдердің болуы жұмыс камерасының биіктігі бойынша температуралық айырманы толығымен жоюға мүмкіндік береді. Қыздыру процесін автоматтандыру жылулық энергия көздеріне- электр жарығы және газға тәуелді емес.
Фотоэлектрлі пирометр темір соғу операцияларын орындау үшін қыздырылатын дайындамалардыңтемператураларын анықтау үшін қолданылады. Одан басқа заготовка қажетті температураға дейін қыздырылғанда сөндіріп тастауға мүмкіндік беретін қыздыру процесін автоматтандыру мүмкіндігі бар.
Пештердегі жанатын өнімдер терезе арқылы жұмыс жасау кеңістігіне келіп түсетін дайындамаларғақарай қозғалады. Дайындамалар біртіндеп және жайлап жұмыс жасау кеңістігі бойымен арнайы механикалық итергіштер көмегімен жылжиды. Бұл әдісте қыздыру процесін механикаландыру және автоматтандыружүзеге асады, ол еңбек өнімділігін жеңілдетеді және жоғарылатады. Пештегі қыздыру температурасы көрсеткіш және өздігінен жазатын пирометрлермен бақыланады. Сонымен қатар тұрақты температураны автоматты түрде ұстап тұратын механимдері бар пирометрлер немесе температураны автоматты түрде өзгертетін механимдері бар пирометрлер де қолданылады. Ауаны қыздыру үшін камералық немесе әдістемелік пештерді генераторлармен немесе рекуператорлармен жабдықтайды. Отты пештердің маңызды кемшілігі беттерді көміртексіздендіруі мен металлдың күюі (угар).
Электрлі қыздыру, отты қыздырудан артықшылықтары бар прогрессивті әдіс бола тұрып темір соғу өндірісінде кеңінен қолданылады. Электрлі қыздырудың негізгі түрлері индукциялық және байланыстық ( контактілі) , олардың маңызды артықшылықтары мыналар: қыздыру ұзақтығын 8-10 есе азайту, металдың күюін 5-6 есеге төмендету (3 тен 0,5% ға дейін) және беттердің сапасын жақсарту. Бұл металл әділдерін және алдағы өңдеудің еңбек сыйымдылығын азайтуға, сонымен қатар мөрлердің тұрақтылығын жоғарылатуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар электрлі қыздыруда түтіннің, күйенің және цехтың атмосферасын ластаушы зиянды газдардың жоқтығынан еңбек жағдайын жақсарту мүмкіндігі туады, температураның сенімді реттелуі және металды қыздыру процесінің автоматтандырылуы қамтамасыз етіледі.
Электрлі қыздыруды автоматты басқару жүйесі қыздырудың технологиялық процесін тиімді басқару және адамның қатысынсыз технологиялық диапазон шекараларында қыздырылатын орта температурасын ұстап тұруға арналған.
Қыздыруды басқарудың автоматикасы қойылған мақсаттарға байланысты әр жоба үшін жеке дара жасалынып, шығарылады. Әр шығарылатын жүйе үшін кешен модульдерін қосу сұлбалары жасалынады. Қыздыру жүйесін мекеме өндірістік кешенінің автоматты басқару жүйесіне қосу мүмкіндігі бар.
Басқару шкафына микропроцессорлы өлшеуіш реттегіш, басқару құрылғылары (ажыратқыштар), жұмысқабілеттілік белгі берушілері, апаттық белгі берушілер, қысқа тұйықталудан қоректену тізбегін қорғау автоматтары, электрмагнитті және тиристорлы контакторлар, температура датчиктері.
Компания жасап шығаратын сыйымдылықтар мен құбырларды қыздыруды автоматты басқару жүйесі:
1. жоғарғы дәлдіктегі және қауіпсіз қыздыруды, бақылауды және температураны қоршаған орта параметрлерінің өзгеруіне тәуелсіз адамның қатысуынсыз технологиялық диапазон шекарасында ұстап тұруды қамтамасыз етеді,
2. қыздырғыштардың және қыздырғыш ленталардың қызып кетуін болдырмайды және олардың жұмысының сенімділігін қамтамасыз етеді
3. электр энергиясының тиімді және үнемді шығынын қамтамасыз етеді
қыздыруды басқарудың орындаудың бірнеше мүмкін варианттары бар:
1. Стандартты жүйе ортаны барынша жоғары берілген температураға дейін қыздырады, одан соң қыздырғыштардың толықтай ажыратылуы жүзеге асады. Жүйе орта температурасын бақылауды жалғастыра береді, температураның ең төменгі сатысына жеткенде жылыту үшін қыздырғыштарды қосады. Осылайша қыздырылатын орта температурасы қажетті температура диапазонында ұсталынып тұрады.
2. Қуатты реттеуші жүйе басқару микропроцессорлы ПИД-реттеушімен жүзеге асырған кезде болады. Процесс басында жүйе ортаны қыздыру режмиінде бар қуатымен жұмыс жасайды. Берілген температураға жеткенде жүйе термостаттау режиміне ауысады (температураны ұстап тұру). Термостаттау режимінде электр энергиясын тұтыну ең жоғарғы тұтынудың 25%-ын құрайды, ол қорларды барынша үнемдеуге мүмкіндік береді. Қыздыру режимінен температураны технологиялық диапазонда ұстап тұру режиміне ауысуды микропроцессорлы температура өлшеуіш- реттегіш жүзеге асырады. Қыздыру және термостаттау қандай да бір қыздырғыштардың тобын ажыратусыз қыздырудың қуатын барлық қыздырғыштарға үлестіру жолымен жасалады, бұл затты қыздырудың қыздыру аймағы бойынша термиялық өңдеу процесі барысында бірдеңгейлігін қамтамасыз етеді.
3. Температураны бақылаудың аса дәлдікті қызметі бар жүйе. Мұндай жүйе рұқсат етілген температура көтерілгенде өз қасиеттерін жоғалтып алатын сұйықтықтарға арналған, сол себепті шыны пластикті қыздырғыш технологиялық температураны барынша дәл бақылау жасайтын жеке датчикпен жабдықталады.
4. Сонымен қатар жеке талаптар бойынша түрлі комбинацияларда және сұраныс жасаушының техникалық тапсырмасы бойынша түрлі қызметтер атқаратын қыздыруды басқару жүйелері жасалуы мүмкін.



ІІ Арнайы бөлім
2.1 Технологиялық процесті автоматтандырудың функционалдық схемасын қарастыру
Өнеркәсіптік қазан құрылғылары әртүрлі технологиялық процессте қолданылатын бу қозғалтқыштарда бу алу үшін арналған.
Атқаратын міндетіне байланысты қазан құрылғылары мынадай түрлерге бөлінеді: энергетикалық бу турбиналары үшін бу шығаратын; өндірістік жылытушы - өндірістік қажеттіліктер, жылу және желдету жүйесі үшін бу шығаратын; жылу қазандары - жылу жүйесі және мекеменің өндірістік қажеттіліктері үшін ыстық су және бу шығаратын.
Жұмыс істеу принципі қандайда бір технологияық процесс барысында алынған жылуды пайдалануға негізделген қазан - утилизатор деп аталатын қазан құрылғылары да кездеседі.
Бу қысымы 2,3 МПа дейін және бу шығару өнімділігі 21 кгс дейін болған өндірістік жылыту қазандары немесе су қыздыру температурасы 200ºС дейін және жылу шығару өнімділігі 58 МВт болған жылыту қазандары аз қуатты қазан құрылғылары деп аталады.
Қазан құрылғыларының жұмыс істеу принципі су және будың жылуын ұзатуға негізделген. Қазан құрылғыларының негізгі элементтеріне қазандық агрегат және қыздыру құрылғысы кіреді.
Қыздыру құрылғылары отын түрлерін үнемді әдіс бойынша жағу және отынның химиялық энергиясын жылуға айналдыру үшін қолданылады. Қазан агрегаты отынның жану өнімін буға немесе суға ұзатушы жылуалмасу құрылғысы болып есептеледі.
Қазан құрылғыларында кең қолданылатын отын түрлеріне табиғи газ жатады.Отын ретінде мазут немесе көмірді де қолдануға да болады.
Бу қазаны өз құрамына металдан жасалған ыдыс барабан және қайнату құбырлар жүйесін қамтиды. Қазанға қоректену суы беріледі. Қоректену суы ретінде технологиялық және жылу аппараттарынан қайтатын конденсат қолданылады. Конденсат шығынын болдырмау үшін қазан құрылғысына химиялық тазартылған су беріледі.
Оттықтағы температураның отын -ауа қатынасына тәуелділігінің сипаттамасы экстремалды болғандықтан, құбырлы пештерді автоматтандырылған кезде реттеудің экстремалды жүйесін қолданады.
2.1 суретте экстремалды реттеуіш қабырғаның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнайды дайындау қондырғысындағы құбырлы пештерде мұнайды қыздыру процесінің автоматтандырылуын жобалау»
Жаңажол мұнай газ кешенінің секциясындағы мұнайды термохимиялық сусыздандыру процесінің автоматтандырылуын жобалау
Шымкент мұнай өңдеу зауыты
Жаңажол мұнай газ кешенінің 1300-сексиясындағы мұнайды тұрақтандыру процесінің автоматтандырылуын жобалау
Жаңажол мұнай газ өңдеу кешенінің №2 мұнайды дайындау цехы ЦПН бойынша мұнайды демеркантандыру қондырғысының автоматтандырылуын жобалау
Жылуалмастырғыштан шығардағы мұнайдың температурасы
Кубта мұнай қалдықтарын кокстеу қондырғысының жобасы
Мұнай-газ саласы бойынша
Мұнайды жинау кезіндегі қауіпсіздік
Сағатына 55000 кг өндіре алатын түйіршікті жылутасымалдағыш қозғалмалы қабатындағы кокстеу қондырғының құбырлы пешінің жобасы
Пәндер