Жердің қозғалыстары



Жоспар

1. Жердің қозғалыстары

2. Мазмұны
2.1 Жердің осінен айналуы
2.2 Жер айналымының ауытқу әрекеті
2.3 Уақыт
2.4 Күн мен түннің ауысуы
2.5 Жердің күнді айнала қозғалуы
2.6 Жыл мерзімінің ауысуы
2.7 Жарық беру белдеулері
2.8 Геосферадағы тасулар
Жердің қозғалысы және оның салдары

Жер бір уақытта талай қозғалыстарға қатысады. Ол өз өсінен айналады. Күн маңымен айналады, Айменен ортақ және бүкіл Күн системасымен ортақ ауырлық центрінің төңірегінде, Күн системасы құрамында Галактика ядросы маңында қозғалады, бүкіл Галактикамен бірге Әлем кеңістігінде айналады. Бірақ жерде болып жатқан процестерге тигізетін әсері жағынан бастысы — біздің планетамыздың осьтік және орбиталық қозғалыстары. Бүкіл қозғалыстар бір уақытта болатындықтан, олардың тигізетін әсері шатысып жатады.
Жердің өсінен айналуы. Егер Жерге солтүстік полюс жағынан қарайтын болсақ, Жер батыстан шығысқа қарай сағат стрелкасына қарама қарсы айналып, 23 с 56 мин ішінде өз осінен толық айналып шығады. Жердің барлық нүктелерінің айналу бұрыштық жылдамдығы бірдей (15°/сағ); Айналудың сызықтық жылдамдығы жердің тәуліктік айналу периоды ішінде нүктенің өтетін қашықтығына байланысты. Жердің бетінде осьтің шығуын бейнелейтін нүкте ғана — географиялық полюстер (солтүстік және оңтүстік) қозғалмайды. Экватор сызығындағы нүктелер үлкен жылдамдықпен (464 м/сек) айналады, Экватор — екі полюстен бірдей қашықтықта, айналу осіне перпендикуляр жазықтық Жерді қиюынан пайда болған үлкен шеңбер. Егер Жерді ойша экваторға параллель жазықтықтармен қиятын болсақ, жер бетінде батыстың шығысқа созылған сызықтар — параллельдер пайда болады. Параллельдердің ұзындығы экватордан полюске қарай қысқарады, соған сай олар айналғанда сызықтық жылдамдық та азаяды. Бір параллельдегі барлық нүктелердің айналуына сызықтық жылдамдығы бірдей.
Жердің айналу осі арқылы Жерді жазықтықтармен қиятын болса, оның бетінде солтүстіктен оңтүстікке қарай бағытта сызықтар — меридиандар (латынша merdianus - тал түстік) пайда болады. Бір меридиандағы бүкіл нүктелердің айналуының сызықтық жылдамдығы әр түрлі және ол экватордан полюске қарай азаяды.
Әдебиеттер тізімі:

Н.П. Неклюкова «Жалпы жер тану» Алматы «Мектеп» 1980ж

Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Доклад
Тақырыбы: Жердің қозғалыстары

Жоспар

1. Жердің қозғалыстары
2. Мазмұны
1. Жердің осінен айналуы
2. Жер айналымының ауытқу әрекеті
3. Уақыт
4. Күн мен түннің ауысуы
5. Жердің күнді айнала қозғалуы
6. Жыл мерзімінің ауысуы
7. Жарық беру белдеулері
8. Геосферадағы тасулар
Жердің қозғалысы және оның салдары

Жер бір уақытта талай қозғалыстарға қатысады. Ол өз өсінен айналады.
Күн маңымен айналады, Айменен ортақ және бүкіл Күн системасымен ортақ
ауырлық центрінің төңірегінде, Күн системасы құрамында Галактика ядросы
маңында қозғалады, бүкіл Галактикамен бірге Әлем кеңістігінде айналады.
Бірақ жерде болып жатқан процестерге тигізетін әсері жағынан бастысы —
біздің планетамыздың осьтік және орбиталық қозғалыстары. Бүкіл қозғалыстар
бір уақытта болатындықтан, олардың тигізетін әсері шатысып жатады.
Жердің өсінен айналуы. Егер Жерге солтүстік полюс жағынан қарайтын
болсақ, Жер батыстан шығысқа қарай сағат стрелкасына қарама қарсы айналып,
23 с 56 мин ішінде өз осінен толық айналып шығады. Жердің барлық
нүктелерінің айналу бұрыштық жылдамдығы бірдей (15°сағ); Айналудың
сызықтық жылдамдығы жердің тәуліктік айналу периоды ішінде нүктенің өтетін
қашықтығына байланысты. Жердің бетінде осьтің шығуын бейнелейтін нүкте ғана
— географиялық полюстер (солтүстік және оңтүстік) қозғалмайды. Экватор
сызығындағы нүктелер үлкен жылдамдықпен (464 мсек) айналады, Экватор — екі
полюстен бірдей қашықтықта, айналу осіне перпендикуляр жазықтық Жерді
қиюынан пайда болған үлкен шеңбер. Егер Жерді ойша экваторға параллель
жазықтықтармен қиятын болсақ, жер бетінде батыстың шығысқа созылған
сызықтар — параллельдер пайда болады. Параллельдердің ұзындығы экватордан
полюске қарай қысқарады, соған сай олар айналғанда сызықтық жылдамдық та
азаяды. Бір параллельдегі барлық нүктелердің айналуына сызықтық жылдамдығы
бірдей.
Жердің айналу осі арқылы Жерді жазықтықтармен қиятын болса, оның
бетінде солтүстіктен оңтүстікке қарай бағытта сызықтар — меридиандар
(латынша merdianus - тал түстік) пайда болады. Бір меридиандағы бүкіл
нүктелердің айналуының сызықтық жылдамдығы әр түрлі және ол экватордан
полюске қарай азаяды.
Жердің.өз осінен айналуына тербелу маятнигімен жасалған белгілі
тәжірибе (Фуко тәжірибесі) айқын дәлел бола алады.
Механика заңы бойынша кез келген тербелу денесі тербелу жазықтығын
сақтауға тырысады. Еркін ілініп қойылған тербелу маятнигі тербелу
жазықтығын өзгертпейді, мұнымен бірге, егер Жер бетінде осындай маятниктің
астына бөлу белгілері бар шеңбер орнататын болса, онда осы шедберге
қарағанда, жердің бетіне қарағанда маятниктің тербелу жазықтығы өзгеретінін
көреміз. Бұл тек қана маятниктің астындағы жер бетінің айналатын жағдайында
болуы мүмкін. Полюстерде маятниктің тербелу жазықтығының өзгеруі сағатына
15° болады. Экваторда маятниктің тербелу жазықтығыныд жағдайы өзгермейді,
өйткені ол үнемі меридианмен дәл келіп отырады; аралықтағы ендіктерде
айналып тұрған сияқты тербелу жазықтығы сағатына 15° sin φ тең (φ— бақылау
орнының географиялық ендігі).
Жердің осінен айналуынын өте маңызды салдары бар. Жер айналған
кезінде, планета фигурасы қалыптасуында әсерін тигізетін центрден тепкіш
күштің ролі, оның ауырлық күшін түзудегі маңызы жайында жоғарыда қарап
өтілді (35-бет).
Жер айналымының ауытқыту әрекеті. Жердің осінен айналуының маңызды
салдарының бірі — олардың қозғалысының бағытынан дене ауытқыған тәрізді
көрінуі. Инерция заңы бойынша кез келген қозғалушы дене дүние кеңістігіне
қарағанда қозғалыс бағытын (және жылдамдығында) сақтауға тырысады. Егер
қозғалыс жылжып бара жатқан бет үстінде, яғни қазіргі жағдайда, айналған
жерде болса, осы үстінгі бетпен байланысты бақылаушыға, дене өз
қозғалысының бағытын ауыстырған тәрізді көрінеді. Шындығында ол ешқайда
бұрылмастан белгілі бағыты бойынша қозғалады, оның астындағы беті жанына
кетіп бұрылады. Жер айналымының ауытқу әрекетін Кориолис 2 күші деп
атайды.
Кориолис күші дене қозғалысына әр уақытта перпендикуляр бағытталған,
егер айналым сағат стрелкасына қарсы болса қозғалыс бағыттан оңға қарай, ал
сағат стрелкасы бойынша болса, солға қарай бағытталған. Бұл күш дене
қозғалысының, жылдамдығына байланысты; қозғалыс тездеткен сайын ауытқу
көбейе түседі. Егер дене қозғалысының бағыты айңалу осі бағытымен дәл
келетін болса, ауытқу- 0-ге тең. Айналу осі мен дене қозғалы-сы бағытында
бұрыш ұлғайған сайын ауытқу өсе түседі. Айналу осіне қозғалыс перпендикуляр
болғанда ауытқудың максимумы болады. Кориолис күші дене қозғалысы бет
бойымен болғанда да, құлап түскенде де әсерін тигізеді.
Полюстерде ғана дене ешқайда ауытқымай тік түседі: оның құлау бағыты
жер осінің бағытымен дәл келеді, Экваторда құлаған дененің қозғалу бағыты
осьтің бағытына перпендикуляр, сондықтан да ауытқу көбірек болады. Өйткені,
Жер батыстан шығысқа қарай айналады, құлаған денедер шығысқа қарай ауытқуы
тиіс.
Дене қозғалысы горизонтальды жазықтықта болса, ауытқудын, максимумы
керісінше полюстерде, ал минимумы экваторда болады. Солтүстік жарты шарда
ауытқу оңға, онтүстікте — солға (егер оңтүстік- полюс жағынан қараса Жер
сағат стрелкасы бойынша айналады). Бұл меридиандар және параллельдер
бойынша дене қозғалыстарының кез келген бағытында да дұрыс
Мәселен-А нүктесіңен полюс бағытына, яғни меридиан бағытына ракета
ұшырылды. Ол А жанасу нүктесіне қарай (АБ) қозғалғьш келеді. Біршама уақыт
өткеннен кейін А нүктесі Б нүктесінің орнында болады. Ракета белгіленген
бойынша жүріп отырады, бірақ ол енді меридиан бағытымен дәл келмейді,
өйткені меридиан солға ауытқыды. Бақылаушы да Б нүктесіне тап болып
бұрынғысынша меридиан бағытынан ракетаны іздейді, ол оған оңға ауытқыған
болып көрінеді.
Енді ракета М нүктесінен полюске (меридиан бойынша) емес шығысқа,
яғни параллель бойынша ұшырылды делік. Ол М жанасу нүктесіне (МА) қарай
жүріп ртырады. Бақылаушы М ' нүктесіне тап болып КМ бағытынан іздейді, оған
бірінші жағдайдағыдай, ракета қозғалыс бағытын оңға ауытқып өзгерткен болып
көрінеді.
Ракета жер бетінен көтеріліп, қозғалыс бағытын сақтай алады. Мәселен,
су ағысы болса жағдай басқаша. Ол да ауытқығысы келеді, бірақ оған
жағалар кедергі жасайды, ал ол шайып жағаға күш салады (солтүстікте оң
жағаны, оңтүстік жарты шарда сол жағаны).
Жер айнальшынын, (Ғ) ауытқыту күші қозғалушы дененің массасына (т),
оның қозғалысының жылдамдығына (Ъ) және ендігінің синусының (sіп φ) тура
пропорционал
F=m*2*w*υ*sinφ
w — Жер айналымының бұрыштық жылдамдығы. Формуладан белгілі
болғанындай, Кориолистін, күші онша емес, бірақ атмосфера мен
гидросферанын. ауысып жатқан заттарына үздіксіз тигізетін әсерінің маңызды
салдары бар. Міне сол. себепті де онда әр түрлі масштабта құйындар тұрып
(оның ішінде циклондар мен антициклондар), ауа және мұхит ағыс
системаларының пайда болу себептері осыдан.
Уақыт. Жердің осімен айналу периоды — тәулік — уақыт өлшеудің табиғи
бірлігі. Біз жердің осімен айналуын сезбейміз, бірақ аспан күмбезінің
бізге көрінетін қозғалысы бойынша біз оны бақылай аламыз. Сондықтан да күн
тәулігін қандай да болмасын жұлдыздың (жұлдыз тәулігі), немесе Күннің
(нақты күндік тәулік) екі кульминациялары арасындағы орташа уақытпен
өлшеуге болады. Нақты күндік тәуліктердің ұзақтығы әр түрлі болады (Жердін.
Күн төңірегінде ауысу жылдамдығы біркелкі еместігін еске түсіріңіз) және ол
дәл уақытты өлшеуге жарамсыз. Практика мақсаты үшін орташа күндік
тәуліктері қолданылады. Орташа күн уақыты — ойша алынған нүкте орташа
Күнмен өлшенеді, ол біркелкі ауысып, яғни жыл ішінде толық. айналып
жасайтын периодты нақты Күнді белгілейтін нүкте. Орташа күндік тәулік —
орташа күн уақытының 24 сағаты. Тәуліктің бастамасы болып орташа Күннің
төменгі кульминация моменті, яғни түн ортасы алынады.
Тәулік барлық меридианда бір уақытта басталады. Әрбір меридианда
өзіндік жергілікті уақыты бар, ол шығысқа қарай орналасқан сайын, онда
соғұрлым жаңа тәулік ерте басталады. Жер айналасында әрбір сағат сайын 15°-
қа бұрылады; сондықтан бір-бірінен 15° қалып қойған меридиандарда
жергілікті уақыт 1 сағат айырма жасайды. Егер меридиандардың аралық
қашықтығы Г болса, уақыт айырмашылығы 4 мин болады.
Дүние жүзілік уақыт ретінде бастапқы меридиан (гринвичтік) уақыты
алынған. Жергілікті уақытты дүние жүзілікке болмаса керісінше келтіру үшін
нүктенің бастапқы меридианнан бұрыштық қашықтығын — оның байлығын — білу
керек. Дүние жүзілік уақыт астрономияда пайдаланылады, ал ол нақты өмірде
қолданылмайды.
Жергілікті уақыт көршілес пункттердің уақыттарының әр түрлі болуынан
қолайсыздық туғызады. Сондықтан да XIX ғ. өзінде бүкіл Жер бетін әрқайсысы
15° есебімен 24 сағаттық белдеуте бөліп белдеулік уаңыт жүзеге асырылды.
Белдеулік уақыт сол белдеудегі орта меридиан бойынша есептелінеді. Белдеу
шекарасынан асқан кезде уақыт 1 с. өзгереді.
Бастапқы немесе нольдік белдеуде гринвич 'меридианы уақыты болады, ол
белдеуді қақ ортасынан бөледі. Бірінші белдеудін, уақыты бастапқысының
уақытынан 1с, екінші 2 с және с. с. айырмашылық болып отырады.

Белдеулердін, шекаралары меридиандар бойынша емес, саяси, шаруашылық
және басқа да шекаралар (сағаттық поястар картасын қараңыз) бойынша
жүргізілді.
Жергілікті уақытты белдеулікке және керісінше аудару үшін формула
жасалды: белдеулік уақыт (Тn)=жергілікті ортіша уақыт (m) + белдеу нөмірі
(п) — сағаттық өлшемде берілген географиялық бойлық (λ) белдеулік уақыт-
дүние жүзілікке+ белдеу нөмірі.
Совет Одағында тәулік ішінде электр қуатын бірқалыпты жұмсау және
кешкі сағаттарда электр станциялардың артық жұмыс істеуін болдырмау
мақсатында 1930 ж. үкімет декретімен сағат стрелкасы бір сағат алға
жылжытылды. Сол себепті СССР территориясының бүкіл сағаттық белдеулерінде
белдеудің шығыстағы келесі уақыты сияқты сағат бір сағат алда жүреді. Бұл
декрет уақыты саналады.
Егер батыстаң шығысқа ауысқан жағдайда, әрбір сағат белдеуінде
сағатты жергілікті (белдеулік) уақыт бойынша, яғни олардың стрелкасын бір
сағат алға жылжытатын болса, жер шарын айналған саяхаттың аяғында ол 24
сағатқа алға жылжытқан болып есептелінеді, сөйтіп артық тәулік пайда
болады. Шығыстан батысқа ауысқан жағдайда сағат стрелкасы кейін жылжыту
керек, сонда саяхат аяғында бір тәулік жоғалтылған болып табылады. Жүзу
және ұшу кезінде тәулік есебі дұрыс болуы үшін шартты сызық—даталардың
ауысу сызығы белгіленді, моряктар мен ұшқыштар оны басып өткенде бір
тәулікті шығарып тастайды (бір сан), немесе батыстан шығысқа болмаса
шығыстан батысқа, бағытына қарай бір санды екі рет санайтын болады.
Күн мен түннің ауысуы. Жердің өз осінен айналуы жер бетінде шығыстан
батысқа қарай күн жарығының ауысуын— күн мен түннің ауысуын тездетеді.
Егер жер осі орбита жазықтығына перпендикуляр келетін болса жарық
бөлетін жазықтық (жерді жарық және көлеңке бөліктерге бөлетін жазық) барлық
ендікті тең екі бөлікке бөлген болар еді де, барлық ендіктерде күн мен түн
әр уақытта бірдей тең келер еді.
Жердің осі орбитасының жазықтығына көлбеу жағдайда күн мен түн
бүкіл ендіктерде тең болу үшін, жер осі жарық бөлетін жазықтықта жатуы тиіс
және жарық бөлетін сызық жарық бөлетін жазықтық (жер бетін кесіп өткенде
пайда болған сызық) географиялық полюстер арқылы өтуі қажет. Жер
осінің солтүстік шеті Күнге көлбеу келгенде жарық бөлетін жазықтық жердің
осін Жердің центрінде қиып өтіп, Жерді төмендегідей екі жартыға бөледі,
солтүстік жарты шардың үлкен бөлігіне жарық түседі де, ал кіші
белігі көлеңкеде қалады. Оңтүстік жарты шардың, керісінше үлкен
бөлігі келеңкеде болады. Егер Жердің осі оңтүстік шетімен Күнге көлбеу
келсе оңтүстік жарты шарға, солтүстікке қарағанда, жарық көп түседі. Жарық
бөлетін сызық мұндай жағдайларда географиялық полюстер арқылы өтпейді
және бүкіл ендіктерді (0° басқасын) жарық және көлеңке етіп тең емес екіге
бөледі, күн мен түн, экватордан басқа, барлық ендіктерде тең емес. Күнге
қарай көлбеу жарты. шарда, күн түннен ұзағырақ та, ал оған қарама-қарсы
жарты шарда, керісінше, түн ұзақ болады. Жарық бөлетін сызық кесіп
өтпейтін ендіктерде және олар түгелімен Жердің жарық түскен немесе жарық
түспеген жағында шамалы уақыт тұрып қалса, осы мерзім ішінде (полюстерде
жарты жыл болғанға дейін) күн мен түннің ауысуы болмайды.
Жердің Күнді айнала қозғалуы. Егер күн мен түннің ауысуы Жердің
осінен айналуымен, ал олардың тең еместігі осінің орбитаға көлбеулігімен
анықталатын болса, экватордан басқа барлық ендіктерде күн мен түннің
ұзақтығының үздіксіз өзгеруі — планета Күнді айнала қозғалғанда жер осінің
өзгеріссіз дерлік жағдайда тұратындығының нәтижесі.
Жер эллипстік орбита бойынша Күнді айнала қозғалады, мұнымен бірге
күнге дейін қашықтық афелийінде (5 июль) 152 млн. километрден перигелийінде
(3 январь) 147 млн. километрге дейін өзгеріп тұрады. Жер орташа 29,8 кмсек
жылдамдықпен бүкіл орбитаны — 940 млн. километрді 365 тәу. 6 сағ. 9 мин 9,6
сек. айналып өтеді. Бұл аралық жұлдыз жылы (сидерикалық) деп аталады.
Күнді айнала жердің жылдық қозғалысын аспанда Күннің орнының үздіксіз
өзгеруі бойынша бақылауға болады; күннің тал түстегі биіктігі (әр түрлі
ендіктерде біркелкі емес) және оның шығу және бату жері өзгеріп отырады.
Күннің көзге көрінетін жылдың жолы — аспан сферасында жасалатын үлкен
шеңбер — жлиптика жер орбитасы жазықтығының аспан сферасындағы қимасы болып
табылады. Ол жердің экватор жазықтығының аспан сферасымен қиылысқан сызығы
— аспан экваторына 23°27' бұрышпен көлбеу. Эклиптика аспан зкваторын Күн
бір жарты шардан екінші жарты шарға ауысқан кезде көктемгі (ү) және күзгі
күн теңесуі нүктелерінде кесіп өтеді
Жыл мезгілдерінің ауысуы. Кеңістікте жер осінің белгілі (көлбеу)
жағдайда Жердің Күнді айнала қозғалысының салдары — жыл мезгілдерінің
ауысуы. Жыл мезгілдерінің ауысуын қараумен бірге жердің өз осінен және
күнді айнала қозғалысының тағы бір әсерін комбинациясын — күн мен түннің
тең еместігін және олардың ұзақтығының өзгерісін қарамауға болмайды.
Солтүстік жарты шарда агрономиялық жаздың басталуы 22 июнь (жазғы күн
тоқырауы) болып саналады. Бұл уақытта оңтүстік жарты шарда астрономиялық
қыс басталады. Жазғы күн тоқыраған күні Жер афелийге жақын болады. Жердің
осі солтүстік шетімен Күнге көлбеу болады және талтүсте күн сәулесі 23°27
ендікке — Солтүстік тропикке тік түседі. Бұл күні күн солтүстік жарты
шардың барлық ендіктерінің аспанында жылдың ең жоғары биігінде тұрады.
66°33' о.е. (Солтүстік полярлық шеңберден) солтүстіктегі ендіктер толығымен
Жердің жарық түскен жартысында қалады. Мұнда Күн ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көлденең қозғалыстар
Ғаламшарлардың көрінетін және нақты қозғалысы
Жердін құрылысы және физикалық қасиеттері
Геодинамикалық процестер
Стереофотограмметри
Планеталардың көрінерлік қозғалысы. Кеплер заңдары
Геологиялық жыл санау және геохронологиялық кесте туралы
Тау жасалу және қатпарлықтар кезеңінің таралу аймақтарына талдау жасау және сипаттама беру
Жер қабығы (құрамы, қозғалыстары), бедер туралы жалпы мәліметтер
Жер қыртысы
Пәндер