Ақша айналысының заңы және теориялары



Кіріспе

І. Ақша теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
І.1. Ақшаның қажеттігі және шығу тегі ... ... ... ... ... ... ... .
І.2. Ақшаның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
І.3. Ақшаның қызметтері және экономикадағы рөлі ... ... ...

ІІ. Ақша айналысы және ақша қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ІІ.1. Ақша айналысы және оның заңы ... ... ... ... ... ... ...
ІІ.2. Инфляция ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІІ. Айналыс және ақша жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ІІІ.1. Ақша массасы және ақша базасы ... ... ... ... ... ... ...
ІІІ.2. Ақша жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер
Ақшаның өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының біршама жоғары дамуы нәтижесінде пайда болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақшаның жаратылысын зерттегендегі басты анық болғаны, ол оның тауарлы шығу тегіне байланыстылығын көрсетеді. Тауар - сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімнің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының обьективтік алғышарттарын туғызған.
Нақты және абстракті еңбектің, жеке және қоғамдық еңбектің бөлінісі, тұтыну құны мен құнның арасында тауар табиғатына байланысты болатын қайшылықтар айырбас құнның әр түрлі формаларын туғызады. Айырбас бұл бір тауар өндірушіден, екінші біреуіне жүретін тауардың қозғалысын білдіреді. Мұнда тауарлардың баламалылығын (мал = бидай = балта), яғни тауардың түріне, сапасына, формасына және тағайындалуына байланысты өлшенуін талап етеді. Сонымен қатар, әр түрлі тауарлардың бір біріне өлшенуіне ортақ негіз болуы ңажет.
Мұндай негізге тауарлардың құны, демек тауар өндірісі процесінде жұмсалатын және сол затқа айналып отырған қоғамдык еңбек жатады. Тек қоғамдық еңбек кана (жеке адамның еңбегі емес) тауарларды өлшенетін жасайды. Нарықта бір тауарды екінші бір тауарға айырбастаудың өзі бұл тауарларға еңбектің шығындалғандығын, яғни екі тауардың да құнының барлығын көрсетеді. Осыған байланысты жекелеген тауарларды өндіруге жұмсалған еңбек әр түрлі болып, нәтижесінде олардың құндары да бірдей болмайды. Сөйтіп, коғамдык енбекті немесе құнды сандық жағынан өлшеу қажеттігі туындап, айырбас кұнының (1 мал — 1 қап бидайға) ұғымы туындайды.
Айырбас кұны — бұл бір тауардың баска да бір тауарға белгілі сәйкестікте айырбасталу қабілетін білдіреді. Натуралды шаруашылық тұсында өнім тек өндірушінің және оның отбасының қажетін қанағаттандырғандықтан да, ол тұтыну кұны қасиетіне ие болды. Тауар өндірісі тұсында өндірушіні өз өнімін айырбастау үшін, бірінші кезекте құны, содан кейін оның тұтыну кұны қызықтырды. Егер тауардың тұтыну құны болмаса, яғни оны ешкім қажет етпесе, онда оны айырбастау мүмкін емес.
Демек, айырбасқа арналмаған тауардың өндіруші үшін тұтыну құны болса жеткілікті. Ал егер де тауар айырбасқа арналған болса, онда оның өндіруші үшін айырбас құны мен сатып алушы үшін тұтыну құны болуға тиіс.
Сөйтіп, тауарлар айырбасының дамуы өз кезегінде құнның мынадай формаларының қалыптасуына себеп болған:
– Алғашқы формасы — өндіргіш күштердің төменгі даму сатысына тән құнның жай және кездейсок формасы. Айырбастың бұл формасында бір еңбек өнімі екінші бір еңбек өніміне тікелей айырбасталып отырған. Мысалға, бір мал бір қап 6идайға айырбасталды.
– Екінші формасы — бұл күннын толык немесе жалпы
формасымен сипатталады. Еңбек бөлінісінің дамуы және
өндірістің өсуі нәтижесінде нарықтағы тауарлар саны мен түрлері
арта түседі. Мүнда көбіне бір тауар басқа да көптеген балама тауарлардың айырбасында жүрген. Мысалы:
– 1 қап бидай ~ 1 қойға
— 1 балтаға
— 1 құмыраға және т.б.
1. Ақша, несие, банктер. Ғ.С. Сейітқасымовтың редакциялығымен. —
Алматы: Экономика, 2001.

2. Деньги, кредит, банки / Под ред. Лаврушина О.И. — М.:Финансы и
статистика, 1999.

3. Финансы Денежное обращение. Кредит / Под ред. Дробозиной Л.А. -
М.: Финансы, ЮНИТИ, 1997.

4. Общая теория денег и кредита / Под ред. Жукова Е.Ф. -М.: Банки и
биржи, 1995.

5. Ақша , несие , банктер. Ғ.С. Сейітқасымовтың жалпы редакциясы – Алматы
: экономика , 2001 ж.

6. Ақша , несие , банктер , валюта қатынастары. Алматы , экономика 2000 жыл
328-бет.

7. Қазақ Совет Энциклопедиясы. Бас редактор : Қаратаев М.Қ. , ал мүшелері :
Арыстанбеков Х.А. , Ахмедсафин У.М. , Әбілханов Қ.С. Алматы :
1973 ж. 640-бет.

8. Международные валютно – кредитные и финансовые отношения , под редак
ци , Красавиной Л.Н. 1994 г..

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Ө.А. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы
Гуманитарлы-экономикалық факультет
Экономика пәндері кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы : Ақша айналысының заңы және теориялары

Орындаған :
203 топ

студенті Ишамбаева А.К.

Тексерген : аға оқытушы

Қорабаева А.Д.

Талдықорған 2007 жыл

Жоспар

Кіріспе

І. Ақша теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
І.1. Ақшаның қажеттігі және шығу тегі
... ... ... ... ... ... ... .
І.2. Ақшаның түрлері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
І.3. Ақшаның қызметтері және экономикадағы рөлі ... ... ...

ІІ. Ақша айналысы және ақша қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ІІ.1. Ақша айналысы және оның заңы ... ... ... ... ... ... ...
ІІ.2. Инфляция
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ІІІ. Айналыс және ақша жүйесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІІ.1. Ақша массасы және ақша базасы ... ... ... ... ... ... ...
ІІІ.2. Ақша жүйесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

І. Ақша теориясы

І.1. Ақшаның қажеттігі және шығу тегі

Ақшаның өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының біршама жоғары
дамуы нәтижесінде пайда болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақшаның
жаратылысын зерттегендегі басты анық болғаны, ол оның тауарлы шығу тегіне
байланыстылығын көрсетеді. Тауар - сатуға немесе айырбастауға арналған
еңбек өнімі. Осы еңбек өнімнің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының
обьективтік алғышарттарын туғызған.
Нақты және абстракті еңбектің, жеке және қоғамдық еңбектің
бөлінісі, тұтыну құны мен құнның арасында тауар табиғатына байланысты
болатын қайшылықтар айырбас құнның әр түрлі формаларын туғызады. Айырбас
бұл бір тауар өндірушіден, екінші біреуіне жүретін тауардың қозғалысын
білдіреді. Мұнда тауарлардың баламалылығын (мал = бидай = балта), яғни
тауардың түріне, сапасына, формасына және тағайындалуына байланысты
өлшенуін талап етеді. Сонымен қатар, әр түрлі тауарлардың бір біріне
өлшенуіне ортақ негіз болуы ңажет.
Мұндай негізге тауарлардың құны, демек тауар өндірісі процесінде
жұмсалатын және сол затқа айналып отырған қоғамдык еңбек жатады. Тек
қоғамдық еңбек кана (жеке адамның еңбегі емес) тауарларды өлшенетін
жасайды. Нарықта бір тауарды екінші бір тауарға айырбастаудың өзі бұл
тауарларға еңбектің шығындалғандығын, яғни екі тауардың да құнының барлығын
көрсетеді. Осыған байланысты жекелеген тауарларды өндіруге жұмсалған еңбек
әр түрлі болып, нәтижесінде олардың құндары да бірдей болмайды. Сөйтіп,
коғамдык енбекті немесе құнды сандық жағынан өлшеу қажеттігі туындап,
айырбас кұнының (1 мал — 1 қап бидайға) ұғымы туындайды.
Айырбас кұны — бұл бір тауардың баска да бір тауарға белгілі сәйкестікте
айырбасталу қабілетін білдіреді. Натуралды шаруашылық тұсында өнім тек
өндірушінің және оның отбасының қажетін қанағаттандырғандықтан да, ол
тұтыну кұны қасиетіне ие болды. Тауар өндірісі тұсында өндірушіні өз өнімін
айырбастау үшін, бірінші кезекте құны, содан кейін оның тұтыну кұны
қызықтырды. Егер тауардың тұтыну құны болмаса, яғни оны ешкім қажет етпесе,
онда оны айырбастау мүмкін емес.
Демек, айырбасқа арналмаған тауардың өндіруші үшін тұтыну құны болса
жеткілікті. Ал егер де тауар айырбасқа арналған болса, онда оның өндіруші
үшін айырбас құны мен сатып алушы үшін тұтыну құны болуға тиіс.
Сөйтіп, тауарлар айырбасының дамуы өз кезегінде құнның мынадай
формаларының қалыптасуына себеп болған:
– Алғашқы формасы — өндіргіш күштердің төменгі даму сатысына тән құнның
жай және кездейсок формасы. Айырбастың бұл формасында бір еңбек өнімі
екінші бір еңбек өніміне тікелей айырбасталып отырған. Мысалға, бір мал бір
қап 6идайға айырбасталды.
– Екінші формасы — бұл күннын толык немесе жалпы
формасымен сипатталады. Еңбек бөлінісінің дамуы және
өндірістің өсуі нәтижесінде нарықтағы тауарлар саны мен түрлері
арта түседі. Мүнда көбіне бір тауар басқа да көптеген балама тауарлардың
айырбасында жүрген. Мысалы:
– 1 қап бидай ~ 1 қойға
* 1 балтаға
* 1 құмыраға және т.б.
– Үшінші формасы — бұл құнның жалпылама формасы. Әр тауар өндіруші
өздерінің еңбектеріне қарай барлығына бірдей қажет жалпылама тауар алуға
тырысады. Осыған байланысты жергілікті нарықтарда, тауарлар массасынан
жалпылама балама рөлде жүретін тауарлар ығысып шығады. Мұндай тауарлар
рөлін кей халыктарда мал (ертедегі гректе, римдіктерде, славяндарда,
монғолдарда және т.б.), ан терісі (Скандинавияда, ертедегі Русьте), шай
(Қытайда), тұз (Абиссинияда), піл сүйегі (Оңтүстік Африкада) атқарады.
Ресейге қосылғанға дейінгі Қазақстанның кейбір алыс түпкірлерінде ішкі
сауда-саттық жүргізу үшін жалпыға бірдей балама ретінде тоқты немесе саулық
қой пайдаланылған. Бірақ аталған тауарлар мұндай рөлде ұзак уакыт жүрмеген,
себебі олар тауар айналысының талаптарын толығымен қанағаттандыра алмайды
және өздерінің қасиеттеріне бай-ланысты баламалық шартына сәйкес келмейді.
– Құнның жалпыға балама формасының дамуы нәтижесінде барлық
тауарларға тікелей айырбасталатын тауарлар әлемінен
ерекше бір тауар — ақша тауары калыптасты. Ол тауар рөлін
бағалы металдар: алтын және күміс атқарды.
Сонымен, ақша — бұл барлык, тауарларлың, құнын өлшейтін,
жалпыға балама айрықша тауар. Ақшаның объективті қажеттігі тауар өндірісі
және айналысының болуына сәйкес қалыптасты. Ақша — бұл тауар айналысының
құралы және оның ізбасары. Тауар мен акша бір-бірінен бөлінбейді, себебі
ақша айналысынсыз тауар айналысының да болуы мүмкін емес. Ақша тауардан
бөлініп шыкқанымен де, ол айрықша тауар ретінде қала береді. Ақшаның
жалпыға бірдей балама рөлін атқару алтынға жүктеледі. Сондықтан алтынның
басқа тауарлардың құнын бейнелеуі, онын ең бастысы мынадай табиғи касиетіне
байланысты: біріншіден, алтынның табиғи сапа-лылығы, яғни оның оңай
бөлінетіндігі, әдемілігі және тозбайтындығы; екіншіден, құны өте жоғары,
сондай-ақ, оның қорының сиректігі мен өндіругс кететін еңбек шығыны жоғары
болуы.
Ақша — өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы қатынасты
бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалык категория. Акшанын,
экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш касиетінін бір
тұтастығынан байқалады:
– жалпыға тікелей айырбасталу формасы;
– айырбас құнының дербес формасы;
– еңбек өлшемінің заттай (материалдану) формасы.
Жалпыға тікелей айырбасталу формасы, оның кез келген материалдық бағалы
затқа айырбасталатынын сипаттайды. Екіншісі тауарларды сатумен байланыссыз.
Соңғы ңасиеті тауар өндіруге жұмсалған еңбектің ақша көмегімен өлшеуге
болатын құнын сипаттайды.

І.2. Ақшаның түрлері

Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: толық құнды ақшалар және
толық құнсыэ акшалар.
Толық құнды ақшалар — номиналдык кұны оны дайындауга кеткен нақты
кұнымен сәйкес келетін акшалар. Мұндай ақшаларға металл ақшалар, соның
ішінде: мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар
әр түрлі формада болған. Монета түріндегі формасы - бұл олардың соңғы
формасы. Монетаның бет жағы — аверс, артқы жағы — реверс және жаны гурт деп
аталады.
Монета сөзінің шығуын римдіктердің жүрегі саналатын шіркеу құдайы
Юнона-Монета есімімен байланыстырады, яғни сол шіркеуден берілген ақшалай
каражаттың көмегімен Римнің эпир ханы Пиррмен соғыста (б.э.д. 275 ж.)
жеңіске жеткендігі туралы аңыз бар. Монета сөзі латынша moneo — кеңес
беремін, көңіліңнен шығамын дегенді білдіреді.
Алғашқы монеталар VII ғ. б.э.б Ертедегі Қытайда және Ертедегі Лидия
мемлекетінде пайда болды. Киев Русінде алғашқы монеталардың пайда болуы
IX—Хғғ. жатады. Бастапқы кездері айналыста алтын монеталармен қатар, күміс
монеталар да қоса жүреді.
Алтын айналысына бірқатар елдер де XIX ғ. екінші жартысында өтті. Бұл
елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші орынды, өзінің отарларымен
бірге ағылшын елі алған.
Алтын айналысы тұсында кұнның қағаздай белгілерінің пайда болуының
мынадай объективті кажеттіліктері болған:
- алтын өндірісі тауар өндірісінің артынан ілесе алмай,
нәтижесінде айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей
алмады;
- жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете
алмады;
- алтын стандарты, жалпы алғанда өндірісті және тауар
айналымын ынталандырмады. Алтын айналысы не бары бірінші
дүниежүзілік соғысқа дейін болды және соғысушы елдер өздерінің шығыстарын
жабу мақсатында құнның қағаздай белгілерін шығаруды ұлғайтты. Соның
нәтижесінде, біртіндеп алтын айналыстан шыға бастайды.
Толык, құнсыз ақшалар (кұннын белгілері) — номиналдық құны нақты құнынан,
яғни олардын өндірісіне кеткен қоғамдқ енбектен жоғары болып келетін
акшалар.
Оларға мыналар жатады:
– құннын металдык, белгілері — арзан бағалы металдардан жасалған
ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;
– құннын кағаздан жасалған белгілері. Құнның қағаздай белгілері екіге

бөлінді: қағаз ақшалар және несиелік ақшалар
Қағаз ақшалар — бұл нағыз ақшалардын өкілдері. Тарихта олар айналыста
жүрген алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда болды.
Қағаз акшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс
құралы қызметін аткару ерекшеліктеріне байланысты.
Металл ақшалардың қағаз ақшаға ауысу себептері мынадай:
– металл ақшалардың тасымалдап алып жүру қолайсыздығы;
– металл ақшалардың мемлекеттік билік органдарының жасаған әрекетінің

нәтижесінде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металдың

құрамын төмендетуі барысында бүлінуі;
– бағалы металдарды өндірудің кағаз ақшаларды шығаруға қарағанда
кымбатқа түсуі;
– эмиссиондық табыс (шығарылған ақшалардың номиналдық құны мен
олардың нақты құны арасындағы айырма) алу мақсатында қазынаның
қағаз ақшаларды шығаруы;
– бюджет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуы.
Алғашқы кағаз ақшалар б.э. XII ғ. Қытайда, 1690 ж. Ұлыбритан отары
болған Солтүстік Америкада, 1762 ж. Австрияда және 1769 ж. Рессйде пайда
болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары қағаз акшалар барлык елдерде
шығарылды. Қазіргі кезде кағаз акшалар казыналык билеттер түрінде он елде
(АҚШ, Италия, Индия, Индонезия және т.б.) ғана сакталған. Кешегі КСРО-да
1961 ж. болған ақша реформасы негізінде кағаз ақшалар, яғни 1, 3, 5
рубльдік казыналық билет формасында соңғы рет айналымға шығарылып, кейінен
Ресейдегі 1991 — 92 жж. және Қазақстандағы 1993 ж. акша реформасы
натижесінде айналымнан алынды.
Қағаз ақшалар (казыналық билеттер) — бюджет тапшылығын жабу максатында
шығарылатын және металға ауыстырылмайтын, сондай ақ мемлекет белгілеген
өзіндік номиналы бар құнның белгілері.
Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы кызметін
атқарады. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттің қаржы жетіспеушілігіне
байланысты шығаруымен түсіндіріледі. Қағаз акшалар өзінің табиғаты жағынан
тұраксыз және құнсыздануға тез икемді. Олардың құнсыздану себептеріне:
айналысқа басы артық қағаз ақшалардың шығарылуын, эмитентке деген сенімнің
төмендеуін және төлем балансының қолайсыздық жағдайын жатқызады.
Несиелік ақшалар — тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу
және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге, (несиеге) берілуімен байланысты
пайда болған ақшалар. Несиелік ақшалардың шығуы банктердің несиелеу
операцияларымен байланысты. Мұндай ақшалардың басты мақса-ты: ақша
айналымын икемді ету; нағыз ақшаларды үнемдеу; қолма-қолсыз ақша
айналымының дамуына мүмкіндік жасау.
Несиелік ақшалардың мынадай түрлері бар: вексель, банкнота және чек.
Вексель сөзі ағылшынша Ьill поtе — міндеттеме шоты дегенді білдіреді.
Векселъ — белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген
жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздык міндеттемесі.
Вексельдің екі түрі бар: жай және аудармалы.
Вексельдің түрлеріне ҚР-дағы вексель айналысы туралы (28.04.97) ҚР
заңында мынадай түсініктемелер берілген:
* Жай вексель (соло) — вексельді ұстаушыға вексельде
көрсетілгеи соманы белгілі бір уакытта немесе талап етуге
байланысты төлеу туралы вексель берушінің еш нәрсемен
негізделмеген
міндеттемесін сипаттайтын вексель.
* Аудармалы вексель (тратта ) — вексельде көрсетілген
соманы білгілі бір уакытта алғашқы вексельді ұстаушыға
(ремитентке)
төлеу туралы үшішні бір тұлғаға (трассатқа) вексель берушінің
(трассанттық) еш нәрсемен негізделмеген ұсынысын (бұйрығы)
сипаттайтын вексель.
Трассат тратта бойынша төлеуге келісімін бергеннен бастап, борышқор
болып табылады. Аудармалы вексель келесі бетіндегі индоссамент (басқа
біреуге аударып жазу) көмегімен айналыста жүре береді. Аудару туралы
қолдардың көбеюіне байланысты вексель айналысы ұлғая түседі және мұндағы әр
индоссант вексель бойынша міндеттемеге бірлесіп жауап береді.
Жай және аудармалы вексель — коммерциялық вексельдің түрлері ретінде
қарастырылады.
Сонымен қатар, экономикалык әдебиеттерде вексельді мынадай түрлерге
бөледі: қаржылык, қазыналық, достық, бронзалык.
Қаржылық (банктік) вексель — белгілі бір ақша сомасын қарызға беруден
туындайтын қарыздық міндеттеме.
Қазыналық векселъ — бюджет тапшылығын жабу мақсатында мемлекет тарапынан
шығарылатын оның міндеттемесі. Қазыналық вексель бойынша мемлекет борышқор
болып саналады.
Достық вексель кейіннен банкте оларды есепке алу мақсатында бір-біріне
беріледі.
Бронзалық вексель нақты қамтамасыз етілмеген қарыздык міндеттемені
білдіреді.
Вексельдің мынадай өзіне тән қасиеттері бар :
– дерексіздік, яғни вексельде мәміленің нақты түрінің
көрсетілмеуі;
– даусыздық яғни протест туралы актіні нотариуспен жасағаннан кейін

тиісті шара қолданылғанға дейінгі қарыздың міндетті түрде
төленуге тиістігі;
– айналымдылық яғни басқа бір тұлғаларға аударып жазу арқылы
(индоссамент) төлем кұралы ретінде вексельдің берілуі.
Қазақстанда жоғарыда аталған заң кабылданға дейін және онан кейін де
вексель айналысы дамып келеді. Вексель айналысын бірінші болып
қолдаушылардың қатарында Казкоммерцбанк тәжірибесін атап кетуге болады. Бұл
банк 1996 жылы ҚР Үкіметінің астық жинау бағдарламасына сәйкес өзінің 500,
1000 және 5000 АҚШ долларындағы астық вексельдерін айналымға шығарып,
оларды несие кұралы ретінде клиенттеріне берді. Сол клиенттерінің ішінде
атап айтсақ, сыртқа астық сатумен айналысатын Астық акционерлік
компаниясы 5000 АҚШ долларындағы вексельді тендер бойынша жеңіп алып, оны
өзінің жабдықтаушылары арасында төлем кұралы ретінде пайдаланды.
Сонымен қатар, осы банк 2003 жылы домицилиант ретінде Қазакстан темір
жолы ҰК-ның 200,0 млн теңгеге бағалаған вексельдерін өтеді.
Мұндағы, домицилиант — вексельде көрсетілген төлемді жүзеге асыратын,
вексельде делдал ретінде қатысатын банк.
Банкнота (ағыл. сөзінде Ваnk-nоtе аударғанда банк билеті) — орталық
банктің айналысқа шығарған әр түрлі номиналдағы ақша бірліктері.
Ол вексельден және қағаз ақшалардан өзара ажыратылады. Банкнотаның
вексельден мынадай айырмашылығы бар:
мерзімділігіне қарай, егер де вексель мерзімді қарыздың міндеттеме болса
(3—6 айлық), ал банкнота — мерзімсіз карыздық міндеттеме;
кепілдігне қарай, вексельді айналысқа жеке кәсіпкерлер шығарады және
оның жеке кепілдігі болады, ал банкнотаны қазіргі кезде орталық банк
шығаратындықтан, оған мемлекет кепілдік береді.
Экономикалың әдебиеттерде банкнотаны екі түрге бөледі: классикалык жәке
жай.
Классикалық банкнота — бұл банкнотаның алғашқы пайда болған формасы
ретінде алтынға еркін алмастырылатын, яғни алтынмен камтамасыз етілген
Орталық банктің билеті.
Классикалык банкнотанын кағаз ақшалардан өзіндік айырмашылығы бар:
– жаратылысына қарай — қағаз ақшалар ақшаның айналыс құралы
ретіндегі қызметінен туындаса, ал банкнота ақшаның төлем құралы
кызметінен пайда болған;
– эмиссиялау әдісі бойынша — қағаз ақшаларды айналысқа қазынашылық
шығарса, ал банкнотаны Орталық банк шығарады;
– қайтарылуына қкарай — классикалық банкноттар вексель мерзімінің
аяқталуына байланысты Орталық банкке қайтарылса, ал кағаз ақшалар
қайтарылмайды, яғни олар айналыста қала береді;
– ауыстырылуына қарай — классикалық банкноталар банкке қайтуына
байланысты алтынға немесе күміске ауыстырылып отырса, қағаз
ақшалар кашаннан ауыстырылмайтын болған.
Банкноталардың алтынға ауыстырылуы тоқталғаннан бастап, банкнота алтынмен
камтамасыз етілуі қысқарып, оның вексельдік қамтамасыз етілуі де күрт
нашарлай түсті, себебі орталық банктің вексельдік портфелі көбірек
қазыналык вексельдер мен міндеттемелерге толықты.
Жай банкнота — бұл казіргі кездегі айналыска шығарылған Орталык банк
билеті.
Олар металға алмастырылмайды, тек қана Орталық банктін барлық активтерімен
камтамасыз етіледі. Ендеше қазіргі айналыста жүрген орталык банктен шығатын
жай банкноталар алтынмен қамтамасыз етілмейді, бірақ олардың белгілі бір
дәрежеде тауарлық немесе несиелік негізі сақталған, сондай-ақ олар кағаз-
ақша айналысының заңдылықтарына бағынады.
Қазіргі кезде ҚР Ұлттық банкісінің жай банкноталардың эмиссиялануының
мынадай үш жолын бөліп көрсетуге болады:
– Шаруашылықты несиелеу жолымен;
– Мемлекетті (үкіметті) несиелеу, яғни мемлекеттік қарыздық
міндеттемелердің орнына банкноттардың шығарылуы барысында.
Шынында да, еліміз тәуелсіздік алған жылдардың басында экономикадағы
тұрақсыздықтың нәтижесінде 1993 —1998 жж. мұндай көріністің куәсі болдық.
Айталық, 1995 —1996 жылдары бюджет тапшылығы ЖІӨ-нің 5,5 %-на дейін жетті,
ендеше сол уақыттары республикалық бюджет тапшылы-
ғының 80 %-ға жуығы Ұлттық банктің Үкіметке берген несиелері есебінен
жабылғаны белгілі. Әрине бұл жолдың теріс жақтары да болды, оның бірі
елімізде гиперинфляцияның орын алуы;
– ұлттық валюта бағамының тұрақтылығын камтамсыз ету және еліміздің
сыртқы қарыздарды өтеу үшім мемлекеттің валюталык резервтерін
арттыру мақсатында айналысқа косымша ақша эмиссиялау жолымен.
Чек вексель мен банкнотаға қарағанда коммерциялық банктердің құрылып,
олардағы ағымдық шоттарда бос ақшалай қаражаттардың жинақталуына байланысты
несиелік және айналыс құралы ретінде біршама кеш пайда болды. Алғашқы
чектер 1683 ж. Англияда пайда болды.
Чек — ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы
төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне
берген жазбаша бұйрығы.
Чектің мынадай түрлері бар:
ақшалай чек — банктен колма-қол акша алуға арналған төлем қүралы;
атаулы чек — аударуға құқысыз белгілі бір тұлғаның атына жазылады;
ордерлі чек — бір тұлғаның атына толтырылған, бірақ индоссамент бойынша
басқа бір тұлғаға беруге кұқық береді;
мәлімдеуші чек — чекті мәлімдеушіге ондағы көрсетілген сомасы төленеді;
есеп айырысу чегі — заңды тұлғалар арасында қолма-қолсыз есеп
айырысуларда қолданылады;
жол чегі — туристік сапарларға арналған төлем құралы;
кепілдендірілген чек — банктің чекте көрсетілген соманы төлеуге
кепілдендіруін сипаттайын төлем құралы.
Чектің экономикалық жаратылысы мынадай:
– біріншіден, ол банктен нақты ақшаны алуға кызмет етеді;
– екіншіден, ол айналыс және төлем құралы кызметін атқарады;
– үшіншіден, ол қолма-қолсыз ақшамен есеп аиырысу құралы.
Электрондық ақшалар — компыотер торабының ақпараттарды автоматты түрде
өндеу құралдарын колданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын
банктер және олардын клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы
төлемдер жиынтығы. Электронды ақшалар пластикалык карточка формасында
болады. Олар екі түрлі болып келеді:
Дебеттік (төлем) карточка — банкте арнайы карточкалык каражаты бар,
клиент арасындағы келісімшартқа сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға,
банкомат арқылы колма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен кызметтер үшін
төлеуге арналган төлем құралы.
Кредиттік карточка — оның эмитенті мен карточка иесі арасындағы
келісімшартқа сәйкес несиелік көлемінде тауарлар мен кызметтер үшін төлемді
жасауға, не колма-қол ақша алуға арналған карточка.
Қазакстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер дебеттік және
кредиттік карточкалардың отандық және халыкаралық түрлерін кеңінен
қолдануда. Оларға Еurocard, Маstег Сагd, Visa, АLТҮN, Маеstго
және т.б. жатады.
Қазіргі кезде жалақы алуға арналған дебеттік карточкалар да кеңінен
қолданылуда. Мұндай карточкалардың шоттары көбіне теңгемен ашылады.
Несиелік карточкалар бөлшек сауда айналымында және қызмет көрсету
сферасында колданылады. Қазіргі уақытта несиелік карточкалардың мынадай
түрлері қолданылады: банктік, саудаға арналған, бензин сатып алуға
арналған, туризм және ойын-сауық шараларын төлеуге арналған. Біршама
кеңінен таралған түріне сауда карточкаларын жатқызуға болады.

І.3. Ақшаның қызметтері және экономикадағы рөлі

Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы
орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы процесінен туындайтын тауар
өндірушілердің формасы ретінде акшаның әлеуметтік және экономикалық
мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.
Ақшаның қазіргі экономикадағы атқаратын қызметтеріне мыналар жатады:
1) құн өлшемі және баға масштабы;
2) айналыс (айырбас) құралы;
3) төлем құралы;
4) қорлану және қор жинау құралы;
5) дүниежүзілік ақша.
Ақшаның құн өлшемі қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде барлық
тауарлардың құнын өлшейді. Ақша құн өлшемі ретінде: мөлшері жағынан аттас,
сапасы жағынан салыстыруға келетін тауарлар құнын бейнелеу үшін тауарлар
дүниесіне материал беру' қызметін атқарады. Бірақ та тауарларды өзара
өлшейтін ақша емес, тауарлар өндірісіне кеткен коғамдық қажетті еңбек
олардың бірінің біріне өлшенуіне жағдай жасады. Барлық тауарлар коғамдық
еңбек өнімдері, сондықтан олардың құнын өзіндік құны бар нақты ақшалар
(алтын және күміс) өлшей алады.
Тауар құнының ақшамен бейнеленуі оның башсы деп аталады. Баға тауарды
өндіруге және сатуға қажетті коғамдық еңбек шығынымен анықталады. Әрбір
елде ақшаның өлшемі ретінде қабылданған және тауарлар бағасын өлшеуге
қызмет ететін металдың (алтын) баға белгілеу процесіндегі ақша бірлігіне
бекітілетін салмақты саны баға масштабы деп аталады.
Бағалардың негізінде және олардың қозғалысында құн заңы жатыр. Ақшаның
құн өлшемі кызметі мен баға масштабы арасында өзара айырмашылық бар. Қүн
өлшемі бұл мемлекетке тәуелсіз ақшаның экономикалық қызметін сипаттайды.
Құн өлшемі қызметі құн заңына байланысты анықталады. Баға масштабы бұл
мемлекетке тәуелді, бірақ тауардың құнын көрсету үшін емес, тек оның
бағасын бейнелеу үшін қызмет етеді. Баға масштабы нарық заңына, яғни
сұраныс пен ұсынысқа байланысты белгіленеді. Сөйтіп баға масштабы арқылы
ойша белгіленетін тауарлар бағасы ұлттық ақша бірлігіндегі көрсетілетін
нарықтық бағаға айналады.
Бүгінгі таңда тауарлар алтынға тікелей айырбасталмайды және олардың
бағасы алтынмен бейнеленбейді. Ақшаның бұл қызметін алтыннын орнында
жүретін оның құндык өкілдері немесе қағаз және несиелік ақша белгілері
атқарады. Мұндай ақшалардың меншікті құны болмайтындықтан да, оларды толық
бағалы емес акшалар деп атайды. Өйткені, олар тауарлар құнын толық
өлшемейді, бірақ өлшеуге қатынасады.
Ақшаның айналыс құралы қызметі. Айналыс құралы қызметінде ақша тауар
айналысы процесінде делдалдық рөл атқарады. Тауар айналысы мынадай
процестерді қамтиды: тауар сату, яғни оның ақшаға айналуы және тауарды
сатып алу, яғни тауардың ақшаға айналуы. Бұл процесті арнайы формулада
мынадай түрде беруге болады: Т (тауар) — А (ақша) — Т (тауар).
Ақша айналысының тауар айналысынан айырмашылығы ақша тауарларды біртіндеп
айналыстан шығара отырып, өзі айналыста үнемі қалып отырады. Ақшаның
айналыс құралы ретіндегі қызметінің басты ерекшелігі, біріншіден, бұл
қызметті толық бағалы емес құнның белгілері: қағаз және несиелік ақша-лар
атқарады, екіншіден, нақты және қолма-қолсыз ақшалар атқарады.
Сонымен ақша, айналыс құралы қызметін атқаратындықтан да олардың саны,
яғни айналысқа қажетті сатылатын тауарлар массасы және бағасы негізінде
анықталады. Ал егер айналыстагы ақша массасы тауар массасынан артық болса,
онда ақшаның кұнсыздануы инфляцияға жол береді.
Ақшаның төлем құралы қызметі. Әр түрлі жағдайлардың болуына байланысты
тауарлардың тек нақты ақшаға ғана сатылмайтыны белгілі. Себебі әр түрлі
тауарларды өндіру кезеңі мен айналыс мерзімінің ұзақтығының бірдей
еместігі, сондай-ақ бірқатар тауарлардың өндірісі мен сатылуының маусымдық
сипатта болуы шаруашылық субьектіглнде косымша қаражаттардың
жетіспеушілігін туғызады. Соның нэтижесінде тауарлардың төлемін кешіктіріп
сатып алу және сату, ягни несиеге беру қажеттігі туындайды. Ақша төлем
құралы ретінде мынадай ерекше бір қозғалыс формасына ие: Т (тауар) — М
(міндеттеме), келісілген мерзімнен кейін: М (міндеттеме) — Т (тауар).
Ақшаның төлем құралы қызметі мен айналыс құралы кызметтері арасында өзара
айырмашылық бар. Ақша айналыс құралы ретінде делдалдық рөлінде жүретін
болса, төлем құралы қызметінде ақша мен тауардың бір-біріне карама-карсы
қозғалысы болмайды, яғни карыздық міндеттеме арқылы өтеу, сату және сатып
алу процесінің аяқталғандығын білдіреді. Тауарлар мен ақша арасындағы
уақыттағы алшақтық кредиторға қарыз алушының төлемеу қаупін тудыруы мүмкін.
Ақша төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына қызмет етіп қоймай,
сол сияқты қаржы және несие қатынастарына да кызмет етеді.
Жалпы барлық ақшалай төлемдерді мынадай түрде топтастыруға болады:
– тауарлар және көрсетілетін кызметтер бойынша төлем
міндеттемелері;
– мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;
– банктік несиелер, мемлекеттік және тұтыну несиелері бойынша
қарыздық міндеттемелер;
– сақтандыру міндеттемелері;
– әкімшілік, сот алдындағы және өзге міндеттемелер.
Ақшаның төлем құралы қызметін толық бағалы емес, яғни қағаз және несиелік
ақшалар атқарады.
Ақшанынң қор жинау және қорлану қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама
ретінде, оның иесіне тауар алуды қамтамасыз етумен қатар, байлықты жинау
құралы болып табылады. Сондықтан да адамдар оларды жинақтауға немесе
қорлануға тырысады. Корлану үшін ақша айналыстан алынады, сөйтіп тауарды
сату және сатып алу қозғалысы үзіледі.
Ақшаның кор жинау қызметін толык бағалы емес ақшалар аткара алмайды,
себебі олардың меншікті құны жок. Бұл қызметті атқару қашаннан алтынға
жүктелген.
Ал ақшаның қорлану қызметін толык бағалы емес ақшалар аткарады. Тауар
өндірісі жағдайында қорлану екі (формада жүзеге асырылады десе болады:
1) Кәсіпорындар мен ұйымдардың ағымдық және жинақ
(депозиттік) шоттардағы, сол сияқты банктегі басқа шоттарда-
ғы ақшалай қаражат қалдыктары түрінде коғамдық қорлану
формасында;
2) Банктердегі халык салымдарында, облигацияларда
жинақталған жеке қорлану формасында.
Дүниежүзілік ақша. Сыртқы сауда байланыстары, халықаралық заемдар,
сыртқы серіктестерге қызмет көрсету барысы дүниежүзілік ақшалардың пайда
болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар жалпыға ортақ төлем құралы,
жалпыға ортақ сатып алынатын құрал және жалпыға ортақ қоғамдық байлықтың
материалдану құралы болып табылады. Халықаралық төлем құралы ретінде
дүниежүзілік ақшалар халықаралык байланыстардағы есеп айырысуларда
колданылады. Халықаралық сатып алынатын құрал ретінде дүниежүзілік ақшалар
елдер арасындағы нақты ақшамен төленетін тауарлар және көрсетілетін
кызметтер айырбасындағы тепе-теңдік бұзылған жағдайда кызмет етеді. Жалпыға
ортақ қоғамдық байлықты құрау ретінде дүниежүзілік ақшалар бір елдің екінші
бір елге займ немесе субсидиялар беруі барысында кызмет етеді.
Егер де еліміздің ішіндегі ақша мемлекетпен заңдастырылған ұлттық ақша
бірлігі формасында кызмет ететін болса, ал елімізден тысқары жерде, К.
Маркс өз еңбегінде: Ақша өзінің ұлттық киімін шешеді де, өзінің бастапқы
формасы ретіндегі металл құймасына, яғни жалпылама балама тауар формасына
өтеді,— деп жазады. Сондай-ақ бұл жерде дүниежүзілік ақша ретінде алтынның
қызмет етуі сипатталады.
Алтын монета стандарты тұсында дүниежүзілік ақша қызметін алтын және
алтынға ауыстырылатын жекелеген елдердің несиелік ақшалары (банкноталар)
көбіне АҚШ доллары және ағылшын фунт стерлингі атқарған.
Қазіргі кезде дүниежүзілік ақша қызметін: АҚШ — доллары, Еуропалық
Одақтың қазіргі валютасы — еуро, сол сиякты Халықаралық валюталық қордың
СДР-і (арнайы қарыз алу құқығы) атқарады.
1999 жылы қаңтар айынан бастап, Еуропалық қауымдастық елдерінде жаңа
валюта Еуро енгізілді. Еуропалық валюталық Одақта бастапқыда он бір ел
катынасқан: Германия, Франция, Люксенбург, Нидерландия, Австрия, Бельгия,
Финляндия, Ирландия, Португалия, Испания және Италия. 1999 жылдың 1
қаңтарынан бастап, Еуро қолма-қолсыз төлемдер үшін және мемлекеттің жаңа
кағаздарын орналастыру үшін пайдаланылды. Еуро банкноты мен монеталары
2002 жылдың 1 каңтарынан және 6 айдай уақыт ішінде енгізіліп, валюталық
одаққа мүше елдердің ұлттык ақша бірліктері 2002 ж. 1 шілдесінен бастап өз
қызметтерін тоқтатты.

ІІ. Ақша айналысы және ақша қызметі

ІІ.1. Ақша айналысы және оның заңы

Ақша айналысы — шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ тауарлы
емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-
қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы.
Ақша айналысының объективтік негізіне де тауар өндірісі жатады. Тауар
өндірісі тұсында тауарлар әлемі: тауар және ақшаға бөліне отырып, олардың
арасында өзара қарама-қайшылықтар туады. Коғамдық еңбек бөлінісінің
тереңдеуіне және жалпы ұлттық және дүниежүзілік нарықтардың қалыптасуымен
байланысты капитализм тұсында ақша айналысы да әрі қарай дами түседі.
Сонымен ақша, капитал айналымына қызмет ете отырып, барлық жиынтық қоғамдық
өнім айналысы мен айырбасына дәнекер болады. Ақшаның қолма-қол және қолма-
қолсыз формаларының көмегімен тауарлар айналысы, сондай-ақ несиелік және
жалған капиталдын козғалысы жүзеге асырылады. Ақша айналысының құрылымына
қолма-қол ақшалар айналысы мен колма-қолсыз ақшалар айналысы кіреді.
Қолма-қол ақшалар айналысы нақты ақшалар қозғалысын білдіреді. Оған
банкноталар, монеталар және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) қызмет
етеді. Дамыған елдерде нақты ақшалар айналысының едәуір бөлігін орталық
банктерден шығарылған банктік билеттер құрайды. Ақша шығарудың кішкене
бөлігі (10 о-ға жуығы) қазыналық билеттерді шығару-шы қазынашылықтын
үлесіне тиеді.
Қолма қолсыз ақшалар айналысы — қолма-қолсыз ақшалар айналымының
ақшаларының козғалысы.
Мүндағы, қолма-қолсыз ақшалар — чектер, пластикалык карточкалар
электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардағы
сақтаған ақшалары (депазиттср).
Қолма-қол ақша мен қолма-қолсыз ақшалар арасында тығыз байланыс пен өзара
тәуелділік бар. Ол ақшаның үнемі бір айналыс сферасынан екінші біріне етіп
отыруынан банқалады. Айталық, ңолма-ңол аңшалардың банктегі депозитке
салынуы, олардың қолма-қолсыз ақшаға айналуын білдірсе, ал банктен жалақы,
жәрдемақы, стипендия, зейнетақы және т.с.с. төлеу үшін чек алған
жағдайларда қолма-қолсыз ақшалардың қолма-қол ақшаларға ауысуы байқалады.
Құн заңы және оның айналыс аясында пайда болу формасы, яғни ақша
айналысының заңы тауар-ақша қатынастары қалыптасқан барлық қоғамдық
формацияға тән болып келеді. Құн формаларының дамуына талдау жасай отырып,
К. Маркс ақша айналысының заңын ашқан болатын.
Оның пікірінше, ақша айналысының заңының мәні ақшаның айналыс қызметін
атқаруға кажетті ақша саны, сатылатын тауарлар бағасы ақша айналысынын
жылдамдығына қатынасын білдіреді. Ақша айналысының заңы айналыстағы жүрген
тауарлар массасы мен олардың бағасының деңгейі мен ақша айналысының
жылдамдығы арасындағы экономикалық тәуелділікті бейнелейді.
Ақша айналысының заңы — тауарлар айналысы үшін қажетті ақшалардын
санын (Ата) анықтайды.

Тауарлар бағаларының сомасы
Ата Ақша айналымның саны
Бұл жерде бір айта кететіні, ақшаның төлем құралы кызметін атқаруымен
байланысты бұл формула да нақтылануды талап етуде.
Айналысқа қажетті ақша санын мынадай формуламен бейнелеуге болады:

Стб – Нтб + Мтс – Өтс

Ақ =
Аос

Мұндағы А — айналысқа қажетті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша жиыны
Ақшаның мәні және қызметтері
АҚША АЙНАЛЫСЫНЫҢ АҚША ЗАҢЫ, АҚША МАССАСЫ ЖӘНЕ ЖЫЛДАМДЫҒЫ
Ақша айналысы және ақша жүйесі. Тарихы
Ақша теориялары және инфляция
Ақшаның экономикалық мәнi және қызметтерi
Ақша айналымы және ақша айналысы
Ақшаның мәні және қызметтері туралы
Металл ақшаның алғашқы түрі - құйма металл
Ақша - кең қолданылатын төлем құралы
Пәндер