Ж. Аймауытұлы поэзиясы



1. Ақынның лирикалары: «Сарыарқаның сәлемі», «Ах.ха.ха.хау», «көшу», «Ұршығым», «Жәмилә», «Әскер марсельзасы» өлеңдеріне талдау

2. «Нұр күйі» поэмасы
Қорытынды
Пайданылған әдебиеттер
Жүсіпбек поэзиясы – Жүсіпбек әдеби творчествасын ақындықтан бастаған адам.
Ең алғаш шығармашылығын өлең жазумен бастағанымен, бірақ ол поэзияда көп аялдамаған, кешікпей-ақ драмалық және прозалық шығармалар жазуға ауысқан.
Өлеңдері жеке кітап болып басылмай, кезінде жарық, көрген күнделікті баспасөз бетінде қалған. Одан қалған поэзиялық туындылар көп емес. Қазіргі бізге белгілі Жүсіпбектің поэзиялық туындылары – «Сарыарқаның сәлемі», «Ұршық », «Ах-ха-ха-хау» (1917), «Көшу», «Ұран», «Жәмилә» (1920), «Әскер марсельзасы» (1918), «Тұңғиық түпсіз астында», «Ленинге» (1924) атты өлеңдерімен «Нұр күйі» (1929) атты поэмасы негізінен, жас ақынның өнерге деген алғашқы талабын, өмір қиындығын өзінше танып бейнелеуге ұмтылысын көрсетеді.
Бұлардың көбінде автор ескі өмірдің келеңсіз суреттері мен жаңа дәуір өзгерістерін ақындық сезіммен жырлауға тырысады. Ал құбылысты сурет арқылы көруге ұмтылады.
Жүсіпбек шығармаларындағы идеяның анықтығы –одан біздің құбылысымызға, социализмге халыққа дұшпандық іздеген, оны буржуазияшыл –ұлтшылдардың қатарынан көргісі келген әпербақан белсенді сынның қолдан жасалғанын, бурмалаудан тұрғанын дәлелдейді. Ол жаңа өмірді социалистік шындықты жырлайды. Жүсіпбектің сан салалы творчествалық қызметі дәуірдің ап етуінен туады. Бұл бір Жүсіпбектің басындағы ғана емес, қазақ интеллигенциясының алғашқы буынына түгелдей ортақ сипат. Әр саланың өз мамандары жоқ кезде олар заман, өзгеріс дәуірі күн тәртібіне қойып отырған қажеттікті өтеуге бар мүмкіндіктерін жұмсады.
Ақын да, жазушы да, драматургта, сыншы да, ғалым да болып еңбектер жазды. Жүсіпбек қазақ қоғамы дамуының ең бір күрделі кезінде, әлеуметтік революциялар дәуірінді өмір сүрді. Сол дәуірдің қайшылықты сипаттарын да бойына сіңірді.
1. Қирабаев С. Ж.Аймауытов Жұлдыз 19898 ж №10
2. Тұрысбек Р. Ж.Аймауытұлы және 20-жылдардағы
қазақ поэзиясы А.1998
3. Қожакеев Т. Көк сеңгірлік А.1992 ж
4. Тұрысбек Р. Жүсіпбек туралы жұлдыз 2003 № 3

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Ж. Аймауытұлы поэзиясы

Орындаған:Жуманова М.
Тексерген: Рахманова Ж.

Алматы, 2006

ЖОСПАР

1. Ақынның лирикалары: Сарыарқаның сәлемі, Ах-ха-ха-хау,
көшу, Ұршығым, Жәмилә, Әскер марсельзасы өлеңдеріне талдау

2. Нұр күйі поэмасы
Қорытынды
Пайданылған әдебиеттер

Жүсіпбек поэзиясы – Жүсіпбек әдеби творчествасын ақындықтан бастаған адам.
Ең алғаш шығармашылығын өлең жазумен бастағанымен, бірақ ол
поэзияда көп аялдамаған, кешікпей-ақ драмалық және прозалық шығармалар
жазуға ауысқан.
Өлеңдері жеке кітап болып басылмай, кезінде жарық, көрген күнделікті
баспасөз бетінде қалған. Одан қалған поэзиялық туындылар көп емес. Қазіргі
бізге белгілі Жүсіпбектің поэзиялық туындылары – Сарыарқаның сәлемі,
Ұршық , Ах-ха-ха-хау (1917), Көшу, Ұран, Жәмилә (1920), Әскер
марсельзасы (1918), Тұңғиық түпсіз астында, Ленинге (1924) атты
өлеңдерімен Нұр күйі (1929) атты поэмасы негізінен, жас ақынның өнерге
деген алғашқы талабын, өмір қиындығын өзінше танып бейнелеуге ұмтылысын
көрсетеді.
Бұлардың көбінде автор ескі өмірдің келеңсіз суреттері мен жаңа
дәуір өзгерістерін ақындық сезіммен жырлауға тырысады. Ал құбылысты сурет
арқылы көруге ұмтылады.
Жүсіпбек шығармаларындағы идеяның анықтығы –одан біздің
құбылысымызға, социализмге халыққа дұшпандық іздеген, оны буржуазияшыл
–ұлтшылдардың қатарынан көргісі келген әпербақан белсенді сынның қолдан
жасалғанын, бурмалаудан тұрғанын дәлелдейді. Ол жаңа өмірді социалистік
шындықты жырлайды. Жүсіпбектің сан салалы творчествалық қызметі дәуірдің ап
етуінен туады. Бұл бір Жүсіпбектің басындағы ғана емес, қазақ
интеллигенциясының алғашқы буынына түгелдей ортақ сипат. Әр саланың өз
мамандары жоқ кезде олар заман, өзгеріс дәуірі күн тәртібіне қойып отырған
қажеттікті өтеуге бар мүмкіндіктерін жұмсады.
Ақын да, жазушы да, драматургта, сыншы да, ғалым да болып еңбектер
жазды. Жүсіпбек қазақ қоғамы дамуының ең бір күрделі кезінде, әлеуметтік
революциялар дәуірінді өмір сүрді. Сол дәуірдің қайшылықты сипаттарын да
бойына сіңірді.
Сондықтан оның шығармашылығы, көз-қарасындағы қайшылықты сәттерді
көргенде оның себебін алдымен дәуірдің күрделілігінен іздеуіміз керек.
Сонымен бірге жалпы өнер адамына тән сезім ырқында кетіп, өмірді өз
ыңғайына, ұғымына лайықты түсіндіруге тырысу да Жүсіпбек басында болды.
Сондықтан оның кейбір пікірлері өз дәуіріндегі совет саясатымен қиғаш келіп
қалған тұстары да жасырын емес.
Бұл – ең алдымен жазушының кедейлер мүддесін жырлап, оларды
шығармаларына кейіпкер етіп алғанымен, үнемі тап тартысы, кедей мен байдың
күресі идеясына ашық бара бермейтінінен көрінеді.
Ол тап көлемінен шығып, жалпы қазақтың тұтастығын елдігін көздеуге,
адам баласының бәріне ортақ гуманистік идеяларға ауысып кетеді. Көңілдегі
ойын толық жеткізбей, басқа нәрселерді суреттеуге бұрыла салады. Бұл
өзгешелікті жазушы шығармаларынан тану қиын емес. Бір кезде Жүсіпбек осы
үшін сыналды, таяқ жеді. Бүгін жеке адмға табыну кезінде, социализм
принциптерінің бұзылғанын анық көріп отырған тұста, Жүсіпбек
шығармаларындағы жалпы адамдық (оның ішінде қазақтың) идеяның тууы
заңдылығын түсінгендей боламыз.
Жүсіпбектің поэзиялық шығармалары сан жағынан көп болғанымен ақындық
ізденістің өзіндік беті, жағынан тың туындылар. Оларда мазмұнның жаңалығы
сыртқы түр жаңалығымен байланысып жатады. Алайда, Жүсіпбек мұрасынан қол
үзіп қалғанымыз қазақ әдебиетінде мұндай өлең үлгісінің жеткілікті дамуына
мүмкіндік бермеді. Тек соңғы жылдары ғана ақындарымыз ақ өлеңді жаңаша
пайдаланудың жолдарын құрастыруда.
Сарыарқаның сәлемі - өлеңі 1917 жылы Абай журналында басылған.
Жүсіпбектің ақындық қуатын танытатын шығарма-оның туған жеріне
арнаған өлеңі. Бұл өлеңнен кейін қазақ поэзиясына азық болған образдарды
ұшырастырамыз өлеңде оқушысын баурап алатын ерекше бір күш бар сияқты.
Аңдап қарасақ өзгеше ештеңе де жоқ, қарапайым сөз тіркестері.
Алайда, осы қарапайым сөздердің өзінде адамды елітер, ерітер қаншама сезім
жатыр десеңізші.
Адамға ең ыстық – Отаны, ата-бабасының ғұмыр кешкен, өзінің туып,
өскен елі, жері сондықтан да Сарыарқаны қиып тастап кету мүмкін емес
бірдеңе бар сияқты. Ақын өлеңінде туған өскен жерін, топырағын әрбір тасып
қлеңге қосады. Жүсіпбек дарын суреткер, ол Сарыарқаны әсем суреттеген. Қас
суреткер суретінде сүйкімсіз шөп шырмауықтың қалыңдығы, адамға бақа-шаянның
көптігі де ақынға соншалық ыстық. Туған жердің қасиеттілігінің бір белгісі
әспеттес. Бірақ біз жатырқамаймыз – суреткердің қиялына таңырқап, демімізді
ішке тартамыз. Өйткені, біздің алдымызда 20-жылдардағы поэзия. Бірақ
осының өзі қазақ қазақ әдебиетінің басы болып есептелуге тиіс суреткердің
творчествасы жайынан біршама елес бере алады. Өлең әуенді, дыбысты,
ырғақты келеді. Жүсіпбек өзіне метофора, шенеу, этикеттерді жиі қолданады
және адам тұлғасын жасауда өзінің күшті қабілетін көрсетеді.
Ұршық өлеңінде ол жіп иіруге арналған осы бір халықтық аспаптың
зырылдап жүгірген бейнесін аша отырып, оны иіріп отырған кедей кемпірдің
монологы арқылы жазылған. Сол кедей кемпірдің монологы арқылы әлеуметтік
мәселелерге ауысады. Ол ұршығын иіріп отырып, шекпені тозып жүрген жалғыз
ұлын еске алады. Кемпірдің жалғыз баласы алыста жолда. Анасы соның аман
оралуын тілейді. Бұл өлеңде кемпірдің жан дүниесін аша суреттейді. Өлең –
мұңлы, зарлы, зіл басқан сезім күйінде жазылған. Жазушы бір қазақ кеспірі
арқылы, күллі аналардың баласының жолына үмітпен қарайтынын суреттейді.
Өлеңде кемпір баласына жаңа шекпен тігер жіп иіріп, қоюды
армандайды, бірақ кедей тұрмыс құрып өңбейді.
Жазушы өлеңде:
Кәрі шешең сыңсып ,
Толтыра алмай ұршығын .
Отыр жылап бүкшиіп,
Көзінің сүртіп былшығын деп суреттейді.
Жазушы өлеңде кемпірдің баласының қайда екенін ашып айтпайды, бірақ:

Жеңіліп қашан жаман жау,
Мереке болар, Құдайым.
Жалғызым қайтып есен-сау,
Қашан туар күн, айым, -
дегеніне қарап солдатқа алынған 1916 ж болар деп ойлайсың.
Өлеңнің:
Қыршаңқы, ақсақ, соқырдың
Көтерілді базары,
Жырық пен пұшық қотырдың
Жаңа кірді ажары,-
деген жолдары да оны анықтай түседі. Бұл өлеңде кемпір баласының 1916 жылғы
патша жарлығымен жалтарды қара жұмысқа алу саясаты бойынша, майданның қара
жұмысында жүргенін түсінуге болады. Осы шумақта кемпірдің нені меңзеп
отырғандығы анық түсінікті. Мұндйа қара жұмысқа кем-кетікті, денсаулығы
нашар адамдардың солдатқа алынбай үйінде әке-шешсінің қасында есен-сау
жүргендігін меңзейді. Ж.Айтмауытұлы сол кезеңдерде патша жарлығына қарсы,
қазақ жастарын майданға бермеу туралы күресте орны ерекше. Өлең сол кезеңде
туған. Өлең ұршықтың фонында асырап отырған жалғызынан айырылған кедлей
кемпір тұрмысын әлеуметтік тұрғыда тәп-тәуір суреттей алған.
Жәмилә - өлеңі 1920 жылы . Алаш газетінде басылып шыққан. Өлеңде
ақын ескі салт шырмауындағы қазақ қызының тағдырына арналған. Автор жүзі
солғын, өңі сынық, мұңды Жәмиляны көріп, оның көңіл-күйіне ортақтастық
білдіреді.
Авторлық маналог арқылы қазақ қызының қайғысын ашады. Сүйгенінен
айырылған қыздың мұңын оның жай-күйінен танысып барынша көркем
суреттеген. Өлеңде Арқаңда анау таңба не? А, имансыз ол хайуан деген
жолдар арқылы зорлықпен барған күйеуінің қызды ұрып-соққанын да көрсете
кетеді.
Бұл өлеңде маналог түрінде жазылған. Ескі ауылдағы қазақ халқының
жағымсыз қылықтарын әшкерелейді. Көптеген жас қазақ қыздарының сүйгеніне
қосылмай шалдарға қалың мал үшін сатылып кетуі. Өзінен қанша жас үлкен
ересек адамдармен бас қосуын суреттейді. Өлеңде өайғылы қыз сезімі, өмір
шындығы, кәрі шалдардың небәрі 15-жастағы қызды айттыруы, келеңсіз
құбылыстардың жиі болуы көптеп кездеседі.
Автор қыздың шалға тоқал болып зорлықпен тигенін, сүйгенінен
айырылып күні жылаумен өткен қыз бейнесі, сол үйдің отынан кіріп, күлінен
шығып, ұрғанына –соққанына көніп жүрген қыз қайғысына ортақтасып қазақ
шалдарының ерсі, ұятсыз қылықтарын бетке басқан.
Бұл өлеңнен Жүсіпбектің аса суреткер екенін көре аламыз. Суреттеген
көрінісінен, ол сол кезеңдегі келеңсіз жайыттарды жиып көрсете алған.
Көшу - өлеңі 1918 жылы Жас қазақ газетінде №7-8 жарияланған.
Құбылысты сурет арқылы тануға ұмтылыс жас ақынның өлең өнерінің
сырын, мақсатын дұрыс түсінгенін байқатады. Мысалыға алар болсақ ол осы
Көшу өлеңінде ескі ауылдағы көшу суретін тұрмыстық детальдар арқылы
жасайды. Өлеңде тап тартылысы кедей мен бай арасындағы айырмашылық.
Көшкенде бай сан мыңдаған жылқыларына жүктерін тиеуі. Ал кедей пақыр, жүк
тиеуге, қотыр тайының жоқтығын ап-анық суреттеген.
Өлең көшпелі елдің көшті салтанат тұтуы, көш кезіндегі у-шу, көш
маңындағы адамдар айқын суретке түседі.
Ақынның жіті көзі олардың ішінен әр қилы типтерді таниды.
Ала шалақ өгіздің арбасына, амалсыз жабысам-ау енді тағы -деп
тұрған мінер аты жоқ кедей баласы.
Байтал мінген байпақсыз байқұс кедей.
Тәлімшіл желек киген келіншектер –бәрі де көш маңынан көрінеді.
Өлеңде көрсетілгендей қазақ халқының көшіп-қонуы салт бойынша қыз
бен жігіт көшу жолында бір-бірімен сырласуы, көштен бөлек кетуі. Көшті сол
елдегі батыр, ел сүйенер ер бастайтыны да өлеңде суреттелген.
Бұл өлеңнің ерекшелігі – қазақтың әдеп-ғұрпына сай, жазылғандығы
шындық өмір суреті бейнеленген.
Ах-ха-ха-хау - өлеңі 1917 жылы, Алаш газетінде 30 наурызда
жарияланған. Өлеңде жас қыздарды зорлықпен алған, ақын қыздарды осындай
күйге түсірген, сол қыздарды қайғылы еткен желөкпе шалдардың қызқұмар
қылығын күлкі етеді.
Жас иіске құмар, Жапырақсыз , гүлсіз, іші қуыс кәрі ағаш – деген
метафорамен қазақ шалдарының ерсі, ұятсыз қылықтарын суреттейді. Өлеңде
шалдың күні өткенін!
Қыркүйек өтті-Қырау,
Қараша мынау, Соқыр-ау
Қаңтар келіп қалшылап
Сәйкес болған оқырау
Көкектің айы көңілде,
Шанамдай жақ тоқырау,-
деп қыс айларының суреті арқылы бейнелейді.
Бұл өлеңде Сегіз қырлы, бір сырлы Жүсіпбектің қызық қыры-
сықақшылығы. Әдетте өмір ауыртпалығы. Тұрмыс қасыреті басқа түскен
қиындықтар адамның жан жүйесіне әсер етеді. Оның сезімін қозғайды
буырқандырады бусандырады. Бүкіл жан-тәнін тебірентіп, оны не туынды ақын
етеді, не шиыршық атқан, кеудесін кек кернеген, кесіп түсер сатирик етеді.
Жүсіпбектің сықақшылдық қырын қалыптастырған өмір қиыншылығы,
тұомыс тапшылығы, жарымаған жалшылық. Бұл парықсыздықты өткір келемеждеу
үшін оны жеке бір қмірлік, күлкілі әрекеттермен жарыстыра баяндайды.
Сондықтан Жүсіпбек ауыл шалдарын ашшы сатира арқылы суреттеген. Мысалыға
алар болсақ Жүсіпбек өлеңде: жиын-тойда, дейді сықақшы –қлкештермен билеп,
қызыл танау болып жүрген бір шалдың мойнындағы (галстугі) ағытылып желбіреп
кетсе керек. Шалдың мұнысы бір сән екен деп, басқалар да мойнындағын ағытып
жіберіпті. Қарабай деген кісі біреуді боқтамай сөйлесе іші кебеді екен.
Соны көріп Байбол атаның ауылы түгелімен боғауыз – шым болып кеткен. Паң
Омар аяғын жимайды деп, Бейімбет біткен жамбасы сынғандай сұлама дертке
ұшыраған. Жмана әдет жұққыш демекші, бояушы-бояушы десе, сақалды бояй
беруге болмайды деген мысалдармен толықтырған.
Сатириктің пікірі бойынша құлық айту, күлдіру кім болса соның
қолынан келе бермейді. Күлдіргі адамның өзі де қашан болса сонда күле
бермейді. Күлдіргі сөздің өмірдің күлкілі жағын көре білген, тумысынан
күлдіргі адам жазады. Сонда да күлкі соққанда шабыты келгенде жазады ...
Қазақ қуақы сөзді, қалжыңшыл, сықақ қой, мысқылшыл жұрт бас қосса,
бірін-бірі қолға алып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ж.аймауытов шығармашылығы. ғ.қарашев шығармашылығы. б.күлеев - лирик ақын. с.сейфуллин, і.жансүгіров, б.майлин шығармашылықтары
Ж. Аймауытов Ғ. Қарашев Б. Күлеев С. Сейфуллин І. Жансүгіров Б. Майлин шығармашылықтары
Ж. Аймауытұлы әңгімелері
“Қазақстандағы психологиялық ғылым” пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Жыраулар поэзиясы арқылы оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу
Қазақ әдебиетін тарихи дәуірлеу
Ұлттық әдебиеті кезеңіндегі түрік ақындар шығармашылығы
Міржақып Дулатұлының әдеби публицистикалық мұрасы
ХХ ғасырдың басындағы ірі саяси- қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпал
Міржақыптың Қазақ Алашбайұғлы бүркеншік есімі
Пәндер