Агроөнеркәсіп кешені



КІРІСПЕ
1.БӨЛІМ
1.1 АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІ . МЕМЛЕКЕТТІҢ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТЕТІГІ

2.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІНДЕГІ ЖАҒДАЙЛАРҒА ЖАЛПЫ ТАЛДАУ

3.БӨЛІМ
3.1 АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ СЕРПІНДІ ЖОБАЛАР

ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі кезде агроөнеркәсіп кешені мемле¬ке¬тіміздің даму қарқынына сай өркендеп келеді. Республика Президенті Н.Назарбаевтың “Қазақ-стан халқының әл-ауқатын арттыру – мем¬ле¬кеттік саясаттың басты мақсаты” атты Қазақстан хал¬қына Жолдауында атап өтілгендей, ауыл¬да¬рымыз бен селоларымыздың өмір сапасын жақ¬сарту мемлекеттік саясаттың басым бағыты бо¬лып қала береді.
Ел өміріндегі осынау маңызды саналатын агро¬өнеркәсіп саласын дамытуға мыңдаған ең¬беккерлер өз үлестерін қосуда. Агроөнеркәсіп ке-шенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға ар¬налған тұжырымдамасы мен оны іске асы¬рудың бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарында агр¬арлық секторды индустрияландыру, бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жеріміздің кеңдігі мен еліміздің географиялық тұрғыдағы артық¬шы¬лық¬тарын пайдалана отырып, кейбір өнім түрлерін та¬биғи ортада тиімді әрі сапалы өндіру мүм¬кіндіктері, инфрақұрылымды дамыту, агро¬өнеркәсіп өнімдерінің рыногын мемлекеттік реттеу, елдің азық-түліктік қауіпсіздігін қам¬та¬ма¬сыз ету мәселелері жан-жақты қарастырылған.
Елімізде соңғы жылдары аграрлық секторды дамытуда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді. Осыдан бес жыл бұрынғы көр¬сет¬кіш¬термен салыстырғанда, ауыл шаруашылығының жал¬пы өнімі 2 есеге жуық өсті. Тиісінше инвес¬тициялар көлемі де 3 еседен астамға ұлғайды. Жаңа техника мен технологияларды пайда¬ланудың арқасында дәнді дақылдарды жинау анағұрлым өсті. Соңғы үш жылда қолға алынған егінді міндетті сақтандырудың енгізілуі – ¬¬құр¬ғақшылық орын алған жылдарда да фер-мерлердің кепілді табыс алуына мүмкіндік туғызып отыр.
Қолда бар деректерге сүйенсек, ауыл ша¬руа¬шылығындағы өткен жылғы көрсеткіштер бұ¬рынғы жылмен салыстырғанда 8,4 пайызға ұл-ғайған. 2008 жылы ауыл шаруашылығында өн¬дірілген жалпы өнім көлемі 1 триллион теңгеден асты.
Елбасының халыққа жолдауларында белгі¬лен¬ген міндеттер мен басымдықтарды заң¬на¬ма¬лық тұрғыдан қамтамасыз ету Парламенттің басты міндеті болып қала береді. Осы кезге де¬йін ауыл шаруашылығы саласына қатысты жи¬ыр¬маға жуық заң қабылданды. Олардың ішінде “Астық туралы”, “Асыл тұқымды мал ша¬руа¬шылығы туралы”, “Өсімдік карантині туралы”, “Қазақстан Республикасындағы ауылдық тұтыну кооперациясы туралы” және басқа да заңдар елі¬міздің агроөнеркәсіп саласын дамытуға құқық¬тық негіз қалады. Ауыл шаруашылығына қа-тысты арнайы заңдардың қабылдануы сала бойынша жағдайдың тұрақтануына, белгіленген басымдықтарды жүзеге асыруға деген құл¬шы-ныс¬ты, сала болашағына деген сенімділікті арттыруға оң ықпал еткені даусыз.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1.БӨЛІМ
1.1 АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТЕТІГІ

2.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІНДЕГІ ЖАҒДАЙЛАРҒА
ЖАЛПЫ ТАЛДАУ

3.БӨЛІМ
3.1 АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ СЕРПІНДІ ЖОБАЛАР

ҚОРЫТЫНДЫ

КІРІСПЕ
Қазіргі кезде агроөнеркәсіп кешені мемлекетіміздің даму қарқынына сай
өркендеп келеді. Республика Президенті Н.Назарбаевтың “Қазақстан халқының
әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты” атты Қазақстан
халқына Жолдауында атап өтілгендей, ауылдарымыз бен селоларымыздың өмір
сапасын жақсарту мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала береді.
Ел өміріндегі осынау маңызды саналатын агроөнеркәсіп саласын дамытуға
мыңдаған еңбеккерлер өз үлестерін қосуда. Агроөнеркәсіп кешенін тұрақты
дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен оны іске асырудың
бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарында аграрлық секторды индустрияландыру,
бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жеріміздің кеңдігі мен еліміздің
географиялық тұрғыдағы артықшылықтарын пайдалана отырып, кейбір өнім
түрлерін табиғи ортада тиімді әрі сапалы өндіру мүмкіндіктері,
инфрақұрылымды дамыту, агроөнеркәсіп өнімдерінің рыногын мемлекеттік
реттеу, елдің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жан-
жақты қарастырылған.
Елімізде соңғы жылдары аграрлық секторды дамытуда айтарлықтай
нәтижелерге қол жеткізілді. Осыдан бес жыл бұрынғы көрсеткіштермен
салыстырғанда, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2 есеге жуық өсті. Тиісінше
инвестициялар көлемі де 3 еседен астамға ұлғайды. Жаңа техника мен
технологияларды пайдаланудың арқасында дәнді дақылдарды жинау анағұрлым
өсті. Соңғы үш жылда қолға алынған егінді міндетті сақтандырудың енгізілуі
– құрғақшылық орын алған жылдарда да фермерлердің кепілді табыс алуына
мүмкіндік туғызып отыр.
Қолда бар деректерге сүйенсек, ауыл шаруашылығындағы өткен жылғы
көрсеткіштер бұрынғы жылмен салыстырғанда 8,4 пайызға ұлғайған. 2008 жылы
ауыл шаруашылығында өндірілген жалпы өнім көлемі 1 триллион теңгеден асты.
Елбасының халыққа жолдауларында белгіленген міндеттер мен
басымдықтарды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету Парламенттің басты міндеті
болып қала береді. Осы кезге дейін ауыл шаруашылығы саласына қатысты
жиырмаға жуық заң қабылданды. Олардың ішінде “Астық туралы”, “Асыл тұқымды
мал шаруашылығы туралы”, “Өсімдік карантині туралы”, “Қазақстан
Республикасындағы ауылдық тұтыну кооперациясы туралы” және басқа да заңдар
еліміздің агроөнеркәсіп саласын дамытуға құқықтық негіз қалады. Ауыл
шаруашылығына қатысты арнайы заңдардың қабылдануы сала бойынша жағдайдың
тұрақтануына, белгіленген басымдықтарды жүзеге асыруға деген құлшынысты,
сала болашағына деген сенімділікті арттыруға оң ықпал еткені даусыз.
Парламент қабылдаған “Өсімдік шаруашылығы туралы” Заңда Үкімет тұқым
шаруашылықтарына тікелей қолдау жасаумен қатар, олардың жоғары сортты
тұқымдарын тауар өндірушілерге арзандатып беру, бәсекеге қабілетті өнімді
беретін отандық сұрыптауды енгізу, сорт алмастыру және жаңарту бағытында
бірқатар бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда және осы іске шаруаларды
ынталандыруға күш салып келеді. “Өсімдіктерді қорғау туралы”, “Мақта
саласын дамыту туралы” заңдарды жүзеге асыруға орай жеміс, жүзім және мақта
шаруашылықтарын жедел дамыту мақсатында бақша және жүзімдіктерді жеміс
беретін мерзімге дейінгі күту шығындарын субсидиялау ісі қолға алынды.
Үстіміздегі жылы басымдық берілетін және бәсекеге қабілетті
дақылдар өсіруді ынталандыруға бағытталған шаралармен қатар, жанар-жағар
май мен минералды тыңайтқыштардың, гербицидтер және ветеринарлық
препараттардың бағасын арзандатуға бағытталған түрлі бағдарламалар бір
арнада тоғысатын болды. Басымдық берілген дақылдарды өсіруге жұмсалатын
шығындарды өтеу үшін берілетін субсидиялар мөлшерін өзгертіп отыру арқылы
Үкімет ішкі және сыртқы рыноктардың даму коңюнктурасы мен келешегіне
байланысты өндіріс көлемін реттеуді қолға алуда.
Жолдауда мал шаруашылығына да мән беріліп, оның экспорттық әлеуетіне
назар аударылған. Дүние жүзінде аграрлық елдер қатарындағы біздің ел үшін
мал шаруашылығының келешегі зор екені белгілі, өйткені, бізде мал өсіруге
өріс те, кеңістік те жетерлік. Сондықтан бірқатар жерлерде мал тұқымын
асылдандыру ісі жолға қойылып келеді. Бұл туралы кезінде Парламент арнайы
заң да қабылдаған еді. Бүгінде малдың генетикалық әлеуетін арттыру,
селекциялық жұмысты жақсарту, оның ішінде малдың әлемдік және отандық
гендік қорының озық жетістіктерін қолдана отырып, саланы жедел дамыту,
өнеркәсіптік негізге көшіру қажеттігі туындап отыр. Ынталандыру жолдарын
белгілеу және басқа да экономикалық реттеу тетіктерін іске қосу арқылы
Үкімет бұл міндеттерді шешу ісіне де белсенді қатынасуда. Мал
шаруашылығының қарқынды даму үдерісін ынталандыру мақсатында ірі қара мал
мен шошқаны бордақылау үшін пайдаланылатын құрамажемдердің бағасын
арзандату үшін жаңа бюджеттік бағдарлама енгізілді.
Қазіргі кезде мұздатылған және салқындатылған ет өнімдері әлемде
сұранысқа ие болуда. Мұндай тиімді сұранысты қанағаттандыру ісіне қатысу
үшін біз, ең алдымен, халықаралық талаптарға сәйкес озық үлгідегі жемдік
базасы және инфрақұрылымы дамыған мал семірту алаңдарын салу, қалыптастыру
жөніндегі жобаларды іске асыруымыз керек. Тауар өндірушілер қызметін нақ
осы мақсатқа тиімді бағыттау мақсатында мемлекет, ұйымдастыру шараларын
қолға алумен қатар, олардың жұмысына жеңілдік беретін осы бағыттағы жаңа
бюджеттік бағдарламаларды енгізуде.

1.БӨЛІМ
1.1. АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІ - МЕМЛКЕТТІҢ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТЕТІГІ

Дамыған 50 елдің қатарына қосылуды көздеп отырған Қазақстан үшін
экономиканың құрылымын өзгерту маңызды мәселелердің бірі. Осы мақсатқа жету
үшін Мемлекет басшысы экономиканы әртараптандыру жөнінде Үкімет алдына зор
міндеттер қойып отыр. Олардың басты 30 бағыты Елбасының Қазақстан халқына
арнаған биылғы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Жолдауында айқын көрініс
тапты.
Аграрлық азық-түлік және ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі екі
мемлекеттік бағдарламаның орындалу барысын сараптау нәтижелері алға қойылып
отырған мақсат-міндеттердің орындалып жатқанын көрсетіп отыр. Атап
айтқанда, өткен жылдары агроөнеркәсіп кешенінің заңнамалық базасын
жетілдіруге және оны халықаралық нормаларға сәйкестендіруге баса назар
аударылды.
Ауылшаруашылығын зерттеуші ғалымдарлың айтуынша, агроөнеркәсіп
кешенін қолдауға бөлінген қаржылық ресурстар аграрлық азық-түлік
бағдарламасының жоспарына сай жүзеге асырылып, Елбасы Жолдауында
айтылғанындай, жыл сайын 9-10 миллиард теңгеге ұлғайтылып отырылды. Бұл
ретте мемлекеттік қолдаудың қайтарымдық ресурстарының шамасы 45 пайыз
болса, бағаның қалыптасуына тікелей ықпал ететін субсидияларының көлемі 13
пайызды құрады. Егін шаруашылығында егіс алқаптары соңғы үш жылда 8 пайызға
немесе 18 миллион гектарға ұлғайды. Бірақ, ондағы астық дақылдарының үлесі
70 пайыздан 65 пайызға дейін кеміді. Ал, майлы дақылдардың алқабы екі есеге
жуық артты. Сонымен қатар, астық өнімдерінің өңдеу технологиялары
жетілдіріліп, жыл сайын егістіктерді қосалқы танаптар мен минералдық
тыңайтқыштармен өңдеу ауқымы ұлғайып келеді. Тұқым шаруашылығына жасалған
мемлекеттік қолдау егілетін тұқымның жалпы ауқымын сараптауға мүмкіндік
берді.

  Мiндеттер. Экономикалық перспективалы ауылдық аумақтарды басым дамыта
отырып, елдiң аумақтық кеңiстiгiн ұтымды игеру және жайластыру.
      Iс-қимыл стратегиясы
      Ауылдық аумақтарды дамытудың 2004-2010 жылдарға
арналған мемлекеттiк және өңiрлiк бағдарламаларын iске асыру шеңберiнде:
      экономикалық қызметтi дамыту, әлеуметтiк және тыныс-тiршiлiктi
қамтамасыз етушi инфрақұрылым объектiлерiн салуды, жөндеу мен қайта
жаңартуды инвестициялау жөнiндегi бiрiншi кезектегi шараларды iске асыру;
      ауылдық елдi мекендердiң (АЕМ) даму әлеуетiне қарамастан, алайда
халық санын, негiзгi, мемлекет кепiлдiк берген қызмет көрсетулер ұсынушы
әлеуметтiк және тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз етушi инфрақұрылымды ескере
отырып, оларды қамтамасыз етудiң ең төменгi деңгейлерiн әзiрлеу әрi орталық
және өңiрлiк басқару деңгейлерiнiң жауапкершiлiгiн ажырата отырып, оларға
кезең-кезеңiмен қол жеткiзу жөнiндегi iс-шараларды iске асыру;
      АЕМ-де шаруашылық қызмет үшiн неғұрлым қолайлы жағдай жасау: өнiмдi
жерлерге, қаржы ресурстарына, нарықтық ақпаратқа қолжетiмдiлiк, қайта
мамандану, оның iшiнде ауыл шаруашылығы емес қызметке және басқаларына
қайта даярлану мүмкiндiгi арқылы ауыл тұрғындарының жоғары және орташа даму
әлеуетi бар АЕМ-ге шоғырлануын ынталандыру;
      бәсекелiк (табиғи, еңбек және басқалары) артықшылықтарды пайдалану
негiзiнде АЕМ-нiң өзiн-өзi дамыту процесiн ынталандыру.
      Мыналарды:
      экономикалық қызмет салаларын кеңейту және ауылдық жерлердi iрi
қалалардың базасында қалыптастырылатын өңiрлiк кластерлерге тарта отырып,
оларды индустрияландыру жөнiндегi iс-шараларды iске асыруды;
      елдi мекендердiң өңiрге қарасты жүйелерiн (ЕӨЖ) дамытуды және
қалыптастыруды жоспарлау шеңберiнде қалалар мен ауылдар арасындағы
байланысты күшейтудi (3.2.3-бөлiм) қоса алғанда, өңiрлердiң даму
стратегияларына (бәсекелi стратегияларға) қалалық және селолық даму
бағдарламаларын кiрiктiру арқылы өңiрлердiң экономикалық дамуында ауылдық
аумақтар әлеуетiнiң өсуiн қамтамасыз
2001 жылдан 2005 жылға дейін аграрлық саладағы ғылыми-зерттеу ұйымдары өз
жұмысын “Агроөнеркәсіп кешеніндегі қолданбалы ғылыми-зерттеулер”
бағдарламасының аясында жүргізген. 2005 жылы ғылыми-зерттеулер
бағдарламасын жүзеге асырудың бес жылдық мерзімі бітеді. Осы уақытта
бірнеше нақты нәтижелер алынды. Атап айтқанда:
Егін және өсімдік шаруашылық саласында әртүрлі дақылдардың 201 сорты мен
гибриді шығарылып, мемлекеттік сорт тексеруге жіберілген, жыл соңында тағы
58 сорттар мен гибридтер шығарылуы жоспарланып отыр.
Қазақстандық ғалым-селекционерлердің жетістіктерін айтпай кетуге болмайды.
Осы жылы күріштің “Ару” атты сорты әлемдік практикадағы ең қысқа жетілудің
вегетациялық мерзімімен ерекшеленді.
Технологиялар бойынша 94 ұсыныс жасалды, оның 65-і егін шаруашылығы
бойынша, 6-уы өсімдік қорғау, 23-і орман және су шаруашылығына қатысты.
Күздік бидайды, мақта және қант қызылшасын суғару технологиясы ұсынылды.
Мал шаруашылығы мен ветеринарияда ірі қара малдың қоңыр типін шығару
жұмыстары аяқталды және селекциялық жетістікке өтініш жіберілді.
Қазақ бактрианның жоғары өнімділік көрсеткен “Қарабура” аталық ізі
шығарылды.
Ауыл шаруашылығын механикаландыру саласында 69 мәшине мен жүйенің тәжірибе
жобалары жасалды, соның ішінде ПР-400 престелген шөп жинағыш, ДИК-1 жем
ұсақтағыш, жасалды.
Агроөнеркәсіп кешенінің экономика саласында 26 ұсынысы жарияланған, соның
ішінде 2010 жылға дейінгі Қазақстан агроөнеркәсіп кешені дамуының болжамы,
Қазақстандағы агроазық-түлік жүйелерінің экономикалық дамуының стратегиялық
бағыттары, әлемдік сауда ұйымына қосылу жағдайындағы Қазақстанның
агроөнеркәсіп кешенінің сыртқы нарықпен әрекеттесуіне арналған ұсыныстар.
Агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың тұжырымдамасын жүзеге асыру үшін
“2006-2008 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешені саласындағы қолданбалы
ғылыми зерттеулер” іс-шаралары енгізілді, онда ғылыми зерттеулерді жүзеге
асырудың жаңа бағыттары қарастырылған. Солардың ішінде:
– қазіргі кездегі биотехнологиялық және басқа да әдістерді қолдану
негізінде дақылдардың жаңа сорттары мен гибридтерін шығару;
– малды өз төлінен жедел өсірудің биотехнологиялық әдістерін жетілдіру және
қазіргі ДНК технологияларын пайдалана отырып мал түліктері геномын ғылыми
негізде бағалауды әзірлеу;
– ауыл шаруашылығын механикаландыру саласында өсімдік шаруашылығы мен мал
шаруашылығы салалары үшін қажетті ресурс үнемдейтін және бәсекеге қабілетті
технологиялар мен мәшинелер жүйесін әзірлеу көзделген.
Қазақстанның ауылшаруашылық ғылымына арналған қаржы жылдан жылға көбейіп
келе жатқанын аңғаруға болады. Егер 2002 жылы оның көлемі ішкі жалпы
өнімнің – 0,13 пайызын, 2003 жылы – 0,14 пайызын құраса, 2004 жылы 0,24
пайызын құрады. Бірақ бұл қаржы алдыңғы қатарлы елдердің көрсеткішінен
едәуір төмен. Қазақстанның стратегиялық бағдарламасында көрсетілгендей 2010
жылға дейін ғылыми-зерттеулерге бөлінетін қаржының көлемі ішкі жалпы
өнімнің 2 пайызын, ал 2015 жылға дейін 2,5-3,0 пайызын құраған жағдайда
ғылым да дамуға тиісті үлесін қосары айғақ.
Қазіргі кезде, өте тапшылық танытып тұрған мамандықтарда, соның ішінде,
биотехнология, гендік инженерия, АӨК-ін экономикалық-математикалық зерттеу
әдістері, ихтиология, гидробиология, ауылшаруашылық мәшинелерін жобалау
бойынша мамандар дайындау қажет.
Осы мәселені шешу мақсатында 2006 жылдан бастап Әлемдік даму банкінің
қаржысы есебінен “Қазагромаркетинг” АҚ-пен бірлесе отырып, аяқталған ғылыми
зерттемелерді өндіріске енгізу шаралары жүзеге асырылатын болады.

2.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі жағдайға жалпы
талдау.
 
Қазақстанның аграрлық секторы мынадай сипатқа ие:
• ауыл шаруашылығына арналған жердің жалпы аумағы – 222,6 млн. га, оның
ішінде 24 млн. га (10,8%) – егістік жерді, 5 млн. га (2,2%) – пішендік
жерді, 189 млн. га (85%) – жайылым жерді алып жатыр;
• ауыл тұрғындарының саны – 7,3 млн. адам немесе ел тұрғындарының жалпы
санының 47,2%-ын құрайды;
• топырақ және өсімдік жамылғысының тік және көлденең зоналары анық
белгіленген. Орманды дала мен дала аймағында барлық жердің 10%, шөл және
шөлейт аймағында - 60%-ға жуығы, таулы аймақтарда - 5%-ға жуығы жатыр;
• елдің барлық егіншілік аймақтары жылдық жауын-шашынның аздығымен
сипатталады – 150-320 мм.;
• теңізге шығу жолының жоқтығы, бұл сыртқы нарыққа шығуға айтарлықтай
қиындықтар тудырады;
• маусымаралық кезеңдерде қант, өсімдік майы, құс еті, көкөніс пен жеміс
сияқты өнімдерді қоспағанда, азық-түлік өнімдерінің көпшілігімен қамтамасыз
етудің өзіндік жеткіліктілігі;
• солтүстік аймақтардың астық дақылдарын өсіруге және мал шаруашылығына
мамандандырылуы; суармалаудың айтарлықтай маңызы бар оңтүстік аймақтарда
өсірілетін дақылдардың (астық, майлы, жеміс-жидек дақылдары, көкөніс,
мақта) көбінше әртараптандырылған.
• 2007 жылдағы 1 га егістікте ауыл шаруашылығының жалпы өнімін өндіру 47,5
мың теңгені құрайды, ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін 1 қызметкерге ауыл
шаруашылығы өнімін өндіру 453 мың теңгені құрайды;
• бидай мен ұнның ірі экспорттаушысы (10 әлемдік экспорттаушылардың
қатарына енеді) болып табылады, елдің ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы
экспортында мақтаның (15%), тері мен жүннің (25%) де маңызды үлесі бар;
• мал шаруашылығы саласы Қазақстан үшін дәстүрлі шаруашылық болып табылады,
мұнда малдың 90%-ы тұрғындардың үй шаруашылығына тиесілі;
• ауыл шаруашылығы техникасы паркінің орта жасы пайдаланудың нормативтік
мерзімі 7-10 жыл жағдайында 13-14 жылды құрайды; ауыл шаруашылығы техникасы
паркінің 70%-ы – 1991 жылға дейінгі өндірілгендер;
• ауыл шаруашылығы саласына қаржылық қызмет көрсету ұсыныстарының
шектеулігі. Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша несие ресурстарына деген
қажеттіліктің қанағаттанбағандығы ең керітартпалық бағалар бойынша жылына
шамамен АҚШ-тың 1 млрд. долларына бағаланады.
 Ауыл экономикасын көтеру мақсатында соңғы 10 жылда қомақты қаржы
ресурстарымен қосымша күшейтілген АӨК мен ауылды дамыту және қолдау
жөніндегі мемлекеттік және салалық бағдарламалар қабылданды.

ДӘНДІ ДАҚЫЛДАР
2007 жылы дәнді дақылдарының рекордтық өнімі жиналды, оның өңделгеннен
кейінгі салмақ бойынша жалпы көлемі статистика органдарының алдын ала
мәліметтері бойынша 20,1 млн. тоннаны құрады, өнімділігі - 13,3 цга, бұл
2006 жылы қол жеткен деңгейден сәйкесінше 3,6 млн. тоннаға (22%) және 1,6
цга артық.
 Жалпы бұл көлем мемлекеттің ішкі қажеттілігін толықтай қамтамасыз
етуге және астық экспортының көлемін 10,0 млн. тоннаға дейін жеткізуге
мүмкіндік береді (соның ішінде астық түрінде – 7,5 млн. тонна, астыққа
шаққандағы ұн түрінде – 2,5 млн. тонна).
2007 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабының 80% астамы дәнді
дақылдардың үлесіне келді.
Жалпы республика бойынша 2007 жылы бидайдың егіс алқабы 2005 жылмен
салыстырғанда 246,9 мың гектарға (2,0%), соның ішінде қатты бидайдың егіс
алқабы – 19,3 мың гектарға (8,7%), күздік қара бидайдың – 19,9 мың гектарға
(60,3%), қарақұмықтың – 60,5 мың гектарға (73,2%), жемдік дақылдардың (арпа
мен сұлының) – 322,3 мың гектарға (18,8%), рапстың – 129,1 мың гектарға
(4,1 есе), май бұршақтың егіс алқабы – 12,6 мың гектарға (34%) артты.
Алдын ала мәліметтер бойынша майлы дақылдар өндірісі 459,4 мың тонна болды,
2006 жылы 458,9 мың тонна болған, көкөніс дақылдары – 2196,4 мың тонна, бұл
2006 жылғы деңгейден 6,7% жоғары, картоп – 2414,8 немесе 2,3% жоғары, шитті
мақта – 438,7 мың тонна, 3,3 мың тоннаға немесе 0,8% жоғары.
 
АСТЫҚ
 Астық өндірісінің өсуі оны сату көлемдерінің ұлғаюына және саланың
табыстылығының жоғарылауына себепші болды. 2007 жылы экспортқа 6,8 млн.
тонна астық жөнелтілді. Сонымен қатар 1,5 млн. тонна шамасында ұн
экспортталды, бұл астыққа айналдырғанда 2,1 млн. тоннаны құрайды. Сонымен
астыққа шаққандағы ұнды қоса есептегенде астық экспортының көлемі 8,9 млн.
тонна болды. Бұл ретте астық экспортының көлемі 2006 жылғы көлеммен
салыстырғанда 2,2 млн. тоннаға (48%), ұн – 339,9 мың тоннаға (30%) артты.
Астық пен ұнды экспортқа сатудан түскен түсім сомасы 1542,7 млн. АҚШ
доллары деңгейінде болжанып отыр. Бұл 2006 жылдың деңгейінен 801,7 млн. АҚШ
долларына немесе 2,1 есе артық.
Астық өндірісінің ұлғаюында жетістіктерге жетуге өсімдік шаруашылығын
мамандандыру негізінде оны әртараптандыруды жүзеге асыру бойынша
жүргізілген жүйелі жұмыс, өндіріске қазіргі заманғы технологияларды және
егіншіліктің озық әдістерін ендіру, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді
мемлекеттік қолдау қөлемдерінің өсуі себепші болуда.
Республиканың құрғақшылықты климат жағдайларында өсімдіктің өсуіне
жетіспейтін қажетті ылғалды тиімді пайдалануға себепші болатын ылғалресурс
сақтайтын технологияларды кеңінен қолдануға, қажетті агротехнологиялық
шараларды уақтылы және сапалы жүргізуге тиісті көңіл бөлініп келеді.
2007 жылы қазақстаның астығы 45 мемлекетке экспортқа шығарылды.
Негізінен олар 3,3 млн. тонна астық немесе жалпы көлемнің 48% экспорталған
ТМД, 1,5 млн. тонна (22,2%) шамасында – Таяу Шығыс, 0,9 млн. тонна (13,5%)
– Солтүстік Африка, 0,6 млн. тонна (9,5%) – Европа Одағы елдері. Осы жылы
қазақстандық астық алғаш рет Венгрия, Бангладеш, Танзания нарықтарына
жеткізілді, перспективада қытай бағытына астық экспорттауды пысықтау жүріп
жатыр.
ТМД елдері ішінде астықтың елеулі көлемдерін Әзербайжан – 886,6 мың
тонна, Ресей – 613,5 мың тонна, Украина – 394,6 мың тонна, Қырғызстан –
345,5 мың тонна, Тәжікстан – 298,4 мың тонна импорттады.
Алыс шетел мемлекеттері бойынша астықтың үлкен көлемдері Тунисқа –
555,1 мың тонна, Турцияға – 464,5 мың тонна, Сауд Аравиясына – 348,5 мың
тонна, Египетке – 329,6 мың тонна, Иранға – 225,3 мың тонна, Йеменге –
193,0 мың тонна, Италияға – 176,8 мың тонна, Германияға – 149,7 мың тонна
экспортталды.
Астық экспортының барысын тежейтін басты қиындықтың біреуі
бұрынғыдағыдай астық тасымалдайтын арнайы вагондардың жетіспеушілігі болып
табылады. Кәзіргі уақытта осындай астық тасымалдайтын арнай вагондардың
саны 5236. Егер осы вагондар айына бір айналым жасағанда онда айына
экспортқа 500,0 мың тонна астық шығара алады. Бұл ретте жоспарланған 10,0
миллион тонна астықты тасымалдап үлгеру үшін айына 1 миллион тоннадан кем
емес астық тасымалдану керек екенін атап өткен жөн.
Бұдан басқа астық тасымалдайтын жылжымалы құрамдардың айналымын тездетуге
Украйна айлақтарындағы (порттарындағы) тасымалдау жұмыстарының көбейуі,
Азов теңізіндегі тереңдігі аз Россия айлақтарын мұз басып қалғандығы
кедергі келтіруде. Мысалы үшін, кәзіргі уақытта Украина айлақтарында және
оларға жақын теміржол бекеттерінде 75 теміржол құрамы (поезд) түсіруді
күтіп жиналып қалған, оның 31 – Қазақстаннан.
Сол сияқты кедендік және басқада жүкпен бірге болатын керекті
құжаттардың дер уақытында ресімделмегендігінен вагондары тиеп жөнелтуіде
кешігушілікке жол беру фактілеріде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен
Агробизнес және агроөнеркәсіп кешені
Агробизнесті мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
Агроөнеркәсіптің кешенінің қалыптауы және халық шаруашылығындағы алатын орны
Агроөнеркәсіп пен агробизнес интеграциясы
Республиканың агроөнеркәсіп кешені
Нарық жағдайында агроөнеркәсiп саласында майлы дақылдар iшкi кешенiн қалыптастыру және дамыту (Оңтүстік Қазақстан облысы агроөнеркісібі мысалында)
Ауыл шаруашылында қаржы ресурстарын ұйымдастыру
Агроөнеркәсіп кешенінің дамуының теориялық және әдістемелік негіздері
Қазақстан ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуы
Пәндер