Сұраныстың бағалық икемдiлiгi



КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 РЫНОК МЕХАНИЗМІНДЕГІ СҰРАНЫСТЫҢ РӨЛІ ... ... ... ... ... ... ... ..4

1.1 Сұраныс туралы жалпы түсiнiк ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Сұраныс көлемiнiң өзгеруi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7

2 СҰРАНЫСТЫҢ БАҒАЛЫҚ ИКЕМДIЛIГI ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

2.1 Сұраныстың баға икемдiлiгi және оның детерминанттары ... ... ... ... .10
2.2 Сұраныстың бағалық икемдiлiгiн анықтау және оның тiкелей, қиылысқан икемдiлiгi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ БАҒА ӨЗГЕРУIНЕ СЕЗIМТАЛДЫҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Нарық механизмiнiң қызмет етуiнiң негiзi сұраныс пен ұсыныс болса, ал сол сұранысты тудыратын тұтынушылар iс-әрекетi. Нарықта сұраныс пен ұсыныс өндiрiлген өнiм көлемi мен олардың бағасын анықтайды, сондай-ақ нарықтың өзiн-өзi реттеп отыратын нарық тепе-теңдiгiн және соған сәйкес тепе-теңдiк бағаны қалыптастырады.
Нарықтық экономиканың ерекшелiгi де сол, онда сұраныс бiрiншi орында тұрады, ал ұсыныстың қызметi сұранысты қанағаттандыру болып табылады.
Нарықта әрбiр тұлға тұтынушы болып табылады және олар өзiнiң табысына және ұнатымдылығына байланысты максималды түрде өзiн қанағаттандыратын нұсқаны iздейдi. Егер ол осы максималды шартты орындаса, онда ол өз сұранысын толық қанағаттандырды деп атаймыз.
Сұраныс теориясында үш түрлi икемдiлiк коэффициентi қолданылады. Оларға: сұраныстың бағалық икемдiлiк коэффициентi, сұраныстың табыстық икемдiлiгi және сұраныстың қиылысқан икемдiлiгi жатады. Осы сұраныс икемдiлiктерiнiң iшiнде сұраныстың бағалық икемдiлiгiң орны ерекше. Өйткенi рынок сұранысы бiрiншi кезекте тауардың сатылу бағасына тәуелдi болады.
Нарықты жағдайларды зерттегенде сұраныстың не себептi және қандай мөлшерде өзгергенiн зерттеу үшiн сұраныстың икемдiлiк коэффициентi қолданылады. Бұл абсалюттiк емес, салыстырмалылық коэффииент. Сондықтан, сұраныстың икемдiлiк коэффициентi зерттелгелi отырған сұраныс функциясының факторы бiр пайызға өзгерсе, онда сұраныстың қандай мөлшерге өзгеретiнiн көрсетедi.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi, осы көрсеткiш арқылы тұтынушылардың өмiр сүру деңгейiн көруге болады. Өйткенi тұтынушылардың өмiр сүру деңгейi төмендеу болса, онда олардың сұранысы бағаның өзгеруiне сезiмтал болады, яғни сұранысы икемдi болып келедi.
1. Мұхамедиев Б.М. Микроэкономика: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университетi, 2003. – 219 б.
2. Есипова В.Е. Цены и ценообразование. Учебник для вузов. – СПб:. “Питер”, 1999. – 464с.
3. Мэнкью Н.Г. Принципы экономикс. – Спб: Питер Ком, 1999. – 784 с.Хайман Д.Н. Современная микроэкономика: анализ и применение. В 2-х т. Т. II. – М: Финансы и статистика, 1992. – 384 с.
4. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тлеужанова М.А. Микроэкономика / Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2000 ж. – 420 бет.
5. Пиндайк Р., Рубинфельд Д. Микроэкономика. – М.: Экономика, Дело, 1992.
6. Гальперин В.М., Игнатев С.М., Моргунов В.И. Микроэкономика. Т.2. – СПб. – 1998 г.
7. Хайман Д.Н. Современная микроэкономика: анализ и применение. В 2-х т. Т. II. – М: Финансы и статистика, 1992. – 384 с.
8. Максимова В.Ф. Микроэкономика. / Учебник, - Москва.: “Соминтек”, 1996г. – 328 с.
9. Ю. К. Шокоманов “Состояние и перспективы экономического развития Казахстана в переходной период” // Вестник КазНУ, Серия экономическая, №4, 2001 г. – 38 б.
10. ҚР-сы Қаржы министрлiгiнiң статистикалық бюллетенi №9(69), қыркүйек 2007 ж. – 3 б.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТI

Экономика және бизнес факультетi

Макро-микроэкономика кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: СҰРАНЫСТЫҢ БАҒАЛЫҚ ИКЕМДIЛIГI

Орындаған:
1 курс студентi Сәтімов Д.

Ғылыми жетекшi:
Аға оқытушы Тұраров
Д.

Алматы 2010

ЖОСПАР

КIРIСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 РЫНОК МЕХАНИЗМІНДЕГІ СҰРАНЫСТЫҢ РӨЛІ
... ... ... ... ... ... ... ..4

1. Сұраныс туралы жалпы түсiнiк
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2. Сұраныс көлемiнiң өзгеруi
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
...7

2 СҰРАНЫСТЫҢ БАҒАЛЫҚ ИКЕМДIЛIГI
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10

2.1 Сұраныстың баға икемдiлiгi және оның детерминанттары
... ... ... ... .10
2.2 Сұраныстың бағалық икемдiлiгiн анықтау және оның тiкелей,
қиылысқан икемдiлiгi
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...14
2.3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ БАҒА ӨЗГЕРУIНЕ СЕЗIМТАЛДЫҒЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ..17

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... 21

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22

\

Кіріспе
Нарық механизмiнiң қызмет етуiнiң негiзi сұраныс пен ұсыныс болса, ал
сол сұранысты тудыратын тұтынушылар iс-әрекетi. Нарықта сұраныс пен ұсыныс
өндiрiлген өнiм көлемi мен олардың бағасын анықтайды, сондай-ақ нарықтың
өзiн-өзi реттеп отыратын нарық тепе-теңдiгiн және соған сәйкес тепе-теңдiк
бағаны қалыптастырады.
Нарықтық экономиканың ерекшелiгi де сол, онда сұраныс бiрiншi орында
тұрады, ал ұсыныстың қызметi сұранысты қанағаттандыру болып табылады.
Нарықта әрбiр тұлға тұтынушы болып табылады және олар өзiнiң табысына
және ұнатымдылығына байланысты максималды түрде өзiн қанағаттандыратын
нұсқаны iздейдi. Егер ол осы максималды шартты орындаса, онда ол өз
сұранысын толық қанағаттандырды деп атаймыз.
Сұраныс теориясында үш түрлi икемдiлiк коэффициентi қолданылады.
Оларға: сұраныстың бағалық икемдiлiк коэффициентi, сұраныстың табыстық
икемдiлiгi және сұраныстың қиылысқан икемдiлiгi жатады. Осы сұраныс
икемдiлiктерiнiң iшiнде сұраныстың бағалық икемдiлiгiң орны ерекше. Өйткенi
рынок сұранысы бiрiншi кезекте тауардың сатылу бағасына тәуелдi болады.
Нарықты жағдайларды зерттегенде сұраныстың не себептi және қандай
мөлшерде өзгергенiн зерттеу үшiн сұраныстың икемдiлiк коэффициентi
қолданылады. Бұл абсалюттiк емес, салыстырмалылық коэффииент. Сондықтан,
сұраныстың икемдiлiк коэффициентi зерттелгелi отырған сұраныс функциясының
факторы бiр пайызға өзгерсе, онда сұраныстың қандай мөлшерге өзгеретiнiн
көрсетедi.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi, осы көрсеткiш арқылы тұтынушылардың өмiр
сүру деңгейiн көруге болады. Өйткенi тұтынушылардың өмiр сүру деңгейi
төмендеу болса, онда олардың сұранысы бағаның өзгеруiне сезiмтал болады,
яғни сұранысы икемдi болып келедi.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын “Сұарынстың бағалық
икемдiлiгi” деп алдым.

1 РЫНОК МЕХАНЗМІНДЕГІ СҰРАНЫСТЫҢ РӨЛІ

1. Сұраныс туралы жалпы түсiнiк

Рыокта тауар бағасын бiрде-бiреуi бақылай алмайтын көп сатып алушылар
бар деп болжам жасалады. Тұтынушы рынокта белгiлi көптеген тауарлар мен
қызметтердiң iшiнен таңдау жүргiзедi.
Сұраныс деп тұтынушылардың белгiлi бiр өнiмдi таңдау және сатып алу
қабiлетiн айтады. Экономика деген ғылым шектеулi ресурстарды таңдау және
оларды пайдалану тәсiлдерiмен шұғылданады. Осы мәселенi шешкенде әрбiр
рынок субъектiсi, яғни өндiрушi мен тұтынушы максималды пайдалылыққа
жетуге тырысады. Ол кез келген рынок субъектiсi оңтайлы мiнез-құлығымен
әрекет жасауы керек. Яғни ол мынадай түрде белгiленедi:
Q = QD (p) (1)
Мұндағы, р – тауар бағасы;
Q – сұраныс шамасы;
QD (p) – сұраныс функциясы 1, 18 б .
Кез келген сұранысты қалыптастырушы тұтынушы ұнатымдылығы мен артық
көруiне сүйену және өзiнiң табысы мен бағаға сүйенуi арқылы тұтыну жоспарын
жасады делiк. Осы жоспарды iске асырса ол тұтынушы өзiнiң қажетiн ең
жоғарғы деңгейде қанағаттандыратын едi. Тұтынушылық мiнез-құлығы мен
сұраныс теориясы осы параметрлердiң белгiленгенiң басшылыққа алып талдау
жасайды.
Сұраныс заңы тауар бағасы неғұрлым жоғары болса, сұраныс шамасы
соғұрлым төмен болатынын айтады, яғни Q = QD (p) тәуелдiлiгi керi болып
келедi. Бұл сұраныс функциясының кестесiнде керi ылдиы бар деген сөз. Ол
“D” сұраныс қисығы деп аталады. Оны келесi 1-шi суреттен көре аламыз.
Суреттегi сұраныс функциясының керi тәуелдiлiгi, егер баға Р1 ден Р2-
ге дейiн өссе, сұраныс шамасы Q1-ден Q2-ге дейiн төмендейтiн түрiн
бiлдiредi. Бұған келесi түрде түсiнiктеме беруге болады. Бiрiншiден адамдар
қымбаттаған тауарды басқа тауарға ауыстыра бастайды, екiншiден бағаның
көтерiлуiне байланысты өздерiн кедей сезiнiп олар осы тауарды тұтынуын
қысқарта бастайды.
Баға

Р2

Р1 Сұраныс “D”

Q2 Q1 Өнiм көлемi

Сурет-1 – Сұраныс қисығы

Тауардың пайдалылығы барма немесе жоқпа, белгiлi бiр адам үшiн егер
пайдалылығы болған жағдайда ол пайдалылықтың деңгейi қандай, демек ол
игiлiк қандай деңгейде қажетiн тұтынушының қажетiн орындайды. Осыны әрбiр
тұтынушы өзiнше субъективтi анықтайды. Осыған сәйкес баға деңгейiн
белгiлейдi 2, 44 б .
Өндiрушi мен тұтынушы арасындағы бәсеке және мәмiлелер бағаға әсер
етiп, рыноктық бағаны қалыптастырады. Ал бағаға сүйене отырып, тұтынушылар
көптеген экономикалық шешiмдер қабылдайды. Мiне бұл жағдай тұтнушылар мiнез-
құлығын және нарықта сұранысты қалыптастырады.
Пайдалылық пен бағының ара қатынасы келесiдей анықталады:
1) Егер игiлiк құнды болмаса, оның бағасы жоқ;
2) Неғұрлым игiлiктiң құны жоғары болса соғырлым оның бағасы жоғары
болады.
Алайда пайда деңгейiне тек қана пайдалылық емес, одан басқа өндiрiс
шығындары әсер етедi. Өндiрiс шығыны анығында бағаның ең төменгi деңгейiн
белгiлейдi. Сондықтан әйгiлi экономистер Маршалл мен Маркс осы екеуiнiң
арасындағы байланысты айтып кеткен. Сонымен, игiлiктiң пайдалылығы бағаны
анықтайды, ал баға тұтынушының мiнез-құлығын анықтайды. Былайша айтсақ
пайдалылық сұранысты қалыптастырады.
Сұраныс теориясында пайдалылыққа қай тұтынушылар өздерiнiң қажетiн
максималды қанағаттандару үшiн игiлiктердi таңдайды. Өйткенi тұтынушы неше
түрлi қажеттiлiктер қанағаттандыруы мүмкiн. Осы таңдау екi тәсiлмен
атқарылады: 3, 29 б .
1) Әрбiр игiлiктiң пайдалылық деңгейiн сан арқылы бағалау негiзiнде
бiрiмен-бiрiн салыстырып, олардың құндылығын бағалау. Бұны
экономикада “кординалистiк” теория деп те атайды;
2) Екiншi “ординалистiк” теория пайдалылық сандық мөлшерде анықталмайды
деп, ұнатымдығы игiлiктер жиынтығы бiр-бiрiмен салыстырылуы керк дедi
2, 26 б .
Тұтынушылар бiрiгiп сұранысты қалыптастырса, онда сұраныс тауардың
бағасы мен көлемiнiң арасындағы тiкелей байланысты көрсетедi. Сонымен,
сұраныс – бұл тұтынушының, сатып алушының бiр тауарды сатып алу ойымен
жасайтын жоспарын және олардың сатып ала алатын тауар бағасы мен оның
көлемi арасындағы тәуелдiлiк.
Сұранысты қалыптастыратын тұтынушылардың талғамы келесiдей анықталған
гиотезалардан тұрады. Мысалы: 4, 33 б .
1) Әр уақытта да тұтынушы өнiмнiң алғашқы бiрлiгiнен көп қанағат алады.
Мысалы, сiздiң бiрiншi iскен стакан суыңыз сiзге өте әсер етедi, ал
екiншiсi ондай дәмдi болмайды, үшiншiсi екiншiден де аз қанағат
әкеледi. Бұл жағдайда тауардың шктi пайдалығының азаю принципi
тұтынуға әсер етедi. Сондықта нтұтынушы тауардың әрбiр келесi бiрлiгiн
тек қана баға төмендеген жағдайда ғана алады;
2) Күнделiктi өмiрде адамдар тауарды төмен бағамен және көп мөлшерде
алғысы келедi. Бiрақ, тауарларды сатып алу кезiнде тұтынушыға ең басты
кедергi болатын көрсеткiш – баға. Жоғары деңгейдегi баға сатып алушыға
үлкен кедергi болады да, ол өнiмдi көп алғысы келмейдi, ал төмен
деңгейдегi баға оның сатып алу қабiлетiн күшейтедi.
3) Тұтынушылардың iс-әрекетiн табыс әсерi және ауыстыру әсерi арқылы
түсiндiруге болады.

1.2 Сұраныс көлемiнiң өзгеруi

Сұраныстың өзгеруiне әсер ететiн бағалы емес факторлардың тұтынушы
сұранысына әсерiн зерттеп көрейiк. Бiрiншi, ауыстыру әсерiн қарастырайық.
2-шi суретте екi тауарға деген сұраныс қисығы көрсетiлген. Мысалы, шайдың
қорабының бағасы 150 теңге болып, белгiлi бiр уақыттан кейiн 200 теңгеге
дейiн жоғарылады делiк. Соның нәтижесiнде шайға деге нсұраныс бiр айдың
iшiнде 30 қораптан 20 қорапқа дейiн кемидi.

P P

250 250
200 B 200
150 A 150 A1 B1
100 100
50 D 50 D2
D1
10 20 30 40 50 Q 0 10 20 Q
(а) Шайдың мөлшерi, қорап (ә) Кофенiң
мөлшерi, қорап

Сурет-2 – Шайдың бағасының өсуi кофеге деген сұранысқа тигiзетiн ықпалы
(а) суреттен көрiп отырғанымыз, басқа факторлар тұрақты болғанда,
шайдың қорабының 150-ден 200 теңгеге өсуi шайға деген сұраныс көлемi А
нүктесiненВ нүктесiне дейiн кемидi. Кофенiң бағасы өзгемейдi деп алғанда
тұтынушылар шайдың орнын кофемен қанағаттандырады, оны (ә) суреттен көруге
болады 3, 35 б .
2-шi (а) суреттегi сұраныс қисығының бойымен жылжуды экономикада
сұраныс көлемiнiң өзгеруi деп , ал (ә) суреттегi сұраныс қисығының
түгелiмен жылжуын – сұраныстың өзгеруi деп атайды. Бұл мысалда тұтынушылар
шайдың бағасы қымбаттағанда олар кофенi көбiрек тұтынады, себебi бұл екi
тауар бiр-бiрiн ауыстыра алады. Мұны кейде ауыстыру әсерi деп те атайды
және оларды субститут тауарлар дейдi. Мысалы, сары май мен маргарин, сиыр
етi мен қой етi.
Ал ендi бiрiн-бiрi толықтыратын тауарларды қарастырайық. Мысалы,
автомобиль мен бензидi алайық. Бензиннiң 1 литрiнiң бағасы 60 теңге
болғанда тұтынушы 1 жетiде 40 литр алады дейiк, ал баға 80 теңгеге дейiн
көтерiлгенде, сұраныс көлемi 30 литрге дейiн кемидi. Әдеттегiдей 3-шi (а)
суретте өзгерiс сұраныс қисығының бойымен болады.

P P

100
80 B 400
60 A 300 В1 А1
40 200
20 D 100
D1
D2
20 30 40 80 100 Q 0 50 100 Q
(а) Бензин мөлшерi, литр (ә)
Автомобиль саны, дана

Сурет-3 –Бензин бағасының өсуi автомобильге деген сұранысқа әсерi
Суреттен көретiнiмiз басқа факторлар тұрақты депесептегенде бензин
бағасының өсуi автомобильге деген сұранысты азайтады, яғни сұраныс қисығы
солға жылжиды. Сондықтан, бұл екi тауар бiрiн-бiрi толықтыратын немесе
комплементарлы тауарлар деп аталады. Мысалы мұндай тауарларға: теннис
ракеткасы мен добы, шай мен қант жатады.
Сонымен қатар, тауарға деген сұраныс көлемiне тұтынушылардың табысы
үлкен әсер етедi. Бұл көрсеткiшке байланысты тауарларды келесiдей екi түрге
бөледi: 1) кәдiмгi тауарлар; 2) сапасы төмен тауарлар.
Егер тұтынушылардың табысы жо,ғарылаған кезде зерттелiп отырған
тауарға деген сұраныс көбейетiн болса, онда бұл тауарларды кәдiмгi тауарлар
деп атайды. Мысалы, тұтынушылардың табысы өскен сайын олардың ет өнiмдерiне
деген сұранысы өседi.
4-шi суреттен көрiп отырғанымыздай, табыс өзгергенде ет өнiмдерiне
сұраныс D1–ден D2-ге дейiн оңға қарай жылжиды. Табысы аз кезiнде тұтынушы
20 кг. ет алатын болса, ал табысы жоғарылағанда В нүктесiне сәйкес 40 кг.
ет алады. Мыслда ет өнiмiнiң бағасы тұрақты 150 теңге төңiрегiнде қалады.

Р

250
200
150 A B
100
50 D2
D1
20 40 Q
Ет өнiмi мөлшерi, кг

Сурет-4 – Тұтынушы табысының өсуi ет өнiмдерiне деген сұранысқа әсерi

СҰРАНЫСТЫҢ БАҒАЛЫҚ ИКЕМДIЛIГI

2. Сұраныстың баға икемдiлiгi және оның түрлерi

Нарықты жағдайларды зерттегенде сұраныстың не себептi және қандай
мөлшерде өзгергенiн зерттеу үшiн сұраныстың икемдiлiк коэффициентi
қолданылады. Бұл абсалюттiк емес, салыстырмалылық коэффииент. Сондықтан,
сұраныстың икемдiлiк коэффициентi зерттелгелi отырған сұраныс функциясының
факторы бiр пайызға өзгерсе, онда сұраныстың қандай мөлшерге өзгеретiнiн
көрсетедi.
Сұраныс теориясында үш түрлi икемдiлiк коэффициентi қолданылады.
Оларға: сұраныстың бағалық икемдiлiк коэффициентi, сұраныстың табыстық
икемдiлiгi және сұраныстың қиылысқан икемдiлiгi жатады. Осы сұраныс
икемдiлiктерiнiң iшiнде сұраныстың бағалық икемдiлiгiң орны ерекше. Өйткенi
рынок сұранысы бiрiншi кезекте тауардың сатылу бағасына тәуелдi болады
2, 46 бет .
Сұраныстың бағалық икемдiлiгiнде икемдiлiк коэффициентi ұғымы
қолданылады. Бұл икемдiлiк коэффициентi тәуелсiз айнымалының 1 пайызға
өзгеруiнен байланысты тәуелдi айнымалының қанша пайыз өзгергендiгiн
көрсетедi. Бұл ұғымды экономикада ең бiрiншi зерттеген ғалым А.Маршалл
(1881 – 1882 ж.ж.) болды 2, 47 б .
Бұл көрсеткiш арқылы тұтынушылардың өмiр сүру деңгейiн көруге болады.
Өйткенi тұтынушылардың өмiр сүру деңгейi төмендеу болса, онда олардың
сұранысы бағаның өзгеруiне сезiмтал болады, яғни сұранысы икемдi болып
келедi.
Сондай-ақ сұраныстың бағалық икемдiлiгi тауарларға салық салу
кезiнде, кәсiпорынның маркетингтiк саясатын iске асыру кезiнде, сыртқы
нарықта экспорт және импорт оперцияларында және валюталық курс
операцияларында жиi орын алады.
Сұраныстың бағалық икемдiлiгiн анықтаған кезде тауарға деген сұраныс
төмендегiдей бес түрге бөлiнедi:
1) икемдi сұраныс;
2) Икемсiз сұраныс;
3) Икемдiлiгi бiрге тен сұраныс;
4) Өте икемдi сұраныс;
5) Өте икемсiз сұраныс 3, 116 б .
Егер сұраныс көлемiнiң өсу процентi бағаның өсу пайызынан көп болса
және тауардың бағасытөмендегенде жалпы түсiм көбейетiн болса, онда сұраныс
икемдi болады. Оны келесi 2-шi суреттен көре аламыз.

P

50

30
Сұраныс

30 60 Q

Сурет-2 – Икемдi сұраныс қисығы

Бұл суретте сұраныс көлемi бағаның өзгеруiне сезiмталдықпен жауап
берiп тұр. Бағаның 50 теңгеден 30 теңгеге дейiн төмендеуi сұраныс көлемiн
30 данадан 60 данаға дейiн көьейтiп тұр.
Сұраныс көлемiнiң пайыздық өзгеруi бағаның пайыздық өзгеруiнен көп
болғандықтан, бағаның төмендеуi тауарларды сатудан түскен түсiмдi көбейтiп
отыр. Түсiм дегенiмiз – тауардың бағасы мен сатылған тауар мөлшерiнiң
көбейтiндiсi. Ол келесi формула арқылы анықталады:

TR = P * Q (2)

Мұндағы, TR – түсiм;
P – тауардың бағасы;
Q – сатылған тауардың көлемi.
2-шi суретте баға төмендегеннен фирманың түсiмi жалпы мөлшерде
көбейiп отыр. Көбiнесе ауыстырушысы (субститут) тауарлары көп болатын
тауарларға және ұзақ уақыт пайдаланылатын тауарларға деген сұраныс икемдi
болып келедi. Мысалы, тағамдық өнiмдерге сұраныс икемдi болады, себебi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сұраныс пен ұсыныс негіздері
Сұраныс
Рынок механизмiнiң негiзгi элементi ретiндегi сұраныс
Сұраныс және ұсыныс икемділігі
Ұсыныс және оның факторлары
Микроэкономика пәнінен дәрістік кешен
Сұраныс пен ұсыныс икемділігі
Ұсыныс қисық сызығының пішіні
Сұраныс пен ұсыныс теориялары
Рынок механизмінің негізгі элементтерімен сұраныстың өзара байланысы
Пәндер