Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау туралы



Кіріспе
І. Несиенің құрылымы.
1.1. Несиелік қатынас субъектілері қарыз беруші және қарыз
алушы.
ІІ. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау және несиелік келісім
шарттар.
2.1. Кредитор мен қарыз алушы арасындағы өзара
қатынасындағы қарыз пайызы.
2.2. Алынған несиелерді өтеу ережелері.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы: Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында [Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы]
«Ел экономикасындағы өрлеудің тұрлаулы әрі серпінді сипатын ұстап тұру үшін мемлекет қазынагерлік, кредит – акция саясатының, өндірістің негізгі факторларын тиімді қайта бөлуді мемлекеттік реттеу тетіктерін пайдаланып, жоғары сапалы өнім мен қызметке деген сұранысты көтермелеп отыруға міндетті» - деп елбасы экономика саласына байланысты екінші басымдықта (тарау). Елбасының жолдауының тек осы тарауын ғана көрсетіп отырған себебім менің курстық жұмысым кредит – акция саясатының бір факторы болып табылады.
Әрі қарай елбасы акция – кредит (несие) саясатына қатысты мынадай тұжырымдама жасады: Қазақстан экономикасын алдағы уақытта одан әрі жаңарту мен әртараптандыру мақсатында нақтылы тұрғыда мынадай бағыттарға баса көңіл бөлу керек деп санаймын.
Акция – кредит саясатының негізгі мақсаты – инфляцияны тежеуді қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершілік Ұлттық Банк пен Үкіметке жүктеледі. Олардың қолында сол үшін барлық өкілеттіктер мен құралдар бар.
Акция – кредит саясатының келесі міндеті – қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляция өсімінің залалды зардаптарын төмендету, сонымен бір мезгілде экономикалық өрлеуді ынталандыру үшін нақтылы айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру.
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 01.03.2006 ж.
2. С.Б.Мақыш «Ақша, несие, банк». Алматы – 2003 ж.
3. Ғ.С.Сейітқасымов «Ақша, несие, банк». Алматы – 2001 ж.
4. «Қаржы және қаражат журналы». № 2001-2005 ж.ж.
5. С.Сатыбалдин «Экономикалық талдау»
6. Ілиясов «Қаржы» Алматы - 2000 ж.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті
Шымкент институты

Қаржы және несие кафедрасы

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау.

Орындаған:
Тобы: 84-12
Қабылдаған: Сартаев А.
Нұрашова К.К.

Шымкент - 2006 ж.

Жоспар

Кіріспе
І. Несиенің құрылымы.
1.1. Несиелік қатынас субъектілері қарыз беруші және қарыз
алушы.
ІІ. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау және несиелік келісім
шарттар.
2.1. Кредитор мен қарыз алушы арасындағы өзара
қатынасындағы қарыз пайызы.
2.2. Алынған несиелерді өтеу ережелері.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына
жолдауы: Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында
[Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру
стратегиясы]
Ел экономикасындағы өрлеудің тұрлаулы әрі серпінді сипатын ұстап
тұру үшін мемлекет қазынагерлік, кредит – акция саясатының, өндірістің
негізгі факторларын тиімді қайта бөлуді мемлекеттік реттеу тетіктерін
пайдаланып, жоғары сапалы өнім мен қызметке деген сұранысты көтермелеп
отыруға міндетті - деп елбасы экономика саласына байланысты екінші
басымдықта (тарау). Елбасының жолдауының тек осы тарауын ғана көрсетіп
отырған себебім менің курстық жұмысым кредит – акция саясатының бір факторы
болып табылады.
Әрі қарай елбасы акция – кредит (несие) саясатына қатысты мынадай
тұжырымдама жасады: Қазақстан экономикасын алдағы уақытта одан әрі жаңарту
мен әртараптандыру мақсатында нақтылы тұрғыда мынадай бағыттарға баса
көңіл бөлу керек деп санаймын.
Акция – кредит саясатының негізгі мақсаты – инфляцияны тежеуді
қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершілік Ұлттық Банк пен
Үкіметке жүктеледі. Олардың қолында сол үшін барлық өкілеттіктер мен
құралдар бар.
Акция – кредит саясатының келесі міндеті – қаржы нарығының
тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляция өсімінің залалды зардаптарын
төмендету, сонымен бір мезгілде экономикалық өрлеуді ынталандыру үшін
нақтылы айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру.
Осы орайда Ұлттық қор маңызды роль атқаруға тиіс. Үкімет Қор
қаражатының анықтығын және ұтымды құралуы мен пайдалануын қамтамасыз етуге
тиіс деп санаймын.

Кіріспе.
Несиені экономикалық категория ретінде қарыз мәмлесі негізінде
көрінетін және дамитын өндірістік қатынас арықылы анықтау керек. Қарыз
мәмлесі несиені жкономикалық категория ретінде өз бетінше сипаттамайды; оны
осы мәмле негізінде пайда болатын өндірістік байланыстар немесе жүзеге асу
формасы – қарыз мәмлесі болып табылатын өндірістік қатынастар сипаттайды.
Қарыз мәмлесі тауар шаруашылығының әртүрлі сатыларына тән.
Экономиканың тарихи дамуына бұл мәмлелер жиілейді, ұлғаяды,
жетілдіріледі және жалпылама мәнге ие болады.
Әр түрлі шаруашылық жүйелерінде кездесетін мәмле типтерінің формалды
ұқсастығы олардың бір атауымен – несие - бекітіледі, біркақ әр түрлі
дәуірлердің несиелік қатынастары бір атауды сақтай отырып, әртүрлі мәнге,
мазмұнға, табиғатқа ие.
Несие шаруашылық жүйелерінің ауысуына жағдай жасай отырып өзі де
ауысып отырады, өз мазмұнын өзгертеді. Кез –келген халық шаруашылығы
жүйесінің алдыңғы жүйені жеңетіні және жоққа шығаратыны сияқты несие де бір
шураушылық жүйе жағдайындағы шаруашылық байланыстардың типі ретінде алдыңғы
шаруашылық жүйесіндегі несиені жеңуші және жоқққа шығаушы болып табылады.
Несие мәмле типті ретінде, тауар айналысының формасы, құн
қозғалысының әдісі ретінде натуралды шаруашылықтан тауар шаруашылығына
өткен уақыттан бұл дамып келеді. Несие айырбас процесінің өндірістік
байланысының типі, тауарлы өндірістің экономикалық категориясы ретінде ғана
емес, тауар шаруашылығы шеңберінде диалектикалық дамушы құбылыс ретінде де
қарастырылуы қажет. Тауар шаруашылығының әртүрлі сатыларының несиелік
қатынастарының өзара айырмашылығы, қолдан – қолға өтуі қарыз келісімі
арқылы жүзеге асатын әртүрлі объектілердің айырмашылығынан көрінеді.
Несие деп аталатын әлеуметтік байланыстар: Әртүрлі шаруашылықта
әртүрлі түрде кездесетін экономикалық қатынас, соның бірін бүгінгі менің
курстық жұмысымда айқындап көрсетпекпін.
І. Несиенің құрылымы.
Несиенің мәнін ашу – бұл несиені экономикалық қатынастардың біртұтас
жүйенің элементі ретінде көрсететін, оның мәнді анықтығын білдіретін
сапаларын тану болып табылады.
Сондықтан несиенің мәні және қажеттілігі туралы айтылғандарға қосымша
анық құрылымын, қозғалысының заңдылықтарын қарастырайық.
Несиенің құрылымы белгілі бір мәнге айналған және несиелік қатынастар
танымының сатысы ретінде көрінеді. Ол несиеде тұрақты, өзгеріссіз қалады.
Құрылымдық талдау тұрғысынан алғанда несие зерттеу объектісі ретінде,
бәрінен бұрын оның субъектілері болып табылатын элементтерден тұрады.
Несиелік мәмледе қатынас субъектілері қарыз беруші және қарыз алушы болады.
Кредитор мен қарыз алушының қалыптасуы тауар өндірісі мен тауар
айналысы негізінде жүреді.
Сатып алу – сату процесінде тауарларды өткізу сатушының олардың
ақшалай эквивалентін әр уақытта тез арада алуына мүмкіндік бермейді. Сатып
алушы тауарды белгілі бір мерзімнен кейін төлеуі мүмкін. Бұл тауар иленуші
қолма- қол тауарды сатады, ал басқасы ақшаның өкілі немесе болашақтағы
ақшаның өкілі ретінде бола отырып тауарды сатып алады.
Сатушы – қарыз беруші, ал сатып алушы – борышқор болады. Кредитор
және қарыз алушы бір немесе эквивалентті мерзімінің ұзартылуы, ал
басқасында оның төленуі жүзеге асатын жағдайлардың барлығына қатысады.
Бастапқыда кредитор және қарыз алушы қарапайым қатынастарда болды.
Мүліктік теңсіздіктің тереңдеуіне байланысты артық өнімдері бар рулық
қауымдастық мүшелері кредитор ретінде көріне алатын болды.
Алғашқы өсімқорлар металл ақшадан бұрын пайда болған. Өсімқор –
саудагер, көпес тәрізді ежелгі кәсіп. Қазіргі уақыттағы банкир болудан
бұрын, ол өте үлкен тарихи жолдан өтті.
Кредитор ретінде храмдар, қоғамдағы шаруашылық жүргізуші
субъектілерінің едәуір байлықтарын жинақтайтын шаруашылық пен тұтыну
мақсаттарына қызмет көрсететін өзгеше банкирлік үйлер болды.
1.1. Несиелік қатынас субъектілері қарыз беруші және қарыз алушы.
Кредитор – несиелік мәмленің қарызды ұсынушы жағы. Қарыз беру үшін
кредитордың қарамағында белгілі бір қаражаттар болу керек. Оның көздері өз
қорлары, ресурстары, өз кезінде қайтарымдылық негізінде ұдайы өндіріс
процесінің басқа субъектілерінен алынған ресурстар бола алады.
Қазіргі уақыттағы шаруашылықта кредитор – банк қарызды тек өз
меншігіндегі ресурстар есебінен ғана емес, оның шоттарында сақтаулы
тартылған қаражаттар есебінен де, сонымен қатар акция және облигацияларды
орналастыру арқылы жинақтаған қаражаттар есебінен де бұл алады.
Банктердің құрылуымен кредиторлардың шоғырлануы жүреді. Банкирлер
басқа барлық кредиторлардың өнімі болды. Банкирлер ұжымдық кредиторлар
ретінде бола отырып, несиелеу үшін шаруашылықта уақытша пайдаланылмайтын
ресурстарды жинақтай алады, сонымен қатар эмиссия жасай алады. Кейбір
жағдайларда босаған ресурстар болып табылатын құндылықтар да қарызға
беріледі. Коммерциялық несие кезінде кредитор сатуға жататын тауарлдарды
қарыз алушыға береді.
Тауардың жіберілу факты, алайда, жүк жіберушіні кредитор етпейді.
Тауарды жөнелту мен сатудан түсетін түсімнің арасындағы уақыт бойынша
үзіліс кредитордың пайда болуына әкелуі мүмкін. Бұл үшін тауарды қоюшы
эквивалент төлеушінің кейінге қалдырылуына рұқсат берілуі керек.
Мына жағдайды ескерте кетейік: кредиторды сатып алу – сату, тауарды
жіберу мен оны төлеу арасындағы уақыт бойынша үзіліс факті тудырмайды, оны
төлемнің кейінге қалдырылуын белгілейтін, төлемді тез арада емес белгілі
бір уақыт өткеннен кейін шешетін қосымша келісім тудырады.
Кредитор ретінде басқа шаруашылық иесіне белгілі бір мерзімге ресурс
беруші тұлға болады. қағида бойынша кредитор ерікті түрде болады. Қарыз
алушы несиені белгіленген мерзімді қайтармаған жағдайда несиелік келісімнің
еріктілігі бұзылады. Қарыз алушылар мен анағұрлым қатаң қатынастарға әкеп
соғады. Кредиторлардың бар болуының уақыттың шекарасы несиенің мерзімімен
анықталады.
Несиенің мерзімі өз кезінде ұдайы өндіріс процесінің барысына
байланысты.
Қарыз алушы – несиелік қатынастың, несиені алушы жәнее алған қарызды
қайтаруға міндетті жағы болып келеді. Борышқор және қарыз алушы бір-біріне
жақын, бірақ шамасы бірдей түсінік емес.
Борыш – міндетті жалпы сипаттайтын анағұрлым кең түсінік. Несиелік
мәмлеге сәйкес борышқор туралы емес, қарыз алушы туралы айту керек.Тарихи
жағынан қосымша ресурстарға деген қажеттілік танытатын жекелеген тұлғалар
болды. Бастапқыда олар өз еңбектерімен күн көруші ұсақ шаруалар,
қолөнершілер болған еді. Өсімқорлық несиенің бар болуының басқа формасы –
ақсүйектердің көбіне жер иелеріне ақшалай қарызды беруі. Банктердің құрылуы
мен қарыз берушілердің шоғырлануы жүреді.
Қазіргі уақытта банктерден басқа шаруашылық ұйымдары және мемлекетттің
өзі де қарыз алушылар ретінде болады. Қарыз алушының кредитордан
айырмашылығ ол несиелік мәмледе төмендегідей ерекшеліктерге ие. Біріншіден,
ол қарызға берілетін қаражаттардың меншік иесі болып табылмайды, олардың
уақытша иесі ретінде болады; Өзіне тиісті емес бөтен біреудің ресурстарымен
жұмыс істейді.
Екіншіден, қарыз алушы қарызға алынған қаражаттарды айналыс сферасында
да, өндіріс сферасында да пайдаланады. Кредитор өндіріске тікелей қатыспай
–ақ айырбас фазасы кезінде де қарызды ұсына алады.
Үшіншіден, қарыз алушы өзінің шаруашылығында шеңбер айналымын
аяқтаған қарызға алынған қаражаттарды қайтарады. Қарыз алушы кредитор мен
жеткілікті түрде есеп айырысумен қоса қайтарымды толық өтеу үшін ұдайы
өндіріс процесін өркендете түсу керек.
Төртіншіден, қарыз алушы уақытша пайдалануға алынған құнды ғана
қайтарып қоймай, сонымен қатар қарыз пайызын да төлейді. Бесіншіден, қарыз
алушы өзінің кредиторы қойған талаптарын орындауға тәуелді болады. Қарыз
алушының кредитордан экономикалық тәуелді болуы қарызға алынған
қаражаттарды ұтымды пайдалануға, қарыз алушы ретінде өз міндеттемелерін
орындауға мәжбүр етеді.
Кредитор және қарыз алушы несиелік қатынас жасай отырып, өз
мақсаттары мен мүдделерінің бірлігін көрсетеді. Несиелік қатынастар
шеңберінде кредитор және қарыз алушының орындары ауысуы мүмкін: Кредитор,
қарыз алушыға, қарыз алушы кредиторға айналады.
Кредитор мен қарыз алушының өзара әрекеті қарама-қарсылықтардың
бірлігі сипатында болады. Несиелік қатынастардың қатысушылары ретінде
кредитор және қарыз алушы оның қарама-қарсы жағында тұрады. Кредитор –
қарызды беруші жақ, қарыз алушы – берілген қарызды алушы жақ; Бүтіннің
шеңберінде олардың әрқайсысының өздерінің ұдайы өндірістегі ерекше
жағдайларына байланысты өз мүддлері болады. Кредитор анағұрлым жоғары қарыз
пайызына мүдделі болса, қарыз алушы – анағұрлым арзан несиеге мүдделі.
ІІ. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау және несиелік келісім –
шарттар.
Банктің клиентпен экономикалық жұмысы
- банкке клиентті тартудан бастап, оның шоты бойынша әртүрлі банктік
оперцияларды жүргізуге дейінгі банктік қызметтің барлық жақтарын
қамтиды. Осы аталған жұмыстардың барлығы банктің активтері мен
пассивтерін басқару қызметі мен тығыз байланысты.
- Клиентпен жұмыс: есеп айырысу, кассалық және несиелік қызмет,
бірлескен қызмет, кассалық және несиелік қызмет депозиттік шоттарды
ашу және жүргізу, т.б. әртүрлі келісім-шарттар жасасу негізінде
құрылады.
- Клиенттердің ағымдағы және есеп айырысу шоттарын ашу, олар бойынша
операцияларды жүргізу, есеп айырысу және есеп айырысу – кассалық
қызмет көрсету туралы келісім-шарт негізінде жасалады.
Есеп айырысу қызметін көрсету туралы келісім – шарттарында есеп айырысу
немесе ағымдағы шотты ашу және олар бойынша операция жүргізу шарттары
көрсетіледі. Есеп айырысу – кассалық қызмет көрсету туралы келісім –шартта
бұдан басқа, тағы да кассалық операцияларды жүргізу тәртібі реттеледі.
Есеп айырысу тәртібі құжаттардың белгіленген мерзімді өтуі
кепілдемесін қамтамасыз ету керек.
Банктік операциялардың орындалуына жатпайтын кезіндегі банктің
материалдық жауапкершілігі осы келісім шартта қарастырылады.
Банктік операцияларға жатпайтындарды орындаған жағдайында банкпен
клиенттер Қазақстан Республикасының Парламенті мен бекітілген Қазақстан
Республикасында қолма – қолсыз есеп айырысуды жүргізу тәртібін бұзғаны үшін
экономикалық санкциялар туралы ережеге сай жауапкершілікке тартылады.
Банк пен клиенттің бірлескен қызметін жүзеге асырғанда, екі жақтың
құқығы мен міндеттемелері және қаржыландыру тәртібі мен олардың арасында
табысты үлестіруі қарастырылған бірлескен қызмет туралы келісім – шарт
жасалады.
Клиентті несиелендіру банк пен клиент арасындағы жасалған несиелік
келісім – шарт негізінде жүргізіледі және де ол қарыздың мерзімі, шарты мен
беру тәртібін және оны өтеуін, сондай-ақ екі жақтың құқықтарымен
міндеттемелерін қарыз бойынша кепілдеме мен пайыздық мөлшерлемелерді
реттейді.
Кейбір банктерде несиелік келісім-шарт пен бірге несиелік хаттамада
қолданылады. Соңғысы ағымдағы жылға жасалады. Оларда жеке сәттер
нақтыланады, мысалға, несиенің және түрлерін берудің шарттары мен
тиімділіктің жалпы және өзіне тән белгілері.
Депозиттік шоттарды ашу және жүргізу туралы келісім-шартта депозиттің
ашылу мерзімі, ол бойынша пайыз төлеу тәртібі. Осы депозиттік шоттан
қаражаттарды алу тәртібі жайлы мәліметтер қарастырылады.
Барлық айтылған келісім –шарттар клиентпен қарым-қатынасының сипатын
анықтап, олардың арасындағы келіссөз бір-бірінің қызметін алдын-ала, жан-
жақты танып білудің нәтижесінде жасалады. Банк әріптесінің қаржылық жағдайы
мен несиелік қабілеттілігін белгілеген әдістеме арқылы талдайды, көбінесе
көрсеткіштердің төрт табына негізделеді: өтімділік, айналымдылық,
қаражаттарды тарту және табыстылық.
Депозиттермен жүргізілетін ағымды экономикалық жұмыс – бұл
пассивтерді басқару бойынша банк қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Ол
банк клиенттерінің шоттары бойынша қаражаттар қозғалысын және депозиттердің
неғұрлым өнімдірек топтарынан соғұрлым өтімді топтарына қатысты өткізгіштік
мүмкіндіктерін талдайды. Мұндай талдау банкке сенімсіз клиенттер мен төлем
тәртібін бұзушыларды анықтауға көмектеседі.
Ондай мәліметтер банкке осындай клиенттерге несие керек болған
жағдайда, оларға несие беру туралы шешім қабылдауға қажет болады.
Депозиттермен жүргізілетін ағымды жұмыстың басқа бағыты болып –
клиенттердің банк қызметтерінің жаңа түрлеріне деген мұң-мұқтаждығын
анықтау мен есеп айырысудың формаларын жетілдірілуі жатады.
Банк клиентпен келісуі бойынша несиелік бөлімге қарыз алушының
балансы мен басқа да есеп беру формаларын берудің тәртібі мен мерзімін,
қаржылық жағдайы мен оның несиелік қабілеттілігін талдайды.
Банк несиенің өз уақытнда қайтарылыуын қамтамасыз етілуі ретінде
кепіл, кепілдеме және банктік тәжірибеде қабылданған формадағы
міндеттемелерді қабылдайды.
Қазақстан Республикасы банктер және банктік қызмет туралы заңның 36
бабына сәйкес банктің несиені өз уақытында қайтаруы бойынша міндеммелері
мен басқа да төлемдерді орындамайтын клиенттеріне қатысты келесідей
шараларды қолдануға құқығы бар:
• қарызды мерзімінен бұрын қайтаруды талап ету;
• осы клиенттердің шарттарында бар кез-келген қаражаттар есебінен
қарыз мөлшерін өтеу;
• кепілге алынған мүлікті сату;
Қазақстан Республикасына Заңдарына сай, мұндай жағдайда олар төлем
қабілеті жоқ қарыз алушылар деп жариялауы мүмкін.
Банктің өз клиенттеріне берген несиелер мен пайыздар бойынша кінәлары
ескерусіз қалмайды.
Банктер өз клиенттері мен корреспонденттердің операциялары, шоттары
және салымдары бойынша құпияны сақтауға кепілдеме береді. Банктің барлық
қызметкерлері банк клиенттері мен корреспонденттерінің операциялары,
шоттары мен салымдары бойынша құпияны сақтауға міндетті.
Банктің заңды тұлғаларының шоттары мен салымдары, операциялары
бойынша анықтамаларды соттарға, арбитражды соттарға, тергеу жүргізу және
прокуратура органдарына және салық салу сұрақтары бойынша салық органдарына
береді.
Жеке тұлғалардың шоты мен салымдары бойынша анықтамалар өз клиенттері
мен олардың басқа соттармен тергеуші органдарға да беріледі.
Салым салушылардың мүдделерін қорғау мақсатында банктік депозиттерді
ұжымдық сақтандыруды жүзеге асыра алады.
Салымдарды сақтандыру жүйесі банктің банкротқа ұшыраған немесе төлем
қабілетсіз болған жағдайда барлық салым иелеріне белгіленген сомаға дейін
зиянның орнын толтыруын кепілдейді.
Банктер мен олардың құрылтайшылары, басқа да клиенттері арасындағы
барлық келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес соттың
тәртібімен шешіледі.

2.2. Кредитор мен қарыз алушы арасындағы өзара қатынасындағы қарыз пайызы.

Қарыз пайызы пайданың бөлігі түрінде бола отырып, одан оның мөлшерін
анықтайтын факторлар мен ерекшеленеді. Мысалы, егер пайданың қалыптасуы
жұмыскердің санына және еңбек өнімділігіне байланысты болса, ал төленетін
қарыз пайызының шамасы - пайыздың мөлшерлеме деңгейіне және қарыз алушы
алған несиенің сомасына байланысты. Қарыз пайызы өзіне тән ерекше белгілі
бір белгілерді білдіре отырып, пайдадан ғана өзгешеленбейді, сонымен қатар
басқа да экономикалық категориялардан, мысалы, бағадан да өзгешеленеді.
Бағалар тауар айналысымен, айырбас пен тығыз байланыста екені
белгілі, оның болуы фазасында пайда болатын қарыз пайзынан өзгешілігі, ол –
қайта бөлу категориясы болып табылады. Екінші өзгешілігі мынада, тауар
бағасы тауар айналымы негізінде, ал пайыз – мүлдем басқа, несиенің
қозғалысы негізінде пайда болады, алайды, несие мен сауда жасау мүмкін,
несиелік мәмледе саудалық себеп банк ісіндегі сауда - саттық пен
(коммерциялизация) байланысты.
Осылайша, қарыз пайызының мәніне талдау жүргізу – несиені
пайдаланғаны үшін пайыздық соманы төлеуге қатысты пайда болатын
экономикалық қатынастар ретінде.
Кредитор мен қарыз алушы арасындағы өзара қатынаста қарыз пайызы,
пайыздың мөлшерлеме түрінде болады. Қазіргі уақытта қарыз сипатына және
ұзақтығына, несиелеу объектісіне, қарыз алушының несиелік қабілетіне,
несиелік ресурстарға сұраныс пен ұсынысқа байланысты пайыздың
мөлшерлемелердің көптеген түрлері бар.
Пайыздың мөлшерлеме тұрақты және өзгермелі, номиналды және нақтылы,
дискантты болуы мүмкін.
Тұрақты пайыздың мөлшерлеме қарызды пайдаланудың барлық мерзімі
бойынша өзгеріссіз қалады.

Таб. № 1 Екінші деңгейдегі банк несиелері
(мерзім бойынша)

(млн. теңге)
2003 2004 2005
Несилер теңгемен 211 862 435 437 714 071
Қысқа мерзімге 113 949 192 148 309 294
Ұзақ мерзімге 97 913 243 289 404 777
Несиелер шет ел валютасымен460545 542 692 769 939
Қысқа мерзімге
Ұзақ мерзімге 175 065 177 627 199 302
285 479 365 065 570 637

Таб. № 2 Шағын кәсіпкерлер субъектілерінің екінші деңгейдегі банкілерден
несие алу көрсеткіштері.
(млн. теңге)
2003 2004 2005
Барлығы: несие көлемі - 146 515 196 212 288 367
Несиелер теңгемен 55 465 104 434 171 541
Қысқа мерзімге 30 664 48 249 71 860
Ұзақ мерзімге 24 800 56 185 99 681
Шет ел валютасымен 91 051 91 778 116 826
Қысқа мерзімге 32 384 32 334 25 692
Ұзақ мерзімге 58 667 59 444 91 134

Таб. № 3 Екінші деңгейдегі банктердің экономиканың салалары бойынша
несиелік қабілеті бойынша несие беруі.
(млн. теңге)
2003 2004 2005
Несие көлемі - 672 407 978 128 1 484 010
Қысқа мерзімге 289 014 369 775 508 596
Кәсіпорындарға 81 537 100 101 99 580
Ауыл шаруашылығына 35 508 45 345 48 220
Құрылыс 13 736 25 362 52 240
Көлік, транспорт 7055 8845 12 696
Байланыс 97 77 1285 96 47
Сауда 113 609 146 417 207 791
т.б. 27 793 42 420 79 422
Ұзақ мерзімге 383 393 608 353 975 414
Кәсіпорындарға 149 249 173 385 190 034
Ауыл шаруашылығына 41 209 72 010 76 984
Құрылыс 28 964 49 817 106 559
Көлік, транспорт 13 208 22 608 43 505
Байланыс 3000 6444 110 23
Сауда 84 238 130 475 190 833
т.б. 63 525 153 615 356 476

Пайдаланылған әдебиет. Систематический ежегодник Казахстана
(Статистический сборник). – Алматы: Агенство Республики Казахстан по
статистике, 2003. – 502 с. – на русском и английском языках.

Нарық жағдайында коммерциялық банктер қолданатын әр түрлі критерий
бойынша депозиттерді жіктеудің тәртібі келесі 1,2,3,4 сызбалардан көруге
болады.
Бірінші сызбада көрсетілгендей, депозиттер алыну формалары бойынша
екі топқа бөлінеді: қажет уақытында талап етілетін және мерзімді
депозиттер.
Қажет уақытыида талап ететін депозиттер шоттарда сақталынатын
қаражаттардың сипатына және тиістілігіне байланысты былайша бөлінеді:
кәсіпорындар және ұйымдардың фирмалардың, компаниялардың, концерндердің
және басқа да заңды тұлғалардың есеп айырысу және ағымдық шоттарындағы
қаражаттар; экономикалық міндеті әр түрлі қорларды сақтау бойынша арнайы
шоттардағы қаражаттар; заңды тұлғалардың жекелеген шоттарындағы меншікті
қаражаттары есеп айырысудағы қаражаттар; басқа банктермен есеп айырысуларға
байланысты корреспонденттік шоттағы несиелік қалдықтар; шетелдік банк-
корреспондентер шоттарындағы қаражаттардың несиелік қалдығы.

1- сызба.
Алыну формалары бойынша депозиттер

2- сызба.
Салым иелерінің категориялары бойынша депозиттер

Қажет уақытында талап ететін депозиттердің ерекшеліктері мынада:
біріншіден, ақшаларды алу және салу кез келген уақытта ешқандай шектеусіз
бөліктеп те, толығымен де жүзеге асырылады; екіншіден, ақшалар шоттан қолма-
қол формада да, чек арқылы да алынуы мүмкін; үшіншіден, шот иесі банкке
шотты пайдаланғаны үшін тұрақты айлық мөлшерлеме түрінде немесе әрбір
жазылған Чек үшін комиссиялық алым телейді; төртіншіден, банк қажет
уақытында талап етілетін депозиттер бойынша Орталық банкке мерзімді
депозиттерге қарағанда ең төменгі резервті жоғары сәйкестікте сақтауға
міндетті. Қажет уақытында талап етілетін депозиттердің негізгі артықшылығы
жоғары тиімділігі, оларды төлем қаражаттары ретінде тікелей пайдалану
мүмкіндігі болып табылады.
Мерзімді депозит анық белгілі бір мерзімі бар, ол бойынша тұрақты
пайыз төленеді және әдетте салымды мерзімінен бұрын алуға шек қойылады.
Мерзімді депозиттер жеке тұлғалардың, компаниялардың, кәсіпорындардың және
ұйымдардың банктерде шоттарға алдын ала белгілі бір мерзімге, әдетте 1
айдан кем емес, орналастырған қаражаттарын білдіреді.
Мерзімді депозиттердің ерекшеліктері мыналар болып табылады;
біріншіден, шоттардағы қаражаттар есеп айырысуға арналмаған және оларға
чектер жазылмайды; екіншіден, шоттардағы қаражаттар жай айналады;
үщіншіден, мерзімді депозиттер бойынша пайыз төленеді (бұл кезде пайыздық
мөлшерлеменің ең жоғары деңгейі жекелеген кезеңдерде Орталық банк арқылы
реттелуі мүмкін);

Өзгермелі пайыздың мөлшерлеме несиелік ресурстарға деген сұраныс пен
ұсыныс арқылы қалыптасатын акция нарығының жағдайына байланысты, сонымен
қатар экономикалық және қарыз алушыны қаржыландыру жағдайында несиелік
немесе депозиттік шарттың барлық әрекет ету мерзімі бойында банк арқылы
өзгертілуі мүмкін.
Мөлшерлеменің өзгертілуі шарттары тараптардың өзара келісімімен
анықталады. Олар үнемі қайта қарастырылады және әдетте қарыз капиталы
нарығындағы қандай да бір қаржылық актив бойынша пайыздың мөлшерлеменің
өзгеруіне байланысты ауысып отырады.
Номиналды пайыздың мөлшерлемесі екі факторға байланысты қалыптасады.
Несиелік ресурстарға деген сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасына және
инфляция қарқынына қарай.
Нақты пайыздың мөлшерлеме есептеу жолымен табылады. Номиналды
мөлшерлемеден инфляция қарқыны алынып тасталынады. Кредитордың көзқарасы
тұрғысынан нақтылы пайыздық мөлшерлеме табыстың көзі – несиелеу және
инвестициямен байланысты шығындардың орнын толтырудың негізі болып
табылады. Нақтылы пайыздың мөлшерлеме мынадай құрамдамдас бөліктерден
тұрады: ағымдық шығындар (таратылған қаражаттар құны, әкімшілік пен заңды
шығындар, төлем қабілетсіз қарыз алушылардан келетін шығындар), салық,
тәуекел үшін төлем, пайда.

2.2. Алынған несиелерді өтеу ережелері.

Қарыздар өтеу мезгілі, орны, орналастыру әдістері, қарыз валютасы,
эмитенттер, табыстылық түрлері бойынша ажыратылады. Өтеу мезгілі бойынша:
қысқа мерзімді (бір жылға дейін), орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін),
ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары) болып ажыратылады. Орналастыру орны бойынша
қарыздар ішкі және сыртқы қарыздар болып бөлінеді. Ішкі қарыздардың
облигацияларын шетел азаматтары мен қоғамдар сатып ала алады. Орналастыру
әдістері бойынша: еркін айналатын, жазылу бойынша орналастырылатын және
мәжбүрлеме қарыздар болып ажыратылады.
Банктердің несиелік операциялары, банктердің және клиенттің өзара
қатынастары, қарыз берудің барлық шарттары реттеліп жасалған несиелік
келісім-шарттар негізінде жүзеге асырылады. Несие келісім-шарттың шарттары
коммерциялық банк пен жүргізілетін несиелік саясаттың әрбір нақты сәтіне
байланысты. Ол несиелік тәртіппен байланысты. Қарыз алушылар несиенің
қайтарымдылығын және несиелеудің басқа қағидаларын сақтауды, ал банктер
несиелердің мөлшерін реттеу тәртібі, олардың төлеу мен өтеу шарттарын
қамтамасыз ету тиіс. Несиелік саясаттың құрамдас бөлігі болып пайыздың
саясат табылады. Банк клиентпен бірге жалпы банктік ережелер негізінде
іріленген объектпен құрамын және несиелердің жекелеген объектілерін,
несиенің берілу және өтелу тәртібін, кәсіпорынның меншік және қарыз
қаражаттарын тиімді пайдалану бойынша шараларды, пайда алуға жетуге әрекет
ететін басқа шаралар және де несиелік келісім-шартты сақтандыру жақтары
бойынша міндеттері мен құқықтарын өз беттерінше анықтауға құқылы. Келісім-
шарттың қаншалықты сауатты және негізді құрылуі көбіне банктің клиентке
әсеріне байланысты.
Несиелік – келісім-шартта қарастырылған шарттармен коммерциялық
банктер несиенің пайдалануын бақылауға, инженерлік және басқа тексерулерді
жүргізуге, несиелік келісім –шартты бұзушы қарыз алушыларға экономикалық
әсер етуші шараларды қолдануға міндетті. Несиенің белгіленген мерзімдегі
қайтарымдылығы мен төлемділігі шешуші мәнге ие екені сөзсіз. Бұл
принциптерсіз несие өзінің мәні мен мақсатын жоғалтады.

Қорытынды.

Несие теориясы оның психикалық - заңдылық категория ретінде емес,
қоғамдық – экономикалық категория ретінде қарастырады. Несиені оның
формалды – заңдылық белгілері жағынан оқып - білудің несиелік мәмлені тек
меншіктің қозғалысы әдісінің және оны иеленудің ерекше түрі ретінде түсіну
үшін маңызы бар. Сондықтан несие экономикалық категория ретінде несиелік
мәмленің ерекше психикалық – заңдылық белгілері мен сипаттала алмайды.
Осылайша, несие - өндірістік қатынастарды білдіретін экономикалық
категория. Несие экономикалық категория ғана емес, сонымен қатар тарихи
категория екенін атап өту керек. Ол өндірістік күштердің тек белгілі бір
дамуында пайда болады. Экономикалық категориялар – жалпы тарихи
категориялар. Несиенің және несиелік қатынастардың пайда болуына табиғи
негіз, тауар шаруашылығы болып табылады.
Несиелік қатынастар мазмұны тек қана ақшалай капиталды жинақпен, оны
заңды және жеке тұлғаларға уақытша пайдалануға берумен ғана тұрмайды.
Несиелеу процесінде ұлғайманы ұдайы өндірістік айналымы үшін төлем
құралдарының қосымша массасы құралады. Төлем айналымның аса ауқымды ағымы
төлем төлеушілер мен мекемелер және соңғылары мен алушылар арасында
экономикалық қатынастарды қалыптастырумен қатар, несиелік қатынастар
мазмұнына толықтыра отырып, несие жүйесі арқылы өтеді.
Нсеие жүйесінің елдегі ақша айналымын реттеудегі, заңды және жеке
тұлғаларға әртүрлі қызметтер көрсету барысындағы қалыптасатын экономикалық
қатынастарды да несиелік қатынастар мазмұнына жатқызуға болады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1. Кушербаев Б.П. Банктер және несие алушылар қарым-қатынастарын реттеу.
Автореферат Б.П. Кушербаев – Караганда, 2002 -30 б.
2. Мақыш С.Б. Банк ісі: оқу құралы С.Б.Мақыш, А.Ә. Ілияс. – Алматы:
Қазақ Университеті, 2004 – 240 б.
3. Ақша, несие, банктер: оқулық Жем.ред Ғ.С.Сейтқасымов. – Алматы:
Экономика, 2001 – 464 б.
4. Саниев М.С. Ақша, несие, банктер: оқу құралы М.С. Саниев. – Алматы –
166 б.
5. Кошенова Б. Ақша, несие, банктер: Валеология қатынастары: оқу құралы.
– Алматы: экономика 2000 -328 б.
6. Бахаева А. Коммерциялық банктердің несиелік портфелін басқару
Экономика негіздері – 2005 - №3 – 29 б.
7. Қарымсақов М. Банктің несиелік саясаты. Экономика негіздері. -2005-
№ 2 – 30 б.
8. Банктер- экономикадағы ахуалдың барометрі. заң газеті. – 1998 -25
ақпан.
9. Жандосов О. Ұлттық банктің ақша және несие, валеология саясаты.
Ақиқат – 2005 - № 3- 67 -71 б.
10. Аманжолов С. Қазіргі кездегі ақша – несие саясаты және банкі жүйесін
реформалау Ақиқат - 2004 № 7 – 31 – 36 б.
11. Ақша – несие саясаты Оңтүстік Қазақстан – 2005 – 30 қаңтар – 4 б.
12. Қаржы нарығы Банкы Казахстана – 2005 - № 8 – 2-7 б.
13. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына
жолдауы: Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында.
Оңтүстік Қазақстан .- 2006 . – 4 наурыз (№ 33-34) – 1 – 4 б.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті
Шымкент институты

Қаржы және несие кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Несиелік талдау және несиелеу кезеңдері.

Орындаған:
Тобы: 84-12
Қабылдаған: Сартаев Ә.
Нұрашева К.

Шымкент - 2006 ж.

Жоспар

1. Кіріспе
1.1. Несиенің мәні және қажеттілігі
1.2. Несиенің құрылымы
2.0. Несиенің формалары және түрлері
2.1. Несиенің функциялары
3.0. Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер .

1. Кіріспе.

Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе
жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына
сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық орнын
иемденген әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел
болуын қалаймыз.
Біз қатаң бәсекеге әзір тұрып, оны өз мүддемізге пайдалана білуіміз
крек. Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене
қатыса алады, қатысуға тиісті, өйткені олар біздің жаһандық экономикаға
кіргізуімізге жәрдемдеседі, әрі сол арқылы біздің қолайлы экономикалық –
географиялық жағдайымызға және қолымыздағы ресурстарға сүйенеді.
Мемлекет өз тарапынан іскерлік бастамашылықтан жолындағы заңнамалық,
әкімшілік және бюрократиялық кедергілілерді ысырап тастауға, жеке меншік
капиталдың келешегі үлкен кемел бастамаларына тікелей қолдау көрсетуге
міндетті.
Қазақстанның экономикалық дамуындағы сапалық серпелісті әлемдік
экономикаға кіргізудің қажетті шарты ретінде пайымдау отырып, мен мынадай
бағыттарға баса назар аудару керек деп санаймын.
Қазақстанның өңірлік және халықаралық экономикалық бірлестіктер мен
ассоциациялары қатысуы жолымен халықаралық экономикаға кірігуі.
Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене
қатыса алады және қатысуға тиіс, мұның өзі біздің жаһандық экономикаға
кірігуімізге жәрдемдеседі, әрі біздің экспорттаушыларымызға қолдау
көрсетеді.
Өңірлік серіктестікке келгенде біз едәуір аз ЭҚ шеңберінде өзара
тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге және Біртұтас экономикалық кеңістікті
қалыптастыруға одан әрі септесе беру ниетіндеміз.
Сонымен қатар Бүкілдүниежүзілік банк, еуропа Қайта Құру және даму
банкі, Азия даму банкі және таяуда құрылған Еуразия даму банкінің
жобаларына баса назар аудару керек.
Қазақстанды экономикалық жаңарту мен халықаралық рыноктарда бәсекеге
қабілеттілігін нығайтудың қосымша құралы ретінде БСҰ – ға кіруі жолындағы
келіссөз үдерісі тоқтаусыз жүргізіліп жатыр. Республиканың сыртқы сауда
режимін реттейтін заңдарының едәуір бөлігі қазірдің өзінде БСҰ нормаларына
сәйкес келтірілді немесе Парламентте талқылану үстінде.
Несие – нарықтық экономиканың тірегі ретінде, экономикалық дамудың
ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілермен қатар,
мемлекет те, үкімет те, сондай –ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалаудың экономикалық негізі
Қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалау туралы
Қарыз алушы кәсіпорынның несиелік қабілетін бағалау көрсеткіштері
Несиелік қаблетті бағалау
Казкоммерцбанк АҚ-дағы қарыз алушының несиелік қабілетін талдау
Несие қабілеттілікке әсер ететін факторлар
Қарыз алушының несиелік қабілеті туралы түсінік және оның маңызы
Коммерциялық банктерде қарыз алушы клиенттің несиелік қабілетін талдау тәжірбиесі («Қазақстан халық банкі» ақ-ның мәліметтеріне сүйене отырып)
Қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалау
Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың теориялық негізі
Пәндер