Компания туралы



Өзен кенорнының ашылуы- Батыс Қазақстан байлығын игерудегі үлкен жетістік болды. Өзен кенорнының улкен кенорындарының бері болып аталуының өзіндік себептері бар:
• Мұнай қорының молдығы
• Қорының тығыздағы жағынан Башқұрстан мен Татарстан кенорынан жоғары тұруы.
• Мұнайының таза әрі күкіртсіз болуы-химия өнеркәсібі үшін аса бағалы шикізат болып табылады. Соның ішінде синтетиқалық сілтілермен әр түрлі полимерлер түрін алуға қолайлы. (полиэтилен, полипропилен т.б.).
• Кенорнының салыстырмалы түрде терең болмауы (1140-2300м) бұрғылау жұмыстарына қолайлы.
• Жер бедерінің біркелкілігі (кейбір ойдым- ойпаттарға қарамастан тегіс) оны игеруге жақсы жағдай жасайды.
Өндіріс орталықтарынан қашық орналасқан бұл өндірде кәсіпшілік аралық мұнай жинап тасымалдаудың үлкен жүйесі салынды. 1965 жылдың 10 шілдесінде Жаңаөзен пайдалануға берілген Мақат-Ақтау-Өзен теміржолы арқылы Өзен- кенорнынан өндіріл-ген мұнай Атырау мұнай өндеу зауытына алғаш жөнелтілді: 2 жылда ұзындығы 1450 километр “Өзен-Самара” ыссы мұнай құбыры салынды. Жол қатынасының ашылуы мұнай өндіруді тездетті. Аймақ бойынша мұнай өндіру 5 жылда 330 мың тоннаға артып, 1965 жылдан 1970 жылға дейін 10,4 млн тоннаға жетті. 1977 жылы Қазақстан бойынша мұнай шикізатын өндіру 23,3 млн. тоннаға жетсе, оның 16 млн. тоннасы Өзен кенорнынан өндірілді.1968 жылы мұнайшылар қаласы- Жаңаөзен салынды.
Қазір онда 70 мыңнан астам халық тұрады. Қаланың инфроқұрылымы мен базасы – мұнай өндіруді молайтуға лайықтанылып салынған.
Өзен кенорны алғаш ашылған кезден бастап-ақ-мұнай өндіруде, оған ғылыммен техниканың ең соңғы озық жетістіктері мен отандық және шетелдік озық әдістерді пайдалануда Қазақстанның мұнай кенорындары арасында жетекші роль атқарып келеді.
Әйтседе, осындай кенорындарға тән бірқатар қиыншылықтармен игеріліп бастаған кезден кезігуге тура келді.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Компания туралы

Өзен кенорнының ашылуы- Батыс Қазақстан байлығын игерудегі үлкен
жетістік болды. Өзен кенорнының улкен кенорындарының бері болып аталуының
өзіндік себептері бар:   
• Мұнай қорының молдығы   
• Қорының тығыздағы жағынан Башқұрстан мен Татарстан кенорынан жоғары
тұруы.   
• Мұнайының таза әрі күкіртсіз болуы-химия өнеркәсібі үшін аса бағалы
шикізат болып табылады. Соның ішінде синтетиқалық сілтілермен әр түрлі
полимерлер түрін алуға қолайлы. (полиэтилен, полипропилен т.б.).   
• Кенорнының салыстырмалы түрде терең болмауы (1140-2300м) бұрғылау
жұмыстарына қолайлы.   
• Жер бедерінің біркелкілігі (кейбір ойдым- ойпаттарға қарамастан тегіс)
оны игеруге жақсы жағдай жасайды.
Өндіріс орталықтарынан қашық орналасқан бұл өндірде кәсіпшілік аралық мұнай
жинап тасымалдаудың үлкен жүйесі салынды. 1965 жылдың 10 шілдесінде
Жаңаөзен пайдалануға берілген Мақат-Ақтау-Өзен теміржолы арқылы Өзен-
кенорнынан өндіріл-ген мұнай Атырау мұнай өндеу зауытына алғаш жөнелтілді:
2 жылда ұзындығы 1450 километр “Өзен-Самара” ыссы мұнай құбыры салынды. Жол
қатынасының ашылуы мұнай өндіруді тездетті. Аймақ бойынша мұнай өндіру 5
жылда 330 мың тоннаға артып, 1965 жылдан 1970 жылға дейін 10,4 млн тоннаға
жетті. 1977 жылы Қазақстан бойынша мұнай шикізатын өндіру 23,3 млн. тоннаға
жетсе, оның 16 млн. тоннасы Өзен кенорнынан өндірілді.1968 жылы мұнайшылар
қаласы- Жаңаөзен салынды.
      Қазір онда 70 мыңнан астам халық тұрады. Қаланың инфроқұрылымы мен
базасы – мұнай өндіруді молайтуға лайықтанылып салынған.
      Өзен кенорны алғаш ашылған кезден бастап-ақ-мұнай өндіруде, оған
ғылыммен техниканың ең соңғы озық жетістіктері мен отандық және шетелдік
озық әдістерді пайдалануда Қазақстанның мұнай кенорындары арасында жетекші
роль атқарып келеді.
      Әйтседе, осындай кенорындарға тән бірқатар қиыншылықтармен игеріліп
бастаған кезден кезігуге тура келді.
      Өзен кенорыны өте күрделі геологиялық-өндірістік жағдаймен
сипатталады. Оның ішінде негізгілері- бастапқы қабат температурасына жақын
температурада қатып бастайтын қабат мұнайының құрамындағы парафиннің жоғары
мөлшері (25%); кенорының көпқабатты сипаты- мұнай кенішіпің литологиялық
әркелкілігі, қабат мұнайының тұтқырлық қасиеті, мұнайдың газбен қанығу
қысымының бастапқы қабат қысымына жақын болуы.
      1993 жылдың басында Қазақстан үкіметі Әлемдік даму, қайта құру
Банкімен (МБРР) Өзен кенорнын қалпына келтіру жөнінде көмек сұрады. Банк ел
үкіметінің өтінішін құп алып , кенорын қалпына келтіру мүмкіндіктерін білу
мақсатында зерттеу жұмыстарын жүргізді: “Өзен кенорнын қалпына келтіру
жобасы” деп аталатын маңызды құжат дүниеге келді. Оның мақсаты мұнай
өндіруді арттыру және кенорны шеккен зардапты жоюға көмектесу, жұмыс
жасайтын мамандарды жаңа әдіске үйрету, кенорнына шетелдік инвестрлардың
қызығушылығын арттыру еді.
      Жобалану басты бағыты- кәсіпорын басшысының басқару стилін өзгерту.
Соның ішінде өндірістің өзі өндірген өніммен өндірістік жабдықтарды өзінің
иелік етуі. Осы мақсатта 1994 жылы дербес “Өзенмұнагаз” өндірістік
берлестігі құрылып , 1996 жылы ол “Өзенмұнайгаз” ААҚ-ға айналды.
      Алынған шешімнің дұрыстығы көрінді. 4 жылда мұнай өндірудің
төмендеуін тоқтатып қана қоймай оны 3 млн тонна деңгейінде көтеріп, тұрақты
қалыпта ұстау дәрежесіне қол жеткізді.
      1997 жылы “Өзенмұнайгаз”-да елеулі өзгеріс болды. Қоғам акциясының 90
пайызы “Қазақойл” ұлттық компаниясына өтті.(қазіргі “Казмұнайгаз” жабық
акционер қоғамы) Нарықтық құбылмасы кезеңінде тәжрибесі, білікті “Қазақойл”
мамандары “Өзенмұнайгаз” ААҚ экономикасына көп көмек жасады.
      “Өзенмұнайгаз” ААҚ-і тек Маңғыстау облысы ғана емес, республика
аймағындағы бюджеттік- экономикалық негізі берік кәсіпорын десе асыра
айтқандық болмайды. Өзен мұнайшыларының тұрақты қызметіне көп нәрсе
байланысты.
      “Казмұнайгаздың” аймақтардағы еншілес серіктестерімен, соның ішінде
өзендіктермен арағыжаңа байланыстары өз жемісін беруде. Ең алдымен
экспортқа шығыратын мұнайдың квотасы жылына 3,5 млн.тоннадан жоғары өсуі
және мұнай бағасының әлемдік рынокта қымбаттауы экономикаға оң ықпал етіп
отыр. Оның үстіне “Казмұнайгаз”- ұлттық компаниясының көмегімен бұрын ауыл
шаруашылығы жұмыстары үшін берілген жанар-жағар май қарыздары, басқа да
өнімдердің есебі дұрыс реттеліп, бере жақтары қайтарылып, есеп-қисап
жұмыстары жолға қойылы бастады. Бүгінде алыс шетелге жіберлетін мұнай үшін
төленетін төлем- алдын ала төленеді. Экспорт квотасының өсуі-“Өзенмұнайгаз”
ААҚ экономикасының айығатүсуіне оң ықпал етіп отыр. Соның әсерінен көптеген
проблема шешім тапты. Ең бастысы- кәсіпорын қарыздарынан құтылды.
      Жаңаөзен мұнайшылары сабақтас кәсіпорындармен арадағы байланысты
жақсартуда алдымен электр және жылу энергиясын өндіріп отырған-МАЭК пен
байланысқа назар аударады. Түрікменстан мен Өзбекістан газ беруін тоқтатқан
себептен де оған Каз ГПЗ-дан құрғақ газ жіберу ұлғая түсті. Бұл аймақтын
энергияға қажеттілігін өтеуге оң ықпал етіп, энергетиктермен арадағы
іскерлік байланыстар мен өзара қарым-қатынастарды келісім-шарт негізінде
айқындап, орындауға негіз қалауды.
      Бірқатар қиындықтарға қарамастан “Өзенмұнайгаз” ААҚ ешқашан да өзінің
қайырымдылық қызметтерінен бас тартқан емес. Әркез облыспен Жаңаөзен
қаласының қажеттеріне қолғабыс етіп келеді. Қала әкімдігімен “Өзенмұнайгаз”
арасындағы Бас келісім негізінде барлық муниципалды қызмет көрсету қалалық
әкімшілікке беріліп, қаланың тұрмыстық-әлеуметтік нысандарын қаржыландыру
жалғасуда. Қалаға берілетін ауыз суды тазартатын француздың “Дегремон”
компаниясының “МУД-720”қондырғысы, жергілікті жердегі сауысқан суын кұтыға
құйатын линия жүйесі қоғамның көмегімен құрастырылып, іске қосылды.Әлемді
тәжрибеде алдын-ала жоспарлауға негізгелген кешегі Қеңес одағы экономикасын
бірден рыноктың салаға көшіру тәжрибесі болмаған. Бұл орайда, бұрынғы
Одаққа қарап келгендерге қолда бар стратегиалық қор ресурстарының пайдасы
мол болды.
      Мұнай- Қазақстан үшін сондай маңызға ие өнім.Мұнай- тек бір ғана
өндірістік саланың, соның ішінде “Өзенмұнайгаз” ААҚ-ның игілігі деп қарамау
керек. Ол-халық байлығы, мемлекетпен қоғамның стратегиалық қоры деп білген
жөн.

Тарихы

• Маңғыстаудың мұнай байлығын жергілікті халық ерте кезден білген.
Қарасаз, Тасбас жерлеріндегі жер бетіне шығып жатқан мұнайды олар тұрмыста
отын ретінде пайдаланған.    
• 1934-1941 жылдары Алексейчик деген геолог Маңғыстаудың геологиялық
картасын жасап, оның Мұнайлы аудандарының болашағын жоғары бағалаған..
Тұңғыш рет Өзеннің кенді қойнауына назар аударып, оның жазба нұсқасын
жасаған.    
• 1959 жыл КСРО мен Қазақ ССР-ы геология Министрлігінің экспорттық-
геологиялық кеңесінде Маңғыстау жарты аралынан мұнай, газ кенорын
іздестіру, барлау жұмыстарын жүргізуге шешім қабылданды.    
• 1960 жылдың 5 қантарында бұрғышы шебер Ғазиз Әбдіразақов қазып жатқан К-
18 скважинасынан Өзен кенорының алғашқы газ фонтаны алынды.
• 1961 жылдың 15 желтоқсанында Өзен алқабында М.Кулебякиннің бригадасынан
алғашқы мұнай фонтаны атқылады.    
• Бұл күн тарихта Өзен кенорнының ресми ашылуы болып қабылданған.    
• 1994 жылы 16 қарашада ҚР мұнай, газ Министрлігінің №24 бұйрығымен
Жаңаөзен қаласында бұрынғы “Маңғыстаумұнайгаз”-дың 24 бөлімшесі негізінде
“Өзенмұнайгаз” өндірістік бірлестігі құрылды.    
• 1996 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасы мен мемлекеттік мүлік
жөніндегі аймақтық комитеттің №4001-5 санды шешімімен бұрынғы
“Өзенмұнайгаз” өндірістік бірлестігі “Өзенмұнайгаз” ААҚ болып қайта
құрылды.

Қызмет аясы

Қазіргі кезеңде “Өзенмұнайгаз” ААҚ- “Өзен”, “Қарамандыбас” кенорындарынан-
Мұнай, Ақтас, Оңтүстік Жетібай, Тасболат, Батыс Теңге, Өзен және
Қарамындыбас , Шығыс Өзен сияқты 7 газ кенорынның, газ кеніштері . Қызмет
аясы мынадай:
Қазыргі уақытта ӨзенМұнайГаз келесі жұмыстарды жүргізеді:    
• Скважина бұрғылау    
• Скважиналарға қызмет көрсету    
• Скважиналарды күрделі жөндеу    
• Газ өндеу    
• Мұнай кәсіпшіліктері нысандарын салу    
• Қалаға және технологиялық қажеттерге су жеткізу
“Өзенмұнайгаз” ААҚ-наң иелігінде –1961 жылы ашылып, 1965, 1973 жылдарда
игерілген геологиялық құрамы күрделі, құрамы сан-алуан (парафині-29
пайызғы) асфальттық-смолалық қоспалары-20 пайызға жуық және 32 градус
жылылықта қататын қасиеті бар-мұнай қоры мол ”Өзен”, “Қарамандыбас”
кенорындары бар. Кенорнының өнімді қабаты 6 горизонттарда (XIII-XVIII)
орналасқан
      Ол-мұнай қорының 95 пайызын құрайтын 50 мұнай қабатынан тұрады. Бұдан
басқа кезекте (резерв) тұрған Хумурын, Солтүстік-Батыс, Тасмурын, Шығыс
және Батыс Қарамдыбас сияқты XIX-XXIV горизонттарда орналасқан кенорындары
анықталды
      Мұнайлы қабаттар өткізгіштігі 10мД-дан 1500 мД-ға дейін өзгеретін
әркелкі, негізінен өте сазды құм және алевролиттен тұрады. Негізігі
қабаттар (XIII-XVIII) бойынша бастапқы баланстық мұнай қорының 58%-і төмен
өткізгішті-10-120 мД аймақтарда шоғырланған. Аталған қор өндірілуі қиын
қорға жатады
      Осы аталған кенорындардан басқа тағы да газ және газды конденсатты 5
кенорын (Оңтүстік Жетібай, Батыс Теңге, Ақтас, Тасболат, Шығыс Жетібай)
игерлуде

Компанияның құрылымы

Бас компания- "КазМұнайГаз" жабық акционерлік қоғамы Қазақстан
Республикасының астанасы-Астана қаласында орналасқан. Ол “Өзенмұнайгаз” ААҚ-
ның бірден-бір акционері. Бас компания 2002 жылдың ақпан айында бұрынғы
“Қазақойл”мен “Мұнай, газ тасымалдау” ұлттық компаниялары негізінде
құрылды.

“Өзенмұнайгаз” ААҚ-“Казмұнайгаздың”бөлімшесі, Батыс Қазақстанда,
Маңғыстау түбегінде офисі Жаңаөзен қаласында орналасқан.

Мекен жайы

466207, Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы, Сәтбаев көшесі. 3 үй
Тел: (32934) 73200, факс: 73286
e_mail:pomoshnik@umg.tnsplus.kz
web-сайт:www.umg.kz

Кен орын картасы мен мұнай газ өндіру

Өзен кенорын- ҚР Маңғыстау облысында орналасқан. Каспий теңізінің Шығыс
жағалауында орналасқан Ақтау қаласынан шамамен 150 км жерде.
• Өзен кенорны-үлкен аумақты алып жатыр. (ұзындығы-37, көлдеңі-9 километр
көлемге жетеді.    
• Мұнай кенішпері 1050-1950 метр тереңдікте орналасқан    
• Мұнай қабаты 12 горизонттар турады    
• Қуыстылығы 21-24% пайыз    
• Өткізгіштігі-0,179-0,276 мкм 2    
• Қабаттың температурасы-58-84 оС    
• Қабаттың қысымы- 10,8-18,0 МпаМұнайдың химиялық құрамы барлық
горизонттар бойынша бірдей.    
• Tұтқырлығы 3,7-4,7 спз.    
• Құрамындағы парафин 22%    
• Құрамындағы асфальттық-смолалық заттар 20% пайызға дейін.    
• Қату температурасы - 30-32 оС    
• Меншікті салмағы 0,85гсм3.
Өзенмұнайгаз ААҚ-ның 2002 жыл бойына өндірген мұнай көлемі 4883 мың.
тонна болып, жоспардан 8,5 %, 2001 жылмен салыстырғанда 746 мың тонна мұнай
артық өндірілген. Ал тәуліктік мұнай өндірудің орташа мөлшері 13378,1
тнтәул. Өнімнің сулануы – 80 %. Бір скважинаның тәуліктік орташа мұнай
өнімі (Qм) - 4,64 тнтәул., сұйықтық өнімі (Qс) - 23,3 тнтәул. Барлығы
2002 жыл бойына 24476 мың. тонна сұйықтық өндірілді.

Кенорынды игеріп бастағаннан бері 2003 жылдың 1 қаңтарына дейін 6179
скважина бұрғыланды, оның қәзіргі уақытта 1113-і жойылып, ал 12-і су алу
скважиналарына жатады. Бақылау қорына 213 скважина жіберілген. Мұнай өндіру
скважиналары бойынша пайдалану қорында 3462 скважина болса, су айдау
скважиналары 1379. Әрекеттегі қорда 3170 мұнай өндіру және 1110 су айдау
скважиналары бар.

Мұнай және газ конденсатын өндірудің динамикасы (мың. тонн)

Болашақта газ өндіру көлемі 2003 жылы 950,3 млн.м3, 2004 жылы
884,2 млн.м3, ал 2005 жылы - 830,1 млн.м3 болып жоспарланып отыр.

Кенорынды барлау және бұрғылау

Кенорынды игеру жүйесін тиімді ұйымдастыру мақсатында 2001-2005 жылдар
бойына кенорынды игеру жүйесін орнына қалыптастыру белгіленіп, 700
пайдалану скважиналарын, оның ішінде 387 мұнай өндіру және 313 су айдау
скважиналарын бұрғылау жоспарланып отыр. Ал, жалпы жер қойнауын ұңғылау
көлемі 875 мың шаршы метрден кұралады. Алайда, скважиналарды қарапайым
құрылым негізінде төменгі белдеуде бұрғылау тиімсіз болып табылды.
Сондықтан кәдімгі скважиналарға қарағанда, мұнай өндіруді бір тәртіпке
арттыратын көлденең бұрғыланған скважиналар жағдайы қарастырылуы керек.
Осыған байланысты 2002-2005 ж.ж. жалпы бұрғылау көлемінен жыл сайын ең азы
дегенде 3-5 мұнай скважиналарын жоғарыда көрсетілгендей бұрғылау
қарастырылып отыр.

2002 жылы Өзен кен орында бұрғылау жұмыстары жүргізіліп жоспарланған 90
скважинаның, 90 пайдалану скважиналарының, оның ішінде 71 мұнай өндіру және
19 су айдау скважиналарының құрылысы бітті (9 скважина су айдау қорына, 1
скважина су айдау қорынан мұнай қорына ауыстырылды). Осының нәтижесінде,
жер қойнауын ұңғылау жалпы көлемі 119005 шаршы метрді құрап отыр, бұл
көрсеткіш жоспарланған көлемнен 6505 шаршы метр артық. Орындалысы, жер
қойнауын ұңғылау бойынша 105,9 % және скважиналар құрылысы бойынша 100 %
құрады. Осынығң ішінде ЖШС Бұрғылау күшімен 76 скважина пайдалануға
беріліп, 98680 шаршы метр бұрғыланды, ал СБжКЖБ күшімен 14 скважина, 20325
шаршы метр бұрғыланды.

Жаңа технологялар

Өзен кен орнын қайтадан қалпына келтіру бағдарламасының негізі болып
табылатын бір тарауы жаңа технология көмегімен мұнай өндіруді қарқындандыру
әдістерін айдынды енгізу.
Осыған байланысты, қәзіргі уақытта Өзен және Қарамандыбас кенорындарында
жер қабатының мұнай беруін көтеруге арналған әр түрлі әдістер қолданылады.

2002 жылғы ұйымдастыру-техникалық шараларына сәйкес, жер қабатының мұнай
беруін арттыру үшін келесі жаңа технологиялар мен техникаларды енгізу
мақсатында өндірістік-тәжірбиелік сынақтар өткізілді:
·      Депрессиялы перфорация технологиялары ·      ТБХӨ
(термобарохимөңдеу) ·      Жер қабатын гидрожару технологиясы ·     
Тігілген полимерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаражанбасмұнай СІТІС ААҚ
Холдингті компаниялардың және олардың қатысуымен компаниялардың бірігуі
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ТӨЛЕНЕТІН ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ СЫЙАҚЫЛАР
Компания капиталының құрылымы мен құны
Компания капиталы
Компания капиталының құрылымы
12 IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ
“Евразия” Сақтандыру компаниясы” Акционерлік Қоғамы
14 IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ
Тауарлар мен қызметтерді жылжытудың негізгі әдістері
Пәндер