Қашаған бидің пәтуәлі сөздері



Албан руының ертеректе жайлайтын жері қазіргі Қаскелең маңынан бастап Қытай жеріндегі Жұлдыздыға дейін екен. Елдің билері мен беделді адамдары Жанғабыл, Жәмеңке, Ұзақ, Дәркембай, Серікбай, Малай, Солтанбек, тағы басқалар бір-біріне хабарласып, ұйымдасып, Қашағанға жылына екі-үш рет келіп сәлемдесіп өз руларының арасындағы болған жағдайлардан мағлұмат беріп, ел билеу, ел басқару жөнінде ақыл-кеңес алып тұратын болыпты. Бір жылы қыс қатты болып, жердің шалғайлығына байланысты, Албанның игі жақсылары бас қоса алмай, Қашекеңе сәлем беруді кешіктіріп шыққанда бір-бірімен хабарласып, биге сәлем беруге барады. Ол кезде Қашекең ауылы Қарқара жайлауын және Шырғанақтың басы Көктөбені жайлайды екен. Келгендер мал-жан амандығын сұрасып, ыстық күнде далада біраз отырып қалады. “Үйге кіріңдер” деген сөз естілмеген соң, Жанғабыл жанында тұрған Қашағанның атқосшысына.
Бала дейін десем, шашың аппақ,
Шешен дейін десем, сөзің шатпақ.
Өлтіресің бе мына Албанның
Игі жақсыларын күнге қақтап? – дегенде Қашағанның тоқалы Келеке шығып: “Үйге кіріңдер, қайныларым. Ағаларыңа көптен бері келіп сәлем бермегендіктен күнге қыза түссін деп, наздық қып үйге кіргізбеген едім” дейді. Барлығы дуылдасып: “Ағадан кешірім сұрадық, сіз де кешіріңіз”, – деседі. Үйге кіріп жайланып отырғаннан кейін Жанғабыл Қашекеңе былай деп сұрақ қойыпты:
Кедей байды қай уақытта билейді?
Қатын ерді қай уақытта билейді?
Сөз қай уақытта құлазиды?

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қашаған би*

Н. Нұрғалиұлы., Е. Байбарақұлы

Қашаған бидің пәтуәлі сөздері**

Албан руының ертеректе жайлайтын жері қазіргі Қаскелең маңынан бастап
Қытай жеріндегі Жұлдыздыға дейін екен. Елдің билері мен беделді адамдары
Жанғабыл, Жәмеңке, Ұзақ, Дәркембай, Серікбай, Малай, Солтанбек, тағы
басқалар бір-біріне хабарласып, ұйымдасып, Қашағанға жылына екі-үш рет
келіп сәлемдесіп өз руларының арасындағы болған жағдайлардан мағлұмат
беріп, ел билеу, ел басқару жөнінде ақыл-кеңес алып тұратын болыпты. Бір
жылы қыс қатты болып, жердің шалғайлығына байланысты, Албанның игі
жақсылары бас қоса алмай, Қашекеңе сәлем беруді кешіктіріп шыққанда бір-
бірімен хабарласып, биге сәлем беруге барады. Ол кезде Қашекең ауылы
Қарқара жайлауын және Шырғанақтың басы Көктөбені жайлайды екен. Келгендер
мал-жан амандығын сұрасып, ыстық күнде далада біраз отырып қалады. “Үйге
кіріңдер” деген сөз естілмеген соң, Жанғабыл жанында тұрған Қашағанның
атқосшысына.
Бала дейін десем, шашың аппақ,
Шешен дейін десем, сөзің шатпақ.
Өлтіресің бе мына Албанның
Игі жақсыларын күнге қақтап? – дегенде Қашағанның тоқалы Келеке
шығып: “Үйге кіріңдер, қайныларым. Ағаларыңа көптен бері келіп сәлем
бермегендіктен күнге қыза түссін деп, наздық қып үйге кіргізбеген едім”
дейді. Барлығы дуылдасып: “Ағадан кешірім сұрадық, сіз де кешіріңіз”, –
деседі. Үйге кіріп жайланып отырғаннан кейін Жанғабыл Қашекеңе былай деп
сұрақ қойыпты:
Кедей байды қай уақытта билейді?
Қатын ерді қай уақытта билейді?
Сөз қай уақытта құлазиды?
Ат қай уақытта ариды?
Жер қай уақытта көгереді,
Ер қай уақытта көгереді? – дейді.

Сонда Қашаған би ойланып отырып:

Кедей байды билейді мал кеткен соң,
Қатын ерді билейді хал кеткен соң,
Сөз құлазиды білімді шал кеткен соң,
Ат ариды арықтап, арқадан жал кеткен соң,
Жер көгереді жылылық кеп, бетінен қар кеткен соң,
Ер көгереді адал еңбекпен маңайдан тер төккен соң, – дегенде
Жанғабыл: “Көп тыңдап, аз сөйлейтін жүйрігім-ай, дұрыс шештің!” деген екен.
Ережеп қария айтатын: “Қашаған жатқан бір арыстан еді. Арыстанға
тиіспесең ол саған тиіспейді ғой. Қашекеңе де жанасып, сұрақ қойып отырмаса
көп сөйлемейтін адам еді. Сондықтан, көбінесе, адамдар бұйымтайларын айта
отырып әділ жауабын алатын еді”, – дейтін.
Топтың ішінен Жәмеңке: “Қашеке, көп тыңдап, аз сөйлейтін болдыңыз. Ол
қалай?” – дейді. Сонда Қашекең: “Біз болсақ таудан түсіп келеміз, сендер
болсаңдар таудың басына шығып барасыңдар; кезінде жағым талғанша сөйледім,
аяғым талғанша жүрдім. Енді сөз де, жол да сендердікі. Жастардың жұмысына
не жастың жайсаңы, не кәрінің сайтаны араласады. Енді менікі – тыңдау,
сендердікі – сөйлеу”, – деген екен.
– “Қашеке, сіз 18 жасыңыздан билікке араласып, 50 жылдай билік
құрып, елдің қадірлісі болдыңыз. Сонда дау не туралы болды, оны
қалай шештіңіз?” – дегенде ол: “Даудың ішінде көбірек болатыны
барымта дауы, жесір дауы, жер дауы. Оны былай шешіп отырдым. Егер
ұры-барымташы жарлының жалғыз атын алып қолға түссе, жарлының
атын қайтарып бергізіп, оған қосымша ұрының астындағы атын
аударып әперіп, ұрының руына айып салып, тентегін тезге салдырып
отырдым. Ал жесір дауы болса, жесірдің алдына үш таңдау қойдым:
бірінші – төркініне қайтасың ба; екінші – келген жеріңде қаласың
ба; үшінші – басқа жерге барасың ба? Осы үшеуінің таңдағанын
қанағаттандырдым. Егер баласы болса, қайда барса да, мал-мүлкін
өзіне қалдырдым. Егер баласы болмаса, басқа жерге барамын десе,
мал-мүліктің жартысын алуына билік жасадым. Ал жер дауы ру мен
рудың арасында болса, оны шешу де, билік айту да оңай. Егер дау
ұлт пен ұлттың арасында болса, оны шешу қиын. Ол даумен басталып,
қан төгіспен аяқталуы мүмкін.
Бұл жөнінде сөзіміз дәлелді болу үшін мына жайды қосымша айтуды жөн
көрдік. 1858 жылы Қашқария сапарына кетіп бара жатып Иірсу өзенінің бойында
демалып жатқан Шоқан Уәлихановтың қосынына өзінің жауынгерлерін бастап
келген Базарбай Тасболатұлы жолығады. Сонда қалмақ пен қытайдың 8
дивизиясы Қарқара жерін жаулап алуға келгендігін, соларға қарсы соғысқа
аттанып бара жатқандығын айтады.
Қарқара жері үшін қырғыздармен де жиі қақтығыстар болып тұрса керек.
Жер дауын шешу үшін қырғыздың Боранбай сұлтаны бастаған билері Албан биі
Қашағанның алдына мынадай шарт қояды: қырғыз, қазақ болып сайыскерімізді
шығарайық, егер сайыскердің бірі өліп кетсе, арты дауға айналмасын, құны
жоқ болсын. Егер қырғыздың сайыскері түсіріп кетсе Жұлдыздыдан бастап,
Сарытаудың бойымен Кеген өзенін жағалап, Қулық тауының етегімен, кеңсу
өзенінің бойымен, Тобылғытының асуымен қырғыздың жері болсын. Егер қазақтың
сайыскері түсіріп кетсе – жоғарыда айтылған жерге қосымша Тобылғыты асуынан
Түп өзенінің бойындағы Санташ пен Шыбынды сайдың басымен, Арпалы текшесі,
сырт түгелдей қазақтікі болсын деп келіседі.
Бұл сайыс ел жайлауға шықпай тұрғанда көктемде, Қарқара жайлауында
өтетін болады. Екі жақ қыстай өздерінің сайыскерлерін дайындайды. Келісім
бойынша көктемде қырғыз, қазақтар Қарақара жайлауының жазығына жиналады,
батыс жағына қырғыздардың Бұғы руы, шығыс жағына Албандар отырады. Ел
жиналып болған соң қырғыз жағынан есік пен төрдей сарыала атын ойнақтатып
үстіне сауыт, басына дулыға киген қолына қалқан ұстаған жігіт ағасы
найзасын жарқылдатып ортаға шығады. Мұның ешкімнен жеңіліп көрмеген Торғай
батыр екенін білетін қазақ сайыскерлерінің ешбірінің жүрегі дауалай
қоймайды. Сонда Қашаған айқайлап: “Жерден айрылу – елден айрылу деген өз.
Бұл сайыс жер үшін сайыс, қазақтың бір қатыны осыған лайық ұл таппап па?!”
– дейді. Сонда Қызылбөрік Ерсарыұлы Алмабек: “Мен шығамын!” – деп
айқайлайды. Сол кезде жасы он сегізде екен. Албан руының ақсақалдары: “ Сен
әлі жассың, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әйтеке бидің қоғамдық-саяси көзқарасы
Қазақ билерінің шешендік сөздері
ХІХ ғасыр ақындары туындыларындағы заман бейнесі
МЕДЕУ СӘРСЕКЕЕВТІҢ ҚАЗАҚТЫҢ ҚАНЫШЫ РОМАН - ЭССЕСІН МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУ
Батыс Қазақстан өңірінің фольклоры (әпсана-хикаяттар, аңыздар, шешендік сөздер, тарихи өлеңдер, тарихи жырлар, айтыстар, дастандар)
Доспамбет жыраудың толғаулары
Жыраулардың өлең құрылымы негізінен толғау
Қазақ ойшылдары дін туралы пәні семинар сабақтың әдістемелік нұсқауы
Тіл - ел қазынасы
ТІЛЕНШІҰЛЫ ШАЛГЕЗ (ШАЛКИІЗ)
Пәндер