Жылқы өсіру әдістері



Жылқы тұқымдарын жақсарту, асылдандыпу жұмыстары жылқы өсіретін барлық шаруашылықтарды жүргізілуі тиіс. Ал жылқы әрі жүйрік, әрі жұмысқа шыдамды болуы үшін оны жақсы азықтандырып, күтумен қатар, сынау, асылдандыру жұмысын дұрыс бағытта жүргізе білудің мәні зор.
Жер жағдайы бірдей, жылқыны азықтандыру мен күтімінде айырмашылығы жоқ, бір тұқымды жылқы өсіріп отырған екі шарушылықтың жылқы өсірудегі нәтижесі, экономикалық көрсеткіші мал тұқымын асылдандыру жұмысының дәрежесіне байланысты әр түрлі болып келетіні жиі кездеседі. Ал жылқы тұқымын асылдандыру жұмысының өзі әр шаруашылықта халық шаруашылығының қажетінен туындайтын мемлекеттік жоспарды басшылыққа ала отырып, сол жердің табиғи жағдайы мен шаруашылық мүмкіндіктеріне сәйкес келетін жылқы шаруашылығының негізгі бағытын белгілеуден басталады.
Қазақстанда жылқы шаруашылығы негізінен үш бағытта өркендеп келеді. Олар: асыл тұқымды және спорт жылқысы; жұмысқа қолданылатын көлік жылқысы, етті – сүтті жылқы шаруашылығы.
Қазақстанда жылқы саны, өнімнің үлесі, бағатын аймағының көлемі жағынан тебінде өсірілетін жергілікті қазақ жылқысын өсіру шаруашылығы бірінші орын алады.
Жылқы өсіру әдістері. Жылқы тұқымын асылдандыру ісінде сол шаруашылыққа лайықты өсірілетін жылқы тұқымын белгіленгеннен кейінгі негізгі мәселе – жылқы өсірудің неғұрлым тиімді әдісін таңдай білу.
Жылқы шаруашылығында шағылыстырылатын аталық және аналық жылқылардың тұқымына байланысты жылқы өсіру әдісін екі түрге бөледі. Олар – таза тұқым өсіру және будандастыру.
Егер бір жылқы тұқымын өзара шағылыстырып өсіретін болсақ оны таза тұқым өсіру, яғни таза өсіру деп атайды. Бұл әдіс асыл тұқымды жылқы шаруашылығында бағалы жылқы тұқымдарын одан әрі жетілдіре түсу үшін қолданылады.
Будандастыру әдісі деп тұқымдары бөлек жылқыларды (екі түрлі жылқы тұқымын бір-бірімен) шағылыстыруда айтамыз . Ал бұдан алынған құлынды будан дейді.
Будандастырудың өзі алға қойылып отырған мақсатқа және тиісті нәтижесіне байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Жылқы шаруашылығында қазір будандастырудың мынадай түрлері қолданылып жүр. Сіңіре, өндіре, қан араластыру арқылы кезекпен және өнеркәсіптік жолмен будандастыру. Міне, осылардың әрқайсысына жеке тоқталып кетейік.
Таза тұқым өсіру. Жылқы өсірудің бұл әдісі асыл тұқымды жылқы шаруашылығында тұқымдық мал өсіру үшін қолданылады делік. Себебі бір тұқымның жылқылары өзінің өнімдік бағыты мен мөлшері, жалпы биологиялық және нәсілдік қасиеттері жағынан бір бағытта жүргізілетін көп жылғы сұрыптау, жұп таңдау жұмыстарына және тегінің бірлігіне байланысты бір-бірімен көптеген ұқсастықтары болады. Осыған орай оларды шағылыстырылып отырған жағдайда бұл ұқсастық ұрпақтан ұрпақққа көшіп көбейе береді, олардың өздеріне тән биологиялық және шаруашылыққа тиімді қасиеттерінің ұрпақтарына көшу қабілеттілігі арта түседі.
1. Жылқы шаруашылығы , Б.Р Әкімбеков, Б.М. Мүслімов, А.Р.Әкімбеков, Ш.Д. Дәленов ,Қостанай 2007 ж.
2. Жылқы шаруашылығы , И.Қ. Жәлелұлы, Алматы 2009 ж .
3. Түркістан журналы, 20 Наурыз 2014, Әмин Әкімбеков, ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, Аманкелді Тұрабаев, а.ш.ғ. кандидаты, Қайрат Исхан, а.ш.ғ. кандидаты

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жылқы өсіру әдістері.

Жылқы тұқымдарын жақсарту, асылдандыпу жұмыстары жылқы өсіретін барлық
шаруашылықтарды жүргізілуі тиіс. Ал жылқы әрі жүйрік, әрі жұмысқа шыдамды
болуы үшін оны жақсы азықтандырып, күтумен қатар, сынау, асылдандыру
жұмысын дұрыс бағытта жүргізе білудің мәні зор.
Жер жағдайы бірдей, жылқыны азықтандыру мен күтімінде айырмашылығы
жоқ, бір тұқымды жылқы өсіріп отырған екі шарушылықтың жылқы өсірудегі
нәтижесі, экономикалық көрсеткіші мал тұқымын асылдандыру жұмысының
дәрежесіне байланысты әр түрлі болып келетіні жиі кездеседі. Ал жылқы
тұқымын асылдандыру жұмысының өзі әр шаруашылықта халық шаруашылығының
қажетінен туындайтын мемлекеттік жоспарды басшылыққа ала отырып, сол жердің
табиғи жағдайы мен шаруашылық мүмкіндіктеріне сәйкес келетін жылқы
шаруашылығының негізгі бағытын белгілеуден басталады.
Қазақстанда жылқы шаруашылығы негізінен үш бағытта өркендеп келеді.
Олар: асыл тұқымды және спорт жылқысы; жұмысқа қолданылатын көлік жылқысы,
етті – сүтті жылқы шаруашылығы.
Қазақстанда жылқы саны, өнімнің үлесі, бағатын аймағының көлемі
жағынан тебінде өсірілетін жергілікті қазақ жылқысын өсіру шаруашылығы
бірінші орын алады.
Жылқы өсіру әдістері. Жылқы тұқымын асылдандыру ісінде сол
шаруашылыққа лайықты өсірілетін жылқы тұқымын белгіленгеннен кейінгі
негізгі мәселе – жылқы өсірудің неғұрлым тиімді әдісін таңдай білу.
Жылқы шаруашылығында шағылыстырылатын аталық және аналық жылқылардың
тұқымына байланысты жылқы өсіру әдісін екі түрге бөледі. Олар – таза тұқым
өсіру және будандастыру.
Егер бір жылқы тұқымын өзара шағылыстырып өсіретін болсақ оны таза
тұқым өсіру, яғни таза өсіру деп атайды. Бұл әдіс асыл тұқымды жылқы
шаруашылығында бағалы жылқы тұқымдарын одан әрі жетілдіре түсу үшін
қолданылады.
Будандастыру әдісі деп тұқымдары бөлек жылқыларды (екі түрлі жылқы
тұқымын бір-бірімен) шағылыстыруда айтамыз . Ал бұдан алынған құлынды будан
дейді.
Будандастырудың өзі алға қойылып отырған мақсатқа және тиісті
нәтижесіне байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Жылқы шаруашылығында қазір
будандастырудың мынадай түрлері қолданылып жүр. Сіңіре, өндіре, қан
араластыру арқылы кезекпен және өнеркәсіптік жолмен будандастыру. Міне,
осылардың әрқайсысына жеке тоқталып кетейік.
Таза тұқым өсіру. Жылқы өсірудің бұл әдісі асыл тұқымды жылқы
шаруашылығында тұқымдық мал өсіру үшін қолданылады делік. Себебі бір
тұқымның жылқылары өзінің өнімдік бағыты мен мөлшері, жалпы биологиялық
және нәсілдік қасиеттері жағынан бір бағытта жүргізілетін көп жылғы
сұрыптау, жұп таңдау жұмыстарына және тегінің бірлігіне байланысты бір-
бірімен көптеген ұқсастықтары болады. Осыған орай оларды шағылыстырылып
отырған жағдайда бұл ұқсастық ұрпақтан ұрпақққа көшіп көбейе береді,
олардың өздеріне тән биологиялық және шаруашылыққа тиімді қасиеттерінің
ұрпақтарына көшу қабілеттілігі арта түседі. Мұның негізінде, яғни жылқы
тұқымын таза өсірген тұқымқуалаушылық, нәсілдік қасиеттерінің ( генотипінің
) гомозиготтық дәрежесініің көбейе түсетіндігін көреміз. Мысалы, араб
жылқысының айғыры тек сол тұқымның биелерін қашырады. Алайда таза өсіру
әдісін қолдануды тек сол тұқымның барлық белгілерін сақтауға тырысу деп
түсінуге болмайды. Жұптастыру үшін ның бір тұқымының ішінен ең жақсы
дегендерін таңдай отырып, ол тұқымды бұдан былай да жетілдіре беру жағын
көздеу керек. Мұндай әдіс асыл тұқымды жылқы зауыттарында, асыл тұққымды
шаруашлық фермаларында қолдануға тиіс. Бірақ оны бір жылқы зауытында ұзақ
уақыт қолдануға болмайды. Мұның өзі сол тұқымның нашарлауына алып келеді.
Сондықтан мұндай жағдайды болдырмау үшін басқа шаруашылықтардан айғыр алып,
қан араластырып, жаңартып отырған жөн.
Кезінде әйгілі Восход , Луговой т.б. асыл тұқымды жылқы
зауыттары тек таза тұқымды өсіру арқылы жылқы малын жақсартып, керемет
сәйгүліктер өсірді. Мысалы : Восход асыл тұқымды жылқы зауытында туып
өсірілген тобылғы торы Анелин таза текті салт мінетін тұқымының айғыры
1965,1966 және 1967 жылдары Кельн қаласында (ФРГ) үш дүргін Европа жүлдесін
жүлдесін жеңіп алған. Ал Луговой жылқы зауытындағы ахалтеке тұқымының
Абсент деген сұлу қара айғыры Республикамыздың ғана емес, бүкіл еліміздің
мақтанышы болды. Ол Римдле өткізілетін олимпиада да алтын жүлде алғаны ,
ал Мехикода ғасырымыздың алдыңғы сәйгүлігі атанғаны мәлім.
Таза тұқым өсіру әдісінің табысты болуына мына төмендегі басты
шарттарға байланысты болады:
1. Өнім беруі сол шаруашылықтың бағытына, ал биологиялық қасиеттері
жағынана жергілікті жер жағдайына, ауа райына сәйкес келетін жылқы тұқымын
таңдай білу.
2. Берілген жылқы тұқымының тиімді әрі ұнамды типін таңдап алу.
3. Өзінің өнімділік және тұқымдық қасиеттері жағынан негізгі мақсатқа
сай келетін малдардың ең жақсы түрлерін жүйелі түрде сұрыптап өсіру.
4. Іріктеп алынған жылқылардан бір-бірінен неғұрлым лайықты аталық
және аналық жұптарын топтастыру, яғни жұп таңдау.
5. Жылқы тұқымының биологиялық ерекшеліктері мен өнімділік
қасиеттерінің толық дамуына қолайлы болатындай мал азықтандыру, бағып –
күту , машықтандыру жағдайын жасау.
Таза тұқымды өсіру әдісінің табысты болуы күрделі аталық із өсіруде
пайдалана білуге байланысты.
Аталық із арқылы (линиялап) өсірудің мәні мынада, яғни жылқы тұқымын
өнімділік және нәсілдік қасиеттеріне қарай топтарға бөліп, оларды жылқы
тұқымын жақсарту мақсатында ретті пайдалану. Жылқы шарушылығы тәжірибесінде
бұл топтарды аталық із (зауыттық линия ), аналық ұя деп атайды. Ататлық із
деп өнімі мол тұқымдық айғырдың шаруашылықа пайдалы тамаша қасиеттері
жағынан өзіне ұқсас ұрпағын айтамыз, ал аналық ұя деп, оысндай аналық
бастан тараған ұрғашы ұрпақты айтамыз. Жылқы тұқымын асылдандыру
тәжірибесінде негізінен аталық ізбен жұмыс жүргізіледі. Зауыттық аталық із
жасау, шаруашылыққа пайдалы тамаша қасиеттері бар айғырлар іріктеп алып,
олардың бүкіл ұрпағын мұқият тексеруден басталады.
Таңдап алған айғырдың аталық із қалыптастыру мына тәртіппен
жүргізіледі:
А ) ұрғашының сапасы бойынша тексерілегн, өз өнімі жақсы, бағалы
айғырды дене бітімі мен жұмысқа деген қабілеті сол айғырға ұқсас биелермен
шағылыстырады.
Ә) алынған төлдің тек атасына ұқсас өнімділерін одан әрі өсіру үшін
іріктеп алады.
Б) аталық іздің негізін салған айғырғы тән қасиеттерді оның ұрпағына
көшіріп нығайта түсу үшін оның өзінен тараған, әрі өзіне таратқан ұрғашы
байталдардың ең таңдаулыларын сол айғырдың өзімен немесе атасы бір, енесі
бөлек , сол аталық ізге тән қасиеттері жақсы жетілген айғырлар мен биелерді
шағылыстырған жөн. Бұлай шығылыстыру туыстас өсіру ( инбридинг) деп
аталады. Инбридинг шаруашылыққа пайдалы ізге тән ерекше қасиеттердің
нәсілдік факторының тез арада белгілі бір жүйеде қалыптасуына мүмкіндік
береді. Мұны генетикалық тұрғыдан түсіндіретін болсақ, туыстас малдарды
өзара шағылыстырғанда геналельдерінің біркелкіліг артып , генотипінің
гомозиготтығы көбейеді., гомозиготалық малдардың саны молаяды. Басқаша
айтқанда, бір ізге жататын жылқылар неғұрлым бір типті, нәсілі текті
түседі.
Егер жоғарыда айтылған туыстас жылқыларды шағылыстырудан алынған
құлындардың басым көпшілігінде ізге тән ерекше өнімдік қасиеттер сақталса,
сондай-ақ аталық айғырға ұқсас қасиеттерін ұрпағына толық бере алатындай
бірнеше тұқымдық айғыр алынса, із толық құрылды деп есептеуге болады.
Аталық із құрылғаннан кейін де, аталық ізді одан әрі жетілдіру иүшін
де туыстас өсіру әдісі жиі қолданылады. Бірақ ізбен өсірудің екінші
сатысында шығылыстыратын малдардың тұқымындағы ара қатынасы үш-төрт атадан
жақын болмау керек. Бұлай болмаған жағдайда, әсіресе туыстық ара қатынасы
жақын жылқыларды шағылыстырғанда алынған төлдің әлсіз болуы, өнімнің
төмендеуі, сондай- ақ залалды мутациялардың (тегінде болмаған жаңа
қасиеттердің ) көбейіп кетуі ықтимал.
Малдың тұқымдық ара қатынасыеың жақындығын Шапа – руже үлгісі арқылы
білуге болады. Бұл схема бойынша аналық саты, сонан кейін аталық саты жағы
жазылады. Туыстығы жақын деп айғырдың ұрғашы ұрпағы мен , биені еркек
ұрпағымен шағылыстыруды айтады. Бұндай жақын туыстас өсіру I-II, II-I, II-
II және II-III индекстерімен белгіленеді.Ал аталары үшінші, төртінші
сатыда кездесетін болса, орынды туыстас өсіру деп санап III-III, IV-III, IV-
IV индекстерімен белгіленеді. Басқалары туыстығы алшақ деп (III-V, IV-V, V-
IV, V-V және басқа) саналады.
Туыстас өсірумен қатар әр түрлі аудбредтік аталық және аналық жұптар
құрастыру әдісін пайдалану асыл тұқымды жылқы өсіру жұмысына өте керекті
жәй.
Энгелер (1975) бойынша алшақ туыстас өсіруге қарай аудбредтік
шағылыстыру моделі төмендегідей болып келеді.
• Аудбредтік аталық Х аудбредтік аналық = аутбридинг;
• Инбредтік аталық Х аудбредтік аналық = топкросс;
• Аудбредтік аталық Х инбредтік аналық = боттомкросс;
• Инбредтік аталық Х инбредтік аналық = инбред – лайнкросс.
Туыстас өсірудің залалды әсерлері инбредтік депрессия деп аталады.
Сондықтан туыстас өсуру әдісі тек асыл тұқымды жылқы өсіруші
шаруашылықтарда ған рұқсат етіледі. Оның өзінде туыстас өсіруге күйі жақсы,
дене бітімі мықты жылқылар ғана жіберіледі. Сондай- ақ, олардың өздеріне
және ұрпағына жақсы күтім ұйымдастырылуы қажет. Туыстас өсіру арқылы
алынған төлдер мұқият тексеріліп, іріктеуден өткізіледі. Дене бітімі мен
денсаулығы нашарлай бастағандығы байқалған жылқылардың қай- қайсысы да
туыстас өсірілуге жіберілмейді.
Будандастыру – малдың тұқымқуалаушылық және өзгергіштік құбылыстарына
қарай ықпал ететін халықтың ежелден қолданып келегн әдісі. Жылқы өсірудің
бұл әдісі шаруашылықтардың тауарлы жылқы фермаларында кең түрде
қолданылады. Өйткені бұл фермалар өнімді барынша көп өндіру мақсатын
көздейді. Сонымен қатар, жылқыны мұқият сұрыптау және белгілі бір бағытта
іріктеп жұптау арқылы жаңа тұқымын алуға болады.
Будандастрығанда екі тұқымның қасиеттері қосылып , жаңа нәсілдік
қасиеті бар немесе әр түрлі өнімдік қасиеттерінің жаңа бірлестігі бар будан
жылқы аламыз. Осы алынған сапалы ұрпақты дұрыс азықтандырып, күтіп бағу
арқылы керекті төл өсіріледі, мұндай будандар өте мықты, өнімді, өскелең
келеді. Мәселен, орлов желісті жылқысының айғыры мен қазақ жылқысының
биелерін будандастырып, солардан туған будандарды жайылымда үйірлеп өсірсе,
олар орлов жылқысына қарағанда жергілікті жағдайға төзімді келеді, сондай –
ақ осы будандарды тек қорада күтіп- өсірген жағдайда орлов жылқысына қарай
бейімделеді.
Өндіре, яғни зауыттық будандастыру. Бұл әдіс екі немесе бірнеше тұқым
негізінде жаңа тұқым шығару мақсатымен қолданылады. Жылқы тұқымының
көпшілігі, мәселен, орлов желгіш жылқысынан бастап будандастырудың осы түрі
арқылы шығарылған. Іріктеп алынған жылқы тұқымдарын будандастырудың өзі
өндіре және күрделі будандастыру болып екіге бөлінеді.
Өндіре будандастыру – селекционердің алдына қойған мақсатына,
будандастырылатын жыфлқы тұқымдарының ерекшеліктеріне және т.б. жағдайларға
байланысты әртүрлі болады. Мысалы, буденный тұқымының жылқысы дон жылқысын
таза текті салт мінетін жылқы тұқымымен будандастыру арқылы шығарылды. Ал
орлов жылқысын өсіріп шығаруда сол кездегі жылқылардың ең жақсы деген
тұқымдары пайдаланылған және жылқы қорада, әрі жайылымда бағылып, жем- шөп
мейлінше мол берілген. Мұнда жылқының жұмысқа жарамдылық сапасын үнемі
сынап, тексеріп отрыудың үлкен мәні бар.
Өндіре будандастыруға тән ерекшелік, әсіресе жұмыстың бастапқы кезінде
будандастыруды қатаң сұрыптау болып табылады. Және бұл әдіс ғылыми
селекционердің басқаруымен жоспарлы түрде белгілі бір жылқы
шаруашылықтарында жүргізілуі тиіс.
Сіңіре будандастыру. Бұл әдіс жергілікті жерде өсіріліп отырған жылқы
тұқымының өнімдік қасиеттері халық шаруашылығының бүгінгі қажетін өтей
алмаған жағдайда қолданылады. Жергілікті жылқы тұқымын жақсарту үшін
пайдаланылған тұқымды жақсартқыш тұқым деп атайды. Сіңіре, яғни аудара
будандастыруды қолданғанда селекционер барлық жағынан жақсартқыш тұқымының
тобына ұқсас жылқы шығаруды көздейді. Сіңіре будандастыруды қолданғанда
жергілікті жылқының биелерін және кейінгі ұрпақтардың байталдарын
жақсартқыш тұқымдардың айғырларымен шағылыстырады. Жақсартылатын жылқы
ұрпағы жоғары сапаға жеткенше осылай жақсара береді.
Будандастыру кезінде есте ұстайтын бір мәселе жергілікті жылқы
тұқымының пайдалы қасиеттерін жоғалтып алмау, мүмкіндігінше жақсартушы және
жақсартқыш тұқымдардың пайдалы қасиеттерін олардың ұрпағында дұрыс
ұштастыру.
Сіңіре будандастыру нәтижелі болуы үшін жақсартқыш тұқымды дұрыс
таңдай білудің маңызы үлкен. Жақсартқыш тұқымның өнімділік қасиеттері жақсы
болуымен қатар, оның биологиялық ерекшеліктері мен сол жердегі сыртқы орта
жағдайының арасында аса үлкен қарама- қайшылық болмау керек. Әр ұрпақтың
төлдерін мұқият сұрыптау сапалы жұп таңдау, дұрыс азықтандыру, күтіп бағу
жұмыстарын жүргізіп отыру ды жақсы тшқым алудың кепілі. Сіңіре будандастыру
әдісі республикада 30- жылдары көп жүргізілген. Жергілікті жылқылар дон
және таза текті салт мінетін жылқылардың айғырларымен жақсартылып,
кавалерияда қолданылды.
Қан араластыру немесе кіріспе будандастыру жалпы өнімділік қасиеті
жақсы дамыған жергілікті жылқы тұқымының кейбір кемшілктерін жою үшін және
кейбір өнімділік белгілерін жедел, тез арада жетілдіру үшін қолданылады.
Бұл әдісті қолданғанда жергілікті өсіріліп отырған тұқымның негізгі өнімін
бұзбауға тырысады. Бұл араластыру әдісі ойдағыдай нәтижелі болу үшін,
жергілікті тұқымның жылқысын жақсартқыш тұқыммен бір-ақ рет шағылыстырудан
туған бірінші ұрпақтың будан байталдарын қайтадан сол жергілікті тұқымның
айғырларымен жұптап будандастырады. Жақсартқыш тұқым өзінің өнімділік
қасиетінің негізгі бағыты жағынан жергілікті жылқыға жақын келуі және
оларда жетіспейтін қасиеттер жақсартқыш тұқымда жақсы жетілуі шарт. Бұған
қоса, будандарды әр уақыт мұқият сұрыптап, жұп құрып отыру қажет.
Мысалы, қазақтың жылқысын жақсарту үшін орыс ауыр жүк тартатын жылқы
тұқымымен қан араластыру арқылы қазақ жылқысының сапасын жақсартуға
болатындығын профессор Ю.Н. Барминцевтің деректерінен көреміз. Осы әдіспен
алынған будандардың тірідей салмағы артып және жергілікті қазақ жылқысының
тұқымына тән ерекшеліктері (ауа райына төзімді келу, шыдамдылық, жұмысқа
қабілеттілік ) сақталынады.
Қан араластыру әдісін асыл тұқымды жылқы шаруашылықтарында да,
өндірістік шаруашылқтарды да қолдануға болады.
Асыл тұқымды жылқы шаруашылықтарында қан араластыру әдісін
пайдаланудағы негізгі мақсат – жаңа зауыттық із құру. Осы із арқылы жалпы
жылқы тұқымын жақсарту.
Өнеркәсіптік будандастыру. Мұндай әдіс көбінесе жылқының өнімділігін,
жұмысқа төзімділігін немесе спортқа бейімділігін арттыру мақсатында
қолданылады. Көбінесе тек бірінші ұрпақ будандарын алумен шектеледі.
Сондықтан бірінші ұрпақтың будандары төл алу үшін қайта пайдаланылмайды.
Өнеркәсіптік будандастырудың гетерозистік құбылысы жиі кездеседі.
Гетерозисті будандар тез жетілгіш, ірі өміршең, төзімді, жақсы
бордақыланады. Барлық жағдайы бірдей болғанның өзінде гетерозистік будандар
таза тұқымдарға қарағанда өнімді көп артық береді. Мәселен, Ақтөбе
облысындағы Кеңқияқ совхозында жүргізілген ғылыми және тәжірибе жұмысына
қарағанда, жергілікті қазақ жылқысының биесін ауыр жүк тартатын дон-
буденный жылқыларының айғырларымен будандастырудан алған бірінші
будандардың 3,5 жастағы тірідей салмақтары жергілікті малдан 50-130 кг
артық болатыны байқалды.
Мұндай будандар ірі, етті және сүтті болады. Сондай-ақ зауыттық жылқы
тұқымдарынан көп төзімді келеді.
Бірақ гетерозис құбылысы кез келген тұқымдарды будандастырудан көріне
бермейді. Оның өзі көбінесе будандастырылатын екі тұқымның нәсілдік
қасиеттерінің сәйкес келуіне байланысты болады.
Будандастыру үшін әкелінген зауыттық айғырларды мал дәрігерлік
бақылаудан өткізіп отырған жөн. Себебі олар тебінде жүріп пироплазмоз,
пододермамит және басқа ауруларға шылдығуы мүмкін. Шағылыстыру науқаны
кезінде бұл айғырларға жем беріп жақсы азықтандырмаса, олардың салмақтары
азайып және жыныстық қасиеттері де төмендеп кетеді.
Зауыттық айғырларды қысқа қарай қорада ұстап, зоотехникалық норма
бойынша жем- шөп беру керек.
Кезек будандастыру. Бұл әдіс бойынша үш жылқының тұқымы кезек-кезек-
ауыстырылып будандастырылады. Бұдан алынған будандар сыртқы ортаға
бейімдігі мен жалпы өнімділігі жағынан өздерінің ата-енелеріне қарағанда
артып түседі. Мұнда гетерозис құбылысын будандардың бірнеше ұрпағына дейін
сақтап қалуға болады. Мысалы, екі тұқымды ("х"және "у") кезек будандастыру
керек делік. Ол үшін әуелі "х" тұқымының айғырымен "у" тұқымның биелерін
шағылыстыру арқылы бірінші ұрпақ будан алынады. Олардың еркегін етке
тапсырады, ал ұрғашысын іріктеп алып "у" тұқымының айғырымен
будандастырады. Екінші ұрпақ байталдарын қайтадан "х" тұқымның айғырларымен
шағылыстырады. Әр қарай екі тұқымның айғырларын осылай алма кезек ауыстырып
пайдаланады. Сөйтіп, келесі ұрпақ әр уақытта таза тұқымды айғырдың
қатысуымен алынады. Мұндай әдіс бірнеше ұрпақ гетерозис будандарын алуды
қамтамасыз етеді.
Жоғарыда екі-ақ тұқым қатыстырылатын кезек будандастырудың қарапайым
тәртіьбін сөз еттік. Кейінгі кезде үш немесе одан да көп жылқы тұқымдары
қатысатын күрделі кезек будандастыру әдістері шаруашылықтарда жиі қолданып,
оның тиімділігі дәлелденді. Мысалы, салт мініс жылқы шаруашылығынды
жергілікті жылқы тұқымдары таза текті салт мінетін жылқы тұқымымен
будандастырылады. Ал кейінгі жылдары дон, буденый және қовтанай тұқымының
айғырларымен де шағылыстыру қолданылып жүр.

Жылқыларды ұрықтандыру тəсілдері

Шағылыстыру науқанын ұйымдастыру. Жылқыладың шағылысқа түсетін уақыты.
Жылқылардың жыныстық жетілуі 1,0- 1,5 жасынан басталады, бірақ шағылысқа
оларды 3 жастан бұрын қоспайды. Жылқылардың шағылыстыру жастары олардың
жетілуі мен тұқымдарына байланысты: биелерді бірінші рет 3-4 жасарында, ал
айғырларды 4-5 жастарында ғана шағылыстыруға қосады.
Тебінде үйірлеп бағылатын жергілікті жəне ауыр жүк тартатын
тұқымындағы жылқылар баяу жетіледі, ал таза қанды мініс жəне желісті
тұқымындағы жылқылар өте тез жетіледі. Тез жетілген жылқылар тез дамиды да,
жыныстық жетілуі кемеліне тез жетеді, бірақ ерте қартайады. Айғырлар
биелерге қарағанда тез жетіледі, бірақ биелерге қарағанда қолданылуы
ұзағырақ болады.
Кəртеміс жылқылардың жұмыскерлігі, өсіп-өнгіштігі, тұқымының сапасы
төмендейді, орта жастағы жылқылар (9-12 жас) жақсы өсіп-өнеді, сонымен
бірге олар өте жақсы сапалы тұқым береді. Ауыр жүк тартатын жылқылардың
тұқымға жəне жұмысқа пайдаланылуы 18 жылға дейін созылады, ал мініс жəне
желісті жылқыларды 20-25 жылға дейін пайдалана беруге болады.
Шағылыстыруды өткізу мерзімдері. Шағылыстыру науқаны ат қорада күтіп-
бағылатын зауыттық жылқыларды ақпанның 15-нен шілденің 1-не дейін, ал
тебінде үйірлеп жыл бойы табиғи жайылымдарда өсірілетін жылқыларды
наурыздың 1-нен тамыздың 15-не дейін шағылыстырады. Жылқы өсіретін
шаруашылықтардың экономикалық жағдайлары мен табиғаттың ауа райына
байланысты бұл белгіленген мерзімдердің өзгеруі мүмкін.
Барлық шаруашылықтарда биелердің құлындауын көктемгі далалық жұмыстар
басталмас бұрын аяқтау үшін жəне құлындардың енесінен айырғанға дейін өсіп
жетілуі үшін биелерді ерте шағылыстырған жөн.
Биелерді ұрықтандыру тəсілдері. Жылқы шаруашылығында биелерді
ұрықтандырудың үш тəсілі қолданылады, олар: қолдан шағылыстыру, қорада
немесе қамауда шағылыстыру жəне үйірде шағылыстыру, сонымен бірге жасанды
ұрықтандыру (бұл тəсіл алғашқы рет жылқы шаруашылығында қолданылған). 98
Шарушылақтың жылқы өсірудегі бағытына байланысты бұлардың кез келгенін
қолдануға болады
Қолдан шағылыстыру − зауттық жылқыларды ат қорада бағатын
шаруашылықтарда жиі қолданылады. Сынақ кезінде күйіттеуші айғырлардың
көмегімен күйі келген биелерді табады. Мəдени-тебінді жылқы шаруашылығында
аралас шағылыстыру тəсілі қолданылады
Жылқыларды қолдан шағылыстырғандағы жастары 4-12 жас аралығындағы
айғырларға жүктеме биелер 35-40 бас. Айғырлардың шауетінің сапасы мен жалпы
күйіне қарай, оған қосылатын биелердің сандарын көбейтіп немесе азайтып
отыруға болады. Шағылыстыру науқанына алғашқы рет түсіп отырған 3-4 жастағы
айғырларға жүктеме биелер 15-20 бас қана болуы керек.
Үйірде шағылыстыру − жылқы үшін табиғи нəрсе жəне ол биелердің түгел
құлындауына əсер етеді. Күйі келген биелерді айғырлар өздері ұрықтандырады.
Жылқыларды үйірде шағылыстырған кездегі айғырларға жүктеме биелер: əрбір
ересек тұқымдық айғырға 20-25 бие, ал жас жəне сақа айғырларға 12-15 бие.
Қорада шағылыстыру − үйірде шағылыстыруға жаттықпаған айғырларды
пайдаланғанда немесе жергілікті биелердің тұқымын зауыттық мініс жегу
айғырларымен жетілдіру қажет болған жағдайларда қолданылады.
Жасанды ұрықтандыру − басқа да мал шаруашылығы салаларындағыдай жылқы
шаруашылығында жақсы асыл тұқымды аталақ малдарды барынша ұзақ мерзімге əрі
ұтымды пайдалануға толық мүмкіндік береді
Тұқымдық айғырдың пайдалану мөлшерін ұрықтандыру тəсіліне, жасына жəне
денсаулығының жағдайына байланысты белгілейді. Айғырдың жұмыс мөлшері мен
оларға жүктеме биелерді белгілегенде, оның бұдан бұрынғы тұқымдық
пайдаланылуын, жасын, денсаулық жағдайын жəне шауетінің сапасын ескереді
Ұрықтың сапасын анықтау. Айғырдың ұрығын шағылыс маусымының алдында үш
күн бойы күніне екі рет, ал шағылыстыру науқаны басталған кезде айына бір
рет алып тексереді. Биелерді қолдан ұрықтандырғанда ұрықты күнде биеге
салар алдында тексереді. Ұрықты көлеміне, құрамына, қозғалысына жəне
ұрықтың тірі қалу қасиеттері мен қабілеттілігіне қарап бағалайды.
Эякуляттың көлемін (мл), өлшегіш цилиндрмен не стаканмен, ұрықтың құрамын
стандартпен, қозғалысын көз шамамен анықтайды.
Құрамы мен қоюлығына қарай ұрықты: тығыз ұрық (500 млн.), орташа (300-
400 млн.) жəне сирек ұрық (250 млн.) деп бөледі
Қозғалысы (активтілігі). Ұрықтың қозғалысы баллмен анықталады (0,1-ден
1,0-ге деген). Ұрықты қозғалысына қарай: белсенді алға басқан, тербелген,
манежді қозғалысты жəне қозғалыссыз деп бөледі. Ұрықтың тірі қалғыштығын
тек араласқан ұрықтардың сағат өлшемімен анықтайды. Бұл үшін уақыт
белгілейді де, сол уақыт аралығында 39-40°-та микроскоптың көмегімен
ұрықтын белсенді алға қозғалатынын бақылайды.
Айғырдың қалыпты ұрығы сүт түстес сұрғылт реңді, иісі жоқ болады.
Ұрықтың орташа көрсеткіштері: эякулятының көлемі 15-20 мл, құрамы қыс
уақытында 1 мл-де 300-400 млн. ұрық жəне шағылыстыру кезеңінде 1 мл-де 1000-
2000- млн. ұрық болады. Ұрықтың алғашқы қозғалысы 0,35 жəне жоғары (35,0-
80,0%) градуста глюкоза қоспасындағы ұрықтың тірі қалуы 35-60 сағат.
Биенің жыныстық циклдары. Биеде жылына бірнеше рет жыныстық циклдар
байқалады. Күйі жəне дамылдау кезеңінен тұратын бір циклдің ұзақтығы 21-22
күн. Ең жоғарғы жыныс белсенділігі бірінші күйітте биелер құлындаған соң 5-
7 күннен көрінеді. Күйіттің биелердегі ұзақтығы 7-10 күн. Күйіттің ұзақтығы
жəне дəрежесі биелердің жеке ерекшеліктеріне, физиологиялық жағдайларына,
денсаулығына, бағу жағдайларына байланысты өзгеріп отырады
Биенің күйіт дəрежелері мынадай:
бірінші дəреже (Ох') − бие айғыр жақындағанда жайбарақат, ешқандай
күйітік белгілерін білдірмей тұрады;
екінші дəреже (Ох'') − бие айғырды жақындатып құйрығын көтереді, бұл
кезде оның сыртқы жыныс органдарының бұлшық еттерінің тартылып-жиырылуы
байқалады;
үшінші дəреже (Ох''') − жоғарыда көрсетілген белгілерге қосымша айғыр
жақындап барғанда бие артқы аяғының арасын ашып, несеп шығарады;
төртінші дəреже (Ох'''') − екінші жəне үшінші дəрижеде көрсетілген
белгілеріменен қоса, бие айғыр иіскегенде оған қарай еңкейеді жəне айғыр
артылғанда жайбарақат тұрады;
дамыл кезі − айғыр жақындап барғанда күйі келмеген бие құлағын
жымқырып алып тепкілеп, маңайына жақындатпайды.
Биелердің шағылыс мезгілдері. Қысыр қалған немесе жас биелерді алғашқы
рет шағылыстыру алдында, шағылыстыру мерзімі100 басталғаннан бір күннен
кейін санайды, ал құлындаған биелерді құлындаған соң 5 күннен кейін күйіті
келгенше күн сайын сынап отырады.
Күйттің 3-ші, 4-ші дəрежесінің сыртқы белгілері жақсы көрінгенде
биелерді шағылыстыруға не қолдан ұрықтандыруға жібереді жəне мұны əр 24-48
сағат сайын күйі қайтқанша қайталай береді.
Биелердің күйі аяқталғаннан кейін 9-10 күн өткен соң шағылыстырған
жəне ұрықтандырылған биелерді қайталап сынақтан өткізеді. Бұл сынақ
биелердің буаздығы əбден анықталғанша өткізіледі. Күйі қайталаған кезде
əдеттегінше ұрықтандырады. Ұрықтандыру жəне шағылыстыру біткеннен кейін,
қайтадан күйіттің белгісін білдірмейтін биелерді 35-40 күннен кейін
реактальді əдіспен буаздығын тексереді.
Қысыр қалған биелерді күйі келгенше сынақтан өткізе береді, күйі
келгенде шағылыстырады, яғни ұрықтандырады. Күйіттің сыртқы белгілерін
білдірмейтін не күйі ұзаққа созылатын (12 күннен асқаннан кейін) қысыр
биелерді мал дəрігері қарайды жəне одан əрі биені дəрігердің нұсқауы
бойынша ұрықтандырады.
Шағылыстыру пунктінің меңгерушісі шағылыстыру науқанының журналын
жүргізеді, журналға биенің құландаған күнін, тойтарыс берген (дамылдаған)
күнін жəне қолсұғу (реактальды) əдістегі зерттеудің нəтижелерін белгілейді.
Шартты белгілер: Ж-күйітті жоқ, Ох'''-күйіті үшінші дəрежелі, Ш-
шағылыстырылды, Т-тойтарыс берді.
Шағылыстыру жəне үйір кітапшасы (тебінді жылқы шаруашылығында) бірінші
құжат болып саналады, өйткені оның мəліметтері бойынша биенің құлындайтын
уақытын жəне төлдің ата- тегін анықтайды.
Биелерді овуляцияға дейін фолликулланың жетілуінің үшінші жəне
төртінші сатысында шағылыстырады немесе ұрықтандырады. Ұрықтандырылған не
шағылыстырылған биелерді 24-48 сағаттан кейін овуляциясы болмаса, қайта
ұрықтандырады. Овуляциядан кейін биелерді ұрықтандырмайды.
Биенің буаздығы негізінен 11 айға (335-336 күн) созылады жəне
азықтандыру, бағып-күту жағдайына, құлындау уақытына, тұқымдық түріне жəне
жеке ерекшеліктеріне байланысты ауытқып отырады. Биелер ұрғашы құлындардан
гөрі еркек құлындарды 1-2 тəулік ұзақ көтереді.
Биелердің буаздығын ерте диагностика жасағанда қолсұғар, қынапты жəне
гормональды əдістермен анықтайды. Оның ішінде анағұрлым практикалық маңызы
бар əдіс - қолсұғар əдісі болып табылады. Оның көмегімен биенің буаздығын
ұрықтанған соң 30-35 күннен кейін анықтайды. Бұл əдіс ұрық көпіршіктердің
өсуі салдарынан жатыр көлемінің өсуіне негізделген.
Буаздықтың алғашқы кезінде ұрық көпіршігі тек жатыр айдарының түбін
(негізін) созады. Ол ұлғая келе, жатыр айдарын түгел толтырады. Ұрық
көпіршігінің ауырлығынан жатырдың көп бөлігі аналық безін жəне жатыр мен
аналық бездері ілініп тұрған тарамыспен қоса ішек астының құрғақ қуысына
қарай түседі. Бұл өзгерістер əр түрлі буаздық мезгілдерінің ерекшеліктеріне
қарай өзгеріп отырады.
Қынапты зерттеу − қолсұғар əдіске қосымша болып есептеледі жəне қынап
айнасының көмегімен жүргізеді. Буаз биелердің қынап қабырғасының жабысып
тұру себебінен, олардың қынаптары қосылған болып келеді. Айнаны қынапқа
енгізгенде олар қарсылық білдіреді. Қынаптың жəне жатыр мойнының кілегейлі
қабаты бозарған, құрғақ, жылтырамайды. Кілегей аз, əрі өте қою жəне
жабысқақ болып, қысқа жəне жуан жіптер сияқты созылады.
Кілегейдің түсі сұрғылт-ақ. Жатырдың мойны ортасынан оңға не солға
жəне төмен қарай ығысқан. Фомасы емізік тəріздес-конус болады. Мойын
каналының тесігі тығыз жабылған жəне көп жабысқақ кілегей тығынмен
толтырылған (буаздықтың ең анық белгісі). Бұл белгілер буаздықтың 30
күнінде байқалып, құлындағанға дейін болады.
Буаз биелерді күтіп-бағу. Құлынға деген аялы қамқорлық анасының
құрсағында жатқан кезден басталады. Буаз биелерді қоректілігі мол азықпен,
шөппен, жеммен, өсімдік тамырларымен, витаминге (əсіресе каротинге) жəне
минералды заттарға бай азықтармен толық қамтамасыз ету керек.
Буаздықтың бірінші жартысында ұрықтың ұлпалары мен мүшелерінің
қалыптасуы жүреді. Бұл кезеңде буаз биелердің азығы витаминдер мен
микроэлементтерге бай болуы қажет, ал дұрыс толық азықтандырылмаған
жағдайда тұйық іш тастауға əкеп соғады. Буаздықтың екінші жартысында жетіле
бастаған ұрықтың қаңқалық салмағы үдемелі өседі, жаңа туған құлында ол
тірілей салмағының 31,0% құрайды. Биенің кальций мен фосфорға деген
қажеттілігі артады.
Буаздықтың соңғы айларында ұрықтың бұлшық еттерінің өсуі күшейеді де,
белокты заттарға қажеттілігі арта түседі. Бұл уақытта буаз биелерді құнарлы
протеинді азықпен қамтамасыз ету аса маңызды. Биелердің іш тастауының
себептері əр түрлі болады: жарақаттануы, қылау инфекциясы, суық тию,
сапасыз жəне үсіген азықтармен азықтандыру, салқын сумен суару, жеткіліксіз
азықтандыру жəне көтерем болуы, антисанитариялық бағып-күту жəне т.б.
жағдайға байланысты.
Биелердің құлындауы. Құлындау уақыты жақындаған кезде биелер азықтан
бас тартады, тынымсызданады, желіні іседі. Құлындар алдында бие өзінің
ішіне қайта-қайта қарай береді, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы»
Асылтұқымды малдарды азықтандыру және олардың гигиенасы
Жылқы мен түйелердің гигиенасы,қойлар мен ешкілердің гигиенасы
Жылқы шаруашылығындағы асылдандыру жұмысын ұйымдастыру жайында
Қазақ халқындағы жылқы маңызы
Жылқы тұқымдары. Дон жылқысы
Қазақстанның жылқы шаруашылығы
БИЗНЕС-ЖОБА. Жылқы шаруашылығы
Жылқы малдарының гигиенасы
Жылқыны ауыл шаруашылығы жұмыстары мен көлік ретінде пайдалану
Пәндер